«Əліп-би. Жаңа құрал». Əліппе Қызылорда баспахана-
сынан 1926 жылы бұрынғы «Оқу құралы. Қазақша алифбаға»
жалғасты құрал ретінде қайта жазылған. Кітап 14 жылдан соң
қайта өңделіп, 1926 жылы басылып шыққан. 1926 жəне 1928
жылғы басылымдар арасында аса көп айырмашылық жоқ.
Алғашқы басылым 116 бет, кейінгі басылым 114 бет. 1927
жылғы екінші басылымның түпнұсқасы табылған жоқ. 1928
жылғы оқулық ішкі мұқабасында 3-нші рет басылғандығы
айтылады. Ұлттық кітапхананың Сирек қорлар бөліміндегі
тіркемеде осы оқулықтың 1924, 1926, 1927 жылдары жарық
көргендігі туралы картотекалық ақпар бар. 1926 жəне 1928
жылғы басылымдарды салыстырғанда өзгерістер байқалмады.
1928 жылғы нұсқа 1992 жылғы «Тіл тағылымы» атты
жинаққа енді. 1992 жылғы басылымда қажетті суреттер беріл-
330
меген, кесте ішінде бос орында қандай сурет болатындығы
туралы айтылады да төте жазудың сол жағына кирилше жа-
зылуын беріп отырады. Мəселен, 1926 жылғы нұсқада əр
тақырыпқа керекті суреттердің барлығы дерлік түгел беріл-
ген. Жəне осы суреттер арқылы сабақ оқытуда баланың
ұғымына тез қонымды болатынын негізге алған əдіскер-ұстаз
кейінгі басылымда да суреттердің көрнекті болғанын назарда
ұстаған. 1992 жылғы басылымда суреттер құрастырылмаған,
түпнұсқадағы 32 беттегі «Кім табады?» деген айдарша-
мен берілетін топтамалы 9 суреттің тақырыптық орны,
«Тіл тағылымы» жинағында 54 бетке ауысып кеткендіктен
суреттің төменгі жағында берілген шешу шарты: «Мұның
да істеу реті алдыңғыша» деген түсіндірмелік, шындығынды
«түсініксіздеу» болып тұр. Кемшіліктер төте жазуды қазіргі
əріпке түсіргенде де кездеседі. Мысалы, «сүгірет-сурет,
қарып-əріп, қадымше-қадымша, бүтін-бөтен» т.б. сөздер
өзгеріске ұшыраған. Осы түпнұсқа 1998 жылы ғалымның 125
жылдық мерейтойына орай, əрi соңғы басылымның жетпiс
жылдығына арналып, «Рауан» баспасынан 1000 таралыммен
жарық көрді. Бұл жинақтың ерекшелiгi – сол тұстағы жазу
емлесi қаз-қалпында сақталып, беттің төменгі жағына қазiргi
жазуға түсірілген нұсқасы берілген. Төте жазудан көшiрiп, ре-
дакциясын басқарған Ұлықман Асылов. Бұл кітаптың бүгінгі
оқушыға берер зор көмегі сол – ғасыр басындағы ұлт зия-
лылары қолданған жазуды дөп басып, нақ тануға мүмкіндік
береді. Жəне төте жазуды игергісі келген оқырманға бірден
бір көмекші құрал іспетті. Бұл кітаптың 1926 жылғы басы-
лымнан шартты баспа табақ жағынан айырмашылығы жоқ.
Екеуі де 114 бетпен аяқталады. Тек кейбір сөздер, 7-бетте:
«мұғалімдерден-мұғалымдардан, жанастырыб-жамасты-
рыб, жүзіндегі-жөніндегі»; 9-бетте: «үйретуге де екеуіне
бірдей» деген сөз тіркесі «үйрету келесі беттен басталу ке-
рек» деп; 11 бетте: «қарыптарын-əріптерін» тағы басқа да
өзгерістерді кездеседі.
«Сауат ашқыш. Сауатсыз үлкендер үшін». Кітаптың
түпнұсқасында алғаш 1926 жылы Семейдің губернелік баспа-
сынан жарық көргендігі жазылады. Оқулық ересек үлкендерге
331
арнап жазылғандықтан, дыбыс əдіс жолымен тəртіптелген.
Мұнда əрбір харіптің тұсына атау сөз беріледе де, соңына осы
сөздерге арнайы сөз тіркестерін қоса береді. Бір ғажабы, бұл
туындыда ғалымның алғашқы «40 мысалы» сынды 40 тақырып
қарастырылған. Тақырып «Торайғыр бидің тақпақтарынан»
өріліп, «Қуанышты күн» деген Ғ.Сұлтанұлының шағын
əңгімесімен аяқталады. Кітапқа Абайдың «Шырылдауық
шегерткесі», Шорман жинағынан төрт танымдық əңгіме,
Ы.Алтынсарин кітабынан: «Үш мерген», «Жəнібек батыр»,
«Қыпшақ Сейітқұл», Елдес Омаровтың «Қазақ салты» жəне
«Дағдылы жол мен айлалы жол», Телжан Шонанұлының
«Күн» (Толстойдан), «Тамшының тарихы» атты аудармала-
ры, Қыр баласының (Əлихан Бөкейханов) «Дүние қандай?»
т.б. ауқымды тақырыптағы түрлі əңгімелер мен алуан өлеңдер
топтастырылған. Жалпы саны 40 тақырып, оның ішінде 7 өлең,
2 аударма-тақпақ, 4 мысал-өлең, 25 əңгіме, 2 көркем аударма
қамтылған.
А.Байтұрсынұлының көсемсөз шебері болғандығына, оның
қаламынан шыққан сан алуан тақырыптағы мақалалалары
айғақ. Ал 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда шық-
қан «Қазақ» газетіне басшылық етуі, онда: «Əуелі, газет
– халықтың көзі, құлағы əм тілі» деп бар күш жігерін жұрт
жұмысыны арнағаны тарихтан белгілі. Жəне бұл төртінші
билік саналып жүрген үлкен ілімге жататын сала. Ғалымның
публицистикадағы ұлан-ғайыр еңбегін жинап, сұрыптап,
жүйелеп, игеру – бүгінгі ұрпақтың келелі міндеті. Өйткені,
ғасыр басындағы қазақ зиялылары көтерген өзекті тақырып-
тар əлі күнге маңызы зор. Қазақ жұртының ылқым заманнан
арманы – ел басқару жүйесіндегі құжатнамадағы іс қағаздары
тілін қазақшалау болатын. Бұл əлі күнге шешімін таппаған да-
улы тақырып күйінде қалып отыр...
А.Байтұрсынұлының ең алғашқы мақалаласы орыс тілінде
1895 жылы «Тургайская газетаның» 39-санында жарияланғаны
туралы мəлімет бар. Мақала «Казахские приметы и посло-
вицы» деп аталады. Өкінішке қарай, бұл еңбек табылмады.
Тарихи тұлғаның аяулы есімі ақталғаннан кейін 1989 жылы
332
«Шығармалары (өлеңдер, аудармалар, зерттеулер)», 1991
жылы «Ақ жол (өлеңдер мен тəржімелер, публицистикалық
мақалар жəне əдеби зерттеу)», 1992 жылы «Тіл тағылымы
(қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)» атты
таңдаулы жинақтары мен 1995 жылы «Айқап» журналы,
1998 жылы «Қазақ» газеті кітап болып қайта басылды. Бұл
жинақтардың барлығы дерлік А.Байтұрсынұлының төл
туындыларын төте жазудан қазіргі əріпке түсірумен құнды.
Сондай-ақ осы кітаптар кейінгі басылымдарға бағыт-бағдар
болғаны да анық. Мəселен, 1996 жылы «Жеті жарғы» баспасы-
нан қаламгердің əр жылдары жазылған қоғамдық-əлеуметтік
мəселелерді көтерген Заң тақырыбындағы мақалалары топ-
тастырылып, «Жаңа низам» деген атпен кітап болып шықты.
Құрастырушысы З.Қыстаубайұлы, алғысөзі С.Өзбекұлыныкі.
Осы кітапқа енген 21 мақаланың барлығы дерлік 1991
жылғы жинақтың «Көсем сөз» бөліміне кірген 43 мақаладан
сұрыпталып алынғаны байқалады. 2001 жылы «Қазақ проза-
сы: Хрестоматиясының» 2-томына да көсемсөздерінің «32»-
сі енген. 2005 жылы «Раритет» баспасынан жарық көрген
«Маса» жинағы ұлы тұлғаның ескірмейтін елшілдік ұран
сөздерін топтастыра, 21 мақаланы қайта басқан. Кітаптың
аңдатпасында: «Жинақ бұған дейін жарық көрген басыл-
дармен салыстырылып, кезінде кеткен мəтіндік қателіктер
түзетілді» деген ақпарат берілген. Кітапты 1991 жылғы басы-
лыммен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер байқалмады,
тек орналастыру реті ғана біршама мақала мазмұнына қарай
топтастырылған.
МАҚАЛАЛАР
«Тағы да народный сот хақында» атты мақала «Айқап»
журналының 1911 жылғы 6-нөмірінде жарық көрген. Ақжол
(Б.210-213), «Айқап» энциклопедиясы (Б.65-68), Жаңа низам
(Б.12-16), Қазақ прозасы (Б.444-447) атты жинақтарға енген.
Мақаладағы кейбір сөздер қазіргі емлеге түсірілген. Мəселен,
«иə-я», «иаки- яки», «қалық- халық», «судиа-судья», «шене-
333
унік-чиновник», т.б. Сондай-ақ, осы мақалада орыс тілінен ен-
ген «народный», «закон», «чиновник», «казенный» т.б. сөздері
қазақша баламаланбаған, кей тұстары мəтін ішінде халық,
қазына, заң сөздері аударылған тізбекпен қатарласа беріледі.
Аударма ісіне өте шебер Ахмет Байтұрсынұлы сол тұстағы
əлеуметтік орта зиялы қауымның ұғымына түсінікті болу үшін
ұлық тілден шыққан сөзді сол қалпында беріп отырса керек.
Сонымен қатар, жалпы түркі жұртына ортақ «низам, шариғат,
муафик» атау сөздері кездеседі. Осы мақалада: «Білім – бір
құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе
де келістіріп істейді» деген жолдардан білімді де біліктілер
арқылы елі болашағы дамитынынан үміт еткен.
«Қазақ жерін алу турасындағы низам». 1911 жылы
«Айқап» журналында Қазақ жерін алу турасындағы низамдар,
бұйрықтар деген атпен 9, 10-санында жарияланады. Мұнда
1909 жылы шыққан жер-суды пайдалану туралы Заңмен жұрт-
шылықты таныстырған. Мақала 1913 жылы «Қазақ» газетін-
де сол қалпында қайта басылады. Қаламгер ғасыр басындағы
жер мəселесінің өзекті тақырыпқа айналғанын айтады. А.Бай-
тұрсынұлы жалпы бұқараның заңды дұрыс білмегендіктен
құқы аяққа тапталатынын дəлелдеп, қазақтың жерін алуды
мақсат еткен патша үкіметінің жарлығына нақтылы түсінік
береді. Заңды білу арқылы жеке адам өз құқын қорғар деген
үмітпен халықты оятуға əрекет жасайды. Мəтін – Ақ жол-
да (Б.222-225), «Айқапта» (Б.76-79), Жаңа низамда (Б.19-24),
Масада (Б.148-154) қайта басылды. Кейінгі 1996, 2005 жылғы
басылымдар 1991 жылы кирилшеленген Ақжол жинағын не-
гізге алса керек. 1995 жылғы мəтін 1991 жылғы нұсқадан ерек-
шеленеді. Мəселен, 1911 жылғы нұсқадағы: «...бірте-бірте
«Айқап» арқылы; ...Жəне де жер жайындағы низам жолын
білмейтұғын қазақтар «Айқап» арқылы жол сұрауды ғадет
етсе екен, шамасы келгенше əркім айтып берер еді» деген
жолдар 1991 жылғы жинақта жоқ. Бұл жолдар «Қазақ» газетін-
де қамтылмаған.
А.Байтұрсынұлы басылым арқылы қарапайым жұртқа
қажетті заң, ережелермен ұдайы құлақтандырып отыруды
газеттің міндеті де санаған. Мұнда: «пункт», «временная ко-
334
миссия», «волостной управитель», «общества», «старшина»,
«общий», «оброк», «областной», «инструкция», «десятина»,
«расход», «палата», «поселка», «июнь», «правила», «поло-
жение», «переселенчинск», «план», «чиновник», «протокол»,
«статья», т.б. толып жатқан баламаланбаған сөздер тізбегі жет-
кілікті. Осы мақаланың 19-пунктінде: «Комиссианың күкімдері
болмаған жағы областной правлениенің общий присутствиес-
іне арыз етеді» деген сөйлем бар. Бұл жолдарды қаламгердің
аударуға білімі мен білігі жетеді, тек дəл сол кезеңдегі орта
əлі де аудармаға дағдылана қоймаған, не зиялы қауымға сол
орысша нұсқасы түсінікті, əрі жатық болғандықтан болар орыс
сөздерін аударусыз қалдырған, бірақ кей тұстары дыбысталу
ырғағына орай қазақша қалыпқа түскен сөздер де көптеп кез-
деседі.
«Қазақ əм 4-ші Дума». «Айқапта» 1912 жылы 12-санында
басылған. А.Байтұрсынұлы Думаға қазақ депутаттарын сайлау
туралы жазылған мақалаларға қорытынды жасайды. Мемлекет-
тік Думаға қайткен күнде де қазақтан депутат сайлаудың қажет
əрі маңызды екенін дəлелдейді. Заң шығаратын орында қазақ
халқының мүддесін жақтайтын жəне қорғайтын тек қана қазақ
азаматы бола алатынын айтады. Қазаққа қатысты заң қабылдана
қалған күнде оның кемшіліктерін айтып, басқа депутаттарға
түсіндіре алатын қайраткер тек қазақтан сайланған болуы кере-
ктігі даусыз еді. Мысалы, 2-нші Мемлекеттік Думаға Орал об-
лысынан сайланған Бақытжан Қаратаевтың қазақ жерін қорғап
сөйлегені тарихтан мəлім.
Мақала мəтіні Ақ жолға (Б.214-216); «Айқап» энциклопе-
диясына (Б.118-119) жəне Жаңа низамға (Б.16-19 ), Қазақ про-
засы (Б.449-452) енген. Ақ жолда адамдардың аты-жөндері:
«Қоңырқожа Қожықов, Ғеси Енекеев, Қарынбаев, Алдия-
ров, Махмұт Шарипов» деп берілсе, «Айқап» жинағында:
«Қоңырқожа Қожиев, Ғайсы Иникеев, Орынбаев, Əндияров,
Мұхамед Шəріпов» деп жүр. Бұл төте жазудағы «дəйекшені»
дұрыс оқымаудан немесе түпнұсқадағы жазудың көмескіленіп,
ескіруінің салдарынан қазіргі əріпке түсіру үстінде кеткен
қателіктер. Жəне «мағлұм-мəлім», «қал-хал», «ийуин-июнь»,
«əгер-егер», «əмма-əмбе» сөздері де бүгінгі қалыпқа түсірілген.
335
Сондай-ақ, бұл мақалада да «закон», «депутат», «выборщик»,
«адрес», «проект», «интерес», «пенсия», «телеграмма» сын-
ды орысша сөз тіркестері жиі кездеседі.
«Көшпелі əм отырықшы норма». 1913 жылы «Қазақтың»
20-санында жарияланған. Мұнда ХХ ғасырдың басында қазақ
ортасында дау туғызған жер мəселесі туралы баспасөз бетін-
де көтерілген пікірталастарға талдау жасалады. Қазаққа жерді
пайдалануда отырықшы норма емес, керісінше көшпелі норма
мақсатқа сай келетінін дəлелдейді. Егер қазақтар отырықшы
нормамен жер алатын болса, көп жер артық қалады да, қоныс
аударушыларға жер көп кесіліп берілетінін дəлелдейді. Жəне
сөз соңын қазақ оқығандарына арнайды: «Қазақтың бас адам-
дары! Əуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып,
ойланып, ынтымақпен іс қылыңдар; Алашқа аты шыққан
адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер
адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады. Арттарыңнан
ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар» деп үлкен жау-
апкершілік жүктейді.
Бұл мақала Ақ жол (Б.230-233), Жаңа низамға (Б.31-34),
Қазақ прозасы (Б.471-473), Масаға (Б.154-157) енген. Өзге
мақаларға қарағанда мұнда орыс сөздері: Государственный
Дума, переселен чиновниктері, закон, норма, т.б. кем кездеседі.
Қат - хат, құпиа - құпия , əм - һəм сөздері болып бүгінгі емлеге
түскен.
Земство. «Қазақта» 1913 жылы 25-санында жарық көрген.
Қаламгер мақалада құқ ахуалы мен міндетіне кеңінен талдау
жасайды. Жергілікті басқару жүйесін қазақы қоғамыда пайдала-
ну, енгізу тиімді екенін мысалдармен, əлеуметтік іс-тəжірибеде
алынған деректермен нақтылы дəлелдейді. Қазақ жерінде
бұрын болмаған бұл мұндай жүйенің қандай болатындығынан,
оның халыққа тигізер пайдасын санамалай отырып, жалпы
жұртқа мағлұмат береді. Жергілікті басқару (Земство) деген
ол – əр облыста жұртқа керек жұмысты жұрттың өзіне биле-
ту, жұрттың өзіне істету екендігін жəне басқарушы етіп жұрт
ортасынан өздері қалаған кісіні сайлап шығаратынын айтады.
Қазақ қоғамында жергілікті басқаруды тиімді етудің жолдарын
қарастырады. Мақаланың атынан көрініп тұрғандай мəтін іші
336
өрген орыс сөздері: чрезвычайный собрание, земские положе-
ние, сбор, волостной сход, гимназия, степендия, губернский,
член т.б. Бұл мақала Ақ жол (Б.226-228 ), Жаңа низам (Б.24-27),
Қазақ прозасына (Б.465-467) енген. Төте жазудан бүгінгі əріпке
түсірген тілші-мамандар: А.Мектеп пен Ғ.Əнес. Түпнұсқамен
салыстырудың мүмкіншілігі болмады. Сол тұстағы қолданған
емле ережесіне сүйенсек, қазақ əліпбиінде «в, я, ч, х, һ, ц, щ, ю»
əріптері мен «ь, ъ» таңбаларының болмағаны анық. Сондықтан
мақалада кездесетін «Россия - Ресей, чрезвычайный - шерез-
быйшайный, гимназия - гимназиа, степендия - істепендиа, во-
лостной сход - болостной ысқод, член – шілен» болып дыбыс-
талуына орай қазақша қалыпқа түсуі ықтимал.
«Уақ қарыз». «Қазақ» газетінің 1913 жылы 28-нөмірінде
басылған. Қаламгер ел арасында уақ қарыз беру мен алу ісін
қалай ұйымдастыру қажеттігіне тоқталады. Уақ қарызды
тиімді ұйымдастырған жағдайда халыққа пайдалы болатыны
дұрыс көрсетілген. Көтерілген мəселелер қазіргі нарықтық
қатынастар кезеңінде өз мəнін жоймайтыы белгілі. Мақала
мəтіні Ақ жолда (Б.233-236), Жаңа низамда (Б.34-37), Қазақ
прозасы (Б.474-477) берілген. Мақалада государственный банк,
общий собрание тіркестері, жекелеген учредитель, правление,
учитель, писарь, книга, член, отчет, расход, срок, смета, кас-
са т.б. сөздер кездеседі. Жəне «қалық - халық, қабар -хабар,
иə - я, ықтиарлы - ықтиярлы, қат - хат, əм - һəм, мəслиқат
- маслихат, сыйақты – сияқты» болып өзгерген.
«Жер жалдау жайынан». «Қазақ» газетінің 1913 жылы
34-санында жарияланған. Қазақ жеріне қоныс аударған орыс-
тарға жерлерін сатып жатқан қазақтар туралы жазған. Тіп-
ті, Дала уалаятының генерал-губернаторы Колпаковскийдің
өзі «қазақтарда артық жер жоқ» деп торғайша шырылдап
жүргенде, қазақтар мұжықтарға жерлерін сатып, ел келешегін
емес, өздерінің қара бастарының қамын ойлап жатқандығына
қатты күйзеліс білдірген. Бұл мақала қазір де өз мəнін жойған
емес. Жер сатылса, қазақтың халі неге ұшырайтынын сол кез-
де-ақ қайраткер білген жəне: «...қазақ жері қазақтан кетпес
еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар» деп, бұқараға
337
ой тастайды. Əркімнің қарақан бастың қамын жемей, жұрт
жұмысына жұмылуын, қалайда құнарлы жерлерден айырылып
қалмаудың қамын қарастыруға шақырады.
Мəтін Ақ жолда (Б.228-230), Жаңа низамда (Б.28-31), Қазақ
прозасында (Б.468-471) басылды. Мұнда да переселен, излиш-
ке, аренда, займ, т.б. деген орыс сөздері бар. Ал «Белоярский
поселка, Щербина нормасы, переселен чиновниктері, 15 де-
сятина» деген тіркестердегі асты сызылған əріптердің қазақ
əліпбиінде жоқ екенін ескерсек, бұлар төтеден бүгінгі емлеге
түсіру үстінде түзетілген. Сол уақыттың айтылу мен жазылу
ережесі бойынша: «Белоиарский поселке, Шербіина нормасы,
переселен шенеуніктері, 15 десетіина».
«Қазақ əм түрлі мəселелер» 1914 жылы жазылған.
Мақалада бұратана халықтар орыс тілінде оқытылсын деген
мемлекеттік бағдарламаны қатаң сынға алған. Орыс тілінде
оқытылсын дегенге қарсы шыққан басқа жұрттарды үнсіз
қалған өз жұртына мысал етеді. Селт етпеген көзі ашық
жұртына «өзгелер не істер екен» деп бұқпай, дер кезінде
қимылда, ертең қапы қаласың дегенді айтады. Сонымен қатар,
қазақ арасында дінді дамыту үшін ең алдымен, бағдарлама
жасауды өзекті мəселе етіп қойған. Мұсылмандықты биік
дəрежеге көтеру үшін алдымен дін қызметкерлерін оқытып,
дайындау қажеттігі айтады.
Бұл мақала Ақ жол (264-266 б/б.), Жаңа низамға (52-55 б/б.),
Қазақ прозасы (513-516 б/б.), Масаға (193-197 б/б.) енген. Қат
- хат, қалық - халық, иə - я, иаки - яки, иағни - яғни, əм - һəм,
Россиа - Россия, Петербор -Петербург болып бүгінгі қалыпқа
түскен. Үш жинаққа да осы өзгерістер тəн.
«Закон жобасының баяндамасы». «Қазақтың» 1914 жылы
80-нөмірінен 1915 жылы 105-нөміріне дейін жарияланған.
Көлемді, бірнеше тараушалардан тұрады. Еңбекше мəтіні орыс
патшасы өкімінің аясында өрбігендіктен, орыс тіліндегі сөздер
жиі кездеседі. Сол тұстағы ортаның қабылдау қабілетіне қарай
бұйрық-низамның атқарар үлесі ұғынықты болуы үшін көп
сөздер баламаланбаған. Заң терминдерін баламалауда дəлдікті,
мазмұн мен мағынаның өзгермеуіне мейлінше сақтықты
338
ұстанса керек. Мəтін Ақ жолда (Б.280-315), Жаңа низамда
(Б.59-109) басылды.
«Жəрдем комитеті». 1915 жылы «Қазақтың» 107-санын-
да жарық көрген қысқа ақпараттық жазылым. Мақалада Карс
облысындағы табиғат апатына ұшыраған мұсылмандарға
жəрдем беру туралы жазылған. Мақала мəтіні Ақ жол (Б.315-
316), Жаңа низамға (Б.110-111б) енген. Ай атауы – февраль
орысша берілген.
««ов» туралы». 1915 жылы «Қазақтың» 102-нөмірінде
жарияланған. Оқырманның сауалына газет басқармасы тара-
пынан ой-пікір бөлісу. Қазақ азаматтарының аты-жөндеріне
сырттан телінген «-ов-тың» қажетсіз екенін, оның орнына
«ұлы», «қызы» деп жазудың тиімді екенін сол кездің өзінде
дəлелдеген. Жəне мұны оқырмандардың талқылауына сала-
ды. Мəтін Ақ жолда (Б.315-316), Жаңа низамда (Б.110-111)
басылды. «Паміилиа – фамилия» деп өзгерген. Бір ескере-
тін жайт: «ұлы» ол тұста «оғлы не ұғлы» болып айтылған əрі
жазылған.
«Қазаққа ашық хат». 1916 жылы «Қазақ» газетінің 174-
санында жарияланған. Қазақтың мал санағаннан қорқып,
бағып-өсіріп отырған малының санын жасыруды əдетке
айналдырғанын сынға алады. А.Байтұрсынұлы кең-байтақ
қазақ жерінде мал көп, сондықтан артық жер жоқ, яғни
малыңның санын нақ көрсету арқылы «отарлауға жол бер-
меу» деген ұғымды орнықтыруға ұмтылады. Бұл мақала Ақ
жол (316-б), Жаңа низамға (Б.111-112) енген. Мұнда процент,
закон, десятина деген орыс сөздері кездеседі. Орыстың «му-
жик» сөзінің қазақша «мұжыққа» айналғаны сықылды, «про-
цент - простент, закон - зəкөн, десятина – десетина» болып
жазылған, бұлар бүгінгі əріпке түсіру үстінде түзетілген болуы
керек.
«Тəні саудың – жаны сау». 1922 жылы «Қазақ күнтізбесінде»
жарық көрген. Мақала мəні – тəн таза болуы тазалықта, жан
сұлулығының тамыры тəн саулықта екендігін, яғни тəн сау болу
үшін не істеу керектігін заман талабы кезеңімен өлшеп, екшеп
көрсетеді. Қай заманда да адам баласының еңбекпен күнелтіп,
жан сақтағанын, «...біздің заманымыз – еңбек заманы, қазіргі
339
хүкімет басында отырған коммунист партиясының жолы
«еңбек жоққа – жемек жоқ» дейді. «...Күнелту үшін ас ке-
рек, ас істеуге күш керек, күшті жұмсауға ес керек. Күш пен
есті қатар жұмсап ас қылу – еңбек ету болып шығады». Осы
керектермен ел билігіндегілер халқының азып тозбауы үшін
қажеттеліктермен қамтамасыз етуі тиіс. «Аштықтан адамның
тəні азып… жан да азып, ар кетіп, адамгершілік жоғалып, адам
хайуаннан да жаман болып кетеді» – деп қорытындылайды.
Бұл мақала Ақ жол (Б.320-322), Жаңа низам (Б.112-115) енген.
«Календарь, зиян, я, зиян, һəм» сөздері түзетілген.
«Партия əм кеңес құрылысындағы рушылық əсері».
1926 жылы мақала «Кеңес үкіметінің орнағанына тоғыз жыл
болғаннан кейін қазақ халқының арасында алғашқы қауымдық
құрылыстың сарқыншақтары бар» деген сауалға жауап ретінде
жазылған. А.Байтұрсынұлы «тексеруге – анализироват ь» деген
баламаны жақша ішінде берген. Бұл сөз бұл күні талдау де-
ген аударылымға ие. Мұнан басқа « эксплуатация, правый ук-
лон, родовой строй, капитал» деген өзге тілден енген сөздерді
кездестіреміз. Правый уклон - оң мінезділер, родовой строй
- рушылық дəуір болып баламаланған. Бұл мақаланың толық
мəтіні Ақ жол (323-325 б/б.) мен Жаңа низамға (117-120 б/б.)
енген. Кирилшелеу үстінде « партиа-партия, байандап-баян-
дап, Енгіліс-Энгельс, екіспылыутатсиа-эксплуатация, сайа-
си-саяси, сайасат-саясат, байағы-баяғы, қойады-қояды» деп
түзетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |