Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті



Pdf көрінісі
бет22/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

ДЫБЫСТАРДЫ ЖІКТЕУ ТУРАЛЫ
1927  жылғы  «Жаңа  мектеп»  журналының  2-ші  нөмірінде 
басылған  Елдес  Омаровтың  «Қазақ  дыбыстары»  деген  мақа-
ласы туралы төмендегі пікірімді айтқым келеді.
Қазақ  тіліндегі  дыбыстарды  жаңадан  жіктейтін  болсақ, 
әрі  айтуына  қарай,  әрі  сөз  жүзінде  білінетін  қасиеттеріне 
қарай жіктеу керек. Қазақтікі сияқты заңы азбаған тілдің ай-
тылуы  жүзіндегі  дыбыс  жіктері  сөз  жүзінде  білінетін  дыбыс 
қасиеттерінің жіктерімен түйісетін көрінеді.
Айтылуына қарай жіктегенде қазақ тіліндегі дыбыс тар дау-
ысты, дауыссыз болып екі айырылады.
І. Дауыстылар: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.
ІІ. Дауыссыздар: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.

345
Дауысты дыбыстар өзара толық дауысты, шала дау ысты бо-
лып екі айырылады.
1. Толық дауыстылар: а, е, о, ү, ы.
2. Шала дауыстылары: р, нл, м, н, у, и.
3) Толық дауыстылары кең шығысты, тар шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Аңғал түрлісі: а, е, ы.
Қымқыру түрлісі: о, ұ.
Шала дауыстылары ауыз шығысты, мұрын шығысты болып, 
олар да екі айырылады.
Ауыз шығыстылары: р, л, у, и.
Мұрын шығыстылары: ң, м, н.
Ауыз шығыстылары босаң жолды, қысаң жолды бо лып, екі 
айырылады.
Босаң жолдылары: ру, и.
Қысаң жолдысы: л.
Мұрын шығыстылары босаң бөгеулі, қысаң бөгеулі, тұйық 
бөгеулі болып үш айырылады.
Босаң бөгеулі: ң.
Қысаң бөгеулі: н.
Тұйық бөгеулісі: м.
Дауыссыз дыбыстар босаң жолды, қысаң жолды бо лып екі 
айырылады.
Қысаң жолдылары: п, т, с, ш, қ, к.
Босаң жолдылары: б, ж, д, з, ғ, г.
Қысаң  жолдылары  ашық  жолды,  тұйық  жолды  бо лып,  екі 
айырылады.
Ашықтары: с, ш.
Тұйықтары: п, т, қ, к.
Босаң жолдылары да ашық, тұйық, тұйықтау болып үш айы-
рылады.
Ашықтары: ж, з.
Тұйықтары: б, д.
Тұйықтаулары: ғ, г.
Сүйтіп, қазақ дыбыстары көшелеп көрсеткенде бы лай бола-
ды: а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, ң, л, м, н, о, ү, у, е, ы, и.
Дауыстылары: а, р, ң, л, м, н, е, о, ұ, у, ы, и.

346
Дауыссыздары: б, п, т, ж, д, з, с, ш, ғ, қ, к, г.
Толықтары: а, е, о, ү, ы. 2) Шалалары: р, ң, л, мн, у, и.
1. Ауыз – ш, р, л, у, и.
Аңғалы – а, е, ы 
Босаңы – р, уи
Қымқырулысы – о, ұ
Қысаңы – л
Қысаңдары: п, т, с, ш, қ, к
Ашықтары: с, ш 2) Тұйықтары: п, т, қ, к
Босаңдары: б, ж, д, з, г, г
Ашықтары: ж, з.  2) Тұйықтары: б, д
Тұйықтаулары: ғ, г
Бұлардың бірінен-бірінің шектерін айыратын не нәрсе де-
сек, ол нәрселер мынау болады.
Дауыстылар
50 
мен дауыссыздардың шегін айыратын жіктеу 
жалғауы  «-мын»,  жалғаулық  «мен»  дауыстылардан  соң 
«-мын», «-мен» дауыссыздардан соң «-бын», «-бен» («-пын», 
«-пен»).  Дауыстылардың  өзара  шегін  ашып,  толық  дауысты, 
шала дауысты қылып айыратын тәуелдеу, жіктеу жүзінде то-
лып  жатқан  нәрселер  бар,  оларды  түгендеп  жатпай,  мына 
жағынан да айыруға болады: Толық дауыстылар буын ішінде 
дауыссыз дыбыстардың алдында келеді, соңында келеді. Толық 
дауыстылардың  өзара  шегін  ашып,  аңғал  деп,  қымқырынды 
деп айыратын мынасы:
Аңғалдары орын талғамайды.
Қымқырындысы бас буыннан басқасында келмейді. Шала 
дауыстылар  да  өзара,  әуелі,  дыбыстардың  шығу  орнына 
қарай ауыз шығысты, мұрын шығысты болып екіге айырыла-
ды,  екінші  шығу  орны  басқа  болғандықтан,  арасының  шегін 
ашатын басқа нәрселер де бар. Ауыз шығыстылары септеген-
де «-дың», «-дан»-мен, жіктегенде «-мыз»-бен келеді. Мұрын 
шығыстылары  септегенде  «-ның»,  «-нан»-мен,  жіктегенде 
«-біз»-бен келеді.
Ауыз шығыстылардың жігін ашып, біреуін босаң, екіншісін 
қысаңдап  айыратын  айтылу  түрінен  басқа  нәрсе  –  босаң  сөз 
50
 
Елдес. Қазақ тілінің дыбыстары – «Жаңа мектеп», 1927. № 2. 61-67 б.

347
басында келмейді, қысаң – келеді. Мұрын шығыстыларын да 
босаң, қысаң, тұйық деп айыратын айтылу түрінен басқа нәрсе 
–  босаңының  сөз  басында  келмеуі.  Қысаңының  алдындағы 
дыбысқа әсер етуі (аздыруы), тұйығының алдындағы дыбысқа 
әсер етпеуі (аздырмауы).
Дауыссыздырға  келсек,  бұлар  да  өзара  жіктеліп,  бірнеше 
түрге айырылады. Әуелі, бұлар қысаң, босаң болып екі айыры-
лады. Бұлай айырылуы айтылу түріне қарай болғанмен, басқа 
да жігін ашатын нәрсе бар. Қысаңдары мен босаңдары біріне-
бірі жуыспайды; Екінші сөзбен айтқанда, бірі қысаң, бірі босаң 
болып, екеуі қатарынан келмейді. Қысаңдарын ашық, тұйыққа 
бөліп екі айыратын нәрсе – ашықтарының азбайтыны, айны-
майтыны, тұйықтарының азатыны, айнитыны.
Босандарын ашық, тұйық, тұйықтау деп айыратын айтылу 
түрінен басқа нәрсе – ашықтары сөздің басында да, аяғында да 
келуі; тұйықтары сөз аяғында келмеуі; тұйықтаулары сөз ба-
сында да, аяғында да келмеуі.
Түсінікті  болу  үшін  көшелеп  көрсетсек,  бұлай  бо лып 
шығады.
Дыбыстар
І. Дауыстылары: а, р, ң, и, м, н, е, о, ұ, уы, и 
Міні, мен баламын, ермін, тыңмын.
1. Толықтары: а, е, о, ұ, ы , буын ішінде дауыссыздың ал-
дында да, соңында да келеді.
1) Ауыз ш. р, л, уи. «-дың», «-дан», «-мыз»
Аңғалы – а, е, ы. Орын талғамайды.
Босаңы – р, уи. Сөз ба сында келмейді.
Қамқырын – о, ұ. Бас буыннан басқасын сүймейді.
Қысаңы – л. Сөз басында келеді.
2. Шамалары: р, ң, л, м, н, уи буын ішінде дауыссыздың 
соңында келмейді.
2) Мұрын ш. (м, н, ң) «-ның», «-нан», «-біз»

348
Босаңы – ң. Сөз басында келмейді.
Қысаңы – н. Алдындағы дыбысқа әсері бар.
Тұйығы – м. Алдындағы дыбысқа әсері жоқ.
.
ІІ. Дауыссыздары: б, п, т, ж, д, р, с, ш, ғ, к, к, г
-бын, -бен, көп: -азбын,  -сізбен, атпен... (-пін, -пен)
1. Қысаңдари, т, с, шқ, к босаңға жуыспайды (босаңмен 
бірге қатарынан келмейді).
1) ашықтары: с, с азбайды, айнымайды 
2) тұйықтары: (пт, қ, казады, айныйды.
2. Босаңдары: б, ж, д, з, ғ, иҚысаңға жуыспайды. (Қысаңмен 
бірге қатарынан келмейді). 
1) ашықтары: – ж, з. Сөздің бас, аяғы демей келе береді.
2) тұйықтары: б, д. Сөздің басында ғана келеді.
3)  тұйықтаулары  –  ғ,  г.  Сөздің  басында  да  аяғында  да 
келмейді.
Тіл дыбысына қатысатын мүшелердің қайсысынан шыққан 
дыбыс жоғарғы жіктеудің қайсысына келеді екен, онысын да 
қарап өтелік.
Дыбыстың  шығуына  қызмет  қылатын  өкпе,  кеңірдек, 
тамақ (жұтқыншақ), мұрын, түрлі мүшелеріменен ауыз. Ауыз 
мүшелерінің ішінде де көбінесе қызмет қылатын – тіл. Тілдің 
қатыспайтын дыбысы жоқ. Төменде тілдің аты қатысқан ды-
быс  атаулары  бар  жерлерді  тілдің  қатысатын  орындары  сол 
жерлер  екен  деп  ұқпасқа  керек.  Қай  сөзде  де  болса  дыбысқа 
түр беріп, тіл дыбысы болып шығуына тіл қатыспай қалмайды. 
Басқа  мүшелер  тілдің  жұмсайтын  құралы,  ылаждаушы 
(амалдаушы)  есебіндегі  нәрселер  болады.  Дыбыс  жасауға 
жем  беретін  –  өкпеден  кеңірдек  арқылы  келетін  ауа.  Сол  ау-
аны  бірде  ананы,  бірде  мынаны  сепке  алып,  керегіне  қарай 
олай  да,  былай  да  жіберіп  сөзге  керек  түрдегі  дыбыс  қылып 
шығаратын – тіл. Сондықтан да «сөз», «сөйлеу», «айту», «ха-
бар»  дегеннің  орнына  көбінесе  «тіл»  аты  жұмсалады.  Мұны 
сөз қылып отырғандағы мақсат сол – егерде дыбыс атына тіл 
аты, немесе басқа мүшенің аты қатынасса, ол тіл тілден неме-
се аты қатысқан мүшеден қана шыққандықтан емес, бұлардың 
басқадан көрі басымырақ қатысқанын ғана көрсетеді.

349
Жоғарыдағы  жіктеулер  дыбыстардың  азайтылуына  қарай 
істелген. Айтылу түрлері басқа-басқа болатыны түрлі мүшенің 
түрліше  қатысуынан.  Сол  қатысу  түріне  қарай  дыбыстардың 
біреулері  еркін,  біреулері  қымтырына,  біреулері  қақтыға, 
біреулері имене, біреулері қысыла, біреулері бөгеле өткелден 
өткен сияқты болғанда, біреулері олай да өте алмай не сүзіліп 
өтіп,  не  қамалып  қалып  қойған  сияқты  болып  шығады. Сон-
да  еркін  өтсін,  қысылып  өтсін,  бөгеліп  өтсін  әйтеуір  өтетін 
өткелділері дауысты дыбыстар болып шығады; өткелсіздер да-
уыссыз дыбыстар болып шығады.
Сүйтіп,  дыбыстарды  мүшелердің  қатысу  түріне  қарай  қай 
дыбыс қалай жасалатынын көрсете жіктесек, мынау түрде бо-
лып шығады.
I. Өткелділер
Бұлар әуелі, ауыз арқылы, екінші, мұрын арқылы өтетін бо-
лып екі айырылады.
І. Ауыз арқылы өтетіндері: а, е, ы – ауыз мүшелерінің күшіне 
онша тиместен еркін өтеді.
о,  ұ-ны  айтқанда  ерін  едәуір  қымқырылады.  Сондықтан 
бұлар қымтырынып өтеді.
уи – ерін жабылуға бейім болғандықтан, жабылып қала ма 
деп имене өтеді.
р – тіл қақтықтыра қимылдағандықтан, қақтыға өтеді.
л  –  тіл  келе  жатқан  бетін  бөгеп  алғандықтан,  тілдің  жан-
жағынан өтеді.
ІІ. Мұрын арқылы өтетіндер:
м – ерін бөгеп жібермегендіктен, мұрынға қарай кетеді.
н – тіл бөгеп жібермегендіктен, мұрынға қарай кетеді. 
ң – тамақта бөгеп ауызға қарай жібермегендіктен, мұрынға 
қарай кетеді.

350
ІІ. Өткелсіздер
1. Қамалатындары:
Б, п ерінге қамалады
Т, д – тіске қамалады
Қ, к – тамаққа қамалады
2. Сүзілетіндер:
с, ш, ж, з – тіл ұшы мен таңдайда сүзіліп шығады, ғ, г – тіл 
түбі мен тамақта сүзіліп шығады.
Сүйтіп, дыбыстарды мүшелердің қатысуына қарай жіктеп, 
көшелеп көрсетсек, мынау түрде болады:
а, б, п, т, ж, д, р, з, с, ш, ғ, қ, к, ң, л, м, н, о, ұ,  у, е, ы, и
І. Өткелділері: а, р, ң, лм, н, о, ұ, у, е, ы, и
1. Ауыз арқылы өтетіндері: а, р, л, о, ү, у, е, ы, и.
еркіндері – а, е, н
қымқырындысы – о, ұ
именіштілері – а, ұ, и
қақтықпалары – р
бөгелістісі – л
2. Мұрын арқылы өтетіндерім, н, ң.
ерін бөгеттісі – м
тіл бөгеттісі – н
тамақ бөгеттісі – ң
ІІ. Өткелсіздері: б, п, т, жд.
1. Қамаулысы: б, п, т, д, қ, к
ерін қамаулысы – б, п
тіс қамаулысы – т, д
тамақ қамаулысы – қ, к 
2. Сүзілулісі: с, ш, ж, зғ, г
тандай сүзілулер – с, ш, ж, з
тамақ сүзілулер – ғ, г 
Дыбыстардың айтылуына қарай жіктелген жүйесін мүшелер 
қатысу түріне қарай жіктелген жүйесімен шағыстырсақ, былай 
түйіскенін көреміз

351
Дыбыст
ар
дың айтылуына қарай жіктелг
ен жүйе
сін мүшелер қа
тыс
у түріне қарай жіктелг
ен 
жүйе
сімен шағыстырс
ақ, былай түйіск
енін көреміз
I. Өткелділері
I. ауыз
1) еріндері
2) қымқырындылары
3) именіштілері
4) қақтықпалары
5) бөгелістілері
2. Мұрын арқылы өт.
1) ерін арқылы ет.
2) тіл бег
ет.
3) там
ақ бөгет
.
II. Өткелсіз
дері
4) қамау
лылары
1) ерін қамау
л.
2) тіл қамау
л.
3) там
ақ қамау
л.
II. сүзулілері
тар
дай сүзул.
там
ақ сүзул.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
I. Да
уыстылары:
1.1. т
олық да
уысты
-
лары
1. аңға
лы
2. қымқыр
улысы
е
и
2. Ша
ла да
уыстылары
о
ұ
1. а
уыз шығыстылары
1. б
ос
аңы
и
ұ
Р

352
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
2. қысыңы
л
2. 
Мұрын 
шығыс- 
тылары
1. б
ос
аңы
ң
қыс
аңы
н
тұйығы
м
II. Да
уыссыз
дары
1. қыс
аңдары
1.1) ашықт
ары
ш
с
ш
2) тұйықт
ары
т
қ
к
2. б
ос
аңдары
1) ашықт
ары
ж
3
ж
2) тұйықт
ары
б
д
3) тұйықт
ау
лары
г
ғ
Бұлай жік
те
уг
е бұрынғыдан ар
тық қанша қо
лайлылық бар
лығы к
еле
сі ж
олы айтылады. Қызыл-Ор
да 1927. 28 сәуір.

353
ҒЫЛЫМИ ТҮСІНІКТЕР
Қазақ балаларына ана тілінде сауат аштыру ниетімен үш жылдық 
білім беру жүйесі бойынша жоспарланып, 1914, 1915, 1925 жылда-
ры  үш  бөлімнен  тұратын  А.Байтұрсынұлының  «Тіл  –  құрал»  атты 
оқулығы жарық көрді. Мұнда автор қазақ тілінің грамматикасын әp 
жылғы  оқу  біліміне  лайықтандырып  белгілі  бір  жүйемен  окытуды 
мақсат еткендігі төмендегідей оқулықтарынан аңғарылады.
Оқулық  алғаш  1914  жылы  Орынбор  қаласынан  «Тіл  –  құрал». 
Қазақ  тілінің  сарфы.  1-ші  жылдық»  деген  атпен  жарық  көреді. 
Мұнда  А.Байтұрсынұлы  балаларға  сауат  аштыруды  дыбыс  жүйесі 
мен  түрлерінен  бастайды.  Яғни  әріптердің  таңбалануы,  олардың 
дыбысталуы, сөйлеу һәм сөйлем, сөйлем һәм сөз, сөз һәм буындар, 
буын һәм дыбыс, жазу қағидалары, сөз тұлғалары, жұрнақтар туралы 
қысқаша мағлұмат береді.
1914 жылғы «Тіл – құрал» – 1922 жылы Ташкент қаласынан «Тіл 
– құрал (қазақ тілінің сарфы)» деген атпен қайта басылып шығады. 
Бірақ мұнда «III. Сан есім» деген тараудан кейінгі беттері түпнұсқада 
сақталынбаған. Ал біздің қолымызға тигені бұл оқулықтың тек 1925 
жылы «Тіл – құрал. Дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-ші тіл танытқыш 
кітап»  деген  атпен  бесінші  рет  толықтырылып,  қайта  басылған 
нұсқасы.  (Бұл  –  1925  жылы  Қызылорда  қаласынан  «Тіл  –  құрал. 
Сөйлем  жүйесі  мен  түрлері»  деген  атпен  жарық  көрген  үшінші 
жылдық оқулықтан басқа!).
Екінші жылдық оқулық «Тіл – құрал. Қазақ тілінің сарфы. 2-ші 
жылдық»  деген  атпен  1915  жылы  Орынбор  қаласынан  басылып 
шықты. Мұнда автор сөз жүйесі мен түрлерін оқытуды қолға алады. 
Бұл – кейіннен 1922 жылы Ташкент қаласынан қайта жарық көрген.
Үшінші жылдық оқулық 1925 жылы Қызылорда қаласынан «Тіл 
– құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері» деген атаумен жарық көреді.
1925 жылғы «Тіл – құрал. Сөйлем жүйесі мен түрлері. ІІІ-ші тіл 
танытқыш  кітап»  атты  оқулығы  1927  жылы  Қызылорда  қаласынан 
осы атпен толықтырылып, қайта басылып шықты.
А.Байтұрсынұлының  араб  әрпінде  (төте  жазу)  әр  жылдары 
толықтырылып,  өзгертіліп,  қайтадан  жарық  көріп  отырған  осы 
–  «Тіл  –  құрал»  оқулығы  1992  жылғы  «Ана  тілі»  баспасынан  «Тіл 
тағылымы»  (құрастырушылар  –  Ғарифолла  Әнесов,  Аманқос  Мек-
тепов) деген атпен жарық көрді. Жинақта А.Байтұрсынұлының тек 
1914, 1925, 1915, 1925 (бұл басқа оқулық!) жылдары жарық көрген 
«Тіл – құрал» оқулығының нұсқалары берілген. Бұл туралы жинақтың 
алғы  сөзінде:  «А.Байтұрсынов  оқулықтарының  бірнеше  басылы-
мы (кейбірі 6-7 реттен) болға ны мәлім. Мұнда бұлардың бір басы-

354
лымы ғана ұсынылды. «Тіл – құралы» мен «Тіл жұмсардың», «Ба-
яншы»  мен  «Сауат  ашқыштың»  барлық  жылдардағы  басылымдары 
қолымызға  түспегендіктен,  олардын  арасындағы  айырмашылықтар 
көрсетілген жоқ. Бұл – арнайы жүргізілетін келешектің ісі» деп, келер 
істің ауқымын көрсеткен екен. Сондықтан қолымызға түскен «Тіл – 
құрал» оқулығы түпнұсқаларымен салыстырылып, ұсынылып отыр.
«Тіл тағылымы» жинағында берілген «Тіл – құрал» (1914, 1915, 
1925, 1925) оқулықтарымен осы жинаққа енбеген, 1922, 1922, 1927 
жылғы оқулықтардың түпнұсқасы қарастырылып, салыстырылды.
Аталған  жылдардағы  оқулықтарды  салыстыру  барысында  1922 
жылы Ташкент қаласынан бірінші және екінші жылдық оқу құралдары 
алдыңғы  жарық  көрген  1914  және  1915  жылғы  басылымдардың 
қайталанған нұсқасы екендігі айқындалды.
Тағы  бір  айта  кететін  жайт  –  1915  жылғы  «Тіл  –  құралының» 
түпнұсқасы  қолымызға  түспегендіктен,  «Тіл  тағылымындағы» 
нұсқасы 1922 жылы жарық көрген оқулықтың түпнұсқасымен салы-
стырылды.
Сондай-ақ, 1927 жылғы оқулық 1925 жылы жарық көрген «үшінші 
тіл танытқыш» кітаптың толықтырылған басылымы.
А.Байтұрсынұлының  әр  жылдары  қайта-қайта  жарық  көріп 
отырған  «Тіл  –  құрал»  оқулығының  алдыңғы  жарық  көрген 
нұсқаларын түпнұсқасымен, ал қайта жарық көрмеген нұсқаларының 
түпнұсқалары  (қолда  барларының)  қарастырылып,  алдыңғы 
оқулықтардан айырмашылықтары салыстырылып анықталды.
Төменде осы оқулықтардың түпнұсқасымен және қайта басылып 
шыққан жылдардағы басылымдарымен салыстыруларды ұсынамыз.
ТІЛ – ҚҰРАЛ
1. «Тіл – құрал» (қазақ тілінің сарфы, бірінші жылдық. Орын-
бор, 1914 жыл).
Оқулық  А.Байтұрсынұлының  «Сөз  басы»  деген  алғы  сөзімен 
басталады.  Мұнда  автор  «Тіл  –  адамның  адамдық  белгісінің  зоры, 
жұмсайтын қаруының бірі» деп, оқулықтың «Тіл – құрал» аталуының 
мәнін толық ашып, түсіндіреді.
Алғы  сөз  –  оқу  мен  жазудың  жалпы  адамзатқа  қаншалықты 
керектігін,  жазумен  сөйлесу  ауызбен  сөйлесуден  артық  дәреже-ге 
жеткенін баяндай келе, қазақ жастарын өз тілінде оқытып, өз тілінде 
жазу,  сызу  үйретіп,  өз  тілінің  жүйесін  білдіріп,  жолын  танытудың 
соншалықты қажетгілігін алға тартады.

355
«Тіл тағылымында» (Ана тілі, 1992) қайта жарық көрген «Тіл – 
құрал»  оқулығы  (қазақ  тілінің  сарфы,  бірінші  жылдық.  Орынбор, 
1914 жыл) түпнұсқасымен салыстырылды.
Түпнұсқаның  алғы  сөзіндегі:  «...қай  сөз  қандай  орында 
қалай  өзгеріліп...»  (1-бет)  деген  сөйлемдегі  «өзгеріліп»  сөзі  «Тіл 
тағылымында»  «өзгеріп»  (142-бет)  болып  берілген.  Түпнұсқа 
қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «...мәселен, қытай һәм иапон тілдері» (3-бет) де-
ген  сөйлемдегі  «иапон»  деген  сөз  «Тіл  тағылымында»:  «жапон» 
(143- бет) деп берілген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Сөз мүшелері.
Сөйлеу һәм сөйлем.
Түпнұсқаның  1-бетіндегі:  «Бұл  сөйлемде  жеті  сөйлем  сөз  бар» 
де ген сөйлемдегі «жеті» сөзі «Тіл тағылымында»: «бес» (144-бет) 
болып, ал «Бұл сөйлемде тоғыз сөйлем сөз бар» дегеңдегі «тоғыз» 
сөзі «Тіл тағылымында»: «алты» деп берілген. Түпнұсқа бойынша 
түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «Төмендегі  сөйлемдер  ішінде»  (3-бет)  деген 
сөйлем  «Тіл  тағылымында»:  «Төмендегі  сөйлемдер  (-дің)  ішінде» 
(145-бет)  бо лып,  «-дің»  жұрнағы  жақшаға  алынып  берілген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Сөз  һәм  буындары»  (3-бет)  деген  сөйлемдегі 
«буындары»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «буындар»  (145-бет)  болып 
берілген. Түпнұсқа бойынша түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «...буындарын  айырту...»  (4-бет)  деген  сөз 
тіркесіндегі «айырту» сөзі «Тіл тағылымында»: «айыру» (145-бет) 
бо лып берілген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «...бұлт ала...» (4-бет) деген тіркестегі «бұлт» сөзі 
«Тіл тағылымында»: «бұлыт» (145-бет) болып берілген. Түпнұсқа 
қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «Түйенің үлкені...» (8-бет) деген сөз тіркесіндегі 
«түйенің»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «түйінін»  (148-бет)  болып 
өзгерген. Түпнұсқаға сәйкестендірілді.
Түпнұсқадағы:  «...  қатаң  һәм  ұяң...»  (9-бет)  деген  тіркестегі 
«һәм»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «әм»  (148-бет)  болып  берілген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқаның 9-бетінде берілген: «Берсең аларсың, ексең орарсың» 
деген сөйлемдегі «ексең орарсың» тіркесі «Тіл тағылымында» (148-
бет) берілмеген. Түпнұсқа қалпына кел-тірілді.
Түпнұсқадағы:  «...жақыннан  дорбала»  (11-бет)  деген  сөз 
тіркесіндегі  «жақыннан»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «жақын»  (150-
бет) болып берілген. Түпнұсқаға сәйкес өзгертідді.

356
Түпнұсқадағы:  «ۇ»  жазыңдар»  (11-бет)  деген  сөйлем  «Тіл 
тағылымында»:  «ۇ»  қойдырып  жазыңдар»  (150-бет)  болып 
«қойдырып» сөзі қосылған. Мұндағы «و»-ның қазақша таңбалануы – 
О. Түпнұска қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Білімі  жуан  мыңды  жығады»  (13-бет)  деген 
сөйлемнен кейін жақшаныц ішінде «жорта қаталы» деген сөйлем 
берілген.  Ал  «Тіл  тағылымында»  бұл  сөйлем  берілмеген  (151-бет). 
Түпнұсқаға сәйкестендірілді.
Жазу қағидалары.
Дағдыландыру.
Түпнұсқадағы:  «...сөздерге  «-сыз»  жұрнағын...»  (26-бет)  деген 
сөйлемдегі «-сыз» жұрнағы «Тіл тағылымында»: «-лау» деп берілген 
(157-бет). Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «...екі  уу  болып  жалғасады:  мәселен.  aт-aту,  ки-
кию.  Ескерту.  Түбір  сөздің  аяғы  «ы»  болса.  «у»  жұрнағы  екі  «у» 
болып қосылады. Оның мәнісі мынау...» (27-бет) деген сөйлем «Тіл 
тағылымында»  қысқартылып:  «...  екі  уу  болып  қосылады.  Оның 
мәнісі  мы нау...»  болып  ғана  берілген  (158-бет).  Түпнұсқадағыдай 
өзгертілді.
Түпнұсқадағы: «Төмендегі түбір сөзге «!!!» жұрнағын қостырып, 
туынды  сөз  істету»  (29-бет)  деген  сөйлем  «Тіл  тағылымында»: 
«Төмендегі түбір сөзге «қ» орнына «к» болып туынды сөз істету» 
(159-бет)  деп  сөйлем  мағынасы  өзгертіліп  берілгеп.  Түпнұсқа 
қалпына берілді.
Атауыш сөздер.
ІЗат есім.
Түпнұсқадағы:  «Ананың  көңілі  кімде?    балада»  (33-бет)  деген 
сөйлем  «Тіл  тағылымында»:  «Баланың  көңілі  неде?    далада»  бо-
лып алдындағы сөйлем қайталанып кеткен (161-бет). Сондай-ақ, осы 
сөйлемнен кейін келетін: «Осындай кім? не? деп...» (33-бет) болып 
басталатын сөйлемдегі «деп» сөзі «Тіл тағылымында»: «деген» бо-
лып өзгеріс тапқан (161-бет). Түпнұсқа бойынша өзгертілді.
ІІ. Сын есім.
Түпнұсқадағы: «Жүйрік итті түлкі сүймес» (36-бет) деген сөйлем 
«Тіл тағылымында»: «Жүйірік итті (тазы) түлкі сүймес» (162- бет) 
болып,  «тазы»  сөзі  қосылған.  Бұл  түпнұсқада  жоқ.  Түпнұсқадағы 
қалпынша берілді.
ІІІ. Сан есім.
Түпнұсқадағы: «...қанша кісі?» дегенде «екі жүздей кісі» деген сөз 
жауап;  басқаша  айтқанда  «неше?»  дегенге  «үш»,  «қанша?»  дегенге 
«екі жүздей»  деген  сөздер  жауап  болып  тұр»  (37-бет)  сөйлеміндегі 
«...қанша кісі?» дегенде «екі жүздей кісі» деген сөз жауап...» сөйлемі 

357
«Тіл тағылымында» бершмеген (163-бет).  Сондай-ақ, түпнұсқадағы: 
«Бір  кісі  мың  кісіге  олжа  салады»  (38-бет)  деген  сөйлем  «Тіл 
тағылымында»: «Бір кісі мың кісіге олжа болады» болып (163-бет) 
«салады»  сөзі  «болады»  деп  өзгеріске  түскен.  Түпнұсқа  қал пына 
келтірілді.
V. Етістік.
Түпнұсқадағы: «Жел соғып тұр» деген сөйлемнен кейін келетін 
«Боран  бұрқырап  тұр»  (41-бет)  сөйлемі  «Тіл  тағылымында» 
берілмеген (165-бет). Түпнұсқаша берілді.
Шылау сөздер.
ІІ. Демеу.
Түпнұсқадағы: «...иаки осы күйінде қалар» (44-бет) сөй-леміндегі 
«қалар»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «бітер»  (166-бет)  болып  өзгеріс 
тап қан. Сондай-ақ, түпнұсқадағы: «Төмендегі сөйлемдерді көшіріп...» 
(44-  бет)  деген  тіркестегі  «сөйлемдерді»  сөзі  «Тіл  тағылымында»: 
«сөздерді» (167-бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқадағы қалпына 
келтірілді.
Түпнұсқаның  осы  бетінде  берілген:  «Әлде  мен  сылап-сипап 
бақпадым  ба?»  деген  сөйлемдегі  «мен»  сөзі  «Тіл  тағылымында» 
берілмеген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнүсқадағы: «...бүйтсе де һеш нәрсе өнетін емес» (45-бет) де-
ген  сөйлемдегі  «өнетін»  сөзі  «Тіл  тағылымында»  берілмеген  (167-
бет). Түпнұсқадағы калпына келтірілді.
ІІІ. Жалғаулық.
Түпнұсқадағы:  «Сөзімді  көкірегі,  тілі  орамды  жастарға  жаз-
дым үлгі бермек үшін» (47-бет) деген сөйлем «Тіл тағылымыңда»: 
«Көкірегі сезімді, тілі орамды, жаздым үлгі жастарға бермек үшін» 
(167-бет) болып, сөздердің орны алмастырылып берілген. Түпнұсқа 
қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Асылында  дұрысы  арабтың...»  (52-бет)  деген 
сөйлемдегі «арабтың» сөзі «Тіл тағылымында»: «арабдан» (171-бет) 
болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқадағы: «Үндері жақын; екінші жарты дауысты «ى» (ы)» 
(52-бет)  деген  сөйлемдегі  «екінші  жарты  дауысты»  тіркесі  «Тіл 
тағылымында» (171-бет) берілмеген. Түпнұсқа қалпына келтірідді.
Тағы  бір  айта  кететін  жайт    әрбір  тақырыпта,  тақы-рыпшада 
мысал ретіңде берілген кейбір етістіктер, жеке сөздер, қосарланған 
сөздер, жекеленген зат атаулары «Тіл тағылымында» басқа мағынада 
беріліп отырған. Мысалы, түпнұсқада: «жұрт-жұрттық, тоқ, төр, 
іс-істі, шал-шалдау, тіке, төз, кез, боя, оз, бш, өт, ки, құрық, таяқ, 
кеп,  құй,  man  болса»,  «Тіл  тағылымында»:  «құрт-құрттық,  тоң, 
тор, ес-есті, шаң-шаңдау, теке, тер, көр, бол, аз, бол, от, қи, қорық, 

358
табақ, көк, құй, жап» болып өзгеріске ұшыраған. Түпнұсқа қалпына 
келтірілді.
2. Тіл-құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері. І-ші тіл танытқыш 
кітап,  қазақ-қырғыз  білімпаздарының  1-інші  тобының  қаулысы 
бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы, Қызыл-Орда, 1925 жыл).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет