Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет51/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

1. ҚАРЖыЛыҚ ҚОРғАНыС
Бір орташа жанұя өмір сүре алатын сома – 
500 долларды алайық (кез келген басқа жанұяны 
алсаңыз да болады ). Бұл соманы алтыға көбейтіңіз, 
3000 доллар болады. Алты саны айларды білдіреді, 
ал 3000 доллар – жарты жылда жанұяны асырау үшін 
қажетті сома. Бұл не деген сөз? Бұл дегеніміз, егер 
сізде осы сома болса, сіз өзіңізді сенімді сезінесіз. 
Сіз тынышталасыз, сіздің ішкі қорқынышыңыз 
болмайды. Қандай жағдай болса да, жұмыстан 
шығарып жіберсе де, денсаулық нашарлауы бол­
са да, сіз жанұяңыздың жарты жыл бойы бұрынғы 
қалыпты түрде өмір сүретініне сенімді боласыз. 
Және сіз осы кезеңде сіздің жанұяңыз қаржылық 
түрде қорғаулы екенін түсінесіз. 
Кейбір адамдарда мұндай сома бұрыннан 
бар. Ал сізде болмаса ше? Онда кафе, мейрамха­
на, арақ, темекі, демалыс дегендерді ұмытыңыз, 
оның барлығын осы сома жиналғанша тоқтатыңыз. 
Ешқандай көңіл көтеру, қымбат опа, далап деген 
болмауы тиіс, тек тамақ пен қажетті затқа ғана ақша 
жұмсалуы тиіс. Осы соманы жинамайынша, сіздің 
демалып, көңіл көтеру құқығыңыз жоқ. 
Ал енді осы соманы 12 айға көбейтейік 6000 дол­
лар шығады. Егер біреулерде осындай ақша болса, 
жақсы. Ал қалғандары үшін жоғарыда көрсетілген 
ережелер мен шектеулер қойылады. Себебі, жар­


91
Стимул муравья – потребности семьи
ты жылға жететін, сақталған ақша аздық етеді
сондықтан, ең жақсысы – бір жылға жететінде 
ақшаны сақтап қою. Сол уақыт аралығында, егер 
сізді қызметтен қысқартқан болса, басқа жұмыс 
іздеп табуға мүмкіндік болады. Міне осы қаржылық 
қорғаныста болу деп аталынады. 
Автомобиль немесе мүлікті сақтандырудан 
мысал келтіруге болады. Статистика бойын­
ша сақтандырылған көлікке ештеңе болмайды. 
Сақтандыру агенттіктері көрсеткен жағдайлардың 
тоқсан пайызы сақтандырылмаған көліктермен 
болады. Неге екенін білесіз бе? Себебі, сіз 
көлігіңізді немесе басқа мүлкіңізді сақтағанда, ор­
нына сенімділік пен ішкі тыныштыққа ие боласыз. 
Өз материалдық жағдайыңызды сақтандырғанда, 
тұрақсыз болашақ қаупі қорқынышынан алыс бо­
ласыз. 
Мысалы, бір әйел жақында инфляцияға болып, 
барлығы қымбаттайды дегенді естіпті. Және барлық 
жинаған ақшасына болашақта қажет болады деген 
заттарды сатып алыпты. Оларды үйіне алып барып, 
тығып қояды. Ал жұмысынан үйіне оралғанда, үйін 
тонап кеткендігін көреді. Оның таңданысында шек 
болмады. Неліктен бұл жағдай дәл сол әйелмен 
болды? Себебі, өз санасында ол болашақта бола­
тын қиыншылықтан қорқыныш сезімінде болды. 
Ол қорқынышы арқылы, жағымсыз жағдайларды 
өзіне тартты. Ал сақтандырылған адам, қорқып, 
қобалжымайды, оның санасы күмәндану мен 
жағымсыз уайымнан алшақ болады. Ол еркін әрі 
жинақы болады. 
Қажетті сома жиналғанда, оны банкіге бөлек 
шотқа салыңыз, оған басқа ақша қоспаңыз. Сол 
кезде сіз нақты соманы білетін боласыз. Ал әзірше, 


92
Мен және Ақша
шығындарыңызды шектеп, жоспарланған пай­
ызды жинауыңыз қажеттілігімен көндігіңіз. Бұл 
сіздің отбасыңыздың қаржылық қорғанысы үшін 
қажет. Егер, кенеттен сіздің бизнесіңіз қиындыққа 
ұшырап, кірісіңіз азайса, сіз тыныш бейқам бола­
сыз. Себебі, ондай жағдайда, шотыңыздағы ақшаны 
алып, отбасыңызды қажетті заттармен қамтамасыз 
ете аласыз. 
Сондай-ақ, бұл ақшаның сіздің бизнесіңізге 
қатысы жоқ, тек отбасылық бюджет екендігін 
ұмытпаңыз. Ақша қолма қол болуы тиіс. Бұл 
сомаға тиіспеңіз, қандай жағдай болмасын, ол 
ақшаны алмаңыз. Егер де, белгілі жағдайларға бай­
ланысты ол соманы алып қойсаңыз, тезірек қайта 
толықтырып қойыңыз.
Ақшаның бір қасиеті бар. Құдайдың қасиетті 
кітапта жазғандарын есімізге алайық: «Кімге 
берілсе – сонда өседі, ал кімге берілмесе – соныкі 
азаяды». Бұл заң осы жерде де жүзеге асады. Белгілі 
сома жиналған кезде, кірісіңіздің қалай ұлғайғанын 
байқамай қаласыз. Жаңа ұсыныстар түсіп, жаңа 
ИнВестИЦИЯлАу жолы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет