Ббк 36. 82 я 73 а 89 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет181/269
Дата24.02.2022
өлшемі9,2 Mb.
#26346
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   269
Ps.translucens  бидайға,  қара  бидайға,  арпаға,  жүгері  мен 

күрішке күйік дақ, жүгері, күріш, арпаға теңбіл дақ салады. Ауру 

масақ  басының  қарайып  кетуіне  себепкер  болады.  Дəндер 

сопайып,  бактериялар  басқан  қара  жолақтар  пайда  болады.  Бұл 

«қара  ауру»  деген  атқа  ие  болған  жəне  дəндердің  түсімін 60-70 

пайызға дейін кемітеді. 

Бактерияның  өзге  бір  түрі  Ps.atrofacіens  масақ  жапырақ- 

шасының  түбін  қарайтады,  өте  қатты  зақымдағанда  ұрық 

қарайып,  дəндер  əлсіз,  кішкентай  болып  қалады.  Сондай-ақ 



 

379


 

бидай,  қара  бидай,  арпа,  сұлы  жапырақтарын  ауруға 

шалдықтырады. 

Микоздар  

Микоздар – кең  тараған  микроорганизмдер.  Астық 

тұқымдастарға  тəн  қаракүйе,  қастауыш,  фузариоз  болып 

табылады.  Өсімдік  ауруларының  қоздырғыштары - əртүрлі 

саңырауқұлақтар.  Паразиттер  өсімдіктің  ішіне  өтіп,  соның 

салдарынан өнім түгелімен немесе ішінара ысырап болады. 

Микроорганизммен  зақымданған  дəндердің  улануы  да 

мүмкін.  Сондықтан  да  оның  астықтағы  мөлшеріне  мемлекеттік 

стандарт  тарапынан  шек  қойылады.  Сонымен  бірге  дəндер 

сапасын  белгіленген  кондицияға  жеткізу  мақсатында  жинап 

алғаннан  кейін,  өңдеу  тəсілдері  де  осы  миколониялық  ауру 

зардаптарына  байланысты  болуы  керек.  Дəндерді  дұрыс  сақтау 

мақсатында  астықта  фитопатогенді  микроорганизмдердің  бар- 

жоғын білу маңызды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   269




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет