Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод


у муравьев есть чему поучиться



Pdf көрінісі
бет73/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

 у муравьев есть чему поучиться
одан бас тарту мүмкіндігі 95% екендігі дәлелденді. 
Мұндағы уәж қарапайым. Сіз барлығын жақсылап 
ойланып, толғанып, содан соң ғана ұсындыңыз. 
Сіздің клиентіңіз мұны алғаш рет естіп тұр, 
сондықтан оған қабылдау қиынға соғады. Ней­
рондар есіңізде ме? Міне, нейрондар арасындағы 
мықты байланыс қайталау кезінде қалыптасады, 
қайталау кезінде берілген қабылдау стереотипі 
құрылады. Сондықтан, өз еркінен тыс, сіздің 
клиентіңіз уақыт өте келе сіздің ұсынысыңыз жай­
лы ойлана бастайды. 
Өткен дәуірде ғана, Кеңес Одағы тұсында, 
адамдар идеясы бойынша отан үшін өз өмірлерін 
де қиюға дайын болатын. Патриоттық тәрбие өз 
Отанының нағыз қорғаушылары шығарды. Адам­
дар олар туралы: «Олар өз өмірлерін дұрыс іс 
үшін құрбан етті» деп айтатындарын естеріне ала 
отырып, өз өмірлерін қиюға дайын еді. Олардың 
ескерткіштеріне гүл шоқтары әкелінетін. 
Сонымен қатар, барлығымыз сол кездері 28-
панфиловшылар гвардиясы секілді ерлік жасап, ба­
тыр болуды армандадық. Осындай көңіл күй қалай 
жасалынатын? Әрбір елдімекенде дауыс зорайтқыш 
орнатылып, белгілі идеялық бағытта уағыздар ай­
тылатын. 
Осылайша, адам санасында бағыт пайда бо­
лып, ойлау қабілеті қалыптасатын. Кез келген 
қайталаулар адам санасына қоныстанады. Бұл ере­
же бизнесте де қолданылады. Мақалды есіңізге 
түсіріз, онда : «Егер адамға он рет сен итсің деп 
қайталай беретін болса, он бірінші ретте ол үреді» 
делінген болатын. 
Сондықтан, сіз адамға бірінші рет келгенде, ол 
сіздің идеяңызды қабылдауға дайын болмайды. Сіз 


132
Мен және Ақша
оған екінші рет барғанда сексен пайызға бас тарта­
тыны белгілі болады. Үшінші рет жағымсыз жауап 
алу пайызы жетпіске түседі. Тек тоғызыншы рет­
те ғана пайыз 95-ке төмендеп, сіздің табысыңыз 
нақты болады. 
Сондықтан сіз кезекті бас тартудан кейін
өзіңізге былай деңіз: «қандай керемет, бас тарту 
мүмкіндігі он пайызға төмендеді. Келесі жолы оң 
жауап алу мүмкіндігім жоғары болады». Тәкәппар 
қалыппен алға жылжыңыз. Әрқашан да әрбір бас 
тартуды естіген сайын жеңісіңізге көтеріліп бара 
жатырмын деп есептеңіз. Сонымен қатар, әр қадам 
сайын сіздің шеберлігіңіз бен кәсіпқойлығыңыз 
арта түседі. 
Бұл қағиданы білмейтін әрбір адам өзіне деген 
сенімінен айырылып, еңсесі түсіп, өз шешімінен бас 
тартуы мүмкін. Бұл қағидаларды білу, сізге әрқашан 
да жақсы нәтижеге жетуге көмектеседі. Себебі, 
бұл табысты адамдардың тәжірибесі негізінде қол 
жеткізілген заңдылық. Бұл сізді табысқа жетелейді. 
Өз мақсатыңызға жету жолында тұрып қалмаңыз, 
әрқашан талпынысыңызды тоқтатпаңыз.
Табандылықтың жақсы мысалы, адам 
сәтсіздікке ұшыраған сайын еңсесі түспей, алға 
жылжи беруі – бұл Эддисонның мысалы. Жаңа 
өнертабысты ашқанда, ол 500 рет тәжірибеден 
өткізетін, сәтсіздіктен сәтсіздікке ұшырай берді. 
Ешкім табысқа жету мүмкіндігіне сенбеді, барлығы 
кетіп қалды, оның тек бір ғана шәкірті қасында 
қалды. Ол Эдисоннан: «Ұстаз біз 500 рет жасап 
көрдік, ештеңе шықпады, барлық қызметкерлер 
кетіп қалды. Ал сіз күн сайын барлығы жақсы 
сияқты жақсы көңіл күйде, сондай құлшыныспен 
келесіз» деп сұрады.


133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет