Адам инвестиция салғанда жоғалтып алу мүмкін екендігі барлығына белгілі. Қаржылық еркін адам болу үшін қауіпсіздікке емес, еркіндікке ұмтылыңыз. Жеңіліп қалу үшін емес, жеңу үшін ойнаңыз. Әлемде мұқтаж жандар өте көп. Бай адамдардың ең жақсы жағы – басқа адамдарға көмектесу ниеті. Басқа адамдардың көмегінсіз өмір сүремін деген адам қателеседі. Ал, басқалары оның көмегінсіз өмір сүре алады деп есептейтін адам екі есе қателеседі. Ақша өз дарынын қолдана білетін адамға қызмет етеді. Жай ғана тіршілік ету үшін өз дарыныңызды сарп етпеңіз. Өз дарыныңызды жүзеге асыру арқылы сіз өз арманыңызды жүзеге асырасыз және қаржылық жағынан тәуелсіз адам боласыз. Тағдырдың сізге берген кішкентай мүмкіндігін де қолдана біліңіз. Сонда ғана бақытты боласыз. Егер үш жыл ішінде сенің жұмысың өзің қалаған өмірді сүруге мүмкіндік бермесе, ол жұмысты таста. Егер ол сені рухани немесе ма- териалды түрде жаңа деңгейге көтермесе, өзің мақтана алатындай белгілі нәтижелерге қол жеткізе алмасаң, ол жұмыстан кет. Ақша бақыттың катализаторы болып табылады, ол сіздің мақсатыңыз бола ал- майды. Ол қуаныш, сенімділік, басқаларға көмек беруге құлшыныс алып келе ала- ды, сіздің қабілеттеріңізді қолдануға және балаларыңыздың дарынын ашуға жағдай жа- сайды.
127
КедерГілер
1. Қайталаулар 2. Құмырсқа философиясы 3. Бас тартулармен жұмыс істеу жолы 4. Мәселелер 5. Құлдыраулар 6. Ауру 7. Аяушылық