Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет39/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
АБЫРОЙЛЫ ТҰЖЫРЫМ


66
Мен және Ақша
кіріс деңгейі белгілі болып 
тұрады. 
Егер туыстардың ішінде 
біреуі басқаларынан ауқаттырақ 
болса, қонақта сол адам көбірек 
сөйлейді. Бұл өзінен өзі бола­
тын жағдай. Сондықтан, сіз 
өзіңізбен ақша алып жүрген 
уақытта ақша бұлшықетін 
жаттықтырасыз. Бұл бір күндік 
сахнадағы кеш үшін айлар 
бойы дайындалатын әншінің дайындықтарына 
ұқсайды. Ал бір музыкалық альбом дайындау үшін 
жылдар кетеді. Ақшамды біреу ұрлап кетеді немесе 
жоғалтып алуым мүмкін деп қорықпаңыз. Ақшаңыз 
бар кезде сіз өзіңізді мықты ұстайсыз. 
Американдық ғалымдар ерекше тәжірибе 
жүргізді. Олар бес жүз адамды фотоға түсіріп, 
әрқайсысынан не­
ден қорқатындарын 
сұрады. 
Біреулері 
ұрлықтан қорқамыз 
десе, 
екіншілері 
өлті ріп кетеді деп 
қорыққан. Олардың 
жауаптары тіркеліп 
отырды. Содан соң, 
бұл суреттердің бар-
лығын жинап түрмеге 
апарды да, шынайы 
қылмыскерлерден, яғни ұрлықшылар мен адам 
өлтірушілерден кімдері өз қылмысының құрбаны 
етіп таңдайтындықтарын сұраған. Ұрлықшылар 
ұрлықтан қорқатын адамдарды таңдағандығын 


67
 Муравей слаб, но камень рушит
көрсетті. Ал адам өлтірушілер, сәйкесінше, 
біреу дің қолынан өлуден қорқатындарды таң-
даған екен. Сонымен қатар қылмыскерлер өз 
таңдауларының себебін түсіндіре алған жоқ. 
Сондықтан өз қорқыныштарыңызды жеңуге 
тырысыңыз. Жағымсыз ойлар мен психологиялық 
жағдайыңыз жаманшылықты тартатынын есіңізден 
шығармаңыз. 
Өзіңізбен көп мөлшерде ақша алып жүру 
мақсатында, өз қорқынышыңызбен күресу, соған 
жаттығу өте маңызды. Астанада мынадай оқиға 
болды. Ақша бұлшықеті туралы тренингтердің 
бірінде, бір әйел көп мөлшерде ақша алып жүруге 
қорықпайтындығын, 25 жыл бойы кассир бо­
лып жұмыс істегендігін, әрдайым көп ақша ұстап 
жүргендігін айтты. 
Мен оған: «Жақсы, біз сізге жиырма мың дол­
лар берейік. Сіз тәулік бойы оны өзіңізбен алып 
жүріңіз, ертең қайтарасыз», – дедім. Ол келісті. Мен 
оған ақшаны бердім, ол әйел ақшаны сөмкесіне са­
лып алып кетті. Осыдан кейін, мен өзімнің басқа 
шәкірттеріме әйелдің артынан жүріп, оның жо­
лын камераға түсіруді тапсырдым. Түсірілімде ол 
әйелдің микроавтобусқа мінгенде сөмкесін өзіне 
қатты қысып ұстап тұрғандығы көрінеді. Оның 
түрі өте қатал, түрі қатты зейінді болды. Әйелдің 
қобалжып, уайымдап тұрғаны көрініп тұрды. 
Ол көліктен түсіп, өз үйіне жақындағанда 
подъезд жанынан бөтен адамдар тобын көрді. 
Олар да менің шәкірттерім болатын. Олар жай ғана 
әңгімелесіп, әйелді бақылап тұрды, ал ол өз үйіне 
жақындай алмай ары бері айналып жүрді. Менің 
шәкірттерім маған телефон соғып жағдайды айтқан 
кезде, ол екі рет айналып үлгерген болатын. Мен 


68
Мен және Ақша
оларға үйден алыстап кетулерін сұрадым. Олар 
кете салысымен әйел үйіне жүгіріп кіріп кетеді. Ал 
келесі күні, ол ақшаны алып келгенде, біз бейне та­
спаны бірге қарадық. Таспадан өзінің қобалжыған 
түрін көріп, өзіңмен үлкен соманы алып жүру және 
оны уайымдамау қиын екендігін айтты. Барлығы 
нақты ақшаны жақсы көреді, алайда ірі сомаға 
жауапкершілік алудан қорқады. Жоғалтып алу 
қаупі, мұндай жағдайларда өзіңді сенімді ұстауға 
кедергі келтіреді. 
Мен өз тренингтерімде өз мүмкіндіктерімізді 
ақшадан жоғары қоюымыз қажет десем, барлығы 
келіседі. Бірақ, шынайы ақшаға келгенде, барлығы 
өз қаупі мен қорқынышын жеңе алмайды. 
Бір күні, мен әр қаладағы бірнеше адам­
мен тәжірибе жүргіздім. Тренинг кезінде, мен 
қатысушылардан үйінде бар барлық ақшаны 
үйретуші ойынға қолдану үшін алып келулерін 
сұрадым. Барлығы алып келді, ақша сомасы 
қатысушылардың жағдайына байланысты әр 
түрлі болды. Ақша мұқият саналып, сериясы мен 
нөмірлеріне дейін жазылды да жауапты кісіге 
тап сырылды, ол артынша ақшаны маған өткізді. 
Тренингті аяқтағаннан кейін, мен барлық ақша мен­
де келесі жылға дейін сақталатынын айттым. Тура 
бір жылдан кейін барлық ақша қайтарылады. Және 
мұның барлығы қатысушылардың жетістікке жеткен 
адамдардың негізгі ережесін «өз мүмкіндіктеріңізді 
ақшадан жоғары қойыңыз, сонда ол өзі келіп, сізге 
жұмыс істейтін болады» тәжірибе негізінде түсіну 
үшін жасалып отырғанын айттым. Тренингтің 
барлық қатысушылары оны теориялық түрде 
түсініп, қабылдады. Тәжірибе жүзінде оны жасау 
қиын. Күмән, қорқыныш, өз күшіңе сенбеушілік 


69


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет