ЫҚШАМДАУ
Бағыныңқы сөйлемдер екі түрде айтылады. 1) Толық
түрде. 2) Ықшам түрде. Толық түрде айтылған бағыныңқы
сөйлемдердің бәрін болмаса да, көбін-ақ ықшам түрге
айналдыруға болады. Ықшамдау деп сол толық түрден ықшам
түрге айналдыру айтылады. Қазақ тілінде толық түрінен де
ықшам түрі көбірек жүреді. Бағыныңқы сөйлемнің көбі ықшам
түрге айналғанда, басыңқы сөйлемге сіңісіп, жоғалып кетеді.
Жазғанда бағыныңқы сөйлемнің толық түрі мен ықшам түрінің
қай қолайлысы, көркемі алынады. Сондықтан ықшам түрінен
толық түрі көркем болып шықпайтын болса, онда сөйлемдерді
ықшамдаудың қажеті жоқ. Жана да ондай сөйлемдер
ықшамдалмайтын сөйлемдерге саналады. Бағыныңқы сөйлемді
ықшамдауға болады: 1) зат есім арқылы, 2) сын есім арқылы,
3) етістіктің есімше түрі арқылы, 4) етістіктің көсемше түрі
арқылы.
Мысал: 1) Түсі қандай болса, ісі сондай болады. Бұл толық
түрі. Ықшам түрінде айтқанда, «Ісі түсіндей болады» дейміз
(зат есім арқылы). 2) Ит жүйрік болса, оны түлкі сүймес.
Мүны ықшамдап айтқанда, «Ит жүйрігін түлкі сүймес»
262
дейміз. (Мүнда сын есім арқылы) 3) Қалай пішілсе, киім со-
лай тігілмекші. Мұнда ықшамдап айтқанда, «Пішілуінше
киім тігілмекші» дейміз (мұнда етістік зат есімге айналған
түрі арқылы). 4) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер. Мұны
ықшамдап айтқанда, «Атаңа қылғаның алдыңа келер» дейміз
(мұнда етістіктің есімше түрі арқылы). 5) Олар көше алмады,
үйткені көлігі жоқ болды. Мүны ықшамдап айтқанда, «Көлігі
жоқ болып, олар көше алмады» дейміз (мұнда етістіктің
көсемше түрі арқылы).
1-інші мысалда «түсі қандай болса» деген бағыныңқы
сөйлем жоғалып, «түсіндей» деген жалғыз ауыз сөз болып,
басыңқы сөйлемге сіңісіп кетіп тұр. 2- інші мысалда «ит жүйрік
болса» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып, «ит жүйрігін» де-
ген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге сіңісіп тұр. 3-інші
мысалда «қалай пішілсе» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып,
«пішілуінше» деген бір ауыз сөз болып сіңіріп тұр. 4-інші мы-
салда «атаңа не қылсаң» деген бағыныңқы сөйлем жоғалып,
«атаңа қылғаның» деген екі ауыз сөз болып, басыңқы сөйлемге
сіңісіп тұр. 5-інші мысалда «үйткені көлігі жоқ болды» де-
ген бағыныңқы сөйлем ықшамдалып, «көлігі жоқ болып»
деген бағыныңқы сөйлемге айналып тұр. Мұнда алдыңғы
сөйлемдер сияқты бағыныңқы сөйлем жоғалып кеткен жоқ, тек
ықшамдалған. Оның себебі көсемше арқылы ықшамдалуында.
Көсемше арқылы ықшамдалған бағыныңқы сөйлемдер өз ал-
дына сөйлемнің күйін ықшамдалған күнде де жоғалтпайды.
Толық түріндегі бағыныңқы сөйлемдер мен басыңқы
сөйлемнің арасы теріс үтірмен айырылады. Ықшам түріндегі
бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемге сіңісіп жоқ болып кет-
кенде, ешбір тыныс белгісімен бөлінбейді. Егер де бағыныңқы
сөйлем ықшамдалғанмен, басыңқы сөйлемге сіңісіп кетпей,
өз алдына сөйлем күйінде қалса, онда толық түрдегідей теріс
үтірмен айырылады.
1. Қыстырынды сөйлем
Кейде бір сөйлемнің ішінде екінші сөйлем қыстырылып ай-
тылады. Сондай қыстырылып айтылған сөйлемді қыстырынды
дейміз.
263
Мысал: 1) Бүгін, Құдай біледі, жауын болса керек. 2. Әзір,
Аллаға шүкір, жаман емеспіз. 3) Осы жолы, асылык болма-
сын, алып келерміз-ақ. 1-інші мысалда «бүгін жауын болса
керек» деген сөйлемнің ішіне «Құдай біледі» деген сөйлем
қыстырылып айтылып тұр. 2-інші мысалда «әзір жаман
емеспіз» деген сөйлемнің ішіне «Аллаға шүкір» деген сөйлем
қыстырылып айты лып тұр. 3-інші мысалда «осы жолы алып
келерміз-ақ» деген сөйлемнің ішіне «асылық, болмасын» деген
сөйлем қыстырылып айтылып тұр.
Сондықтан «Құдай біледі», «Аллаға шүкір», «асы лық бол-
масын» деген сөйлемдер «қыстырынды» бола ды. Қыстырынды
сөйлемдер қыстырушы сөйлемдерден теріс үтірмен айыры-
лады.
2. Келтірінді сөйлем
Сөйлегенде я жазғанда сөйлеуші я жазушы бұрынғыдан
қалған мақалды немесе біреудің айтқан сөзін келтіре сөйлейді
не жазады. Сондай келтіріп айтқан не жазған мақалдар, болма-
са біреудің сөздері келтірінді сөйлем деліп аталады.
Мысал: 1) Нақыл сөз: «Әлін білмес әлек» деген осындай
әуре болған жаннан қапты. 2) Бір күні бұлбұл құсты есек көрді.
Қасына сөз айтпаққа жақын келді. «Сыртыңнан сайрағыш деп
жұрт мақтайды. Тыңдайын, достым, біраз сайра» деді. 1-інші
мысалда келтірінді сөйлем – «Әлін білмес әлек» деген мақал.
2-інші мысалда келтірінді сөйлем – «Сыртыңнан сайрағыш деп
жұрт мақтайды, тыңдайын, достым, біраз сайра» деген есектің
сөзі.
Келтірінді сөйлемде мақалды немесе біреудің айтқан сөзін
айтушы не сол айтылған күйінде өзгертпестен ай тады, не
өзгертіп мағынасын, мазмұнын ғана айтады.
Бірінші түрде айтылса, мақал не біреудің сөзі төл сөз деліп
аталады.
Екінші түрде айтылса, төлеу сөз деліп аталады.
Мысал: 1) Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа: «Мақтаулы
бар ғой әнпаз әрбір тұста, солардың бәрі-дағы әдемі әнге
тауықтың айғырындай емес ұста». Мұнда «мақтаулы»... де-
264
геннен бастап, «ұстаға» дейін бәрі есектің сөзі өзгерместен
алынып айтылып тұр. Сондықтан бұл төл сөз болады. 2) Шал
тұрып орнынан есен-аман, жақындап жұмыскерге келді таман,
әумесер ақылы жоқ, ит, доңыз деп, байғұсты балағаттап сөкті
жаман. Мұнда «әумесер»... дегеннен бастап, «деп»-ке дейін
шалдың не дегенін нақ айтқан күйінде келтірмей, жай әңгіме
түрінде мазмұнын ғана айтып өткен. Мұнда шалдың төл сөзі
емес, төлеуі ғана айтылған. Сондықтан бұл төлеу сөз болады.
Төл сөздер қабатша
36
( « » ) ішіне жазылады. Төлеу сөздерге
тыныстар жай сөйлемдерше қойылады, Мәселен: Шал айтты:
«Көрмеймісің не еткеніңді? Желігіп жындануға жеткеніңді?
Бардай-ақ әкең құны сонша шаншып. Терісін іске алғысыз
еткеніңді». Шалдың бұл сөзі төл сөз болған соң, қабатша
қойылып тұр.
3. Орамды немесе өрнекті сөйлем
Сөйлегенде ойды тақ-тұқ қысқа айтып, білдіретін орын да
болады. Ойды ұзын айтып, орағытып келіп білдіретін орын да
болады. Ұзын айтқанда ой дәуірлеген бетімен барып, қайтатын
түрі болады. Сөйлеудің сондай түрлері орамды деліп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал алып көрсетелік.
Мысал: 1. « Байлыққа кім тұрғанда, Досан тұрған; Қасында
Байжан сымам қоса тұрған; Қорадан он төрт мың қой бірден
өрген? Аламан шеннен шыққан Асан тұрған; Шапса қылыш
өтбейтін Мұсам тұрған, Сөйлейді маған неге осы антұрған?»
Мұнда басынан бастап «Мұсам тұрған...» деп айтқан жерге
келгенінше ой дәуірлеген бетімен келеді. Онан әрі «сөйлейді...
дегеннен бастап, ойдың беті келе жатқан жөнін тастап бұрылып
кетеді.
2. Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай, Сақи боп мал
шашсаң да Атымтайдай, Патшадай Әмір-Темір дін түзетіп».
Болсаң да Әйдік батыр арыстандай. Болсаң да, Жиреншедей
сөзге шешен, Ақырда жатар орның тар лақат жай. Мұнда
ойдың дәуірлеуі «шешен» деген сөзге дейін келіп, беті сонан
арғы жерде бұрылады.
36
Тырнақша деген мағынада ( Құраст.)
265
3. Ыстамбұл патша болсаң да Құддыс Шамға, Бұқар мен
үкім етсең де Үндістанға, Ағылшын, Қытай, Мәскеу, Румды
алып, Дін түзеп әмір етсең де бұл жианға. Тұтсаң да жеті
ықылымның бәрін тегіс, Кірерсің ақыр бір күн көрстанға.
Мұнда ой дәуірлеуі «тегіс» деген сөзге дейін келіп, онан арғы
жерде беті бұрылады.
4. Қосылып бірнеше адам, ортақтасып, Ой салып ор-
тасынан дүкен ашып. Саудасы, жұғымды боп байып әбден,
Шат болып көңілдері судай тасып, Ақшаны төбедей қып үйіп
қойып, Үлесіп отыр еді шуылдасып. Үйі жанып барады деп
хабар берді, Жүгіріп келіп біреуі түсі қашып. Мұнда ойдың
дәуірлеген беті «шуылдасып» деген сөзбен бітіп, сонан әрман
беті бұрылады.
ЖАЗУ. ҚОСЫМША БЕЛГІЛЕРІ МЕН ТЫНЫС
БЕЛГІЛЕРІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ
1. Кіші сызықша «-» (тіркестіру белгісі).
Бұл белгі: 1) Бір сөзді екінші сөзге тіркестіретін орында
қойылады, сөзді олай тіркестіру екі сөзді қосақтап, бір сөз (қос
сөз) қылып айтатын орындарда келеді. Мәселен, төсек-ағаш,
жүк-аяқ, құрт-құмырсқа, аяқ-табақ. 2) Сөздің бір бөлімін
екінші бөліміне тіркестіру керек болған орындарда қойылады,
ондай тіркестіру көбінесе, сөздің бөлімдері жазып келе жатқан
жолға түгелімен сыймай, сыймаған бөлімін екінші жолға
шығару қажет болған жерде келеді. Ондай орында қойылған
тіркестіру белгісі сөздің екі жолдағы бөлімдерін тіркестіріп
қосып оқу керектігін керсетеді. Жана да тіркестіру белгісі
сөздің жалғауы мен екі арасына бөтен сөз келіп қыстырылған
жерде, мәселен, демеу келіп қыстырылған жерде келеді.
Мұндай орында тіркестіру белгісі сөзді жалғауынан айыруға
болмайтындығын, бірінен-бірін айырмай тіркестіріп оқу
керектігін көрсетеді.
(Жақсы-ақ-пысың? Жалғыз-ғана-мысың?).
266
2. Үлкен сызықша «–» (жұмақтау белгісі).
Бұл белгі бытыранды ұғымдарды шоғырландырып,
жалқыланған ұғымдарды жалпыландырып, теңелерлік
нәрселерді теңеп, балап айтатын орындарда қойылады.
Мәселен: Көк шалғын, ағаш, бұлақ – бәрі жақсы. Қасқыр – аң.
Ақымақты үйрету – өлгенді тірілту.
3. Ноқат (нүкте) « .» (ұлы тыныс).
Бұл белгі: 1) Әбден біткен ойлы сөйлемдерді бір-бірінен ай-
ыратын орында қойылады; 2) Мақала, кітап басының атаулары-
нан соң қойылады; 3) Қысқартқан сөздің соңынан қойылады;
4) Келте-келте қысқартылып айтқан сөйлемдердің соңынан
қойылады.
4. Үтірлі ноқат (нүкте) « ;» (орта тыныс).
Бұл белгі: 1) Сөйлемдердің ішкі жақындығы күшті болған
жерде қойылады. Сөйлемдер арасында ондай жақындық ортақ
ой айтылған немесе нәрсе тұтас суреттелген жерде келеді
(Шақшам жақсы еді, тау текенің мүйізінен істелген тақысы
еді; қырық қой, төрт ат істеген кісінің ақысы еді; сексен мар-
жан көзі бар еді, тоғыз ат болар деген істеген кісінің сөзі бар
еді); 2) Сыйысулы құрмалас сөйлемдердің баяндауыштары де-
меулермен құраспай, алды-алдына тұрған жана да қастарында
тұрлаусыз сөйлем мүшелері немесе бағыныңқы сөйлем болған
орында қойылады (Берген ақыны азсынып, істеген кісі тау
жайлаймын деп наршамды алды; ой қыстаймын деп шотымды
алды; қыр қыстаймын деп балтамды алды; қалауым деп бөрте
атымды алды; жау шапты деп төрт атымды алды; қайқы келген
қара атымды алды; тілік құлақ сары атымды алды).
5. Теріс үтір « ,» (кіші тыныс).
Бұл белгі: 1) Бұратана сөздерді бөлек шығару үшін
қойылады; 2) Сыйысулы сөйлемдердің бірөңкей мүшелерінің
267
арасына қойылады; 3) Бағыныңқы сөйлемнің жігін басыңқы
сөйлемнен айыру үшін қойылады; 4) лепті сөйлемдерде
одағайдан кейін қойылады; 5) бір сөз не болмаса сөйлем қайта-
қайта айтылған орында қойылады.
6. Қос ноқат (қос нүкте) «:» (бәшелеу белгісі).
Бұл белгі: 1) Алдыңғы сөйлемдегі пікірді, кейінгі сөйлем
ыдыратып (сиретіп, ұсақтап, сұйылтып) сөйлейтін орындарда
қойылады. Олай сөйлеу жалпы түрдегі ұғымды жалқы түрлі
ұғымға айналдырған жерлерде келеді. (Біздің екі үйіміз бар:
жаз тігетін киіз үй, қыс кіретін там үй. Балтамен түрлі жұмыс
істеледі: ағаш кесіледі, отын бұталады, қазық қағылады, ойық
ойылады, тағысын тағылар істеледі); 2) Келтірінді сөйлем
алдында қойылады (Сонда есек сөз айтады бұлбұл құсқа:
«Мақтаулы бар ғой әнпаз әрбір тұста. Солардың бәрі-дағы
әдемі әнге тауықтың айғырындай емес ұста»).
7. Сұрау белгісі «?»
Бұл белгі жауап сұраған сөйлемдердің соңынан қойылады.
8. Леп белгісі «!»
Бұл белгі: 1) Лепті сөйлемдерден соң қойылады; 2) Тілекті
сөйлемдердің бұйрық, өтініш түрлерінің соңынан қойылады;
3) Тілекті сөйлемнің үгіт түріндегісінің қаратпа сөзділерінің
соңынан қойылады. (Бар! Жүгір! Үш! Жанымды бір шыбын-
дай қи, ақсақал! Айта гөр, қайырымды ер бар болса! Балалар,
оқуға бар! Жатпа қарап).
9. Көп ноқат (көп нүкте) «...» (қалдыру, тастау белгісі).
Бұл белгі сөзді бүкпелеп жорта қалдырып сөйлегенде не-
месе сөздерді тізіп тұтастыра сөйлемей, үзіп бөлек-бөлек
сөйлеген орындарда қойылады.
268
10. Қабат үтір
37
« »
(қабатша қос тырнақ)
Үндеме! Жетер! Қазір пұрсатым жоқ тұруға ақ, қараңды
тергеп сенің! Алда, сорлы, бейшара балалар-ай! Жасынан
өлген екен аналары-ай! Көбелек, шыбын аулап күн көрерлік,
жоқ екен пақырлардың шамалары-ай! Әй, құстар, тыңдаңыздар
құлақ салып! Кезекпен жем тасыңдар ұшып барып. Үшеуін
асырауға қанша қиын? Етіңдер аз күн қайыр бөліп-жарып!
Көкек құс, жүнің түлеп жүр ғой бекер! Азырақ жетім үшін
жұлсақ нетер? Қайырдың бұл дүниеде жетімге еткен, басқа іс
сауабына бар ма жетер?! Бозторғай, қарап тұрма, сен де текке!
Жүресің босқа шарлап ұшып көкте! Даладан тоғайлардан тамақ
ізде! Бұлардың үшеуіне көп керек пе? Capмойын, ер жетті ғой
балаларың! Бәледен Құдай сақтар бірер-жарым! Бұлардың
күндіз-түні жанында бол! Жоқтатпай пақырлардың аналарын!
Сандуғаш, не қылайын сені қайрап! Қоярсың оқтын-оқтын өзің
сайрап! Көңілін біразырақ көтермекке. Зарлының жетім қалған
соры қайнап! Достарым, осындай бір іс етелік! Жастарды
жетім қалған кісі етелік! Езгілер орманда да бар екенін. Осын-
дай сауап іспен көрсетелік! Дариға, мен бай болсам жұрттан
асқан! Үйлерді салдырар ем қандай тастан. Бақыл бол, серік
атым іренжіме! Дамыл ал! Қош-аман бол! Мені ұмытпа! Аяғым
тимес алтын үзеңгіңе. Келіңдер, боз балалар, атты алыңдар!
Жетектеп тоғайыма апарыңдар! Жабыңдар жабуына түкті
кілем! Жеміне ең қолайлы сұлы алыңдар! Бұлақтың суымен
суарыңдар.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да. Алдамаған кім
қалды тірі жанда? Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім. Өткірдің
жүзі, кестенің бізі өрнегін сендей, сала алмас. Білгенге маржан,
білмеске арзан, надандар баға (баһра) ала алмас. Қиналма бе-
кер, тіл мен жақ! Көңілсіз құлақ ойға олақ. Нысап, ұят, терең
ой. Ойлаған жан жоқ, жауып қой! Тамағы тоқтық, жұмысы
жоқтық аздырар адам баласын. Өтірік, шағым толды ғой, ойла-
нар уақытың болды ғой. Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым
мол емес. Бір кісі мыңға, Жөн кісі сұмға, әлі жетер заман жоқ.
37
Тырнақша (Құраст.)
269
Қадірлі басым, Қайратты жасым айғаймен кетті, амал жоқ!
Қош, қорықты елің. Қорқытқан сенің өнерің қайсы, айтып бер!
Бауырыңа тартқан, сырынды айтқан сырласың сыртты айналар.
Не ол емес, бұл емес: Менің де күнім күн емес! Ақша жүз, ал
қызыл бет тіл байлайды. Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес.
Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. Жасыл шөп, бәйшешек
жоқ бұрынғыдай. Жапырағынан айырылған ағаш, қурай. Ақ
киімді, денелі, ақ сақалды. Соқыр, мылқау танымас ешбір жан-
ды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап келіп
қалды. Ол күледі, мен де есалаң күлемін. Ол жылайды, мен де
жасым төгемін. Әйел өледі, мен де бірге өлемін. Қыс болды,
бақша да өлді, гүлдер солды. Өтер жылдар, қартаямыз, Бірте-
бірте құрып шамдай сөнерміз.
Ішім өлген, сыртым сау, бүгінгі дос – ертең жау. Нансаңыз
ағам да жоқ, інім де жоқ. Уа ғайри нашарлықтан мінім де жоқ.
Нақақтан мені, тақсыр, күйдіресіз. Жауыздық сізге ойлаған
күнім де жоқ. Ол саған әлде күйеу, әлде құда (Сүймейді қой
атаулы мені жүдә). Жә бөлең, жә жиенің, жә нағашың – әйтеуір
саған ұқсас еді о да. Айттырған періште ме яки жын ба – әйтеуір
өзен сөзі шықты шынға. Алаштың адамының бәрі мәлім. Кім
қалды таразыға тартылмаған. Дегендер мен жақсымын толып
жатыр, жақсылық өз басынан артылмаған. Тұмсығымен шапты
да, қанның миын шақты да әтеш кетті аспанға. Арбасынан қан
ұшты, кеудесінен жан ұшты.
Айлаға, ашуға да жақтым шырақ. Ерте ояндым, ойландым,
жете алмадым, етек басты көп көрдім елден бірақ. Өзі ермей,
ерік бермей, жұрт қор етті. Ішім толған у мен өрт, сыртым
дүрдей. Мен келмеске кетермін, түк өндірмей.
Халыққа жағайын десең, қазаның болсын. Момынның
есебін қу табады, қудың есебін Құдай табады. Жер таусыз бол-
майды, ел даусыз болмайды. Тай жаманы жорға болады, адам
жаманы молда болады. Жаңылмас жақ болмас, сүрінбес тұяқ
болмас. Бұрынғының кісісі бүгінгінің кішісі. Арғымақ бірде
жалды, бірде жалсыз, ер жігіт бірде малды, бірде малсыз. Ердің
ерлігін білмеген Құдайдың бірлігін білмейді. Ат баспаймын
деген жерін үш басады, ер көрмеймін деген жерін үш көреді.
Адаспаймын деген жігітті қараңғы тұман адастырады.
270
Ат басына күн туса, ауыздықпен су ішер, ер басына күн
туса, етігімен су кешер. Ер өтірік айтпайды, ел өтірік айтады.
Ердің атын жә аты шығарар, жә қатыны шығарар. Есепдар бол-
май бай болмайды, есерсоқ болмай ер болмайды. Алып анадан,
ат биеден туады. Уайым түбі теңіз, батасың да кетесің, тәуекел
түбі қайық, мінесің де өтесің. Арғымақ аттың құйрығы – әрі
жібек, әрі қыл; қас жақсының белгісі – әрі мырза, әрі құл. Бай
болайын деген жігіт айырбасшыл келеді; адам болайын деген
жігіт қарындасшыл келеді.
Жаңбыр жауса жердің ырысы, жақсы туса елдің ырысы. Биік
таудың төбесін көріп, түбіне барма, жақсының атын естіп, үйіне
барма. Жорғаның қадірін желгенде біледі, жақсының қадірін
өлгенде біледі. Жаманның айтқаны келмейді, сандырақтағаны
келеді. Ит құтырса иесін қабар, торғай құтырса бүркітке ша-
бар. Арық малды асырасаң, аузы-мұрныңды май етер, жаман
кісіні асырасаң, аузы-мұрныңды қан етер. Жаманның үсті су
болса, кеппестей көрер, жаманға мал бітсе, кетпестей көрер.
Жаман атқа жал бітсе жанына торсық байлатпас; жаман кісіге
мал бітсе жанына қоңсы қондырмас. Жақсыға айтсаң бітірер,
жаманға айтсаң жітірер. Жақсыдан жаман туады бір аяқ асқа
алғысыз, жаманнан жақсы туады адам айтса нанғысыз. Хас
жақсының белгісі – өз үйіне өзі құл; хас жаманның белгісі өз
үйіне өзі сый. Жақсыға берсең асыңды, жақсы сыйлар басыңды;
жаманға берсең асынды, итке тастар басыңды. Жүйрік шабан
болады мойнынан жал кетсе, жақсы жаман болады қолынан
мал кетсе. Қарға мақтанып сұңқар болмайды; есек мақтанып
тұлпар болмайды. Кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен
жарлы бол. Жалғыз жүріп жол тапқанша, көп кісімен адас.
Жалғыздың жағы жоғалса да, табылмайды, көптің оғы жоғалса
да табылады. Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмай-
ды. Орамал тонға жарамайды, жолға жарайды. Еңкейгенге
еңкей, басың жерге жеткенше, шалқайғанға шалқай, төбең
көкке жеткенше. Өзі біткен жанжалды, жаным десең болмас
па; алты ұл тапқан қатынды ханым десең болмас па?! Ата-
дан алтау туғанша, жалғыз туса не етеді, елге тұлға болғалы;
қарағайға қарыс бұтақ біткенше, еменге айыр бұтақ бітсе не
етеді – құсқа тұғыр болғалы. Өзіңнен тумай, ұл болмас, сатып
271
алмай құл болмас. Жетімшілікті көп көрген үш шақыртпай «ә»
демес, ашаршылықты көп көрген өзі тоймай «мә» демес. Ақ
сұңқардың баласы, алдына қоймай жем жемес. Арғымақ аттың
баласы, аз оттап, көп жусайды; асылдардың ба ласы аз сөйлеп,
көп тыңдайды. Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің.
Ата-ананың қадірін балалы болсаң білерсің. Ағайынды жаман-
дап туғанды қайдан табарсың; арғымақты жамандап, буданды
қайдан табарсың. Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан
бол. Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды. Мал бітпес
деп ерден түңілме, шөп бітпес деп жерден түңілме. Мал таппас
жігіт болмас, тұрарын айт. Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Ат аунаған жерінде түк қалады.
Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме. Ат аяған жерге
қарар, құс аяған көкке қарар. Құттты қонақ келсе, қой егіз таба-
ды. Ешкі егіз тауып қойдан аспас, ит егіз тауып елден аспас. Бір
биенің емшегі екі, бірі кетсе, сүті жоқ; бір түйенің өркеші екі,
бірі кетсе, күші жоқ. Түйе қашып, жүктен кете алмас. Алты күн
атан болғанша, бір күн бура бол. Аузы қисық болса да байдың
ұлы сөйлесін. Бағың жүрген шағында, жапалақ салсаң, қаз ілер,
бағың қайтқан шағында, лашын салсаң аз ілер. Жемесе де май
жақсы, бермесе де бай жақсы. Жарлылық, сені қайтейін, жан-
дай досты жат еттің, кәрілік, сені қайтейін, сөйлер сөзге мат
еттің. Бай қасына көшіп бар, байымасаң маған кел; қу қасына
көшіп бар, қуылмасаң маған кел. Ұрлық қылсаң жалғыз қыл:
екеу болсаң, бірі айғақ; өткел өтсең, бұрын өт: арттан өтсең,
жол тайғақ. Айтысқан соң дау емес пе, алысқан соң жау емес
пе?! Тапқан қуанса да, таныған алады. Әлі келген алып та, ша-
лып та жығады. Би айтқанды құл да айтады, құл аузының дуасы
жоқ. Ақылы жоқ басқа адырайған көз бітеді, дуасы жоқ ауызға
сылдыраған сөз бітеді. Ерден елтірі даулап алсаң да теңдік.
Арлы арына қараса, арсыз «жеңдім» дейді. Қонғанша қонақ
ұялады, қонған соң қонақ иесі ұялады. Қонақ аз отырып көп
сынайды. Қонақ келсе ет пісер, ет піспесе, бет пісер. Барыңда
батып іш, жоғыңда сатып іш. Жақсы ас қалғанша, жаман құрсақ
жарылсын. Кісі қандай болса, асы сондай. Жетімнің аузы асқа
тисе, мұрны қанайды. Ақымақ алдындағы астан үркіп, аштан
өліпті. Жоғалып табылған мал олжа, ауырып жазылған жан
олжа.
272
Көзімен көріп бәрін де, Нысанбай мұны жырлаған. Тұсау
көрмей ешкімнен, Хан еді мойны сынбаған. Ерегісіп қырғызға,
Хан ойыңды шыңдаған. Сол елменен күшейіп, Төрелер жай-
ды қанатты. Аттансын деп жан қалмай, жұртқа салды санатты.
Сегіз жүз кісі іріктеп Ылғи батыр манапты. Ақсу деген өзеннен
шапты Олжа Болатты. Тау суындай сарқырап, Байұзақ келді
төменнен. Көңілі бітті айқасып, Наурызбай асыл беренмен.
Тұс-тұсынан құралып, Қырғыздың қолы кернеді. Бесінге дейін
атысып, Қазақтың әлі келмеді. Қырғызды түріп шыға алмай,
Батырлар сонда бір састы. Үйінде ермек қалдырмай, Қырғыз
шыққан айдатып. Қыл құйрық қып бәрін де қару-жарақ сай-
латып. Қызықсын деп Асуға Қазына төкті жайнатып. «Келсең
кел» деп ақырып, Сары ала туын жайратып. Қырғыздарды
жөңкілтіп, Төскейде атын ойнатып. Асуын тастап көп қырғыз,
Бас қамын қылып, кетпеді. Ашуланып бұл жерде, (Хан) ал-
дырды, екі түйені. Шөгеріп салып түйеге зеңбірегін сүйеді.
Тұрғызып: қойып атса да, Күмпілдеп, тауға тимеді. Алатаудан
аса алмай, Қазақтың қолы байланды. Осы бүгін күн батпай,
Көрсетші қанат жайғанды. Тау басында қырғызға, Бір тигізіп
найзамды. Тау басына жете алмай, Болмай тұр-ау санымыз.
Жабырқаған секілді, Көңілі ашылмай жанымыз. Көңілің соқса,
Науажан, ханнан жауап алыңыз. Томағамды сыпырып, Қамау
тасқа салыңыз. Байұзақ аттан түскен соң, Қасына түсті ханы-
мыз. Ханымыз аттан түскен соң, Төгіле қалды арымыз. Бұзбасақ
та ол тауды, Түсе қалдық бәріміз. Сол уақытта қарасақ, Тау
басынан шу шықты. Қаптаған қара тұмандай, Мұнарланып,
бу шықты. Бу десек мылтық түтіні (екен). Шөке атым жер
бармай-ақ, Айырылды ханың еркінен. Қойға тиген бөрідей,
Қырғызға салды кесірді. Ақ кіреуке бек сауыт, Таза жүрсе тот
алмай, Мылтықтың оғын жібермес, Шығыршығы жұқармай.
Жарасалық дегенде, Бергендей қырғыз бар малын. Қол алдын-
да жүргенде, Қырғыздың бір данасы, Наурызбайға кез болып,
Тұра қалды жанаса. Ашуын бұған басса деп, Жерімді саған та-
стадым. Олжа қылып қайтсын деп, Малымды саған тастадым.
Қонысты орыс алған соң, Кенекем ауған жерінен, Бауыры
суып ол жақта, Қарашы болған елінен. Он екі кісі жіберді, Жеке
батыр ерімен. Бізге қоныс берсін деп, Қоқының салған көлінен.
273
Екі ай жатты тұтқын болып Жанқараш, Жаттай бегіңнен.
Қорған болып халқына Әркім шықсын табында. Айбатың
асып тұрғанда, Айтарсың төре, сөзіңді. Алтын жығаң қисайса,
Қырғыздар ояр көзіңді. Күнім туса көрермін. Бұйрық болып
Құдайдан қазам жетсе, өлермін. Ержан кеткен түн қатып, Хан
болған соң өкімді. Төрт жүз кісі бөлініп, Қалың топтың шетінде,
Барлап қарап келгелі, Жау бар ма деп бетінде. Келіспестей
көрінді. Наурызбайды бөлген соң. Қырғыздың қолы көбейіп,
Жақынға келіп төнген соң. Байұзақ датқа сөйлейді, Ашула-
нып ақырып. Халқына қарап сөз айтты, Оң-терісті сапырып.
Не қылып шықпай отыр деп, Батырларын шақырып. Дулаттан
шыққан батырдың Талайына батырып. Шыдамады Наурыз-
бай Киіміне қиналып, Тұра келді орнынан, Шыбықтай белі
бұралып. Арасы алыс дауыстап, «Бар ма, мұнда кел» деуге.
Екінші рет атқанда, Бір керемет білінді. Ұрмай-соқпай зеңбірек
Ортасынан бөлінді. Кертайлақ қолға тиген соң, Мініп алды На-
урызбай. Сегіз кісі бас қосып, Су бойында ұрысты. Тоқтата ал-
майды көп жауды, Үстіртке ойнап шығысты.
Әл кетіп жығылуға таянғанда, Жалынып атқа есек сөз айта-
ды: «Ат достым, жүгім ауыр, қалым бітті. Емеспін жүре алатын
енді тіпті. Зорығып жолда өліп қалатынмын, Алмасаң ауысты-
рып біраз жүкті».
Бір көлдің емен айтты қамысына, Сыбайлас көптен бергі та-
нысына: «Жаратқан мені Құдай сонша артық, Мықты деп жер
жарылад дабысыма». Өгізді суға тойған бақа көрді, Секіріп
жолдасына жетіп келді. Боламын мен де сонау өгіздей деп, Жел
тартып, ісіп-кеуіп, орнын керді. Сұрады жолдасынан толдым ба
деп, Өгіздей анау тұрған болдым ба деп. Бұрынғы мықтылықты
бұлай қойып, Тырнаға сөз сөйлейді кішілікпен. «Шырағым,
дүниеде ұмытпайын, Құтқарсақ мені қазір осы дерттен». Су-
ырып сүйекті алып тастап еді, Үп деп, қасқыр сонда көзін
ашты. Құтқарған зор бәледен тырнасына Ол бірақ көрсетпеді
ықыласты. Еңбегін бер деп тырна сұрап еді, Қасекең сау
күндегі әнге басты: «Не дейсің? Ойын ба осың, шын ба, тырна?
Қажауға мәжнүн жоқ саған мұнда. Ақы алып өзгелерден дәндеп
қапсың. Қой, тырнам, ойнап мені әуре қылма!» Танысы мұны
көріп келе жатқан, Астында өгізі бар са бан тартқан. Көзіме күні
274
бойы көрінбеп ең, келесің сөйле деді сен қай жақтан. Сонда
бұл мұрнын көкке көтереді, Адамсып маңызданып жөтеледі:
«Жер жыртып күні бойын, шаршап келем. Мазалап сұрап саған
не керегі?» Мәз болып мақтағанға насаттанып, Қайтпасын
деп ойлайды сағы сынып. Алыстан арып-ашып іздеп келген,
Байғұстың кетсін деді көңілі тынып. Өтірік мақтағанға қарға
еріп, Қарқ етті пәрменінше жағын керіп. Қаңғырған, тамақ
іздеп бір аш бөрі Қозыға жетіп келді жайнап кезі. Жемекке
кінә қойып сол арада, Жала ғып, міні қасқыр айтқан сөзі: «Сен,
қозы, текке қарап жүре алмайсың! Соқтықпа маған десем, тіл
алмайсың. Мойныңды қазір жұлып алайын ба! Суымды неге
былғап ылайлайсың?». Қозы айтты: «Қасқыр тақсыр, тоқта
азырақ! Тергеңіз кінәм болса, әділ бірақ. Ізіңіз жатқан жерден
төмен келіп, Іштім мен жүз қадамдай қашығырақ...». «Орманға
балтасымен келді мұжық, Аралап ағаш таңдап жүрді кезіп.
Япырым-ай, аман қалсақ жарар ед деп, Жанынан көрген ағаш
тұрды безіп. Мұжыққа бір жас ағаш айтады сөз: «Құдайдан
тілеуші едім келтір деп кез. Мың да бір алғыс саған берер едім,
Осы үлкен ағаштардан құтқарсаң тез...». Ол қанша пайда тапты
жалғыз тұрып, Өзгенің әлек етіп, бәрін қырып. Ағашта қурап
тұрған әл болсын ба? Келіп дауыл соғып еді, қалды сынып.
Сонда оған сынып жатқан жылан келді. Өзіңе бәле тілеп алдың
деді. Қорғаушы жанындағы ағаштардың. Кінәсіз бәріне ылаң
салды деді. Панаңды желден, күннен қорғап тұрған, Қырғызып
өзің жалғыз қалдың деді. Алланың арам пейіл сүймес құлы,
Отыңа өзің жаққан жандың деді. Әмиян күндіз-түні болды
қолда, Ac ішу, дамыл алу болмады онда. Алтынды бөлек-бөлек
үйіп отыр. Өзі мен өзі кеңес құрып сонда. Мінікей, – деді –
енді мен де баймын, Байлармен жұрттан асқан сайма-саймын.
Құдайым бермегенде жаттым ұйықтап, Тұрғанда Құдай беріп
неге ұйықтаймын? Шығарсам, қазір алтын үй алатын. Онан соң
бір жүз мыңын бие алатын. Көшкенде жүктерімді атқа артам
ба? Тағы да алтын керек түйе алатын... Сиыр мен мынау алтын
қойға деді, Аналар қатын алсам, тойға деді. Жұмсармын мұнан
соңғы алтындарды. Қаражат киім-кешек бойға деді. Ал енді
өгіз тұрып мөңірейді, Көз жасы ағыл-тегіл еңірейді. Қиянат кісі
ақына қылман деуші ем: Азғырды шайтан залым мені дейді.
275
Барып келсе, Ертістің суын татып, Беріп келсе, бір арыз бұтып-
шатып, Елді алып, Еділді алып, еліреді, Ісіп-кеуіп қабарып келе
жатып. Әрі-бері айналса, аты арықтап, Шығынға белшесінен
әбден батып. Сұм-сұрқия, қу, білгіш атанбаққа, Құдай құмар
қылыпты қалжыратып. Шын көңілмен сүйсе екен; кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе. Қырмызы, қызыл жібек
боз балалар, Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе. Жоқ болса
қатыныңның жат өсегі, Болмаса мінезінің еш кесегі, Майысқан
бейне гүлдей толықсыған, Кем емес алтын тақтан жар төсегі.
Көлең ке басын ұзартып, Алысты көзден жасырса, Күнді уақыт
Қызартып, Көкжиектен асырса. Күңгірт көңілім сырласар
Сұрғылт тартқан бейуаққа. Алыстан сермеп, Жүректен тербеп,
Шымырлап, бойға жайылған. Қиуадан шауып, Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған. Толғауы тоқсан қызыл тіл, Сөйлеймін
десең, өзің біл. Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін
көргенде. Жігерлен сілкін, Қайраттан, беркін деп насиқат бер-
генде. Ұятсыз, арсыз салтынан, қалғып кетер артынан. Ит үрсе,
бала таяғын ала қуады, итпен кектесіп. Ұрысқансып, «ой!»
деп, «ұят» деп, «қой!» деп, үлкендер тыяр «тек!» десіп. Оны
білсең, мұның не? Мен де ұят іс қылдым де. Күйдірген соң шы-
датпай, қоя ма екен жылатпай. Оюын ойып, орындап қойып,
тор салғандай өрнекке, Қиыннан қиып, қиырдан жиып, құрап
сөзді термекке. Еңбекке егіз тіл мен жақ, Ерінбесең сөйлеп бақ!
Именіп көптен шақтық қып, Еппен тасалама ойыңды. Ашын-
са етің, ашылмақ бетің, Кірі көмбей бойыңды. Жүрегіңнің
жарасын, көрсет жұртқа қарасын. Сайраған тілмен, зарлаған
үнмен құлағы жоқ кереңді, ұқтыра алмай сөз әуре, тек тұра
алмай, біз әуре. Жаңбыр жаумай, жауса қар, жұрт жұтайтын
түрі бар. Мұны көріп көзіміз, Бірігер деп сөзіміз, Кен болар деп
балшықты, Көл болар деп шалшықты, Біз үмітпен қазып ек.
Жанға көңіл қалып тұр, Жан бұл күйге салып тұр. Тәнге
көңіл қалып тұр, Тән шыдамай, арып тұр. Ет пенен қымыз
беріп, сөйлеп көрсең, Айтқаның жұртқа балдай татыр, інім.
Ақылың Аплатондай болса-дағы, Қымыз бен еті жоқ құр-
тақыр білім. Ағаның ақыл айтқаны мақұл: жаны ашыған
жақындық. Миллетке қызмет – жүмлеге міндет; ұйқыны аш!
дер ек; Надандықтан қаш! дер ек. Болмайды өңдеп: дұшпан тұр
276
күндеп, «Миллетке қызмет» – «жүмлеге міндет» деп айтарсыз
өзіңіз, Миллеттен безу, әйтпесе төзу, шын болса сол сөзіңіз.
Қараңғылық бұққанда, Қызарып күн шыққанда, Күн отынан
туғанмын. Жүрегімді, жанымды, Иманымды, арымды. Жалын-
менен жуғанмын. Жүрегім де, жаным да от, Иманым да, арым да
от. Жарқырап от боп туғаннан (берік), Белімді бекем буғаннан
бері. Қараңғылық дұшпаным. Жауыздықты жамылған, Қарынға
құл боп табынған, Қорсылдаған доңыздай, Көкті көрмей, көр
болған, Сүйгені сасық жер болған соқыр. Сасық қоңыздай күн
батысқа жүрейін. Дұғада бол, алтын Алтай, қарт анам! Алып
ата қуды жолын ер балаң. Ақ шашыңды, көкірегіңді иіскеуге,
Тәңірі жазса, сәулетпенен тез барам. Азамат, анау қазақ қаным
десең, Ұжмақтың суын апар жаным десең. Болмаса, ібіліс бол
да у алып бар, Тоқтатам, тұншықтырып зарын десең.
278
279
титул
А. БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
БАЯНШЫ
Қазақ мұғалімдері үшін
Бастырушы: Кіндік қазақ өзгеріс
комитетінің оқу бөлімі
Р. В. Ц. КАЗАНЬ. Тираж 8600 экз.
Казань, 6-я государственная типография 1920 г.
280
СӨЗ БАСЫ
Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың ба-
сында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып,
мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.
Үйретушінің де жігері құм болмай, ісі ілгері оңай жылжыған
сайын көңілденіп оқытуға жаһады зорайып, шабыттанады.
Оқу басында қиын болса, балалар миға (ұйыққа) түскен мал
сықылды малтығып, жылжи алмай қиналады, үйретуші сүйреп
шығара алмай қиналады. Екі жағының да жігері кеміп, шабы-
ты болмайды. Шабыттанып істемеген іс оңды да болмайды.
Сондықтан әліппе кітабы оңай болып, оқытқанда балаларды
неғұрлым аз қинаса, соғұрлым жақсы болмақшы. Әліппені ба-
лалар қиналмай оқып шықса, онан әрі оқуға ықыластанып та-
лаптары қанат байлағандай көтеріліп, зораймақшы. Осыны ой-
лап, әліппе оңай болмағын көздеп, бірінші әліппенің басынан
аяғына шейін оңай һәм қысқа сөздерді алдым; қазақ сөзіндегі
харіптерді оқып шыққанша, балалардың жолында мал-
тыққандай еш қиыншылық ұшырамас. Екінші, бұл әліппеде
әр дыбысқа, өзіне деп анықтап, харіп арналды; олай болғанда
бұрынғыдай бір харіп әртүрлі орында әртүрлі оқылмай, қай
орында да болса, бір харіп бір-ақ түрлі оқылады; бұл һәм оқуды
жеңілдетеді.
Жаңа оқу жолымен таныс емес оқытушылар төмендегі
«Дыбыспен жаттығу» деген екі сөзді оқып, әліппе қалай тәртіп
етілгенін көріп, оқу бастауы артық. Бұл екі сөз оқушылар емес,
оқытушылар үшін жазылған.
Адамның өзінде кәмілдік болмаған соң, ісінде де кәмілдік
жоқ. Сондықтан: 14 жыл бала оқытып аңғарған, сезген, білген,
іс көргендігім болса да, әліппе мінсіз болады демеймін.
Ұнамсыз мінді жерін аңғарған адамдар көрсетсе, көп-көп
алғыс айтамын.
281
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДЫБЫСТАР ҺӘМ
ОЛАРДЫҢ ЖАЗУ БЕЛГІЛЕРІ
Қазақ тілінде 24 түрлі дыбыс бар. Оның бесеуі дауысты, он
жетісі дауыссыз, екеуі жарты дауысты. Дауысты дыбыстар: ا
(а), و (о), ۋ (у), ى (ы), ـي ،ه (е).
Дауыссыз дыбыстар мынау: ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), چ (ш),
د (д), ر (р), ز (з), س (с), غ (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г), ڭ (ң), ل (л), م (м),
ن (н). Жарты дауысты дыбыстар: ۋ шолақ (у), һәм шолақ ي (й).
Бұл дыбыстардың ішінде «қ» һәм «ғ» ылғи жуан айтылады.
«К», «г», һәм «е» ылғи жіңішке айтылады. Өзге 19 дыбыстардың
һәр қайсысы бірде жуан, бірде жіңішке айтылады. Егерде бұл
19 дыбыстың жуан айтылуы, үшін бір белгі, жіңішке айтылуы
үшін бір белгі керек десек, мысалы: – ت (т), س (с)
38
сықылды,
онда 19 дыбысқа 38 белгі керек болар еді. Бұған дайым жуан
айтылатын «қ» мен «ғ»-ны қосқанда, дайым жіңішке айтыла-
тын «к», «г», «е»-лерді қосқанда, бәріне 43 белгі (харіп) керек.
Араб әліппесінде 43-ке жететін харіп жоқ. Өзге әліппелерді
қазақ қабыл алмайды. Араб әліппесі қазақ арасына дінмен
бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазақка
басқа әліппе алдыру – қиын жұмыс. Бұлай болған соң, араб
харіптерін қазақ дыбыстарына жеткізу амалын табу керек.
Араб харіптерінде түрін тым бұзып жіберсек, халық тағы
қабылдамайды. Араб харіптері қазақ дыбыстарына жетпесе,
түрін тым өзгертіп бұзуға болмаса, қалай амалын таппақ ке-
рек. Мұның амалы менің ойымша мынау: дауысты дыбыстар
сөздің жаны есебінде, дауыссыз дыбыстар һәм жарты дауысты
дыбыстар сөздің тәні есебінде. Тәнді жан қандай билесе, да-
уысты дыбыстар басқа дыбыстарды сондай билейді; яғни да-
уыеты дыбыстар жуан айтылса, дауыссыз, я жарты дауысты
дыбыстар да жуан айтылады. Дауысты дыбыстар жіңішке ай-
тылса, басқа дыбыстар да жіңішке айтылады. Бұлай болғанда
дауысты дыбыстардың жуан-жіңішке айтылмағын белгілеп
айырсақ, басқа дыбыстардың да жуан-жіңішке айтылатындығы
да айрылғаны.
38
Араб тіліндегі жуан с, т таңбалары қатар тұруы керек еді, көрсете алма-
дық – ред.
282
Дауысты дыбыстар: ا (а), و (о), ۋ (ұ), ى (ы) осы түрған күйінде
жуан айтылады, мысалы: аз, оз, нұр, сары. Бұлардың жіңішке
айтылатын орнын айыратын белгіге аламыз « ء »-ні дәйекші.
Бұл белгі сөздің алдында дәйекшіге тұрып, ол сөздің жіңішке
оқылмағын хабарландырады яғни бұл белгі тұрған соң, сөздің
ішіндегі дауысты дыбыстарды жіңішке айтамыз. Дауысты ды-
быстар жіңішке айтылса, олардың қатарындағы басқа дауыс-
сыз я жарты дауысты дыбыстар да жіңішке айтылады, мысалы:
арман – әрмен, тор – төр, тұр – түр, жоны – жөні. Жіңішкелік
үшін жалғыз ғана белгі алып 43 түрлі дыбысты 25 белгімен
дұрыстап жазуға болады. Сонда қазақ тіліндегі сөзге жазыла-
тын белгілер мынау болады: ا (а), ب (б), پ (п), ت (т), ج (ж), چ (ч),
د (д), ر (р), ز (з), س (с), ع (ғ), ق (қ), ك (к), گ (г), ڭ (ң), ل (л), م (м),
ن (н), و (о), ۇ (ұ), ى (ы), هـ ،ه) ـي) (е), (дәйекші).
Мұнан басқа харіпте араб, я парсы, я өзге түркі сөздеріне
керек болса да, қазақ сөзіне керек емес.
43 түрлі дыбысты 25 белгілермен қалай жазып, қалай оқу
жайын айтайын:
5 дауысты дыбыс үшін алдық мынау жеті белгіні ا (а), و (о),
ؤ (ұ), ى ،يـ (ы), ه ،هـ (е) бұларды жіңішке айту үшін бір белгі
«
ا » һәм оларға сүйеу есебінде бір белгі « ا » (таяқ). « ا » (а)
сөздің басында « »
39
- мен тұрса, « « (а) болып оқылады, малда
жоқ «
ا » (а) сөз басында басқа дауысты дыбыстардың харпіне
сүйеу үшін жазылып, «
ا » (а) болып оқылмайды. Мысалы: توا
(от), ترأ (өрт), مىرا (ырым), ريا (ер) дегендей орындарда.
«
ا » сөздің ортасында я ақырында малда жоқ болса да, «
ا »
(а) болып оқылады: قازاق (қазақ), قاملاق (қалмақ), اقلاق (қалқа),
اراق (қара).
«
ا » (а) – анық дыбыс, оның харпін мадда қалдырып жазсақ,
басқа түрлі оқып, басқа мағана беріп қаталасуға ықтимал. Мы-
салы: «тамақ»-ты ( قامات
) («тымақ») ( قميت ) деп жазсақ, «қарау»-
ды ( ؤاراق ) «қырау» ( ؤارـق ) деп жазсақ, «адам»-ды ( مادا ) «адым»
( مـىدا ) деп жазсақ, менің ойымша, сөз жазылу керек айтылуы
бойынша яғни сөз ішінде қай дыбыс естілсе, сол дыбыстың
39
Тырнақша ішіндегі бос орында әліптің үстінде ирек сызықшада бар деп
оқу керек – ред.
283
харпі жазылсын, ол жазылмай, басқа харіп жазылатын орны
болса, естілген дыбыстың харіпі жазылмай, басқаның жазы-
латын себебі ғылым, наху я ғылым сарф жолыменен ыспат
етілсін.
«
ا » (а) жазылған сөздің алдында дәйекші « ء » тұрса,
«
ٲ» (а)
жіңішке айтылады. Мысалы: نادباء (әбден), ناء (ән), ناسء (сән)
деген сөздер ішіндегідей.
«
و » (о) – боқай, тоғай, қомағай, деген сөздерде б-ның,
т-ның, қ-ның соңынан қандай сөздер естіледі, сол дыбыстың
белгісі. Бұл харіпті оқығанда һәм оқытқанда, сол естілген
қалыпта айтарға керек. «
و » (о) қазақ тілінде анық дыбыс.
Оны қалдырмай жазу тиіс. «
و » (о) жазылған сөздің алдында
дәйекші « ء » тұрса, «
و » (о) жіңішке айтылады. Мысалы: توا
(от) ، تواء (өт) ، روت (тор) ، روتء (төр), زوب (боз) – زوبء (бөз).
«
ۇ » (ұ) رؤت (тұр) ترؤج (жұрт), مؤق (құм) деген сөздерде т-ның,
ж-ның, қ-ның соңынан қандай дыбыс естіледі, сол дыбыстың
белгісі. Бұл дыбыстың харіпін «
و » (о)-дан айыру үшін, үстіне
«
ۇ » қоямыз. «
و » (ұ)-ны оқығанда һәм оқытқанда, сол естілген
қалыпта айтарға тиіс.
Сөз ортасында я басында анық һәм ұзын естілетін жерлерде
екі «
ۇ » (ұ) жазуға тиіс. Мысалы: ارؤؤت (тура), سؤؤت (туыс) де-
ген сөздерде. Басқа түркі тілінде екінші «ؤ» (ү) орнына «غ» (ғ)
келеді. Мысалы: ارغؤت (туғра), جـغؤت (туғыш).
«
و » (о) мен «
ۇ » (ұ) екеуіне зор ілтипат керек. Бұлардың
жазылуы ұқсас болғанмен, айтылуы ұқсас емес. Қой (мал) де-
ген сөзбен құй (шай құй) деген сөздердің мағыналары қандай
басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа, «
ۇ » (ұ) көмескі айтыл-
са да, қалдырмай жазу керек. «
ۇ » (ұ) жазылған сөздің алдында
дәйекші «
ء » тұрса, «
ۇ » (ұ) жіңішке айтылады. Мысалы: – رواء
رؤا (ұр) – (үр), روتء (түр) – رؤت (түр). رؤب –روبء (бұр) – (бүр).
«
ى » (ы) – жаны, малы, тары деген сөздерде н-ның, л-дың,
р-дың соңынан естілетін дыбыстың белгісі. Бұл дыбысқа тура
келетін араб әліппесінде харіп жоқ. Сондықтан аламыз «
ى »
(ы) белгісін. Оны қалдырмастан жазамыз сөздің аяғында.
Ортасында я басында ашық естілетін орында һәм жазбасақ
кемшілік болып жоқтығы еленетін орында. Мысалы: – انـناج
ىناج (жаны) – (жанына).
284
Сөздің басында, ортасында «
ى » (ы) қысқа һәм қөмескі
естіліп бар-жоғы еленбейтін орындарда жазбаймыз. Мыса-
лы: نـق (қын), رـق (қыр), نرـق (қырын), ملج (жылым), رتلـج (жыл-
тыр) деген сөздердің ішінде «ى» (ы)-ның барлығы аз сезіледі,
хатта сезілмейді деп айтуға да болады. Бұл сөздерді ى (ы)-
ны жазғанда да, жазбағанда да осылай оқимыз. Жазбағанда
оқуымызға кемшілігі болмаса, оны жазуға да қажет жоқ. ىناق
(қаны), ىناج (жаны), ىلام (малы) деген сөздерді ى (ы)-ны жаз-
бай, солай оқи алмаймыз, сондықтан сөздің аяғында ى (ы) жазу
қажет.
Сөз басында ى (ы)-ның өзі жазылмаса да, сүйеніш харпі «ا»
жазылады. Мысалы:نتقا (ықтын), قـتنا (ынтық), قاعرا (ырғақ),
قرعزا (ызғырық), ؤؤرقسا (ысқыру), ؤؤنقجا (ышқыну).
«
ى » (ы) жазылған сөздің алдында дәйекші «ا» тұрса, «
ى »
(ы) жіңішке айтылады, мысалы: ىناس – ىناسء (саны) – (сәні), ىنؤج
ىنوج – (жоны) – жөні), ىزوب – ىزوبء (бозы) – (бөзі).
«
ى » (ы)-дан жарты дауысты « « (й) басқа, жарты дауысты
дыбыстар дауысты дыбыстардың жанында ғана қосымша
бо-
лып айтылады. Дауысты дыбыс жоқ жерде олар болмайды.
Сондықтан қай жерде «
ى » (ы) тұрса, оның алдында дауысты
дыбыс боларға керек. Мысалы: مقيق (қиқым), مقيس (сиқым) деген
сөздерде жарты дауысты «
ى » (й)-дің» алдында «
ى » (ы) бар, نيق
(қиын), نييت (тиын) деген сөздерде жарты дауысты «
ى » (й)-дың
алдында, артында, екі жағында да «
ى » (ы) бар. Сондықтан,
бір жарым «
ى » (ы, и, й) келетін қиқым, сиқым, ит, кит де-
ген сөздер жалғыз «
ى » (ы, и)-мен жазылады. Екі жарым «
ى »
(ы) келетін نـيق (қиын), نييت (тиын), مـيك (киім), كييك (киік) деген
сөздер екі «
ى » (иы, иі)-мен жазылады.
«
ه » (е) هجيج (шеше), هميك (кеме), همريك (керме) деген сөздерде
ш-ның, к-ның, м-нің соңынан естілетін дыбыстың хәріпі. Бұл
дыбысқа тура келетін араб әліппесінде хәріп жоқ. Бұл дыбы-
сты осы күнде жазып жүрміз. Сөз басында бұлай «ـي ا» орта-
сында, аяғында я бұлай «هـ» я бұлай «ه» . Мұны осы жөнімен
жазып, бірақ қайсысы қай жерде жазылатын орындарын айы-
рып, жана да басқа харіптерден анық айыру үшін азырақ ғана
өзгерту қажет деп ойлаймын. Бұрын бұлай «ـي» жазған орны-
на енді бұлай «ـي» жазылса деймін. Мұнан араб хәріпі онша
285
бұзылмайды. Жазудың тәртіпті болуы үшін бұлай ету қажет.
Мысалы: تيا (ит) деген сөз бен (ет) деген сөзді бірдей жазсақ,
ол жазумыздың тәртіпсіздігі болар еді. Бұл екі сөздің мағынасы
қандай басқа болса, айтылуы һәм сондай басқа. Айтылуы басқа
сөздерді бірдей жазуға жол жоқ. Негізгі жол: айтылуы басқа
сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын) басқа жазу, ай-
тылуы бірдей сөздерді (мағынасы басқа болсын, бір болсын)
бірдей жазу.
«ـي» (е) жазылады сөздің бас буынында. Мысалы: ريا (ер), كريا
(ерік), نكريا (еркін), نيم (мен), ءكنيم (менің), ىكنيم (менікі). Басқа
орында оның орнына «هـ» жазылады: هكريا (ерке), هكريس (серке),
هك هليك (келеке). Қысылмайтын хәріптердің соңынан «هـ» орнына
«ه» жазылады. Мысалы: هرك (кіре), هزت (тізе), ك هريك (керек), ي هديك
(кедей). жазылған сөздердің алдына дәйекше « ء» қойылмайды.
Себебі бұл дыбыс – ол болмаса да жіңішке айтылатын дыбыс.
Дауыссыз дыбыстар үшін біз алып тұрмыз мынау хәріптерді:
ب (б), پ (п), ج (ж), ت (т), د (д), ر (р), ز (з), س (с), غ (ғ), ق (к), ك (к),
َـك (г), ڭ (ң), ل (л), م (м), ن (н). Бұдан көрінеді, осы күнде қазақ
сөздеріне жазып жүрген « » мен « »
40
-ларды алмағанымыз,
жоғарыда айтылуы бойынша. Дауыссыз дыбыстар дауысты
дыбыстардың иелігінде. Бұларға яғни олардың жуан я жіңішке
айтылуы дауысты дыбыстардың жуан я жіңішке айтылуына
қарай. Оған көнбейтін дауыссыз дыбыстар: ق (қ), غ (ғ), ك (к),
َـك (г), ت (т)-ның орнына « ت » (т) жуан айтылатын болған соң,
« »-ның орнына « س » жуан айтылатын болған соң, « » мен
« »-лардың бізге керегі жоқ. Олар жазу емлесіне оралғы бола-
ды. Қай жерде « » (т) қай жерде « ت » (т) жазуды білмей осы
күнде де шатасамыз. Егерде екі түрлі айтылатын дыбыстарда
жуан айтылуы үшін бір хәріп, жіңішке айтылуы үшін бір хәріп
керек десек, ондай дыбыстардың әрқайсысына екі хәріптен ке-
рек болар еді. Олай етуге болмайтын, жайын жоғарыда айттық.
Басқадан ала-бөле « ت » мен «س»-ның жуан айтылуы үшін өз
алдына басқа хәріп керек десек, онымыз жөнсіз болар еді. Дау-
ыссыз дыбыстардың бірінен-бірінің артықтығы жоқ, дәрежесі
бірдей.
40
Тырнақша ішіндегі ашық жерлерде араб тілінің жуан т, с таңбалары бар
деп оқу керек – ред.
286
Ш-ны алмай Ү (ге) алғанның мәнісі – қазақ тілінде жазылған
кітаптар, журналдарды қарасақ, «ش» (ш) жазылған сөздер тіпті
аз, жоқ есебінде. Көбіне «ش » (ш) орнына «چ» (ч) жазылыпты.
Басқа түркі тілдерін қарасақ, қазақтың «ش » (ш) келетін жеріне
оларда « « (ч) келеді. اشقا – اجقا (ақша – ақча), – اجناق – اشناق (қанша
– қанча) جيك – شيك (кеш – кеч).
Жана да «ش» (ш) дыбысы «س» (с-тен) гөрі «چ» (ж-ға) жақын,
олай болғанда хәріпінің түрі де «چ» (ж-ға) жақын болғаны
ұнамдырақ көрінеді. Осы айтылған оймен қазақ тіліне «ش» (ш)
хәріпі алынбай, (ч) хәріпі алынды. Мұны алғаннан кемшілік
аз, ұнамы көп. Мысалы: екінші, үшінші, бесінші һәм басқа
сондай «ش» (ш) келетін сөздерді екінші, үшінші, бесінші деп
жазсақ, бастапқылары ұнамдырақ көрінеді. Себебі менің ой-
ымша мынау боларға: «ش» (ш) араб тілінде «س» (с-ға) жақын
дыбыс боларға керек, сондықтан басқа түркі тілінде біздің «س»
(с) орнына жұмсалады. Мысалы: – ساب – شاب (бас-баш), شات –سات
(тас-таш), شاق – ساق (қас-қаш) деген сөздерде. « ق» (қ) һәм «غ»
(ғ) дәйім жуан айтылады, жіңішке айтуға көнбейді. « ك» (к)
һәм «گ » (г) дәйім жіңішке айтылады, жуан айтуға келмейді.
« ق
» (қ) мен «غ» (ғ) жазылған сөздердің алдында дәйекші «
ء
»
қойылмайды, оны қойғанмен бұл хәріптер жіңішке айтылмай-
ды. « ك» (к) мен «گ » (г) алдында дәйекші «
ء
» қойылмады, оны
қоймаса да жіңішке айтылатын болған соң.
Ескерту: жоғарыда бір жерде қосылмайтын хәріп
дедік. Қосылмайтын хәріп деп айтылатын – сол жағымен
жалғаспайтын хәріптер. Мысалы: : ا (а), ل (д), ر (р), ز (з), و
(о), ؤ (ү), ، ه (е). Оң жағымен жалғыз ه (е)-ден басқа хәріптің
бәрі де жалғасады.
Дыбыспен жаттығу
Оқу үйренгендегі бас мақсат – керек сөзді жаза білу, жазылған
сөзді оқи білу. Сөз – дыбыстың мағыналы болып тізілгені. Сөз
айту – дыбысты ауызбен тізу. Сөз жазу – дыбыстардың белгісін
қағаз бетіне тізу. Оқуға келген балалар сөйлей білсе де, ды-
быстарды тізіп сөз шығара білмейді. Себебі олар сөздің ды-
быстан тізілетінін білмейді. Оқуға балалар дыбыс үйренеміз
287
деп келмейді, оқу, жазу үйренеміз деп келеді. Бірақ дыбысты
білмей, дыбыстың қалай тізілетінін білмей, оқу, жазу үйрену
қиын. Сондықтан осы күнде оқуы тәртіпті жұрттар балаларға
хәріп көрсетпей тұрып, әуелі дыбыспен жаттықтырады. Ды-
быспен жаттықтыруға көп уақыт кетпейді, онан келетін пайда
көп: дыбыстарды тізіп үйренсе, хәріптерді тізу қиын болмай-
ды. Сөздің ішінде қанша һәм қандай дыбыстар бар екенін айы-
руды білсе, хәріптерін қою қиын болмайды.
Бұл – усул сотиенің ең жақсы жолы. Мұны түсініп, біліп
істесе, бұл үйретудің ауырлығын көп жеңілтеді. Мұндағы не-
гізгі қағида мынау: әуелі балаларға әртүрлі дыбыс бар екенін
білдіру, екінші, балаларға таныс сөздерді алып, олардың ішінде
қандай дыбыстар барын айырту; үшінші, бөлек-бөлек дыбы-
старды тіздіріп сөз айтуды білдіру. Мұны білген соң, балаларға
хәріп көрсетіп оқытса, оларды құрастырып, сөз етіп айтуға
балалар қиналмайды. Мұны білмей тұрғанда балаларға хәріп
көрсету жарамайды. Ол жайпақпен жүрмей, жармен шыққан
сықылды балалардың күшіне тиеді. Балалар дыбыспен оқып
жүрген уақытта, оларға хәріптердің сүгіреттерін жаздырып
үйрету керек. Мысалы: . (ноқат), .. (қатар ноқат), : (қабат ноқат),
(үш ноқат), (жоғарғы), (төмендегі), (мәд), (таяқ), (тұтқа), (ілгекті
тұтқа), (қармақ), (шеңбер), (ілгекті шеңбер), (тұяқ), (шана бас),
(шақша), (шоқпар), (ирек), (құстұмсық), (таға), (ашық ауыз),
(шәйнек иін), (ожау), (шығыршық)
41
, бұларды хәріп деп жаз-
дыру емес, жазылған әрқайсысының атымен жаздыру яғни
сүгіретін салдыру. Мысалы: ноқат, қармақ, тұтқа басқа да.
Енді дыбыспен қалай оқыту жайын айтайын.
Мұғалім созып « ا » деп айтады да, балалардан сұрайды, не
дыбыс естілді? Балалар: « ا » деген дыбыс естілді. Мұғалім со-
зып басқа бір дыбыс айтады. Мысалы: « ز », мұның турасын-
да да «не дыбыс естілді?» деп сұрайды. Балалардың жауабы
дұрыс болса, мұғалім тағы бір басқа дыбыс айтады. Мысалы:
« س » мұның турасында жоғарғыдай сұрайды. Онан соң, «ل »,
« ر ». Онан басқаларын алады. Осылай бірнеше дыбыстарды
айтқаннан кейін балалар дыбыстың әртүрлі болатұғынын біледі
41
Аталған бірнеше таңбаны көрсете алмадық (ред.)
288
һәм бір дыбыстан бір дыбысты айырып тануға күші жетеді. Со-
нан соң сөз ішіндегі дыбыстарды айыруға да шамалары келеді.
Сөз ішіндегі дыбыстарды балаларға айырту үшін әуелі бір бу-
ынды сөздер алынады. Мысалы: را (ар), زا (аз), لا (ал), سا (ас),
لوا (ол), روا (ор), زوا (оз), басқа да. Сонан соң екі буынды сөздер.
Мысалы: ار - ا (а-ра), از -ا (а-за), اس - ا (а-са), لا - ا (а-ла), ار - وا (о-
ра), ار - اس (са-ра), لا- اس (са-ла), басқа да, онан соң үш буынды
сөздер. Мысалы: لا - ار - ا (а-ра-ла), اس - لا - ا (а-ла-са), ۋۇن - ار- وا
(о-ра-ну), ام - ار - وا (о-ра-ма) басқа да, мұғалім « را » (ар) деген
сөзді анық етіп айтып, балалардан сұрайды: – Бұл сөзде неше
дыбыс? Олар не дыбыс? Баста қай дыбыс? Аяғында қай ды-
быс? – деп. Балалар айта алмаса, мұғалім сөзді созып, ...ا... ر (а...
р...) деп айтады. Созып айтқанда сөздің әр дыбысы анықталып
балалар танырлық болып естіледі. Балалар неше дыбыс бар
екенін айтқаннан кейін, не дыбыстар? деп сұрау, оған дұрыс
жауап бергеннен кейін басында не дыбыс? Аяғында, не дыбыс?
– деп сұрау. Оған дұрыс жауап бергеннен кейін, басқа бір буын-
ды сөзден. бір сөз алу. Мысалы: «زا» (аз) деген сөзді. Бұған да
«را» (ар) деген сөз турасында айтылғанның бәрін істеп, келесі
бір буынды сөздерді аларға керек. Солай бірнеше сөзді алып
дыбыстарын айыртқаннан кейін, балалар бір буынды сөздердің
ішіндегі дыбыстарды айыруды біледі.
Мұнан соң екі буынды сөздің ішіндегі дыбыстарды айыру-
ды үйрету, бұл арада балаларды сөздің буынымен таныстыру
керек. Ол үшін екі буынды, үш буынды сөздерді алып, созып
айту. Созып айтқанда, сөз буын-буыннан бөлініп естіледі. Сөз
ішінде неше буын бар екенін білу балаларға қиын болмай-
ды. Мысалы: « (аға) деген сөзді созып ...اغ... ا (а... ға...) деп
айтқанда екіге бөлінеді. «رلااغا» (ағалар) деген сөзді созып .......ا
رلا....اغ (а... ға... лар) деп, айтқанда үшке бөлінеді. «اغرلااغا»
(ағаларға) деген сөзді созып ...اغ...رلا... اغ...ا(а... ға... лар... ға)
деп айтқанда төртке бөлінеді. Осылай бірнеше сөзді созып ай-
тып көрсеткеннен кейін балалар да әр сөзді созып айтып, қай
сөзде қанша буын бар екенін айыруды біледі. Сөзді буындап
бөлуді білгеннен кейін мұғалім екі буынды, үш буынды алып,
әуелі әр сөзді буын-буынынан бөлдіріп, әр буындағы дыбы-
старды айыртқызып, сонан соң тұтас сөздің ішінде қанша һәм
289
қандай дыбыс барлығын көрсетеді. Мұғалім алады, мысалы:
«ازا» (аза) деген
сөзді. Анықтап айтады да балалардан сұрайды:
неше дыбыс бар? деп. Балалар айта алмаса, сөзді буындай
бөлгізеді. Сонан соң бас буында неше дыбыс? – дейді. Бала-
лар: бір дыбыс. – Мұғалім: – ол не дыбыс? Балалар – «ا» (а).
Мұғалім: – соңғы буынында неше дыбыс? Балалар: – екі ды-
быс. Мұғалім: – олар не дыбыс? Балалар: – «ز» (з) һәм «ا» (а)..
Мұғалім: – әуелі қайсысы? Сонан соң қайсысы? Балалар: әуелі
«ز» (з), сонан соң «ا» (а). Мұғалім: – олай болғанда «ازا» (аза)
деген сөздің ішінде баршасы неше дыбыс һәм қандай дыбыс
екен? Балалар: – «ازا» (аза) деген сөздің ішінде үш дыбыс бар,
әуелгі дыбыс «ا» (а), сонан соңғы «ز» (з), онан соңғы тағы «ا»
(а). Өзге екі буынды, үш буынды, төрт буынды сөздердің ды-
быстарын айырту үшін осылай істеу.
Балалар сөзді буындап бөле білгеннен кейін, сөздің әр
буынындағы дыбыстарды айырып, тұтас сөздің ішіндегі ды-
быстарды білетін болған соң, дыбыстарды қосып сөз айтуды
үйрету. Бұл үшін әуелі дыбыстарды емес, сөздің буындарын
бөлек-бөлек айтып, оларды қосқызып сөз айтқызу. Мұғалім
балаларға:
«لا» (ал) менен «ام» (ма)-ны қосыңдар не сөз шығар екен деді.
Балалар: – املا (алма) деген сөз болады. Мұғалім: «رام» (мар) менен
«اق» (қа)-ны косыңдар! Балалар – «اقرام» (марқа) деген сөз.
Мұғалім: اق (қа)-ны һәм «ار» (ра)-ны қосыңдар! Балалар: «اراق»
(қара) деген сөз. Мұғалім: «ا» (а)-ны һәм «اس» (са)-ны қосыңдар!
Балалар: – «اسا» (аса) деген сөз. Мұғалім: «ا» (а)-ны һәм «ار»
(ра)-ны қосыңдар! Балалар: «ارا» (ара) деген сөз. Мұғалім: «ا»
(а)-ны һәм «ر» (р)-ды қосыңдар! Балалар: «را» (ар) деген сөз.
Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «ز» (з)- ны қосыңдар! Балалар: – «زا»
(аз) деген сөз. Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «س» (с)-ны қосыңдар!
Балалар – «سا» (ас) деген сөз. Мұғалім: – «ا» (а)-ны һәм «ت» (т)-
ны қосыңдар! Балалар: – «تا» (ат) деген сөз? Сөздің ішіндегі
дыбыстарды айыра һәм қоса білуге аз болса бір жеті, көп бол-
са екі жеті уақыт керек. Балалар әбден білгенше асырып хәріп
көрсетпеске керек. Балалар сөздің буындарын һәм дыбыстарын
қосып үйренгеннен кейін, хәріптерді көрсету мұны бұлай етеді.
Мұғалім балаларға айтады: біз талай «لاا» (ала) деген дыбысты
290
айттық. Ол дыбыс талай сөздің ішінде келді. Бұл дыбысты айта
білесіңдер. Біреу айтса танисыңдар. Бірақ жаза білмейсіңдер.
Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстын әр елдің
таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс
екенін танимыз. Мысалы: «ا» (а) деген дыбыстың таңбасы
мынау «ا»
42
мұны көрсеңдер «ا» (а) дыбыс екенін танып «ا» (а)
деп айтасыңдар. Сонан соң мұны не дейсіңдер деп, бір-бірлеп
бірнеше баладан сұрайды. – Балар «ا» (а) деп айтқаннан кейін,
мығым балаларға «ا» (а)-ның хәріпін жазғызады. Жазғызарда
айтады: таяқты жаза білесіңдер, мәдті жаза білесіңдер, таяқты
жазып үстіне мәд қойсаңдар, «ا» (а)-ның таңбасы болады.
Балалар қайта-қайта бірнеше рет жазғаннан кейін, мұғалім
олардың қисық яки қата жазғанын түзеткеннен кейін «ر» (р)-
дің хәріпін көрсету бұл турасында да «ا» (а) хәріпіне айтқанды
айтып, соған істегенді бұғанда істейді. Яғни көрсеткеннен
кейін оқытады, оқытқанан кейін жазғызады, жазғанда қисық
яки қата жазғандарын түзетеді.
Сонан соң «ا» (а)-ны «ر» (р)-ды балаларға қосып айтқызады.
Балалар «ا» (а) һәм «ر» (р)-ды дыбыспен қосуды біледі. Олардың
хәріпіне қарап қосуға қиналмас. Хәріпіне қарап қосуды бала-
лар жатырақ көріп қиналғандай болса, бұл екі дыбысты әуелі
хәріптерге қарамай қосқызып, сонан соң хәріптерге қарап
қосқызу, олай еткенде оңай қосады. «ا» (а)-ны «ر» (р)-дың ал-
дына қойып қосқызғаннан соң, «ا» (а)-ны «ر» (р)-дың соңынан
қойып та қосқызу, балалар «را» (ар) деп те «ار» (ра) деп те қосуды
білген соң, «ارا» (ара) деген сөзді оқуға қосу – бұл үшін әуелі
«ار» (ра)-ны балаларға айтқызады, сонан соң «ا» (а)-ны «ار»
(ра)-ның алдына қойып айтқызады, балалар бірден қоса алмаса,
«ا» (а)-ны созып айтқызып, үзбей барып «ار» (ра)-ны айтқызса,
қосылып айтылып кетеді. Балалар бұрын екі буынды сөздердің
буындарын қоса білетін, сондықтан бұл сөздің де екі буы-
нын қосып «ارا» (ара) деген сөз етіп айту оларға қиын болмас.
Мұнан соң «ر» (р)-дың жазуын көрсетіп, балаларға жазғызады.
Бұрынғы шана, бас деп талай жазған нәрсесі болған себепті,
42
Тақтаға жазады, я баспа ірі харіптерін алып яки мұғалім өзі үлкен етіп
жазған әріптерінен «әліпті» (а)-ны алып көрсетеді.
291
мұны жазуға балаларға еш қиындық болмайды «ر» (р) бірнеше
рет жазғаннан кейін, балалар «را» (ар), «ارا» (ара) деп қайта-
қайта дәптердің бір беті толғанша жазады. Осымен хәріп
оқудың 1-нші сабағы тәмам болады.
Келесі бір күні балалардың жазғанын оқытқызып, онан соң
әліппедегі баспасын оқытқызып, екінші сабаққа түсу. Екінші
сабақтағы хәріп «ز» (з). Бұл хәріпті көрсетуден бұрын мұғалім
ішінде «ز» (з) келетін бірнеше қысқа сөздерді айтып, балаларға
қандай дыбыстар барын айыртқызады. Сонан соң «ز» (з) деген
дыбыстың хәріпі мынау деп көрсетеді һәм жазғанда қалай жа-
зылады, оны да көрсетіп, «زا» (аз), «ازا» (аза), «راز» (зар), «رازا»
(азар) деген сөздерді кеспе әліппеменен я болмаса тақтайға жа-
зып, ең болмаса әліппедегі баспаларын оқытады. Бірден қосып
оқи алмаған жерлерде сөздерді буындап бөліп қосқызады.
Мұнан арғы сабақтардағы хәріптерді үйрету жөні һәм реті
осылай болады. Яғни әр жаңа хәріп үшін әуелі сол жаңа хәріп
ішінде келетін қысқа-қысқа сөздерді айтып, дыбысын айырту.
Екінші, үйрететін дыбыстың хәріфін кеспе әліппеден алып яки
тақтайға жазып көрсету; үшінші, ішінде сол хәріп бар сөздерді
оқыту, жазғызу; төртінші, жазғандағы қаталарын балалардың
көзінше түзету.
292
293
Қазақстан Оқу комиссариатының білім ордасы
БAЙТҰРСЫН ҰЛЫ AҚЫМЕТ
Т І Л Ж Ұ М С A Р
Сөйлеу, оқу, жазу тілін жұмыс тәжірибесі арқылы
танытатын 1-інші кітап
Білім ордасы 1-нші басқыш мектепте ұстауға ұйғарған
Қазақстан баспасы
Қызылорда – 1928 жыл
294
Достарыңызбен бөлісу: |