§ 1. «-лау» (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұрнақ сын есіміне
жалғанады, анық сол сын еместігін көрсету үшін. Мәселен:
«Сары» деген сөзге «-лау» жұрнағын жалғап «сарылау» деп,
анық сары еместігін көрсетеміз; «Кір» деген сөзге «-леу»
жұрнағын жалғап «кірлеу» деп, анық кір еместігін көрсетеміз;
«Ұзын» деген сөзге «-дау» жұрнағын жалғап «ұзындау» деп,
онша ұзын еместігін көрсетеміз; «Күрең» деген сөзге «-деу»
жұрнағын жалғап «күреңдеу» деп, анық күрең еместігін
көрсетеміз; «Ақ» деген сөзге «-тау» жұрнағын жалғап, «ақтау»
деп, анық ақ еместігін көрсетеміз; «Көк» деген сөзге «-теу»
жұрнағын жалғап «көктеу» деп, анық көк еместігін көрсетеміз
уа ғайри сондай.
137
Дағдыландыру. «-лау» (-леу, -дау, -деу, -тау, -теу) жұр-
нақтары жалғанарлық сын есімдер тапқызып, жалғату.
§ 2. «-шыл» жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол сынға
бейімдігін көрсету үшін. Мәселен: «Ақ» деген сөзге «-шыл»
жұрнағын жалғап, «ақшыл» деп, ақ түске бейімдігін көрсетеміз;
«Көк» деген сөзге «-шіл» жұрнағын жалғап «көкшіл» деп, көк
түске бейімдігін көрсетеміз.
Кей сын есімдерге «-шыл» орнына «-ғыл», «-ғылт» жұрнақ-
тар жалғанады. Мәселен: «Сары» – «сарғыл» яки «сарғылт»;
«сұр» – «сұрғыл» яки «сұрғылт»; «боз» – «бозғыл» яки бозғылт;
«қызыл» – «қызғыл» яки қызғылт; «торы» – «торғыл» уа
ғайри сондай.
Кей сын есімдерге «-ғылт» орнына «қылтым» жұрнақ
жалғанады. Мәселен: «ащы» – «ашқылтым», «тұщы» – «тұш-
қылтым».
Дағдыландыру. «-шыл», «-ғыл», «-ғылт», «-ғылтым» жұр-
нақтар жалғанарлық сөздер тапқызып, жалғату.
§ 3. «-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақ сын есіміне
жалғанады, сол сыннан шыққан дерексіз заттың есімін көрсету
үшін. Мәселен: «Жақсы» де ген сөзге «-лық» жұрнағын жалғап
«жақсылық» де ген заттың есімін көрсетеміз; «Игі» деген сөзге
«-лік» жұрнағын жалғап «игілік» деген заттың есімін көрсе-
теміз; «Араз» деген сөзге «-дық» жұрнағын жалғaп «араздық»
деген заттың есімін көрсетеміз; «Тең» деген сөзге «-дік»
жұрнағын жалғап «теңдік» деген заттың есімін көрсетеміз;
«Тоқ» деген сөзге «-тық» жұрнағын жалғап «тоқтық» деген
заттың есімін көрсетеміз; «Зерек» деген сөзге «-тік» жұрна-
ғын жалғап «зеректік» деген заттың есімін көрсетеміз уа ғайри
сондай.
Дағдыландыру. «-лық» (-лік, -дық, -дік, -тық, -тік)
жұрнақтар жалғанарлық сөздер тапқызып жалғату.
§ 4. «-шылық» (-шілік) жұрнақ сын есіміне жалғанады,
сол күй, қалып болғандығын көрсету үшін. Мәселен: «Тар»
деген сөзге «-шылық» жұрнағын жалғап «таршылық» деп
138
тар күй, қалып болғандығын көрсетеміз; «Еркін» деген сөзге
«-шілік» жұрнағын жалғап «еркіншілік» деп еркін күй, қалып
болғандығын көрсетеміз уа ғайри сондай.
Дағдыландыру. «-шылық» (-шілік) жұрнақтарын жалғар-
лық сөздер тапқызып, жалғату.
Ескерту. «Кішкене», (азғана) деген сын есімдер қос сөздер:
кішкене – кіші, гәнә, азғана – аз, ғана.
§ 5. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ сын есіміне жалғанады,
сол түрде болдыру үшін. Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-ла»
жұрнағын жалғап «жақсыла» дейміз, жақсы түрде болдыру
үшін; «Әдемі» деген сөзге «-ле» жұрнағын жалғап, «әдеміле»
дейміз, әдемі түрде болдыру үшін; «Жаман» деген сөзге «-да»
жұрнағын жалғап, «жаманда» дейміз, жаман түрде болды-
ру үшін; «Тең» деген сөзге «-де» жұрнағын жалғап «теңде»
дейміз, тең болдыру үшін; «Ақ» де ген сөзге «-та» жұрнағын
жалғап «ақта» дейміз, ақ түрде болдыру үшін; «Тегіс» деген
сөзге «-те» жұрнағын жалғап «тегісте» дейміз, тегіс болдыру
үшін.
Дағдыландыру. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақтар
жалғанарлық сөздерді тапқызып, жалғату.
§ 6. «-ар» (-ер) жұрнақ сын есіміне жалғанады. Coл түрде
болу үшін. Мәселен: «Ақ» деген сөзге «-ар» жұрнағын жалғап
«ағар» дейміз, ақ түрде болу үшін; «Көк» деген сөзге «-ер»
жұрнағын жалғап «көгер» дейміз, көк түрде болу үшін.
Бұл жұрнақтар орнына «-ай» (-ей) жұрнақтар да жалғанады.
Мәселен: «Қоңыр» деген сөзге «-ай» жұрнағын жалғап
«қоңырай» дейміз, қоңыр түрде болу үшін; «Көп» деген сөзге
«-ей» жұрнағын жалғап «көбей» дейміз, көп күйінде болу
үшін.
Ескерту: «-ар» (-ер), «ай» (-ей) жұрнақтар аяғы дау ысты
сөздерге «-р» болып жалғанады. Мәселен: қысқа–қысқар, ескі–
ескір.
Дағдыландыру. «-ар» (-ер), -ай (-ей) жұрнақтар жалғанар-
лық сөздер тапқызып, жалғату.
139
§ 7. «-сын» жұрнақ сын есіміне жалғанады, сол сынды
сияқтану үшін. Мәселен: «Жақсы» деген сөзге «-сын» жұрнағын
жалғап «жақсысын» дейміз, жақсы сияқтану үшін; «Үлкен»
деген сөзге «-сін» жұрнағын жалғап, «үлкенсін» дейміз, үлкен
сияқтану үшін.
Дағдыландыру. «-сын» жұрнағын жалғарлық сөз дер
тапқызып, жалғату.
ІІІ. СAH ЕСІМ
Сан есім нәрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер.
Есебін көрсететін сөздер. Мәселен: Бір, екі, үш, төрт, бес,
алты, жеті, сегіз, тоғыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, ал-
пыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың, миллион, түмен. Бұлар
есептік деп аталады.
Ретін көрсететін сөздер. Мәселен: Бірінші, екінші, үшінші,
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы,
оныншы, жиырманшы, отызыншы, қырқыншы, елуінші, ал-
пысыншы, жетпісінші, сексенінші, тоқсаныншы, жүзінші,
мыңыншы, миллионыншы. Бұлар реттік деп аталады.
Есептік сан екіге бөлінеді: Бірі – жоғарғы көрсетілген
қалыпта айтылады. Ол жай есептік. Екіншісі – зат есімге
тіркелмей сөйленетінігінен басқарақ айтылады: бір–біреу, екі–
екеу, үш–үшеу, төрт–төртеу, бес–бесеу, алты–алтау, жеті–
жетеу делініп. Бұлайша айтылу жетіге шейін-ақ бар. Бұлар
жадағай есептік деп аталады.
Есептік үлкендете саналады. Мәселен: «он бір» дегенде
әуелі үлкенін айтып, сонан соң кішісін айтамыз: ол «онның»
«бірден» үлкендігінен. «Елу алты» дегенде әуелі «елуді ай-
тып, сонан соң «алтыны» айтамыз: ол «елудің» «алтыдан»
үлкендігінен. «Жүз елу» дегенде, әуелі «жүзді» айтып, сонан
«елуді» айтамыз: ол «жүздің» «елуден» үлкендігінен.
Реттік те үлкендете саналады. Мәселен «он бірінші» де-
генде, әуелі «онды» айтып, сонан соң «бірінші» дейміз. «Жүз
елуінші» дегенде, «жүзді» «елуіншіден» бұрын айтамыз.
Реттікпен саналғанда есептікпен саналғандай айтылып келіп,
140
ең ақырғы сөздің аяғына реттік жұрнағы «-ншы» жалғанады.
Мәселен: «мың тоғыз жүз он төртінші», «мың тоғыз жүз он
бесінші» дегендей.
Бұлардан басқа нәрсенің бүтіні емес, бөлімтігінің санын
көрсететін сөздер бар. Олар темілдік аталады. Темілдік сан:
жарты, жарым, ширек. Қазақтың тілінде темілдік санның
есімі тіпті аз.
Сан есім жалғаулары зат есім сын есім жалғауларымен
бірдей. Айтылуына қарай жалғаулар я тікелей санға жалғанады,
я жанындағы басқа есімге жалғанады. Жадағай есептік басқа
есімге қосарланып айтылмайтын болғандықтан, жалғаулар
оларға қай кезде де өзіне жалғанады. Мысалдар алып,
қарайық.
І. ЖАЙ ҚАЛЫП
Жадағай септік
§1. Жуан сөздің жалғаулары:
«Алтау» деген сөз Жекеше
Көпше
Атау
нешеу? алтау
нешеулер? алтаулар
Ілік жалғау нешеудің? алтаудың нешеулердің? алтаулардың
Барыс жалғау нешеуге? алтауға
нешеулерге? алтауларға
Табыс жалғау нешеуді? алтауды
нешеулерді? алтауларды
Жатыс жалғау нешеуде? алтауда
нешеулерде? алтауларда
Шығыс жалғау нешеуден? алтаудан
нешеулерден? алтаулардан
§2. Жіңішке сөздің жалғаулары:
«Біреу» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
нешеуден? біреуден
нешеулер? біреулер
Ілік жалғау
нешеудің? біреудің
нешеулердің? біреулердің
Барыс жалғау нешеуге? біреуге
нешеулерге? біреулерге
141
Табыс жалғау
нешеуді? біреуді
нешеулерді? біреулерді
Жатыс жалғау
нешеуде? біреуде
нешеулерде? біреулерде
Шығыс жалғау
нешеуден? біреуден нешеулерден? біреулерден
Дағдыландыру. Жадағай сандағы сөздердің баршасын
жалғаулату.
«Біреу» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
неше кісі? он кісі
жоқ
Ілік жалғау
неше кісінің? он кісінің
–
Барыс жалғау
неше кісіге? он кісіге
–
Табыс жалғау
неше кісіні? он кісіні
–
Жатыс жалғау
неше кісіде? он кісіде
–
Шығыс жалғау
неше кісіден? он кісіден
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша жай есептіктердің
басқаларын жалғаулату.
ТӘУЕЛДІК ҚАЛЫП
Жадағай есептік
Оңаша тәуелдік
1) « Алтау» деген сөз І-ші жақ ІІ-ші жақ ІІІ-ші жақ
Жекеше: Атау алтауым
алтауың
алтауы
Ілік жалғау
алтауымның
алтауыңның
алтауының
Барыс жалғау алтауыма
алтауыңа
алтауына
Табыс жалғау алтауымды
алтауыңды
алтауын
Жатыс жалғау алтауымда
алтауыңда
алтауында
Шығыс жалғау алтауымнан
алтауыңнан
алтауынан
Көпше: Атау алтауларым
алтауларың
алтаулары
Ілік жалғау
алтауларымның алтауларыңның алтауларынын
Барыс жалғау алтауларыма
алтауларыңа
алтауларына
Табыс жалғау алтауларымды алтауларыңды алтауларын
Жатыс жалғау алтауларымда алтауларыңда алтауларында
Шығыс жалғау алтауларымнан алтауларыңнан алтауларынан
142
Жадағай есептік
Оңаша тәуелдік
« Жетеу» деген сөз І-ші жақ
ІІ-ші жақ
ІІІ-ші жақ
Жекеше: Атау жетеуіміз
жетеуіңіз
жетеуі
Ілік жалғау
жетеуіміздің
жетеуіңіздің
жетеуінің
Барыс жалғау
жетеуімізге
жетеуіңізге
жетеуіне
Табыс жалғау жетеуімізді
жетеуіңізді
жетеуін
Жатыс жалғау жетеуімізде
жетеуіңізде
жетеуінде
Шығыс жалғау жетеуімізден
жетеуіңізден
жетеуіңізнен
Көпше: Атау
жетеулеріміз
жетеулеріңіз
жетеулері
Ілік жалғау
жетеулеріміздің жетеулеріңіздің жетеулерінің
Барыс жалғау
жетеулерімізге жетеулеріңізге жетеулеріне
Табыс жалғау жетеулерімізді жетеулеріңізді жетеулерін
Жатыс жалғау жетеулерімізде жетеулеріңізде жетеулерінде
Шығыс жалғау жетеулерімізден жетеулеріңізден жетеулерінен
Дағдыландыру. Басқа жадағай сандағы сөздерді ортақ
тәуелдік түрінде жалғаулату.
РЕТТІК
Жай қалып
«Тоғызыншы»
деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
нешінші? тоғызыншы
нешіншілер?
тоғызыншылар
Ілік жалғау
нешіншінің? тоғызыншының нешіншілердің?
тоғызыншылардың
Барыс жалғау нешіншіге? тоғызыншыға
нешеулерге?
тоғызыншыларға
Табыс жалғау нешіншіні? тоғызыншыны
нешіншілерді?
тоғызыншыларды
143
Жатыс жалғау нешіншіде? тоғызыншыда нешіншілерде?
тоғызыншыларда
Шығыс жалғау нешіншіден? тоғызыншыдан нешіншілерден?
тоғызыншылардан
Дағдыландыру. Басқа реттіктерді алып, осы үлгі бойынша
жалғаулату
21
.
«-тық» жұрнағын жалғап, «алпыстық» деген: алпысқа
жүретін заттың есімін атау үшін; «Жетпіс» деген сөзге «-тік»
жұрнағын жалғап, «жетпістік» деген жетпіске жүретін затты
атау үшін уа ғайри солдай.
Дағдыландыру. Сан есіміне «-лық» (-лік, -дық, -дік -тық,
-тік) жұрнақтарды жалғату.
«-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ. Бұл жұрнақ сан есіміне
жалғанады: кілең сол санмен есептеу үшін. Мәселен: «Жи-
ырма» деген сөзге «-ла» жұрнағын жалғап «жиырмала»
дейміз, кілең жиырмамен есептеу үшін. «Екі» деген сөзге
«-ле» жұрнағын қосып «екіле» дейміз кілең екімен есептеу
үшін; «Тоғыз» деген сөзге «-да» жұрнағын жалғап «тоғызда»
дейміз, кілең тоғызбен есептеу үшін; «Сегіз» деген сөзге «-де»
жұрнағын жал ғап «сегізде» дейміз, кілең сегізбен есептеу
үшін; «Қырық» деген сөзге «-та» жұрнағын жалғап «қырықта»
дейміз, кілең қырықпен есептеу үшін; «Үш» деген сөзге «-те»
жұрнағын жалғап үште дейміз, кілең үшпен есептеу үшін уа
ғайри сондай.
І. Ескерту. «-ла» (-ле) жұрнақ жадағай сан есіміне жалған-
са, сол санда болып іс етуді көрсетеді. Мәселен: «Екеу» деген
сөзге «-ле» жұрнағын жалғап «екеуле» десек, екеу болып істе
деген мағынада; «Алтау» деген сөзге «-ла» жұрнағын жалғап,
«алтаула» десек, алтау болып істе деген мағынада.
ІІ. Ескерту. «-ла» (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақ орнына
«-дан» (-ден), «-нан» (нен) жалғаулар да айтылады. Мәселен:
«Алтыла» дегеннің орнына «алтыдан» есепте дейміз; «Же-
21
Кітаптың 52-53-беттері жоқ болғандықтан, осы жердегі материалдар
қалып қойды.
144
тіле» дегеннің орнына «жетіден» есептейміз. Көбінесе бұл
жалғаулармен айтылғанда сөз қайта айтылғаннан кейін жалғау
қосылады, мәселен: «алты-алтыдан», «жеті-жетіден», «тоқсан-
тоқсаннан», «сексен-сексеннен» уа ғайри солай.
Дағдыландыру. «-ла», (-ле, -да, -де, -та, -те) жұрнақтарын
жай санға һәм жадағай санға жалғату.
ЕСІМДІК
Есімдік дегеніміз есімдердің яғни зат есімнің, сын есімнің
орнына жүретін сөздер. Мәселен, мұғалім дегеннің орны-
на «мен» деймін, саған сөйлегенде атыңды атаудың орнына
«мен», «сен», «ол» деген сөздер зат есімнің орнына жүретін
себептен есімдік болады.
Есімдік қазақ тілінде 5 тарау болады: 1. Жіктеу есімдігі;
2. Сілтеу есімдігі; 3. Сұрау есімдігі; 4. Жалпылау есімдігі;
5. Танықтық есімдігі.
ЖІКТЕУ ЕСІМДІГІ
Жіктеу есімдігі дегеніміз сөйлеген кезде сөйлеушінің,
тындаушының һәм бөгдедегілердің жігін ашатын сөздер.
Сондықтан жіктеу есімдігі үш жақты болады: 1. Сөйлеуші
үшін «мен» дейді, бұл бірінші жақ. 2) Тыңдаушыға сөйлеуші
«сен» дейді, бұл екінші жақ. 3) Сөйлеуші өзі мен тыңдаушыдан
басқаны «ол» дейді, бұл үшінші жақ.
Сыпайылап сөйлегенде сөйлеуші өзін «мен» деудің ор-
нына «біз»
22
дейді, тыңдаушыға «сен» деудің орнына «сіз»
дейді, бөгде кісіні «ол» деудің орнына «о кісі» (ол кісі) дейді.
Сондықтан «біз» бірінші жақ болады, «сіз» екінші жақ болады,
«о кісі» үшінші жақ болады.
Жіктеу есімдігінің жалғыз ғана жалғаулары емес, өзі де
азырақ өзгеріңкірейді. Мәселен:
22
Көпше айтылғанда «біз» деп сөйленеді.
145
«Мен» деген сөз Жекеше___Көпше'>Жекеше
Көпше
Атау
кім? мен
біз
Ілік жалғау
кімнің? менің (меннің орнына) біздің
Барыс жалғау кімге? маған
(менге орнына) бізге
Табыс жалғау кімді? мені
бізді
Жатыс жалғау кімде? менде
бізде
Шығыс жалғау кімнен? менен (меннен орнына) бізден
«Сен» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
кім? сен
кімдер? сендер
Ілік жалғау
кімнің? сенің
кімдердің? сендердің
(сеннің орнына)
Барыс жалғау
кімге? саған
кімдерге? сендерге
(сенге орнына)
Табыс жалғау
кімді? сені
кімдерді? сендерді
(сенді орнына)
Жатыс жалғау
кімде? сенде
кімдерде? сендерде
Шығыс жалғау кімнен? сеннен
кімдерден? сендерден
(сеннен орнына)
«Ол» деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
кім? ол
кімдер? олар
Ілік жалғау
кімнің? оның
кімдердің? олардың
(олдың орнына)
Барыс жалғау
кімге? оған
кімдерге? оларға
(олға орнына)
Табыс жалғау
кімді? оны
кімдерді? оларды
(олды орнына)
Жатыс жалғау
кімде? онда
кімдерде? оларда
(олда орнына)
Шығыс жалғау
кімнен? сеннен кімдерден? олардан
(олдан орнына)
146
Жіктеу есімдігінің сыпайы түрі есімдіктерше жалғаула-
нады. Мәселен, «біз», «сіз», «о кісі», деген сөздер:
Жекеше: Атау кім?
біз
сіз
о кісі
Ілік жалғау
кімнің?
біздің
сіздің
о кісінің
Барыс жалғау кімге?
бізге
сізге
о кісіге
Табыс жалғау кімді?
бізді
сізді
о кісіні
Жатыс жалғау кімде?
бізде
сізде
о кісіде
Шығыс жалғау кімнен?
бізден
сізден
о кісіден
Көпше: Атау кімдер?
біздер
сіздер
о кісілер
Ілік жалғау
кімдерің? біздердің сіздердің о кісілердің
Барыс жалғау кімдерге? біздерге сіздерге о кісілерге
Табыс жалғау кімдерді? біздерді сіздерді о кісілерді
Жатыс жалғау кімдерде? біздерде сіздерде о кісілерде
Шығыс жалғау кімдернен? біздерден сіздерден о кісілерден
СІЛТЕУ ЕСІМДІГІ
Сілтеу есімдігі дегеніміз – ол нәрсені көрсеткенде айты-
латын сөздер. Мәселен, жақын нәрсені көрсеткенде: осы, бұл,
мынау дейміз, алыс нәрсені көрсеткенде: сол, анау дейміз. Осы,
бұл, мынау, сол, анау деген сөздер сілтеу есімдігі болады.
Сілтеу есімдігінің де жалғыз жалғаулары ғана өзгеріліп
қоймайды, өздері де өзгеріңкірейді. Мысалмен көрсетейік:
1) «Осы»
деген сөз
Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? осы
осылар
Ілік жалғау
қайсының? осының
осылардың
Барыс жалғау
қайсыға? осыған
(олға орнына)
осыларға
Табыс жалғау
қайсыны? осыны
(осыда орнына) осыларды
Жатыс жалғау қайсыда? осында (осыда орнына) осыларда
Шығыс жалғау қайсыдан? осынан (осыдан орнына) осылардан
147
2) «Бұл» деген сөз Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? бұл
бұлар
Ілік жалғау
қайсының? бұның (бұлдың орнына) бұлардың
Барыс жалғау қайсыған? бұған (бұлға орнына)
бұларға
Табыс жалғау қайсыны? бұны бұлды орнына)
бұларды
Жатыс жалғау қайсыда? мұнда (бұлда орнына) бұларда
Шығыс жалғау қайсыдан? бұнан
бұлардан
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «сол» деген сөзді
жалғаулату.
3) «Мынау» деген сөз Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? мынау
мыналар
Ілік жалғау
қайсының?
мыналардың
Барыс жалғау
қайсыған?
23
бұған
(мынаға орнына)
мыналарға
Табыс жалғау
қайсыны? мынаны
мыналарды
Жатыс жалғау
қайсыда? мынада
мыналарда
Шығыс жалғау
қайсыдан? мынадан
мыналардан
Дағдыландыру. Осы үлгі бойынша «анау» деген сөзді
жалғаулату.
СҰРАУ ЕСІМДІГІ
Сұрау есімдігі дегеніміз – біреуден бір нәрсе тура лы
сұрағанда айтылатын сөздер. Адам туралы сұрасақ «кім?»
дейміз, басқа заттар туралы сұрасақ «не?» дейміз. Қай нәрсе
екендігін сұрасақ «қайсы» дейміз. Нәрсенің сыны тақырыпты
сұрасақ «қандай?» дейміз. Нәрсенің дәл санын сұрасақ «не-
шеу?», «неше?» дейміз. Нәрсенің саны емес, шамасын
сұрағанда «қанша?» дейміз. Нәрсенің қатарда қайсы екендігін
сұрасақ «нешінші?» дейміз. Мезгіл туралы сұрасақ «қашан?»
23
«Қайсыған» аз айтылады. Көбінесе тәуелді қалыпта.
148
дейміз. Кім?, не?, қайсы?, қандай?, нешеу?, неше?, қанша?,
нешінші?, қашан? деген сөздер сұрау есімдігі болады. Сұрау
есімдіктерінің бірсыпырасы есімдерше, бірсыпыралары
есімдікше өзгереді, бірсыпыралары бұлардың бәрінде де
басқаша өзгереді. Мысалмен көрсетейік.
«Кім? не?» деген сөздер Жекеше
Көпше
Атау
кім? не?
кімдер? нелер?
Ілік жалғау
кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?
Барыс жалғау
кімге? неге?
кімдерге? нелерге?
Табыс жалғау
кімді? нені?
кімдерді? нелерді?
Жатыс жалғау
кімде? неде?
кімдерде? нелерде?
Шығыс жалғау
кімнен? неден? кімдерден? нелерден?
«Нешеу?
Нешінші?»
Жекеше
Көпше
Атау
нешеу? нешінші?
нешеулер?
нешіншілер?
Ілік жалғау
нешеудің? нешіншінің? нешеулердің?
нешіншілердің?
Барыс жалғау
нешеуге? нешіншіге? нешеулерге?
нешіншілерге?
Табыс жалғау
нешеуді? нешіншіні?
нешеулерді?
нешіншілерді?
Жатыс жалғау
нешеуде? нешіншіде? нешеулерде?
нешіншілерде?
Шығыс жалғау
нешеуден? нешіншіден? нешеулерден?
нешіншілерден?
«Қайсы? қандай?» Жекеше
Көпше
Атау
қайсы? қандай?
қайсылар?
қандайлар?
Ілік жалғау
қайсының? қандайдың? қайсылардың?
қандайлардың?
Барыс жалғау
қайсыған? қандайға?
қайсыларға?
қандайларға?
149
Табыс жалғау
қайсыны? қандайды?
қайсыларды?
қандайларды?
Жатыс жалғау
қайсыда? қандайда?
қайсыларда?
қандайларда?
Шыгыс жалғау
қайсыдан? қандайдан? қайсылардан?
қандайлардан?
«Қанша? Қашан?»
Достарыңызбен бөлісу: |