§ 1. БАСТАУЫШ
Бастауыш болатын сөз таптары
Әуелі бастауыш болатын – атау тұлғасындағы зат есім.
Мысалы: Бала ойнайды. Ат шабады. От жанады. Бұл
сөйлемдердің ішінде бастауыш қай сөз екенін әуелі ішкі
белгісімен тауып қарайық. Олай табу үшін мысалға алынған
сөйлемнің әрқайсысында не туралы сөйленіп тұрғанын ашу
керек.
1-інші сөйлем: Бала ойнайды. Мұнда кім турасынан сөйле-
ніп тұр? – Бала турасынан.
2-інші сөйлем: Ат шабады. Мұнда не турасынан сөйленіп
тұр? – Ат турасынан.
3-інші сөйлем: От жанады. Мұнда не турасынан сөйленіп
тұр? – От турасынан.
Сүйтіп, бұл сөйлемдерде бала, ат, от турасынан сөйленген
болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде бастауыштың ішкі
белгілері бар, сондықтан бұлар бастауыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгілерімен тауып қаралық. Олай табу үшін
«кім?», «не?» деп сұрау салу керек. Сол сұрауға қай сөз жау-
ап берсе, ашып айтқанда, қай сөз сұрауға жауап болып табыл-
са, сол сөз бастауыш болмақ. 1-інші сөйлем: Бала ойнайды.
Кім ойнайды? – Бала. 2-інші сөйлем: Ат шабады. Не шаба-
ды? – ат. 3-інші сөйлем: От жанады. Не жанады? – от. Сүйтіп,
бұл сөйлемдер: «кім?», «не?» деген сұрауларға жауап берген
сөздерде бала, aт, от болып шықты. Олай болса, бұл сөздерде
бастауыштың тысқы белгілері бар болып табылды. Ішкі, тысқы
екі белгісі де бар болған соң, бұл сөздер бастауыш болады.
207
Бала, ат, от – атау тұлғасындағы тұрған зат есімдер.
Екінші, бастауыш болатын – атау тұлғасындағы сын есім. Мы-
салы: Көп қорқытады, терең батырады. Бұл сөйлемдерде
сөйленіп, сөз болып отырған – көп пен терең. Солай болған
соң ішкі белгісі бойынша бастауыш көп пен терең болуға тиіс.
Тысқы белгісімен қарағанда, «кім қорқытады?» – көп, «не ба-
тырады?» – терең. Мұнда да «кім?», «не?» деген сұрауларға жа-
уап беріп тұрған «көп» пен «терең» деген сөздер. Ішкі, тысқы
белгісі бірден табылып тұрған соң, бұл сөздер бастауыш бола-
ды. «Көп», «терең» деген сөздер атау тұлғасында тұрған сын
есімдер. Үшінші, бастауыш бо латын атау тұлғалы сан есім,
мысалы: Берерменге бесеу көп. Біреу тойып секіреді. Ішкі
белгісі бойынша бастау ыш – бесеу, біреу болуға тиіс, өйткені
1-інші сөйлемде сөз болып отырған бесеу, 2-інші сөйлемде
біреу деген сөздер.
Тысқы белгісімен іздесек: берерменге не көп? – бесеу, кім
тойып секіреді? – біреу.
Бұл бастауыштың тысқы белгілері бесеу, біреу деген
сөздерден табылған соң, бастауыш осылар болады.
Бесеу, біреу атау тұлғасында тұрған сан есімдер. Төртінші,
бастауыш болатын – атау тұлғалы есімдік. Мысалы: Мен
келдім, сен кеттің. Ол терең, бұл тайыз.
1-інші сөйлемде мен туралы, 2-інші сөйлемде сен тура-
лы, 3-інші сөйлемде ол туралы, 4-інші сөйлемде бұл туралы
сөйленіп тұр. Сондықтан мен, сен, ол, бұл бастауыш болады.
Бұл ішкі белгісі бойынша. Енді тысқы белгісімен қарайық: Кім
келді? – мен, кім кетті? – сен, не терең? – ол, не тайыз? – бұл.
«Кім?», «не?» деген сұрауларға жауап беріп тұрған сөздер –
мен, сен, ол, бұл. Сондықтан бұл сөздер бастауыш болатыны
даусыз. Сүйтіп мен, сен, ол, бұл деген сөздер ішкі белгісімен
де бастауыш болып шығып тұр. Бұл сөздер атау тұлғасында
тұрған есімдіктер.
Бесінші, бастауыш болатын – етістіктің тұйық райы мен
есімшеге айналған түрлері. Мысалы: Алыспақ жоқ, атыспақ
бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас.
Мұнда сөз болып отырғандар: 1-інші сөйлемде алыспақ,
2-інші сөйлемде атыспақ, 3-інші сөйлемде оқу, 4-інші
сөйлемде жығылған.
208
Ішкі белгісінше алыспақ, атыспақ, оқу, жығылған бастау-
ыш болады (солар туралы сөйлеп отырмыз) Тысқы белгісінше
де бастауыш болатын сол сөздер не жоқ? – алыспақ, не бар –
атыспақ, не оңайланды? – оқу, кім күреске тоймас? – жығылған.
Алыспақ, атыспақ етістіктің тұйық райындағы сөздер, оқу
мен жығылған етістіктің есімшеге айналған түріндегі сөздер.
Алтыншы, бастауыш болатын – үстеу жана үстеу ор-
нында жүретін сөздер. Мысалы: Әрі алыстатады, бері
жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Бұл сөйлемдерде әрі, бері, шапшаң, соңыра туралы сөйленіп
тұр. Бұлар бастауыш болу керек. Бұл ішкі белгісінше, не алы-
статады? – әрі, не жақындатады? – бері, не асықтырады? –
шапшаң, не кешіктіреді? – соңыра. Сұрау бойынша да немесе
тысқы белгісі бойынша дегенде де әрі, бері, шапшаң
32
, соңыра
деген сөздер бастауыш болады.
Бұл төрт сөздің төртеуі де не үстеулер, не үстеу ор нына
жүретін сөздер.
Жетінші, бастауыш болатын – демеу мен демеу ор нында
жүретін сөздер. Мысалы: «Әлде» аз айтылады, «ба» көп ай-
тылады, «бәлки» сирек айтылады. Бұл сөйлемдерде сөз бо-
лып тұрған «әлде», «ба», «бәлки», бұлар сон дықтан бастауыш
болуға тиіс. Бұл ішкі белгісінше.
Не аз айтылады? – «әлде», не көп айтылады? – «ба», не си-
рек айтылады? – «бәлки».
Тысқы белгісінше де «әлде», «ба», «бәлки» бастау ыш болып
шығады. «Әлде», «ба», «бәлки» деген сөздер демеулер.
Сегізінші, бастауыш болатын – жалғаулық жана да
жалғаулық орнында жүретін сөздер. Мысалы: «Үшін» үш
айтылғанда, «арқылы» бір де айтылмайды. Мұнда болып
тұрған «үшін» мен «арқылы». Сондықтан бастауыш болады
дейміз. Бұл ішкі белгісіне қарайтып тұрғанымыз.
Енді тысқы белгісіне қарайық. Не үш айтылғанда? – үш. Не
бір де айтылмайды? – «арқылы». Тысқы белгісі бойынша да ба-
стауыш болатын «үшін» мен «арқылы». «Үшін» мен «арқылы»
деген сөздер жалғаулықтар.
32
Шапшаң үстеу орнына жүретін сын есім.
209
Тоғызыншы, бастауыш болатын – одағай. Мысалы: «Ә,
Құдай!», «о, Құдай» – күйзелгеннің белгісі; «тек!, «тәйт!»,
«шәйт!» – бұйырғанның белгісі. Мұнда сөз бо лып тұрған «ә,
Құдай!», «о, Құдай!», «тек!», тәйт!», «шәйт!», сондықтан бұл
сөздер бастауыш болады. Бұл ішкі белгісімен білгеніміз.
Енді тысқы белгісімен қарайық. Не күйзелгеннің белгісі?
– «ә, Құдай!», «о, Құдай!», не бұйырғанның белгісі? – «тек!»,
«тәйт!», «шәйт!» тысқы белгісімен де бұл сөздер бастауыш бо-
лып шықты. «Ә, Құдай!, «о, Құдай!», «тек!», «тәйт!», «шәйт!»
деген сөздер одағайлар.
Оныншы, бастауыш болатын – бүтін сөйлем. Мы салы:
«Сенікі, менікі» деген көңіл тарлығы, «ары жат, бері жат»
деген төсек тарлығы.
Мұнда айтылып тұр «менікі, сенікі деген» жана «ары жат,
бері жат» деген» туралы. Сондықтан бұл сөйлемдер ішкі белгісі
бойынша бастауыш болуға тиіс. Тысқы белгісі бойынша не бо-
лып шығар екен?!
Не көңіл тарлығы? – «сенікі, менікі» деген. Не төсек
тарлығы? – «ары жат, бері жат!» деген тысқы белгісі бойын-
ша да бұл сөйлемдер бастауыш болып шықты. Сүйтіп, енді
қорытып айтқанымызда, бастауыш болады сөз таптарының
тоғызы да: 1.Зат есім. 2. Сын есім. 3. Сан есім. 4. Есімдік. 5.
Етістік. 6. Үстеу. 7. Демеу. 8. Жалғаулық. 9. Одағай жана бүтін
сөйлемдер.
Қосарлы бастауыш. Бастауыш бір сөзбен айтылмай,
бірнеше сөзбен айтылса, қосарлы немесе күрделі деп атаймыз.
Мысалдар: 1) Тамағы жоқтық таптырар. Мұнда тамақ
жоқтық жайынан айтылып тұр. Не таптырар? – тамағы жоқтық
(бастауыш екі сөзбен айтылып тұр).
2. Асық ойнаған азар. Мұнда асық ойнаған туралы айтылып
тұр. Кім азар? – асық ойнаған.
3. Жөнге тартқан жөндер. Мұнда жөнге тартқан туралы
айтылып тұр. Кім жөндер? – жөнге тартқан.
4. Сыпыра жалмаң жалмар. Мұнда сыпыра жалмаң жайы-
нан айтылып тұр. Кім жалмар? – сыпыра жалмаң.
5. Тоны жаман тоңар. Мұнда тоны жаман туралы айтылып
тұр. Кім тоңар? – Тоны жаман.
210
6. Жеті атасын білмеген – жетім. Мұнда жеті атасын
білмегеннің жайынан айтылып тұр. Кім жетім? – жеті атасын
білмеген.
Асылында, бастауыш болатын – зат есім. Бастауыш болған
жерде зат есім болмай қалмайды, бірақ бірде айтылады, бірде
айтылмай ойда тұрады. Зат есімнен басқа бастауыш болған
сөздер зат есімнің орнында немесе арқасында бастауыш
бола алады. Жоғарыда мысалға алынған сөйлемдерде сөйлеу
бөлімдерінің бәрі бастауыш болуға жарайтын болып шықты.
Түбін қазып қарастыра келгенде, солардың бәрі де (зат есімнен
басқасы) бастауыш болып тұрғандары – не зат есімнің ор-
нында тұрғандықтан не зат есімнің көмегі болғандықтан. Сол
бастауыштардың түбін қазыңқырап қарастырып көрейік, қалай
бастауыш болып тұр екен.
Зат есімнен басқа бастауыш болып тұрған әуелі – сын
есім. Мысалға алынған: Көп қорқытады, терең батырады.
«Көп қорқытады» деген де қорқытатын шөп емес, әрине адам.
«Терең батырады» дегенде де батыратын терең су екені анық.
Олай болса мұндағы «көп» пен «терең» – «көп адам», «терең
су» деген сөздердің орнында тұр. Жеңілдік үшін «адам» мен
«су» деген сөздер айтылмаған, бірақ ойда тұр.
Екінші – сан есім. Мысалға алынған: Берерменге бес те
көп, аларманға алты да аз. Біреу тойып секіреді». «Бес те»,
«алты да» дегенде, мұнда нәрсе көңілде тұр. Құр ғана сан бол-
са, азсынуға да, көпсінуге де орын болмас еді: «Бесеу», «алтау»
нәрсесіз құр сан болса, берермен бесеу түгіл, мыңын көпсінбес
еді, аларман алтау түгіл, бірін де азсынбас еді. Берермен
көпсінетіні, аларман азсынатыны – берілетін, алынатын құр
сан емес, нәрсе болғандығы. Мұндағы «бесеу» мен «алтау»
сан ғана емес, нәрсені де көрсетіп тұр. Сондай-ақ, біреу тойып
секіреді дегенде, әрине, секірмейді. Олай болса, «біреу» деген
сөз мұнда есім орнында тұр.
Үшінші – есімдік. Мысалға алынған: Мен келдім, сен кедің;
Ол терең, бұл тайыз.
Есімдік өзі есім орнына жүретін сөз болған соң, бастауыш
болған есімдіктер зат есім орнында тұрғаны анық. Мен, сен,
ол, бұл – бәрі де зат есім орнына жүретін есімдіктер.
211
Төртініші – етістік. Мысалға алынған: Алыспақ жоқ,
атыспақ бар. Оқу оңайланды. Жығылған күреске тоймас.
Алыспақ, атыспақ деген сөздер бұл жерде алысу, атысу,
күресу есімдерін көрсететін етістіктен шыққан зат есімдері.
«Жығылған күреске тоймас» дегенде, күреске тоймайтын
жығылған мал я ағаш емес, адам екендігі анық. Солай болған
соң «жығылған» деген сөздің бас тауыш болып тұрғаны –
«жығылған адам» дегеннің ор нында тұрғандықтан. Жеңілдік
үшін «адам» айтылмаған, бірақ көңілде тұр.
Бесінші – үстеу. Мысалға алынған: Әрі алыстатады, бері
жақындатады, шапшаң асықтырады, соңыра кешіктіреді.
Жеңілдік үшін қысқартпай айтқанда, бұл сөздер бұлай айтылар
еді: Әрі деу – алыстатады, бері деу – жақындатады. Шапшаң
деу – асықтырады, соңыра деу – кешіктіреді. «Деу» деген сөз
бәрінде де айтылмаған. «Деу» – етістіктен шыққан зат есім.
«Әрі», «бері», шапшаң», «соңыра» деген сөздердің бастау-
ыш болып тұрғандары «әрі деу», «бері деу», «шапшаң деу»,
«соңыра деу» орнында болғандықтан.
Бастауыш болған демеу, жалғаулық, одағай – бәрі де осы
ретпен болып тұр. Сүйтіп, түбін қазып қарастырып келгенде,
бастауыш болатын – зат есім. Басқа сөз таптары зат есімнің ор-
нында немесе арқасында ғана бастауыш бола алады.
§ 2. БАЯНДАУЫШ
Баяндауыш болатын сөз таптары
Әуелі баяндауыш болады – етістік. Мысалы: Қой үрікті.
Ит үрді. Адам айқайлады. Бұл сөйлемдердің ішінде баяндауыш
болатын қай сөз екенін әуелі ішкі белгісімен тауып қарайық.
Баяндауыш болмақ керек қандай сөздер? Жоғарыда айтуымыз
бойыша баяндауыш болатын сөз бастауыш атаған нәрсенің не
сипатын, не амалын, не жайын, не болмысын көрсету керек.
Олай болса, алынған сөйлемдердің ішіңдегі бастауышты тау-
ып, сонан соң ол бастауыш атаған нәрсенің не сыр-сипатын, не
амалын, не жайын, не болмысын көрсететін сөзді табу керек.
212
1-інші сөйлем: Қой үрікті. Не үрікті? – қой. Бастауыш қой
деген соз болып шықты. Үрікті деген қойдың не істегенін ама-
лын көрсетіп тұр.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Не үрді? – ит. Бастауыш ит деген
соз болып шықты. Үрді деген соз итгің не істегенін — амалын
көрсетіп тұр.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Кім айқайлады? – адам.
Бастауыш адам деген сөз болып шықты. Айқайлады деген сөз
адамның не істегенін — амалын көрсетіп тұр.
Сүйтіп, бұл сөйлемдердің ішінде бастауыш атаған нәр-
селердің амалын көрсетуші үрікті, үрді, айқайлады деген сөздер
болып шықты немесе, екінші сөзбен айтқанда, баяндауыштың
ішкі белгісі осы сөздерге келеді. Сондықтан бұл сөздер баянда-
уыш болуға тиіс.
Енді тысқы белгісімен тауып көрейік. Баяндауыштың
тысқы белгісі – «не етпек?», «не қылмақ?», «қайтпек?»,
«не болмақ?», «нешік?», «немене?», «қалай?», «кімдікі?» я
«ненікі?», «қайсы?» негізді сұрауларға жауап беру. Сондықтан
бұл негізді сұраулар баяндауыш сұраулары деп аталады.
Алынған сөйлемдер ішінде қай сөз баяндауыш сұраула-
рына жауап берер екен, қарайық.
1-інші сөйлем: Қой үрікті.Қой не етті? – үрікті.
2-інші сөйлем: Ит үрді. Ит қайтті? – үрді.
3-інші сөйлем: Адам айқайлады. Адам не қылды? –
айқайлады. Мұнда «не етті?», «қайтті?», «не қылды?» деген
баяндауыш сұрауларына жауап беріп тұрған сол үрікті, үрді,
айқайлады деген сөздер. Олай баяндауыштың тысқы белгілері
де осы сөздерге кел ішкі, тысқы белгісі бірдей келген соң
баяндауыш болып тұрған осы сөздер – үрікті, үрді, айқайлады
деген сөздер – етістіктер. Етістіктің есімше мен көсемше
түрлері де баяндауыш болады. Етістік есімше күйінде ғана
баяндауыш болады. Екеуіне де мысал келтірейік. Есімше дара
күйінде баяндауыш болатын мысалдар.
1. Мен сөйлеушімін, сен тыңдаушысың. Мұнда «сөй-
леушімін», «тыңдаушысың» деген сөздер «мен», «сен» жайын
баяндап тұр (бұл – баяндауыштың ішкі белгісі). Мен неме-
немін? – сөйлеушімін. Сен неменесің? – тыңдаушысын (бұл –
баяндауыштың тысқы белгісі).
213
2. Заман өзгерген, білім күшейген. Мұнда «өзгерген»,
«күшейген» деген сөздер «заман» мен «білім» жайын айтып,
бірінің өзгергендігін, екіншісінің күшейгендігін баяндап тұр
(бұл – ішкі белгісімен қарағандағысы). За ман не еткен? –
өзгерген. Білім не еткен? – күшейген. (Бұл – тысқы белгілері).
3. Біреу беретін, біреу алатын. Мұнда біреу жайы-
нан беретіндігі мен алатындығы сөйленіп тұр. (Бұл – ішкі
белгілері). Біреу не ететін? – беретін. Біреу не ететін? – алатын.
(Бұл – тысқы белгілері).
Есімше мен көсемше қосар күйінде баяндауыш болатынына
мысалдар:
1. Бала жылай берген. Кім жылай берген? – бала (бас тауыш).
Бала не қылған? – жылай берген (баяндауыш).
2. Оспан оқып жүрген.
Кім оқып жүрген? – Оспан (бастауыш). Оспан не қылған? –
оқып жүрген (баяндауыш).
3. Асан айтқан екен.
Кім айтқан екен? – Асан (бастауыш). Асан не қылған екен?
– айтқан екен (баяндауыш).
Көсемше баяндауыш болатынына мысалдар.
1. Ат тулай берді.
Не тулай берді? – ат (бастауыш). Ат не қылды? – тулай берді
(баяндауыш).
2. Әлжан алып берді.
Кім алып берді? – Әлжан (бастауыш). Әлжан не алып берді
(баяндауыш).
3. Тауық ұша алмайды.
Не ұша алмайды? – тауық (бастауыш). Тауық не қылмайды?
– ұша алмайды (баяндауыш).
4. Ақын айта беріпті.
Кім айта беріпті? – Ақын (бастауыш). Ақын не етіпті? – айта
беріпті (баяндауыш).
Екінші – баяндауыш болатын сын есім. Қыс жақсы. Мал
семіз. Ел тоқ. Не жақсы? – қыс. Не семіз? – Мал, Кім тоқ? –
ел. Қыс, мал, ел – бастауыштар. Баяндауыш болатын сөз, әуелі,
ішкі белгісімен келу бастауыш атаған нәрсенің яғни қыстың,
малдың я амалын, я жайын, я болмысын көрсету екінші,
214
баяндауыштың тысқы белгісі болған сұрауларға жауап беру ке-
рек. Қалай болар екен, қарайық.
1-інші сөйлем: Қыс жақсы. Қыс қалай? – жақсы
2-інші сөйлем. Мал семіз. Мал қалай? – семіз
3-інші сөйлем: Ел тоқ. Ел қалай? – тоқ.
Мұнда жақсы, семіз, тоқ деген сөздер қыстың малдың,
елдің жай-күйін көрсетіп тұр. Жана «қалай?» деген баяндауыш
сұрауына жауап беріп тұр.
Ол баяндауыштың ішкі-тысқы белгісі бірдей осы сөздерге
келгенін көрсетеді. Сондықтан бұл сөздер баяндауыш болады.
Жақсы, семіз, тоқ деген сөздер сын есімдер.
Үшінші – баяндауыш болады – зат есім. Мысалы: Aт – көлік.
Атшы – кісі. Қамшы – қару. He көлік? – ат. Кім кісі? – атшы.
Не қару? – қамшы. Ат, атшы, қамшы бастауыштар. Баяндауыш
болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу керек.
Ат немене? – көлік. Атшы немене? – кісі. Қамшы неме-
не? – қару. Көлік, кісі, қару деген сөздер аттың, атшының,
қамшының немене болатын болмысын айтып тұр. Сондықтан
бұлар баяндауыштың ішкі белгісіне тура келеді.
Көлік, кісі, қару деген сөздер «немене?» деген баяндауыш-
тың сұрауына да жауап беріп тұр. Бұл тысқы белгісіне тура
келгені, баяндауыштың ішкі, тыскы белгісіне бірдей келген
соң, бұл сөздер, әрине, баяндауыш болмақ.
Көлік, кісі, қару – зат есімдер.
Төртінші – баяндауыш болатын – сан есім. Мысалы: Ер
кезегі үш. Не үш? – ер кезегі. Ер кезегі деген сөз бастауыш.
Баяндауыш болатын сөзде оның ішкі-тысқы белгілері болу
керек.
Ер кезегі немене? – үш. Үш деген сөз ер кезегінің немене
болатынын айтып тұр. Болмысын айтып соң, бұл сөз баянда-
уыш болмақ (ішкі белгісі бойынша). Үш деген сөз «немене?»
деген баяндауыштың сұрауына жауап беріп тұр. Бұл тысқы
белгісінің де осы сөзден табылғанын көрсетеді. Ішкі-тысқы
белгісі келгені «үш» деген сөз баяндауыш болғанын көрсетеді.
Үш деген сөз деген сөз – сан есім.
Бесінші – баяндауыш болатын есімдік. Мысал: Медеуі –
мен. Омары – ол. Өтегені – өзі. Мен кім? – Медеуі. Ол кім?
215
– Омары. Өзі кім? – Өтегені. Медеуі, Омары, Өтегені деген
сөздер бастауыштар. Баяндауыш балатын сөзде ішкі-тыскы
баяндауыш белгісі бүларға тиіс.
Медеуі қайсы? – мен. Омары қайсы? – ол. Өтегені қайсы? –
өзі. Мен, ол, өзі деген сөздер Медеуінің, Омарының, Өтегенінің
кім болатындығын айтып тұр. Болмысын айтып тұрған соң,
бұл сөздер баяндауыш болады.
Оның үстіне мен, ол, өзі деген сөздер «қайсы?» деген баян-
дауыш сұрауына жауап беріп тұр.
Ішкі-тысқы белгісі бірдей келген соң, бұл сөздер, әрине,
баяндауыш болады.
Мен, ол, өзі деген сөздер есімдіктер.
Алтыншы – етістікпен қосыла одағай және басқа сөздер
баяндауыш болады. Мысал: Мылтық тарс етті. От жылт
етті. Күн жаз болды. Ет аз болды. Беретіні бес екен.
Не тарс етті? – мылтық. Не жылт етті? – от. Не жаз болды? –
күн. Не аз болды? – ет. Несі бес екен? – беретіні.
Мылтық, от, күн, ет, беретіні деген сөздер – бас тауыштар.
Баяндауыш болатын сөзде ішкі-тысқы баяндауыш белгісі
боларға керек. Мылтық не етті? – тарс етті. От не етті? – жылт
етті. Күн қайтті? – жаз болды. Ет қайтті? – аз болды. Беретіні
не екен? – бес екен. Тарс етті, жылт етті, жаз болды, аз
болды, бес екен деген сөздер мылтықтың, оттың, күннің, еттің,
беретіннің амалдарын, жайларын, болмыстарын айтып отыр.
Онымен тұрмай жана да баяндауыш сұрауларына жауап беріп
түр. Сондықтан ол сөздер баяндауыш етістік «Тapc етт» де-
генде, «тарс» – одағай, «етті» – етістік. «Жылт етті» дегенде,
«жылт» – одағай, «етті» – етістік. «Жаз болды» дегенде «жаз»
– зат есім, «болды» – етістік. «Аз болды» дегенде, «аз» – сын
есім, «болды» – етістік. «Бес екен» дегенде, «бес» – сан есім,
«екен» – етістік. Мұнан көрініп тұр: бәріңде де түрлі сөздер
етістікке косылып баяндауыш болып шыққаны. Осындай екі
сөзден, үш сөзден, әйтеуір, бір емес, бірнеше сөзден қосылып
болған баяндауыш қосарлы немесе күрделі деп аталатыны
жоғарыда айтылған.
Жетінші – баяндауыш болады – бүтін сөйлем. Мысал:
«Білемін» деген – «бүлемін» деген болады. «Білемін» деген
216
(бастауыш). «Білемін» деген немене – «бүлемін» деген (баян-
дауыш). Бұл – тысқы белгісімен табу. Ішкі белгісімен қарайық:
мұнда не жайынан ай тылып тұр? – «білемін» дегеннің жайы-
нан. Оның жайынан не айтылып тұр? – оның «бүлемін» деген
болатындығы айтылып тұр. Бұл мысалда бастауыш та баян-
дауыш та бүтін сөйлемнен болған. Баяндауыш бастауышқа
жақтарымен ғана жанасып, қиындасады. Мы сал: Мен оқыдым.
Сен жазу жаздың. Ол шай қайнатты. Мұнда әр жақ өз
жағымен жанасып, қиындасып тұр.
Мен кітап оқыды, сен жазу жазды, ол шай қайнаттым,
шай қайнаттың деп айтылмайды. Сөйлем ішіндегі сөздер
қиындаспай кетеді. Мұндай әр жақ өз жағымен жанасу жалғыз
етіс болған баяндауышта емес, басқа сөз таптарынан болған
баяндауыштарда да бар.
Мысал: мен жаспын, сен жассың, ол жас, біз жаспыз, сіз
жассыз, басқалары жана солай. Бірақ «да», «де» демеулер
қосылғанда, бұл ымыра бұзылып, «да» айтылады.
Мысал: мен де жас, сен де жас, ол да жас, біз жас, сіз де
жас, олар да жас деп айтуға да болады.
Ескерту. Етістіктен болған баяндауыштардағы ымыра
«да», «де» демеулер қосылса да бұзылмайды.
Баяндауыш жекелік, көптік жүзінен де ымыр ды. Бірақ ол
ымырасы толық емес, тұрақты емес. Мысал: мен барамын, сен
барасың, ол барады, біз барамыз, сіз барасыз немесе сендер
барасыңдар. Олар барады («барадылар» орнына «барады»
болып тұр). Мен саумын, сен саусын, ол сау, біз саумыз, сіз
cayсыз немесе сендер саусыңдар, олар сау («саулар» орнына
«сау» ғана болып тұр). Мұнан не көрініп тұр. Жекелік, көптік,
бірінші, екінші жақтарында баяндауыш бастауышпен ымы-
раласып, үшінші жаққа келгенде көпше айтылмай, ымырадан
шығып кететіні көрініп тұр. Сүйтіп баяндауыш бастауышпен
жеке айтылғанда үш жағымен ымыраласып, көпше айтылғанда,
үшінші жағымен ымыраласпайтын болып шығады.
217
БАСЫМ ЖАҚ
Бастауыш бір жақты болса, баяндауыш онымен айтылған
түрде ымыраласады. Бастауыш әр жақты бол са мәселен, баста-
уыш біреу емес, бірнеше болса жана әрқайсы әр жақты болса,
онда баяндауыш басым жағымен ымыраласады.
Бізге мәлім бірінші жақ айтушы, екінші жақ тыңдаушы,
үшінші жақ бөгделік болатыны. Бірінші, екінші, үшінші жақ
қатар келгенде айтушы сөзді өзіне орайлай сөйлегендіктен,
бірінші жақ екінші, үшінші жақтан басым болады. Сондықтан
айтушы мен тындаушы екеуінің бірдей амалын, жайын, бол-
мысын көрсететін баяндауыш о да бірінші жақпен айтылады.
Мысал: 1. мен, сен – екеуміз барамыз. 2. мен, сен, Омар
– ушеуміз кетеміз. Бірінші мысалда – мен, сен – екеуі де ба-
стауыш. Екеуі екі жақ: мен – бірінші жақ, сен – екінші жақ.
Бұл екеуінің бірдей амалын көрсетіп тұрған ортақ баяндау-
ыш «барамыз» бірінші жақпен ғана айтылып тұр. Екінші мы-
салда – мен, сен, Омар – үшеуі бастауыш. Үшеуі – үш жақ.
Мен – бірінші жақ. Сен – екінші жақ. Омар – үшінші жақ. Бұл
үшеуінің бірдей амалын көрсетіп тұрған ортақ баяндауыш
«кетеміз» – бірінші жақпен ғана айтылып тұр.
Бірінші, екінші, үшінші жақ – үшеуі қатар келген жерде
бірінші жақ басым болады деген осы.
Айтушы жақ өзіне қоспай, тыңдаушымен бөгделік жақты
сөз қылғанда сөзді тыңдаушы жағына орайлай сөйлейді.
Сондықтан екінші жақ үшінші жақтан басым болады.
Тыңдаушы мен бөгделік екеуінің амалын, жайын, болмысын
көрсететін баяндауыш екінші жақпен айтылады. Мысалы: Сен,
Омар екеуің келерсіңдер. Бұл мысалда «Сен», «Омар» екеуі
де бастауыш. Екеуі екі жақ. Сен – екінші жақ, Омар – үшінші
жақ. Екеуінің бірдей көрсетіп тұрған баяндауыш «келерсіңдер»
екінші жақпен айтылып тұр.
Екінші, үшінші жақ екеуі қатар келген жерде екінші жақ ба-
сым болады дегеннің мағынасы осы.
218
ҚОСАРЛЫ БАЯНДАУЫШ
Жоғарыда баяндауыш екі немесе үш, әйтеуір бір емес,
бірнеше сөзбен айтылған болса, «қосарлы» баяндауыш болады
деп айтылды.
Жай баяндауыш жай етістікпен айтылады, қосарлы баян-
дауыш көмекші етістіктер қосылып айтылғанда болады, бірақ
етістік жүрмеген жерде баяндауыш болмайды. Етістіктен басқа
сөз таптары баяндауыш болса, олар етістік көмегімен ғана бола
алады. Оларға көмек болатын көбінесе, көмекші етістіктер.
Көмегі үртіс көріне болмай, көрінбей болатын да орында-
ры бар. Бірақ түбін қазып, қарастырып келгенде, баян дауыш
болған жерде етістік бар екені даусыз болып шығады. Етістік
көмегі көріне болатын орындары мен көрінбей болатын орын-
дарына мысал келтіріп көрейік.
1. Күн жаз болды; 2. Eт аз болды.
Мұнда бірінші мысалда күн – бастауыш, жаз бол ды – ба-
яндауыш. Екінші мысалда ет – бастауыш, аз болды – баяндау-
ыш. Жаз болды, аз болды деген баяндауыштың екеуі де екі-екі
сөзбен айтылған. Екі сөзбен айтылған соң, бұлар қосарлы баян-
дауыш болады. Қосарлы баяндауыш көмекші етістік қосылған
жерде болады. Бұл екі баяндауыш та, «жаз болды», «аз болды»
дегенде, «болды» көмекші етістік екендігі көзге көрініп тұр.
1. Ағаш көркі жапырақ. 2) Адам көркі шүберек. Мұнда
бірінші мысалда бастауыш – көркі, екінші мысалда да баста-
уыш – көркі. Баяндауыш бірінші мысалда – жапырақ, екінші
мысалда – шүберек.
Жапырақ, шүберек деген сөздер етістік көмегінсіз-ақ ба-
яндауыш болып тұрған сияқты көрініп тұр. Шынында олай
емес, мұнда да етістіктің жасырын көмегі бар. Ол көмегі, егер,
жоғарыдағы мысалға алынған сөйлемдерді қысқартпай, толық
түрінде айтсақ көрінеді. Мәселен: Ағаш көркі жапырақ бола-
ды. Адам көркі шүберек болады десек, қысқартып айтқанда,
көрінбей тұрған көмекші етістік – «болады» толықтырып
айқанда шыға келеді.
Етістік көмегімен баяндауыш болатын сөз таптары:
Зат есім. 2) Сын есім. 3) Сан есім. 4) Есімдік. 5) Етістік (есімше,
көсемше түрінде).
219
Мысал: 1) Жаман жүрісінен құл болады. 2) Жақсы жүрісінен
пұл болады. 3) Жұп негізі – екі. 4) Оспан – осы. 5) Ол – біздің
қорғаушымыз. 6) От жанып тұр. Бұл мысалдарда: 1) Баянда-
уыш – құл болады. Құл – зат есім, болады – көмекші етістік.
2) Баяндауыш пұл болады. Пұл – сын есім, болады – көмекші
етістік. 3) Баяндауыш – екі. Екі – сан есім, болады деген
көмекші етістіктің көрінбей тұрған көмегі бар (Жұп негізі екі
болады). 4) Баяндауыш осы. Осы – есімдік. Етістіктің көрінбей
тұрған «болады» деген көмегі бар (Оспан осы болады). 5) Ба-
яндауыш – қорғаушымыз. Қорғаушымыз – есімше. Мұнда да
етістіктің көрінбей тұрған көмегі бар. (Ол біздің корғаушымыз
болады). 6) Баяндауыш – жанып тұр. Жанып – көсемше, тұр –
көмекші етістік.
ЖАЛАҢ СӨЙЛЕМ МЕН ЖАЙЫЛМА СӨЙЛЕМ
Бастауышы мен баяндауышы бар екі мүшелі ғана сөйлем
жалаң сөйлем деп аталады. Бастауыш пен баян дауыш
сөйлемнің түрлаулы мүшелері, олардан басқа сөйлемнің
тұрлаусыз мүшелері де бар деп жоғарыда айтылды. Бастауыш,
баяндауыштан басқа мүшелері бар сөйлем жайылма сөйлем
деп аталады. Сөйлеудің асыл мағынасы – біреуге білдірейін
деген ойын айту. Айтушының мақсаты – тыңдаушыға ойын
түгел түсіндіру. Ойын түсіндіру үшін соған керек сөздерді алу
қажет. Бір сөзді ойын анықтау үшін сөзді екінші сөзді ойын
толықтау үшін алады, үшінші сөзді ойын пысықтау үшін ала-
ды. Сондықтан сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері: 1. Анықтауыш
мүше. 2. Толықтауыш мүше. 3. Пысыктауыш сөздер болып
үшке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |