Ббк 8. Д13 Давлатов Саидмурод



Pdf көрінісі
бет72/134
Дата18.10.2022
өлшемі6,49 Mb.
#43839
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134
Байланысты:
2 5332646650437436556

ӨЖЕТТІКТІҢ ҮЛГІСІ
Бір адам сәтсіздіктерге ұшырай беріп, 1831 
жылы банкротқа ұшырайды. 1835 жылғы сайлау-
да ол кандидаттыққа өтпей қалады. 1835 жылы 


129
 у муравьев есть чему поучиться
оның қалыңдығы қайтыс болады. 1836 жылы оның 
жүйкесі сыр беріп, ауырады, 1843, 1846, 1848, 
1855 жылдардағы парламент сайлауында жеңіліс 
табады. 1856 жылы да оның вице-президент бо-
ламын деген үміті ақталмайды. Ал 1858 жылы ол 
сенаттағы сайлауда жеңіледі. Бұл адамның есімі 
Авраам Линкольн еді және 1860 жылы ол Америка 
Құрама Штаттарының президенті болады. 
Күресуді тоқтатқан адам жеңіліс табады. 
Жеңіліс тапқан адам үшін, өмір қолданылмаған 
мүмкіндіктердің зиратына айналады. Батыл адам 
берілген барлық мүмкіндіктерді қолданады, тіпті 
жаңасын ойлап табады. 
1. ҚАЙТАЛАУЛАР
Мен мүмкін емес жағдайды жасаған сақтандыру 
агенті туралы оқып едім. Ол өзіне сенімсіз, батыл­
сыз мінезді еді, адамдармен еркін араласа алмай­
тын адам еді. Компанияда оны әлсіз сақтандыру 
агенті деп есептейтін. Ол барлығы бір-бірін тани­
тын ауылда тұрды. Бұл ауылда супермаркет бол­
ды, оның иесі, ешкімнің айтқанына көнбейтін бай 
адам болды. Тіпті тәжірибесі жоғары сақтандыру 
агенттерінің өзі оның мүлкін сақтандыра алмады. 
Ал осы жігіт – сол адамға сақтандыру 
полисін сатамын деп өзіне мақсат қояды. Оның 
қолынан келетініне ешкім сенбеді, тіпті оны мазақ 
қылатындар да болды. Өз дегеніне жету үшін 
әлгі жігіт былай істеді. Ол күн сайын саябаққа 
келіп, орындыққа отырып, былай дейтін: «Сен ме­
нен полис сатып аласың, сен менен полис сатып 
аласың», тек осыдан кейін ғана супер маркеттің 
иесіне кіретін. Сонда да күн сайын оған бас тарту­
мен жауап береді. 


130
Мен және Ақша
Алайда, бір күні супермаркеттің иесіне оның 
келе беретіндігі әбден жалықтырды да, ол былай 
деді: «Тыңдаңызшы, мен сізден шаршадым. Менің 
сізбен жұмыс істегім келмейтіндігін түсінбейсіз 
бе?». Сақтандыру агенті еш ұялмастан, былай 
деп жауап береді: «Мен өз арманыма ұмтылып 
жүргендіктен, мен табандымын». Супермаркеттің 
иесіне бұл қызық болып көрінді де, ол : «Сіз күнде 
менің бас тартуымды есту үшін келесіз бе? Басынан 
бастап нәтижесі мүмкін емес екендігін біле тұра келе 
берудің қажеті не? Бұған сіздің армандарыңыздың 
қатысы қанша?» деп сұрады. «Мен сізге келіп 
күнде жаттығамын», деп байсалды жауап берді 
жігіт. «Жаттығамын дегеніңіз қалай?», деп қызыға 
сұрады клиент. Жігіт былай деп түсіндірді: «Мен 
сізге келіп, бас тартқаныңызды естігенде, менің 
арманымды орындауға деген ниетім сол қалпында 
екендігіне өзімді сендіремін. Мен өзіме деген 
сенімімді жоғалтқым келмейді, сондықтан алға 
ұмтыламын. Мен сізбен кездескенде, менің табы­
сты адам болуға деген құштарлығым арта түседі. 
Сізбен кездесуден шыққан соң, мен міндетті 
түрде бір полис болса да сатамын. Мен өзімнің 
табандылығымды, біреуді сендіре білу қабілетімді 
жаттықтырамын. Және сізбен кездесуден шыққан 
соң, менде барлығы дұрыс болады». 
Супермаркеттің иесі оған таңданыспен қарап, 
бірнеше минут ойланып отырып, сосын, сақтандыру 
полисін сатып алуға өзі ұсыныс білдіреді және 
тіпті тәжірибелі агенттер де армандамаған соманы 
ұсынады. 
Ненің арқасында жігіт барлығына қол 
жеткізеді? Қайталау ережесінің арқасында. Зертте­
улер бойынша сіз өніміңізді бірінші рет ұсынғанда 


131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет