ТҮРІКШЕЛЕР ҚҰРЫЛТАЙЫ
Түрікшелердің 1-нші құрылтайы февральдың 26-нда
басталып, марттың 6-да жабылды. Түрік нəсілді жұрттардың
өкілін жібермегені аз болар. Қалмақтар да адамын жіберген.
Бір шеті Стамбул, екінші шеті Қиыр Күншығыстағы Жақыт
– сол екі арадағы түрік нəсілді жұрттардың көбінің-ақ өкілдері
болды. Бұрын қағаз жүзінде білісу болмаса, көрісуі жоқ түрік
жұрттары бірін-бірі жүзбе-жүз көріп танысты.
Түрікше ілімдерден академия мүшелері: Бартольд, Оль-
денбург, Крымский, толып жатқан жана тағы профессорлар
болды. Бөтен мемлекеттерден неміс профессоры Менсель,
мажар профессоры Майсереш, анатол түрік профессоры
Көперлі-зада мен Құсайын-зада болды.
Құрылтай қарауына арналған 14 бапты мəселе еді. Соның
əрбірінен 4-5, қатта 8-9 баяндамалар жасалды. Бірақ мəселе
көп болғанмен, құрылтай шақырушылардың көбінесе көздегені
латын қарпы екендігі құрылтайды ашушылардың да, үкімет
тарапынан құттықтаушылардың да сөзінен көрініп тұрды.
Солай болған соң қарыпқа қатысы бар мəселелерге көбірек
зер салынып, солар көбірек талқыға түсіп, басқалары ат үстінен
айта өткен сияқты болды.
Құрылтай програмындағы мəселелер мыналар еді:
1) Түрік жұрттарының тариқын тану жүзіндегі істердің
кəзіргі күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Бартольд,
Баруздин деген профессор, татар тариқшысы Убайдуллин
Əзиз.
2) Түрік жұрттарының мəдениетін зерттеу ісінің кəзіргі
күйі мен келешектегісі. Баяндамашылар: Руденко, Майсереш,
Миллер профессорлар мен Шурсен деген.
3) Түрік тілдерінің өзара жана мұғал (монғол), тунгуз, пин-
угор, жапон тілдерімен тұқымдастығы. Баяндамашылар: Шо-
бан-зада мен Кинко деген профессорлар.
4) Түрік тілдерін тану жүзіндегі істің кəзіргі күйі мен келе-
шектегісі. Баяндамашылар: Самойлович, Малов, Ашмарин
деген профессорлар.
293
294
5) Емле [нің] жалпы негізі. Баяндамашы: Щерба профессор.
Түріе емлелері. Баяндамашылар: татар қалам қайраткері
Ибрайым ұлы Əлімжан, əзірбайжандық Аға-зада деген.
6) Пəн сөздерінің жүйесі туралы. Баяндамашылар: Шобан-
зада профессор мен Зиенат деген. Түрік тілінің пəн сөздері
туралы. Баяндамашылар: Зайналы, Одабаш, Байтұрсынұлы.
7) Əліп-би сыны пəн жағынан, лəіп-би сыны іс жағынан.
Баяндамашылар: Яковлев пен Жирков профессорлар. Түрік
əліп-билері туралы. Баяндамашылар: Мамет-зада, Шарапұлы
Əлімжан, Алпарұлы, Төреқұлұлы, Бердіұлы, Омарұлы.
8) Ана тілін үйрету əдісіндегі жаңа ағымдар туралы.
Баяндамашы Щерба профессор. Түрік тілін оқыту əдістері
туралы. Баяндамашы Епенді-зада.
9) Түрік əдебиет тілдерінің жетілуі туралы. Баяндамашы:
Коперлі-зада профессор мен Əкімұлы Нығымет.
10) Түрік əдебиет тілдерін тану жүзіндегі істің кəзіргісі,
алдағысы. Баяндамашылар: Коперлі-зада, Менсель профессор,
Сағадиұлы Абдырақман.
11) Түрікші мекемелердің кəзіргі құрылған түрлерімен
жақында істейтін істері туралы.
12) Өлке тану ісінің əдістері. Баяндамашы: Ольденбург.
13) Түрік жұрттарының мəдениет жүзінде соңғы кездегі
жетілісі. Баяндамашы: Павлович.
14) Ұйымдастыру мəселесі.
Осыншама толып жатқан мəселелер туралы толып жатқан
баяндамалар қайсысы қай түрде жасалып, қалай қаралып өткенін
бейнелеп айтуға орын тар болғандықтан жана да құрылтайда не
болып, не қойғаны турасындағы барша мағлұматтар түгелімен
бəрі басылып шығатын болғандықтан, құрылтай қабарын
түгел сөйлеймін демей, оқуға қатысы көбірек мəселелер ғана
турасынан азырақ айтып өтпекпін.
Ол мəселелер: 1) емле, 2) пəн сөз, 3) əліп-би, 4) ана тілін
оқыту əдісі турасындағылары.
Бұл мəселелер туралы əуелі орыс ілімдерінің пəн пəтуасы
түріндегі баяндамалары болып, сонан кейін басқалардың баян-
дамалары болып отырды.
295
Емле туралы пəн пəтуасын сөйлеген Щерба профессордың
сөзі қысқалап айтқанда мынау болды.
Төрт жүйелі емле бар: 1) дыбыс жүйелі, 2) туыс жүйелі, 3)
тариқ жүйелі, 4) таңба жүйелі.
Дыбыс жүйелі емле – сөзді айтылуынша жазу (қазақ пен
қырғыз емлесі дыбыс жүйелі болады). Туыс жүйелі емле –
сөздің тек айтылуына қарамай, тегіне де қарай жазу (орыстікі
туыс жүйелі емле). Тариқ жүйелі емле – қашаннан жазып
келе жатқан қалыпша жазу (арабтікі, араб емлесін өзгертпей
қолданушылардікі, ағылшын, француз, немістердікі тариқ
жүйелі емле болады). Таңба жүйелі емле – сөз орнына таңба
салу (қытай жазуы, бұрынғы екі сулықта болған аққаттардың,
шумерлердің сүйір жазулары).
Бұл емлелердің ең жақсысы – дыбыс жүйелісі; үйткені бұ
жүйелі емле үйренуге жеңіл. Емле жеңіл болуы тəрбиешілік
жағынан да, бұқарашылық жағынан да артық. Жақсы емленің
қасиеті үйренуге жеңілдігі мен ойды дұрыс ұқтыруы.
Онан соңғы жақсы емле – туыс жүйелісі. Ең қиыны тариқ
жүйелісі мен таңба жүйелісі деді.
Ибрайымұлы Əлімжан жасаған баяндамасында емле жең-
ілдету жүзінде түрік жұрттарында не істелгенін, қайсысының
емлесі қай күйде тұрғанын, емле қай түрде болуы керектігін
айтып өтті. Емле түзеу жүзінде түрік жұрттарының алдағысы
қазақ, арттағысы əізірбайжан, анатоли түркі болып шықты.
Басқалары соның екі аралығында болды. Құрылтай дыбыс
жүйелі емлені, керегіне қарай туыс жүйесімен үйлестіріп алуды
қабыл етті. Əзірбайжандықтар араб қарпымен дыбыс жүйелі
емле жасауға болмайды деп ойлайтын көрінеді. Сондықтан
олар дыбыс жүйелі болған соң, латын қарпысыз болмайды деп,
дыбыс жүйелі, латын негізді деген сөзді керек емес десек те
болмайды, көпшілік қолында болған соң, қыстырып өткізді. Ол
жерде пікіріміз айырылатынын мəлім еттік те қойдық.
Пəн сөздері туралы баяндаманың бірі менікі болғандық-
тан, өз баяндамамның да мазмұнын қысқасынан айта өтейін.
Баяндамамдағы айтқаным: пəн сөздері жағынан басынан-ақ
қазақ басқалардан бөлек жол тұтынды, басқа түріктер əдебиет
296
тілі араб, парсы сөздерімен шұбарланса көркем болады
дегендіктен, екінші, өз тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер
іздеуге ерініп, дайын пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана
тілі мен əдебиет тілі бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып,
жойып жіберу даражаға жеткен.
Қазақ жат сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жасауға
тырысты. Əдебиет тілі ауылдағы қазақтың қат білетін, білмейтін
– қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді. Тіл арасына
жік түсіп айырылмас үшін, жат сөздерді амалсыз болған жерде
ғана алатын тəртіп қолданды. Ол тəртіп қазақ білімпаздарының
тұңғыш тобында қабылданғаны айтылды.
Сол жол басқа түріктер қолдануына да теріс болмас
делінді.
Құрылтай қарары да осы негізді болды. Бірақ жалғыз қазақ
емес, басқалар да қолданатын болғандықтан, біздің қолданған
тəртібімізге қосқандары мынау болды: түрік жұрттары тіл-
дерінің жақындығына қарай топталып бөлінсін, пəн сөз топ
ішіндегі жұрттардың бəріне ортақ түрде алынсын.
1-інші басқыштағы мектептерде қолданатын пəн сөздер
əр жұрттың өз тілінен алынуы абзал; 2-нші басқыштағы мек-
тептерде қолданатын топқа ортақтастырып алған пəн сөздер
болсын. Жоғары мектептерде əлемге жайылған Европа пəн
сөздері қолданылсын делінді.
Латын қарпын қолдаушы 7 баяндаманың екеуін ілім пəтуасы
түрінде екі профессор жасады. Яковлев профессор əліп-би
қандай қасиеттерімен жақсы болатынын, не үшін латын қарпын
қолдайтынын айтты. Оның айтуынша, жақсы əліп-би тіл
дыбысына түгел жету керек, қарып белгісі аз болу керек. Бұл екі
қасиет – қазақ əліп-биінен табылатын қасиет. Қазақтан басқада
ондай əліп-би бар деп айтпады. Дəйекші қойып қарып белгісін
азайту – бұл табылған ақыл деп. Латын қарпын жақтайтыны
латын қарпы – жайылып келе жатқан қарып, арабтікі тоқталып
қалған қарып деді. Онан басқа латын қарпының араб қарпынан
пəлендей артықшылығы бар деп айтқан жоқ.
Жирков профессор араб қарпының сұлулығын, бірақ баспа
істері жағынан қолайсыз жағын, кəзіргі жеңілдетуге жасап
297
жатқан өзгертулер араб қарпының сұлулығын бұзатындығын
сөйледі. Мұның сөзінше баспаға жеңілдету мақсатпен араб
қарпының сұлулығын бұзудан да өзінен безу артық деген пікір
ұғылды. Латын қарпымен араб қарпын салыстырған жерінде
арабтың ескі қарыптарын алып салыстырғандықтан, айтқан
сөздері дəлелді бола алмай шықты.
Бұлардан кейін баяндама жасаған латыншыл бес кісінің
бесеуі латын қарпы мен араб қарпын салыстырғанда (тісте-
ріне жұмсағырақ болған соң) арабтың ескі қарпын алып
салыстырумен болды. Көбі түк дəлелсіз болды. Араб əліп-
биінің кемшілігі деп көрсетуге алған нəрселері біздің мұнан
15-16 жыл бұрын басын ауыртқан араб емлесінің кемшіліктері
болып шықты.
Біздің 10-ныншы жылдарда шығарып ескі-ұсқы қоймасына
тастаған нəрселерімізді кейбіреулер 26-ншы жылдарға дейін
тұтынып келіп отырып, соны өзгерту ниетке жаңа ғана кір-
генін өздерінше бір артықша жаңашылдық деп біліп, өздерін
əлдеқандай өзгерісшіл көріп жүр екен. Тариқ жүйелі араб
емлесінің тасталқанын шығарып бұзып-жарып, араб қарпымен-
ақ дыбыс жүйелі қазақ емлесін жасап алғанымыздан қабарсыз
екен. Олар арабтың емлесін бұзудан қарпын тастау оңаы;
қарпын тастамай, емлесін бұзуға болмайды деп ойлайды екен.
Араб қарпынан латын қарпына көшеміз деуінің ең негізгі
себебі осы екен. Қазақ, қырғыз, башқұрт, татар, араб емлесін
бұзғаннан араб қарыптары қираған жоқ, қайта түзеліп жақсы
бола бермекші. Бұл басқаларға мүмкін емес нəрсе сияқты
көрінеді. Мəселен, арабтың «хбз» деген сөзін арабтың бес
қарпымен «хабаз» деп жазуға болмайды. Латынның ғана бес
қарпымен жазуға болады.
Араб қарпын қолдаушы екі баяндама болды. Оның да бірі,
мəселен, Алпар ұлының баяндамасы, араб пен латын қарып-
тарының жақсы-жамандығын сөз қылмай, араб қарыптарына
баспа жағынан жеңілдету мақсатпен жасалып жатқан
өзгерістер туралы. Ол өзгерістермен жасалған тəжірибелер
араб қарыптарын түбінен қопармай-ақ түрін азырақ өзгер-
тумен да баспа жағының кемшілігі жоғалып, басқалардан
артық болмаса, кем болмайтынын айтып, қандай өзгеріс
298
жасалғандарын көрсетті. Өзгерткен қарыптардың ірілері осы
күнде қолданылып, ұсақтары құйылып жатқандығын мəлім
етті.
Араб пен латын қарыптарын таразыға тартқандай салыс-
тырып, артық-кем жақтарын ыспаттап көрсетіп, арабтікін
тастап, латындікін алуда түк мағана жоқтығын айтып сөйлеген
баяндама асылында жалғыз Шарап ұлы Əлімжандікі болды.
Латынға қарсы баяндама, сөйтіп, біреу-ақ десек те болады.
Бірақ бір де болса, бірегей болды. 2 сағаттан астам айтылған
баяндаманың мұнда жүзден бірін сыйғызу мүмкін емес.
Сондықтан тек ұшығын ғана көрсетіп өтемін.
Баяндамашы мəселені асылынан алып, алшысынан қойып
бастады. Ол айтты; біздер сөз қылып отырғанымыз – «əліп-би
қалау» мəселесі емес, «əліп-би алмастыру» мəселесі, «əліп-би
қалау» деген мен «əліп-би алмастыру» деген – екеуі бір емес.
Түрік жұрттары əліп-биі жоқ жұрттар болса, алдына салған
əліп-билерді қарап-қарап, ұнатқан біреуін алар еді. Түрік
жұрттары – тұтынып отырған əліп-биі бар жұрттар. Көбінің
əліп-биімен байласқан əдебиеті, мəдениеті бар. Тұтынып отыр-
ған əліп-биді тастап, бөтен əліп-биге көшкенде, қанша сауатты
адамдар сауатсызға айналмақшы, қанша мұғылімдер қайтадан
қат үйренбекші, қанша баспақаналардың қарыптары жаңадан
жасалып, жаңадан құйылмақшы, қанша қарып тізушілер
қайтадан үйренбекші, қанша қаржы шықпақшы, қанша еңбек
сарп етілмекші. Осыншама құрбандықтың бəрін өтегендей
алмастырып алатын əліп-биде бұрынғымыздан анағұрлым
артықшылық болу керек. Сондай артықтық алатын əліп-биде
бар ма екен деп алып, екі əліп-биді түрлі жағынан салыстыруға
түсті.
Екі əліп-бидің де артық-кем жерлерін əншейін сөйлемей, əр
түрлі ілім тəжірибелерімен ыспаттап, даусыз дəлелдер келтіріп
баяндады. Ақтығында латын əліп-биінде көп құрбандықты
өтерлік аса артықтық болмақ түгіл, араб əліп-биінен де көрі
кемшіліктер көбірек болып шықты, бірақ құрылтай дүкені
жасаушылардың қолында болғандықтан, күн бұрын қолайлап
бəрін икемдеп қойғандықтан, қазанның құлағы қазаншының
қалаған жерінен шықты: «Латын əліп-биінің артықтығына
299
құрылтайдың көзі жетті. Енді алу-алмау əр жұрттың, əр мемле-
кеттің ықтиярында» деген қарар көпшілікпен өтті.
Қанша ыспат, дəлелдер болғанын түбінде құрылтай жұмы-
сының мағлұматтары басылып шыққанда, əркім өзі көре
жатар.
Қарып мəселесі турасында қазақ тарабынан айтқанымыз
мынау болды: біздер мəдениет жүзінде кейін қалған жұрт
болғандықтан, мəдениет қуатымыз да, мал қуатымыз да шағын,
сол шағын қуатымызды қазірде өте-мөте керек нəрселерге ғана
жұмсап жатырмыз. Қəзіргі бізге өте-мөте керек нəрсе – оқу
кітаптары. Бар күшімізді соған салып жатырмыз. Басқа керек
нəрселер де толып жатыр; оларды қоя тұрып, өте керегін істеп
жатырмыз. Қарып жағынан өте-мөте керек болып қысып тұрған
мұқтаждық жоқ. Осы құрылтайда айтылған пəн пəтуаларынша
ең жақсы емле де, ең жақсы əліп-би де біздікі болып шықты.
Емле мен əліп-би жағына келгенде, біз орыстан да, немістен
де, француздан да, ағылшындардан да алда тұрғанымыз мəлім
болды. Азғана күшімізді озған үстіне озамыз деп, озып тұрған
жерімізге жұмсауымыз керек. Бізге жаны ашитындар қарып
тауып береміз демей, мектептерімізді бұзау мен қозы алатын
үйлерде пысынатпай, соларға үй салып берсе екен делінді.
Қарыптан соңғы жасалған баяндамалар талқыға түсіп сөз
болмастан комиссияға жіберіле берді. Ана тілін оқыту əдісі
ғана сөз болыңқырады, басқалары тіпті айтыс ашылмастан
комиссияға кетіп отырды. Ана тілін оқыту əдісі туралы баяндама
жасаған Щерба профессордың айтқан сөзінің қысқаша мазмұны
мынау болды: осы кезде ана тілін оқытуға қолданатын əдіс
мынау: дыбыс негізді əдіс, тұтас тұлғалы əдіс (америка əдісі
дейтін). Қай əдісті қолдану қолайлы болуы емле жүйесіне
қарай: дыбыс жүйелі емлені қолданушыларға дыбыс негізді
əдіспен оқыту оңай, тариқ жүйелі емлені қолданушыларға тұтас
тұлғалы əдіспен оқыту оңай. Тұтас тұлғалы əдіс – ағылшын
емлесінің ауырлығынан туған əдіс. Ағылшын емлесі тариқ
жүйелі. Дыбыс негізді əдіспен ағылшын емлесін үйрену азап,
қатта мүмкін де емес. Дыбыс негізді əдіс дыбыс жүйелі емлеге
өте қолайлы. Емлесі дыбыс негізді құрттар қолданған жерде
300
үйретуге ең жеңіл, жемісі тез пісетін дыбыс негізді əдіс екені
ақиқат.
Тұтас тұлғалы əдістің өзін оңаша алып, дыбыс негізді
əдіспен салыстырғанда, түк артықтығы жоқ. Жазылуы мен
айтылуы – екеуі екі басқа, ағылшын емлесіне дегенде ғана тұтас
тұлғалы əдістің артықтығы бар. Біздің орыс əдісшілерінің тұтас
тұлғалы əдіске əуестенетіндері дыбыс негізді əдістен көрі оны
көрнекірек дейді. Асылында, дыбыс негізді əдіс тариқ жүйелі
ағылшын емлесіне қандай қолайсыз болса, тұтас тұлғалы əдіс
дыбыс жүйелі емлесі бар жұрттардың қолдануына да сондай
қолайсыз болады деді.
Құрылтай түрік жұрттары үшін дыбыс жүйелі емлені қабыл
алған соң, оған қолайлысы дыбыс негізді əдіс болған соң, осы
əдісті қабылдап қарар шығарды.
Ана тілін оқыту турасынан шығарған қарарға тағы да кірген
баптар болды. Оның өте-мөте ескерерлігі сынау болды:
1) Ана тілін үйрену жағын жақсылау үшін түрік жұрттарының
əр тілі анық танылуы керек. Тіл іліміне жетік білімпаздар
шығару үшін оқытушы даярлайтын орта мектеп пен жоғарғы
мектептерде тіл сабақтары елеулі орын алу керек.
2) Бірінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүзінде
қалық əдебиеті басым боларға керек.
3) Екінші басқыштағы мектептерде тіл сабағы жүйелі ілім
түрінде өз алдына оқытыларға керек.
4) Əдебиет 2-нші басқышта əлеумет тану ілімімен бірге кез
келген түрде де, жүйеленіп əдебиет тариқы түрде де оқытылу
керек. тариқ түрінде оқытылғанда ана тілінің əдебиетінен басқа
ағайын жұрттардың əдебиеттерімен таныстыру керек.
5) Тіл білімі ереже жаттату түрде үйретілмей, сөздің тұлға,
мағана, қисын жағын тану түрде үйрету керек. Сөздің тұлға,
мағана жағын тануға керекгі жоқ нəрселер тіл білімінің
сабағына кірмеске тиіс.
Оқуға қатысы көбірек осы төрт мəселе сөзімен құрылтай
əңгімесін тоқтатамын.
«Жаңа мектеп»,
1926, № 7-8, 43-50 беттер.
ОҚУ-АҒАРТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
302
ОҚУ ЖАЙЫ
Бұл күнде оқудың керек екеніне ешкімнің таласы жоқ.
Қай жұрт болса да оқумен ілгері басып тұрғандығын, кейін
қалудың себебі оқудың кемдігінен екенінен көріп тұрамыз.
Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның
байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші. Мұның себебі
– ойлап қараса, біздің қазаққа мағлұмсыз емес. Бұл заманда не
нəрсе машинаға айналды. Қазақ биыл 5 теңгеге сатқан нəрсесін
келер жылы өзі 10 теңгеге қайьа сатып алады. 10-11 сомға алып
отырған былғары – былтырғы 4-5 сомға өзі сатқан терісі. Кезі
5-6 сомдық шұғалар, торқалар – қазақтың бір пұтына 3-4 сом
алып, сатқан малының жүні.
Қазақтың осы күні сатып алмайтын нəрсесі жоқ, сол алған
нəрселерінің бірін де қазақ өзі істеген емес. Қазақ пайдаланып
отырған шөп шабатын, киім тігетін машиналар, соқа-сайман,
арба-шана, киім-кешек, ыдыс-аяқ бəрі де завод, фабрикаларда
істеліп шыққан. Бұл істеліп шыққан нəрселердің сүйегінен іс
ақысы он есе қымбат. Бұлай болғанда, қазақ басқа жұрттың
өнерін қымбатқа сатып алып отыр. Мұнан 20-25 жыл бұрын
қазақ Бұхар, Ташкентке түйемен кіре салып қанаша пайда
қылушы еді. Темір жол түскен соң ол пайда да қазақ қолынан
кетті. Басқа жұрттарда өздерінің істеген нəрселері өз ішінде
сатылып, жұмсаған ақша өз елдерінде қалып, шетке кетпейтін
болса, оны жұртқа шығын деп есептемейді, тек бірінен-біріне
ауысқанға санайды. Қазақ малының басқаларға кетпейтін
орны жоқ. Жоғарыда айтылған шаруа туралы болсын, патрияға
мүбталла болсы, бəрінде де қазақтың байлығы осы көлденеңге,
көк аттыларға түсып, соларға жем болады.
Қазақтың шаруасына бір жақтан надандығынан кемшілік
келгенде, екінші жағынан білімсіздігін көріп тұрғандар
басынып, елдіктен, теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына
қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл
303
заманда қолы жетпегендерді теңдіккежеткізетін, əлсіздерге
күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда
үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында
жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт екендігімізді
білдірер едік.
Осы замандағы жан таңырқарлық нəрсенің бəрі ғылыммен
табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай
жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң
хабар алғызып тұрған – ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген
– ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бəрі де сондай
болмаған. Бұлар да басында біздей, қатта бізден де өнерсіз
болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен.
Əуелгі заманда жұрт шаһар дегенді білмейді екен, далада аңша
өсіп-өніп жүріпті, араларында «менікі-сенікі» болмапты, аңның
терісін киім, етін тамақ, тарамсын жіп, сүйегін ине қылды, екі
ағашты біріне-бірін үйкеп от шығарды. Жазу-сызуды көпке
шейін білмеді, соңынан оны да ойлап тауып, басында аңның
терісіне жазып жүріпті. Сүйткен жұрттар осы күіні қандай
тамаша іс қылып тұр!
Енді біздің қазақта оқудың көп-азын мөлшерлеу үшін мынау
есепті көрсетеміз. əр жердегі қазақтың өнер-білімі қаралас,
сол себепті бір облыс, яки бір уез елдегі оқудың таралуын
көрсетсек, күллі қазақтағы оқуды шамалауға болады.
Торғай облысында 1912-нші жыл бірінші ғинуарға шейін
570 мың 109 қазақ тұрған, қазақ баласы оқитын 132 школ
болған.
16
Бұлай болғанда, əрбір 3 мың 561 кісіге бір школдан
ана келеді екен.
Қостанай уезінде 1909-нші жылғы есеп
17
бойынша 60
мың 594 еркек, 52 мың 63 əйел – барлығы 112 мың 657 қазақ
болған. Бұлардан қазақша оқыған (хат танитын) еркек 6 мың
65, орысша хат танитын 690. Қазақша хат танитын əйел 379,
орысша хат танитын əйел 29. Бұл есептен көрінеді: Қостанай
уезінде қазақша хат танитын еркек əр бір жүз кісіден алтау,
орысша хат танитын əрбір мың кісіден алтау. Қазақша хат
танитын əйел əр бір үш жүз кісіден біреу, орысша хат танитын
16
Справочная книга Тургайской обл. на 1912 год.
17
Материалы по киргиз, землепользов. собр. статист. Пар. Тург-ур. перес. района Куст.
у. стр. 412-413.
304
əр бір төрт мыңнан біреу екен. Бұл цифрлар қазақта оқудың
тіпті аздығын көрсетеді. Қостанай қазағынан кейбір жерлердің
қазақтары кем оқиды.
Қазақта орысша болсын, қазақша болсын оқу ісі жақсы
тəртіпке қойылмаған. Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-
ы ауылнай школ. Қай жерде болса да қазақ үшін ашылған
школдардың көбі ауылнай школ. Сонда оқыған балалар ілгері
школдарға келіп оқөымаса, тіршілікке пайдалы білім алып
шыға алмайды. Азғантай үйренген орысша жазу-сызуынан
қарайып, тілін тіпті ұмытып қалады. Қазақ баласы тəуірірек
оқырлық школдарда қазыналық орын аз, өз күшімен оқытуға
əркімнің шамасы келе бермейді. Екі класты школдар əр уезде
бір-екеуден, оларға 30-дан артық қазақ баласын алмайды.
Орта һəм жоғарғы школдарда қазыналық орын бұл кезде
жоқтың қасында. Ə облыстың қзақтары үшін университет,
институттерден 2-3-тен артық орын жоқ. Бұрынғы ашылған
орындар əр түрлі сылтаумен кеміген. Сүйтіп, тəуірірек оқитын
орындардың қазақ үшін есігі бекіп, жолы жабылған.
Қазақша оқу əлі бір белгілі тəртіпке келіп жеткен жоқ,
кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана
көрініп келеді, тəртіппен оқытарлық мұғалімдері аз, оқу
програмы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер жоқ,
мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа
бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын
үйрететін даримұғаллимин (педучилище – ред.) жоқ.
Орысша һəм қазақша оқудың екеуінен де керегінше пай-
далану үшін, қазақ əуелі əр нəрсенің асылына түсініп іс етерге
керек. Хүкімет қазаққа қазақша мектеп салып бермейді, қазақтың
қазақша оқуын тіпті тілемейді. Сондықтан мектептерімізді
тəртіпке қою, қазақша оқуды халыққа тарату – өз міндетіміз.
Жалпақ жұрттың қолы орысша оқуға түгел жетсін, оқымаған
жан қалмасын, орта һəм жоғарғы школдардан көбірек оқылсын
десек, қазақтан қазынаға деп жиылған ақшалардың нендей
орынға, оның ішінде оқу жолына қанша жұмсалатынын,
хүкіметтің осы күні қазақты оқытуға жұмсап отырғаны бізден
жиылып тұрған ақшадан артық па, кем бе – соны білу керек.
305
Егер кем болса, кінəні хүкіметке аудармай, кемін толтыру керек,
ақшаны артық төлеп, пайдасын кем көретін болсақ, лайықты
жолымен есептесіп, школдарды көбейтіріп һəм жоғарғы
школдардан молырақ орын аштыру тиіс.
Қазақ халқында бұл күндегі орысша һəм қазақша оқу жайы
осы. Мұнан былай оқу һəм оқыту мəселесі «Қазақ»-та түгел
жазылып тұрмақшы.
«Қазақ», 1913, 21 апрель,
№ 11 (Бас мақала).
Достарыңызбен бөлісу: |