ؤ ،ح ،ز және жуан т,с сияқты араб таңбаларын қазақ алфавитіне
енгізбеу керектігін, сөздің тұтас жіңішкелігін білдіру үшін оның
алдына дәйекші дейтін таңба (ء) қою қажеттігін дәлелдейді.
«Қазақ» газетінің 1913 жылғы 34-інші және әрі қарайғы сан-
дарында «Жазу мәселесі» деген үлкен ма қала жариялап, онда
кейбір дауысты дыбыстарды (ى ،ى ،ي ،ؤ ،و ِ) таңбалау жайындағы
өзінің пікірлерін ай тады.
13
Әрі қарайғы ізденістерінде араб графикасын қазақ жазуы
үшін былайша лайықтап алуды ұсынады: 1) Араб алфавитіндегі
жуан дыбыстарының таңбаларын алмау. 2) Қазақ тіліндегі
ы, е, и, о, у, у дыбыстарының әрқайсысына таңба белгілеу;
3) К, г дыбыстарынан бас қа дауыссыз дыбыстармен келген
сөздердің жіңішкелігін (яғни қазіргі ә, е, і, у дыбыстарымен
айтылатындығын) білдіру үшін сөздің алдынан дәйекші таңба
қою. Бұлайша түзілген алфавиттің сауат ашудың дыбыс жүйесі
әдісіне сай келетіндігі байқалады.
А.Байтұрсынұлының араб жазуын қазақ тіліне икемдеген
нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы
ешбір талассыз қабылдады, себебі Байтұрсынұлының ре-
формасы қазақ тілінің табиғатына сүйеніп, ғылыми негізде
жасалған болатын. Сонымен қатар оның 1912 жылдардан
бастап ұсынған, осы алфавитті негізге алған жаңа жазуы (ол
«Жаңа емле» деп аталды) іс жүзінде қолданыла бастады. 1915
жылы осы емлемен (жазумен) 15-тей қазақ кітабы басылып
шығыпты және бұл жазуды («Жаңа емлені») 1912 жыл дардан
бастап мұсылман медреселері мен қазақ-орыс мектептері де
қолданыпты.
«Жаңа емлені» А.Байтұрсынұлы әрі қарай қырнап, поли-
графиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту
процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын салмақтайды. Сөйтіп,
араб әріптері негізінде лайықтап жасалған қазақ графикасы
1924 жылы Орынборда маусымның 12-сінде басталған Қырғыз
(қазақ) білімпаздарының тұңғыш съезінде талқыланады. Бұл
съезде мынадай мәселелер қойылады: 1) Жазу ережелері (яғни
орфография мәселелері); 2) Әліп-би (яғни ал фавит) мәселесі;
3) Қазақша пән сөздер (яғни терми нология); 4) Ауыз әдебиетін
жию шаралары; 5) Оқу, ғылым кітаптарын көбейту шаралары;
6) Бастауыш мектептердің программасы.
А.Байтұрсынұлы реформалаған араб жазуы өз кезеңінде
қазақ мәдени дүниесінде үлкен рөл атқарған. Қалың көпшілікті
жаппай сауаттандыру ісіне, жазба дүниелердің дамуына, баспа
жұмысының жандануына игілікті қызмет еткен, прогрессивтік
құбылыс болды. А.Байтұрсынұлының бұл тәжірибесін сол кез-
де өзге түркі халықтары, мысалы өзбектер мен татарлар үлгі
тұтып, олар да өз жазуларына реформа жасайды.
А.Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат
ашуына көп күш салған ғалым.
14
1912 жылы мектеп балаларын қазақша сауаттандыра-
тын әліппені («Оқу құралын») жазғаннан кейін, көп ұзамай
енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулық
жазуға кіріседі. «Біздің заманымыз – жазу заманы... Сөздік
жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге, сөз қандай орында
қалай өзгеріліп, қалайша бір-біріне қиындасып, жалғасатын
жүйесін білу керек болғандықтан, «қазақтың бастауыш
мектебінде басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс, сөз,
сөйлем жүйелерін де үйрету керек» дегенді өзіне міндет етіп
алады да, сол міндетті атқару үшін «Тіл – құрал» деген атпен
үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулық жазуға кіріседі.
Бұл оқулықтың фонетикаға арналған І-бөлімі алғаш рет 1915
жылы жарық көрді. Одан әрі қарай жөнделіп, толықтырылып
бірнеше рет басылды. 1927 жылғы Қызылордадағы басылымы
7-нші деп көрсетілген.
Қазақ тілінің морфологиясына арналған ІІ-бөлімі бұдан бір
жыл бұрын 1914 жылы баспадан шыққан. Ол да қырналып,
толықтырылып бірнеше рет (1927 жылғысы 6-басылым) қайта
басылған. Синтаксиске арналған ІІІ-бөлімі де 1916 жылдан
бастап 6 рет басылған.
«Тіл – құрал» – қазақ мәдениетінде бұрын болмаған соны
құбылыс. Оның жалғыз тіл емес, өзге де пәндерден ойып-
үйренетін қазақша жазылған кітап, құрал дегендерді білмей-
көрмей келе жатқан қазақ жұртшылығы үшін мүлде тың
дүние екендігін автордың өзі де ескертеді. Кітаптың «Сөз
басында»: «Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі
мазмұны да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені қазақта
бұрын болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жат
көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң қалатынң дейді. Шы-
нында да ол жат болмақ түгіл, бірте-бірте соншама үйреншікті,
қазақ балаларының бірнеше буынын тәрбиелеген, 14-15 жыл
бойы мектеп оқушыларына ана тілінің табиғатын танытқан ет
бауыр дүниеге айналды: «Тіл – құрал» десе, жұртшылық қазақ
тілі оқулығын, оқулық десе, тек қана Ахмет Байтұрсынұлын
білетін болды.
«Тіл – құрал» тұңғыш оқулық болуымен қатар, бастауыш
мектепке яғни алғашқы 4-5 жыл оқитын шәкірттерге арналғаны-
мен, бұл – қазақ тілінің фонетикалық және грамматикалық
15
құрылымын талдап, жүйелеп, танытқан қазақ тіліндегі тұңғыш
ғылыми жұмыстың басы болды. Бұл оқулықтар – «Қазақ тіл
білімі» атты ғылым саласының ана тіліміздегі дұрыс жазылған,
жақсы бастамасы, өйткені, қазақ тілінің дыбыстық құрамының
классификациясы да, сөз топтарын ажыратып, сөз тұлғаларын
көрсетуде де, сөздердің септелу, тәуелдену, жіктелу тәртібін
танытуда да, сөйлем түрлерін ажыратуда да бүгінге дейін
А.Байтұрсынұлының аталған оқулықтарының негізі сақталып
келеді. Тілдік әр категорияның классификациясынан бастап,
барлық терминдеріне дейін қазіргі мектеп оқулықтарында
А.Байтұрсынұлының ізі бар.
Қазақ тілін талдап-тануда Байтұрсынұлының еңбегін және
бір тұрғыдан ерекше атау керек: ол дұрыс жазылған, жақсы
термин жасаудағы іс-әрекеті. Ғалым қазақ тілі фонетикасы
мен грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына
қазақша балама ұсынды. Осы күнгі қолданып жүрген Зат
есім; Сын есім; Етістік; Есімдік; Одағай; Үстеу; Шылау;
Бастауыш; Баяндауыш; Анықтаыш, Сөйлем; Қаратпа сөз;
Қыстырма сөз; Лen белгісі; Сұрау белгісі, т.б. сан алуан
лингвистикалық ғылыми пән сөздердің баршасын Ахмет
Байтұрсынұлы қалыптастырды. Бұлардың барлығы дерлік
қазақ сөзінің не байырғы мағынасын жаңғырту (өзгерту), не
жаңа тұлғадағы сөз жасау арқылы дүниеге келген атаулар, көбі
жасанды сөздер. Сонылығына, жасандылығына қарамастан,
әрқайсысы өзі атаған тілдік категорияны дәл білдіретін
(термин) «пән сөзі» болып шыққан. Бұлардың өте сәтті
жасалғандығын күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан
өміршендігі дәлелдейді.
А.Байтұрсынұлы терминология мәселесіне қатты назар
аударған. Ол тек тіл білімі саласы емес, әдебиеттанудың да
көптеген терминдерін жасағаны мәлім. Бұлар да өте сәтті
шыққан қонымды атаулар болды, сондықтан олар да күні
бүгінге дейін қолданыс тауып келеді. Тіпті, ұмыт болған
кейбіреулері қайтадан қолданысқа келтіріліп отыр. Ғылымның
тек осы екі саласы емес, жалпы мәдениетке, тарихқа қатысты
әлеуметтік терминдердің де көпшілігі А.Байтұрсынұлы қа-
ламынан туып, қазір авторы ұмытылып, жалпы халықтық
кәнігі сөздер болып кеткенін де айту керек. Бұл салаларда
16
оның термин жасаудағы ұстанған негізгі принципі – ең алды-
мен, қазақ тілінің өз мүмкіндіктерін пайдалану болды. Кезінде
А.Байтұрсынұлын жау етіп танытуға күш салғандардың оған
тағатын айыптарының бірі – «А.Байтұрсынұлы термин жа-
сауда пуристік бағыт ұстанды яғни қазақ тіліне орыс сөздері
мен интернационалдық терминдерді жолатпауға тырысты»
деген пікір болатын. Бұл да әрбір іс-әрекеттің байыбына
бармай, себебін іздемей берілген солақай саясаттың бағасы.
Егер әрбір құбылысты, әрбір іс-әрекетті өз кезеңіне қарап,
сол кезеңдегі жағдайға қарай тану керектігін мойындасақ,
А.Байтұрсынұлының термин жасаудағы «қазақшылығының»
негізі бар екендігін көреміз, ұстанған принципінің дұрыс
екендігін танимыз. Ол принцип жас ғылым салаларының
терминдерін жа сауда қазақ тілінің өз мүмкіндігіне иек артуға
негізделді. Сол кезең үшін бұл принциптің ұтымдылығы
сауатын жаппай енді ашып, бұрын естіп-білмеген ғылым
салаларының ұғымдарын енді-енді игеруге кіріскен қазақ оку-
шысы мен оқырманына сол ұғымдарды мейлінше түсінікті
етіп жеткізу мақсатының көзделгендігінде. Жасанды болса
да оқушының тез жаттығып, есінде жақсы сақтауына, әрі сол
сөздің мағынасына қарап, терминдік мәнін өзі аңғарып, игеріп
кетуіне мүмкіндік береді. Ғалым осыны білген. Тер мин жаса-
уда ана тіліміздің сөздік қазынасын мейлінше пайдалану – 10-
20-ншы жылдар түгіл, бүгінгі күнде де, яғни дүниежүзі ғылым-
біліміне жанасып, орыс тілін жақсы меңгеріп, сол арқылы
интернационалдық лексика қорына барып отырған қазіргі кез-
де де өнімді, басты амалдардың бірі.
Сонымен қатар А.Байтұрсынұлы интернационалдық тер-
миндерден де бас тартпаған. Мысалы, 1912 жылдың өзінде
«Айқаптың» беттеріндегі мақалаларында грамматика, фо-
нетика, мор фология деген халықаралық сөздерді қолданған.
Әрі қарайғы жазғандарында көптеген интернационалдық
терминдерді орыс тіліндегі қабылданған түрінде пайдаланғанын
көреміз. Мысалы, оның қаламынан шыққан мақалаларда: про-
ект, дума, депутат, фракция, док тор, фельдшер микроб,
флот, корпус, батарея, шрап нель, солдат, пулемет, завод, те-
лефон, телеграм деген сөздерді кездестіреміз. Тіпті, орайы кел-
генде өлең шумағында да еуропалық термин сөзді қолданудан
17
қашпайды. Мысалы, «басында сәлде, аузыңда Алла» молдалар
туралы:
...Бергенге ұжмақ,
Бермесе дозақ
деп үйретер халыққа.
Ұжмақтың кілтін,
Алланың мүлкін
Арендаға алып па?... –
дейді.
Ғалымның тіл үйретуде «Оқу құралы», «Тіл – құралды» жа-
зумен шектелмей, қолданбалы грамматиканы да жазған. Бұл
жұмысын «Тіл жұмсар» деген атпен екі бөлімді екі кітап етіп
1928 жылы Қызылордада жарыққа шығарған. Жұмыстың ІІІ-
бөлімін де жазуға тиіс болғанмен, сірә, оны жазып жарыққа
шығарып үлгермей, 1929 жылы ұсталып кеткені байқалады. «Тіл
жұмсардың» 35 беттік І-бөлімі «Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс
тәжірибесі арқылы танытатын кітап» деп ұсынылған. І-бөлімде
автордың көрсетуі бойынша, «әріптер мен әріп белгілерін,
түрлі орында көбірек жұмсалатын сөз бөлшектері мен сөйлем
бөлшектерін жаза білуің тәжірибе арқылы (яғни мәтіндермен,
сұрау-жауаптармен, т.б.) жұмыс істетіп, үйрету көзделген.
Ал ІІ-бөлімде «І бөлімдегілердің көбі қайта келеді, бірақ олар
пысықтау ретінде емес, ондағы білімдерді тереңдетіп, аудан-
дарын кеңейтіп, білдіру ретінде келеді». Кітапта оқушыларға
мәтіндер ұсынылады, оларды көшіру, сұрақтарға жауап жазу,
сөз туғызу сияқты тапсырмалар беріледі.
А.Байтұрсынұлы – қазақ тілін оқыту методикасы мен
қазақ тілінде дыбыс негізінде сауаттандыру әдісінің негізгі
іргетасын қалаушы. Ғалым бұл салада 1910 жылдардан бастап
1927-1928 жылдарға дейін бірнеше материалдар жариялаған.
Жазу таңбаларын (әріптерді) түсіндіретін «Баяншы» атты
кітапшасы 1912 жылдан бастап жарық көрген. Бұл методика-
лық құрал тұңғыш әліппемен («Оқу құралымен») қатар дү-
ниеге келгендігін автордың өзі білдіреді. Мұны дәлелдейтін
және бір факт – осы «Баяншының» 1920 жылы Қазанда шыққан
басылымында автор бұл құралды 14 жыл бойы бала оқытқан
тәжірибесінен шығарып жазғандығын айтады, ал оның бала
оқытқан кезі –1895-1909 жылдар болатын. Демек, «Баяншы-
ны» ол 1910-1912 жылдары ұсынған. Бұл көлемі жағынан
18
өте шағын (небары 15 беттік кітапша), бірақ нағыз методи-
калық құрал.
Сауат аштыру әдістерінің жөн-жобасын А.Байтұрсынұлы
«Әліп-би астарың атты еңбегінде де көрсетеді. 1927-1928 жыл-
дары «Жаңа мектеп» журналында «Ана тілінің әдісі», «Зерт-
теу мен сүгіретшілік әдісі туралы», «Жалқылаулы-жалпылау
әдісі», «Қай әдіс жақсы?», «Ана тілінің әдісі» деген методи-
ка мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялайды. Мек-
теп балаларына арналған оқулықтарында А.Байтұрсынұлы
иллюстративтік материалдарды қатар ұсынуда үлкен тәрбиелік
әрі тіл ұстарту мүддесін көздеген. Автор жалпы оқулыққа
тән « жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге»
принципін ұстаған. 1-басқыш мектеп (яғни бастауыш мек-
теп) балаларына арналған материалдарды аса түсінікті етіп
беруді көздейді, сондықтан мысалдарды қазақ баласына та-
ныс (үлкендердің аузынан сан рет естіп, құлақтары үйренген)
мақал-мәтел, нақыл сөздерден, мысалдардан алады. Солардың
барлығы дерлік адамгершілікті, адалдықты, еңбек сүйгіштікті
тағы да сол сияқты игі қасиеттерді уағыздайтын дидактикалық
мәні зор мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, өлең-жыр жолдары бо-
лып келеді. Ал белгілі бір тақырыпқа лайықтап, өзі жасаған
мәтіндер ауыл балаларының күнделікті тұрмысынан алынып,
олардын арман-тілегін, талап-талпынысын, т.б. танытатын
шағын әңгімелер түрінде беріледі.
Иллюстрация ретінде көбірек келтірілген тұтас мәтіндер
«Тіл – құралдың» синтаксиске арналған 3-кітабы мен ересек-
тердің сауатын ашуға арналған әліппе – «Сауат ашқыш»
кітабында орын алған. Мұнда ав тор Қожанасыр, Алдаркөсе ту-
ралы әңгімелерден бастап, халық аузындағы аңыз-әңгіме, би-
лер сөздерін, бұрынғы өткен ақын-жыраулар мұрасын, Ыбы-
рай, Абай және өз өлеңдерін, аударма және төлтума мысал-
дарды, Жуковский, Красновский сияқты орыс ақындарынан
жасалған аудармаларды пайдаланған. Ы.Алтынсариннің
«Хрестоматиясындағы» кейбір әңгімелерді, Нысанбай ақын-
ның «Кенесары–Наурызбай» поэмасынан үзінділер пай-
даланған. Бұл мәтіндердің мазмұнында оқушыға теріс тәрбие
беретін, жамандыққа баулитын идея жоқ, керісінше, оқу-
білімге, еңбекке шақырып, адамгершілікті уағыздайды.
19
А.Байтұрсынұлы алған білімі, мамандығы жағынан кәсіби
(профессионал) лингвист емес еді. Оны тіл біліміне алып кел-
ген оқу-ағарту ісін жолға қою, халықты жаппай сауаттанды-
рып, көзін ашу, сол арқылы қазақ халқын ұлттық теңсіздіктен
құтқару мақсаты. Маман лингвист еместігіне қарамастан,
Ахмет Байтұрсынұлы тілдің, оның ішінде қазақ тілінің таби-
ғатын, құрылымдық категорияларын дұрыс аңғарған. Қазақ
грамматикасын талдап, ол орыс лингвистикалық мектебінен
сусындаған, бірақ туыстығы жағынан өзгешеленетін түркі
тілдерінің (оның ішінде қазақ тілінің) құрылымында орыс
тілінен (жалпы, үндіеуропа тілдерінен) ажыратылатын
(яғни типологиялық) ерекшеліктері болуға тиіс екенін де
жақсы сезген. Әрине, А.Байтұрсынұлының грамматикасы
бүгінгі түркологиялык, жалпы лингвистикалық ғылым тала-
бы тұрғысынан келгенде, үлкен теориялық зерттеулер емес,
өйткені ол ең алдымен, мұндай мақсатты көздеген емес,
екіншіден, мектеп грамматикасының өзін А.Байтұрсынұлы
баста уыш (алғашқы 4-5 жылдық) мектеп оқушылары үшін
ғана талдап, танытты. Сондықтан «Тіл – құрал» қазіргі «Қазақ
тілі грамматикасы» (морфология, синтаксис) деп ұсынылып
жүрген 5-7 сынып оқулықтарымен бірдей емес. Бұл күнгі мек-
теп бағдарламаларына сәйкестігі жағынан тіпті, қазіргі 1-4 сы-
нып «Қазақ тілі» оқулықтарынан да ерекшеленеді.
«Тіл – құралдың» әр бөлімі 6-7 реттен жарық көріп, алғашқы
1914-1915 жылдардан бастап 1927-1928 жылдарға дейін қайта
басылып келді. Бұл мерзім ішінде, әрине, бұл оқулықтар
мүлде өзгеріссіз қалған жоқ. Автордың өзі әр басылым сайын
өңдеп, оқулықтарын 1930-40 жылдарға дейін шығарып келген
болса, сөз жоқ, олар едәуір өзгеріп, қазіргі грамматикаларға
жақындай түскен болар еді. Дегенмен, қазақ тілі сөз таптары-
на, сөз тұлғаларының, сөз өзгерістерінің, сөйлем түрлерінің
классификациясы тұңғыш берілген терминдерімен қоса
А.Байтұрсынұлының талдауы негізінде беріліп келеді. Әрине,
өзгешеліктер жоқ емес, ол өзгешеліктердің болуы заңды да.
Мектепте үйрету сияқты практикалық мақсат көздей жасалған
зерттеулер мен ғылым объектісі ретінде теориялық негізде
жүргізілген бүгінгі зерттеулердің арасында өзгешеліктердің
20
болуы даусыз. Осындай жағдай фонетикалық талдаулар сала-
сында да орын алады.
А.Байтұрсынұлы өзінің алдына жүйелі бағдарлама қойған:
ол әуелі қазақша сауат аштыруды мақсат еткен, бұл үшін
әліппе – «Оқу құралды»; одан соң қазақ тілінің фонетика-
сы мен грамматикалық құрылымын ана тілінде талдап, пән
ретінде оқытып үйретуді мақсат еткен, бұл үшін үш бөлімнен
тұратын «Тіл – құралды»; үшінші – дұрыс сөйлеп, дұрыс оқып,
дұрыс жазуды үйретуге көмектесетін және бір құралды жазу-
ды қолға алып, бұл үшін «Тіл жұмсарды» жазды; төртінші –
сауат аштыру, тілді оқыту методикасын жасауды міндетіне
алған, бұл үшін «Баяншы» мен «Әліппе астарын» жазды,
бесіншіден – балалардың тілін ұстартып, оларды көркем сөзге
баулуды көздеген, бұл үшін Т.Ш.Шонановпен бірігіп, үлкен
хрестоматия (ол да «Оқу құралы» деп аталған) құрастырған.
Ахмет Байтұрсынұлы біріншіден, қазақ тілінің әліппесінің,
оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы.
Екіншіден, араб графикасына негізделген қазақ жазуының
реформаторы. Бұл жазу ХХ ғасырдың 10-жылдарынан бас-
тап, 20-жылдардың соңына дейін қазақ мәдениетіне, оқу-
ағартуына қызмет етті. А.Байтұрсынұлы әліпбиі күні бүгінге
дейін қолданыс тауып келеді: Қытай Халық Республикасы,
Ауғаныстан, Иран сияқты елдердегі қазақ бауырластарымыз
сауаттарын осы жазумен ашып, баспа дүниелерін осы графи-
камен шығарады. Үшіншіден, А.Байтұрсынұлы қазақ әдебиеті
мен тілін, мәдениет тарихын зерттеуші тұңғыш филолог, тарих-
шы ғалым және Қазақстан ғылымын ұйымдастырушылардың
бірі. Төртіншіден, ол қазақ халқына, еліне адал қызмет еткен
ірі қоғам қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының абзал ұлдарының
бірі, XX ғасырдың бас кезіндегі Үркердей топ – демократтық
бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі.
Сталиндік режимнің құрбаны.
Рәбиға Сыздық
филология ғылымдарының докторы,
ҚР БҒМ ҰҒА-ның академигі.
ОҚУЛЫҚТАР
22
23
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
титул
ТІЛ - ҚҰРАЛ
(қазақ тілінің сарфы)
Бірінші жылдық
Орынбор – 1914
24
СӨЗ БАСЫ
Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын
қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып,
сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді. Осы күнгі
адамдар жазудан айырылып, жаза алмайтын күйге ұшыраса,
ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді. Біздің
заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден
артық дәрежеге жеткен заман. Алыстан ауызбен сөйлесуге
болмайды: жазумен дүнияның бір шетіндегі адам екінші
шетіндегі адаммен сөйлеседі. Сондықтан сөйлей білу қандай
керек болса, жаза білудің керектігі онан да артық. Сөйлегенде
сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса,
жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек. Сөздің
жүйесін, қисынын келтіріп жаза білуге: қай сөз қандай орында
қалай өзгеріліп, қалайша біріне-бірі қиындасып, жалғасатын
дағдысын білу керек. Халық өмірі бір жылдап, он жылдап,
хәттә
1
жүз жылдап та емес, мың жылдап саналады. Сондай ұзақ
өмірінің ішінде һәр халықтың дағдылы тұтынып келе жатқан
сөздері, ол сөздерінің біріне-бірі жалғасып тізілетін дағдылы
жолы, жүйесі, қисыны болады, һәр жұрттың түрінде, тұтынған
жолында, мінезінде қандай басқалық болса, тілінде һәм сондай
басқалық болады. Біздің жасынан орысша я ноғайша оқыған ба-
уырларымыз сөздің жүйесін, қисынын нағыз қазақша келтіріп
жаза алмайды я жазса да қиындықпен жазады. Себебі жасынан
қазақша жазып дағдыланбағандық. Орысша оқығандар орыс
сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Ноғайша оқығандар
ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін
алып, орыс я ноғай сөзінің жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз
қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін һәр
жұрт баласын әуелі өз тілінде оқытып, өз тілінде жазу-сызу
үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып, бала-
лар әбден дағдыланғаннан кейін басқаша оқыта бастайды.
Біз де тіліміз бұзылмай сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз
тілімізбен оқытып, сонан соң басқаша оқыту тиіс. Қазақтың
бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар, қазақ тілінің
наху, сарфы да үйретілерге керек. Үш жылдық бастауыш
1
«Хәттә» (арабша) – ىتح тіпті деген мағынаны білдіреді.
25
мектептегі оқуға шамалап қазақ тілінің наху, сарфын бөліп,
балаларға оқытуға ыңғайлы түрмен осы – «Тіл – құрал» деген
кітапшаларды шығарудамыз.
«Тіл – құрал» деген аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны
да әуелгі кезде сондай жат көрінер, үйткені бұл – қазақта бұрын
болмаған жаңа зат. Халықта бұрын болмаған нәрсе жаңа шыққан
кезінде жат көрініп, бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқау
қалатын. Арабша һәм орысша наху, сарф үйренгендерге жат
көрінгенмен, түсініксіз болмас. Араб һәм орыс наху, сарф-
ларында оқылатын заттар мұнда да оқылады. Айырмасы сол
ғана: онда арабша я орысша айтылған есімдер мұнда қазақша
айтылады. Олай болғанда оқылатын заты бір, аты ғана басқа.
«Тіл – құрал» 3 жылға бөлінгенде бірінші жылда оқытуға
ұйғарғанымыз: Сөйлеу мен сөйлемді айыру, сөз бен сөздің
буынын айыру, буын мен буындағы дыбысты айыру, қазақ
тіліндегі дыбыстар һәм оларға арналған харіфтер; Қазақ сөзіне
жазылатын харіфтер турасындағы ережелер, қазақ тіліндегі
сөздердің тұлғалары. Бірінші жылда үйретуге осы жеткілікті
болар, үйткені «Тіл – құралдағы» заттар қазақша һәм араб ша
алифбалардағы харіфтерді балалар үйреніп болғаннан кейін
үйретіледі. Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы
үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал. Әсіресе,
бірінші жыл оқылатын «Тіл – құралы» тіл білімінің негізі
болғандықтан нық үйретілерге керек.
Қазақ тілі – түркі тілінің бір тарауы. Дүниядағы жұрттың
тілі негізінде үшке бөлінеді: 1) Түбіршік тіл. 2) Жалғамалы
тіл. 3) Қопармалы тіл. Түбіршік тіл түпкі қалпынан өзгерілмей
жұмсалады, мәселен, қытай һәм иапон тілдері. Жалғамалы
тіл – сөздің аяғына жалғау қосылып өзгерілетін тіл, мәселен,
түрік, фин тілдері. Қопармалы тіл – сөз түбірімен қопарылып
өзгерілетін тіл, мәселен, орыс тілі, араб тілі. Біздің қазақ тілі
түркі тілдің бір тарауы болғандықтан жалғамалы. Қазақ сөзінің
түбірі өзгерілмей аяғына жалғау
2
қосылып өзгеріледі. Жалғау
екі түрлі: бірі сөздің тұлғасын өзгертсе де, ішкі мағынасын
2
Жалғау – бұл жерде «қосымша» деп ұққан жөн, себебі жұрнақ пен жалғау екі түрлі
екендігі бізге мәлім (Құрастырушы).
26
өзгертпейді, екіншісі сөздің тұлғасын да, мағынасын да өзгер-
теді. Сондықтан бастапқысы тысқарғы, соңғысы ішкергі жалғау
деп аталады. «Құлақ» деген сөзге « -тың» деген жалғау қоссақ
« құлақтың» болады. Тұлғасы өзгерді, мағынасы өзгерген жоқ.
«Құлақтың» дегенде бастың мүшесінің атын көрсетеді. Егерде
« құлақ» деген сөзге « -шын» де ген жалғау қоссақ « құлақшын»
болады. Мұнда тұлғасы да, мағынасы да өзгерді. «Құлақ»
бастың мүшесін көрсетуші еді, «құлақшын» болған соң, басқа
киетін киімнің атын көрсетіп тұр. Міне, сондықтан « -тың»
тысқарғы, « -шын» ішкергі жалғау
3
болады.
Екі түрлі жалғаудың тысқарғысы – сөйлегенде, жазғанда
сөздерді біріне-бірін қиындастырып тізу үшін қажет, ішкерігісі
– бір мағыналы сөзден екінші мағыналы сөз шығарып, сөзден
сөз туғызып, көбейтіп тілді байыту үшін қажет. Ішкергі
жалғаудың бірсыпырасы осы бірінші жылдық «Тіл – құралда»
сөз тұлғасын сөйлеген орындарда көрсетілді. Тысқарғы жалғау
туралы екінші жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы. Сөзді
дұрыс тізіп сөйлеу, әсіресе дұрыс тізіп жазу туралы үшінші
жылдық «Тіл – құралда» айтылмақшы.
«Тіл – құралда» дағдыландыру, сынау деген сөздер ұшырай-
ды. «Тіл – құралымен» балаларды оқытқанда һәр қағида я
ережені оқытқаннан кейін, балалар әбден түсіну үшін сөйлем,
сөздерді, мақалдарды үлгіге алып, олардың ішінен қағида я
ережеге келетін жерлерін балаларға таптыртып, басқалардан
айыртып үйрету. Солай бірнеше ірет істеп көрсеткеннен
кейін балалар керек сөздерді өздері тауып, өздері айыруға
дағдыланады. Сонан соң балалар дағдыланып, үйреніп болды
ғой дегенде, нық біліп болған-болмағанын байқау керек, сы-
нау керек. Сынағанда үйренген қағида я ережелерді орнына
келтіріп жаза ала ма? Жаза алмай ма? Соны сына, сондықтан
мұғалім балалардың үйренген қағидасы, ережесі келетін сөздер-
ді, ауыздан жаздыру тиіс. Яки кітапшадағы жорта қате жазып
қойған сөздерді дұрыстап жаздыру тиіс. Бір қағида я ережені
балалар әбден үйреніп, тиісті орнында жұмсай білгеннен кейін
ғана келесі қағида я ережені үйрету.
А.Б.
3
Ішкергі жалғау – «жұрнақ» деген атауға ие ( Құрастырушы).
|