87
3. ИнВестИЦИлАу
жолы қАндАй?
Тыңдасаңыз – сіз ұмытасыз,
Қарасаңыз – есіңізде сақтайсыз,
Жасасаңыз – түсінесіз.
Конфуций
1. Қаржылық қорғаныс
2. Қаржылық қауіпсіздік
3. Қаржылық еркіндік
өпшілік адамдарды қайда
және не үшін инвестици
ялау деген сауал мазалай
ды? Ақшаны басқаруды
үйренсеңіз, олар өзі сізге көп мөлшерде келеді.
Міне, сол кезде инвестициялау туралы біліміңіз
қажет болады. Себебі, көпшілік адамдар артық
ақшамен не істеу, қайда салу керектігін, шынайы
жағдайды қалай бағалауды білмейді.
Сондықтан
оны түрлі ұсақ заттарға жұмсайды. Тек кейіннен
ғана өз ақшасын іске салып, пайда табуға
болатындығын ойлайды. Алайда,
барлығы кеш,
ақша жұмсалып кеткен.
Алтын жұмыртқа туатын тауық туралы нақылды
есімізге түсірейік.
К
88
Мен және Ақша
Бір шаруа тауығының алтын жұмыртқа туғанын
көреді. Ол сенбей, жұмыртқаны қолына алады.
Ол шынымен алтын болады. Ол зердешіге барып
жұмыртқаны көрсетеді, ол оған ақша береді. Келесі
күні тағы сол жағдай қайталанады, тауық қайтадан
алтын жұмыртқа туады. Бұл жағдай шаруаның шы-
дамы таусылғанша созылады. Сөйтіп, ол оны қалай
жасайтындығын білу үшін құсты өлтіруге шешім
қабылдайды. Ол тауықты өлтіреді, алайда оның
көргені тек тағы бір алтын жұмыртқа болады.
Сіздің салымнан алатын кірісіңіз –
алтын
жұмыртқа. Бізге алтын жұмыртқа туатын өзіміздің
тауығымызды салу қажет.
Бізде біраз ақша
жиналғанда, тауықты өсіруге мүмкіндік туғанда,
біз жаңа киім, машина сатып аламыз, сол уақытта
аса қажетті заттарды аламыз. Жақын жерде демалу
мүмкіндігі болса да, шетелде демалғымыз келеді.
Егер пәтер, машина, алтын бұйымдар сатып алсақ
бай болып кететіндей көрінеміз. Бұл олай емес.
Қымбат көлік айдап, қымбат костюм киіп, алтын
бұйымдар тағатын адамдардың шотында, әдетте
ақша болмайды. Себебі, ақшаны жұмсау оңай.
Көпшілігі, жақсы ақша тауып,
оны аз уақыт
ішінде жұмсап тастағанша бай болады. Ақшаны
табу сақтау мен көбейтуден оңай. Сіз ақылсыз бай
адамды білесіз бе? Жоқ. Екінші курстың студенттері
профессордан артық білеміз деп санайды. Ал сер
жант өзін майордан ақылдымын деп есептейді. Кей
де көшеде тұрған сержанттан гөрі генералмен ортақ
тіл табысу оңай болады. Және бұл жиі кездеседі.
Неліктен? Себебі, маңызы төмен адамдар әрқашан
өз маңыздылығын нақтылағысы келеді.
Сондықтан, сізге алтын жұмыртқа туатын өз
тауығыңызды жасау керек. Сізге бір айда күшті
болмаса да дұрыс өмір сүру үшін қанша ақша қажет