Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет17/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26

1-нші дəрежелі народный сот
Билердің  волостной  сиезі  басқа  түрінен  гөрі  əділ  болған-
дықтан,  народный  соттың 1-нші  дəрежелісі  солайша  болуға 
тиіс. Соттың бір би емес, бірнеше бидің басының құрылуынан 
болуының көшпелі қазақтарға онша қиындығы болмас, өйткені 
бір волоста 4 ауылный елден кем болмайды екен. Əр ауылный 
елден  бір  би  сайланады.  Солай  болған  соң,  бір  волост  елден 
қай кезде болса, 3 би табуға болады.

237
2-нші дəрежелі сот һəм бақылау
Народный соттың кемшілігінің бірі – басқа соттан өзгешелігі, 
сондықтан  істеген  ісінің  дұрыс-терісін  бақылауға,  тексеру-
ге  болмайтындығы.  Көзге  көрініп  тұрған  қиянат  биліктері 
де  сотқа  берілу  жағынан  һəм  кескен  жаза  жасының  мөлшері 
жағынан  тек  жолға  сыйымды  болса,  бұзылмай,  орыс  хакім-
дері орнына келтіреді. Народный соттың істеген ісінің дұрыс-
терісін бақылайтын орын болса, сотта дұрыстық болуына сеп 
болар еді. Бұл бақылаушы қай мекеме боларға тиіс?
1912-нші  жылғы 15-нші  июль  законіндегі  жолға  түссек, 
бұл бақылау жұмысы мировой судияларға тапсырыларға тиіс 
еді.  Бірақ  олай  етуге  болмайды,  өйткені  олай  ету  үшін  Дала 
облыстарында мировой судиялардың санын көбейту керек бо-
лар  еді.  Ол  қазынадан  көп  расход  шығарар  еді,  əсіресе  оның 
қолайсыздығы  жəне  басқа  жағынан  да  бар:  қазақтар 15-нші 
июльдің  законіне  кірген  кезде,  Дала  облысындағы  мұжықтар 
крестьян  мекемелерімен  жалғасулы  ескі  соттың  жолында 
қалар  еді.  Сөйтіп,  облыстағы  сот  ісі  аламыштанар  еді.  Жəне 
де  ескеруге  тиіс:  Забайқал  облысындағы  көшпелі  бұратана 
жұрттардың  соты 1901-нші  жылы 23-нші  апрельде 15-нші 
июль законіндегі жолмен тəртіп етіліп шыққан, онда бақылау 
жұмысы крестьян мекемесіне тапсырылған. Олай еткеннен еш 
кемшілік  болған  жоқ.  Қайта  соттарының  дұрыстығын  зорай-
тып, жұртты риза қылып отыр. 12 жылдан бері əділдік келтіріп, 
жұртқа өте жағымды сот болып тұр. Забайқал жұрты мен Дала 
облыстарының көшпелі халқының қалпы ұқсас болғандықтан 
һəм  қазіргі  бұл  облыстардағы  мұжық  соттары  крестьянский 
начальник  мекемесіне  қарағандықтан,  Дала  облысының  на-
родный сотын бақылап, ісін тексеруші орын крестьянский на-
чальник мекемелері боларға тиіс. Ең болмағанда, 15-нші июль 
законінің  қалпына  Сібірдің  үш  бөлімінің  бірі  түсіп  болғанша 
солай етіп тұру керек. 
2-нші дəрежелі сот турасына келгенде, қазақтың народный 
соты осы күнгі жаман деген қалыбының өзінде де, мұжық со-
тынан, 2-нші дəрежелі сотынан артық еді. 15-нші июль законі 
шықпай тұрғанда, мұжық сотына ешбір жанаспайтын уездный 

238
сиез мұжықтың 2-нші дəрежелі сотының орнына жүруші еді. 
Народный сот ондай емес. Мұның 2-нші дəрежелі орны – на-
родный судия өз ішінен шыққан халық жайына қанық судия-
лардан  құрылып,  қазаққа  жақын  сот  еді.  Бұл  мұжық  волост-
ной сотында болмаған, жаңа шыққан законда ғана мұжықтың 
қолы жетіп отырған заң. Осыған қарағанда, қазақтың билерінің 
сиезін сақтап, бірақ оны түзеп, жөндеу үшін 15-нші июль за-
коні  мен 23-нші  апрельдің  бурят  турасындағы  законінде 
бар  жолға  түсіру  керек.  Ол  сиездің  басы  кім  болады  десек? 
Жоғарғы  айтылған  жөнге  қарап,  бақылаушы  крестьянский 
начальниктердің мекемесі болғанда, сиез басы да сол боларға 
керек, яғни участковый сиездің председателі участковый крес-
тьянский начальник боларға тиіс. 2-нші дəрежелі сотта хүкімет 
адамының  болуы  бұл  сотты  орыс  сотына  жақындатпақшы. 
Аз-аздап  қазақ  судияларының  пікіріне  адамшылық,  əділшілік 
кіріп, аз-аздан түбінде жалпы мемлекет сотына аударуға көпір 
салынар еді. 
Əрине,  крестьянский  начальник  қазақ  сотының  басында 
болғанда,  оған  басқа  билерден  гөрі  айрықша  хұқ  беру  керек. 
Əйтпесе, билік айтар кезде, сиездегі судиялардың көбі қазақтан 
болған соң, крестьянский начальник бүктемеде қалып қоя бе-
рер.  Сөйтіп,  хакімшілік  сұсы  кем;  олай  болмас  үшін:  билік 
айтқанда  екі  жақтың  тасы  тең  болса,  председатель  қостаған 
жағы басатын болсын.
3-нші дəрежелі сот
Қазақ сотына қолайлаған жол бойынша, 3-нші дəрежелі сот 
крестьянский начальниктердің сиезі болмақшы. Жалғыз-ақ, 3-
нші дəрежелі сотқа түсудің жолын кеңітіп, əлеуметтік айып ту-
ралы жалғыз даугерлерге емес, полицияға да прокурор арқылы 
қуарлық хұқ берілсе екен. 
Билер сайлау реті
Народный соттың негізгі кемшілігі – выборнойларды сатып 
алу,  сонан  соң  оған  шығарған  шығынын  өтеу  үшін  пара  алу. 
Билердің  сайлаусыз  болуы  мүмкін  емес.  Олай  етсе,  халыққа 

239
патша тарапынан берілген хұқын кеміту болады. Жəне де су-
дебный  устав  жөнінде  де  халаф  келеді.  Қазақ  арасындағы 
хакімдер айтуынша билер хакім ұйғаруымен қойылатын бол-
са,  крестьянский  начальниктерге,  губернаторларға  жұрттың 
обал-сауабын  міндетіне  алу  қиын  болар  еді.  Өйткені  билікке 
ұйғаратын  қазақтың  адамшылығы  қандай  екені  оларға  мəлім 
емес. 
Сондықтан  сайлау  жолын  сақтап,  бірақ  сатылушы  выбор-
нойлар кем боларлық жағына қам қыларға керек. Осы күнгі би 
сайлаушылар волостной выборнойлар, елубасылар. Бұлардың 
саны волостной ішінде 50 есе кем сайлауға хұқы бар үй иелері-
нен. Елу үйден бір адамды сатып алу мен үй басына бір адамнан 
сатып алу бірдей емес. Сондықтан билерді елубасылар емес, үй 
қожалары сайласа, сатылу кемір еді. Онымен қатар, билердің ірі 
адамдардан болуы үшін, хакім жағының қатысы болмас үшін, 
проект 15-нші  июльдегі  сайлау  жолын  ұнатады.  Əр  ауылный 
ел  ортасынан  би  боларлық  екі  адам  сайлап  шығарады;  бұлар 
жиылып, крестьянский начальник алдында, құпиялап, ортасы-
нан үш жылға волостной соттың председателін, члендерін һəм 
бұлардың  орынбасарларын  сайлап  шығарады.  Би  сайлауын 
ауылный  обществоға  берсе  де,  соттың  əділ  болу  қамы  үшін 
сайлау тыңғылығын хүкімет бақылауына қою тиіс. Сондықтан 
уездный  сиез  бекітпеске  хұқты  боларға  керек:  сайлау  закон-
ге,  ретке  қисық  жолмен  болған  кезде  түгіл,  сайлап  шығарған 
адам сиез қарауынша биге лайық емес, яки би міндетін атқару 
қолынан келмейтін адам болған кезде де. 
Судьялардың еңбекақысы
Судиялардың  еңбекақысы  туралы  мəселе  де  өзгесінен 
кем  емес.  Осы  күнгі  еңбекақыларының  жолы  қолайсыздығы 
жоғарыда айтылды. Судиялар шаруасын тастап, қызмет атқар-
ғандағы көретін зиянын осы күнгі алатын ақылары ақтай ал-
майды. Сондықтан олар сол зиянды жолдан тысқары жөнмен 
өтеуге кіріседі. Сөйтіп, билікті малдың шығатын бұлағы сияқты 
көрсетіп, жаман үйретеді. Екі жағын ымыраластырып бітіріп, 
ол  үшін  артық  еңбекақы  алуға  қалыптандырады.  Билік  пара 

240
алудың орны сияқты, би мен даугер арасында сауда сияқты бо-
лады. 
Бұл болмас үшін билерге белгілі жалование кесерге, ол жа-
лование  патшалық  қазынасынан  берілгені  артық.  Патшалық 
қазынасынан беру абзал болғанмен, оны бұл кезде істеуге бола 
қояр  ма  екен?  Өйткенде  қазақтарды  мұжықтардан  ардақты 
көрген болар еді. Мұжықтардың волостной сотының судияла-
ры ақыны қазынадан алмай, мұжықтардан алады. Сондықтан 
қазақтың  народный  судиялары  да,  буряттың  һəм  Сібірде-
гі  орыстардың  волостной  судиялары  сияқты,  жұрт  шамалап 
кесуінше  əлеумет  ақшасынан  алғаны  қолайлы.  Жұрт  шама-
лап кескенде, аға судияның ақысы жылына 200 сомнан, член 
судиялардың  ақысы 100 сомнан  кем  болмасқа.  Крестьянский 
начальниктер мекемелері жұрт белгілеп кеспесе, яки аз кессе, 
өздері  кесуге  ықтиярлы  болсын.  Бұлай  ету  əсіресе  қажеттігі 
екінші жағынан да сезіледі. Сот турасындағы қызметпен елді 
аралау  расходы,  əсіресе  екінші  дəрежелі  соттың  құрылуына 
баратын  адамдардың  расходтары  судия  жалованиелерімен
сабақтас һəм солай ету Забайқал облысындағы көшпелі жұрт-
тарда да бар. 
Народный соттың мұршасы
Народный соттың мұршасының көптігі туралықпен іс етуге 
көп  кемшілігі  барлығы,  қолайсыз  қару  екендігі  жоғарыда  ай-
тылды. Енді сот өзгермекші болған соң, мұршасын да көрсетіп, 
народный соттың күшін кемітуді Харитонов кеңесі де ұнатқан 
еді.  Осы  жоба  бойынша  уақ-түйек  қазақ  арасында  күнде  бо-
латын  істер  үшін  волостной  сот  сақталып  отыр.  Волостной 
сотқа  қарайтын  уақ  іс  болған  соң,  ол  соттың  мұршасы  да  аз 
боларға  тиіс.  Солай  болған  соң, 15-нші  июль  законі  бойын-
ша мұжықтардың волостной сотына берілетін істер қазақ во-
лостной  сотына  да  берілуге  қисыны  келіп  тұр.  Бірақ  бұлай 
ету қисыны келгенмен, мақсатқа тура келер ме екен? Өйткені 
Сібірдегі  мұжықтың  волостной  соттары 1861-нші  жылғы 19-
ншы февраль положениесінде жатқанда, қазақтарға ол положе-
ниеден артық сот беру оларды мұжықтардан артығырақ көрген 

241
болар еді. Сондықтан қазақ сотын сол жерлік мұжықтар соты-
мен теңгеру қолайлы болар.
Сөйтіп,  қазақ  народный  сотына  уголовный  істердің  нағыз 
ұсақтары ғана түсуге тиіс, яғни қарындас болып бітуден аспай-
тын  істер  ғана  народный  сотта  қаралу  керек.  Бірақ  қарындас 
болып  бітпесе  ғана  жазалау  уголовный  политиканың  жолына 
тура келмейді. Кейбір қауіпті уголовный ұсақ істерге хүкімет 
қол сұға алмай, шарасыз болар еді. Олай болмас үшін закон-
да  анықтап  ашып  көрсетерге  керек:  қандай  уголовный  ұсақ 
істер қарындас болып тынуға тиіс, қандай істер екі жағының 
қарындас  болып  бітуіне  қарамай,  айыпты  жолында  болмақ? 
Өйту үшін істердің атын атап-атап, законде санап көрсету тиіс. 
Бұл мəселеге келгенде, қазақ сотына тиіс істер 1860-ншы жылғы 
28-нші  сентябрьде  шыққан  сельский  соттардағыдай  боларға 
керек.  Жазасын  онша  көп  тартқызарлық  зор  іс  болмаған  соң, 
бұрынғы ескі волостной соттың мұршасы жеткілікті болса ке-
рек, яғни 7 күн тұтқындық пен штраф ғана боларға.
Гражданский  істердің  сотқа  берілу  мəселесіне  келсек,  бұл 
жағын əлгі айтылған мұжық соттарымен теңгеруге болмайды. 
Мұжық сотындағыдай сомамен мөлшерлеуге болмайды. Олай 
етуге  болмайтын  істер – жесір  турасындағы  істер.  Сомаға 
мөлшерлеуге  болмайтын  жер  дауы,  енші,  мирас  даулары. 
Бұлардың  бəрі  де  халықтың  рəсіміне  сүйенеді;  ондай  істерді 
халық рəсімін білетін народный сот ғана тексере алады. 15-нші 
июль законі мұндай істерді сомасының аз-көбіне қарамай, во-
лостной соттың қарауында қалдырғанда, қашаннан берілі он-
дай істі қарап келе жатқан народный соттың қолынан алудың 
жөні болмас. Солай болған соң, гражданский істер туралы на-
родный соттың күшін кеміткенде, бұл сияқты емес, басқа граж-
данский істер тақырыпты кеміту тиіс. Жесір дауы, жер дауы, 
енші дауынан басқа, гражданский істерден 100 сомдық-ақ іске 
билік  айтуға  народный  соттың  мұршасы  келетін  болса,  яғни 
қазақ сотының мұршасы да жалпы гражданский істер туралы 
Сібір мұжықтарының волостной сотының мұршасындай болса 
екен. 
Народный  соттың  мұршасының  шегін  ашқан  кезде,  оның 
қарауынан бұрын алынған істерді сол алынған күйінде қалдыру, 

242
мысалы, 1) Көшпелі қазақтар отырықшы – қала адамына істе-
ген жазықты ісі болса, құты, қаланың шегінде қазағына істеген 
жазықты іс болса, народный соттың қарауынан алынбақшы, 2) 
Қазақ лауазым иесі адамдары, судиялары істеген жазықты іс-
тері – олар да народный сот қарауынан алынбақшы, 3) Қазақтан 
басқа  адамдар  қатысқан  істер  народный  соттың  қарауынан 
алынбақшы.
Жоғарыда айтылған негізбен өзгерілген народный сот осы 
күнгі кемшілігінің көбінен арылар еді, хүкімет мекемелерімен 
сабақтасып, бірте-бірте олардан өзге өнгелер алар еді. Участко-
вой сиезде біліп басшылық ететін председательдер, народный 
соттың ісін көз жазбай бақылаған крестьянский начальниктер 
һəм  олардың  сиездері,  əуелі,  билерді,  екінші,  халықты  орыс 
законінің жолына үйретіп, жақсылық қадірін білдірер еді һəм 
жолмен іс қылуға дағдыландырар еді; жəне де қазақтар да Рос-
сия мемлекетінің мүшесі екендігін танытып, тіршілігі сабақтас 
екендігін білдірер еді. 
1915 ж.

243
ЖƏРДЕМ КОМИТЕТІ
Карс  облысында  шабыншылыққа  ұшырап,  ішерге  тамағы, 
киерге  киімі,  паналарға  үйі  жоқ,  күйсіз  халге  түсіп  тұрған 
мұсылмандардың  жəрдемге  өте  мұқтаж  болып  жатқаны  һəм 
оларға көмек ету үшін əр жерде мұсылман жамиғаттары ашы-
лып,  жəрдем  беріліп  жатқаны  «Қазақтың» 103-нші  нөмірінде 
жазылып еді.
Орынбор  мұсылмандары  да  губернатордан  ұлықсат  алып, 
осы пеуіралдің 21-нші күні жəрдем комитетін ашып, тəртібін 
түзеп, басқарушыларын сайлап, жұрттан жəрдем жиюға ағзалар 
арнады. Қазақтан ағзалыққа мен ұйғарылдым.
Басқа  мұсылмандар  жаны  ашып,  жəрдем  етіп  жатқанда, 
үйі  күйгенді  жылулайтын,  малы  өлгенге  қызыл  көтеретін, 
тоналғанға  киім  беріп,  ат  мінгізетін  ағайыншылық  жүзінде 
қайырымы  көп  біздің  қазақ,  бұл  туралы  да  салтын  істемей 
қарап  тұрмас  деп,  ағзалықты  қабыл  еттім.  Таланып,  шабы-
лып,  бар  мүлкінен  айрылып,  аш-жалаңаш  отырғандар  жері 
жырақ  болғанмен,  қаны  жақын,  діні  бір  қарындастарың. 
Əлдеқайдағыны айтып, аяушылық етіп отыр демеңдер. Аз-көп 
демей,  жəрдем  ету,  əуелі,  адамшылық,  екінші,  ағайыншылық 
міндеттерің. Біреуіңіздің берген 5-10 тиыныңыз бір адамды бір 
күнгі аштықтан құтқармақшы.
Қалай жіберу ретін білмегендер «Қазақ» басқармасына жі-
берсе, тиісті орнына тапсыруға көп-көп алғыс айтылып, қабыл 
етіледі.
1915 ж.
«-ОВ» ТУРАЛЫ
Газет-журналдарымызда  көбінесе  «ұғлы,  баласы,  қызы» 
дегеннің орнына «-ов, -ова» жазылады. Бұл қазақ тілінде бол-
маған себепті құлаққа тіпті, ерсі естіледі, «-ов, -ев, -ин, -валар» 
жалғыз-ақ орыс халқында бар деп айтуға болады, басқа Еуропа 
халықтарында жоқ, бізден өзге патшалы мұсылмандарда да жоқ. 
Бұларды  орыстан  көріп  еліктеуіміз  орынсыз,  басқа  жұрттың 
сөздерінің құйрығын əкеліп өз сөзімізге тағудың қанша қажеті 

244
бар? «овтарды» орысша жазғанда қолдансақ та, қазақша «ұғлы, 
баласы, қызы» деп жазуымыз келіспей ме? Мұнан бұлай жұртқа 
өнеге  беретін  газета-журналдарымыз  мұны  ескерсе,  қандай 
жақсы болар еді, қиындығы да болмас еді. 
Студент Ыдырыс Оразалыұғлы.
Басқарма.  Біз  Ыдырыс  мырзаның  бұл  пікірін  мақұл 
көреміз,  мұны  елеусіз  тастамасқа  ықтиһад  етерміз.  Бұл  ту-
ралы  айтарлық  бірер  сөз  бар.  Біздің  қазақ  фамилия  орны-
на өз əкесін атаса, «ов, ин, ва, на» орнына «ұғлы, қызы» деп 
жазуда  ыңғайсыздық  жоқ, «Ыдырыс  Оразалыұғлы»  деген 
секілді.  Ал  жұрттың  көбі  фамилия  орнына  үлкен  əкесінің  я 
бабасының атын жазады, мысалы, «Ғалихан Нұр Мұхамедұғлы 
Бөкейханов» деген секілді. Мұндайда «Нұр Мұхамедұғлы» деу 
ыңғайлы болса да, «Бөкейханұғлы» деп атасының ұлы қылып 
жазудың реті келмесе керек. «Ғалихан Бөкейхан» делінсе, рет-
ке  келіңкірер  еді: «Бөкей  хан»  деген  руын  атағандай  болар 
еді, «Атығай,  Қарауыл,  Айдабол,  Қаракесек»  деген  секілді. 
Қазақтың  руының  өзі  орыстың  фамилиясына  тура  келді  ғой. 
Енді бір əйел атын алайық: «Нəзипа Сағызбайқызы Құлжанова» 
дегенде, «Құлжан» деуіміз һəм «Нұрғали Құлжанов» дегенде 
де «Құлжан» деуіміз, яғни əйелдің де, еркектің де фамилиясын 
бір қалыпта атауымыздың ыңғайсыздығы болмас па? Жəне де, 
мұндайда  «ұғлы,  қызы»  делінбей,  əкесінің  атын  қалдырып, 
«Нұрғали  Құлжан»  я  «Нəзипа  Құлжан»  деп  жазсақ,  жай  екі 
кісі аталып тұрған секілді болады һəм ілгері-кейін тұрғанынан 
байқалмаса, араласқанда қайсысы өз аты, қайсысы фамилиясы 
екендігі білінбей қалса керек.
Фамилияны жоғарғы айтқандай қылып қалдырамыз ба, жоқ 
басқа бір ыңғайлысын табуға бола А, оқушылар, не айтасыз-
дар?

245
ҚАЗАҚҚА АШЫҚ ХАТ
(Мал есебі туралы)
4-нші  мартта  Министрлер  кеңесі  келер  бірінші  майға 
шейін  патша  қол  астындағы  елдердің  малы  жазылсын  деп 
қаулы қылып, мұның шығынына 1 миллион 760 мың сом ақша 
шығарылсын деді.
Мына 20 ай  созылған  дүния  соғысы  көп  етті  жем  қылды. 
Бұрын ел аман, жұрт тынышта бір мұжық бір жылда 50 қадақ 
ет жейтін еді, соғысқа барған солдат күніне бір қадақ жейтін 
болды.  Əскер,  қасына  ерген  қосшы-қолаңымен, 20 миллион-
нан артса керек. Күннен-күнге бұлардың саны артып барады. 
Мал бүйтіп жылдам өспейді. Біздің патшалықта қаладағы жұрт 
15 процент, яғни, əрбір жүзден 15 еді. Соғыстан бұрын біздің 
патшалық  жұрты 160 миллионнан  астам  болатын.  Қала  ада-
мы бұрынғы ет сыбағасын жеп отыр. Арақ тоқталғаннан соң, 
мұжық қалтасында жылына 700 мың сом ақша аққұла қалды. 
Қалтада  ақша  болған  соң,  мұжық  та  күнде  ет  жейтін  болды. 
Қолымда ақша бар деп, мұжық қалаға мал сатуын сараңдатты. 
Базарға салатын мал елде əскерге алынатын болды. Қала база-
ры сататын малсыз қалды. Осы себептермен қалада ет, май 2-3-
4 есе қымбаттады. Қала адамының кедейі еттен қалатын болды. 
Ет  туралы  бізбен  соғысып  жатқан  неміс  көргені  бізден  неше 
қайтара қиыншлық. Онда, жыл асты, жетіде екі күн жұрт етке 
тегіс ораза. Енді бір жетіде төрт күн ораза қылады неміс деген 
қауесет бар. Бірер күн етке ораза болады деген бізде де естіледі. 
Мұнан  басқа  жас  малды  союдан  тиятын  закон  шықпақ  деген 
де  еміс-еміс  естіледі.  Осымен  біздің  хүкімет  патшалықтағы 
мал есебін білмек. Бұлай болған соң, біздің қазақтың малы да 
жазылады. Мал жазғанда, қашаннан біздің қазақ малын жасы-
руды үйреніс қылған. Жаңа заман – тарақи заманы, бұл кезде 
ұрланып  жүріп  бес  миллион  жұрт  күн  көрмейді.  Ұрлық  түбі 
– қорлық. 240 миллион десятина жерде 5 миллион жұрт оты-
рып, құп-қу болса, жер пайда қыла білетін ерге берілсін деген 
де  сөз  болмай  қалмайды.  Келешек  уақыт,  қатын-бала,  тұқым 
қамын саясат жолында қазақ жұрты еске алса, мына жазғанда 
малды жасырмасын!

246
Əуелдегі абыр-сабыр жаяу жамандық, арамдылықты тоқта-
тыңдар!  Қазақта  бар  мал  жазылса,  біздің  патшалық  байлығы 
қуатты  болып  көрінуіне  себеп  болады.  Бұ  да  жауға  бел 
көрсеткеннің белгісі, бұ да көмек болады. 
1916 ж.
ТƏНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ
Тəн мен жан сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғысыз. Тəнсіз 
жан жоқ, жансыз тəн тұра алмайды. Сондай біріне-бірі байлау-
лы, айырғысыз нəрсе болған соң, бірінің жайына бірі қарайды, 
біріне келген кемшілік біріне білінбей қалмайды. Тəн кемшілігі 
жанға білінеді, жан кемшілігі тəнге білінеді. Тəнге батқан ауру 
көңілге, ойға қандай əсер ететіні, жанға батқан қайғы-қасірет 
тəнге  қандай  əсер  ететіні  қазақ  сияқты  оқымаған  халыққа  да 
мəлім. «Қайғысыз  қара  суға  да  семіреді»  деген  сөзді  қазақ 
қайғы-қасірет тəнге қандай əсер ететінін білгендіктен айтқан. 
«Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» деген сөзді де 
қазақ тəннің ашығып, қиналғаны ақылға қандай əсер ететінін 
білгендіктен  айтқан.  Қысқасынан  айтқанда,  мысалы,  жақсы 
қымызды  жаман  сабаға  құйсаң,  қымыз  бүлінетіні,  жаман 
қымызды жақсы сабаға құйсаң, саба бүлінетіні сияқты. «Тəні 
саудың – жаны сау» деген, «жақсы сабаның қымызы да жақсы 
болады» деген мысалды сөз.
Қай заманда да болса, адам баласы еңбегімен күнелтіп, жан 
сақтаған.  Əсіресе,  біздің  заманымыз – еңбек  заманы,  қазіргі 
хүкімет басында отырған коммунист партиясының жолы «еңбек 
жоққа – жемек жоқ» дейді, яғни еңбек етпеген адамның тамақ 
жеуге қақы жоқ дейді. Күнелту үшін ас керек, ас істеуге күш 
керек, күшті жұмсауға ес керек. Күш пен есті қатар жұмсап ас 
қылу – еңбек ету болып шығады.
Аурулы тəннің əлі жоқ. Əлі жоқ адам жұмысқа жарамайды. 
Жұмысқа  жарамаса,  еңбегімен  қатын-бала  түгіл,  қара  басын 
да  асырай  алмайды.  Ондай  адам  қайырымсыз  жерде  аштан 
өлмек, қайырымды жерде тіленшілік етіп телміріп, қарны тоя 
ас ішпей, итшілеумен күн көрмек.

247
Ауру адамның, аш адамның есі, ақылы орнында болмайды. 
«Мастық  не  дегізбейді,  аштық  не  жегізбейді»  деген  қазақта 
мақал бар. Өткен қыс аштық болды. Ашыққан адам бірінің етін 
бірі жеді. Өліктің етін жегені былай тұрсын, өлмеген тірі адам-
дарды малша ұрлап, малша сойып жеді. Қалаларда түн болса, 
көшеде  жүруге  болмады.  Мезгілсіз  уақытта  көшеде  жүрген 
адамдарды жылқы сияқтандырып бұғалық салып, буындырып 
ұстап, сойып жейтін болды. Анасы баласының етін жеуге жет-
ті.  Мұның  бəрі  аштық  əсерінен  адамның  есі  шығып,  ақылы 
қалмайтындығын  көрсетеді.  Аштық  ақылын  алмаса,  адам  аң 
дəрежесіне жетіп, хайуандықтан да асып, бірін-бірі жер ме еді? 
Анасы  баласын  жеуге  келгенде,  ол  анада  ақылдан  түк  қалды 
деуге болар ма?
Міне,  тəн  сау  болса,  жан  да  сау  болатындықтың  сипаты. 
Аштықтан адамның тəні азып еді, жаны да азып, ес кетіп, адам-
гершілік жоғалып, адам хайуаннан да жаман болып кетті. 
Аштықтан  тəн  қандай  азса,  аурудан  һəм  сондай  азбақ. 
Неғұрлым  ауру  күшті  болса,  соғұрлым  тəн  көп  азбақ.  Тəн 
қандай азса, ақыл һəм сондай азатыны жоғарыда айтылды. Тəн 
ауырып тұрғанда, жан жай таппайды, іске көңіл шаппайды, жі-
гер жоғалады, ақыл қалыбында болмайды. Ес дұрыс емес кезде 
көңілсіз, жігерсіз істелген іс оңды болып шықпайды.
Бұл  айтылғанның  бəрінен  тəн  азса,  күш  кетіп,  ақыл  азып, 
іске де, еске де кемшілік келетіндігі байқалады. Тəн азуы ойды 
алып, есті кетіріп, іске кемшілік келтіретін болса, іссіз, еңбексіз 
еш нəрсе табылмайтын болса, тəн саулығы қанша керек, қанша 
қымбат нəрсе екендігі көрініп тұр. 
Енді айтылатын сөз – тəн саулығына не керек деген сауалға 
жауап болу керек. Бұған толық жауап беру үшін бірнеше том 
кітап жазу керек. Бұл жазылып отырған кітап емес, календарь 
болғандықтан, жауап толық болмай, қысқаша ғана беріледі. Тəн 
саулығын қазақтың бəрі де жақсы көреді, бірақ тəн саулығына 
керек  істі  қазақтың  бəрі  де  істемейді  десек,  өтірікші  болмас-
пыз. Сондықтан қазақтың ауру-сырқаудан аманы аз болады. 
Тəн саулығына керек нəрселер не?

248
1)  Тəн  өзіне  керекті  нəрселерді  мезгілімен  тиісті  күйінде, 
керек мөлшерімен алып тұру (ауа, тамақ, сусын сияқты нəрсе-
лерді).
2)  Ағзамыз  əр  түрлі  қызметін  мезгілімен  дұрыс  басқарып, 
дұрыс  атқарып  тұру,  мəселен,  тамақ  қарында  қайнап  пісуі, 
бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.
3)  Тəнге  зиян  келтіретін  ауру  құрты,  у,  суық  сияқты 
нəрселерден тəнді қорғау. 
Бұл  үш  шартты  орнына  келтіру  үшін,  əуелі,  дем  алатын 
ауа,  жейтін  тамақ,  ішетін  сусындардың  жəй-мəнісін  білу  ке-
рек. Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нəрсе, істей-
тін жұмыс, тəн тəрбиесіне керек толып жатқан нəрселер бар – 
олардың жəй-мəнісін білу керек. Үшінші, тəнге зиян келтіретін 
нəрселердің  тəнге  кіретін  жолдары  бар,  ауру  құрттарының 
өсетін, көбейетін орындары бар – оларды білу керек. Тəн сау-
лығына  керек  нəрселердің  ішінде  тегіні – күннің  жарығы 
мен  ауа,  арзаны – су.  Басқасының  бəрі  оңай  қолға  түспейтін 
нəрселер.  Ақылды  айту  оңай,  алу  да  ауыр  емес,  орнына  кел-
тіру қиын кезде қымбатқа айналып кетеді. Ең тегіні – ауа мен 
жарық.  Адам  далада  жүргенде  бұларды  тегін  пайдаланады, 
үйде отырғанда тегін пайдалана алмайды. Өйткені, үйдегі ауа 
мен күннің жарығы даладағыдай болу үшін үй жақсы болу ке-
рек. Жақсы үй арзан болмайды. Арзан дегеніміз су екен, оның 
да таза болуына қолайлы орын, жақсы ыдыс, жағдайлы шарт-
тар  керек,  оның  бəрі  оңай  табыла  бермейді.  Ақтығында  бұл 
да  арзан  түспейді.  Тегін  деген  күннің  жарығы  һəм  ауа,  арзан 
деген су – бұлар мұндай болғанда, басқа тəн саулығына керек 
нəрселер арзан түспейтіні айтпай-ақ анық.
Тəн саулығына керек нəрселер, істейтін істер, орындайтын 
шарттар  толып  жатыр.  Олардың  бəрін  орнына  келтіру  оңай 
да емес, арзан да емес. Бірақ қанша қымбат болғанымен, тəн 
саулықтан  қымбат  емес. «Бірінші  байлық – денсаулық»  деп 
қазақ біліп айтқан. Байлықтың негізі денсаулық екені рас. Мал 
табу үшін еңбек ету керек, еңбек ету үшін ден сау болу керек. 
Аурулы адам жұмыс қыла алмайды, дүние жия алмайды. Солай 
болған соң, əркім əуелі, дүниенің бəрінен тəн саулығын қымбат 
деп  білу  керек,  екінші,  оған  керек  істерді,  шарттарды  қанша 
қымбат болса да орнына келтіруге тырысу керек.

249
Ауру  құрттары  адам  тəніне  дем  алғанда  ауамен  кірмек  я 
жеген тамақ, ішкен сусынмен кірмек, яки тəн жараланып, тері 
жалаңаштанған  жерінен  кірмек.  Ауру  құрттарының  өсіп-өніп 
көбейетін, күшейетін жерлері күн жарығы кем түсетін қараңғы 
я қаракөлеңке орындар, нас, лас жерлер, иіс-қоңыс сасығы мол, 
салақ  қатын  ұстаған  үйлер.  Қай  жерде  тазалық  аз  болса,  сол 
жерде ауру құрты көп болмақ. Мұның мəнісі тəн саулығының 
негізгі шарты тазалық деген болып шығады, тазалық жоқ жер-
де ауру көп деген болып шығады. 
Қазақ бейбақта тазалық бар ма? Тазалық жоқ болған соң, ау-
руы жоқ қазақ бар ма? Жоқ. Ауру болған адамның күші, ісі, есі 
қандай болса, ауру қаптаған халықтың да күші, ісі, есі сондай 
болмақ. Ауру адамның шаруасы азып, қарны тоя ас іше алмай, 
тіленшілік етіп телміріп, итшілеумен күнелтсе, ауру қаптаған 
халықтың  да  көретін  күні  сондай  болады.  Аурулы  адам  бір 
аяғы  жерде,  бір  аяғы  көрде  болып,  өлімге  жақын  тұрса,  ауру 
қаптаған халықтың да халі сол сияқты. 
Бұрын  да  қазақ  байғұс  оңған  халық  емес  едік,  енді  жұтқа 
ұрынып, жұқанағың қалғанда оңай оңала қоймассың. Бір күн 
ашыққанның ақылы қырық күнге дейін орнына түспейтін бол-
са, күнде ашығып отырған сен бейбақта не ақыл қалсын!
Ең  əуелі,  бəрінен  бұрын  тазалықтың  қадірін  біл!  Тəн 
саулығының тамыры тазалықта, жан сұлулығының тамыры тəн 
саулықта. 

250

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет