Жекеше:
Билік рай:
«Бар»
орнына «барыңыз»
176
Aшық рай:
1) «Барасың»
орнына «барасыз»
2) «Бардың»
орнына «бардыңыз»
3) «Барарсың»
орнына «барарсыз»
Шартты рай:
«Барсаң»
орнына «барсаңыз»
Ереуіл рай
«Барсаңда»
орнына «барсаңызда»
Aзалы рай:
«Барсаңшы»
орнына «барсаңызшы»
басқалары да осылайша.
Көпше:
Билік рай
«барыңдар»
орнына «барыңыздар»
Aшық рай
1) «Барасыңдар» орнына «барарсыздар»
2) «Бардыңдар» орнына «бардыңыздар»
3) «Барарсыңдар» орнына «барарсыздар»
Шартты рай: «барасыңыздар» орнына «барсаңдар»
Ереуіл рай: «барсаңдар да»
орнына «барсаңдар»
Aзалы рай:
«барсаңдаршы» орнына «барсаңыздаршы»
басқалары да осылайша.
КӨСЕМШЕ
Көсемше дейміз – екі етістік қосарынан сөйленгенде,
алдында айтылатын етістіктің қысқа түрін. Мәселен, жаза
бер, қарап тұр, жүріп келді дегенде алдыңғы сөздер көсемше
етістік болады.
Көсемше үш түрлі: 1) үнемді, 2) үнемсіз, 3) ниетті.
Үнемді көсемше – созымды істі көрсету үшін айтылады.
Мәселен, айта бердім, айта бердің, айта берді.
Ниетті көсемше – істеуге ниеттеніп тұрғанды көрсететін
сөз түрі. Мәселен, барғалы тұрмын, барғалы тұрсың, барғалы
тұр уа ғайри солай.
Жоғарыда райлар турасында сөйлегенде етістіктер қосарлы
күйінде, көсемше түрде айтылады деп едік. Сол қосарлы
күйі көсемше түрде қалай айтылатындығын көрсету үшін
жоғарыдағы райларынан жіктеген сөздерден: аяқ дыбысы
дауысты бір сөз, аяқ дыбысы дауыссыз я жарты дауысты бір
сөз алып hәм көмекші етістіктерден бірнешесін алып, қосарлы
түрде өзгертіп көрейік.
177
ТҰЙЫҚ РAЙ
Жаза бермек, сынай тұрмақ.
БИЛІК РAЙ
Үнемді көсемше
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза берейін
жаза бер
жаза берсін
сынай тұрайын сынай тұр
сынай тұрсын
Көпше:
жаза берейік
жаза беріңдер
жаза берсін
сынай тұрайық сынай тұрыңдар сынай тұрсын
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жаза бермейін
жаза берме
жаза бермесін
сынай тұрмайын сынай тұрма
сынай тұрмасын
Көпше:
жаза бермейік
жаза бермеңдер жаза бермесін
сынай тұрмайық сынай тұрмаңдар сынай тұрмасын
Үнемсіз көсемше
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жазып берейін
жазып бер
жазып берсін
сынап тұрайын сынап тұрсын
сынап тұрсын
Көпше:
жазып берейік
жазып беріңдер жазып берсін
сынап тұрайық сынап тұрыңдар сынап тұрсын
178
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермейін жазып берме
жазып бермесін
сынап тұрмайын сынап тұрма
сынап тұрмасын
Көпше:
жазып бермейік жазып бермеңдер жазып бермесін
сынап тұрмайық сынап тұрмаңдар сынап тұрмасын
Дағдыландыру. һәр етістен әр трлі сөздер алып, осы үлгі
бойынша қосар түрде билік раймен жіктету.
AШЫҚ РAЙ
1) Осы шақ
Үнемді көсемше
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза беремін
жаза бересің
жаза береді
сынай тұрамын сынай тұрасың
сынай тұрады
Көпше:
жаза береміз
жаза бересіңдер
жаза береді
сынай тұрамыз сынай тұрмайсыңдар сынай тұрады
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жаза бермеймін
жаза бермейсің
жаза бермейді
сынай тұрмаймын сынай тұрмайсың сынай тұрмайды
Көпше:
жаза бермейміз жаза бермейсіңдер жаза бермейді
сынай тұрмаймыз сынай тұрмайсыңдар сынай тұрмайды
179
Үнемсіз көсемше
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жазып беремін
жазып бересің
жазып береді
сынап тұрамын
26
сынап тұрасың
сынап тұрады
Көпше:
жазып береміз
жазып бересіңдер жазып береді
сынап тұрамыз
сынап тұрасыңдар сынап тұрады
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермеймін жазып бермейсің
жазып бермейді
сынап тұрмаймын сынап тұрмайсың
сынап тұрмайды
Көпше:
жазып бермейміз жазып бермейсіңдер жазып бермейді
сынап тұрмаймыз сынап тұрмайсыңдар сынап тұрмайды
Дағдыландыру. Әр етістен әртүрлі сөздер алып, осы үлгі
бойынша қосар түрде ашық райдың осы шағын жіктету.
2) Өткен шақ
Үнемді көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше: 1-ші жақ
2-ші жақ
3-ші жақ
жаза бердім
жаза бердің
жаза берді
сынай тұрдым сынай тұрдың
сынай тұрды
Көпше:
жаза берді
жаза бердіңдер
жаза берді
сынай тұрды
сынай тұрдыңдар сынай тұрды
26
«Тұр» өзгеше түрінде: сынап тұрамын, сынап тұрасың, сынап тұр
болады. Өзгеше түрдегі басқа үшеуі де, яғни «жүр», «отыр», «жат» олар да
осылайша.
180
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жаза бермедім жаза бермедің
жаза бермеді
сынай тұрмадым сынай тұрмадың
сынай тұрмады
Көпше:
жаза бермедік
жаза бермедіңдер
жаза бермеді
сынай тұрмадық сынай тұрмадыңдар сынай тұрмады
Үнемсіз көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза бердім
жазып бердің
жазып берді
сынап тұрдым
сынап тұрдың
сынап тұрды
Көпше:
жазып бердік
жазып бердіңдер
жазып берді
сынап тұрдық
сынап тұрдыңдар сынап тұрды
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермедім жазып бермедің
жазып бермеді
сынап тұрмадым сынап тұрмадың
сынап тұрмады
Көпше:
жазып бермедік жазып бермедіңдер жазып бермеді
сынап тұрмадық сынап тұрмадыңдар сынап тұрмады
Дағдыландыру. hәр етістен әртүрлі сөздер алып, осы үлгі
бойынша қосар түрде ашық райдың өткен шағымен жіктету.
181
3) Келер шақ
Үнемді көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза берермін жаза берерсің
жаза берер
сынай тұрармын сынай тұрарсың
сынай тұрар
Көпше:
жаза берерміз
жаза бересіңдер
жаза берер
сынай тұрармыз сынай тұрарсыңдар сынай тұрар
Болымсыз түрлері:
Жекеше
жаза бермеспін жаза бермессің
жаза бермес
сынай тұрмаспын сынай тұрмассың
сынай тұрмас
Көпше:
жаза бермеспіз
жаза бермессіңдер жаза бермес
сынай тұрмаспыз сынай тұрмассыңдар сынай тұрмас
Үнемсіз көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жазып берермін жазып берерсің
жазып берер
сынап тұрармын сынып тұрарсың
сынап тұрар
Көпше:
жазып берерміз
жазып берерсіңдер жазып берер
сынап тұрармыз сынап тұрарсыңдар сынап тұрар
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермеспін жазып бермессің
жазып бермес
сынап тұрмаспын сынап тұрмассың
сынап тұрмас
182
Көпше:
жазып бермеспіз жазып бермессіңдер жазып бермес
сынап тұрмаспыз сынап тұрмассыңдар сынап тұрмас
Дағдыландыру: hәр етістен әртүрлі сөздер алып, сол үлгі
бойынша қосар түрде ашық райдың келер шағымен жіктету.
ШAРТТЫ РAЙ
Үнемді көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза берсем
жаза берсең
жаза берсе
сынай тұрсам
сынай тұрсаң
сынай тұрса
Көпше:
жаза берсек
жаза берсеңдер
жаза берсе
сынай тұрсақ
сынай тұрсаңдар
сынай тұрса
Болымды түрлері:
Жекеше:
жаза бермесем жаза бермесең
жаза бермесе
сынай тұрмасам сынай тұрмасаң
сынай тұрмаса
Көпше:
жаза бермесек жаза бермесеңдер
жаза бермесе
сынай тұрмасақ сынай тұрмасаңдар сынай тұрмаса
Үнемсіз көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше:
жазып берсем
жазып берсең
жазып берсе
сынап тұрсам
сынап тұрсаң
сынап тұрса
183
Көпше:
жазып берсек
жазып берсеңдер
жазып берсе
сынап тұрсақ
сынап тұрсаңдар
сынап тұрса
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермесем жазып бермесең
жазып бермесе
сынап тұрмасам сынап тұрмасаң
сынап тұрмаса
Көпше:
жазып бермесек жазып бермесеңдер жазып бермесе
сынап тұрмасақ сынап тұрмасаңдар сынап тұрмаса
Дағдыландыру. hәр етістен әртүрлі сөздер алып, осы үлгі
бойынша қосар түрде шартты раймен жіктету.
ЕРЕУІЛ РAЙ
Үнемді көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше: І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
жаза берсемде
жаза берсеңде
жаза берседе
сынай тұрсамда сынай тұрсаңда
сынай тұрсада
Көпше:
жаза берсекте
жаза берсеңдерде
жаза берседе
сынай тұрсақта сынай тұрсаңдарда сынай тұрсада
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жаза бермесемде жаза берсеңде
жаза бермеседе
сынай тұрмасамда сынай тұрмасаңда сынай тұрмасада
184
Көпше:
жаза бермесеңде жаза бермесеңдерде жаза бермеседе
сынай тұрмасақта сынай тұрмасаңдарда сынай тұрмасада
Үнемсіз көсемше:
Болымды түрлері:
Жекеше:
жазып берсемде жазып берсеңде
жазып берседе
сынап тұрсамда
сынап тұрсаңда
сынап тұрсада
Көпше:
жазып берсекте
жазып берсеңдерде жазып берседе
сынап тұрсақта
сынап тұрсаңдарда сынап тұрсада
Болымсыз түрлері:
Жекеше:
жазып бермесемде жазып бермесеңде
жазып бермеседе
сынап тұрмасамда сынап тұрмасаңда
сынап тұрмасада
Көпше:
жазып бермесекте жазып бермесеңдерде жазып бермеседе
сынап тұрмасақта сынап тұрмасаңдарда сынап тұрмасада
Дағдыландыру. hәр етістен әртүрлі сөздер алып, осы үлгі
бойынша қосар түрде ереуіл раймен жіктету.
РЕНІШ РAЙ
Бұл рай үшін де жаза бермек, сынай тұрмақ деген сөздерді
алып, басқа райлардағы көрсеткен үлгі бойынша үнемді,
үнемсіз көсемшенің болымды, болымсыз түрлерінде қосар
күйде айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен әртүрлі сөздер алып, алдағы
үлгілер бойынша реніш раймен жіктету.
185
Қалау рай, сенімді рай, болжам рай, мұң рай, көніс рай,
қайрау рай, азалы рай, теріс рай – бұлар үшін де жаза бермек,
сынай тұрмақ деген сөздерді алып, басқа райларда көрсеткен
үлгі бойынша үнемді, үнемсіз көсемшенің болымды, болымсыз
түрлерінде қосар күйде айтқызу.
Дағдыландыру үшін әр етістен әртүрлі сөздер алып, алдағы
үлгілер бойынша жіктету.
Ниетті көсемше де үнемді көсемше сияқты, жалғыз-ақ
айырмасы сол үнемді көсемшенің жалғауы «а» (жіңішке сөзде
«е») hәм «й», ниетті көсемшеде «ғалы» (жіңішке сөзде «гелі»).
ЕСІМШЕ
Есімше дейміз – есім сияқты айтылатын етістіктің түрін,
мәселен, айтушы адам, шабатын ат, жазған хат дегенде
«айтушы», «шабатын», «жазған» деген сөздер есімше болады.
Есім сияқты дейтініміз: сын есімше «қандай?» деп сұраймыз.
Есімше үш түрлі: 1) Осы шақтық, 2) Өткен шақтық 3) Ұй-
ғарынды.
Осы шақтық есімше дейміз – осы шақта істеп тұрғанды
көрсеткенде, мәселен: өлең айтушы, бие сауушы, құдық
қазушы деген сияқты сөздер.
Өткен шақтық есімше дейміз – бұрын істелген істі
көрсететін іс түрін. Мәселен, өлең айтқан, бие сауған, құдық
қазған дегендегі «айтқан», «сауған», «қазған» деген сияқты
сөздер өткен шақтық есімше болады.
Ұйғарынды есімше дейміз – істеуге ұйғарылған істі көрсету
үшін айтылатын сөз түрін. Мәселен, жазатын хат, сөйлейтін
сөз, көретін көз дегендегі «жазатын», «сөйлейтін», «көретін»
деген сияқты сөздер ұйғарынды есімше болады.
Есімшеге есімдер сияқты жалғаулар да, етістіктер сияқты
жіктеулер де жалғанады. Жіктегенде де есімдерше жіктеледі.
Әуелі есімдерше өзгертіп, сонан соң етістікше өзгертіп
қарайық.
186
ЖAЛҒAУЛAР
Жaй қалып
«Барушы», «барған», «баратын»
27
Жекеше:
Осы шақтық Өткен шақтық Ұйғарынды
Aтау
барушы
барған
баратын
Ілік жалғау
барушының барғанның
баратынның
Барыс жалғау барушыға
барғанға
баратынға
Табыс жалғау барушыны
барғанды
баратынды
Жатыс жалғау барушыда
барғанда
баратында
Шығыс жалғау барушыдан
барғаннан
баратыннан
Көпшесі:
Осы шақтық
Өткен шақтық Ұйғарынды
Aтау
барушылар
барғандар
баратындар
Ілік жалғау
барушылардың барғандардың баратындардың
Барыс жалғау барушыларға
барғандарға
баратындарға
Табыс жалғау барушыларды барғандарды баратындарды
Жатыс жалғау барушыларда барғандарда
баратындарда
Шығыс жалғау барушылардан барғандардан баратындардан
Дағдыландыру. Райларда алынған басқа сөздерді де есімше
түрінде алып, осы үлгі бойынша есімдерше жай қалыпта
жалғаулату.
Тәуелді қалып
1. Оңаша тәуелдік
Жекеше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ ІІІ-ші жақ
Aтау
Осы шақтық барушым
барушың барушысы
Өткен шақтық барғаным
барғаның барғаны
27
«Баратын» деген сөз – «бара тұғыннан» қысқарған сөз. Сондықтан екеуінің
қайсысын айтса да, жазса да хате болмайды.
187
Ұйғарынды
баратыным баратының баратыны
Ілік жалғау
Осы шақтық барушымның барушыңның барушысының
Өткен шақтық барғанымның барғаныңның барғанының
Ұйғарынды
баратынымның баратыныңның баратынының
Барыс жалғау
Осы шақтық барушыма
барушыңа
арушысына
Өткен шақтық барғаныма
барғаныңа
барғанына
Ұйғарынды
баратынына баратыныңа баратынына
Табыс жалғау
Осы шақтық барушымды барушыңды барушысын
Өткен шақтық барғанымды барғаныңды барғанын
Ұйғарынды
баратынымды баратыныңды баратынын
Жатыс жалғау
Осы шақтық барушымда барушыңда барушысында
Өткен шақтық барғанымда барғаныңда барғанында
Ұйғарынды
баратынымда баратыныңда баратынында
Шығыс жалғау
Осы шақтық барушымнан барушыңнан барушысынан
Өткен шақтық барғанымнан барғаныңнан баратынынан
Ұйғарынды
баратынымнан баратыныңнан баратынынан
Көпше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ ІІІ-ші жақ
Aтау
Осы шақтық
барушыларым барушыларың барушылары
Өткен шақтық барғандарым барғандарың
барғандары
Ұйғарынды
баратындарым баратындарың баратындары
Ілік жалғау
Осы шақтық барушыларымның барушыларыңның барушыларының
Өткен шақтық барғандарымның барғандарыңның барғандарының
Ұйғарынды баратындарының баратындарыңның баратындарының
Барыс жалғауы
Осы шақтық
барушыларыма барушыларыңа барушыларына
Өткен шақтық барғандарыма барғандарыңа
барғандарына
Ұйғарынды
баратындарыма баратындарыңа баратындарына
Табыс жалғауы
Осы шақтық
барушыларымды барушыларыңды барушыларын
188
Өткен шақтық барғандарымды барғандарыңды барғандарын
Ұйғарынды
баратындарымды баратындарыңды баратындарым
Жатыс жалғау
Осы шақтық
барушыларымда барушыларыңда барушыларыда
Өткен шақтық барғандарымда барғандарыңда барғандарында
Ұйғарынды
баратындарымда баратындарыңда баратындарында
Шығыс жалғау
Осы шақтық барушыларымнан барушыларыңнан барушыларынан
Өткен шақтық барғандарымнан барғандарыңнан барғандарынан
Ұйғарынды
баратындарымнан баратындарыңнан баратындарынан
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша басқа сөздерді есімше
түрінде алып, оңаша тәуелдік қалыпта жалғаулату.
ІІ. Ортақ тәуелдік
Жекеше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
Aтау
Осы шақтық барушымыз
барушыңыз
барушысы
Өткен шақтық барғанымыз
барғаныңыз
барғаны
Ұйғарынды баратынымыз
баратыныңыз
баратыны
Ілік жалғау
Осы шақтық барушымыздың барушыңыздың барушысының
Өткен шақтық барғанымыздың барғаныңыздың барғанының
Ұйғарынды баратынымыздың баратыныңыздың баратынының
Барыс жалғау
Осы шақтық барушымызға
барушыңызға
барушысына
Өткен шақтық барғанымызға
барғаныңызға
барғанына
Ұйғарынды баратынымызға
баратыныңызға баратынына
Табыс жалғау
Осы шақтық барушымызды
барушыңызды
барушысын
Өткен шақтық барғанымызды
барғаныңызды
барғанын
Ұйғарынды баратынымызды баратыныңызды баратынын
Жатыс жалғау
Осы шақтық барушымызда
барушыңызда
барушысында
Өткен шақтық барғанымызда
барғаныңызда
барғаныңда
189
Ұйғарынды баратынымда
баратыныңызда баратыныңда
Шығыс жалғау
Осы шақтық барушымыздан
барушыңыздан
барушысынан
Өткен шақтық барғанымыздан
барғаныңыздан барғанынан
Ұйғарынды баратынымыздан баратыныңыздан баратынынан
Көпше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
Aтау
Осы шақтық барушыларымыз барушыларыңыз барушылары
Өткен шақтық барғандарымыз
барғандарыңыз
барғандары
Ұйғарынды баратындарымыз баратындарыңыз баратындары
Ілік жалғау
Осы шақтық барушыларымыздың барушыларыңыздың барушыла-
рының
Өткен шақтық барғандарымыздың барғандарыңыздың барғанда-
рының
Ұйғарынды баратындарымыздың баратындарыңыздың баратын-
дарының
Барыс жалғау
Осы шақтық барушыларымызға барушыларыңызға барушыларына
Өткен шақтық барғандарымызға барғандарыңызға барғандарына
Ұйғарынды баратындарымызға баратындарыңызға баратындарына
Табыс жалғау
Осы шақтық барушыларымызды барушыларыңызды барушыларын
Өткен шақтық барғандарымызды барғандарыңызды барғандарын
Ұйғарынды баратындарымызды баратындарыңызды баратындарын
Жатыс жалғау
Осы шақтық барушыларымызда барушыларыңызда барушыларында
Өткен шақтық барғандарымызда барғандарыңызда барғандарында
Ұйғарынды
баратындарымызда баратындарыңызда баратындарында
Шығыс жалғау
Осы шақтық барушыларымыздан барушыларыңыздан барушыларынан
Өткен шақтық барғандарымыздан барғандарыңыздан барғандарынан
Ұйғарынды
баратындарымыздан баратындарыңыздан баратындарынан
Дағдыландыру. Басқа сөздерді алып, осы үлгі бойынша
есімше түрінде ортақ тәуелдік қалыпша жалғаулату.
190
1) Жіктеу (жай түрде)
28
Жекеше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
Осы шақтық
барушымын барушысың
барушы
Өткен шақтық барғанмын
барғансың
барғанды
Ұйғарынды
баратынмын баратынсың
баратынды
Көпше:
Осы шақтық
барушымыз
барушысыңдар барушыды
Өткен шақтық барғанбыз
барғансыңдар барғанды
Ұйғарынды
баратынбыз
баратынсыңдар баратынды
Дағдыландыру: Басқа сөздерді есімше түрінде алып, осы
үлгі бо-йынша жіктету.
2) Жіктеу (қосар түрде)
Жекеше:
І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
Осы шақтық барушы едім барушы едің
барушы еді
Өткен шақтық барған едім
барған едің
барған еді
Ұйғарынды баратын едім баратын едің
баратын еді
Көпше:
Осы шақтық барушы едік барушы едіңдер барушы еді
Өткен шақтық барған едік
барған едіңдер барған еді
Ұйғарынды баратын едік баратын едіңдер баратын еді
Дағдыландыру. Басқа сөздерді есімше түрінде алып, осы
үлгі бойынша жіктету.
Ескерту. Есімшеге «еді» қосылып айтылса, бұрынғы істі
көрсетеді. Сондықтан ол түрін «бұрынғылық» дейміз, есімшеге
«екен» қосылып айтылса, баяғы істі көрсетеді: сондықтан бұл
түрін «баяғылық» дейміз, мәселен: барушы едім, барушы
едің, барушы еді – бұлар бұрынғылық. Барған екенмін, барған
екенсің, барған екен – бұлар баяғылық.
28
Бұлайша жіктеу атауыш сөздердің бәрінде де бар.
191
ЕТІСТІКТЕН ТУҒАН СӨЗДЕР
Етістіктің түпкі түрі сабақты һәм салтаң етіс. Осы екі
етістің түбіріне түрлі жұрнақтар жалғанып, түрлі сөздер туады.
Етіс жұрнақтар: 1. Бір етістен екінші етістік сөздер туғызады.
2. Етістерден басқа есімдік сөздер туғызады. Сабақты етіс пен
салтаң етістен басқалары туынды етіс.
Туынды етістердегі жұрнақтар:
1. «-с» жұрнақ (ұр–ұрыс, күре–күрес, соқ–соғыс)
2. «-н» жұрнақ (жу–жуын, тара–таран, бақ–бағын)
3. «-дыр» (-тыр) жұрнақ (қаз–қаздыр, қал–қалдыр, айт–айт-
тыр)
4. «-қыз» (-ғыз, -кіз, -гіз) жұрнақ (жатқыз, барғыз жеткіз,
бергіз)
5. «-л» жұрнақ (ас–асыл, жек–жегіл)
6. «-т» жұрнақ (құла–құлат, ер–ерт, құры–құрт).
7. «-тыр» жұрнақ (құла–құлаттыр, сұра–сұраттыр, күре–
күреттір).
8. «-стыр» (ұр–ұрыстыр, соқ–соғыстыр, күре–күрестір).
9. «-қыла» (-ғыла, -кіле, -гіле) жұрнақ (шап–шап–қыла, жу–
жуғыла, кес–кескіле, тіл–тілгіле).
10. «-ыңқыра» -(іңкіре) жұрнақ (ал–алыңқыра, барың–қыра,
беріңкіре, жүріңкіре). Бұлар етіс жұрнақтары деп аталады.
Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар:
1. «-у», «-м», «-с», «-ш» жұрнақтар етістік түбіріне
жалғанып, сол етістік көрсететін ісін атайды. Мәселен: сұра–
сұрау, сау–сауу, айт–айту
29
оқы–оқу, ал–алым, біл–білім, өл–
өлім, ас–асым, сау–сауым, бар–барыс, жүр–жүріс, қу–қуыс,
қара–қарас, қуан–қуаныш.
29
Етістік түрінің аяғы дауыссыз дыбыс я «й», «у» болса, жұрнақ екі «уу»
болып жалғанады.
192
Дағдыландыру. Тұр, қос, қой, саба, сана, бу уа ғайри сон-
дай етістік түбірлерін алып, «у», «м», «а», «й» жұрнақтарын
жалғату.
2. «-ымсақ» (-імсек), «-аған» (-еген), «-шақ» (-шек), «-қақ»
(-ғақ) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік
көрсететін істі істеуге заттың сүйегіне біткен мінезін атай-
ды. Мәселен: ал–алымсақ, кел–келімсек, қаш–қашаған, көр–
көреген, ұрын–ұрыншақ, ерін–еріншек, ұрыс–ұрысқақ, сын–
сынғақ.
Дағдыландыру. Жара, бер, қап, кет, теп, ұмыт, жи-
рен, теріс-оң уа ғайри сондай етістік түбірлерін алып, әлгі
жұрнақтарды жалғату.
3. «-қыш» (-ғыш, -кіш, -гіш) «-қыр» (-ғыр, -кір, -гір)
жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып, сол етістік көрсететін
істі істеуге жанды нәрсе болса, ұсталығын, икемділігін атай-
ды, жансыз нәрсе болса, сол іске қолайлы, жақсылығын атайды
яки әншейін сол іске кұрал нәрселігін атайды. Мәселен: жан-
ды нәрселер туралы: айт–айтқыш, сой–сойғыш, кес–кескіш,
көр–көргіш, тап–тапқыр, ал–алғыр, үш–үшкір, біл–білгір.
Жансыз нәрселер туралы: ақ–аққыш, жан–жанғыш, өс–өскіш,
сын–сынғыш, тұт–тұтқыр, өт–өткір, бас–басқыш, сыпыр–
сыпырғыш, сүрт–сүрткіш, кер–кергіш.
Дағдыландыру. Aт, cay, қыс, ұт, күл, жау, тұт, өң, көн,
тес уа ғайри сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды
жалғату.
4. «-уыш», «-гі», «-қ» (-к) жұрнақтар етістік түбірлеріне
жалғанып, сол етістік көрсететін іске құралдығын атайды.
Мәселен: ора–орауыш, бұр–бұрғы, сүз–сүзгі, тара–тарақ, төсе–
төсек.
Дағдыландыру. Тырна, қыр, тая, ес уа ғайри сондай етістік
түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды жалғату.
Ескерту. «-қ» (-к) жұрнақ басқа мағынада да жалғанады,
мәселен: аш– ашық, тес–тесік, ұш–ұшық, кет–кетік уа ғайри
сондай.
5. «-қын» (-ғый), «-ма» (-ба, -ме, -бе), «-мал», «-мақыл»
(-бақыл, -мекіл, -бекіл) жұрнақтар етістік түбірлеріне жалға-
нып, сол етістік көрсететін істің түрін атайды: тас–тасқын,
193
қыр–қырғын, сал–салма, тарт–тартпа, өр–өрме, кес–кеспе,
тасы–тасымал, айны–айнымал, таста–тастамақыл, ат–
атпақыл, шерт–шертпекіл, иір–иірмекіл.
Дағдыландыру. Қаш, шал, сана, орама, бас, тер, сез
уа ғайри сондай етістік түбірлерін алып, әлгі жұрнақтарды
жалғату.
6. «-ақ» (-ек), «-н» жұрнақтар етістік түбірлеріне жалғанып,
сол етістік көрсететін істерден өнген затты атайды, мәселен:
қаш–қашақ, кес–кесек, шап–шабын, ек–егін.
Дағдыландыру. Қос, қон, жат, бөл, ақ, жек, шық уа ғайри
сондай етістік түбірлерін алып, жалғату.
7. «-лық» (-лік) жұрнақ етістіктің келер шақ түріне
жалғанып, сол етістік көрсететін істі істеуге тұрарлық күйін
атайды. Мәселен: барар–барарлық, көрер–көрерлік.
Дағдыландыру. Келер шақ түрдегі етістіктерді алып
«-лық» (-лік) жұрнағын жалғату.
8. «-уыл» (-уіл) жұрнақ етістікке жалғанып, сол етістік
көрсететін істі істеушіні атайды. Мәселен: жаса–жасауыл,
жорт–жортуыл, бөге–бөгеуіл.
Сол мағынада етістіктің келер шақ түріне «-ман» (-мен)
жұрнақ жалғанады. Мәселен: алар–аларман, берер–берермен.
Дағдыландыру. Етістіктің түбірлерін һәм келер шақ
түрлерін алып, «-уыл» (-уіл) һәм «-ман» (-мен) жұрнақтарды
жалғату.
ҮСТЕУ
Үстеу дейміз – сын есім, сан есім, есімдік, етістік сөздерді
толықтыру, күшейту үшін айтылатын сөздерді. Мәселен: «тым
жақсы», «он есе», «тап өзі», «әрең келдім» уа ғайри сондай.
«Қалай?» – «тым жақсы», «қанша?» – «он есе», «қайсысы?»
– «тап өзі», «қайттің?» – «әрең келдім».
Қазақ тілінде түпкі үстеу сөздер тіпті аз. Көбінесе, үстеу
мағынасында басқа есімдерден, есімдіктен, етістіктен шыққан
сөздер жүреді. Әуелі түпкі үстеу сөздерді алып қарайық:
Сан есім һәм есімді күшейтуші үстеулерді жай үстеу
194
дейміз, олар мынау: әбден, тым, тіпті, хас, сірә, есе, тaп, нақ,
нағыз, әрең, дәл, дөп, дейім, әрі, бері, әбден, бұрын, енді, мана,
әні, міне, ең, ылғи, таман, сайын, әлі, жария, жорта, дік.
Дағдыландыру. Осы үстеулерге жалғас айтарлық сан есім,
сын есім, есімдік, етістік сөздер тапқызып, айтқызу.
Үстеу бес түрлі: 1) Нықтаулық. 2) Сынаулық. 3) Өлшеулік.
4) Мезгілдік. 5) Мекендік.
1. НЫҚТАУЛЫҚ ҮСТЕУ
Нықтаулық үстеу дейміз – басқа сөздердің мағынасын
нығыздау үшін айтылатын сөздерді. Мәселен: ең жақсы, бек
нашар, әбден қанды, тым шабан, өте тығыз, тіпті қысқа,
тaп өзі, нақ сол, нағыз арзан, дәл тиді, дөп келді, дәлме-дәл
он кісі, хас жаман, қасақана айтты, әдейі айтпады, жүдә
шаршады, тікелей қоя берді, әсіресе мақтағаны. Көбінесе
қарап отырғаны. Осындағы ірі
30
харіптермен жазылған
сөздер нықтаулық үстеу болады. Бұлардан басқа да сөздердің
мағынасын күшейтетін, нықтайтын сөздер нықтаулық үстеу
бо лады.
Дағдыландыру. Осындағы нықтаулық үстеулердің қа-
сындағы сөздердің орнына лайық басқа сөздерді қойғызып
айтқызу һәм жазғызу.
2. СЫНАУЛЫҚ ҮСТЕУ
Сынаулық үстеу дейміз – істің сынын көрсететін сөздерді.
Сынаулық үстеу болатын – зат есім, сын есім, есімдік, етістік
сөздер. Бұлардың үстеу екен-еместігін сұраудан айырамыз.
Сынаулық үстеу сұрауы: қалай? қалайша? Осы сұрауға жауап
болмаған сөз үстеу болмайды.
Жақсы оқиды, жаман жазады, сыбай қонады, жаяу жүреді
дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып
30
Қазіргі ирек шрифтпен берілген сөздер (Құраст.)
195
тұр (оқиды қалай? – жақсы, жа зады қалай? – жаман, қонады
қалай? – сыбай, жүреді қалай? – жаяу). Бұлар үстеу орнына
жүретін сын есімдері.
Шалқасынан түсті, етбетінен құлады, орысша айтуы, адам-
ша сөйледі дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға
жауап болып тұр (түсті қалай? – шалқасынан, құлады қалай?
– етбетінен, сөйледі қалай – адам ша). Бұлар үстеу орнына
жүретін зат есімдер.
Екі-екіден бөлді, үш-үштен алды, төрт-төрттен қойды,
он-оннан санады, жиырмадан үлестірді дегенде ірі жазылған
сөздер қалай? деп сұрағанға жауап болып тұр (бөлді қалай?
– екі-екіден, алды қалай? – үш-үштен, қойды қалай? – төрт-
төрттен, санады қалай? – он–оннан, үлестірді қалай? – жиыр-
мадан). Бұлар орнына жүретін сан есімдер.
Олай айтпады, солай сөйледі, бұлайша етпелік, сеніңше бол-
сын, біздерше ойламапты дегенде ірі жазылған сөздер қалай?
қалайша? деп сұрағанға жауап болып тұр (Айтпады қалай? –
солай, сөйледі қалай? – солай, етпелік – қалайша? – олайша,
болсын қалайша? – сеніңше ойламапты қалайша? – біздерше).
Бұлар үстеу орнына жүретін есімдіктер.
Саулап жанды, жантайып жатты, еңкейіп қарады, еңіреп
жылады дегенде ірі жазылған сөздер қалай? деп сұрағанға жау-
ап болып тұр (жанды қалай? – саулап, жатты қалай? – жантай-
ып, қарады қалай? – еңкейіп, жылады қалай? – еңіреп). Бұлар
үстеу орнына жүретін етістіктің көсемше түрлері.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа сынаулық
үстеу орнына жүретін атаушы сөздер тапқызып жаздыру.
3. ӨЛШЕУЛІК ҮСТЕУ
Өлшеулік үстеу дейміз – сынның я істің шамасын көрсететін
сөздерді. Өлшеулік үстеу болатын зат есім, сын есім, сан есім,
есімдік, етістік сөздер. Бұлардын да үстеу екен-еместігін
сұраудан айырамыз. Өлшеулік үстеу сұраулары: қанша? неше
есе? Осы сұрауларға жауап болмаған сөз өлшеулік үстеу бол-
майды.
196
Түске шейін ұйықтады, кешке дейін жатты, ауылға шейін
қуды дейміз. «Түске шейін», «кешке дейін», «ауылға шейін»
деген сөздер қанша? деп сұрағанға жауап болады, (ұйықтады
қанша? – түске шейін, жатты қанша? – кешке дейін, қуды
қанша? – ауылға шейін). Бұлар үстеу орнындағы зат есім
сөздер.
Аз берді, көп алды дейміз. «Аз», «көп» деген сөздер қанша?
деп сұрағанға жауап болады, (берді қанша? – аз, алды қанша? –
көп). Бұлар үстеу орнындағы сын есім сөздер.
Екі есе артық, бес есе кем дейміз. «Екі есе», «бес есе» де-
ген сөздер неше есе? деп сұрағанға жауап болады, (артық неше
есе? – екі есе, кем неше есе – бес есе). Бұлар үстеу орнындағы
сан есім сөздер.
Сонша әдемі, мұнша кешікті, онша шапшаң емес дейміз.
«Сонша», «мұнша», «онша» деген сөздер қанша деп сұрағанға
жауап болады (қанша әдемі? – сонша әдемі, кешікті қанша? –
мұнша, шапшаң емес қанша? – онша).
Бұлар үстеу орнындағы есімдіктер.
Тойғанша жеді, қанғанша ішті, жеткенше шапты
«Тойғанша», «қанғанша», «жеткенше» деген сөздер қанша?
деп сұрағанға жауап болады (жеді қанша? – тойғанша, ішті
қанша? – қанғанша, шапты қанша? – жеткенше).
Бұлар үстеу орнындағы етістік сөздер.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа өлшеулік
үстеу орнына жүретін сөздер тапқызып жаздырту.
4. МЕЗГІЛДІК ҮСТЕУ
Мезгілдік үстеу дейміз – істің мезгілін көрсететін сөздерді.
Мезгілдік үстеу болатын зат есім, есімдік, етістік сөздер.
Бұлардың үстеу екен-емесін сұраудан айырамыз. Мезгілдік
үстеу сұраулары қашан? қашаннан? Бұл сұрауларға жауап
болмаған сөз мезгілдік үстеу болмайды.
Атам заманнан солай, күн сайын толады дейміз. «Атам
заманнан», «күн сайын» деген сөздер қашаннан? қашан? деп
сұрағанға жауап болады (қашаннан солай? – атам заманнан,
197
қашан толады – күн сайын). Бұлар үстеу орнындағы зат есім
сөздер.
Мұнан басқа туынды һәм түпкі үстеулер бар. Мәселен:
бүгін, кеше, ертең, биыл, бүрсі күн (бұрнағы күн), бұрнағы
жыл, алдыңғы күн, алдыңғы жыл, соңыра, қашаннан, ілезде
(бұлар туынды үстеу), бұрын, мана, әлі, тағы, дәйім, дереу
(бұлар түпкі мезгілдік үстеулер).
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мезгілдік
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып, жаздырту.
5. МЕКЕНДІК ҮСТЕУ
Мекендік үстеу дейміз – істің мекенін көрсететін сөздерді.
Мекендік үстеу болатын зат есім, сын есім, есімдік, етістік
сөздер. Бұлардың мекендік үстеу екен-емесін сұраудан айыра-
мыз. Мекендік үстеу сұраулары: қайда? қайдан? Бұл сұрауларға
жауап болмаған сөздер мекендік үстеу болмайды.
Тыста жатыр, қалаға барды, жайлаудан қайтты дейміз.
«Тыста», «қалаға», «жайлаудан» деген сөздер қайда?, қайдан?
деп сұрағанға жауап болады (жатыр қайда? – тыста, барды
қайда? – қалаға, қайтты қайдан? – жайлаудан). Бұлар үстеу
орнындағы зат есім сөздер.
Онда бармады, мұнда келді дейміз. «Онда», «мұнда» деген
сөздер қайда? қайдан? деп сұрағанға жауап болады (бармады
қайда? – онда, келді қайда? – мұнда). Бұлар үстеу орнындағы
есімдіктер.
Дағдыландыру. Мұндағы көрсетілгеннен басқа мекендік
үстеу орнына жүретін атауыш сөздер тапқызып жаздырту.
ДЕМЕУ
Демеу дейміз – сөздің я сөйлемдердің арасын үйлестіруге
демеу болатын сөздерді. Қазақ тілінде түбір демеу сөздер, тіпті
жоқ қасында. Мәселен: Сұрау де меу: ма, ба, ме, бе, да; Жай де-
меу: ғой, ақ, әше, бәсе, әлде, та, тағы, бәлкім. Көбінесе демеу
198
орнына басқа сөздер жүреді. Басқа сөздер дегенде демеу орны-
на есімдік пен етістік екеуінің біте қайнаған сияқты қосылған
түрлері әсіресе көп жүреді. Мысал: үйткені (олай еткені де-
геннен қысқарған), үйтпесе (олай етпесе), үйткенде (олай ет-
кенде), үйтпесіне (олай етпесіне), үйткенше (олай еткенше),
сүйтіп (солай етіп), сүйтседе (солай етседе), сүйткенде (со-
лай еткенде), сүйткен сайын (солай еткен сайын), қайткенде
(қалай еткенде), қайткенде де (қалай еткенде де), әйтпесе
(алай етпесе), немесе (не емес болса), әйтсе де (алай етсе де).
Бұлардан басқа демеу орнында толық күйінде айтылмаған
етістік һәм басқа сөздер де бар. Мәселен: олай болса, олай
болғанда, солай болған соң, болмаса, неғұрлым, соғұрлым, неге
десем уа ғайри сондай сөздер.
Демеу орнына «мен» (бен) жалғаулық та жүреді.
Басқа жұрнақ демеу сөздерінен қазаққа кіріп, сіңіскен: һәм,
я, яки, егер, уа. Сұрау демеуден басқалары өзге сөзге қосылмай
жазылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің арасындағы демеу
сөздерді тапқызу.
Бара ма, бармай ма – белгісіз. Барамыз ғой, барған соң
көреміз ғой. Соның айтқаны-ақ болсыншы. Сен келмейді
екенсің, әше мен барайын. Бәсе, солай болса керек. Әлде
сен оқымадың ба? Мен бара алмасам, бәлкім өзің келерсің.
Түріне қарағанда малы жоқтай ғой. Ол кешке келетін шығар,
үйткені жылқыны да көре қайтатын шығар. Жайлауға көшетін
болдық, үйтпесе малы тұратын емес. Қонақ келіп шыға алма-
дым, әйтпесе мана келетін едім. Су өткел бермес, үйткенде не
қылмақпыз? Ағын бөгетті бұза беретін, үйтпесіне амал табу
керек. Кеш барсақ, кеш келеді екенбіз, үйткенше ерте барып,
ерте келейік. Түлкі талай жалтарып, айлалады, сүйтсе де тазы
қоймады. Ол мені көп алдағаны бар, сүйткен үшін сенбеймін.
Қайткенде жақсы болар екен? – қайткенде де жақсы болмас. Ол
өзі барар, үйтпесе сен бар. Жүре тұрсын немесе күте тұрсын.
Әйтсе де болады екен. Үйтпесіне қоймады.
199
ЖАЛҒАУЛЫҚТАР
Жалғаулық дейміз – жалғау орнына жүріп, жалғау сияқты
басқа сөздердің шылауында тұрмаса, өз алдына мағына
шықпайтын сөздерді. Жалғаулық сөздер қазақ тілінде аз.
Болғаны мынау-ақ: менен (бенен, мен, бен), үшін, шейін, дейін,
таман, сайын, гөрі, арқылы, мақырыпты, туралы.
Көбінесе, жалғаулықтар орнына басқа сөздер жүреді.
Мәселен: әрі, бері, соң, бойы, бойын, бөтен, басқа, өзге, ор-
нына, басына, қасына, жанына, маңайына, қасында уа ғайри
сондай сөздер.
Ескерту. Шейін, дейін жалғаулықтар барыс жалғаудан соң
қойылады, гөрі жалғаулық шығыс жалғаудан соң қойылады,
басқалары жалғаусыз түрінің соңынан қойылады. Жалғаулық
орнына жүретін сөздердің: әрі, бері, соң, бөтен, басқа, өзге
дегендері шығыс жалғаудан соң қойылады, бой, бойын де-
гендер табыс жалғаудан соң я тікелей жалғаусыз түрінен соң
қойылады, басқалары ілік жалғаудан соң я тіпті жалғаусыз
түрінен соң қойылады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің соңынан жалғау-
лықтарды я жалғаулықтар орнына жүретін сөздерді қойып жаз-
дырту.
Құдай, Алла, әулие, періште, пайғамбар тамұқ, кісі, адам,
жан, дене, бас, шаш, маңдай, ми, желке, бет, жүз, көз, қарашық,
көз-қабақ, кірпік, құлақ, жас, қас, мұрын, желбезек, ауыз, ерін,
тіл таңдай, азу, ақыл азу, түп азу, самай, иек, жақ, сақал-мұрт,
ата сақал, миық, езу, мойын, кеуде, көкірек, омырау, төс, тамақ,
алқым, өндіршек, ұша қабырға, омырытқа, өкпе, бауыр, жүрек,
қолқа, от, ұйқы қарын, жұлын, тамыр, қара тамыр, күре тамыр,
бауыр, ішек-қарын, ішек бүйен, ұлтабар, қатпаршақ, тақия
қарын, таз қарын, шандыр, шажырқай, талақ, кіндік, құрсақ,
қол, аяқ, арқа, жауырын, білек, йық, иін, қар, шынтақ, саусақ,
шеміршек, сіңір, сүйек, жілік, жамбас, балтыр, тізе, сан, қоң,
таң, борбай, бақай, өкше, тобық, топай асық, мойын омыртқа,
арқа омыртқа (қара омыртқа), бел омыртқа, құйымшақ,
кеңірдек, көмей, жұтқыншақ, бүйрек, алақан, бармақ, тырнақ.
200
ОДАҒАЙ
Одағай дейміз – одағайланып, оңаша айтылатын сөздерді.
Одағай сөздер қазақ тілінде көп. Барша шапшаң болған істі
көрсету үшін айтылатын, барша шабыттау үшін айтылатын,
барша жекіру, ақыру, тыйу, қайыру, тоқтату, басу, жұбату үшін
айтылатын, барша қуаныш, реніш, кейістік, уайым, қайғы,
күйінгенде, сүйінгенде, қорыққанда, шошығанда, танданғанда,
тамсанғанда, жан я тән күйзелгенде, қиналғанда я рахаттанғанда
айтылатын сөздер һәм шығатын дыбыстар – бәрі одағай бола-
ды. Солай болған соң да одағай бірнеше тапқа бөлінеді.
1. Ілездік одағай: лап, шап, жұлт, жалт, зып, сып, дік,
күмп, дүре, күрс, мырс, қалт, бырт, кірт, кілт, шақ, тақ, шық,
зырқ, дүңк, caп, қып, жып уа ғаири осындай сөздер (лап етіп,
шап етіп дегендегі сияқты).
2. Еліктеу одағай: шыр-шыр! быр-быр! сықыр-сықыр, сыл-
дыр-сылдыр! күлдір-күлдір! былдыр-былдыр! дыбыр-дыбыр!
қарқ-қарқ! қаңқ-қаңқ! сұңқ-сұңқ! шық-шық, күмп-күмп, дүңк-
дүңк! пыс-пыс! уа ғайри сондай сөздер.
3. Шақырыс одағай: Адамды шақырғанда әй! «аттан! Һәм
ұран сөздер, һәр жүздің, һәр рудың, һәр атаның шақыратын өз
ұрандары болғандықтан, қазақ ұран сөздері басқа-басқа. Бірақ
қазақ біткеннің бәріне бірдей жалпы ұраны «Алаш!». Малды
шақырғанда түйеге – күс-күс!, жылқыға – құру-құру!, сиырға –
ау-қау!, қойға – пышайт-пышайт!, ешкіге – шөре-шөре-ау!, итті
шақырғанда – ка-ка!, көйт-көйт!, құсты шақырғанда – қайт-
кел!, мысықты шақырғанда – мыс-мыс!
Суға шақырғанда, түйеге – сорап-сорап, жылқыға ысқыр-
ғылайды, сиырға – шәум-шәум!, қойға һәм ешкіге – құрай-
құрай!, итке – күш-күш!, мысыққа – міш-міш!
Жекіргенде адамға – тек! тәйт! қой!, түйеге – шоқ, жылқыға
– құрр! құрр!, сиырға – өк! өк!, қойға – шәйт! шәйт!, итке –
кет!, мысыққа – бырс!
Мейіріммен я жұмсақ раймен айтқанда, адамға – қарағым!,
өкпем!, сәулем!, жаным!, жүрегім!, қалқам!, қарашығым!, ай-
налайын!, садағаң кетейін!, құрбандығың болайын!
31
31
Баланы бөпелегенде, үлкенге жалынғанда да осы сөздер айтылады.
201
Мал турасында түйеге – шөк, жануар, шөк!, жылқыға – құр,
жануар, құр!, сиырға – әукім!, әукім!, қойға – қош, жануар!, итке
– күшім!, күшім!, мысыққа – мышым!, мышым!; күйзелгенде:
ух!, ах!, ай! (жаным-ай), қуанғанда: алақай!; рахаттанғанда:
айқай-қай!, кейігенде: ой, тәңірі-ай! қойшы!; жақтырмағанда:
апырым-ау!, жаным-ау!, жарықтық-ау!, шіркін-ау!, отағасы-
ау!, ойбай-ау!; күйінгенде: айырым-ай!, құдай-ай!, ойбай-ай!;
сыйынғанда: а, Құдай!, а, аруақ!, а, бабам пәленше!, я Құдай!, я
әруақ!, я, бабам пәленше! (тілегенде де осы сөздер айтылады);
қорыққанда: ойбай!, Алла!; таңырқағанда: пай-апырым-ай!,
ах!, шіркін-ай, ах!; өкінгенде: қап!, ах!; қайғырғанда: ух!; опық
жегенде: әттегене-ай! (әттең ғана-ай); кіжінгенде: әттең!,
әттең ғана!; ұнатқанда: әйа!; қостағанда: ой,пәлі!; сүйінгенде:
бәрекелде (бәраһ Алла), жарайды!; алғыс бергенде: көп жаса!,
жасың ұзақ болсын; әйел сәлем еткенде: көп жаса!, ұл тап!;
қарғағанда: Құдай ұрсын!, аруақ атсын!, ант соқсын!; сөйлес
қылғанда: үйде кім-ау!, сөйлеселік-ау!; көрмей сұрағанда: Бұ
қайсың-ай!; бала тербеткенде: әлди! әлди!; жетелегенде: ал!
қанекей!
ОДАҒАЙДАН ТУҒАН СӨЗДЕР
Одағайдан сөз екі түрлі туады. Басқа сөздер одағайдан
көмекші етістік һәм жұрнақ арқылы туады; Етістік арқылы,
мәселен: лап ету, шап ету, жалт ету, жылт ету, зып ету, сып
ету, дік ету, күмп ету, ду ету, күрс ету, мырс ету, қылт ету,
барт ету, кірт ету, кілт ету, тырс ету, шақ ету, тақ ету, шық
ету, тақ ету, зырқ ету, дік ету, сап ету, қып ету, жып ету.
Жұрнақ арқылы мәселен: лапылдау, шапылдау, жалтыл-
дау, жылтылдау, зыпылдау, сыпылдау, дікілдеу, күмпілдеу,
дүрсілдеу, күрсілдеу, мырсылдау, қылтылдау, сыртылдау,
кіртілдеу, кілтілдеу, тырсылдау, шықылдау, тақылдау,
шиқылдау, қыпылдау, жылпылдау.
Еліктеу одағайдан да осылайша етістік һәм жұрнақ арқылы
туады. Етістік арқылы, мәселен: шыр-шыр ету, быр-быр ету,
сықыр-сықыр ету, сылдыр-сылдыр ету, күлдір-күлдір ету,
202
былдыр-былдыр ету, дыбыр-дыбыр ету, қарқ-қарқ ету, қаңқ-
қаңқ ету, сұңқ-сұңқ ету, шық-шық ету, маңқ-маңқ ету, күмп-
күмп ету, дүңк-дүңк ету, пыс-пыс ету.
Жұрнақ арқылы, мәселен: шырылдау, бырылдау, сыпыр-
лау, салдырлау, күлдірлеу, қаңқылдау, сұңқылдау, шықылдау,
маңқылдау күмпілдеу, дүңкілдеу, пысылдау.
Шақырыс одағайлардан жұрнақ арқылы ғана туа ды.
Мәселен: аттандау, алаштау, көс-көстеу, құраулау, ауқаулау,
бышайттау, шөре-шөрелеу, көйт-көйттпеу, қайткелдеу, мыс-
мыстау, сораптау, шәйімдеу, құрайлау, күш-күштеу, мыш-
мыштау.
Мұнан басқа одағайлардан туатын сөздер: апырымдау, ой-
байлау, ахылау, ухілеу, әлдилеу уа ғаири сондайлар.
203
титул
БАЙТҰРСЫН ҰЛЫ АҚЫМЕТ
TІЛ – ҚҰРАЛ
Сөйлем жүйесі мен түрлері
ІІІ-нші тіл танытқыш кітап
Түзетіліп, толықтырылып, жаңа емлемен 3-нші
басылуы
Қазағыстан Қалық Ағарту Комиссариатының
білім-әдеби кеңесі ұнатқан
Қазағыстан мемлекет баспақанасы
Қызыл-Орда 1925
204
СӨЙЛЕМ ЖҮЙЕСІ
Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу
айтқан ой. Сөйлегенде, жазғанда кім де болса ойын айтады.
Ойын айтуға тиісті сөздерді алады да, олардың басын құрап,
біріне бірінің қырын келтіріп, қиындастырады. Қыры келетін
сөздер тұрған күйінде алса да, қиындасады. Қыры келмейтін
сөздерді қиындастыру үшін қырларын өзгертіп қиюын
келтіреміз.
Қыры келетін, келмейтін сөздерді мысалмен көрсетейік:
«Қыс қатты, қар қалың, күн суық» дегенде үш сөйлем бар.
Үшеуінің де ішіндегі сөздер өзгерілместен алынған жана
өзгерілмей-ақ қырлары келіп, қиындасып тұр. Енді басқа
сөйлемдерді алып қарайық: «Елдің малы далада, біткен жаны
жалада, көбі жатыр қалада». Мұнда да үш сөйлем. Үшеуінің
ішіндегі сөздер өзгерілмей алынған бір сөз жоқ – бәрі де өз-
геріліп тұр. Қырларын келтіріп, қиындастыру үшін өзгертпей,
тұрған-тұрған түпкілікті күйінде алсақ қырлары жанаспайды,
біріне-бірі қиындаспайды. Қырларын өзгертпей алып қарайық,
не болып шығар екен: «Ел, мал, дала, біткен, жан, жала, көп,
жат, қала» – осы сөздерден «елдің малы далада, біткен жаны
жалада, көбі жатыр қалада» деген ойларды ұғуға болар ма? –
Әрине, болмайды.
Сондықтан ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола
бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық даража-
да түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады.
Сондықтан сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы болып
құралуы (қысқа айтқанда, сөйлемнің мағынасы). Олай болма-
са, құр сөздердің басын құрап айтқанмен, сөйлем болмайды.
Сөйлем ішіндегі сөздердің басын түсінікті етіп құрастыру,
сөйлемдерді түсінікті етіп жасау туралы сөз табиғатынан
шыққан түрлі заңдар, тәртіптер бар – қысқасынан айтқанда, өз
алдына білерлік толып жатқан білімдер бар.
Ол білімдер сөйлем жүйесі деп аталады. Сөйлем жүйесі
екіге бөлінеді: бірі – сөйлем ішіндегі сөздер турасындағы білім.
Сөйлем ішіндегі сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.
205
БІРІНШІ БӨЛІМ
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ
Сөйлем мүшелері тұрлаулы, тұрлаусыз болып екіге бөлінеді.
Тұрлаулы мүше болады сөйлем болған жерде қалмай айтыла-
тын сөздер немесе қалса да қалғандығы сезіліп тұратын сөздер.
Мәселен, «асыл тастан, ақыл жастан» я болмаса «баланы жа-
стан, қатынды бастан» дегенде: бірінші мысалда «шығады»
деген сөз, екінші мысалда «үйрет» я «үйрету» деген сөз қалып
тұрғандығы сезіліп тұр. Не болмаса «жығылған күреске тоймас
я «ауызы күйген үріп ішер» деген сөйлемдердің біріншісінде де,
екіншісінде де «адам» деген сөз қалып тұрғаны анық сезіледі.
Толықтырып айтсақ, бұлай дер едік: «асыл тастан шығады,
ақыл жастан шығады», «ба ланы жастан үйрет, қатынды бастан
үйрет», «жығылған адам күреске тоймас», «ауызы күйген адам
үріп ішер».
Осындай сөйлем ішінде бірде болып, бірде болмайтын
сөздер немесе керек болған жерде айтылып, керек болмаған
орында айтылмай қалып отырған сөздер, жана да, қалған жер-
де қалғандығы ашық сезілмейтін сөздер тұрлаусыз мүше деп
аталады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері екеу: 1. Бас мүше. 2.
Баяншы мүше.
Бас мүше дейміз – сөйлем ішіндегі сөздер байланатын
қазық сөзін, сөйлем иесін. Ол қазық сөз болатын қандай сөз?
Сөйлегенде бір нәрсе туралы сырын-сипатын, жайын, ама-
лын, болмысын сөйлейміз. Сөйлем ішінде сол нәрсенің атын
көрсететін сөз бас мүше болады. Ол нәрсенің сырын-сипа-
тын, жайын, амалын, болмысын айтып баяндайтын сөз баян-
шы мүше болады. Бұлар бас мүше мен баяншы мүшенің ішкі
белгілері. Бұлардан басқа тысқы белгілері бар.
Бас мүшенің тысқы белгілері «кім?» «не?» деген сұрауларға
жауап беру. Баяншы мүшенің белгілері, негізі «не етпек?», «не
қылмақ?», Баяншы мүшенің тысқы белгілері «не болмақ?»,
«нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?», «қайсы?», «ненікі?»
деген сұрауларға жауап беру.
206
Жеңілдік үшін бас мүше – бастауыш деп баяншы мүше
– баяндауыш деп аталады. Мұнан бұлай жеңілдік үшін бас
мүше, баяншы мүше деп жатпай, бастауыш баяндауыш деп
қысқа түрлерін тұтынамыз.
Бірнеше сөйлемдерді мысалға алып, бастауыш пен баяндау-
ыш қалай табылатынын көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |