Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет19/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
§ 1. ДӘЙЕКТЕМЕ
Тіл  –  құрал.  Құрал  болғанда  толып  жатқан  есепсіз 
бөлшектері  бар,  ол  бөлшектері  түрлі  жағымен  қиысатын  то-
лып жатқан қырлы, тетіктері есепсіз көп бір өте үлкен машина 
секілді құрал. 
Қандай құрал болса да, оны жұмсаушысы екі түрлі болмақ. 
Біреуі – құралдың ішкі-тысқы бөлшектерінің бәрін біліп, олар 
қалай бір-біріне үйлесіп, үйлескенінен шығатын тетіктер бір-
біріне қалай жалғасып, қалай қызмет ететіндігін біліп отырып 
жұмсаушы.  Екіншісі  –  олардың  бәрін  білмей-ақ  құралдың 
жұмсауға  керегі  бар  тысқы  бөлшектері  мен  тетіктерін  көріп, 
жұмсау әдісін үйреніп алып жұмсаушы. Ішкі бөлшектері мен 
тетіктерін бұл таныс құралды жұмсап жүріп, онымен көп істес 
болып барып, тәжірибе арқылы таниды. 
Солай  танығаннан  кейін  ананың  да,  мынаның  да  құрал 
жұмсауы,  оны  тануы  бірдей  сияқты  болып  шығады.  Бірақ 
асылында  олай  болмайды.  Мәселен:  машина  бөлшектері 
жасалған  заттардың  қасиеттерін,  олар  үйлесуінен  шығатын 
тетік заңдарының жайын жақсы білетін жұмсаушының маши-
на тануы мен тек өз тәжірибесі арқылы машинамен танысқан 
адамның  машинатануы  –  екеуі  бірдей  болмайды.  Машина 
жүрісінде  кемшілік  біліне  бастаса,  оның  неден  екенін  анау 
бірден білгенде, мынау тіпті білмеуі мүмкін. 
Жалпақ  жұрттың  құрал  тұтынуы  көбінесе  екінші  жолды 
болады.  Тігін  машианаларын,  пішен,  егін  машинараларын 
қолданушылар солардың ішкі, сыртқы бөлшектерін, тетіктерін 
біліп  отырып  жұмсамайды,  жүргізетін,  тоқтататын  сияқты 
жұмсауға керегі бар тек тысқы бөлшектері мен тетіктерін біліп 
кәне жұмсайды. Бұлардың да машина біліп алатындары бола-
ды, бірақ оны құрал жұмсау жүзінде көп тәжірибе көргеннен 
кейін біледі. 
Бұл күнде бала үйрету [дін] табиғи қолы – тәжірибе арқылы 
білім  алатын  осы  айтылған  соңғы  жол  деп  танылады.  Жана 
да ел мектебі – білімді түптеп білдіріп, мамандар шығаратын 
мектеп  емес.  Жалпы  тұрмысқа  жұмсалатын  жалпақ  түрдегі 
білім  беретін  мектеп.  Сондықтан  үйрету  жүзіндегі  кәзіргі 

295
жаңалықтың  негізі  –  үйрету,  әсіресе  бастауыш  мектептерде 
үйрету, тәжірибе жолымен білу. 
Бала  білімді  тәжірибе  арқылы  өздігінен  алу  керек. 
Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны 
өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолы қысқару үшін, 
ол  жолдан  балалар  қиналмай  оңай  оқу  үшін,  керек  білімін 
кешікпей  кезінде  алып  отыру  үшін,  балаға  жұмысты  әліне 
шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп оты-
ру. 
Бұл  «Тіл  жұмсар»  деп  ат  қойып  отырған  кітап  ана  тілін 
жоғарыда  айтылған  жаңа  жолмен  үйретуге  ыңғайланып 
шығарылған. Мұндағы білім – «Тіл – құралдағы» білім, бірақ 
сол білімді мұнда үйрету жолы басқа. 
«Тіл – құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін тұтас түрінде 
таныту үшін түрлі бөлшектерін, тетіктерін ұсағын ұсағынша, 
ірісін ірісінше жүйелі тұрған орнында алып көрсетіп таныта-
ды. «Тіл жұмсар» cол үлкен құралдың бөлшектерін, тетіктерін 
балаға  шағындап,  бөлек-бөлек  ойыншық  сияқты  құрал  жа-
сап, соларды танытып, соларды жұмсату арқылы барып үлкен 
құралды танытады. 
Бұл  айтылған  «Тіл  –  құралдан»  «Тіл  жұмсардың»  негізгі 
басқалығы  мұнан  өзге  де  бала  шамасына  шағындағандықтан 
туған басқалықтар бар. Оларды мұнда түгендеудің қажеті жоқ, 
үйткені  «Тіл  жұмсармен»  үйреткенде,  әрқайсысы  өзінің  ор-
ны-орнында  көрінбекші.  Мұнда  тек  басты-бастыларын  ғана 
көрсете өтсек болады. 
1.  Әріптен  басқа  жазуда  қолданатын  белгілерге  бүгінге 
дейін  анықтап  белгілі  ат  қойылған  жоқ  еді.  Сүгіретке  қарап 
біреу  олай,  біреу  былай  деп  атайтын  еді.  Мұнда  соларға  ат 
қойылды. Мұндағы ат тек сүгіретіне қарай емес, жұмсалатын 
орнына қарай қойылады. Мәселен: тыныстық (.), жапсарлық 
(,), қосарлық (=), тастарлық (–), дәлдеулік (« »), сұраулық (?), 
лептеулік (!). 
Тыныстық – дауыстың тынатын жеріне қойылатын белгі. 
Жапсарлық (,) – дауыс тынбай, тек сөз арасы көбірек ашы-
ла айтылатын жерге қойылатын белгі. Сөз арасының олай ашы-
луы көбінесе сөйлемдер қосылған жапсарлық жерінде болады. 

296
Қосарлық (-) – сөзді қосу керек болған орында, бір сөздің 
екі бөлімін қосу керек болған орында немесе біріне-бірі жедел 
екі сөз қосарынан айтылатын орында, не болмаса бір сөздің өзі 
қайта-қайта жедел айтылатын орында қойылатын белгі. 
Тастарлық (–) – жазбай тасталған сөздің орнына қойылатын 
белгі. 
Дәлдеулік  («  »)  –  бұлжытпай  дәлдеп  жазып  көрсетерлік 
жерде қойылатын белгі. 
Бұлардан  басқа  «Тіл  жұмсарда»  екпіндік  /V/,  еместік  /Х/ 
деген белгілер бар. Олар балалар оқуға төселгенше, сөздерді 
айырғанша  уақытша  қолдан  тұтынатын  белгі  (баспада  олар 
болмайды). 
2.  Сөйлем  атына  кірген  өзгеріс  бар.  Мәселен:  жапсарлы 
сөйлем деген ат бар. Бұл атпен құрылуынша айырылатын то-
лып  жатқан  сөйлем  түрлерінің  бәрі  аталады.  Тек  жапсарлық 
қойылатын сөйлем болса, бәрі жапсарлы сөйлем деп бір-ақ ат-
пен аталады. 
3. Сөз аттарына кірген өзгеріс бар. Мәселен: 1) «қосар сөз» 
деген бар. Бұл – қос сөздерден басқа сөздердің қосарынан біріне-
бірі жедел айтылатындарына қойылған ат. Бұған қатар-қатар, 
жалт-жұлт,  шым-шытырық,  бірін-бірі,  бір-бірлеп,  алысып-
жұлысып, тағысын тағы сол сияқты сөздердің бәрі кіреді; 2) 
«қосынды сөз» деген бар. Ол бұрынғы «жалқылауыш» қос сөз 
деген аттың орнына алынып тұр (белбеу, қарағұс, жүк-аяқ); 3) 
«үйір сөз» деген бар. Бұл – айтқанда қосынды сөз сияқты ай-
тылатын, бірақ ондай бір ұғымды емес, екі ұғымды көрсететін 
сөздерге қойылған ат (қара айғыр, ақ өгіз, сұр тай). 
4.  Дыбыс  түрлерінің  атына  кірген  өзгеріс  бар.  Дыбыстар 
естілу қуатына қарай жіктеліп, соған қарай ат қойылып тұр. Ды-
быс естілу жағынан төрт даражалы: 1) дауыс (немесе айғай), 2) 
үн, 3) сыбыс, 4) сыбыр. Дауыс пен үнді айыру қиын емес (дауы-
стама, үндеме дегенде, екеуінің мағынасы бір емес), сыбыс пен 
сыбыр  –  екеуі  бір  нәрсе  емес  (сыбырлағанда  пыш-пыштаған 
сыбыс естілуі мүмкін, бірақ сөзі басқа адамға естілмейді). 
Балаларға  бұрынғыдан  көрі  осы  түсінікті  болатындықтан, 
дыбыстар  осы  негізбен  жіктеліп,  түрлеріне  осыған  қарай  ат 
қойылды. 

297
1) ا (а), و (о), ۇ (ұ, ү), ہ (е), ى (и) бұрынғыша дауысты деп 
аталады. 
2) ر (р), ڭ (ң), ل (л), م (м), ن (н), و (у), ي (й) үнді дыбыстар деп 
аталады. 
3) ج (ж), ز (з), س (с), ش (ш), غ (ғ), گ (г) сыбысты дыбыстар 
деп аталады. 
4) ب (б), پ (п), ت (т), د (д), ق (қ), ك (к) сыбырлы дыбыстар 
деп аталады. 
«Тіл жұмсардың» кәзір екі бөлімі гәнә шығып тұр. 
І-нші  бөлімдегісі  көбінесе  әріптер  мен  әріп  белгілерін 
түрлі  орында  көбірек  жұмсалатын  сөз  бөлшектері  мен 
сөйлем  бөлшектерін  жаза  білу.  Дәйекші  керек  қылмайтын 
дыбыстардың әріптерін білу. Сөздің жекелік, көптік түрлерін 
тану.  Көбінесе  айтылатын  сұрау  сөздермен  танысу.  Жеңіл 
сұрауларға жауап жаза білу. Жеңіл бүркеулерді ( . . . . . . ) аша 
білу. Сөзге үйлесетін сөз теріп ала білу. Оңай туатын сөздерді 
туғыза білу. Сөзді сипырға (цифрға), сипырды сөзге айналдыра 
білу. Тасымалдаумен танысу. 
Бұл бөлімде бақылау мен мәнісін білу жағынан тура тұтыну 
тәжірибе жағы басым болып отырады. 
Жана бір ескеретін нәрсе – І-нші бөлімде берілген тіл тану 
білімі «Әліп-бидегі» әңгімелермен байласқан. Оны сол ретте 
басқа кітаптардағы әңгімелермен байластыруға болады. Мұнда 
тек  байластыру  жолы,  жөні  осы  ретше  болу  тиістілігіне  үлгі 
үшін байластырып көрсетілген. 
«Тіл  жұмсардың»  ІІ-нші  бөлімінде  І-нші  бөлімдегілердің 
көбі қайта келеді. Бірақ олар пысықтау ретінде емес, андағы 
білімдерді  тереңдетіп,  аудандарын  кеңейтіп  білдіру  ретінде 
келеді. 
Оның  үстіне  жаңадан  сөйлемдердің  түрлерін  тану, 
сөздердің, дыбыстардың негізгі түрлерін тану, орын талғайтын 
дыбыстармен танысу, сыбайлас дыбыстардың бір-біріне ететін 
әсерлерімен танысу, дауыс екпінін тану кіреді. 
Бұл  бөлімде  істеу  жүзінде  байқаумен  алған  білім  жұмсау 
жүзінде іске асып, бақылау мен жұмсау екеуі теңбе-тең бірдей 
жүріп отырады. 
Aлдағыда айтып өтетінім – емле үйретуге «Тіл жұмсардың» 
екі бөліміндегі қолданыстық нәрсе (материал) жеткілікті. 

298
Соның  бәрін  балалар  дұрыстап,  түгел  қолданып  өтсе, 
емленің  90%  шамасы  білуге  дыбыс  жүйелі.  Оны  білу  үшін 
буынды  жақсы  тану,  дұрыс  буындай  білу,  сөздің  буындарын 
біліп отырып жазуға әдеттену гәнә керек. Оан «Әліп-би» мен 
1-нші «Тіл жұмсар» көлеміндегі нәрсе де, мезгіл де, білім де 
жеткілікті. 
Онан  арғысын  2-нші  «Тіл  жұмсармен»  толықтырып, 
үшеуінің  көлеміндегі  нәрседен  емленің  90%  білімін  толық 
алуға болады. Онан әрі қалған 10% білімін 3-нші «Тіл жұмсар» 
беруге тиіс. 
Сүйтіп,  бақылау  мен  жұмсау  тәжірибе  жолымен  «Тіл 
жұмсардың» үш бөлімінің беретін білімін алғанда, балалардың 
сауаты емле жағынан толық жеткілікті болмақ. 
Шығарушы. 1928 жыл 6 наурыз. Қызылорда. 
  
§ 1. ӘРІПТЕР МЕН БЕЛГІЛЕР
ا
 /а/ 
ب 
/б/ پ /п/ 
ت 
/т/ 
ج 
/ж/ 
د 
/д/
ر
 /р/ 
ز 
/з/ 
س 
/с/ ش /ш/ 
غ 
/ғ/ 
ق 
/қ/
 
ك 
/к/ 
ـَك 
/г/ ڭ /ң/ 
ل 
/л/ 
م 
/м/ پ /п/ 
و
 /о/ ۇ /ұ/ 
ۋ 
/ү/ ہ /е/ ي /і/ ى
 
/й/ 
 � – –  «» : ; ! ? ...
§ 2. ӘРІП БЕЛГІЛЕРІ
Нүкте (.), үтір (,)
ب (б), پ (п), ت (т),  ر (р),  ز (з),  س (с),  ش (ш) || ك (к) ڭ (ң) || و 
(о),  ؤ (ұ)  
و 
(у),  ى (і)   ي (й)
Осы  әріптердің  бір-біріне  ұқсастары  бар.  Бірақ  ұқсас 
болғанмен, нақ бірдей емес. Оқығанда да бірдей айтылмайды. 
Бір-бірінен солар нендей белгілермен айырылып тұр? 
Төмендегі  «Бекіш  әңгімесі»  дегенді  көшіріңдер  (жеңілдік 
үшін екі нүктені сызықша (–) түрінде жазыңдар. Үш нүктені 

299
тұмсықша түрінде, үстіңгісін былай < , астыңғысын былай > 
жазыңдар.
Бекіш әңгімесі
Aуыл қасында қала бар. Қалада базар бар. Базарда тауар са-
тылады. Aуыл базарға мал сатады. Бапам базарға бақырауық 
атанды сатты. Бірғауым ақша алған. Aқшасына бірталай мата 
әкелді. Матадан апам маған шапан тігіп береді. Бірақ тез арада 
бітпейді дейді. 
Ертең налог салуға бапам қалаға барады, маған жақсы кітап 
әкеп береді. 
(«Әліп-би», 76-бет). 
Әріп бен дыбыс бір ме? 
Қайсысы көрінеді, қайсысы естіледі? 
Ұқсас дыбыстардың әріптері ұқсас бола ма?
1. Жұмыс. 
Жоғарыдағы  әріптерді  түрлерінің  ұқсастығына  қарай 
сұрыптап, тап-табымен бөлек-бөлек жазыңдар. Нұсқа ب (б),  پ 
(п), ت (т) (ұқсас емесін алмайсыңдар). 
2. Жұмыс. 
Әріптерді  дыбыс  жақындығына  қарай  сұрыптап,  тап-
табымен жазыңдар. Нұсқа: ب (б), پ (п), ت (т), د (д) . . . . . . . . .
(Мұнда да дыбыс жақындығы жоқтары алынбайды). 
§ 3. СӨЙЛЕМДЕР
Aқыш қатынан
(«Әліп-би», 77-бет
Қадірлі Қатыш апатай! 
Мен әріптің бәрін танимын.. Қандай сөз болса да оқимын. 
Жазуым қандай екенін осы қаттан байқарсыз. 

300
Мен сүгіретті де тәуір саламын. Бояуым таусылып келеді. 
Бояу алып берсеңіз екен. 
. . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . 
Aқыш
Осыны оқығанда дауыс неше рет тынады? Әр тынғаны бір 
«сөйлем» деп аталады. 
Мен  тақтайға  бір  әңгіме  жазайын.  Сендер  «Мұғалім 
әңгімесі» деп ат қойып, дәптерлерің көшіріңдер. 
Дәмеш мектепте оқиды. Мектептен үйіне түрлі әңгімесі бар 
кітаптар апарады. Әңгімелерін үйіндегілерге оқиды. Оқығанын 
басқалар тыңдап отырады. 
Балалар түсінбегендерін сұрайды. Дәмеш түсіндіріп береді. 
Жазғандарыңды оқыңдар. Мұны оқығанда дауыс неше рет 
тынады.  Тынғанда  дауыс  кәйтеді?  Мұнда  неше  сөйлем  бар 
дейсіңдер? 
§ 4. СӨЙЛЕМ БЕЛГІЛЕРІ
Тыныстық (.), Жапсарлық (,)
 
Мұғалім әңгімесінде әріп нүктесінен басқа жерге қойылған 
нүкте  бар  ма?  Олар  сөйлемнің  қай  жерінде  тұр?  Тынатын 
белгіге  не  деп  ат  қою  [керек]?  Төмендегі  «Мәкеш  әңгімесі» 
дегенді үтір біткендерін түгел қойып көшіріңдер.
Мәкеш әңгімесі 
Күзге  қараған  кез.  Күндіз  жылы,  түнде  салқындау.  Aй 
жарық. 
Қораның  шетіне  алтыбақан  құрдық.  Төрт  баладан  кезекке 
бөліндік.  Бір  кезекке  мен,  Жұмаш,  Төреш,  Нұрыш  төртеуміз 
кірдік.  Екінші  кезекке  Үміт,  Дәмет,  Мұрат,  Мұқаш  төртеуі 
кірді.  Зұлқаш,  Зұпынын,  Ұрқия,  Құбаш  төртеуі  бір  кезекке 
кірді. Ұсақ балалар көп үстінен тебетін болды. 

301
Екі бала тебеді, екі бала жібереді. Біреулер қатты жібергенде 
қорқады. Қорыққандарға күлеміз. 
Осында  әріп  үтірлерінен  басқа  үтір  бар  ма?  Олар  қалай 
қойылған?  Сөз  араларының  бәріне  де  қойылған  ба?  Қандай 
араларына қойылған? 
Осы әңгімені оқығанда, сөздердің үтір тұрған аралары мен 
үтір тұрмаған аралары қалай оқылатынын байқаңдар. 
Қайсысында сөз арасының жігі көбірек ашыла оқылады. 
Сөз арасының алыстайтын жігін көрсететін белгіні не деп 
айту [керек]?
§ 5. СӨЗДЕР
 
Сен  тұр!  Қозыңа  бар.  Сен  тұр!  Қойыңа  бар.  Сен  тұр! 
Жылқыңа бар. Сен тұр! Сиырыңа бар. 
Сұрау. Осында неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше 
сөз бар? 
Ертең аулым көшеді. 
Уық бауын шешеді. 
Aла тайым ойнайды. 
Қара тоқтым қашады. 
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше 
сөз бар?
Aтан түйе маң басқан. 
Шудаларын шаң басқан. 
Екі өркешін қом басқан. 
Төрт аяғын тең басқан.
Тілін тікен теспеген. 
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемнің ішінде неше 
сөз бар? 

302
Қой сүйеді баласын қоңырым деп
Іштемені білмеген момыным деп. 
Ешкі сүйер баласын ұлағым деп, 
Тастан тасқа секірген шұнағым деп. 
Сұрау. Мұнда неше сөйлем бар? Әр сөйлемде неше сөз? 
§ 6. СӨЗ БЕЛГІЛЕРІ
1. Дәйекші ( ء )
 
ا (а),  ب (б),  پ (п), ت  (т),  ج (ж),  د (д), ر  (р), ز  (з),  س (с), ش 
(ш),  غ (ғ), ق (қ), ك (к),  گ (г),  ڭ (ң),  ل (л),  م (м),  ن (н), و  (о), ۇ  
(ұ), ۋ  (у),  ہ (е), ى (і),  ي (й). 
1. Жұмыс.
Әріп  басына  бір-бірден  дәйекшілі  сөз  тауып  жазыңдар. 
(Кітаптан қарап табасыңдар). 
Дәйекшілі сөз таба алмаған әріптеріңді бөлек шығарып жа-
зып көрсетіңдер. 
2. Жұмыс.
Қандай сөздерге дәйекші қойылмайды? Неге қойылмайды? 
Қорытын жасаңдар. 
3. Жұмыс. 
Төменде  екі  сөздің  арасында  бір  тел  сөзден  қалай  етіп 
қайсысына теліп айтуға болады?
  Қалай  етіп  қайсысына  теліп  жазуға  болады?  Aйтыңдар 
және жазып көрсетіңдер. 
б
олды  үшке 
ет 
сұр 
ұрды   ит
 
жауын 
 
байтал 
 
доп

303
боз 
шұлғау 
ұны  
естілді  
мас  
жаңа
  
ат  
 
ақ  
 
әбдан
тос 
піскен 
бөрі 
аш 
тұз  
қараңғы
 
қолың 
 
ақ 
 
ашты
§ 7. БУЫН
Буыншы әріптер (а, о, ұ, е, и)
 
Төмендегі  жаңылтпаштардағы  сөздерді  буынға  бөліп 
жазыңдар. 
Жаңылтпаштар:  Aсаттар ас асатар. 
 
Ораз аз озар. 
 
Бұл ұлақ – ұлы ұлақ. 
 
Есен, есен бесен. 
 
Ылайдың ылайына ыластанба. 
Буындағаннан кейін жалғыз өзі буын болып тұрған әріптерді 
бөлек шығарып жазыңдар. 
Бөлек шығарғаннан кейін, кітаптарыңда кез келген сөздерді 
буындап қараңдар – әлгілерден басқа жалғыз өзі буын болатын 
басқа әріптер бар ма екен? 
Сонан кейін басқа буындарды қараңдар. Кез келген сөздерді 
буындап қараңдар – әлгі әріптер кіріспейтін сірә буын бола ма 
екен? 
Жалғыз өзі буын болатын әлгі әріптер болса, олар кіріспеген 
сірә  буын  жоқ  болса,  буын  жасайтын  әріптердің  қайсысы 
боғаны? 

304
§ 8. БУЫНШЫ ӘРІПТЕР
 Буын түрлері
 
Aсқа барған қатындар, 
 
Aлшаңдамай қайтыңдар. 
Aлдыда торпақ көрінсе
 
Жылдам маған айтыңдар. 
Тойға барған қатындар, 
 
Тойтаңдамай қайтыңдар. 
Топ сиырдың ішінде 
 
Торпақ көрсең айтыңдар.
 
Осындағы  сөздерді  буынға  бөліңдер.  Бөлгеннен  кейін  бу-
ыншы әріптер басына келген буындарды бір бөлек шығарып 
жазыңдар.  Ортасына  келген  буындарды  бір  бөлек  шығарып 
жазыңдар.  Aяғына  келген  буындарды  бір  бөлек  шығарып 
жазыңдар. 
Шығарғаннан кейін буындардың түріне қарап ат қойыңдар. 
Буын  түрін  айырғанда,  буыншы  әріптердің  тұрған  орнына 
қарай айырыңдар. 
Буыншы  әріп  басқалардың  ортасында  қамауда  тұрса,  ол 
буынға  «бітеу»  деп  ат  қойыңдар;  буын  аяғы  буыншы  әріпке 
тірелсе, ол буынға «ашық» деп ат қойыңдар; буын буыншыдан 
басқа әріпке тірелсе, ол буынға «тұйық» деп ат қойыңдар. 
§ 9. БІТЕУ БУЫН
Буыншы «ى» (и)
Төмендегі  сөздерді  буынға  бөліп,  ашық  буындарын  бір 
бөлек, тұйық буындарын бір бөлек, бітеу буындарын бір бөлек 
шығарып жазыңдар.
Aпам асық берді. 
Aсығын мұзға бердім. 

305
Мұз суын берді
Суын қара сиырға бердім. 
Қара сиыр сүтін берді.
Жазған буындарыңды айтып қараңдар. Қандай буында «и» 
әрпінің дыбысы анық естілмейді? 
Дыбысы анық естілмегенімен, ол буынға «и» әрпі жазыла 
ма? 
Сүтін пісіріп едім, 
Қарға келіп қарқ етіп, 
Көбелек келіп күрп етіп, 
Қалғанын ішіп ол кетті. 
Көбігін ішіп ол кетті. 
Сауысқан келіп сақ етіп, 
Жапалақ келіп жарп етіп, 
Сарқып ішіп ол кетті. 
Жармысын ішіп ол кетті. 
Aтакем келіп еді, қаспағын қырып беріп қарқ қылдым. 
Осындағы сөздерді буынға бөліп, буындарын сұрыптаңдар. 
Буындардың бір әріптілерін бір бөлек, екі әріптілерін бір бөлек, 
үш әріптілерін бір бөлек, төрт әріптілерін бір бөлек шығарып 
жазыңдар. 
§ 10. БУЫНШЫ ӘРІПТЕР
Дәйекші ( 

 
 
)
Қозы.................көзі   
Қорық................. көрік 
Қосыл...............көсіл  
құрақ .................. күрек 
Қазыр................кәзір 
Осында екі жақтағы сөзде де буыншы әріптерге қарасаңдар, 
жазылуы бірдей, айтылуы бірдей ме? 
Торы 
төрі 
Сан 
сән 
Сұр 
сүр 
Aры 
әрі
Тұр 
түр 
Бұр 
бүр 
Aл 
әл 

306
Бұл  сөздерде  буыншылар  жазылуы  бірдей.  Aйтылуы 
қандай? Қатар-қатарымен оқып қараңдар. 
Енді  бір  жағындағысына  дәйекші  қойып,  бір  жағындағы-
сына қоймай оқып қараңдар. Aйтылуы өзгере ме? Жоқ па?
Aйтылуы  өзгергенде,  солардың  мағынасы  өзгере  ме?  
Жоқ па? 
§ 11. Қ, К ӘРІПТЕРІ
Дәйекші ( 

 
 
)
Төмендегі  буыншы  әріптердің  дәйекші  қойғанын  қалай 
айтасыңдар? Қоймағанын қалай айтасыңдар? 
ا (а) ًّا (ә)  و (о)  ۇ (ө)  ؤ (ұ)  ؤ (ү)  ى (ы) �ى (і) هى (е) ه (е). 
Осында дәйекші қойса да, қоймаса да айтылуы өзгермейтін 
бар ма? Ол дәйекшіге көнбейтін қайсысы? 
Қол..............көл 
қон............көн
Құн............. күн 
құт............ күт 
Осы сөздерді, әуелі, осы тұрған күйінде оқыңдар. Сонан соң 
дәйекші қойып оқыңдар. Дәйекші қойғаннан айтылуы өзгере 
ме? 
Енді  бас  әріптерін  сызып  тастап,  көшіріңдер  де,  бір 
жақтағыларына дәйекші қойып, бір жақтарына дәйекші қоймай 
оқыңдар.  Сөздердің  айтылуы,  жаңа  да  мағанасы  өзгере  ме? 
Жоқ па? Енді өзгеретін болса, манағы дәйекшіге көнбеуі неден 
болғаны? 
Сүйтіп, қай әріптер кіріскен сөзге дәйекші қою керексіз бо-
лады? 
Ескерту.  غ 
(ғ),  گ  (г)
  әріптер  ق  (қ),  ك  (к)  дыбыстарының 
азғын түрінің әріптері. Сондықтан ق (қ) ك (к) керек қылмаған 
дәйекшіні бұлар да керек қылмайды. 

307
йі, уы 
буындардың 
жазуы
қаламның 
суреті
конверттің
 суреті
қазақ киімін
 киген қыздың 
суреті
 
 
(«Әліп-би» 78-бет) 
Көшіру 
 
Апа 
Қат 
Қалам
Aқыштың 
Aпатайы 
Қаты 
Қаламы 
Менің 
Aпатайым 
Қатым 
Қаламым 
Сенің 
Aпатайың 
Қатың 
Қаламың
 
Қағаз 
Бояу 
Сүгірет 
Aқыштың 
Қағазы 
Бояуы 
Сүгіреті 
Менің 
Қағазым 
Бояуым 
Сүгіретім 
Сенің 
Қағазың 
Бояуың 
Сүгіретің 
Сөздің жекелік, 
көптік түрлері
Ойнап жүрген 
балалардың
суреті
Бір
баланың
суреті
(«Әліп-би», 79 бет)  
балалар (көп)        бала (жеке) 
Жекесі. Aпа. Бояу. Қағаз. Қалам. Қат. Сүгірет. Мектеп. 
Көбі.  Aпалар.  Бояулар.  Қағаздар.  Қаламдар.  Қаттар. 
Сүгіреттер. Мектептер. 
Жекесі. Қала. Жол. Aдам. Кісі. Таныс. Қазақ. Жылан. 
Көбі.  Қалалар.  Жолдар.  Aдамдар.  Кісілер.  Таныстар. 
Қазақтар. Жыландар. 
ыйы, йі жазуы
Тақтаның
суреті
Тақтаның
суреті
 
Жұмыс. 
Мақандардың  тақтайы,  біздің  тақтайымыз.  Бой.  Үй.  Сөз. 
Жиылыс. Нәрсе. Қаулы. 

308
Мақандардың бойы, үйі, сөзі, жиылысы, нәрсесі, қаулысы
Біздің  бойымыз.......................нәрсеміз..................................... 
Сіздің  бойыңыз.......................нәрсеңіз......................................
Көшіру.  «Біздің  тәртіп»  деген  әңгімедегі  шығарған  қау-
лыны көшіру керек.
Сұрау. 
Сөздер. 
Не? Кім?
Күннің 
суреті
В.И. Лениннің
 суреті
Aйдың 
суреті
(«Әліп-би», 81-бет) 
Сұрау. 
Бұ не?  Бұл кім? 
Бұл не?
Жауап . . . . . . . . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 
Мақалдарды оқы: Білегі толық бірді жығады, білімі толық 
мыңды жығады. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ. 
Сұрау.  Қандай  адам  бірді  жығады?  Қандай  адам  мыңды 
жығады?
Жауап . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сұрау. Бірді жығуға не керек? Мыңды жығуға некерек?
Жауап . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Сұрау. Күн қалай? Aй қалай? Жақан қалай?
Жауап . . . . . . . . . .. . . . . . . .. . . . . .. . . . . . . . . . . .. . . . . . . . . 
Көшіру. 
Сен қара, мен жазайын. 
 
 
Мен қарайын, сен жаз.
(и, й, ій, ійі).   Сен оқы, мен тыңдайын. 
 
Мен оқиын, сен тыңда. 

309
 
Мен көрсетейін, сен таны. 
 
Сен көрсет, мен таниын. 
 
Сен құй, мен жуайын. 
 
Мен құяйын, сен жу.
 
Мен қашайын, сен қу. 
 
Сен қаш, мен қуайын. 
Көшіру. 
Қара 
Қарау 
Жаз 
Жазу
(у, ыу) 
Оқы 
Оқу 
Aйт 
Aйту
 
Тыңда 
Тыңдау 
Көрсет  Көрсету
 
Таны 
Тану 
Қой 
Қойу (қою) 
 
Жұу (жу) – жұу (жуу) 
Сөз туғызу.      Нашар – нашаршыл 
 
Кедей – . . . . . . . . . . . . . . . Қазақ – ..............
 
Бай – . . . . . . . . . . . . . . . . . Орыс – ..............
 
Жұрт – . . . . . . . . . . . . . . . .Татар – ..............
 
Ұлт – . . . . . . . . . . . . . . . . . Өзбек – ..............
(«Әліп-би», 82-бет) 
Жауап жазу. Қардың түсі қандай? 
 
Ұнның түсі қандай?
 
Сүттің түсі қандай?
 
Қанның түсі қандай?
 
Күйенің түсі қандай?
 
Көмір [дің] түсі қандай?
 
Құрақ түсі қандай?
 
Қамыс түсі қандай?
Осы сұрауларға толық жауап беру керек. 
Көшіру. 
Мұраттікінің  шаруасы.  Біздікінің  шаруасы.  Сіздікінің  ша-
руасы. 
«  отыны 
«   отыны 
«   отыны 
«  малдары 
«   малдары 
«   малдары 

310
«  аттары 
«   аттары 
«   аттары
«  сиырлары 
«   сиырлары 
«   сиырлары 
Жауап жазу. 
Мөңірейтін не? . . . . . . . . . . .  
Қарға қаңқылдайды . . . . . 
Кісінейтін не? . . . . . . . . . . .  
Сауысқан кәйтеді? . . . . . .
Сұрау. Кәйтеді? Маңырайтын не? Қаз кәйтеді? Боздайтын 
не?  Тырна  кәйтеді?  Үретін  не?  Торғай  кәйтеді?  Мияулайтын 
не? Маса кәйтеді? 
Түйе. Ит. Ешкі ұлақтайды. 
Ұлақ. Сиыр. Қой кәйтеді? . . . . . . . . . . . . . деген сөздердің 
жазуы
 
Жылқы кәйтеді? . . . . . . . . . . . . . . . . 
 
Сиыр кәйтеді? . . . . . . . . .. . . . . . . .. .
 
Түйе кәйтеді? . . . . . . . . .. . . . . .. . . . .
 
Ит кәйтеді? . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
 
Мысық кәйтеді?.. . . . . . . . . . . . . . . .. . 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет