124
Мен және Ақша
Әрбір адамның бір дарыны болады. Бұл дарын
сіздерге адамдарға қуаныш сыйлау үшін беріледі.
Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы, сіз
жетістікке жетесіз, мойындауға жетесіз және әрине
ауқаттылыққа жетесіз.
Әлгі жігіт досымен сөйлескеннен кейін, ұзақ
уақыт өзіне келе алмай, ішімдік ішіп алады. Ал
келесі жолы сахнаға шыққанда, барлығын ұмытып,
беріліп, ән салады. Ол бар құштарлығымен ән ай
тады. Аяқтаған кезінде зал оған тұрып қошемет
көрсетеді. Театрдың директеоры оның керемет дау
сын бағалап, оған тұрақты жұмыс ұсынады. Бірақ
ол, өз арманына жетемін деп бас тартады. Бұл Эн
рико Каррузо болатын.
Әрбір адамға берілетін өз мүмкіндігіңіз жайлы
ұмытпаңыз.
Сонымен қатар, есіңізге сақтауға тырысыңыз:
ақша, өз дарынын жүзеге асыратын адамдарға
қызмет етеді. Тіршілік ету үшін өз дарыныңызды
шашпаңыз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы,
сіз өз арманыңызды жүзеге асырып, қаржылық
тәуелсіз бола түсесіз. Тағдырдың берген кішкентай
мүмкіндігін де қалт жібермеңіз. Тек сонда ғана сіз
бақытты боласыз.
Ғалымдар «Бақыт деген не?» деген тақырыпта
зерттеу жүргізеді. Бақыт тек саған ғана тиесілі зат
емес екен деген қорытындыға келеді. Сен басқа
адамға қуаныш, шабыт, үміт, мейірім бергенде
бақытты боласың. Ал бұдан бақытың азаймайды,
тек көбейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: