Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата11.01.2017
өлшемі6,13 Mb.
#1618
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26

30. ШАРУА ЖАЙЫ
Тоқсан түрлі себептердің түйіні бір келіп, қазақ шаруасының 
қаласы бұзылып, саны азайып, ауданы тарылып отыр.
Көп жерлерде өріс толған жылқы, қора толған қой ертегінің 
ауданына  кетті.  Шаруа  көркінен  айрылған  елдердің  тұрмыс 
көркі де қалған жоқ.
Ендігі əңгіме: өткенді көксемей, сары уайым сала бермей, 
сағым  қуып  сандала  бермей,  шала  жансарланған  шаруаны 
түзеудің шарасын істеу керек.
Жеке кісі түгіл, жалпақ ел – заманның бұйдалап, жетектеген 
түйесі. Бұдан қазақ елінің тұрмысынан бірсыпыра мысал кел-
тіруге болады:
Бір кезде қазақ бала оқытудан қашты, енді іздеп таба алмай 
жүр. 2) Бір кезде ырымға жаман деп сүт машинесіне жоламаған 
қазақ енді қолына түссе босататын емес. 3) Ұлықтыққа жуан 
атадан басқаны қоймайтын қазақ енді кедейдің, жіңішке атаның 
билегеніне  бойсұнып  отыр. 4) Əке-шешемді  ренжітпеймін 
дейтін  қазақ  қызы  сүйгенімен  кетіп  жатыр.  Мұны  ерсі  көріп 
отырған ел де жоқ. Осының бəрін істетіп отырған – заман.
Бұрын  қазаққа  малыңның  тұқымын  асылдандыр,  егін-
ді жаңа ретпен сал, бақша орнат деп айтқандай болсаң, ерік-
кендікпен  айтасыңдар,  көре-біле  бейнетке  белшесінен  бат 
дегенің не? Ата жана бабаларымыздың ізімен жүре береміз деп 
үстірт қарайтын. Енді ол болмас: заманның жетегіне жүрмеген 
шаруаның мұрны жырылмақшы.

137
Осы  күні  тұрмыстың  қай  саласына  болса  да  шаруашылық 
көзімен қарау қажет.
Шаруашылықтың  заңы:  шаруаның  қай  тарауынан  шыққан 
заттар  жақын  базарға  өтімді,  пайдалы  болса,  сол  тараудың 
өнімді болуына артық күш салу керек. Мəселен: үлкен қаланың 
айналасындағы жері аз шаруаларға астық салғаннан, топтан мал 
ұстағаннан бақшашылық жəне сүт шаруасы аса пайдалырақ бо-
лады. Темір жолдан қашық жерде бақшашылықтан астық салу 
пайдалы, темір жолдан 200 шақырымнан əрі жатқан аудандар-
да астық салғаннан мал өсірген пайдалы.
Шаруашылық  көзімен  қарағанда  қазақ  даласында  шаруа-
шылықтың өнетін салалары: 1) мал өсіру, астық салу, 3) шөп, 
жем егу, 4) сүт шаруасы, 5) бақшашылық.
Шаруаның қай саласын болса да түзеу үшін, гүлдендіру үшін 
білімге  қоса  шыдамдылық  керек.  Бақытсыздығымызға  қарай, 
шыдамдылық – қазақ қанына толық сіңбеген сипат. Қазақта əлі 
жалқаулық, тұрлаусыздық мол, шыдамдылық жоқ: бірі істі бас-
таса,  айағына  жеткізбей,  тастай  береді.  Бірақ  жалқаулық  пен
тұрлаусыздық бір жола шегеленген, «қиаметке шейін қалмай-
ды»  деп  ұғынуға  жарамайды.  Табанды  тəрбиемен,  заманның 
айдауымен шыдамдылық тумақшы.
(«Агроном»)
31. ДАҒДЫЛЫ ЖОЛ МЕН АЙЛАЛЫ ЖОЛ
Дүниеде өзгермейтін ештеме жоқ. Дүниедегі нəрселер неше 
түрлі болып өзгереді, құбылады, бір күйден екінші күйге түседі, 
зорайады, кішірейеді, қалпын, пішімін де өзгертеді. Осы күнгі 
қара жер бір кезде газ тəрізді болған; жүре келе суынған, бір-
сыпыра заттары сұйық күйге түскен; онан кейін жердің сұйық 
заттары қойыулана келе қатайа бастаған; сонан соң көп заман-
дар өткен соң ғана барып, қой батпақ болып жатқан тас темір-
лер осы күнгі қатты күйіне түскен. Дүниедегі бар нəрселердің 
бəрі де солай құбылады да тұрады, дүниеде тастай қатып, бір 
қалыпты болып қалған жалғыз да нəрсе жоқ. Түрлі жан-жануар-
лар да, адам да соның ішінде солай неше түрлі болып құбылып 
келді де, құбыла беруге тиіс те.

138
Бірақ  құбылыстың  өзі  де  түрлі  болады.  Дүниедегі  нəрсе 
табиғаттың  заңына  бағынып,  тиісті  жөнімен  де  құбылады, 
оның үстіне ақыл-айламен табиғатты қолдан өзгертуге де бола-
ды. Данышпан Шарліз Даруиін жан-жануарлардың тұрмысын 
көрсетіп,  табиғаттың  жалғаулы  заңы  мен  тұрмыс  тартысы 
заңын  тапқан.  Жан-жануарлардың  ол  заңға  бағынбайтыны 
жоқ. Қойан сол заңға бағынып, қысты күні қардай ақ болады 
да,  жазды  күні  көк  шөпке  ұсап,  көк  болады.  Қойанның  олай 
түсі  өзгермей  қалғаны  болса,  ол  табиғаттың  талғауына  жара-
май, тұрмыстың тартысына шыдай алмай, жоғалуы тиіс: қысты 
күні ақ қардың үстінде түсі басқаша болып жүрген көк қойан 
да,  жазды  күні  қара  жердің  үстінде  өзгеше  болып  жүрген  ақ 
қойан  да  бүркіттің  тырнағына,  тазының  тісіне,  мергеннің 
оғына басқа қойандардан бұрын түсуге тиіс. Ондай қойаннан 
тұқымда қалмақшы емес. Қойанның бұлай қысты күні ақжазды 
күні көк болып, тұрмыстың тартысына əдіс қыла алатын болып 
шығуы бірден болмаған: койан неше мың жылдай табиғаттың 
талғауына  түсіп,  сұрыптала  келе,  осылай  түсін  өзгертетін 
болған. Қойанның бұлай түсін өзгертуі, түсін өзгертетін болып 
шығуы – табиғаттың заңы, оған адамның айласы қосылмаған.
Бір кезде ағылшынның ақсүйек серілері, тұрмыстың қызы-
ғына  тоймайтын  сұлулары,  шолақ  тұмсық  көгершінге  əуес 
болған, сұлу қатындардың көңілін аулау үшін қолда ұсталатын 
көгершіндердің тұмсығы шолақтары аса қымбат болған да, ұзын 
тұмсықтары бағасыз болған. Қолда өсіп үйренген ағылшынның 
көгершіндері  тұмсығы  ұзын  болып,  қожасына  ұнамай,  ер-
кіне  жіберілген  соң,  өз  бетімен  күн  көре  алмай  қырыла  бер-
ген, олардан тұқым да қалмаған. Тұмсығы қысқа көгершіндер 
өсіп,  көбейе  берген.  Əуесқой  əйелдердің  (табиғаттың  емес) 
талғауына  түскен  соң,  бұл  шолақ  тұмсық  көгершіндер  де 
сұрыптала келе, тұмсықтары мүлде қысқарып, ақырында бала-
пандары жұмыртқаның қабығын өз тұмсығымен жарып шыға 
алмайтын  болған.  Оларды  күні  толғанда  қожалары  жарып 
шығаратын болған.
Араб  жылқысы  ежелден  жер  үстіндегі  жылқынын  жүй-
рігі деп саналатын еді. Ағылшынның атбегілері сол араб жылқы-
сының жүйріктерін жиып, жүйрігін жүйрікке салып, сұрыптап 

139
өсіре келе, араб жылқысынан артық жүйрік қылып шығарды. 
Ағылшынның  сол  араб  жылқысынан  сұрыптап  шығарған 
жылқы  тұқымын  осы  күні  ағылшын  жылқысы  деп  атайды. 
Ағылшын жүйріктері минөтіне шақырым шабады.
Міні,  бұл  ағылшын  көгершінінің  шолақ  тұмсық  болып 
шығуы, ағылшын жылқысының сұрыпталып өрен жүйрік бо-
лып шығуы өз бетімен ғана емес, жалғыз ғана табиғат заңын-
ша  емес,  бұған  адамның  ақыл-айласы  қосылған,  табиғат 
құрылысын, адамның айласын, өзінше үлгіртіп шығарған.
Сүйтіп, табиғаттың құбылысы екі түрлі болады: бір түрі – 
адамның ақыл-айласы қатыспаған, жалғыз ғана табиғат заңына 
бағынып, өз бетімен болатын құбылыс (бұған мысал: қойанның 
түсінің өзгеруі); екінші түрі – адамның ақыл-айласымен болған 
құбылыс. Мұның əуелгісіне «дағдылы құбылыс» деп, екіншісі-
не «айлалы құбылыс» деп ат қойылған.
(«Елдес»)
32. ҚАЗАҚ МАЛЫНЫҢ ТҰҚЫМЫН
АСЫЛДАНДЫРУ ЖАЙЫНДА
Бұл күнге шейін қазақ əлі малының санын көбейтумен бо-
лып, тұқымын асылдандыру жайында ойланған да жоқ. Сол се-
бепті қазақ малы уақтанып, азып барады. Мұнан бірнеше жыл 
бұрын Орынбордан Мəскеуге апарған өгіздердің еті 15 пұттан 
кем  болмай  жүруші  еді,  бұл  кезде  орта  өгіздің  еті 13 пұттан 
артпайтын болды.
Мал уақтанған екен – онан қорқуға жарамайды, білім мен 
еңбек сіңірген кісі малдың тұқымын түзеуге болады. Ғалымдар-
ға жəне мал бағу біліміне жүйрік тəжірибелі адамдарға мағлұм, 
мал тұқымының асыл жері шет патшалықтарда екені, ол жер-
лерде  жүйрік  айғырдың  басы 200 мың
9
  сомға  шейін  барады; 
бұқаның  қымбаты 3 мың,  қатта  бес  мың  сом  болады,  жақсы 
қошқарларға  қымбатсынбай 500-600 сом  береді  екен.  Осы 
малдардың  бойындағы  асылы  əуелден-ақ  осындай  болмаған, 
жүре  түзелген.  Малдың  тұқымын  асылдандырушылар  көп 
еңбек сіңірген, ақылмен іс еткен, асырауы, бағып-қағуы жақсы 

Соғыстан бұрынғы есеппен

140
болған, айғыр, бұқа, қошқарларды өз малдарының арасынан-ақ 
танып салған.
Рас, бұл – ұзаққа созылатын жана көп шыдам керек қылатын 
жұмыс,  бірақ  ақыры  қайырлы,  неге  десеңіз,  малдың  тұқымы 
асылданып,  қазақтың  қазіргі  отырған  жер-суына  үйреншікті 
болып өседі.
Екінші жол оңайырақ жана қызығырақ, бұл жол қазақ малын 
басқа  асыл  тұқыммен  шатастырмақ – қан  араластырмақ.  Бұл 
ірет көрмеге оңай болса да, тəжірибеде қиын. Анық білу керек: 
əлгі тұқым алмақшы болған малдарға, қазақ жерінің ауасы жа-
рамды ма екен, ол мал қазақ жерін жерсіне ме екен. Осыларды 
салыстырып, бұл тұқымнан пайда бар-жоғын жете білу керек. 
Ресейде мал тұқымын осы жолмен асылдандырамыз деушілер 
көп болған, бірақ соның көбі мақсаттарына жете алмаған. Се-
бебі  көбінесе  тапқан  тұқымдары  жарамсыз  болып  ұшыраған, 
тұқым түзелу орнына бұзылған, малы жерсінбеген.
Енді  қазақ  малына  келсек,  жылқы,  қой,  ешкі  секілді  мал-
дардың тұқымын асылдандыру үшін шеттен іздемей-ақ, қазақ-
тың  өз  малынан  таңдап,  ең  жақсы  тұқымынан  үйірге  айғыр, 
қошқар  салу  керек.  Қазақ  малының  тұқымы  өте  жақсы, 
жалғыз-ақ  соны  тағы  да  арттыруға  біраз  еңбек  сіңіру  тиіс. 
Сиыр  тұқымын  асылдандыру  үшін  қазақтың  өз  малынан 
табылған  жақсыларын,  сұрыптап  араластыруға  керек,  бол-
маса  тəжірибеде  тəуір  пайдасы  көрінген  қалмақ  сиырлары-
нан  тұқым  алу  керек  (Астырқандық  иаки  Тсаритсіндік  деген 
тұқымдардың  біреуі  болсын).  Бұл  айтқан  іретше  тұқымның 
тазаруына  бірінші  себеп  болатын  нəрсе – малды  жақсы  асы-
рап жақсы күту, егер бұған салақтық қылса, еткен еңбек босқа 
кетеді. Міні, сол себепті қазаққа шөп шабатын мəшине алу ке-
рек.  Жаңа  шөпті  қуратпай,  мезгілінде  шауып  алу  керек.  Осы 
күнге дейін «осы жарайды» деп өлшеп шаппай, шама келгенше 
көп шабуға керек. Мал қыс күнінде азыққа тарықпаса, іріленіп 
тез өседі. Қазақтың егін салатын жерінде тай, тайыншаларды, 
айғыр, бұқаларды сұлымен асырау артық. Жас малды неғұрлым 
жақсы асыраса, өскіш келеді. Айғырлар, бұқалар күшті болса, 
балалары  да  асыл  жана  берік  болып  туады.  Бірақ  айғырлар, 
бұқалар аса семіріп кетпесін, соны ескеруге тиіс. Қазақ малын 

141
жылы орында ұстау жарамайды, аса нəзіктендіріп алып, қысқа 
тебінге шығуға жарамайтын болып кетпесін. Əрине, тымсуық 
борандарда далаға шығармай, қолда күту артық.
Жұрттың көбі үйірге қосатын айғыр, бұқаларының жақсы-
жаманына  көз  жібермейді.  Малдың  еркек,  ұрғашы  екі  жағы 
да бірдей тəуір болса, тұқым асыл болуын естен шығармасқа 
керек. Жана қазақ малы құнажын, дөнежінінде балалайды. Бұ 
да  пайдасыз  нəрсе,  малдың  тұқымы  уақтанып  өспей  қалады. 
Тұқым  үшін  малдың  еркегі  болсын,  ұрғашысы  болсын  ең 
берігін,  күштісін,  сұлуын  таңдап  аларға  керек.  Нашарын 
тұқымға  қоспау  тиіс – ол  еркектерін  піштіріп,  ұрғашыларын 
сатуға немесе сойыуға ылайық.
Жақсы  айғыр,  жақсы  бұқа  өздерінде  болмаған  қазақтар 
басқа  жерден  сатып  алсын  немесе  үйірге  сала  тұруға  алсын. 
Бұлай реті келмесе, өздерінің жақсы биелерін тұқым алу үшін 
жақсы айғырдың үйіріне қоссын. Қазақ жылқысынан жүйрік, 
жортақ, жорға көп шығады, міні, осыларды піштіріп тастамай, 
тұкымға арнау керек, шет патшалықтарда осылай етеді.
Қазақ  жылқысының  түқымын  асылдандырып,  өлшеуге 
толарлыққа жетістірсе, əскерге керек аттарды өкімет те жақсы 
бағамен қазақтан алып түрар еді.
Қазақ  сиырының  тұқымы  онша  жаман  емес,  бірақ  сүйегі 
уақ, сүті аз. Жоғарыда айттық, тұқымды қалмақ сиырынан алу 
керек деп. Бұл туралы жақсы тəжірибе бар. Жақсы дейтініміз 
сол:  қалмақ  сиырының  тұқымы  өзі  əуелде  қазақтан  шыққан: 
Бұл  тұқым  суыққа  төзімді,  жайылып  оттауға  көнімді  келеді. 
Бұл сиырлар қазақтың осы күнгі тұтынып отырған сиырынан 
ірі, етті көп береді, жұмысқа шыдамды, бір айыбы сүтті бол-
майды.
(Бенкевиш)

142
33. СҮТТІ СИЫРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қай кəсіпке болса да шаруа көзімен қарап, неғұрлым пай-
даны көбірек шығаруға ұмтылу керек. Сауулы сиыр ұстағанда 
да пайдалы жақты ескеру керек. Сиыр тұкымына қарай сүт бе-
реді. Бір тұқымнан өрбіген сиырдың да жылына 150-200 шелек 
сүт беретіні де, 30-40 шелек сүт беретіні де бар. Мүйізді мал 
ұсталатын орнына қарай үш тарау: 1) жұмыс малы, 2) ет малы, 
3) сүт малы. Əр тарау малдың өзіне ылайық тұлға, бітімі бола-
ды.
Жұмыс  малының  күші  мол  болуы  керек.  Күш – жуан 
сүйектен,  бұқа  мойыннан,  кеуде,  желке  еті  қалыңнан,  əукесі 
үлкеннен, терісі қалың кедір-бұдырдан шығады. Ет малының 
еті, май жиналатын жері толық болуы керек. Ет жиналмайтын 
сүйек,  бас,  айақ  қарын  толымды  болмайды.  Ең  бағалы  жер 
арқа, белдеме, сан, қол, кеуде жентекті болу керек.
Сүт малының тұлға бітімі жұмыс, ет малына да ұқсамайды. 
Бар денесі сүттің шығуына байлаулы. Сүтті сиырдың бас бел-
гісі  желінінің  бітімінде,  желін  толған  без.  Əрбір  без  есепсіз 
көп  қуықшадан  құралады.  Қуықшаның  ара-арасын  қудалаған 
ет, май, қан жүретін жерінде ыдыс болады. Қуықша сүтке тол-
са,  желін  керіліп  кетеді,  сүті  суалса,  бұзау  емсе,  қуықшадан 
сүт  кетіп,  желін  босап  қалады.  Егер  қуықша  арасындағы  ет, 
май  көп  болса  желінді  өнемейін  керіп  сауғанда  босатпайды. 
Мұндай  ет  желінді,  май  желінді  сиыр  сүтті  болмайды.  Сүтті 
сиырдың  желіні  төртпақ  жалпақ  келеді.  Əрбір  емшек  тұрған 
орын бөлек қолға білінеді. Сауса да саумаса да тікиіп тұратын, 
жүргенде шапқа соқтығатын желін сүтсіздіктің белгісі. Жақсы 
желін сүт толған сайын жан жаққа керілсе де, бұлғалақтамайды, 
соқтығып кернелмейді. Сүйрік желін жақсы болмайды. Сүтті 
сиырдың желінінің терісі жиырылып, кең жатады. Сүт толып 
керілуіне бөгет болмайды. Тығыз жабысқан тері желінді қысып 
керілтпейді. Əсіресе, жиырынды тері алды-артында болады.
Емшек аса ұзын да, жуан да, қысқа да, жіңішке де болмасқа 
керек. Емшек ортасында буылтық болмасын жəне атқан оқтай 
түп-түзу төмен қарап тұрсын, қисайып тұрмасын. Емшек үстері 
бір-біріне  жақындасып  кетпесін.  Сүттің  көп  шығуы  желінге 

143
қанның көп құйылуынан. Жақсы қанды жеткізіп жаман қанды 
алып қайтатын тамыр «сүт тамыр» деп аталады. Бұл желіннен 
бауырға қарай шығады, көзге де көрінеді. Қолымен сипау бы-
лай тұрсын, неғұрлым жуан, бұтақты, іркілдеген қанды болса, 
сүттіліктің белгісі. Нағыз сүтті сиырдың сүт тамырының тарауы 
желінінің сыртында білеуленіп шығып тұрады. Сүт тамырдың 
қарынға кіретін орны щұңқыр келеді. Бұл шұңқыр «сүт құдық» 
аталады. Мұнын тереңдігі де, кеңдігі де сүттілігінің белгісі. Те-
рендігін сүт құдыққа саусақпен басып өлшейді. Сиырдың жүні 
жоғарыдан  төмен  қарай  жығық,  желін  ай-  наласындағы  жүн 
төменнен  жоғары  қарай  жығық,  екі  жығықтың  астасқан  жері 
тақырлау, ашықтау келеді. Мұны «сүт айнасы» дейді. Неғұрлым 
бұл кең болып құйрыққа қарай өрлесе сүттіліктің белгісі.
(«Агроном»)
34. КƏПЕРАТСІЙЕ (КООПЕРАЦИЯ)
Коператсійенің  шаруаға  қандай  пайдасы  бар  жана  жастар 
қалай араласу керек? Əуелі бір азғантай кəператсійенің тариқи 
жайын айтып өтейін.
Əрбір  қалықты  алып  қарасақ,  кəператсиенің  өсу  себебі 
шаруашылықтың  күйзелу  түріне  қарай  болған.  Мəселен:  Ан-
гілиеде  үлкен,  жуан  жұдырық  байлар  жұмыскерлерге  үнемі 
еңбекақы  бермей  тарылтқан.  Мұқтаждық  көбейіп,  жұмыс-
керлер  ашыққан.  Керек  заттарын  əрқайсысы  барып  алып  ке-
луге  күші  жетпеген.  Соның  үшін  Оуен  деген  бір  білімді  ада-
мы  Ангілиеде 1854 жылы  кедей,  жалшы  жəне  жұмыскерлер 
арасында  потребител  дүкенін  ашқан.  Бұл  дүкен  жер  жүзінде 
бірінші дүкен деп аталған. Себебі мұнан бұрын еш жерде пот-
ребител дүкені ашылған емес. Керек заттары болса, қолы же-
тетін  жұмыскерлер  жана  жалшылар  осы  ортасында  ашылған 
өздерінің дүкендерінен орта арзан бағамен сатып алып тұрған. 
Əуелі Ротшел деген қалада ашылу себепті «Ротшел потребител 
дүкені»  деп  аталған.  Кейінге  кəператсийе  жолын  салғаносы: 
Оуен  болған  үшін  бүл  кісіні  потребкəператсиенің  əкесі  деп 
атайды.

144
Ангілиеден бөтен мемлекетке кəператсийе тарай бастаған, 
1864  жылы  біздің  Ресейде  Киноуский  зауытында  (Орал) 
жұмыскерлер  арасында  бірінші  потребител  дүкені  ашылған. 
Мұны ашқан жұмыскерлер бастығы Шернышевский деген кісі 
болған.  Киноуский  зауытынан  Ресейдің  бөтен  жағына  жайы-
лып көбейе бастаған.
1897 жылы Ресейде 18 потребител кəператіп арасынан ұйым 
(сойуыз) ашуға қаулы істеген жиылыс Мəскеуде болып, орны 
да жаңа сонда тағайындалған. 1898 жылы 16 ийуіндегі жарлық 
бойынша сойыузқабылданып, сонан потребител дүкендерінің 
кіндік сойуызы осы күнге шейін Мəскеуде болып келе жатыр. 
Мұны «жалпыресейлік сентрсойуыз» деп атайды.
Сонымен  əр  жерде  ашылған  дүкендер  саны  көбейіп, 1904 
жылға  шейін  сойыузға  қосылған  кəператіп 144-ке  жеткен, 
71.937 мүшесі жана істеген саудасы 350 мың теңге болған.
1905 жылы Ресей тоңкерісі мен жапон соғысы 1906 жылы 
кəператсійе  санын  азайтады. 1907 жылдан  бастап,  алға  жүре 
бастап, 1914 жылы сойыузге кірген кəператіп саны 154-ке же-
теді. Жергілікті калық дүкенін алсақ, саны 3012 болады. Барлық 
мүшелері 700 мыңнан асады. Белгілі əлеумет соғысы уақытында 
тсентрсойыуз  жаңа  жергілікті  кəпертіптердің  жұмысы  ілгері 
баса  алмайды.  Себебі  əуелі  шаруашылық  күйзеліп,  екінші, 
кəператсийе  жұмысын  істеп  жүрген  мамандарымыз  бөтен 
жұмысқа араласып, шаруашылыққа қарауға мүмкін болмады, 
бұлар мемлекет жұмысына жасырын кірісе бастады.
Сонымен 1917 жылы  ескі  өкімет  түсіп,  мемлекет  кедей 
жана жұмыскер қолына тиеді. Бұл төңкеріс қалыққа оңай тиген 
жоқ.
Шаруа  күйзеліп  басын  көтере  алмастай,  елге  қиыншылық 
кіреді.  Бұл  түрде  шаруашылық  ұйымын  ашу  қиын  болды. 
Сонда да кеңес өкіметі барлық қиыншылыққа қарамай, соғыс 
біткен  соң  шаруаны  оңдауға  кіріседі.  Жұмыскерлердің  жана 
кедейлердің тұрмысын жөндеуде болып, кеңес мемлекеті 1919 
жылы  (мартта)  жаңа  декірет  бойынша  кəператсійе  жұмысын 
тағы ілгері жүргізеді. Бұл декрет бойынша кəператіп дүкенінде 
бар  нəрсені  халыққа  текке  үлестірмекші  болады.  Соңынан 
шыққан 1921 жылғы (7 апірелде)  декірет  мұны  өзгертіп, 

145
жаңадан іске кіріседі. Бұл декрет бойынша текке нəрсе берілуін 
тоқтатып,  барлық  затты  сататын  жана  сатып  алатын  болады. 
Бұл қалыпта сауда жүре бастап, іс ілгеріледі.
Əуелі  «кəператіп  не  нəрсе?»  деп  сұраушылар  болар.Бұған 
кəператіп  қалық  ұйымы  деп  жауап  беруге  болады.  Не  үшін 
десеңіздер,  кəператіп  жалғыз  бір  адамның  жүргізіп  тұрған 
нəрсесі емес, кəператіп қалық арасындағы жарлы-жақыбайдың 
жана  жұмыскерлердің  мұқтажын  тауып  беріп  тұратын  ұйым 
дейміз.
Кəператіп  əр  түрлі  болады.  Бұл  жерде  жалғыз  потребител 
дүкенін  ғана  алып  отырмыз;  соның  үшін  бұл  ұйымды  ортақ 
қалық  дүкені  деп  атайды.  Осы  күні  біздің  қазақ  тұрмысын 
алып  қарасақ,  бұрынғы  мал  кетіп,  көшпелі  тұрмыстан 
отырықшы қалыпқа түсіп келеді. Бұлай болған күнде кəсіп түрі 
өзгерілмекші.  Сондықтан  ең  əуелі  кедей  арасына  потребител 
дүкенін ашу керек.
Бұл  потребител  дүкенінің  жұмысын  алсақ,  мұның  міндеті 
–  алыпсатарлармен  күресу.  Біздің  қазақта  жүн-жұрқа,  астық, 
мал  жаңа  заттар  бар,  бұларды  сату  керек.  Алыпсатарларға 
сатса,  арзан  баға  беріп,  шаруаның  ақысын  өздеріне  қаратып, 
жеп қалады, бұл – бір. Екінші, əрбір шаруаның жайын алсақ, 
азғантай заты үшін матаның арзан жеріне барып ала алмайды. 
Шаруаның алыпсатарларға жем болатыны осы. Ал, егерде 20-30 
үйдің арасында дүкені болып, бар затын дүкенге беріп, өздеріне 
киім-кешек жаңа бөтен шаруашылыққа мұқтаж нəрсесін дүкен 
арқылы алдырып тұрса, əуелі шаруа қолындағы зат тиісті жо-
лына сатылып, өздеріне керек нəрсе арзан орта бағамен алына-
ды. Екінші, алыпсатардың құлқынына түсетін пайда өздерінде 
қалады. Бұлай болған күнде шаруа ілгері жүреді.
(Қойайдарұлы)

146
35. КҮН
(Толстойдан)
Қыс  бойы  күніміз  төмендеп  жүреді:  сəулесін  қиалап  бір 
бүйірден жібереді. Сондықтан қыс жер жүзінде суық болады, 
жанды-жансыз заттың бəрі тоңады. Сұры кетіп табиғат солады; 
айдай əлем жансыз өлік сықылдыболады.
Жарқырап əсем жаз келеді. Жер жүзіне жан енеді. Жылы-
нып,  жібімеген  зат  қалмайды,  қыбырлап,  қимылдамаған  зат 
болмайды.  Қар  басына  қысым  түседі  өндетіп  мұз  бұзылып, 
күрсілдетіп сең көшеді. Өрден төмен су құлайды; өксіп-өксіп 
бұлт жылайды. Судан бұлтқа бу асады, дүркін-дүркін жер бетін 
қара нөсер басады. Мұның бəрін істейтін кім? – Мұның бəрін 
істейтін – күн.
Дəн ісініп өсе бастайды, ескі түбірден бұтақтар тарап, жан-
жаққа кете бастайды. Ағаштар көк жапыраққа орана бастайды, 
көк майса айағыңа орала бастайды. Мұның бəрін істейтін кім? 
Мұның бəрін істейтін – күн.
Айыулар жатағынан шығады, шыбын-шіркей қысқы ұйқы-
сынан  тұрады,  су  ішінде  маса  туып,  көбейеді,  жылымен 
балықтар өсіп, өнеді. Мұның бəрін күн үлгереді.
Кісі бөренеден үй салады, бөренені ағаш ішінен кесіп ала-
ды.  Күн  ағаш  ішіне  сəулесін  түсіреді,  сүйтіп,  ағашты  да  күн 
өсіреді. Адам қыш кірпіштен үй салады, беріктікке кірпіштен 
ізбеспен байлайды. Ізбеспен кірпішті күйдірген отын, отынды 
əзірлеп қойған – күн.
Адамға тары мен нан керек еді, бұлар күн күшімен өнеді. 
Адам малдың етін жеп, сүйегін кеміреді, мал шөппен семіреді, 
шөпті күн өндіреді.
Керек деп адам нан жейді, жеген кісіні нан қыздырады, пеш 
отынмен жылынады. Қысқа қарай жұрт отын жиады, ол жиғаны 
күннің жылуы болады. Қыс пешке отын жақтым дегенің үйге 
күннің жылуын жібердім дегенің.
Жылу тікелей күннің өзінен болады, иə отын мен көмірге, 
астық пен шөпке сəуле боп түскен күннің көзінен болады.
Жел дермендер, от дермендер айналып жатады, астық тарта-
ды. Оларды кім жүргізеді? – Жел мен су. Желді кім жүргізеді? 

147
–  Желді  жүргізетін – жылу.  Жылу  қайдан  шығады? – Жылу 
күннен  туады.  Бір  жерден  ауа  жылып  жоғары  ұшады,  оның 
орнына  қарай  басқа  жерден  салқын  ауа  жылысады.  Сүйтіп, 
жел соғады, олай болса жел де жылудан болады, Суды да жел 
қуады, жылудың өзі күннен туады.
Пабіриктер де жұмыс қып жатады, от арба мен откемелер-
ді  мəшинелер  сүйреп  зырқыратады.  Мəшинелерді  жүгіртетін 
бу  болады,  бу  отыннан  туады.  Отын  ішінде  күннің  жылуы 
тұрады.
Қимыл жылудан туады, жылусыз жаның бір сағатта шығады. 
Міні, енді көреміз, тек жылу болса ғана қимылдап өмір сүреміз, 
жылу кем болса, қимыл да кем, жылу ден болса, қимыл да ден. 
Жылу өте күшті бол-са, қимыл өте күшті.
Сүйтіп, қимылдағаның мен жүргенің,
Жан болып өмір сүргенің,
Қыбырлап жерді басқаның,
Қайратым мол деп тасқаның –
Бəрі күннің арқасы,
Əйтпесе қолынан келмейді басқаның.
(Аударушы: Телжан)

148

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет