ҮМЕНІ КӨРГЕНІМ
(Құрмаш айтқанынан)
Қалқай – қартайған адам. Ержеткен балалары жоқ. Пішен
мезгілі келді. Жұртпен қатар Қалқай да пішенін шаба бастады.
Қайраты кеміген адам. Өзі шауып өндіре алмады.
Үме салып өндіріп алмасам болмайды екен деді.Өз ауы-
лына, өзге маңайындағы ауылдарға барып біркүнге қолдарын
сұрады.
Ертеңіне Қалқай арбаға қойын салып, екі мес сусын алып, пі-
шен басына барды. Мақаш пен екеуміз де үмені көруге бардық.
Шабатын жерін келген адамдарға Қалқай көрсетіп берді.
Көп адам қатар түзеп шапқанда шыдатпайды екен. Əрқай-
сысы қатардан қалмасқа тырысып, жарысқан сиақты болады
екен. Бесінге дейін бар шөбін шауып берді.
Бір қойдың етін жеп, екі мес сусын ішіп, орақшылар ауыл-
дарына тарады. Қалқай бəріне алғыс айтып, ырза болып, үйіне
қайтты.
9) Ойнаңдар! Ойлаңдар!
Шырпыдан 9 торкөз жасаңдар. Со-
нан 8 шырпы алып тастап, басқасын
қозғамай қойып, 2 көз ғана қалдыру ке-
рек.
Қай шырпыларды алып тастау?
91
КҮЗЕМ
(Көргенімнен)
Байдікі күзем алады десіп жүрді.
Бір күні таңертең тұрсақ, байдың үйінің алдында қойлар
көгендеулі тұр. Үлкендер белдеріне шекпен, жаман-жұман
киім байланып алған. Біреулері қырықтық қайрап, біреулері
қой жығып, біреулері қой қырқып жатыр. Балалардың ересек-
тері көгеннен қой əкеліп беріп жүр, кішкентайлары жүн жи-
нап жүр. Мен декеліп жүн жинастым. Қап толған соң қолдасып
көтеріп, үйге апарып төгеміз.
Əйелдер сабауларын алып, үйге кіріп жатыр. Бір-екеуі үй
ортасына тулақ төсеп жатыр. Кешікпей-ақ дүсір-дүсір сабаған
сабау даусы шыға бастады. Əйелдер жан-жұң сөйлесіп, күлісіп
отырып, «ірит соқ-соқ!» деп жүнді көпіртіп-көпіртіп сабайды.
Қырықтықшылар əр үйге жүн беріп жіберіп құрт-май алдырды.
Келген кұрт-майды жеп тойып алдық.
ШАНА ІСТЕГЕНІМ
Үйден шыға келсем, Тұраштың кішкентай інісі: «Мақатай-
ау, шанамды қара! Ағатайым істеп берді», – дейді.
Қасына келіп қарасам, жіңішкерек талдан істеген ойыншық
шана екен. Мен де сондай шана істейінші деген ой түсе қалды.
Қалай істелгенін анықтап қарапалдым.
Үйге келіп шана істеуге ылайық тал қарадым. Іздеп жүріп,
бұтағы жоқ түзу бір сида тал тауып алдым. Шанаға табан
болғандай етіп екеуін теңгеріп бір бөлек қойдым. Үстірік
болғандай жана ағаш тауып алдым. Оларды теңгеріп кесіп, бір
бөлек қойдым.
Табандық ағашты да, үстіріктік ағашты да көргенімше
ұқсатып жондым. Табандарының басын идім. Шабақ ор-
нататын жерлерін тестім. Шабақтарын жонып орнаттым.
Жіңішке шыбықтан қарамамен бүкпелерін істедім. Бүкпелерін
шабақтарынан өткізіп алып байладым. Табандарының басына
қарама салып, оны да байладым. Сонан соң екі жетек тағып
едім, кəдімгідей шана болып шықты.
92
ҚАЗАҚ ƏЛІБ-БІЙІНЕ ШЫҒАРЫЛҒАН ƏРІПТЕР:
1) һ ( ﻫ) Бұл əріптің дыбысы қазақ тілінде де бар. Шаршаған
кезде «уһ!» деп күрсінеміз.
Жақтырмағанда «түһ!» дейміз.
Өкінгенде «аһ» дейміз. Ауырғанда «əһ!», «əһ!» деп ыңқыл-
даймыз.
Осы сөздерден үһлеу, үһлемек деген сияқты, аһламақ сияқты
барша тұрпаттарымен сөздер туады.
Бұл əріпті қазақ əліб-бійінен шығарғанда мұнымен жазы-
латын сөздер аз деп шығарылып еді. Аз болғанмен тілде бар
дыбыс болған соң, жоқтығы сезілетін көрінеді.
2) X (ﺡ). Бұл «қ»-ға жақын дыбыстың əрпі. Қалың (əл-
ауқатың) қалай? – Халың қалай? Құрметті – хүрметті. Қажы
– хажы.
3) х (ﺡ). Бұл қазақ сөзінде «х» сықылды естілетін дыбыс
арапшада «х»-дан қатты, тамақты қырып айтылады.
4) ф (ﻑ). «П»-ға жақын дыбыстың қарпі. Телепон –телефон.
Сапа – сафа. Қаріп – харіф. Опат – офат. Апат – афат.
5) Ч (چ). Бұл «ш»-ға жақын дыбыстың қарпі.
6) (ﺕ) «тс»-қа жақын.
7) ... – «3»-ға жақын.
5
8) ... – Бұда «з»-ға жақын.
9) ... – Бұда «з»-ға жақын.
10) ... Бұл «с» сықылды естілетін дыбыс.
11) ... «т»-ға жақын.
12) «
ﻉ
» – Бұл қазақ сөздерінде «ғ» сықылдыестілетін дыбыс
арабшада «ғ» – дан қатты, тамақты қырып айтылады.
13) ﺍ – Бұл ылғи сөз басында ғана жазылып, «а» дыбысы ор-
нына жүретін еді, енді басындағы «ء» қалды. «А» бұрын сөз ба-
сында дауысты қаріптің алдында тұрса, оқылмайтын еді, оны
сүйеу тайақ дейтін едік екеу енді қай орында тұрса да бірғана
дыбысты көрсетеді ала, айқын, сара, тарақ.
5
Араб тілінің жуан з, с, т. дыбыстары таңбалары болмағандықтан, берілмеді.
93
94
Жер жүзінің еңбекшілері, бірігіңдер!
БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АҚЫМЕТ
САУАТ АШҚЫШ
Дыбыс əдіс жолымен тəртіптелген қазақша əліпби
Сауатсыз үлкендер үшін І-ші кітап
Қазақ басылымы
Қызылорда – 1926 г.
95
1. з
ﺯ,
2. р
ﺭ,
3.
а
ﺍ
зар
(з) ﺯ
(р) ﺭ
(а) ﺍ
(а) ﺍ
(а) ﺍ
(а) ﺍ
(з) ﺯ
(р) ﺭ
а-зар
а-за
а-ра
(аз)
ар
Ар, ара, аз, аза, араз, азар, зар.
4. л
ﻝ
зар
ар
алар
зарла
арла
ара
зарлар
арлар
арал
(а) ﺍ
(а) ﺍ
ла
(л) ﻝ
ала
ал
Ал, ала, алар, ара, арал, арла, арлар, аз, аза, азар, зар, зарла,
зарлар.
5. с
ﺱ
рас
сас
сал
ас
сара
сасар
сала
аса
арлас
саз
салар
асар
Саз, аз, ас, асар, алса, алар, салса, сапар, азса, азар.
96
6. т
ﺕ
сатар
тас
таза
ат
артар
татар
тар
ата
тартар
сат
тара
таз
Ат сат. Тал тарт. Ас асат. Ала ат. Тас таза. Арал тар. Татар ат
сатар. Сарт алар.
7. о
ﻭ
тор
op
сорар
олар
зорла
торла
от
зор
сор
ол
торлар
отар
Ат озар. Тор тозар. Орта толар. Олар артар. Ол тартар. Ораз
осал. Орал озар.
8. н
ﻥ
сона
сан
тана
он
оннан
сана
нан
тон
тоннан
санар
нар
ана
Нан аз. Нар зор. Атан арзан. Он тана. Ат азар. Тон тозар.
Асан атар. Атаннан нар зор. Асаннан Осан озар.
9. қ
ﻕ
қолқа
сақал
тақа
ақ
қалқа
қатар
сақ
оқ
қалқан
қол
сақа
бақ
Қар ақ. Қарт сақ. Қазан қара. Қазақ тоқ. Қос аласа. Қонақ
қонар. Ақ, қара аралас. Қазақ, татар қаралас. Асан, Оқас
қостас.
97
10. б
ﺏ
азбар
бор
бала
об
қан
боран
саб
обал
қанбас
табан
сабан
бал
Ат албар. Нар бота. Болат балта. Нан қалта. Қар борар. Бо-
ран болар. Боқан бақан алар. Қоқал сабан салар.
11. ы
ﻯ
ырыс
сырық
қаны
ары
қын
ық
алты
арық
қыны
ыс
салты
азық
От бар. Орын тар. Азық арзан. Сарық арық. Алты асық.
Қырық қыз. Отыз балық. Он сырық. Бала борық тартар. Қатын
қап тоқыр.
12. у
ۋ
табу
тау
тау
ay
тану
қауын
тауық
aya
cayy
салу
ару
ayap
Ақ отау. Асқар тау. Acay атан. Сары қауын. Cayлық сауын.
Балау ас. Тау тарау. Ауыл алыс. Балық аулау. Орақ ору. Ауру ат.
Тал сабау.
13. ұ
ۇ
құлан
бұқ
тұр
ұр
құуан
бұқа
тұра
ұра
құуат
бұу
тұу
ұл
Бұзық бұзар. Құлын тулар. Құнан құла. Қулықсұр. Құрақ қу.
Отын су. Тура тұр. Турабұр. Құр атқа құрық сал.
98
14. ж
ﺝ
баж
жол
жұл
жат
таж
жұлқы
жота
жанар
олжа
жұлқу
жоса
жатақ
От жанар. Жол тар. Ат жатар. Жоса қызыл. Жұлын ұзын.
Қар жұқа. Жар жақын. Қанжар қару. Жатқан жатақ. Жатақ атақ.
Ұрыс жанжал.
15. ш
ﺵ
шортан
қаш
шала
аш
шолақ
қашу
шақ
ашар
шошақ
қашан
шақша
шал
Ашу бас. Шашу шаш. Шолақ шаш. Жолақ алаша. Шал шар-
шар. Шабан ат. Қара шана. Құлаш арқан. Құшақ отын.
16. м
ﻡ
алма
мол
шам
там
алмас
мола
шама
тамақ
танымас
молалы
шамалы
тамшы
Мал аман. Мас жаман. Тамшы тамар. Малта ашшы. Су
тұшшы. Алтын салмақты. Мамық жұмсақ. Сырмақ қатты. Жал-
шы мал табар. Балық қармақ қабар.
17. ғ
ﻉ
жалғыз
алғыр
ағын
аға
қалған
шалғыр
шағал
ағаш
жалған
тарғыл
сағым
шағым
Ат тағалат. Тағалы ат. Жорға ат. Жорға жорғалат. Шаған
ағаш. Сағым бу. Алғыр тазы. Ағын су. Омар жазғыш. Мұрат
сызғыш.
99
18. д
ﺩ
барды
жылдам
адыр
адам
балдақ
алды
адым
адал
сандық
қалды
дұға
адас
Адыр адам. Дабыл жол. Жылдам жазу. Омарға Оқас жолдас.
Алдында ат, артыңда арба. Адалдық арлы адамнан табылады.
Бұзық басы бұурылдан.
19. п
پ
ақпан
топыр
apпa
aпa
балапан
пұл
пapa
апан
Оспан
пылан
доп
опала
Аспан ашық. Қора батпақ. Аққу аппақ. Шапан шапшақ. Жас
жапырақ. Қара топырақ. Арпа астық. Сорпа тамақ. Ақпанда
суық болады.
20. ң
ڭ
шаңдақ
соңғы
оң
аң
мұңды
шаң
оңды
таң
мұңдас
шаңы
coңы
таңда
Қасқыр аң. Дала шаң. Бала тоңды. Мата оңды. Ат маңка.
Асық оңқа. Шапан жаңа. Нар шаңдақта жатыр. Таңдаған тазға
жолығар. Оның аты – Оңғар. Мұның аты – Мыңжасар
21. й
ﻱ
қый
бой
тайар
ай
қисық
боя
ой
аяз
қыйын
бойы
ойла
тай
100
Ай жарық. Бай сараң. Майы жаман, шайы сұйық. Қойшысы
жалаңаш. Сай сайға құйады, бай байға құйады. Айудан
қорыққан ағашқа бармас.
22. ə, 23. і, 24. ү, 25. ұ
ءﺍ
6
əн
ыс
ұр
ор
əнім
іс
үр
өр
əнің
ысымыз
ұн
он
əні
ісіміз
үн
өн
сəн
тыс
тұз
ол
сəнім
тіс
түз
өл
сəнің
ысы
тұз
от
сəніміз
ісі
түс
өт
сəніңіз
тысы
сүт
тоз
мəн
тісі
сүті
төз
26. е
ە
əуе
мен
зер
ел
əуре
мені
жер
ер
терең
менің
тер
ез
Дем ал, Дорбаға жем сал. Жерде қар жұқа. Терезе терлеп
тұр. Сен оқыдың, мен тыңдадым. Үш жерде бес – он бес.
27. к
ﻙ
керек
кем
кел
ек
күрке
кілем
кет
бек
ерке
күлкі
төк
бекіл
Күн шықты. Тұман сейілді. Ат керілді. Келіншек тезек
тереді. Серке секіреді. Киік орғыйды. Теке қарғыйды. Кеме
жүзеді. Кесірткі жорғалайды. Күйкентай ұшады.
6
« » дəйекші деп аталады. Алдында дəйекші тұрған сөз жіңішке оқылады.
101
28. г
گ
жік
жек
ек
көк
жігі
жегін
егін
көгі
жігер
жегу
шeгe
түк
жүген
егеу
шеген
түгі
Көп жасаған білмес, көп көрген білер. Түбі бірге түтпейді.
Ексең егін, ішерсің тегін. Бүлінген елден бүлдірге алма.
Жүрген айаққа жөргем ілінеді. Бір көрген біліс, екі көрген та-
ныс. Төсегіңе қарап айағыңды көсіл.
Қазақ тіліндегі дыбыстар жəне олардың қаріптары
(таңбалары):
(а)
ﺍ,
(б)
ﺏ,
(п)
پ,
(т)
ﺕ,
(ж)
ﺝ,
(д)
ﺩ,
(р)
ﺭ,
(з)
ﺯ,
(с)
ﺱ,
(ғ)
ﻉ,
(қ)
ﻕ,
(г)
گ,
(ң)
ڭ,
(л)
ﻝ,
(м)
ﻡ,
(н)
ﻥ,
(о)
ﻭ,
(у)
ۋ,
(ұ)
ۇ,
(е)
ە,
(ы)
ﻯ,
(й)
ﻱ
жəне жіңішкеліктің белгісі «ء» (дəйекші).
Дауысты дыбыстардың таңбалары:
(а)
ﺍ
, (о)
ﻭ
, (ұ)
ۇ
, (е)
ە
, (ы)
ﻯ
Дауыссыз дыбыстардың таңбалары:
(б)
ﺏ
, (п)
پ
, (т)
ﺕ
, (ж)
ﺝ
, (д)
ﺩ
, (р)
ﺭ
, (з)
ﺯ
, (с)
ﺱ
, (ш)
ﺵ
,
(ғ)
ﻉ
, (к)
ﻙ
, (г)
گ
, (ң)
ڭ
, (л)
ﻝ
, (м)
ﻡ
, (н)
ﻥ
, (у)
ۋ
, (й)
ﻱ
Қазақ тұтынбағанмен, басқа түріктердің тұтынуынан
шықпаған араб əліппесінің қаріптері:
7
ۇ ﻍ ﺠ چ
(һ) ﻫ шаршағанда шығатын дауыстың айақ үні.
7
Араб əріптерінің бірқатар таңбаларын жоқ болғандықтан бере алмадық.
102
1. ТОРАЙҒЫР БИДІҢ ТАҚПАҚТАРЫ
Барлы, барлы, барлы тау,
Басы есеннің дені сау.
Ұйықтамаса, қабақ жау,
Ішпей жүрсе, тамақ жау.
Арық атқа қамшы жау.
Жыртық үйге тамшы жау.
Ұрысқақ болса, ұлың жау.
Керіскек болса, келін жау.
Қашаған болса, атың жау.
Қарыспа болса, қатын жау,
Тебеген болса, биең жау.
Сүйкеншек болса, түйең жау
Түйең менен биеңді
Алып кетсе, жиен жау.
Ұл он беске келгенше
Қолға ұстаған қобызың.
Ұл он бестен асқан соң,
Тіл алмаса, доңызың.
Көкпектен өліп қалмаса,
Жасында күйеу алмаса,
Көрінгенмен ойнаса,
Бəрінен үлкен қызың жау.
(Шорман жиғанынан)
2. АЛШЫН ҚАРАЖІГІТ БИ
Алшын Қаражігіт би бала күнінде бір ауылға келсе, сол
ауылда Төле би мен Едіге бір үлкен дау бітіру жұмысында жа-
тыр екен. Қаражігіт босағадан орын алып, сөйлескен сөздерін
тыңдап отырып, ұнатпай:
«Асқар тау, сенде бір мін бар –
Асу неге бермейсің?
103
Қара су, сенде бір мін бар –
Өткел неге бермейсің?
Билер, сізде бір мін бар –
Елге тізгін бермейсіз», –
депті де, үйден шығып жүре беріпті. Билер қайтарып, кім
боласың деп жөнін сұрағанда, Қаражігіт айтады:
«Шешем қара күң,
Əкем қараңғы түн.
Пышағым бар жетесіз,
Шешем бар некесіз.
Өзім туған бір ұлмын,
Тегімді сұрап не етесіз?»
Билер төрге отырғызып, дау билігін Қаражігітке беріп-
ті. Қара жігіт: «Тұлпардың өзі бітпес, тұйағы кетпес» деген
бұрынғының жолы бар, көптен келе жатқан, тозған мал екен,
жүз жылқының тұйағы жүз тай болсын», – депті. Екі жағы
ырза болып тарапты.
(Шорман жиғанынан)
3. АТАҚОЗЫ БИ
Қазақтың бір қанының заманында, елде бір Атақозы деген
би болған. Ол би сөзге ұста, шешен кісі болған. Бірақ бұл қан
оның сөзін елең қыла қоймаса керек. Бір күні қан жолдастары-
мен сейілге шығып келе жатса, бір бүйірден бір жалғыз адам
келе жатқанын көріп, қан жанындағы жолдастарынан мына келе
жатқан кім екен деп сүраса, жанындағы жолдастары бүл белгілі
Атақозы ғой деп. Сүйткенше болмай, Атақозы келіп қалады.
Қанмен амандасып болғаннан соң, қан тұрып Атақозыға:
«Апырай, сіз қалай арықсыз?» – деп сұраған. Сонда Атақозы
қанға айтқаны: «Тақсыр қан, мен қалай семіз болайын. Өлеңді
жерде өгіз семіреді, өлімді жерде молда семіреді, қаралысында
қатын семіреді, қайғысыз қан семіреді. Қазақтың жылқысын
калмақ алады деп, бір түнде тоғыз ойанып, тоқсан ойланамын.
Сүйтіп жүріп мен қалай семірейін», – деген.
Сонда қан жанындағыларына бұл мұндай кісі екенін маған
бұрынырақ неге айтпадыңыздар деп, не айтарын біле алмай,
сасып қалған дейді.
104
4. АЛДАР КӨСЕ
Алдар көсе мен шайтан бірлесіп бидай егеді. Егін піскен
соң орып, бастырып, бидайын бір бөлек, саламын бір бөлек
қойыпты да, шайтанға көрсетіп айтыпты:«Көбін аласың ба?
Азын аласың ба?» – деп, шайтан: «Көбін аламын!» – депті.
Көбі мынау деп, саламды шайтанға беріп, бидай біткенді өзі
алыпты.
* * *
Бір күні Алдар көсе мен шайтан екеуі түлкі қуып соғып
алып, қай жасы үлкеніміз алайық дейді.
Алдар көсе шайтанға: «Кəні, сен нешедесің? Жасыңды айт»,
– дейді. Шайтан: «Мен туғанда көк табақтайғана, жер кеседей
ғана еді», – дейді. Алдар көсе еңіреп қойа береді. Шайтан:
«Неге жылайсың?» – дейді. «Менің үлкен балам нақ сол жылы
туып еді, құрдас екен-ау деп жылап тұрмын», – депті. Сүйтіп,
Алдар көсе үлкен шығып, түлкіні алады.
5. ҚОЖАНАСЫР
Қожанасыр жарлы болған адам. Бір күні жайау кіре тасып,
кəсіп қылып, тамақ асырамақ болған. Базарға келіп,жайау
кірешілердің жанында тұрғанда, бір сандықкесе, шыны-айақ,
тас табақ сиақты шетін нəрселерді алып баруға жалданбақшы
болады. Нəрсе иесі айтады: «Алып бару ақыңа мен саған үш ауыз
мағаналы, қасиетті сөз үйретемін», – дейді. Ақша басқалардан
да табылады ғой, мұның қасиетті, зор мағаналы сөздерін естіп
қалайын деген оймен Қожанасыр жарайды дейді.
Сандықты көтеріп иесіне еріп келе жатып, біраз жер жүрген
соң: «Кəні, қасиетті мағаналы сөздеріңізді айтсаңыз екен»,
– дейді. Жалдаушы айтады: «Бірінші сөз мынау: егерде біреу
аштық тоқтықтан жақсы десе, еш уақытта нанбағайсың!».
«Жақсы, бұл бек мағаналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.
Тағы біраз жүрген соң: «Енді екінші сөзіңді айтсаң екен»,
– дейді. Жалдаушы айтады: «Екінші сөз мынау: аттыдан жайау
жүру жанға тыныш десе, еш уақытта нанбағайсың», – дейді.
«Бұда зор мағаналы сөз екен», – дейді Қожанасыр.
105
Үйдің жанына келіп қақпаға кірердің алдында тұрып: «Енді
үшінші сөзіңді айтсаң екен», – дейді. «Үшінші сөзім: егерде
жайау кірешінің сенен де ақылсызырағы бар деуші болса, асы-
лан нанбағайсың», – дейді.
Қожанасыр төбесіндегі сандықты жерге алып ұрып: «Егер-
де біреу бұ сандықтың ішінде сынбай қалған нəрсе бар десе,
ешуақытта сен де нанбағайсың», – дейді.
6. МҮҢКЕ БИ
Шекті ұлы Мүңке би жеті жасында билік айтып, кісі құны
дауды бітірген екен дейді.
Бір судың бойына бір бай аулы келіп қонады. Су бойында
бір топ бала ойнап жүрсе балаларды келіп ауыл иесі ақсақал
қуалайды. Байдың астындағы асаулау байтал екен, балалардың
біреуі атын үркітіп қалғанда, байдың бөркі басынан ұшып,
байталдың алдына түскен кезде, байтал тулап, бай жығылып
жан тапсырады.
Байдың елі балалардан құн алмақ болып жиылады. Үш күн,
төрт күн жатады, бітісе алмайды; бес күн, алты күн жатады,
бітімге келе алмайды. Сүйтіп дағдарып тұрған уақытта бір
тайға мінген жеті жасар бала келеді. Бала қарап тұрады да, бұ
жұмыстың билігін маған берсеңіздер, мен бітірейін дейді. Бала
бір айтады, екі айтады, оның сөзіне баласынып ешкім құлақ
аспайды. Ақырында ақсақалдар дағдарып: «Осы қой асығы
демеңіз, қолыңа жақса сақадай, жасы кіші демеңіз, ақылы
жақса атадай» деген қайда? Манағы бала кім баласы екен? Та-
уып əкеліңдерші», – деп іздетіпті. Сұрастырып баланы тауып
əкеледі. Баланың аты Мүңке деген, бала келіп айтады: «Билікті
маған берсеңіздер, менің айтатын билігім мынау дейді: «Ердің
құны жүз жылқы, бұл істе тентек төртеу, əуелі ойнап жүрген
бала тентек, екінші, оны қуған бай тентек, үшінші үріккен бай-
тал тентек, төртінші, бастан ұшқан бөрік тентек. Төрт тентекке
жүз жылқыны бөлу керек», – дейді.
Сонда жүз жылқының үш бөлімі байдың өзіне түсіп, бір
бөлігін ғана бала жағы төлейді. Жұрт бала билігіне ырза бола-
ды. Сол бала үш жүзге белгілі Мүңке би атанып, аты аспанға
шығады.
106
7. ҮШ МЕРГЕН
Үш мерген құс атуға шығып, күні бойы жүріп, жалғыз
шүрегей атып алады. Елге қайтпай екінші күні тағы құс атпақ
болып, көлдің басына түнемек болады. От жағып, шəйнекті
отқа қойып отырып, үшеуі шүрегейді қайтеміз деген сөзге
түседі. Бұл үйрек үшеумізді тойғызбайды. Біреуміз жеу жөн
болмайды. Мұны қалай етеміз дейді.
Бұлардың біреуі қу жігіт екен, ол айтады: «Мұны қалай
ету ақылын мен айтайын. Үйректі пісірейік, орап қойайық та,
жатайық, ұйықтайық. Кім жақсы түс көрсе, сол жесін үйректі»,
– дейді. Дұрыс деп, осы ақылды ұнатады да, үшеуі шай ішіп,
үйректі пісіріп, орап қойып, ұйықтауға жатады.
Екі жолдасы ұйқыға кете бергенде-ақ, қу жігіт тұрады
да, үйректі жеп, орнын үйрек ораған сиақты қылып, жауып
қойады.
Ертең жолдастары ойанған соң, қу сұрайды: «Қаны, жолдас-
тар, не түс көрдіңдер?» – деп.
Біреуі айтады: «Мен ақ боз ат мініп, алтын таж киіп, патша
болып жүр екенмін», – дейді. Екіншісі айтады: «Мен жұмаққа
кіріп, қор қыздарын құшып, кəусар суын ішіп, рақатта жүр
екенмін», – дейді.
Сонда қу айтады: «Бірің «патша болған соң, бірің жұмаққа
кірген соң, отқа пісірген үйректі жей қоймас деп мен жеп
қойдым», – дейді.
(Алтынсары ұлының кітабынан)
Достарыңызбен бөлісу: |