Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
идеяларыңызды жазыңыз. Әдеттегідей, өзіңіз белгілеген
ойларды «Блокнотыңызға жазып алуға арналған»
бөліміндегілермен салыстырыңыз.
АқшАдАн қАлАй лӘззАт
АлуғА БолАды
Егер сіз алдыңғы тақырыптармен жұмыс жасауды
бітірсеңіз, ары қарай оқуды жалғастырыңыз. Ақшадан
ләззат алуды үйренуіңіз қажет. Бірақ бұл дегеніміз
ақшаны ойын-сауыққа және көңіл көтеруге шашу дегенді
білдірмейді. Қайырымдылықтан бастау қажет. Назар ау
дарылуы қажет негізгі ой – ақшамен рақаттану үшін,
осы әлемге, мұқтаж адамдарға бір нәрсе беру қажет,
бермейінше өзіңіз де алмайсыз.
Сонымен бірге, қайырымдылықты ауыр міндетке ай
налдырмай, шын көңілмен көмектесуге тырысыңыз. Ор
нына алғыс, өзін-өзі сыйлау және моральдық қанағаттану
сезімін аласыз. Адамдардың көзіне адал қарай аласыз
және өз ақшаңыздан ләззат ала аласыз.
Дәптерге жазып алуға болатын тағы да маңызды
бір ой: «Адамда қандай да бір талант бар. Бұл талант
басқа адамдарға қуаныш сыйлау үшін берілген. Оны
іске асыра отырып, жетістікке, қадірлеушілікке және
дәулеттілікке жетесіз». Осы сөздерді ой елегінен өткізіңіз
және өзіңізден өз мақсатыңызға жетуге көмектесетін
бірегей қабілеттерді табуға тырысыңыз. Осы жайлы өз
ойыңызды дәптерге жазып қойыңыз.
Ары қарай әдеттегідей барлық ұнап қалған ойлардың
астын сызып, өз ойларыңызды дәптерге жаза отырып,
салыстырыңыз.
КедерГілер
Кітаппен жұмыс істеуді жалғастыра отырып,
кедергілер туралы бөлімді оқыңыз. Сіз жеткілікті түрде та
204
Мен және Ақша
раулармен жұмыс істедіңіз және олардан негізгі жерлерін
табуды үйрендіңіз. Сондықтан, назарды тек материалды
ұғынуға көмектесетін қосымша ұсыныстарға аудара оты
рып, оқу ережелері туралы есіңізге салудың қажеті жоқ.
Әр адамда кез келген кедергіні жеңуге арналған по-
тен циалды күш-жігер бар екендігін ұмытпаңыз. Осы
бө лімнің негізгі ойы – кез келген кедергі өз арма ны ңыз-
дан бас тартуға себеп болуы мүмкін немесе өз мақ сат-
тарыңызға жетуге деген құлшынысты артыратын қай -
нар көз болуы мүмкін, бұл сізге, сіздің мінезіңіздің күш-
тілігіне, өз арманыңызға деген сеніміңізге байланысты.
Жетістік үшін табандылық пен батылдық бірдей
маңызды, себебі тек шешім қабылдау ғана аз, өз
мақсатыңызға жету жолындағы қиындықтарды да табан
ды түрде жеңу қажет. Кедейшілікке көнген адам ғана, ке
дей болып қалады, сондықтан ақшаның жетіспеушілігін
шарасыз жағдай деп қабылдамаңыз.
Керемет табандылықтың мысалы ретінде сәтсіздіктер
көп кездескендігіне қарамастан, АҚШ-тың президенті
бол ған Авраам Линкольннің тағдыры келтіріледі. Есіңіз де
болсын: табысты адамдар сәтсіздіктерден позитивті энер
гия көзін жасай біледі, қиындықтар оларға батылдық пен
ерік-жігер береді және олар қайтадан алға қарай жүреді.
Кітаппен жұмыс істеу ережелерін ұмытпаңыз. Өз
қорытындыларыңыз бен идеяларыңыздың барлығын
дәптеріңізге жазып отырыңыз.
қАлАй Көп АқшА тАБуғА БолАды
Қорытындылай келе, кітаптың ең басты тақы рып-
тарының бірі «Қалай көп ақша табуға болады?» атты та
рауды оқуға кірісесіз. Оны алдыңғы тарауларда қолданған
ережелерді сақтай отырып оқып шығыңыз. Бұл – жеткілікті
түрде көлемді тарау. Материал тыңғылықты баяндалған,
көптеген қағидалар мұқият қарастыру мен талдауды та
лап етеді. Сондықтан осы тарауға көбірек уақыт бөлу
205
Достарыңызбен бөлісу: |