«Қазақша оқу жайынан» мақаласында оқу ісіне
қатысты кəсібилік туралы: «Бір нəрсені істегенде сол істі
істей білетін адам істесе шапшаң да, жақсы да істейді.
Бұл жалғыз қол іс емес, ми ісінде де солай... Оқытуымызда
қандай мін бар? Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктің көбі
түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі
біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікіріміз-
ді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай, істегенімізге
қосылмай отыр. Оларөтіп, кейінгі-жастардың да зама-
ныжетер. Жаңалыққа жастар мойнын бұрып, қайрылар,
халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың
13
қалай оқып, қалай тəрбиеленуі – бəрінен бұрын ескеріп,
бəрінен жоғары қойылатын жұмыс» дейді. Себебі басты
ниет: Жұрт жұмысының түзелуіне қызмет ету! Яғни, дамып,
қалыптасып жетілудегі соны жаңалықтарға оң көзқараста
болып, оны əлеуметтік ортаның қабылдап, игеруіне ақыл-
кеңесші бола білген. Мұны бүгінгі бала оқыту ісінде еске-
руіміз керек.
«Бастауыш мектеп» мақаласы тек білім беру мəселесіе-
мес, білім қандай болуы тиіс деген сауалға да жауап бе-
реді: «...Халықтың өз тілімен, өз əрпімен оқығанын əкімдер
жақтырмайтын болған соң... заң қағаз жүзінде бар бол-
са да, іс жүзінде жоқ». Бүгінгі халіміз де осы емес пе?
Ғасыр басында ел басқару тілінің қазақшалануын тілеген
зиялыларымыздың күресі мектеп жасындағы балаларды
қазақша оқыту болған. Ал сол тұстағы үкіметке жағымдысы
тұлға тілімен айтсақ, «...қол астындағы түрлі тілді, түрлі
дінді түрлі жазу-сызуды тұтынып отырған жұрттардың
бір тілде сөйлегені қолайлы». Сондықтан миссионерлер
арқылы оқуды орысшаға аударуға билеуші үкімет бар күшін
жұмылдырған. Тегі бөтен жұрттар тілінен, жазу-сызула-
рынан айырылып, орыспен бірдей болып сіңісу үшін, бір-
ден орысша оқыту қағидасын ұстанған. «Хүкіметке керегі
мемлекеттегі жұрттың бəрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда
болу, əр халыққа керегі өз тілін, өз дінін, өз жазуын сақтау.
Солай болған соң бастауыш мектеп, əуелі, миссионерлік
пікірден, политикадан алыс боларға керек, яғни, қазақтың
діні, тілі, жазуы, сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға
керек» дейді Ұстаздың бұл айтқандары бүгінгі тəуелсіз
еліміздің кейбір адасып жүрген ұрпақтарын (ағылшын тілі-
не, тіпті өзге дінге бет бұрған) қайтсек түзейміз деп ойлан-
дыруы керек-ақ, ертең «əттеген-ай» деп өкініп, кеш қалмас
үшін.
«Мектеп керектері» мақаласында: «Мектептің жаны
– мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һəм сондай
болмақшы», – деп негізгі жүктің оқытушыда екенін ескер-
теді. Екінші, «оқыту ісіне керек құралдар қолайлы һəм сайлы
болу керек» дейді, бұл жолда ұстаз-əдіскер өз ісімен өнеге
14
болды. Əдіскер-ғалым мектептің үшінші керегі «жоспарлы
жосық» деп білген, яғни, келісілген кемел бағдарлама. Осы
бастапқы үш керекті дұрыс жолға қоя білу – басты міндет
дейді. Жəне:«Ана тілмен оқытамыз деген пікір – кіли орыс-
тан басқа, тілі басқа жұрттың бəрі қуаттайтын пікір.
Ана тілмен оқу бізге де керек екендігінде еш талас болмасқа
керек» деп қорытады.
«Тəні саудың – жаны сау» мақаласында мемлекетте ден-
саулық сақтаудың қандай орын алатыны баяндалады. Автор
Қазан төңкерісінен кейін қазақ даласында бассыздыққа жол
беріліп, ашаршылықтың етек ала бастағанын ашық жазады,
тіпті адамдар бірін-бірі жеп жатқан жағдайдың кездесетіні-
не күйінеді. Қазақ мəтелдерінің «Қайғысыз қарасуға да
семіреді», «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама»,
«Мастық не дегізбейді, аштық не жегізбейді», «Бірінші
байлық – денсаулық...» философиялық мəнін талдай отырып,
«Тəні саудың – жаны сау деген, жақсы сабаның қымызы да
жақсы болады» яғни, ауырмайтын, денсаулығы мықты халық
қана ғылыммен, өнермен шұғылдана алады, сол үшін мемле-
кет қолдан келген барлық шараларды қолданып, халықтың
тұрмысына қажеттіліктерімен қамтамасыз етуі міндетті
деп қарайды. Бұл айтылғандар да бүгінгі күннің өзекті
мəселелерінің бірі екенін көріп отырмыз.
«Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу
керек» атты мақала «Қызыл Қазақстан» журналының 14-
санында басылған. Онда қазақ ауылдарында оқуды жаңа
талаптардың негізінде қалай ұйымдастыру керек екендігін
баяндалған. Мұнда көтерілген келелі пікірлер дəл осы күні
де мəнін жойған жоқ.
«Түрікшелер құрылтайы» мақаласында: «...Қазақ жай
сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілімен жасауға тырыс-
ты. Əдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, біл-
мейтін қайсысына болса да түсінікті болуын көздеді. Тіл
арасына жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амал-
сыз болған жерде ғана алатын тəртіп қолданды». Ал оқу-
ағарту ісіне арналған мақалаларының ғылыми практикалық
тəжірибелік мəні зор.
15
А. Байтұрсынұлының Араб əліп-биін жақтаған баян-
дамасының ғылыми мəні өз мағынасын жойған емес.
Ғылыми стилдің үлгісі болып табылатын бұл еңбек қазақ
тілі білімінің сүбелі мұрасы екені анық. «Мен мəселенің ілім
мен іс жүзіндегі жағын алып сөйлемекшімін» деп зерттеуші
бірден баяндамасының басын ашып алады. «Əліп-би деген –
тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұма-
ғы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбыс-
қа дəл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай бол-
са, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы бол-
са, соғұрлым əліп-би жақсы болмақшы». Ғалым осы атаған
шарттарға сай қазақ тілі дыбыстарына араб пен латын
əрпінің қайсысы қолайлы екенін талдау арқылы қарастырып
береді. Оқуға, жазуға, үйретуге қайсысы ыңғайлы? Түрік
жұртының 90 пайызы араб əрпін пайдаланып келгенін алға
тартқан тілші-маман «Араб əрпінен жасап алған əліп-биіміз-
ге жер жүзінде əліп-би жетпейді» деп оның тиімділігін
дəлелдейді. Осы ретте латын əрпінің араб əрпіне қарағандағы
кемшіліктерін саралап береді (тіл дыбысына, басылуына,
жазудағы жазылу түрі, баспаға, үйретуге, көркемдік пен
көзге жайлылық жағынан). Қай жағынан болсын «араб əрпі
артық болып шықты». А.Байтұрсынұлы «...Солдан оңға
қарай жазғанда қардың жайылатын жағына қарай жыл-
жиды, жылжыған сайын қиындатады. Оңнан солға қарай
жазғанда, қолдың қары жиылатын жағына қарай жыл-
жиды, жиылған сайын жеңілдетеді. Көп тыныққан есепті
болып, талмайды».Мақалада қарастырылған мəселелерді
баяндай келе, өзінің «Пəн сөздерінің жүйесі» туралы Түрік
тілінің пəн сөздері туралы деген тақырыптағы жасаған
баяндамасын əңгімелеп береді. «Пəн сөздері жағынан ба-
сынан-ақ қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа
түріктер əдебиет тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса
көркем болады дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пəн
сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын пəн сөздерді ала
бергендіктен, түпкі ана тілі мен əдебиет тілі бөлектеніп,
өз сөздерін жат сөздер тұтып, жойып жіберу дəрежеге
жеткен» (413 б.). Яғни, ғалым басты кағидасы «қазақ жат
16
сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жасауға тырыс-
ты» деген айшығында.
«Партия əм кеңес құрылысындағы рушылық
əсері» атты мақаласында «Совет үкіметінің орнағанына 9
жыл болғаннан кейін қазақ халқының арасында алғашқы
қауымдық құрылыстың сарқыншақтары бар ма?» деген
сауалға нақтылы жауап берген. Қазақ қоғамында ру бо-
лып бөлінуге негіз жоқ, бірақ кейбір атқамінерлердің тіке-
лей əрекеттерімен ел арасында рушылдықты қоздырып,
қарақан басының мақсатына жетуге пайдаланатыны
қатаң сынға алынған. Қазақ қоғамында рулық қатынастың
сарқыншақтары əдет-ғұрып нормалары ретінде (ас беру, той
өткізу, қалың мал, жылу, т.б.) бар екенін мойындайды. Са-
уда капиталының орыстыкі ғана емес, жалпыға тəн екеніне
тоқталады.
Еліне, ұлтына, келешек ұрпақ – біздерге осыншама ғиб-
ратты ғылыми негізі толық дəлелденген ойларды асыл сөз-
дермен нақтылап берген Ұлттың ұлағатты ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлының бұл істері зиялы қауымға үлгі болып қала
бермек. Бүгінгі мəселе Алаш мұрасын насихаттау ғана емес,
іске асыру жағын да қолға алу. Орасан іргелі іс атқарған
ғалымның рухына Алла разылығы пайғамбарымыздың с.а.с
шапағаты болғай!
А.С. ІСІМАҚОВА,
филология ғылымдарының докторы, профессор
ƏЛІППЕЛЕР
18
19
А.БАЙТҰРСЫНОВ
ОҚУ ҚҰРАЛЫ
Усул сотие жолымен тəртіп етілген
ҚАЗАҚША АЛИФБА
І-нші кітап
Балалар! Бұ жол басы даналыққа.
Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та!
Бұ жолмен бара жатқан өзіңдей көп,
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!
А.Б.
Электро-паровая лито-типография
Товарищества «Каримов. Хусаинов и К»
Оренбург. 1912.
20
Би исми-иллаһи-рахмани-раһим
1. з
ﺯ
– 2. р
ﺭ
– 3. а
ﺍ
1
зар
азар
араз
а ﺍ
з ﺯ
аﺍ
аза
а ﺍ
рﺭ
а ﺍ
ара
а ﺍ
зﺯ
аз
а ﺍ
р ﺭ
ар
4. л
ﻝ
2
зар
зарла
зарлар
ар
арла
арлар
алар
ара
арал
а ﺍ
ла
ала
а ﺍ
л ﻝ
ал
Ал, ала, алар, ар, ара, арал, арла, арлар, аз, аза, азар, зар,
зарла, зарлар.
5. с
ﺱ
алар
алса
салар
салса
азар
азса
саз
сазар
рас
лас
арлас
арлар
ал
ала
алас
сас
саса
сасар
ас
аса
асар
сал
сала
салар
Ас, аса, асар, ал, ала, алар, алас, аласа, алса, саз, сазар.
Саз аз. Ас асар. Алса алар. Салса салар. Азса азар.
1
Бұл үш қəріфті балаларға үйрету үшін əуелі əрбірін бөлек-бөлек бір-бір жапырақ
қағазға үлкен етіп жазу. Сонан соң А-дан бастап əрбірін балаларға бөлек-бөлек көрсету.
Балалар əрбірін жаңылмайтын болып білген соң, алифбаға қаратып оқыту. Бормен жа-
затын үлкен тақтай болса, əрбірін бөлек-бөлек тақтайға жазып көрсетсе де болады.
2
Бұл жерде айту керек: кей қəріфтер келесі қəріфтермен жалғасады, кей қəріфтер
жалғаспайды. «а», «р», «з» – жалғаспайтын қəріфтер «л» – жалғасатын қəріф жалғарда
құйрығын кесіп қысқартамыз. Мұнан басқа кейінгі жалғасатын қəріфтер турасында да
осыны айтарға керек.
21
6. т
ﺕ
аста
астар
таста
тастар
арт
тарт
тат
татар
сат
сатар
артар
тартар
тар
тара
тарал
тас
таса
тасала
ат
ата
атар
таз
таза
тазар
Тал, тала, талар, талас, тас, таса, тасала, таста, тастар, тазар,
тазарса. Ат сат. Тал тарт. Ас асат. Ат. Ала. Тас таза. Арал тар.
Татар ат сатар. Сарт алар.
7. о
ﻭ
3
тор
торла
торлар
солар
толар
тозар
зор
зорла
зорлар
сор
сора
сорар
ол
олар
орлар
от
ота
отар
op
ора
орал
Ораз
орар
Opac
Op, орта, тор, торта, от, отас. Тол, толас, ор, орлас, осал.
Ат озар. Тор тозар. Орта толар. Олар артар. Ол тартар. Ораз
осал. Орал орар.
8. н
ﻥ
орна
атна
атан
Асан
аран
арзан
онан
оннан
тонар
тоннан
сона
сонар
нан
нар
нанар
сан
сана
санар
он
тон
зон
ана
тана
сана
Нас, нар, арна, орна, ора, отан, арлан, тарлан, зарлан, зор-
лан, сазан.
Нан аз. Нар зор. Атан арзан. Он тана. Ат азар. Тон тозар.
Асан атар. Атаннан нар зор. Асаннан Осан зор.
3
«о» сөз басында келсе алдына тайақ қойылады: бұл тайақ оқылмайды, сүйеу болу
үшін қойылады демек керек.
22
9. қ
ﻕ
қол
қола
қолқа
қала
қолқа
қалқан
қон
қонар
қонақ
қос
қосар
қосақ
сақ
сақа
сақал
қат
қатал
қатар
ақ
оқ
оқа
тақ
тақа
тақал
Қаз, қаза, қазан, қазақ, қарал, қатал, қатар, қарас, қарта,
қасқа, тасқа, асқан, тасқан, тоқта, ноқта, соқ, соқта, тақта,
тарақ, талақ, қалақ.
Қар ақ. Қарт сақ. Қазан қара. Қазақ тоқ. Қос аласа. Қонақ
қонар. Ақ қара аралас. Қазақ, татар қаралас.
10. б
ﺏ
бар
албар
албан
қан
қанба
қанбас
бал
бала
балалар
бор
бора
боран
саб
саба
сабан
қаб
қабар
қабан
об
оба
обал
тоб
таба
табан
Арба, балта, бата, бота, болат, боран, бас, базар, басқа, босқа,
батқан, баққан, табқан.
Ат албар. Нар бота. Болат балта. Нан қалта. Қар борар. Бо-
ран болар. Боқан бақан алар. Қоқан сабан салар.
11. у, 12. ұ
ﺅ
4
құл
құла
құлан
тұр
тұра
тұрақ
ұр
ұқ
ұн
сұр
сұра
сұран
қорқу
қотару
орану
асату
босату
балқу
ару
азу
алу
табу
тану
тасу
4
«о» турасында айтқанды мұнда да айтарға керек. Иағни, «ұ» алдында тайақ сүйеу
үшін қойылады деп.
23
Құр, құрақ, құлақ, ұлтан, құрбан, ұзақ, тұзақ, құнан, сұлу,
тұру, ұру, ұлу, бұзу.
Ат ару. Тон тозу. Қазан асу. Ас салу. Бақан құлар. Құнан ат-
тан арзан. Қар бораса, бұрқақ болар.
13. ж
ﺝ
алжу
қалжа
олжа
болжа
жатқа
жаққа
таж
жат
жатақ
жорт
жорта
жортақ
жол
жолақ
жону
жору
жора
жота
жан
жана
жанар
жанақ
жар
жара
Жаз, жаза, жазу, ажар, ажал, жас, жаса, жасақ, жол, жора, жоба,
жосбар, жанжақ, жантақ, жаржақ, жалтақ, жұтар, жұлқар.
От жанар. Ат жатар. Қар жоқ. Қанжар қару. Жатқан жатақ.
Жатақ атақ. Жұрт жатқан. Жанжақта от жоқ.
14. ш
ﺵ
шортан
шолақ
шошақ
ошақ
арша
қанша
шаш
шаша
шашақ
ашу
ұшу
шашу
алаш
алаша
қаш
араша
қашу
қашан
аш
аша
ашар
шал
шала
шалаш
Жақ, шақ, жоқ, шоқ, жана, жолақ, шолақ, жала, шала, ақша,
бақша, шоқша, құлаш, қошқар, шошқа.
Ашу бас. Шашу шаш. Шолақ шаш. Жолақ алаша. Шал шар-
шар. Шабан ат. Қара шана. Он құлаш арқан. Он құшақ арша.
Бұл ақ шабақ, ол шортан.
24
15. ы
ﻯ
5
ықтын
ысты
нықтық
қыны
жырық
сызық
ық
ыс
нық
қын
жыр
сыз
алты
алтын
салқы
салқын
асы
асыр
ары
арық
азы
азық
қаны
қанық
Балшы, балшық, табы, табын, жыл, жылы, құл, құлы, жыл-
қы, балы, балық, қызы, қызық, жақсы, бақсы.
Ол балшы. Асық алшы. Жылқы арық. От жарық. Балшы бал
ашар. Балықшы балық алар. Қатын қабық аршыр. Қыс жақсы,
астық арзан.
16. м
ﻡ
мық
мамық
мыс
қамыс
мұз
мұрт
алма
алмас
алмақ
қалмақ
салмақ
талмақ
мас
маса
масақ
мол
молы
молық
там
тама
тамақ
шам
шама
шамалы
Мал, малы, малшы, тамыр, тамыз, құм, құман, құмақ, марқа,
малта, мақта, мақбал, марал, жұмсақ.
Мал аман. Macжаман. Тамшы тамар. Малта ашшы. Алтын
салмақты.Мамық жұмсақ. Сырмақ қатты. Қармақты балық
қабар.
17. ғ
ﻍ
алғыс
шалғын
қалғу
қамғу
жабығу
шалғу
алғыр
шалғыр
жалғыз
алған
қалған
жалған
шағым
сағым
сағақ
ағын
арғын
тарғыл
аға
ағар
ағаш
таға
тағар
таған
5
«ы» сөздің басқы буынында жазылмайды, оның сүйеніш тайағы ғана жазылады.
Тайақ «ы»-ның жазылмаса да барлығын көрсетеді.
25
Таған, тарғақ, қарға, шағала, қызғыш, қарлығаш, тағы, тама-
ғы, жабағы, тұғыр, нығыз, нағыз, тоғыз.
Ат тағалат! Жорға жорғалат! Оған қарама! Маған қара! Оған
он жас, бұған тоғыз жас. Ол олақ, бұл жазғыш.
18. д
ﺩ
алды
қалды
барды
балдақ
балдыр
сандық
доға
доғар
доғала
жылда
жылдар
жылдам
дақ
дала
дара
дана
дабыс
дыбыс
ада
адам
адал
адас
адым
адыр
Қадам, қадақ, одақ, қарындас, қарындаш, құда, құдаша, құр-
дас, құндақ, құмдақ.
Адыр адам. Дабыл жол. Жылдам жазу. Олар адас. Бұлар
құрдас. Малды малшы бағады. Бала қармақ салды, алты балық
алды.
19. п
پ
алап
далап
шалап
ақпан
қақпан
балапан
топта
топса
опыр
пұл
пұд
тарпу
арпа
пара
тапал
топ
топыр
доп
ап
апа
апан
оп
опа
опала
Қап, қапшық, шап, шапан, шапыраш, жапырақ, сопақ, соқ-
пақ, сорпа, аспан, жалпақ, қалпақ, аппақ, топас, торпақ, ұрпақ.
Аққу аппақ. Шапан шапшақ. Аспан ашық. Қора батпақ. Жас
жапырақ. Қара топырақ. Аспан зор.
Қапаш аласа. Арпа астық. Сорпа тамақ.
26
20. ң ڭ
шаң
шаңы
шаңдақ
мұң
мұңды
мұңдас
оң
оңы
оңды
соң
соңы
соңғы
аң
аңы
аңы
таң
таңы
таңда
Ың-жың, мың, жаңа, жаңар, оңғақ, тоңғақ, шың, шыңы,
шыңда, тың, тыңы, тыңда, қаңбақ, жаңғақ, қоң, қоңыр, қоңыз,
доңыз, шаңырақ.
Қасқыр аң. Дала шаң. Жер тоң. Жел оң. Ат маңқа. Асық
оңқа. Шапан жаңа. Оның аты Оңғар. Мұның аты Мыңжасар.
21. й
ﻱ
6
қый
қыйсық
қыйсын
жыймақ
жыйын
тыймақ
бой
бойа
бойақ
айу
байу
тайу
ой
ойла
ойлан
ойан
ойна
ойнар
ай
айа
айаз
тай
тайа
тайар
Бай, май, шай, жай, байқа, шайқа, айқай, қайқы, қайсы, қай-
шы, айту, айтақ, аймақ, тайлақ, тайғақ.
Ай жарық. Айаз мықты. Шай сұйық. Қайшы құрал. Тоғай
толған жылқы. Сай малға сайа болады. Құм жыйылып тас бол-
мас. Айу ағаш сайалайды.
22. у
ۋ
7
суыр
суық
жуық
ұуық
ұуыз
ұуыс
айау
тайау
буаз
ұуақ
ауған
жауған
сау
сауын
қау
қауын
қалау
жалау
ауыз
ау
бау
бауыр
жау
жауын
6
«й»-дың нүктесін мұғалім өзі қойады. Матбуғада жоқ болғандықтан, нүктесіз басылды.
7
Дауысты дыбыстардың соңында «у» жарты дауысты болады. Мысалы: саула деген
сөзде үш буын емес, екі буын.
27
Ау сал. Балық аула. Қой сау. Қар жауар. Қолың жу. Ақ
жаулық. Қоңыр саулық.
Асау тай. Жуан қарағай. Асқар тау. Жауын жауып тұр. Та-
удан бұлақ ағады. Саулық сауын болады. Қалауын тапса, қар
жанады.
23. ө
ﺅ
8
тос
төс
тол
төл
бол
бөл
боз
бөз
тоз
төз
тор
төр
тон
төн
жон
жөн
соз
сөз
ор
өр
он
өн
оң
өң
Қамыс ор. Қамшы өр. Тайыз ор. Өс-өн. Оң айақ. Жақсы өң.
Құба жон. Барар жөн. Қолың соз. Рас сөз. Боз ат. Ақ боз. Қалың
тоз. Шығынға төз. Top басқа, төр басқа.
24. ү
ءﺅ
сөну
төну
өсу
өну
сүт
сүрт
жүру
жүзу
бүү
бүру
түру
түсу
түн
түс
түр
түп
жүр
жүз
ұр
үр
ұн
үн
тұз
түз
Допты ұр. Отты үр. Ақ ұн. Ашық پ үн. Тұз басқа, түз басқа.
Қараңғы түн. Тал түс. Ұнамсыз түр. Төрт түп ағаш.
Малшы мал бағып жүр. Он-он жүз болады. Маған жүру
оңай, жүзу қиын.
8
Бұл жіңішкелік белгісі – дəйекші. Сөз алдында дəйекші тұрса, ол сөздің қəріфтері
жіңішке айтылады деп балаларға оқытарға керек.
|