Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


айырылсаңыз (кіріс көзінен), бар ақша-



Pdf көрінісі
бет17/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134
айырылсаңыз (кіріс көзінен), бар ақша-
ңызбен қанша өмір сүре аласыз?
Сіз жеткілікті деңгейде ақша жинай-
сыз ба?
Сізде қаржылық жоспар бар ма?
Өзіңізді салған салымыңыздың пайы-
зына өмір сүріп жүрген уақытта елестете 
аласыз ба?
Сіз өз еңбегіңізге лайық ақша аламын деп 
есептейсіз бе?


29
ұл – жауабын әрбір адам 
білуі тиіс бес сұрақ. 
Есіңізге сақтаңыз, бай 
адам болу үшін, алдымен 
аз ақшаны басқара білу қажет және бай адамдар 
секілді ойлай білу керек. Адамдар алдымен ақылды, 
содан соң бай болады. Бай адамдар ақша үшін емес, 
шеберлік үшін, шыңдалу үшін жұмыс істейді. 
Өз істерінің шебері болғаннан кейін, өз 
жұмыстарынан рахат алады, себебі, оларда өз 
БАйлыққА 
АпАрАтын 
неГізГі 
сҰрАқ:
1. Ақшамен қандай қатынаста болу керек?
2. Ақшаны қалай дұрыс жинау керек?
3. Инвестициялау жолы қандай?
4. Ақшаның рахатын қалай көруге болады?
5. қалай көп ақша табуға болады?
Белгілі мақсаты бар адам, өте күрделі 
жолмен де алға жүріп отырады, 
ал мақсаты жоқ адам, 
жазық жолмен де ілгерілей алмайды.
Т. Карлейль
Б
5


30
Мен және Ақша
істеріне деген құштарлық пайда болады. Өз істерінен 
тек шебер адамдар ғана ғанибет ала алады. Тіпті 
өлім бізден нені тартып ала алмайтынын білесіз бе? 
Бізбен не мәңгілік қалады? Бұл біздің шеберлігіміз, 
біздің қабілетіміз – олар бізбен мәңгілік бірге. 
Сондықтан егер, бай адамның байлығын тар­
тып алса, бірнеше жылдан кейін ол қайтадан байып 
кетеді. Себебі, өз байлығынан айырылса да, ол өз 
білімін, ойлау қабілетін, шеберлігін, яғни, оны бай 
адам қылған барлық қасиеттерін өзінде сақтайды. 
Осыған байланысты ежелгі грек философы Би­
ант жөнінде өнегелі әңгіме бар.
Парсы патшасы Кир Ионадағы Приена қаласын 
басып алғанда, тұрғында өзінің ең қымбат заттарын 
алып қаладан кете бастады. Бірақ Биант ғана ештеңе 
алмастан шықты. Оның бұл ісіне таңданған қала 
тұрғындары, Бианттан неге құр қол шыққандығы 
жөнінде сұрай бастады. Оған философ былай 
деп жауап берлі: «менікінің барлығы өзіммен», 
бұл арқылы ол өзіндегі білімнің материалдық 
құндылықтардан артық екендігін жеткізген бола­
тын.
Шындығында да, біраз уақыт өткеннен кейін
көптеген қала тұрғындары бар заттарынан айыры­
лып, нанға қалай ақша табу жолын білмей жүрді. Ал 
Биант болса, жеті данышпанның бірі бола отырып, 
адамдарға білім беріп, одан түскен ақшамен тіпті 
басқа тұрғындармен бөлісіп отырды. Оның айтқан 
сөздері қанатты сөздерге айналды.
Бірақ өмір көп қырлы. Сондықтан ақшаны
сізді қоршап тұрған ортамен байланыссыз, бөлек 
қарастыруға болмайды. Алдымен сізге, неліктен бай 
болғыңыз келеді, соның себебін білу керек. Егер, 
күніне 100 рет мен бай болғым келеді, мен баймын, 


31


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет