Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет73/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   269
Серпіліп қайнау қабаты.Дəндер қабаты жалғанқойыртпалы 

күйге  вибрациялық  тербеліспен  əсер  ету  жолымен  немесе  ауа 

ағыны мен вибрацияны қатар қолдану жолмен өтеді. Вибрацияны 

пайдалану  арқылы  ауа  жылдамдығын  ауыспалы  деңгейден 

төмендетуге,  қажетті  жылу  көлеміне  қарай  ауа  шығынын 

есептеуге  болады.  Қабаттың  күйіне  тербеліс  амплитудасы  ең 

үлкен  əсер  етеді.  Əр  дақыл  үшін  оның  мəні 2...10 арасында. 

Тербеліс жиілігін 20...30 Гц аралығын алады.  

 

31-сурет. Ауаның жылдамдығына  



байланысты дəндер қабатының өзгеруі 

а-тығыз  қабат;  ə-босаңдатылған  қабат;  в-жалған  сұйытылған 

қабаттың  бірінші  стадиясы;  г-құйындатылып  қайнатылған 

стадиясы.  




 

138


 

Құлау  қабаты.  Қазіргі  уақытта  құлау  қабаты  бар 

кептіргіштер  кең  таралуда.  Бұл  дəндердің  құлауы  жасанды 

баяулатылған,  ағысқа  қарсы,  қалқыған  қабат  болып  табылады. 

Олардың 


тежелуі 

кептіру 


агентінің 

қарсы 


ағынынан 

(аэродинамикалық  тежелу),  сонымен  қатар  торлы,  түтікті  жəне 

соған ұқсас элементтер əсерінен (механикалық тежелу) болады.  

Құлау  қабаты  жалған  қойыртпалы  қабаттан  дəндердің  ортақ 

бағыттағы  жылдамдығымен  ерекшеленеді.  Дəндердің  кептіру 

агентінің  ағынында  орналасу  уақытын  ұзарту  жəне  шынайы 

концентрациясын  ұлғайту  жылу  алмасу  қабатының  ұлғаюына 

əкеп  соғады,  соның  салдарынан  кептіру  камерасының  бастапқы 

бөлігінде  кептіру  агенті  температурасы  шұғыл  төмендейді. 

Кептіру  агентінің  өрлеп  бара  жатқан  ағынының  жылдамдығы 

камераның  жоғарғы  бөлігінде  азаяды.  Осыған  байланысты 

кептіру  агентінің  ең  жоғарғы  салыстырмалы  жылдамдығы 

дəндердің  қалқу  жылдамдығына  жақын,  бірақ  дəндердің  төмен 

қарай  қозғалуы  тоқтап  қалатын  қысылу  жылдамдығынан  аспау 

керек.  Тежеле  құлау  қабаты  бар  кептіру  камерасында  дəндердің 

орналасу  уақыты  бірнеше  ғана  секундтармен  өлшенеді  де,  іс 

жүзінде  реттеуге  келмейді.  Жылуылғал  алмасу  қарқындылығы 

өте жоғары болғанына қарамастан, бұл уақыт аралығында дəндер 

ылғалдылығының  төмендеуі  мардымсыз.  Осыған  байланысты 

дəндердің  құлау  қабаты  аппараттарды  дара  кептіргіш  ретінде 

емес,  құрамаланған  көпкамералы  құрылғылардың  дəндерді 

қыздырғыш бөлігі ретінде қолданады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет