Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26

36. ТАМШЫНЫҢ ТАРИҚЫ
Төсін керіп, көк теңіз айнадай жарқырайды. Бір топ тамшы 
күн шуақта жарысып ойнайды, дірілдейді, қалтырайды. Ішінде 
біреуі тым еркелейді. Жолдастарының төбесіне ырғып мінеді, 
мөлтілдейді. Бір кезде ерке тамшының бұлтқа көтерілгісі кел-
ді; биіктен теңіз бен жерге көз жібергісі келді.
Ерке  тамшы  күнге  жалына  бастады: «Тілегім  бер,  жоғары 
көтер», – деп  қақсады.  Жарық  күнге  нəрестенің  ерлігі  ұнады
–  тамшығақарай  сəулелерін  қуады.  Сəулелер  тамшыны  қыз-
дырды,  қойнына  қысты  көзге  ілінбейтін  бу  болып,  тамшы 
аспанға ұшты. Жалғыз тамшының жолда іші пысады, сондықтан 
оның жанына сəулелері тағы жолдастарын қосады.
Ə  дегенше  тамшылар  жоғары  көтерілді,  бұларды  аспанға 
жел  айдап  жөнелді.  Жел  ышқынады,  күрсінеді,  теңіз  үстімен 
ұйытқып келеді. Тамшылар қызықпен құстан да шапшаң шаба-
ды, көзді ашып-жұмғанша талай жерлер артында қалады. Бір 
кезде теңіз де көзден жоғалады. Ауылдарды, қалаларды, дала-
ларды көріп тамшылар қуанады.
Таңданып  көрмеген  жерін  тамшы  қарайды,  сүйтіп,күннің 
батқанын байқамайды, түн болады. Салқын соғады. Енді там-
шымыз қайда қорғалайды? Жерге түсіп гүлге орануға ойлана-
ды.
Жайлап  тамшы  төмен  ұшады,  бір  мезгілде  будан  шығып 
суға  түседі.  Сүйтіп,  гүл  жапырағының  үстіне  барып  жатады, 
əр-беріден  соң  сарғайып  белден  таң  атады.  Көкжиектен  күн 
көрінеді, қуанып тамшы сəлем береді.
«Жарық  күнім,  мені  ал, – дейді,  көтеріп  көкке  тез  бар», – 
дейді. Тамшы сөзін айтып болмай, бу боп көкке кетті, зулады. 
Талай жерді дем сəтте алды, тау, тас, дала артта қалды.
Күн  бек  тыншу,  өте  ыссы  еді.  Ерке  тамшы  жолдаста-
рымен  жерге  түсеміз  деді.  Бұлар  күнге  жалынады: «Бізді 
теңізге  жіберсең  не  ғылады!.  Күн  бұлардың  сөзін  тыңдады, 
нəрестелерді  біріне-бірін  қосақтап  жинады.  Енді  қара  бұлт 
шығады, қалың тұман ішінде жолдастар біріне-бірі тығылады; 
ақырында үлкені тамшы болады, тамшылар төмен сорғалады. 
Нəресте  тамшы  жерге  тырс  етіп  түседі,  түскенінде  шуылдап, 

149
сылпылдап, сырылдағанын құлақ есітеді. Бірақ адамдар масай-
рап күліседі: «Жаңбыр жауды» деседі.
Тамшымыз келіп үлкен тасқа соғылады, ырғып түсіп басқа 
жолдастарымен  қосылады.  Тамшылар  жиылып,  сел  болады. 
Сел жиылып, сай толады. Тамшы ілгері аға береді, аралап та-
лай жерді көреді.
Сол кезде қатынға су керек еді, шелек алып өзенге келеді. 
Шелекпен қатын су алады, тамшымыз шелек ішіне барады. Су-
мен қатын кір жуып, жайып қойады, күн көтеріліп, тамшымыз 
тағы бу болады. Бу көзге ілінбей, жоғары шығады. Көкте мұны 
тағы жел қуады. Көп уақыт тынбай тамшымыз жолаушылайды. 
Енді күн мұны көпке шейін тыныштандыруға ойлайды.
Жел ойнақтап тамшыны батысқа ала жөнеледі. Тынбай іл-
гері айдап келеді, тамшы да бірге ұшып кетеді. Бір кезде жалпақ 
ақ даланың үстінен өтеді. Бұл жеріміз Қазақстан еді. Қыс бо-
лып, жер бетін қар басқан еді.
Тамшы қатты тоңа бастайды, тоңып түсі оңа бастайды. Тоңа, 
тоңа қатайады, жалтырайды, ағарады, жепжеңіл əдемі жұлдыз 
бола қалады. Түйдек-түйдек ақ жұлдыздар төмен түседі. Адам-
дар «қар жауды»деседі.
Кішкене жолаушымыз далаға түсті. Қатты ұйқыға кірді суық 
жел есті – жарты жылдай тамшы ұйқымен болады. Бірте-бірте 
күн ұзарады, бір кезде жылы жел соғады.
Күн  қыздырып,  қар  еріп,  ағады.  Қатқан  тамшы  тағы  суға 
айналады.  Тамшылар  бірігіп  көбейе  бастады,  сай-  саламен 
жүгіре бастады. Лайланды, шуылдады, бұлдырлады, ақырында 
жыраға келіп құлады.
Жолшыбай  бұларға  басқа  тамшылар  құлайды.  Бірте-бірте 
өзен ұлғайды. Бір кезде бұлар үлкен өзенге жетеді. Алдымен 
таныс тамшымыз өзенге жүгіріп келіп беріп кетеді.
Ормандар,  қалалар,  таулар  артта  қалады,  сылдыр  қағып 
тамшылар əлі тынбай жүгіріп барады. Бір кезде көрінбей жер 
де  артта  қалады.  Өзеннің  уақ  толқындарына  таудай-таудай 
ашшы толқындар қарсы шығады. Жолаушылап қайтқан бала-
ларын  теңіз  құшағын  жайып  қарсы  алады,  қуанады,  күледі; 
сүйтіп, тамшымыз тағы үйіне қайтып келеді. Көрген-білгенін 
туғандарына келіп, сөйлейді.
(Аударушы: Телжан)

150
37. ДҮНИЕ ҚАНДАЙ?
Атақты есепші Ейлер діншіл еді. Берлиннің бір молдасы Ей-
лерге: «Қалық діннен айрылған: мен шіркеуде дүниені қандай 
тамаша  қылып  Құдай  жаратқан  десем,  өткен  пилосоптардың 
айтқанын  айтсам,  дін  кітабының  анасы  «Библиа»  сөзін 
сөйлесем, жарты кісі мені тыңдамайды, жарты кісі не қалғып 
кетеді, не мен сөйлеп тұрғанда, шіркеуді тастап шығып кетеді», 
– деді қамқор молда.
Сонда Ейлер молдаға: «Ескі пилосопты, «Библианы» жауып 
қойып, осы күні дүниеге білім қалай тарайды, соны жұртыңа 
айтып  қарашы.  Ел  құлақ  қоймаған  насиқатқа  грек  пилосопы 
Анаксагор  айтқан  деп,  күннің  үлкендігі  грек  аралы  Пелепен-
стей  деген  шығарсың,  енді  екі  де  екі 4 болса,  осындай  анық 
есеппен есептеген күн жерден бір миллион үш жүз мың қайтара 
үлкен (1.300. 000).
Он пұт бидайды бір жерге төгіп жаңа бір бидайды тастаса, 
көп бидай күн, бір бидай жер болады. Иіупитер 1300, Сатурн 
жұлдыздары 900 қайтара жерден зор.
Жұлдыз бен жұлдыз арасы, жер мен жұлдыз арасы шақы-
рыммен  өлшеуге  келмейді,  мұның  кезі  күннің  жарығының 
жүйріктігі болсын, күннің жарығы бір секондте 288 шақырым 
жүреді.  Ал  енді  мынаған  қараңыз:  бір  жұлдыздың  жарығы 
жерге шейін 3 жылдан кем жүрмейді. Ал тағы көп жұлдыздар 
бар:  бұлардың  жарығы  жерге  шейін  он,  жиырма,  елу,  жүз 
жыл жүреді. Сонда жерге жетеді. Тағы мынаған қараңыз: кей 
жұлдыздар  жоғалып,  ұшып  кеткеннен  кейін  неше  мың  жыл 
жердегі бізге көрініп тұрады. Жоғалардағы жарқ еткен жарығы 
неше мың жылда ғана жерге келіп жеткені сол болады».
Ейлердің молдаға берген ақылы осы. Бір күні мөлиіп мол-
да  Ейлерге  келіп: «Ай,  Ейлер-ай!  Адам  баласы  шіркеудің, 
Құдайдың  қадырын  ұмытты.  Мен  сенің  айтқаныңды  қылып 
едім, мені құрметтеп қабыл алды», – деді молда.
Сүйтіп,  дүние  біздің  жерден  үлкен  көрінеді.  Ал  жер  қан-
дай?
Жер  жұмыртқадай  домалақ.  Жерді  тап  ортасынан  тесіп, 
өлшесек бір шеті мен бір шеті 12 мың шақырым болады, жердің 
белдеуі 38 мың шақырым болады.

151
Ай қандай?
Жер Айдан 49 қайтара зор. Ай мен жердің арасы 360 мың 
шақырым. Тоқтамай бұлаң құйрықпен отырған қазақ 7 жылда 
Жерден айға барар еді.
Күн  мен  жердің  арасы  шақырыммен  санасақ,  саны  оқуға 
қиын  сипыр  болар  еді.  Сағатына 60 шақырым  жүретін  темір 
жолдың арбасы тоқтамай жүре берсе, 266 жылда Жерден күнге 
жетер еді. Бір шақырымға бір тиін алса, темір жолдың белеті 
бір мілліон 400 мың сом болар еді.
(Қыр баласы)
38. ЛЕНИН
Адам  баласының  тариқына  қарасақ,  əр  қалықтың  өз  зама-
нында  белгілі  бір  көш  басшысы  болған.  Əр  заманның  өзіне 
ылайық, білгір, жүйрік, данышпандары шыққан. Бұлардың қай-
қайсысы болса да, əділдік заңының таразысына тартылғанда, 
бірлі-жарымы  болмаса,  көптің  тағдырын  шешкен,  шын 
адамшылыққа  баға  бергендері  аз-ақ  еді.  Осылардың  бəріне, 
шетінен қылға тізіп баға беріп өткенде, кешегі атағы жер жа-
рып  шыққан,  В.И.Ленин-Улианов  деген  кісі,  бұ  заманның 
пайғамбары деуге болатын еді.
Сабаз  бүкіл  жер  жүзінің  езілген,  кедей,  жұмыскер  табы-
на  адалдық,  адамдықтың  жолын  ашып,  бостандық  əперіп, 
дүние  жүзін  жауыздық  қаптап,  бұзықтық  өрбіген,  уақытта, 
бұлттан шыққан күндей болып, жылағайды күлдіріп, талайды 
масайратқан қайран ер!
Осы 24-інші  жылы  дүйсенбі  күні 21-інші  ғинуарда  опат 
болды.  Ленин  жолдас  бұдан 54 жыл  бұрын 2-нші  Александр 
патшалық құрып тұрғанда, Сімбір қаласында 1870 жылы туды. 
Ленин жасынан-ақ талапты, өткір, жігерлі болды. Қолға алған 
ісін айақтамай тынбайтын, ынталы, тағанды, қандай іске болса 
да тексерулі болды. Оқуды əуелі гимназиада оқыды. Гимназиа-
ны бітірген кезде, оның үй іші бақытсыздыққа ұшырап, патшаға 
қарсы  болғандығы  үшін,  ағасы  Александрді 3-ші  Александр 
патша дарға асып өлтірген.
Ағасы өліп, Ленин қажи қоймады, қайта онан жаман залым 
өкіметтің  қармағынан  құтқаруға,  кедей,  жұмыскерлердің  ара-
сында қызмет істей бастады.

152
Ол сол уақытта Қазан университетіне түсіп оқыды. Оқуы-
ның  алғашқы  жылдарында-ақ  өкіметке  қарсылық  жасаған 
студенттердің ісіне қатысқаны үшін, университеттен қуылып, 
Кукушкин  деген  жерге  жер  аударылады.  Қанша  бейнет  көрсе 
де, қоймай жүріп 1891-1892 жылдарда емтиқан ұстап, универ-
ситета бітіріп кетеді.
1894 жылы Петербор келіп, жұмыскерлердің арасында бір-
неше ұйым ашып, өзінің тілектес жолдастарымен бірге қызмет 
етеді. Политсиа бұлардың соңына түсіп, ақырында қолға түсіп, 
жеке-жеке  тұтқын  қылып  жолдастарын  абақтыға  жабады  да, 
Ленинді Сібірдегі Лена деген өзеннің бойындағы жерге айдап 
жібереді.
Бұ  кісінің  Ленин  атануы  да,  əлгі  Ленадан  шықса  керек. 
Бұл оқиғасы 1895-1897 жылдарда, бұл жүрісінде де Лениннің 
қалықты  қысымшылықтан  құтқару  үшін  еткен  қызметі 
жұмыскерлерді  сотсиализм  жолымен  таныстыруы,  шығарған 
кітаптары  толып  жатыр.  Айдалса  да,  жай  жүрсе  де,  өмірін 
жұмыскерлердің  арасында  өткізді.  Сол  жүргендегі  уақытын 
кітапқана, газет, жорнал редактсиасында алатын болды. Одан 
1900  жылдарда,  шет  мемлекеттерге  барып  «Ұшқын»  дей-
тін  газет  шығарады.  Лениннің  бұл  газеті  талайдың  көзін 
ашты.  Ленин  бұл  газетінде  сотсиализм  жолында  марксистпін 
деп  жүрген  мырзалардың  адасқандығын  айқын  ашып  беріп, 
жол  көрсетіп  жүрді.  Олардың  түбінде  шын  марксист  бола 
алмайтындығын біліп, 1903 жылғы Швейтсариада болған со-
тсиал-демократтардың  жиылысында  көпшілік  жағын  алып, 
өзіне ергендерді бөліп əкетті. Бұдан кейінгі Лениннің істеген 
жұмыстары  толып  жатыр.  Лениннің  атылған  оқ,  шабылған 
қылыштың  астында  жүріп,  жауыздықпен  алысуы  босқа  кет-
пей, 30 жылдай өмірін өксітіп салған жол, көрсеткен үлгісінің 
арқасында,  күн  шығыс  қалқына,  оның  ішінде  жердің  алты 
бөлігінің  бірін  билеген  Ресей  қалқына  бостандық  туғызып, 
құрдастық, туысқандық туын тікті. Коммунизм жолын бастап 
шығарған  Маркс  десек,  түйінін  шешіп,  тотын  аршып,  қазып 
шығарған  Ленин  болатын.  Лениннің  білімін,  ақылын  басқа 
адамға балауға болмайды.
Лениннің кім екенін, оның қызметін, əділдігін түгел жазсақ, 
үлкен бір кітап жазу керек болады.
(Сəрсенбі ұлы)

153
39. ЛЕНИН ЖƏНЕ ОРТАҚШЫЛ ПАРТИАСЫ
Ресейдің ортақшыл партиасының тариқы Ленинмен байлау-
лы, үйткені партияны бастап партия қылып құрып, жөнге салып, 
неше түрлі қатерлі замандардан шаң жұқтырмай алып шығып, 
октебір төңкерісінен соң ортақшыл партиасын өкіметтік пар-
тиа болуға жеткізген Ленин жолдас еді.
Осы  күнгі  ортақшылдар  партиасы  əуелден  бұл  атақпен 
жүрген жоқ. Бұрын партианың есімі «Жалшылардың сотсиал-
демократ партиасы» деген еді. Ертеден-ақ бұл партиа екі жолға 
түсіп кетті: меншевик жəне болшевик жолы.
Меншевиктер – жалшылар əлі тап болып жеткен жоқ, соның 
үшін  Ресейде  жалшылар  төңкерісі  де  болуға  мүмкін  емес.
Төңкеріс байлардыкі ғана болады, жалшылар соларға көмектес 
болып,  бірлі-жарымды  шаруалық  мақсаттарды  ғана  көздеу 
керек  жана  партиаға  мүшелікке  партианың  жолын  танып, 
партиалық салымды өтеген кісі алынсын деді.
Ленин:  Жоқ,  жалшылар  тап  болып  жетісуге  айналды.  Ре-
сейде жалшылар төңкерісі ғана үстем болуға тиісті. Төңкерісте 
жалшыларға  байлар  жолдас  болмайды.  Патшадан  жана  алпа-
уыттардан  тайақ  жеп  жүрген  қара  шаруалар  ғана  жолдас  бо-
лады. Партиалық салымды өтеген кісіні ғана алуға болмайды. 
Онда партиаға кім болса сол кіріп, партианың таптық сипаты 
жойылады. Партиаға мүше болушы партиа ұйымдарына қызмет 
етуге міндетті болсын, сонда ғана партиа шын төңкерісшілер 
партиасы болады», – деді.
Ондағы  Лениннің  мақсаты  партианы  жаман  адамдардан 
сақтап, шын таптық төңкерісшіл партиа қылып шығару еді.
Осындай  сайасатпен  ғана  бөтен  жалшылар  партиасымыз 
дегендер  тозып,  жалшылардан  сырт  айналып,  майданда  бай-
лар  жағына  шығып  кеткенде,  жалғыз-ақ  болшевик  партиасы 
жалшылардың тап күресін басқарып, жолдан таймастан келді. 
Кейбіреулер  партианы  жоғарыдан  билеп-төстеу  керек  емес, 
еркіншілік  болсын  дегенді  шығарды.  Бұған  да  жолдас  Ленин 
тиісті  төтепкі  берді.  Мұндай  қысылшаң,  тар  заманда  партиа-
ны бос ұстау, партианы дұшпандар жойсын деген. Партиа жаңа 
партианың  басқарған  жалшылар  табын  сүйген  төңкерісшіл 

154
партиада  қатаң  тəртіп  жүргізу  керек  деді.  Бұған  шыдамай 
қобалжығандарға Ленин қолды бір-ақ сілтеуші еді.
20 жылдай партиа көсемі болып, жолдас Ленин осы ұстаған 
негізгі  жолдан  танбастан  келіп,  заманының  өзгеруіне  қарай, 
партианың  өзі  ара  аралас  қатынас  жаңа  партианың  партиа-
дан  тыс  жалшылар,  қара  шаруалармен  қатынасы  туралы  істі 
замананың жағдайына қарай жаңылмай, дəл орындаумен кел-
ді.
Меншевиктер  талай  Ленинге  қарсы  үгіт  ашып,  жалшы-
ларды  өздеріне  аудармақшы  болды  жана  жалшылардың  да 
қобалжыған  уақыттары  болды.  Бірақ  нақ  төңкеріс  күресіне 
келгенде  іс  жүзінде  жалшылар  кімнің  дос,  кімнің  қас  екенін 
айырып  шыға  келуші  еді.  Сонымен  ғана  жалшылар  октебір 
төңкерісінде  меншевиктерден  сырт  айналып  (шынында  мен-
шевиктер жалшылардан сырт айналып кетті), болшевиктер ар-
тынан кетті.
Жолдас  Лениннің  ұстаған  осындай  қатаң,  жолдарының 
арқасында  партианың  абыройы  артып,  өзі  де  күшейіп,  неше 
қысылшаң уақыттардан шаң жұқтырмастан таза таптық партиа 
күйінде келді.
Жиырма  жылдай  партианы  басқарып  жүргендегі  Ленин 
жолдастың өзгертпестен ұстаған жолы: партианың кеулі болған 
құрылыс ұйымдарын жана қатаң тəртіпті жоймау керек. Сонда 
ғана жалшылар үстемдігі сақталады.
(Жағыпар)
40. ҚУАНЫШТЫ КҮН
Бүгін 30-ыншы декабір. Не себепті болса да бір мейрам, бүгін 
кеңседе  жұмыс  жоқ,  қол  бос.  Орынборда  елдегідей  ат  үстіне 
мініп, ауыл қыдырып, көңіл сергіту жоқ болып, бұлайғы күнде 
өнемейін кеңсе жұмысы кісіні басыр жасайтындықтан, мейрам 
күні  қадірлі  таныстарыңа  жолығасың,  жүресің,  қыдырасын, 
бірталай  көңіл  көтересің.  Күн  мейрам.  Елегізіп,  көңілім  əр 
жолға  бір  талпынды.  Күннің  сəске  уақыты.  Көңілім  енді  түс 
болады, онан кеш болады, түн болады, ұйықтайтын уақыт ке-
леді, ертең қайтадан кеңсеге барып, жұмысқа байланасың деп, 

155
қалған уақытты азсынып, көншімегендей, бір азырақ бой жа-
зып, көңіл көтеріп қайтуға, бөлмемнен шығып, көшегежүрдім.
Бүгінгі мейрамға бола болып тұрғандай, күн өте жылы, көшенің 
екі  бетіндегі  сиректеу-сиректеу  теректердің  басын  зердің 
шоғындай көркем боз қыраулар ұстаған.
Бассаң  бетке  соғылғандай  жел  жоқ.  Жер  бетіндегі  кір-
лі  қардың  бетін  боз  қырау  жауып,  көшенің  екі  бойы  жайып 
салған киіздей теп-тегіс. Тек қана ийуілдегі тас төбеге таман 
шақырайып келіп, ажырайып тұратын күн бүгін де əдеттегіше 
бесіндіктен бері шықпай, биік үйдің төбелерінің іргелігін беті-
не  ұстайды,  тасаланады.  Мені  əбден  сағынсын,  болмаса  ыза-
лансын  деп  көңілімді  біліп-қойғандай  құрттай  көрінсе,  үйдің 
тасасына түсіп ала жоғалады. Бүгін бір жақта үлкен той болып 
жатқандай, ерсіл-қарсыл кісі тасып, соғылысқан езбозшіктер. 
Көшені қақ жарып, быж-быж етіп, жындай толкып гүрілдеген 
аптомобилдер.  Бəрі  де  көшенің  бұрмаларынан,  атой  беріп 
құрттай  қайнап  сапырылысқан.  Күннің  бүгінгі  əсем  тұрысын 
таңғынған сиақты, көшенің екі бетінде қарашадай қатар түзеп, 
əрлі-берлі  қадаңдап  басып  жүріске  түскен,  өңшең  əп-əдемі 
адамдар. Бəрі де көңілді, бəрі де шат.
Қай  бір  жерлерде  дырау  етіп  алдына  қойған  қазақ  мек-
тептерінің  атағы.  Бір  кісінің  баласындай,  бір  түсті  киіммен 
киініп  есіктерінің  алдына  қызыл  керіске  түсіп,  сөз  жоніне 
таласып  жатқан  балалар.  Осының  бəрін  көріп  келем.  Көрген 
сайын  əр  түрлі  ой,  бойымды  билеп,  терең  қиалға  шомып  ке-
лем.  Көшеде  келе  жатқан  сүлдем,  көңілім  қазақ  сақарасын 
кезіп  жатыр,  осындай  жақсы  күнде  қой  соңына  салған  қазақ 
кедейінің  баласына  барып  жүр.  Кедейдің  тұрба  қондырып, 
терезесін  жылтитқан,  жападай  қыстауын  көріп  жүр.  Қазақ 
кедейінің қайткенде ұлтанды ел болып, бір орынға қалай қор 
төгерін, қазақ қызының не қылғанда көзі ашылып, қорлықтан 
құтылатын мүмкіндігін көздеп жүр. Тосыннан құлағыма көңілді 
лепілдетіп,  қазақ  Кызының  сыңғырлаған  əні  естіле  қалды. 
Əлдене  деп  тыңдай  қалдым. «Қасірет-шерің  жойылды,  малға 
сату қойылды, көтер енді бойыңды», – деген сөз анық естілді 
құлағыма. Не екенін түсіне алмай, мына сөзге бүтін қазақ қызы 
жиылып  келіп  əн  салғандай,  қорлықтағы  мен  ойлаған  қатын, 

156
қыздар да осының ішінде жүргендей көріп, қасымдағы кісілер-
ді иығыммен қаға көшенің бұрмасына шықтым.
Жүрегім  жарылып  кете  жаздады.  Орынбордың  көшесін 
қақ  жарып,  қарсы  алдына  қызыл  туды  көтеріп  əн  салып  келе 
жатқан қазақ қыздары, бұларды қошеметтеп сан-сапат кісі топ 
жасаған.
Кең  сақарада,  жазық  қырдың  қиыр  ұшына  жететін  қоңы-
раудай таза дауыстарымен бір ауыздан: «Қасірет-шерің жойыл-
ды, малға сату қойылды, көтер енді бойыңды», – деп, күңірентіп 
келеді, алдында қызыл ту.
Қызыл ту желбірейді. Қазақ əйелдері қызыл туды бастарына 
көтеріп, көлеңдетіп келеді. Жүгіріп барып сұрап қалсам, бүгін 
30-ыншы  декабір,  қазақ  сақарасында  қалың  малды  қалдыру, 
көп  қатын  алуды  жойыу  туралы  əділ  заңының  шыққан  күні 
екен.  Қуанғаннан  не  дерімді  білмедім.  Көңілдегі  шаттыққа 
шыдай алмай: «Қасірет-шерің жойылды, малға сату қойылды, 
енді көтер бойыңды», – деп, мен де бірге айқайлап, дауысымды 
қостым.
(Ғ. Сұлтан ұлы)

МАҚАЛАЛАР

158
ТАҒЫ ДА НАРОДНЫЙ СОТ ХАҚЫНДА
Народный  сот  жоғалса  иə  оның  қуаты  кемісе,  талас  кемір 
еді деген сөзді оқып, мен өз ойымды айтып өткім келеді. Менің 
байқауымша, сайлаудың қазаққа бəле болып жүрген себебі на-
родный  сотқа  берген  қуаттың  молдығы  емес,  халықтың  сай-
лауды сайлау деп ұқпағандығы. Сайлауды қазақ бір ерегіс деп 
ұғады.  Солай  ұғатыны  сайлауға  «талас»  деп  ат  бергеннен  де 
көрініп тұр. Ерегіс деп ұққан соң, сайлаудың мағынасы жалғыз-
ақ жеңу мен жеңілуде деп біледі. Мұнан басқа сайлауда мағына 
бар, яғни жұртқа келер пайда, яки сор бар деп білмейді. Сай-
лауды ерегіс-талас деп ұқпай, сайлау мағынасында ұқса, талас 
дерті мұндай зораймас еді. Қазақ мұнша арып, шіріп, азбас еді. 
Би, болыс, ауылнай сайлауы шыққанға 40 жылдан асты. Сонша 
жыл сайлауды көріп келе жатып, ойға қалған қазақ аз шығар: 
«Сайлау  атыстырып,  шабыстырып,  таластыруға  шығарған 
нəрсе ме, яки мұның басқа бір мағынасы бар ма?» – деп.
Сайлаудың мағынасын білетұғын жұрттар талас демейді, сай-
лау дейді. Народный сотты жоқ етсек, болыстық, ауылнайлық 
қалады. Оларды сайламаймыз ба? Сайлауды талас мағынасында 
ұғып тұрғанда, олар үшін талас болмай ма? Кім білсін, қазаққа 
депутаттық,  мүфтилік  беретұғын  күн  болар.  Солардың  бəрін 
өзіміз  сайлап  оңдыра  алмаймыз,  бізге  болысты,  ауылнайды, 
мүфтиді, депутатты хүкімет өз қалап қойсын демек керек пе, 
яки басқа жол керек пе? Менің ойлауымша, басқа жол керек. 
Ол жол – сайлауды талас емес, сайлау деп халыққа түсіндіру, 
құлағына сіңіріп, көңіліне қондыру. Сайлауды сайлау деп білсе, 
пайдасына баспай, зарарына неге жүрсін? Зарарын біліп тұрса, 
хайуан да жоламайды. Қазақ хайуан құрлы жоқ па? Сайлауды 
сайлау  мағынасында  тұтынбайды  да,  қазақтар: «Сайлау  бəле 
болды», – дейді сайлау рас бəле болса, білімді, өнерлі халықтар 
ісінің бəріне басынан бастап, аяғына шейін неге сайлау кіргіз-

159
ді? Сайлауды өз мағынасында алып қарап көрелік, бəле болып 
табылар ма екен? Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр. «Адам 
баласы  ғой,  пайдасын,  зарарын  айыра  білер,  өзіне-өзі  қастық 
ойламас. Жұртқа жағымды, пайдалы болар – зарары тимес де-
ген адамдарын өздері сайласын. Зарарлы болар деген жер иесі 
адамдарын өздері де сайламас», – деді де, хүкімет қазаққа сай-
лау берді. Сайлау көп үшін берген нəрсе, көп пайдасын көздеп 
сайланса, яғни «мынау – халыққа тынышты, пайдалы, зарарсыз 
адам, анау – бұзық, зарарлы, зорлықшыл, қиянатшыл адам» деп, 
тексеріп,  таңдап  сайласа,  сайлау  дұрыс  өз  мағынасында  бол-
ғаны. Халықтың пайдасы, зарары қаралмай, «мынау туғаным-
тұқымдасым  я  құда-құрмаласым»  деп,  иəки  «мынау  анадан 
пəлендей сомын артық беріп тұр ғой» деп сайланса, ол – сайлау 
емес, құр талас я сауда. Талас болған соң, таласқан ит бірін-бірі 
аяй ма? Сол сықылды, жеңген ит жеңілген итті қандай талайды, 
– талас біткеннен соңғы қазақтың істейтұғын істері де сондай 
болады. Талас жұртты бүлдірді деп, жұрттың бəрі де шулайды. 
Таластыратұғын – жұрт,  атыстыратұғын – жұрт,  өзі  таласты-
рып,  атыстырып  отырып,  жұрт  сайлаудың  мағынасын  білсе, 
қалай еткенде тыныштық болады дер ме еді? Жұрт тыныштық 
ойласа,  тыныштықтың  тұтқасы  өз  қолында  емес  пе?  Жұрт 
өзіне  тыныштық,  зарарсыз  адамнан  ауылнай  сайласа,  көптің 
пайдасын, өз басының пайдасын көздеп, ақшаға сатпайтұғын 
адамнан елубасыларын сайласа, бұзық би, бұзық болыс шығар 
ма  еді?  Əлбетте,  шықпас  еді.  Олай  болғанда,  біздің  дерттің 
тұқымы  народный  сотта  емес,  халықта  жатыр.  Бұзық  билер, 
бұзық  болыстар  сыртқа  шығып,  көзімізге  көрінген  дерттің 
іріңі,  шірігі.  Іріңін,  шірігін  сүрткенменен,  тұқымы  жоғалмай, 
ауру кетпейді.
Сайлау қазаққа балалардың асық ұтысқан ойыны сықылды 
көрінеді.  Қарауылшыл,  зорлықшыл  болса  да,  одақтасы  ұтса 
екен  дейді.  Халықтың  пайда,  зарары  асықтай  елеусіз  нəрсе 
ме?
Пайдалы  адамды  сайлау  менен  зарарлы  адамды  сайлау 
арасында ешбір парық болмаса, жұрт неге азды? Өз басының 
уəдесі табылып, ақша алып тұрған кезде, иəки жақынын сайлап, 
дегені болып тұрғанда жақсы болып, бар мақсаты табылғандай 

160
көрінеді, жалпақ жұртты алып қарағанда, жұрт жұрт болмай,
азып бара жатқанын көреді. Халал, харамды талғамай, жақы-
ным деп я ақша берді деп, би, болыс сайлайтындардың өздері 
де айтады, «жұрт бұзылды, сайлау бəле болды» деп. Өзінің не 
істеп отырғанын білсе, солай деп айтар ма еді?
«Народный сот – жаман, жоқ қылу керек» дейміз. Народный 
соттың  орнына  болатұғын  сот  қандай  боларына  көзіміз  жете 
ме? Бұл сотымызда туралық болмай жүргенін хүкімет білмей 
жүр ме? Білсе де, народный сотты жоқ қылып, өзге сот беруден 
тартынады.  Ол  сот  народный  соттан  артық  болып  табылары-
на көзі жетпейді. Надан судиялардың орнына ғалым судиялар 
жіберер,  бірақ  ғалым  болғанменен,  қазақ  жайын  білмесе,  ра-
сына жетіп іс қыла алмас. «Орысқа өтірік айтсаң, құтыласың» 
деген  қазақта  сөз  бар.  Орыс  шенеуніктері  расына  жетіп,  дұ-
рыстықпенен  істейтұғын  болса,  бұл  сөз  қайдан  шығып  жүр? 
Қазақтың лауазым иесі адамдарының жолсыз істері народный 
сотқа емес, казенный сотқа тиісті; казенный сотпенен мақсатқа 
жететұғын  болсақ,  би,  болыс,  ауылнайлардың  бұзықтығын, 
қиянатшылдығын неге тыймай жүрміз?
Енді қалай етпек керек дейміз ғой. Народный сот дегеніміз 
қазақтың  ғадетіндегі  қағидалар  бойынша  айтылатұғын  билік. 
Бұрынғы  əділ  билердің  қолында  билік  қазақтың  неше  түрлі 
дертін  жазатұғын  жақсы  дəрі  еді,  бұл  күнгі  арам  билердің 
қолында дəрі болмақ түгіл, у болып жұғып тұр. Дəрі жаман ба, 
дəрігер жаман ба? Дəрі жаман болса, басқа дəрі алу, дəрігер жа-
ман болса, басқа дəрігер шақыру дұрыс емес пе? Бір дəрігердің 
қолында  талай  ем  болып  сыналған  дəрі  екінші  дəрігердің 
қолында ем болмаса, шипа дəріде емес, дəрігерде. 
Олай  болғанда,  дəрігерді  жаңалау  керек,  яғни  билерді 
жаңарту керек, мұны істеу оңай болмас. Көп еңбек, көп уақыт 
керек болар, бірақ сонан шыққан жеміс дəмді һəм жұғымды бо-
лар. Бойға сіңіп, ескіріп, үйреншікті болған ауру тез жазыла қоя 
ма? Сол сықылды нəрсе ғой. Қазақта білімді адам жоқ емес, көп, 
бірақ солардың көбі, құты, бəрі білімін халалға емес, харамға 
жұмсап ғадеттенген. Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы 
сай  ұста  сықылды,  не  істесе  де,  келістіріп  істейді.  Қазақтың 
білімді  адамдары  жамандық  істесе  де,  халық  оған  сүйінеді, 

161
келістіріп  істеген  себепті.  Өзге  жұрт  білімді  бұзықтыққа 
жұмсағанға күйінеді, біз оған сүйінеміз. Бұл адасқандық емес 
пе? Жаман іс əркімнің қолынан келеді, жақсы іс қолдан келуі 
қиын. Біз қуаттап, қостау керек жақсылық істі емес, жамандық 
істі  өнер  көруіміздің  жөні  жоқ.  Бұзықтықты  қуаттап,  көкке 
көтерсек, бұзықтық өсіп, көбеймей, кемір ме? Халық бұзылмай, 
түзелер ме? Адасқанымызды байқағандарымыз, бетімізді түзу
қойып, жөн мынау делік, ерген – ерер, ермеген – қалар. Адас-
қанменен  бірге  адаспай,  тым  болмаса  өзіміз  жөнімізбенен 
өлелік.  Мұсылманша,  орысша  оқыған  қазақ  балалары  білген 
жөнін не түрменен, не жолменен болса да халықтың құлағына 
жеткізуге  тырысса,  көптен  не  шықпайды.  Айтқанымызды 
алатұғындар  да,  алмайтұғындар  да  болар.  Сайлау  кезінде 
жұрт  жалғыз  таласқанды  көреді  де,  сайлаудың  мағынасы  та-
лас екен деп ұғады. Асыл мағынасы ол емес, мынау деп ешкім 
айтпайды. Менің ойлауымша, «сайлау – талас емес» деген сөз 
қазақтың құлағына кіріп, көңіліне қонып, түсінсе, талас дерті 
басылар еді. Сайлаудың мағынасын түсініп сайлағанда, қандай 
сайлайтұғын  түрін  кешегі  думаға  депутат  сайлағанда  қазақ 
көрсеткен жоқ па? Мынау жұрттың пайдасына сөйлер я көздер 
деген дəмелі адамдарын сайлады ғой. Халықтың ойлаған жері-
нен  сайлаған  адамдары  шықты  ма,  шықпады  ма – ол  басқа 
сөз,  бірақ  сол  дəмелі  адамдардан  жалғыз  қазақ  емес,  өзгелер 
де  үмітті  еді.  Барын  сайлады,  басқасы  болып,  сайлай  алмай 
қапыда  қалған  жоқ.  Сайлаудың  бəрін  солай  түсініп  сайласа, 
таласқа орын аз болар еді. 
Біз хүкіметтен сұрарлық мұң-мұқтажымыз көп. Сұрағаны-
мызды беруге жалғыз мұқтаждығымыз шарт емес, хүкіметтің өз 
есебіне дұрыс келу де шарт. Біз сұраушы, ол беруші. Сұраушы 
сұрағанменен, берушінің жайы, ықыласы біледі. Народный сот 
– өзіміздің қазақы билігіміз, өз нəрсемізден өзіміз безіп, құтқар 
деп сұрамай, бізге жөн сұрауға керек жат нəрсе жағымсыз болды 
деп. Билердің абақты кесетұғын билігі – қазақтың əдетінде жоқ 
жат нəрсе. Басқа шүберектен қойған жамау сықылды, қолайлы 
болар орны жоқ. Билер орыс законын білмейді, абақты кесу ту-
расында қазақта қағида жоқ. Закон білмесе, қағида жоқ болса, 
билер не жолменен абақты кеседі? Əрине, жолсыз кеседі. Жол-
сыз болған соң, олар не хакім?!

162
Екінші, народный сот турасында істерлік іс; народный суд-
ияларды бетіменен жайылтпай, қазығынан айналтып ұзатпасқа 
ғамал.  Қазақта  қандай  оқиғалар  турасында  қандай  қағидалар 
бар – жиыстырып,  кемі  болса,  толықтырып,  ескірегі  болса, 
жаңартып, я ақсақалдар, яки народный судиялар сондай қағида 
қазақта барлығын куəландырып, тиісті орынға бекіттіріп, бас-
тырып  шығарса,  билерге  ол  қазық  болар  еді.  Осы  күнгі  би-
лер қағида бойынша істемейді, ойына келгенін істейді. Қазақ 
қағидасын  жийу  оңай  жұмыс  емес,  бірақ  ниет  болса,  қолдан 
келерлік жұмыс. Əр жерден «Айқап» сықылды бір жерге жиы-
ла берсе, жиылып болған соң қағида, шариғат, низам білетұғын 
адамдар бас қосып, жиылған нəрсені қарап, қолайлысын алып, 
қолайсызын  қалдырып,  кемін  толықтырып  (шариғаттан,  ни-
замнан алып), жоғарыда айтылған ретпенен бекіттіріп, «Қазақ 
қағидасы»  деп  шығарса,  соған  муафик  салған  билік  хүкім 
болып,  оған  халық  билік  хүкім  болмаса,  судиялар  бетіменен 
жайыла бермес еді деймін.
Айқап, (Қазақ 1913 ж.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет