Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет15/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
§ 3. АНЫҚТАУЫШ
Анықтауыш деп сөйлем ішінде анықтық үшін айтылатын 
сөзді айтамыз. Мәселен, алайық «Қысқа жіп күрмеуге келмес» 
деген сөйлемді. Не күрмеуге келмес? – жіп. Жіп не етпес? – 

220
күрмеуге  келмес.  Mұнда  жіп  –  бастауыш,  күрмеуге  келмес 
– баяндауыш. «Қысқа» деген сөз не болмақ? Бұл «қысқа» де-
ген сөзді айтпай, құр «жіп күрмеуге келмес» деп ғана қойсақ, 
қандай жіп күрмеуге келмейтіні белгісіз, жіптің бәрі күрмеуге 
келмейтін сияқты болып шығады. Күрмеуге келмейтін аты жіп 
болғанның бәрі емес, «қысқа жіп». «Қысқа» деген сөз қосылса, 
күр меуге  келмейтін  қандай  жіп  екені  ашылып,  анықталады. 
Сондықтан  «қысқа»  деген  сөз  мұнда  анықтық  үшін  алынған 
сөз  болады.  Ондай  сөз  сөйлемнің  «анықтауыш  мүшесі»  деп 
немесе жеңілдік үшін тікелей «анықтауыш» деп аталады. Әлгі 
айтылған  –  анықтауыштың  ішкі  белгісі.  Мұнан  басқа  тысқы 
белгілері бар. Олары «қандай?», «не?», «неше?», «нешінші?», 
«кімнің?»,  «не  етуші?»,  «не  еткен?»  де ген  сұрауларға  жауап 
беру. Бұл сұраулар анықтауыш сұраулары деп аталады.
Сөйлем ішінде анықтауыш қай сөз екенін осы сұраулармен 
жана ішкі белгісімен табамыз.
Анықтауыш болатын сөз таптары
Әуелі, анықтауыш болатын  сын есім.
Мысал: Аш кісі ұрысқақ? Кім ұрысқақ? – кісі. Аш кісі қалай? 
– ұрысқақ, қандай кісі ұрысқақ? – аш (кісі). «Аш» дегенді айт-
пай, тек ғана «кісі ұрысқақ» дегенде, қандай кісі ұрысқақ бо-
латыны белгісіз, кісінің бәрі ұрысқақ сияқты болып шығады. 
Дұрысында, кісінің бәрі ұрысқақ емес, аш кісі ұрысқақ келеді. 
«Аш»  деген  сөз  ұрысқақ  болатын  қандай  кісі  екенін  айтып, 
анықтап тұр жана қандай? деген анықтауыш сұрауларына жау-
ап беріп тұр. Сондықтан алынған сөйлемнің ішінде «аш» деген 
сөз анықтауыш.
Бұл сөз  сын есім (сыр сыны).
Мысал: Алтын жүзік жоғалды. He жоғалды? – жүзік. Жүзік 
не қылды? – жоғалды. Қандай жүзік? – алтын (жүзік). «Алтын» 
дегенді айтпай, «жүзік жоғалды» деп ғана қойғанда, жоғалған 
қандай  жүзік  екені  белгісіз,  әйтеуір  бір  жүзік  жоғалған  бо-
лып  шығады.  «Алтын»  деген  сөз  –  жоғалған  жүзік  қандай 
екенін  ашып,  анықтап  тұр  жана  «қандай?»  деген  анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр («қандай жүзік?» деп сұраудың ор-

221
нына, «не жүзік?» деп те сұрайды). Сондықтан, «алтын» деген 
сөз анықтауыш болады. Бұл сөз жүзіктің «алтын» деген сөзден 
жасалған тегін көрсететін сын есім (тек сыны).
Екінші    анықтауыш  болатын  –  зат  есім  (жалқы,  жалпы 
түрінде).
1-інші мысал: Асан ауылнай келді. Кім келді?  ауылнай. Ау-
ылнай не қылды? – келді. Қай ауылнай келді? – Асан (ауылнай).
«Асан»  демей,  құр  «ауылнай  келді»  деп  ғана  койса,  кел-
ген  қай  ауылнай  екені  белгісіз,  әйтеуір  бір  ауылнай  келген 
болып шығады. «Асан ауылнай келді» дегенде, «Асан» деген 
сөз қай ауылнай келгенін ашып, анықтап тұр жана «қай?» де-
ген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөз 
анықтауыш болады. «Асан» – жалқы зат есім.
2-інші  мысал:  Хан  Жәнібек  қайғырды.  Кім  қайғырды?  – 
Жәнібек.  Не  қылды?  –  қайғырды.  Қай  Жәнібек  қайғырды?  – 
хан  (Жәнібек).  Хан  дегенді  айтпай,  тек  «Жәнібек  қайғырды» 
деп  ғана  койсақ,  қай  Жәнібек  қайғырғаны  белгісіз  болар  еді. 
Үйткені, Жәнібек атты адам көп. Хан дегенді қосып айтқанда, 
қай Жәнібек екені ашылып, анық болады. «Хан» деген сөз қай 
Жәнібек екенін де ашып, анықтап тұр, «қай?» деген анықтауыш 
сұрауына да жауап беріп тұр. Сондықтан, хан  анықтауыш бо-
лады. Хан  зат есім.
3-інші  мысал:  Арыстан,  аң  патшасы  ауырыпты.  Кім  ау-
ырыпты?  –  арыстан.  Арыстан  кайтіпті?    ауырыпты.  Қай 
Арыстан ауырыпты?  аң патшасы (арыстан). «Аң патшасы» 
дегенді айтпай, «арыстан ауырыпты» деп ғана қойсақ, ауырған 
аң арыстан ба, Арыстан атты адам ба, белгісіз болады. «Аң пат-
шасы арыстан» дегенде қай Арыстан ауырғаны ашылып, анық 
болады.  Бұл  «аң  патшасы»  деген  «қай?»  деген  анықтауыш 
сұрауында жауап беріп тұр, қай арыстан ауырғанын да анықтап 
тұр, сондықтан анықтауыш болады. Аң патшасы  зат есім.
4-ші  мысал:  Шебердің  қолы  ортақ.  Шебердің  несі  ортақ? 
Шебердің қолы қалай? – ортақ. Кімнің қолы ортақ? – шебердің, 
«шебердің»  дегенді  айтпай,  құр  «қолы  ортақ»  деп  қойғанда, 
кімнің  қолы  ортақ  болатыны  белгісіз,  әйтеуір  біреудің  қолы 
ортақ  болып  шығар  еді.  «Шебердің»  деген  қосылғанда, 
ортақ болатын шебердің қолы екендігі ашылып, анықталады. 

222
«Шебердің»  деген  сөз  ортақ  болатын  кімнің  қолы  екенін 
анықтап тұрған соң жаңа «кімнің» деген анықтауыш сұрауына 
жауап  беріп  тұрған  соң  анықтауыш  болады.  Шебердің  –  зат 
есім (иелік жалғау).
Үшінші – анықтауыш болатын – сан есім (есептік реттік екі 
түрінде де). Мысал: 1. Үш жыл өтті. 2. Төртінші жыл жетті
Не өтті? – жыл. Жыл не етті? – өтті. Неше жыл өтті? – үш (жыл). 
«Үшті» айтпай, тек «жыл өтті» деп қойғанда, неше жыл өткені 
белгісіз, бір ғана жыл өткен деп түсінуге болады.
Өткен бір жыл емес, үш жыл. «Үш» деген сөз өткен неше жыл 
екенін ашып, анық көрсетеді жана «неше?» деген анықтауыш 
сұрауына  жауап  береді.  Екінші  мы салда:  «төртінші»  демей, 
құр «жыл жетті» деп қойғанда, нешінші жыл жеткені белгісіз, 
әйтеуір  бір  жыл  жеткен  болады  да  қояды.  «Төртінші»  деген 
сөзді  қосқанда,  жыл  анықталып,  нешінші  екені  ашылады. 
«Төртінші» деген сөз жылдың нешінші екенін анықтап та тұр, 
«нешінші?»  деген  анықтауыш  сұрауына  жауап  та  беріп  тұр. 
«Үш», «төртінші» деген сөздер мысалға алынған сөйлемдердің 
ішінде  жылдың  нешеу  жана  нешінші  екенін  анықтап  тұрған 
соң жана «неше?», «нешінші?» деген анықтауыш сұрауларына 
жауап беріп тұрған соң анықтауыш болады.
«Үш»,  «төртінші»  деген  сөздің  біреуі  есептік  сан  есім, 
екіншісі реттік сан есім.
Төртінші  –  анықтауыш  болатын  –  есімдік.  Мысалы:  1. 
Біздің  ауыл  көшті.  2.  Осы  aт  жүйрік.  1)  He  көшті?  –  ауыл. 
Біздің ауыл не етті? – көшті. Қай ауыл көшті – біздің (ауыл). 2) 
Не жүйрік? – ат. Осы ат қалай? – жүйрік. Қай ат жүйрік? – осы 
(ат). Біздің дегенді айтпай, «ауыл көшті» деп ғана қойса, қай 
ауыл көшкені белгісіз болар еді. «Біздің» деген сөз қай ауыл 
көшкенін  анық  көрсетіп  тұр  жана  «қай?»  деген  анықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр.
Екінші  мысалда:  «ат  жүйрік»  деп  ғана  қойса,  қай  аттың 
жүйріктігі айтылып тұрғаны белгісіз, аттың бәрі деген болып 
шығады. «Осы» деген сөз қай аттың жүйрік екенін анықтайды 
жана «қай?» деген анықтауыш сұрауына жауап береді.
Сүйтіп,  «біздің»,  «осы»  деген  сөздер  сөйлем  ішіндегі 
сөздерді анықтап, анықтауыш сұрауларына жауап беріп тұрған 

223
соң  анықтауыш  болады.  Бұл  сөздің  екеуі  де  есімдік,  біреуі 
жіктеу есімдігі, екіншісі сілтеу есімдігі.
Бесінші – анықтауыш болатын – етістік (көбінесе, есімше 
түрінде).  Мысалы:  1.  Алушы  адам  алданды.  2.  Барған  кісі 
келмеді. 1) Кім алданды? – адам. Алушы адам не қылды? – ал-
данды. Қай адам алданды? – алушы (адам). 2) Кім келмеді? – 
кісі. Барған кісі не қылды? – келмеді. Қай кісі келмеді? – барған 
(кісі). «Алушы» дегенді айтпай, құр «адам алданды» деп ғана 
қойса, қай адам алданғаны белгісіз, әйтеуір адам алданған ғана 
бо лып  табылады.  «Алушы»  деген  сөз  қосылса,  алданған  қай 
адам екені ашылып, анықталады. «Алушы» деген сөз «қай?» 
деген анықтауыш сұрауына жауап беріп тұр. Екінші мысалда: 
«Барған» деген сөзді айтпай, «кісі келмеді» деп ғана қойғанда, 
келмеген  қай  кісі  екені  белгісіз,  тек  біреу  келмеген  болып 
шығады.  «Барған»  деген  сөзді  қосқанда,  келмеген  қай  кісі 
екені анық болады. «Барған» деген сөз қай деген анықтауыш 
сұрауына да жауап беріп тұр. «Алушы», барған» деген сөздер 
анықтауыш.  Бұл  сөздің  екеуі  де  есімше  етістік,  бірі  –  осы 
шақтық, екіншісі – өткен шақтық түрде айтылған.
Ескерту.  Етістік  жалғыз  есімше  түрінде  ғана  анықтауыш 
болмайды.  Басқа  түрінде  де  болады.  Мәселен:  Алмақтың 
бермегі  бар.  Алмақтың  несі  бар?  –  бермегі  (бастауыш), 
алмақтың  бермегі  нешік?  –  бар  (баяндауыш).  Ненің  бермегі 
бар? – алмақтың (анықтауыш).
Етістіктің басқа түрлері де осылайша.
Алтыншы – анықтауыш болатын – үстеу. Мысал: «Әбденнің» 
айтылуы жіңішке. «Әбденнің» несі жіңішке? – айтылуы (ба-
стауыш).  «Әбденнің»  айтылуы  қалай?  –
 
«жіңішке»  (баяндау-
ыш). Ненің айтылуы жіңішке? – «Әбденнің» (анықтауыш).
Сүйтіп,  бұл  мысалда  «Әбденнің»  анықтауыш  болады, 
үйткені  «Әбден»  деген  сөзді  айтпай,  тек  «айтылуы  жіңішке» 
деп қойса, ненің айтылуы екені белгісіз еді. «Әбденнің» деген 
сөз айтылғанда, ненің айтылуы жіңішке екендігі анық болады.
Осылайша  демеу,  жалғаулық,  одағай,  қатта  бүтін  сөйлем 
анықтауыш болады. Мысалдар: 
1. «да»-ның мағынасы екі түрлі. «да»-ның несі екі түрлі? 
–  мағынасы  (бастауыш).  «да»-ның  мағынасы  қалай?  –  екі 

224
түрлі  (баяндауыш).  Ненің  мағынасы  екі  түрлі?  –  «да»-ның 
(анықтауыш).
2. «менен»-нің айтылуы екі түрлі. Мененнің несі екі түрлі? 
–  айтылуы  (бастауыш).  «менен»-нің  айтылуы  қалай?  –  екі 
түрлі  (баяндауыш).  Ненің  айтылуы  екі  түрлі?  –  «менен»-нің 
(анықтауыш).
3. «Ойбайдың» аяғы жылау болды. «Ойбайдың» несі жы-
лау болды? – аяғы (бастауыш). «Ойбайдың» аяғы немене бол-
ды?  –  жылау  болды  (баяндауыш).  Ненің  аяғы  жылау  болды? 
– «ойбайдың» (анықтауыш).
4.  «Адам  болды»  дегеннің  алды  жайлы.  «Адам  болды» 
дегеннің  несі  жайлы?  –  алды  (бастауыш).  «Адам  бол ды» 
дегеннің алды қалай? – жайлы (баяндауыш). Кімнің алды жай-
лы? – «адам болды» дегеннің (анық тауыш).
§  4. ТОЛЫҚТАУЫШ
Толықтауыш  деп  нәрсе  амалын,  жайын,  болмысын 
толықтыру  үшін  айтылатын  сөзді  айтамыз.  Сөйлем  ішінде 
нәрсенің амалын, жайын, болмысын айтатын сөз көбіне баян-
дауыш. Солай болған соң толықтауыш көбінесе, баяндауышты 
толықтау үшін айтылатын сөйлем мүшесі болып шығады.
Мысал үшін алайық: «Мерген құс атты» деген сөйлемді. Кім 
атты? – мерген. Мерген не кылды? атты. Не атты? – құс. Мұнда 
«мерген» деген сөз бас тауыш, «атты» деген сөз баяндауыш.
«Құс» деген сөз не болмақшы? Мұның не болатынын білу 
үшін  «құс»  деген  сөз  неге  айтылып  тұрғанын  ашу  керек, 
тегінде неменеге керек болғаннан айтылып тұрғанын білу ке-
рек. Оны білу үшін «құс» деген сөзді тастап, тіпті айтпай қоя 
тұрып қарау керек. Айтпағанда келетін кемшілік бар ма екен? 
Жана қандай екен? Құс дегенді қалдырып, «мерген атты» деп 
ғана  қойғанда,  мерген  атқанын  ғана  білеміз,  нені  атқанын 
білмейміз.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  мергеннің  амалын  ғана 
білеміз, ол амалын неге жұмсағанын білмейміз. «Атты» деген-
де нені атқаны белгісіз болып, сөйлемнің жетпей тұрған жері 
бар:  амал  неге  жүмсалғанын  айтпай  тұр,  сөйлемде  кемістік 

225
бар. Сол кемістікті толықтыратын сөз – «құс», «құс атты» де-
генде мерген амалы неге жұмсалғаны мағлұм болады. «Құс» 
деген  сөздің  жоқтығынан  «атты»  деген  сөзге  келіп  тұрған 
кемшілік жоғалады. «Атты» – баяндауыш. «Атты» деген сөзге 
келіп тұрған кемшілік жоғалып, мұның толыққаны баяндауыш 
толыққаны болып табылады. Сүйтіп, «құс» деген «атты» деген 
баяндауышты толықтаушы сөз болып шықты. Жоғарыда ондай 
баян дауышты толықтау үшін айтылатын сөз толықтауыш бола-
ды дедік. Бұл – ішкі белгісі.
Мұнан  басқа  толықтауыштың  тысқы  белгілері  бар.  Ол 
белгілері – толықтауыш сұрауларына жауап беру. Толықтауыш 
сұраулары  мынау:  кімге?»,  «неге?»,  «кімді?»,  «нені?»,  «не?», 
«кімде?», «неде?», «кімнен?», «неден?», «не қылуға?», «не ету-
ге?»,  жана  да  «кім?»,  «не?»  деген  сұрауларға  «мен»,  «үшін», 
«туралы»,  «тақырыпты»  және  басқа  жалғаулықтар  қосылу 
мүмкін.  Сөйлем  ішінде  толықтауышты  осы  сұраулармен, 
жоғарыда айтылған ішкі белгісімен табамыз.
Әуелі  толықтауыш  болады  зат  есім  (жалғаулы-жалғаусыз 
жана  жалғаулық  қосылған  күйінде).  Мысал:  1.  Әкесі  бала-
сына кітап сатып алды. 2. Асан Үсенмен ақылдасты. 1) Кім 
кітап сатып алды? – әкесі. Әкесі не қылды? – сатып алды. Не 
сатып  алды?  –  кітап.  Кімге  сатып  алды?  –  баласына.  2)  Кім 
ақылдасты?  –  Асан.  Асан  не  қылды?  –  ақылдасты.  Кіммен 
ақылдасты? – Үсенмен.
1-інші мысалда – «кітап», «баласына» деген сөздер «сатып 
алды» деген баяндауышты толықтап тұр. Жана «не?», «кімге?» 
деген толықтауыш сұрауларына жауап беріп тұр.
2-інші мысалда «Үсенмен» деген сөз «ақылдасты» деген ба-
яндауышты толықтап тұр жана «кіммен?» деген толықтауыш 
сұрағына  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  «кітап»,  «баласына», 
«Үсенмен»  деген  сөздер  толықтауыш  болады.  «Кітап»,  «ба-
ласына»,  «Үсенмен»  деген  сөздер  –  зат  есім  (бірінші  сөз 
жалғаулықпен тұр. Жалғаусыз жана жалғаулықсыз толықтауыш 
тура толықтауыш деп аталады.
Екінші  –  толықтауыш  болатын  –  сын  есім.  Жалғаулы 
күйінде. Мысал: «Күштіден істі озды». Кім озды? – істі. Кімнен 
озды? – күштіден. Мұнда «күштіден» деген сөз «озды» деген 

226
баяндауышты толықтап тұр жана «кімнен» деген толықтауыш 
сұрауына жауап беріп тұр. Сондықтан «күштіден» толықтауыш 
болды. «Күштіден» – сын есім (жалғаулы).
Үшінші толықтауыш болатын – сан есім, жалғаулы күйінде. 
Мысал: Бала төрт пен бесті қоса алмады. Кім не қылды? – 
қоса алмады. Кім қоса алмады? – бала. Бала не қылды? – қоса 
алмады.  Нені  қоса  алмады?  –  бесті.  Немен  қоса  алмады?  – 
төртпен. Мұнда «төрт» пен «бесті» деген сөздер «қоса алма-
ды» деген баяндауышты толықтап тұр. Жана «немен?, «нені?» 
деген  толықтауыш  сұрауларына  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан 
бұлар  толықтауыш  болады.  «Бесті»,  «төртпен»  деген  сөздер 
сан есім (жалғаулы жана жалғаулық қосылған күйінде).
Төртінші  толықтауыш  болады  –  есімдік.  Мысал:  1.  Бізде 
азық жоқ. Сенде жазық жоқ. 1) Не жоқ? – азық. Кімде жоқ? – 
бізде. 2) Не жоқ? – жазық. Нешік? – жоқ. Кімде жоқ? – сенде. 
Мұнда «бізде», «сенде» деген сөздер «жоқ» деген баяндауыш-
ты  толықтап  тұр  жана  «кімде?»  деген  толықтауыш  сұрауына 
жауап беріп тұр. Сондықтан бұлар толықтауыш болады. 
«Бізде», «сенде» деген сөздер есімдік (жалғаулы күйінде).
Бесінші – толықтауыш болатын – етістік. Етістік толықтауыш 
болады,  көбінесе  есімге  айналған  түрі  мен  есімше  түрінде. 
Мысал:  1.  Күресуге  дәрмен  жоқ.  Не  жоқ?  –  дәрмен.  Дәрмен 
нешік? – жоқ. Неменеге жоқ? – күресуге. 2. Жұмаш жүру үшін 
қайғырмады. Кім қайғырмады? – Жұмаш. Жұмаш не қылды? 
–  қайғырмады.  Немене  үшін  қайғырмады?  –  жүру  үшін.  3. 
Қорушыны торушы алады. Кім алады? – торушы. Торушы не 
қылады? – алады. Кімді алады? – торушыны. 4. Жаман сыйла-
ганды білмес. Кім білмес? – жаман. Жаман не етпес? – білмес. 
Нені?  –  сыйлағанды.  1-інші  мысалда  «күресуге»  деген  сөз 
«жоқ» деген баяндауышты толықтап тұр, 2-інші мысалда «жүру 
үшін» деген сөз «қайғырмады» деген баяндауышты толықтап 
тұр. 3-інші мысалда «қорушыны» деген сөз «алады» деген ба-
яндауышты толықтап тұр. 4-інші мысалда «сыйлағанды» деген 
сөз «білмес» деген баяндауышты толықтап тұр. Жана да бұл 
«күресуге»,  «жүру  үшін»,  «қорушыны»,  «сыйлағанды»  деген 
сөздер «неменеге?», «немене үшін?», «кімді?», «нені?» деген 
толықтауыш  сұрауларына  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  бұлар 

227
толықтауыш болады («күресуге», «жүру үшін» етістіктің есімге 
айналған түрлері, «қорушыны», «сыйлағанды» есімшенің осы 
шақтық, өткен шақтық түрлері).
Алтыншы – толықтауыш болатын – үстеу. Мысал: «Әні»-
ден «міні» көп айтылады. Не көп айтылады? – «міні». «Міні» 
не етеді? – көп айтылады. «Міні» неден көп айтылады? – «әні»-
ден. Мұнда «әні»-ден деген «көп айтылады» деген баяндауыш-
ты толықтап тұр жана «неден?» деген толықтауыш сұрауына 
жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер толықтауыш болады. 
«Әні» – үстеу. Осы сияқты демеу де, жалғаулық та, одағай да, 
қатта буын сөйлем де толықтауыш бола алады.
1. «Әше»-ден «тағы» көп жұмсалады. Не көп жұмсалады? 
– «тағы» (бастауыш). «Тағы» не қылады? – көп жұмсалады (ба-
яндауыш). Неден көп жұмсалады? – «әше»-ден (толықтауыш). 
Әше, тағы – үстеулер.
2. Мен «дейін»-нен «шейін»-ді көп айтамын. Кім «дейін»-
нен «шейін»-ді көп айтады? – мен (бастауыш). Мен не етемін? 
– көп айтамын (баяндауыш). Мен нені көп айтамын? – «шейін»-
ді  (толықтауыш).  Мен  «шейін»-ді  неден  көп  айтамын?  – 
«дейіннен» (толықтауыш). «дейін», «шейін» – жалғаулықтар.
3. «Ой, Аллаңнан» ойбайым тыныш. Не тыныш? – ойбайым 
(бастауыш). Ойбайым қалай? – тыныш (баяндауыш). Ойбайым 
неден тыныш? – «ой, Аллаңнан» (толықтауыш). «Ой, Алла!» – 
одағай. 
4.  «Бай  бол»  дегеннен  адам  байымайды.  Кім  байымай-
ды?  –  адам  (бастауыш).  Адам  не  қылмайды?  –  байымайды 
(баяндауыш). Адам неден байымайды? – «бай бол» дегеннен 
(толықтауыш). «Бай бол» деген бүтін сөйлем. 
§ 5. ПЫСЫҚТАУЫШ СӨЗДЕР
Пысықтауыш сөздер деп амал пысықтау үшін айты латын 
сөздерді айтамыз. Сөйлем ішінде нәрсенің ама лын көрсететін 
сөз  –  баяндауыш.  Сондықтан  пысықтауыш  сөздер  баяндау-
ышты  пысықтайтын  сөздер  болып  шығады.  Бұлар  баяндау-
ышты қалай пысықтайды? Әуелі баяндауыш көрсетіп тұрған 

228
амалдың мезгілін айтып, екінші, орнын айтып, үшінші, сынын, 
сыйқын  айтып,  төртінші,  себебін  айтып,  бесінші,  мақсатын 
айтып  пысықтайды.  Сондықтан  пысықтауыш  сөздердің  өзі 
бес топқа бөлінеді. Жана да әр тобы өзінің пысықтау мәнісіне 
қарай:  Мезгіл  пысықтауыш;  Мекен  пысықтауыш;  Сын 
пысықтауыш;  Себеп  пысықтауыш;  Мақсат  пысықтауыш  деп 
аталады. Амалдың мезгілін мекенін, сынын, себебін, мақсатын 
көрсету  бұл  пысықтауыш  сөздердің  ішкі  белгілері,  бұлардан 
басқа тысқы белгілері де бар. Әр пысықтауыш сөздің өз алдына 
жауап беретін сұраулары бар. Олар тысқы белгісі болады. Қай 
пысықтауыш екенін ішкі, тысқы белгілерімен тауып аламыз.
1. МЕЗГІЛ ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Мезгіл  пысықтауышы  амалдың  мезгілін  көрсететін  сөз 
болғандықтан, «қашан?», «қай уақыт?» (жалғаулы жалғаусыз) 
сұрауларға  жауап  береді.  Мезгіл  пысықтауышы  болатын  сөз 
таптары: 
Әуелі – мезгіл пысықтауышы болатын – мезгілдік үстеу.
Мысал: Мана қар жауды. Не жауды? – қар не етті? – жауды. 
Қашан жауды? – мана.
Екінші – мезгіл пысықтауышы болатын – мезгілдік үстеуге 
айналған зат есім. Мысал: Ертең боран болар. Не болар? – 
боран. Боран не етер? – болар. Қашан болар? – ертең.
Үшінші – мезгіл пысықтауыш болатын – мезгілдік үстеуінің 
орнына айтылған зат есім. Мысал: Хатшы күні бойы жазды
Кім жазды? – Хатшы не қылды? – жазды. Қанша уақыт жазды? 
– күні бойы.
Төртінші – мезгіл пысықтауыш болатын – зат есім жана да 
сан есіммен қосылып екеуі.
Мысал: Оқу он сағатта басталды. Не басталды? – оқу. Оқу 
не қылды? – басталды. Қай уақытта бастал ды? – он сағатта.
1-інші мысалда – «манна», 2-інші мысалда – «ертең», 3-мы-
салда  –  «күні  бойы»,  4-інші  мысалда  –  «он  сағат та»  деген 
сөздер болған амалдың мезгілін көрсетіп тұр. Жана «қашан»?, 
«қанша уақыт?», «қай уакытта?» деген мезгіл пысықтауыштың 
сұрауларына  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  бұл  сөздер  мезгіл 

229
пысықтауышы болады.
«Манна»  –  мезгілдік  үстеу,  «ертең»  –  мезгілдік  үстеуіне 
айналған  зат  есім,  «күні  бойы»  –  мезгілдік  үстеу  орнына 
айтылған  зат  есім,  «он  сағатта»  дегеннің  –  оны  –  сан  есім, 
сағаты – зат есім.
2. МЕКЕН ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Мекен  пысықтауышы  амалдың  орнын  көрсететін  сөз 
болғандықтан, «қайда?», «қайдан?», «қалай?» деген  сұрауларға 
жауап береді.
Мекен пысықтауышы болатын сөз таптары:
Әуелі – мекен пысықтауышы болатын – мекендік үстеу.
1.  Мысал:  Атты  әрман  бара  жатыр.  Кім  бара  жатыр?  – 
атты. Атты нешік? – бара жатыр. Қайда бара жатыр? – әрман.
Екінші – мекен пысықтауышы болатын – мекендік үстеуге 
айналған зат есім.
2.  Мысал:  Тыста  тықыр  естілді.  Не  естілді?  –  тықыр. 
Тықыр не қылды? – естілді. Қайда естілді? – тыста. 
Үшінші  –  мекен  пысықтауыш  болатын  –  зат  есім  өз 
қалпында.
Мысал: Қапаш қалаға кетті. Кім кетті? – Қапаш не қылды? 
– кетті. Қайда кетті? – қалаға кетті.
Төртінші  –  мекен  пысықтауышы  болатын  мекен  үстеуіне 
айналған есімдік
Мысал: Мұқан мұнда келді. Кім келді? – Мұқан. Мұқан не 
қылды? – келді. Қайда келді? – мұнда.
Бесінші  –  мекен  пысықтауышы  болатын  –  үстеу  орнына 
айтылған есімдік.
Мысал:  Оспан  осыннан  аттанды.  Кім  аттанды?  –  Оспан. 
Оспан не қылды? – аттанды. Қайдан аттан ды? – осыннан.
Алтыншы  –  мекен  пысықтауышы  болатын  –  үстеугe 
айналған зат есім.
Мысал: Қонақ тысқа шықты. Кім шықты? – қонақ. Қонақ 
не қылды? – шықты. Қайда шықты? – тысқа.
Жетінші – зат есім мен үстеуге айналған көсемше қосылып 
мекен пысықтауышы болады.

230
Мысалы:  Қалашы  елге  қарай  бұрылды.  Кім  бұрылды?  – 
қалашы. Қалашы не қылды? – бұрылды. Қалай қарай (қайда) 
бұрылды? – елге қарай.
1-інші мысалда – «әрман», 2-інші мысалда «тыста», 3-інші 
мысалда – «қалаға», 4-інші мысалда – «мұнда», 5-інші мысал-
да – «осыннан», 6-ыншы мысалда – «тысқа», 7-інші мысалда 
– «елге қарай» де ген сөздердің бәрі амал орнын көрсетіп тұр 
жана «қайда?», «қайдан?», «қалай қарай?» (қайда) деген мекен 
пысықтауыштың сұрауларына жауап беріп тұр. Сондықтан бұл 
сөздер мекен пысықтауышы болады.
«Әрман»  –  мекендік  үстеу,  «тыста»  –  мекендік  үстеуіне 
айналған  зат  есім,  «қалаға»  –  зат  есім,  «мұнда»  –  мекендік 
үстеуге айналған есімдік, «тысқа» үстеуге айналған зат есім, 
«елге  қарай»,  «елі»  –  зат  есім,  «қарайы»  –  үстеуге  айналған 
көсемше.
3. СЫН ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Сын пысықтауышы амалдың сынын көрсететін сөз болған-
дықтан, «қалай?», «қалайша?», «қайтіп?» деген сұрауларға жа-
уап береді.
Сын пысықтауышы болатын сөз таптары:
Әуелі – сын пысықтауыш болатын – сынаулық үстеулер.
Мысал:  Тазы  түлкіге  әрең  жетті.  Кім  жетті?  –  Тазы  не 
қылды? – жетті. Кімге жетті? – түлкіге. Калай жетті? – әрең.
Екінші  –  сын  пысықтауыш  болатын  –  үстеу  орнына 
айтылған зат есім.
Мысал: Құс ұшар жүйесімен аспандағы. Не ұшар? – құс. 
Құс не қылар? – ұшар. Қай құс? – аспандағы. Калай ұшар? – 
жүйесімен.
Үшінші  –  сын  пысықтауыш  болатын  –  үстеуге  айналған 
зат  есім.  Мысал:  Бала  шалқасынан  құлады.  Кім  құлады?  – 
бала. Бала не етті? – құлады. Қалай құлады? – шалқасынан.
Төртінші  –  сын  пысықтауыш  болатын  –  үстеу  ор нына 
айтылған зат есім. Мысал: Әскер жаяу жүрді. Кім жүрді? – 
әскер. Әскер не етті? – жүрді. Қалай жүрді? – жаяу.
Бесінші  –  сын  пысықтауыш  болатын  –  үстеуге  ай налған 
есімдік. Мысал: Омар олай ойламады. Кім ойламады? – Омар. 
Омар не қылды? – ойламады. Қалай ойламады? – олай.

231
Алтыншы – сын пысықтауыш болатын – сан есім. Мысал: 
Балшы ноқатын төрт-төрттен санады. Кім санады? – бал-
шы.  Балшы  не  қылды?  –  санады.  Нені  санады?  –  ноқатын. 
Қалай санады? – төрт-төрттен. Жетінші – сын пысықтауыш бо-
лады – көсемше. Мысал: От саулап жанды. Не жанды? – от. 
От не қылды? – жанды. Қалай жанды? – саулап.
1-інші  мысалда  –  «әрең»,  2-інші  мысалда  –  «жүйесімен», 
3-інші  мысалда  –  «шалқасынан»,  4-інші  мысалда  –  «жаяу», 
5-інші мысалда – «олай», 6-ыншы мысалда – «төрт-төрттен», 
7-інші мысалда «саулап» деген сөздер амалдың сынын көрсетіп 
тұр жана да «қалай?» деген сын пысықтауышының сұрауына 
жауап беріп тұр. Сондықтан бұл сөздер сын пысықтауышы
«Әрең»  –  сынаулық  үстеу,  «жүйесімен»  –  үстеу  орнына 
айтылған сын есім, «олай» – үстеуге айналған  есімдік, «төрт-
төрттен» – сан есім, «саулап» – көсемше.
4. СЕБЕП ПЫСЫҚТАУЫІІІЫ
Себеп  пысықтауышы  амалдың  себебін  көрсететін  сөз 
болғандықтан, «неден?», «неге?», «неліктен?», «не себептен?» 
деген сұрауларға жауап береді. 
Әуелі  –  себеп  пысықтауыш  болатын  –  зат  есім.  Мысал: 
Атасы  аштан  өліпті.  Кім  өліпті?  –  атасы  не  қылыпты?  – 
өліпті. Неден өліпті? – аштан. 
Екінші – себеп пысықтауыш болады  есімше Мысал: Бала 
ұялғанынан қызарды. Кім қызарды? – бала. Бала не қылды? – 
қызарды. Не себептен қызарды? – ұялғанынан.
Үшінші – себеп пысықтауыш болатын – үстеуге айналған 
есімдік.
Мысал: Сондықтан от жанбады. Не жанбады? – от. От не 
қылды? - жанбады. Неліктен жанбады? – сондықтан.
1-інші мысалда – «аштан», 2-інші мысалда – «ұялға нынан», 
3-інші мысалда – «сондықтан» деген сөздер амалдың себебін 
көрсетіп  тұр  жана  да  «неден?»,  «не  себептен?»,  «неліктен?», 
деген себеп пысықтауышының сүрауларына жауап беріп тұр. 
Сондықтан бұл сөздер себеп пысықтауышы болады.
«Аштан» – зат есім, «ұялғанынан» – есімше, «сондықтан» – 
үстеуге айналған есімдік.

232
5. МАҚСАТ ПЫСЫҚТАУЫШЫ
Мақсат  пысықтауышы  амалдың  мақсатын  көрсететін  сөз 
болған соң, «неге?», «не үшін?» деген сұрауларға жауап береді.
Мақсат пысықтауышы болатын сөз таптары:
Әуелі  –  мақсат  пысықтауыш  болатын  –  етістік.  Мысал: 
Жұрт өлең тыңдауға жиылды. Кім жиылды? – жұрт. Неге жи-
ылды? – тыңдауға. Не тыңдауға? – өлең. 
Екінші – мақсат пысықтауыш болатын етістіктен есімге 
айналған жана да «үшін» жалғаулық қосылған сөздер. 
Мысал:  Жігіт  қыз  таңдау  үшін  жүріпті?  –  жігіт.  Жігіт 
не қылыпты? – жүріпті. Не жүріпті? – таңдау үшін. Не таңдау 
үшін? – қыз. 
Үшінші  –  мақсат  пысықтауыш  болатын  –  зат  есім.  Мы-
сал: Біреу танысына қонаққа барыпты. Кім барыпты? – біреу. 
Біреу не қылыпты? – барыпты. Кімге барыпты? – танысына. 
Неге барыпты? – қонаққа.
1-інші  мысалда  –  «тыңдауға»,  2-інші  мысалда  –  «таңдау» 
(үшін),  3-інші  мысалда  –  «қонаққа»  деген  сөздер  амалдың 
мақсатын  көрсетіп  тұр  жана  «неге?»,  «не  үшін?»  деген 
сұрауларға  жауап  беріп  тұр.  Сондықтан  бұл  сөздер  мақсат 
пысықтауышы болады.
«Тыңдауға»  –  етістік,  «таңдау»  –  есімге  айналған  етістік, 
«қонаққа» – зат есім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет