202
Мен
және Ақша
әдеттегі ережелерді, яғни астын сызу, белгі қою ж»не өз
ойларыңызды жазу ережелерін орындай отырып оқыңыз.
Тарау «ақша ағыны» қағидасын түсіндіруден бастала
ды. Бұл өмірде басшылыққа алынуы қажет өте маңызды
қағида, ол тек бір кіріс көзімен, мысалы еңбекақымен
ғана шектеліп қалмай,
бір қаржылық ағынға ағып
келіп жиналып, сізді бай және табысты ететін ақша
бұлақтарын жасау қажеттігін айтады. Оны дәптеріңізге
жазып алыңыз және оны қалай қолдану қажеттігі тура
лы ойланыңыз. Себебі сіз кез келген идея нақты бір іске
асыру жоспарын қажетсінетіндігін түсіндіңіз. Егер ол
басында күңгірт болып басталса, көңіліңізді түсірмеңіз,
бастысы – бастау, бірінші қадамдарды жасау және
біртіндеп жоспар айқын көрініске ие болады.
Инвестицияға арналған төрт бағыт туралы оқыған-
нан кейін, өз мүмкіндіктеріңізге сүйене отырып қандай
нұсқа сізге жақын екендігін және қайсысы сәйкес келе-
тін дігін ойланыңыз. Үшінші тақырыптың негізгі идея
сына назар аударыңыз, үлкен мақсатты ұсақ мақсаттарға
бөліңіз, сонда бір ұсақ мақсаттан екіншісіне өтіп, басты
арманға біртіндеп жақындай отырып, оларға жету оңай
болады. Осы идеяны өз арманыңызға қосып, ұсақ және
қол жеткізуге әбден болатын мақсаттар тізбегін құры-
ңыз. Олардың әрқайсысына
нақты қатарды анықтап,
үл кен арманға жақындау үшін қанша уақыт кететіндігін
санаңыз.
Берілген тарауда көптеген адамдар пайдалы ұсыныс-
тарды естіп тұрса да, сенімсіз болатындығы туралы
айтылған. Соған байланысты мынадай кеңес берілген
– ешқа шан адамдардан күмәнданбаңыз,
өзіңізді қор-
ша ған адамдарға сеніп, сенім артуға тырысыңыз, себе-
бі біз өзіміздің сенімсіздігімізбен болашақ өтірікті
құрастырамыз.
Осы кеңеч туралы ойланыңыз. Өз күмәніңіз маңызды
ұсыныстарды қабылдауға кедергі келтірген кездерді
есіңізге түсіріңіз. Дәптерге барлық ойларыңыз бен