Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


Муравей слаб, но камень рушит



Pdf көрінісі
бет37/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

 Муравей слаб, но камень рушит
Мәскеуге жұмыс істеуге келген, жақсы жұмыс 
таппаған, белгілі қиындықтарға тап болған адамдар­
ды тауып алып (маған оның қай жақтан келгендігі, 
қандай ұлт өкілі екендігі маңызды болмады), өзім 
тамақтандыратынмын. Бір ретке 50-100 адамға 
дейін болған кездері де болды. Барлығы маған 
ризашылдығын білдіретін. Ең қызығы, мен өзімді 
бай адам сияқты сезіне бастадым. Білесіз бе, біреуге 
бірдеңе бергенде өзіңізді жақсы сезінесіз! 
Махатма Ганди былай деген: «Сенің алып 
отырғаның, саған тіршілік етуге көмектеседі, ал 
бергенің өмір сүруге көмектеседі». Бұл сөздерді 
мен өмір бойына есіме сақтап қалдым. Және вокзалға 
күнде барып, сол адамдарды тамақтандыруды екі 
апта бойы тоқтатпадым. 
Жақында ғана мен күніне 100 рубль тауып, оның 
20-сын тамаққа жұмсайтын адам едім, енді өзіме ең 
қымбат пәтер жалдап, жайлы өмір сүрудемін. 
Егер сен қорықпай, өзіңе бай адам болуға 
рұқсат берсең, саған жетістік пен молшылыққа 
толы жаңа өмір келеді.
Байлық жағдайын сезінуге өз-өзіңе мүмкіндік 
беру керек.
Баяғыда, сол орындықта отырғанда мен өзімнің 
өмір сүру тәртібімді, менің ақшамды тартып алатын 
милиционерлерді жек көретінмін, менің жүрегім 
ауыратын және өте қынжылатынмын. Ал қазір, мен 
оларға ризамын. Егер олар болмаса, мен қазіргі 
жағдайға жетпес едім. Мен ол кезде оларға ашулы 
едім және өз республикама қайтқанда барлық оры­
старды қуып шығамын деп ойлайтынмын. Ал бүгін 
өзімді мүлде басқа адам сияқты сезінемін. Және 
Тәжікстанға барғанда, көшеден орыс әжені көрсем, 
қасына барып көмек беруге тырысам, бірдеңе сый­


64
Мен және Ақша
лап, жақсы сөз айтқым келеді, себебі, мен бөтен мем­
лекетте өмір сүрудің қандай қиын екенін түсінемін. 
Ал Мәскеуге келгенде, басында отырған сол жерді 
тауып, жай отырғанды жақсы көремін. Және осы 
маған күш беріп, алға жылжуыма көмектеседі. 
Адамдар менің айтқандарымды жиі түсінетін 
сияқты болады, алайда, сенбейді. Біреулер өздерін 
табысты болатынына және жетістікке жететініне 
сендіріп, соған жете алады, ал біреулер күнде 
өздеріне ештеңеге қол жеткізе алмайтындығын ай­
тып қала береді. Кез-келген жағдайда да адам өзі 
жасаған таңдауы дұрыс болады. 
Мен өзім үшін адамдардың екі категориясы бар 
екендігін түсіндім:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет