Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравьи живут в гармонии с природой



Pdf көрінісі
бет25/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

Муравьи живут в гармонии с природой
ол өзінің күші жетпейтіндігіне сеніп, өз тағдырын 
мойындап, бостандыққа шыға алмайтынғын 
түсінген күн жетті. Қазір, ол үлкен, күшті піл 
бола тұра, бостандыққа шыға алмайтындығына 
сенімді... ол Бір шыға алмағандығын әлі ұмытқан 
жоқ және әлі күнге ол қолынан келмейді деп ойлайды 
және ең жаманы, ол өзінің күші мен мүмкіндіктерін 
байқап көруге тырыспады. 
ТЕХНИКА
Техника – бұл бағытты таңдау. Сізге көп 
уақытты босқа кетірмеу үшін техниканы білу 
қажет. Мектепті бітірген, соң әдетте, адамдар өзіне 
мамандық таңдайды. Біреулер инженер, біреулер 
педагог, біреулер заңгер болады.... Бұл – техни­
ка. Сіздің мамандығыңыз – сіздің таңдауыңыз. 
Кәсіпкерлік саласында техника – сіз таңдаған сала. 
Өзіңізге жақын саланы таңдаңыз. 
МОЙыНДАУ
Көп адамдар үшінші деңгейге дейін ғана 
көтеріледі. Мысалы, сіз өзіңізге: «Иә, мен жақсы 
қызметкер, жақсы адаммын деп айтасыз. Мен 
сыйластық пен мойындауға лайықпын. Менің ба­
лаларым мені жақсы көреді, ата-анам, туыстарым, 
достарым, жақындарым мен туралы тек жақсы зат­
тар айтады, қызметтестерім сыйлайды». Осылай 
өзімізді жұбатамыз. Біз барлығымыз үш деңгейден 
өтеміз де осы үшінші деңгейде көпшілігі тоқтап 
қалады. Олар тіпті төртінші деңгейге көтерілуге 
тырыспайды да, тоқтап қалады. Олар армандау­
дан бас тартқандай, тырысуды тоқтатады. Әдетте 
адамдар былай ойлайды: «мен қызметімді жаса­
дым, сыйлауға, мойындауға лайық болдым, менде 


46
Мен және Ақша
ақша бар, жұмыс бар, жақсы отбасым бар, балала­
рым тоқ, киімім бүтін. Барлығы жақсы, барлығы 
дұрыс». Осы жағдайда, ол баспалдақпен жоғары 
көтерілуден бас тартып, орташа жетістік деңгейіне 
разылық танытады. 
Маған келген адамдар былай дейді: «Менің 20 
жылдық жұмыс өтілім бар». Мен былай деп жауап 
беремін: «Жоқ, сіздің жұмыс өтіліңіз бір жыл ғана, 
сіз оны тек 20 жыл қайталадыңыз». Себебі, тәжірибе 
жинауға тек бір жыл уақыт кетеді де, қалған жылда­
ры қайталау болады. 
Үшінші деңгейде тоқтаған кезде, адамдар, 
өздерінің бастапқы арман мақсаттарын ұмытып
ары қарай жалғастырғысы келмейді. Одан жоғары 
төртінші деңгей бар емес пе. Егер сіз соған 
көтерілсеңіз, бесінші деңгейге де жете аласыз. 
Төртінші деңгейде ештеңе өзгермейді, бұл 
өтпелі деңгей. Өзгеріс тек бесінші деңгейде бола­
ды. Жарты жолда тоқтамаңыз, батылыңызды жинап 
төртінші деңгейге өтіңіз, өз мақсатыңызға батыл 
түрде ұмтылыңыз. 
КӨЗІЛДІРІК
Қалай айтқанда да төртінші деңгей өте маңызды. 
Бодо Шеффер оны адамның ойлау деңгейін меңзей 
отырып, көзілдірік деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет