Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Жалған  сұйылған  құйындатылып  қайнатылған



Pdf көрінісі
бет72/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   269
Жалған  сұйылған  құйындатылып  қайнатылған.Дəндер 

қабатына  белгілі  бір  жағдайда  аэродинамкалық  немесе 

механикалық  күштермен  əсер  еткенде,  дəндер  арасындағы 

байланыс əлсіреп, қабаттың бет-бетіне кетуі ұлғайып, құрылымы 

бұзылады.  Тығыз  қабат  қопсытылған,  жалған  қойыртпаланған 

күйге, ал сыртқы күш əсері ұлғайған сайын, қалқып тұрған күйге 

түседі.  Дəндер  қабатын  қопсыту  кезінде  фазалардың  бөліну 

шекараларында  диффузиялық  жəне  термиялық  қарсыласу 

төмендеп,  жылу-ылғалалмасудың  қарқындатылуын  қамтамасыз 

етеді.  


Жалған  сұйылған  қабат  деп  аталуының  себебі,  кейбір 

қасиеттері  сұйықтық  қасиеттеріне  ұқсас  келеді.  Егер  торда 

орналасқан дəндер қабаты арқылы белгілі бір жылдамдықпен ауа 

жіберсе,  қабат  басында  қопсытылады  да,  содан  кейін  қайнаған 

сұйықтыққа ұқсас күйге, яғни жалған қойыртпалы күйге түседі.  

Жалған 


сұйылған 

қабаттың 

гидродинамикасы 

ауа 


жылдамдығы  мен  астық  дəндер  қабатының  қарсыласуы 

арасындағы  тəуелділік  болып  табылатын  жалған  қойыртпалану 

қисықтарымен  анағұрлым  көрнекі-суреттеледі.  Газтаратушы 

тордағы дəндер қабатының көлемі өзгеріссіз қалады.  

Дəндердің  тығыз  қабаты  ауаның  аумалы  жылдамдығында 

жалған  қойыртпалы  күйге  ауысады.  Бұл  жылдамдықта  қабаттың 

қарсыласуы  ең  үлкен  мəнге  ие  болады;  жылдамдықты  одан  əрі 

ұлғайтқан  жағдайда,  қабатта  ауаның  бір  бөлігі  бұзып-жарып 

өтетін  тетіктердің  түзілуіне  байланысты  ол  біршама  төмендейді. 

Сөйтіп,  жалған  қойыртпаланудың  басында  қабат  құрылымының 

əртектілігі  мен  «қайнауының»  тұрақсыздығымен  сипатталатын 

«аралық аймақ» байқалады.  

Дəндерді  еріксіз  механикалық  орын  ауыстырмайтын 

кептіргіштерде  кептіру  үдерісін  жалған  қойыртпалануды  тек 

екінші  кезеңінде  қабатты  жігермен  араластырып,  біртекті 

қайнауын  қадағалап  жүзеге  асыруға  болады.  Осындай 

гидродинамикалық  қабатта  барлық  дəндер  кептіру  агентімен 

шайылады.  Қарқынды  араластыру  мен  дəндердің  бір-бірімен 




 

137


 

байланысуы  салдарынан  қабат  көлеміндегі  температура 

біркелкіленеді.  

Жалған  сұйылған  қабаттың  аққыштық  қасиеті  бар,  соның 

арқасында кептіру үдерісін дəндерді кептіру камерасына тиелген 

жерден  шығаратын  жерге  дейін  тасымалдаумен  қатар  қолдануға 

болады.  Бұл  жағдайда  дəндердің  орын  ауысуы  өздігінен  немесе 

ұйымдастырылған жолмен жүзеге асырылады.  

Өздігінен  орын  ауыстырғанда  қабатты  қарқынды  қозғалту 

салдарынан  дəндердің  кептіру  камерасында  орналасу  уақыты 

бірдей  болмайды.  Бұл  олардың  бірдей  қызбай,  кептірілмеуіне 

əкеп  соғуы  мүмкін.  Сондықтан  дəндердің  ұйымдастырылған 

жолмен  орын  ауыстыруын  пайдаланған  жөн.  Ол  жағдайда 

дəндердің  кептіру  камерасында  орналасу  уақыты  белгілі  болып, 

анық  болуы  қамтамасыз  етіледі.  Кептіру  тəртібі  мен  дəндердің 

ылғалдылық  деңгейіне  сəйкес  кептіру  камерасында  орналасу 

уақытын реттеуге болады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет