Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Кітапты оқу бойынша нұсқаулық



Pdf көрінісі
бет116/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
«Жетістіктер кітабы», «Ойлар кітабы») атын жазып, 
ішіне тақырыпқа сай өз ойларыңыз бен әрекеттеріңізді 
жазып алу мақсатын түсіндірудің қажеті жоқ. Алайда, 
мәтінді оқи отырып қолыңызға қарындаш алып, ондағы 
ең маңызды жерлерін белгілеп алу қажет.
Табысқа жету үшін қажет мінез ерекшеліктерімен 
танысу барысында көк түсті маркермен өзіңізге тән 
ерекшеліктердің астын сызыңыз, жасыл түспен өзіңізде 
шыңдау қажет мінез ерекшеліктерін белгілеңіз. Осыған 
байланысты туындайтын ойларыңызды дәптерге жазуды 
ұмытпаңыз.
«Мен және ақша» кітабы «Құмырсқа фәлсапасы» 
атындағы топтама қатарына кіреді. Соңғы бөлімді оқы-
ған нан кейін оның былай аталу себебі өзіңізге түсінікті 
болады.
Кітапты оқу бойынша нұсқаулық
Құмырсқаны мақсатқа талпынушылық мен еңбек-
қорлықтың үлгісіне айналдыратын 7 негізгі қасиетін 
анықтап көріңіз. Оларды өз дәптеріңізге жазып алыңыз.
МАқсАттАрғА БірлесКен
КҮш-жіГер АрқАсындА жетіңіз
Ең әсерлі нәтижелерге ортақ мақсатпен біріктірілген 
адамдар топтарының күш-жігері негізінде қол жеткізіледі. 
Өзіңіздің ең менменшіл жоспарларыңызды жүзеге асы­
ру үшін «топтық әрекеттер» қағидасын қолдануға бола­
ды. Бұл қағиданы тәжірибеде қолдану бойынша кейбір 
ұсыныстарға назар аударыңыз.
Бір-бірімен жақсы қарым-қатынастағы таныс та-
рыңызды таңдап, сыбайластар тобын құрыңыз. Бірлескен 
әрекеттеріңіздің басты мақсаттарының бірі топтағы 
әрбір мүшенің әл-ауқат деңгейін арттыру болатыны ту­
ралы келісіп алыңыз.
Саясат, дін туралы әңгіме қозғамаңыз, теріс ақпаратты 
тыңдамауға тырысыңыз. Сіздер табыс үшін қажет, 


210
Мен және Ақша
тәжірибеге негізделген білімді алуда бір-біріңізге көмек 
беруіңіз қажет. Топтағы қарым-қатынастар үндестігіне 
әсер ететін қарама-қайшылықтарға жол бермеңіз.
Бір-біріңізге өз ойларыңызды еркін білдіру мүмкіндігін 
беріңіз. Бірлескен жоспарларыңызды талқылап, жобалар 
құрыңыз – топ ішінде тілектестік және өзара түсінушілік 
жағдайы орнығуы тиіс.
4. Тұрақты қатысушылардан басқа, іс-шаралары ңыз-
ға көзқарасыңызға қосылатын достарыңызды шақы руға 
болады. Уақыт өте келе олар тобыңызға қосыла алады.
5. Қажетсіз дауларды болдырмау үшін топтың барлық 
мүшелері «Мен және ақша» кітабында көрсетілген жал­
пы қағидаттарға негізделуі тиіс. Әр адам өзі жетекші әрі 
басқарушы ретінде сезінуі үшін әрбір жиналысқа жаңа 
төрағаны таңдау арқылы демократиялық ережелерді 
қолданыңыз.
Қорытынды ретінде «Мен және ақша» кітабы өзіңізге 
қандай әсер қалдырғанын түсінуде септігін тигізетін 
сұрақтарға жауап беруді ұсынамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет