Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Гравитациялық  қозғалатын  тығыз  қабат



Pdf көрінісі
бет71/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   269
Гравитациялық  қозғалатын  тығыз  қабат.Астық  кептіру 

техникасында  гравитациялық  қозғалатын  тығыз  қабатты 

құрылғылар  кең  тараған.  Мұндай  қабат  кептіру  камерасының 

жоғарғы  бөлігіне  үздіксіз  дəндерді  жеткізіп,  астығы  бөлігінде 

сүйеу  жасағанда  қалыптасады.  Қозғалыста  жеке  дəндердер  бір-

біріне  қатысты  орын  ауыстыратын  болса,  да,  олардың 

арасындағы  қатынас  сақталады.  Белсенді  қабат  жаңартылады, 

бірақ  оның  шамасы  қабаттағы  барлық  дəндердің  жиынтықты 

геометриялық қабатынан анағұрлым төмен болып қалады.  

Дəндердің орын ауыстыруының орташа жылдамдығы əдетте, 

3...5  мм/с  аспайды.  Дегенмен,  қабат  біртіндеп  жалпаяды, 

даралануы  (дəндерарасындағы  кеңістік  көлемі)  ұлғаяды  да 

кептіру үдерісінің үдеуіне ықпал етеді. Егер қозғалатын дəндерді 

қабат арнайы құрылғылы элементтермен ұсталып тұратын болса, 

мысалы,  ауатаратқыш  каналдардың  көпқатарлы  жүйесімен,  онда 

дəндер  ағынының  көлденең  қимасы  бірнеше  рет  өзгереді.  Бұл 

дəндердің араласуына ықпал етіп, кептіру үдерісін жеделдетеді.  

Қабатты  айтарлықтай  қопсыту  дəндердің  орын  ауыстыру 

жылдамдығы  анағұрлым  жоғары  рециркуляциялық  типті 

кептіргіштерде жүзеге асырылады. 

Кептіру  камерасында  дəндердің  орын  ауыстыру  жылдам- 

дығын,  яғни,  кептіру  ұзақтығын  сыртқа  шығаратын  немесе  жүк 

түсіретін құрылғылардың көмегімен реттейді.  

Гравитациялық  қозғалғыш  қабатта  дəндерді  кептіргенде 

қозғалмайтын  қабатпен  салыстырғанда,  кептіргіш  агенттің 

анағұрлым  жоғары  температурасын  пайдалануға  болады.  Тор 

қабырғалы кептіргіштерде кептіргіш агент температурасы əдетте, 

70...90°С  болады.  Ауатаратушы  қорабы  бар  кептіргіштерде 

дəндерді  қабатты  жеделдету  шарттары  циклді  түрде  өзгереді. 

Оларда  кептіргіш  агенттің 120...160°С  аралығындағы  анағұрлым 

жоғары температурасы қолданылады. 

Ауатаратқыш  қораптары  бар  кептіргіштерде  гравитациялық 

қозғалғыш  қабатының  қалыңдығын 100...250 мм  деп,  ал  торлы 

қабырғалы  кептіргіштерді 300...500 мм  деп  алады.  Кептіргіш 

агенттің  меншікті  жіберілуі  қаншалықты  жоғары  болса, 



 

136


 

(3500...3700  м

3

/сағ*т)  жəне  оны  желдететін  қабаттың  кішкене 



қалыңдығымен үйлестірілсе, соншалықты кебу аймағының бүкіл 

қабатқа таралуын қамтамасыз етеді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет