Ббк 81. 2 Қаз б 20 Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті


«Тіл тағылымында» (1992) берілген «Тіл-құрал» (1925) оқулығы  түпнұсқасымен салыстырылды. Тіл мүшелері



Pdf көрінісі
бет23/24
Дата28.12.2016
өлшемі2,77 Mb.
#610
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24

«Тіл тағылымында» (1992) берілген «Тіл-құрал» (1925) оқулығы 
түпнұсқасымен салыстырылды.
Тіл мүшелері.
Сөйлеу мен сөйлем.
Түпнұсқадағы:  «Сондықтан  сөйлей  білу  қандай  керек  болса, 
жаза  білудің  керектігі  онан  да  артық»  (1-бет)  деген  сөйлем  «Тіл 
тағылымында» (174-6.) жоқ. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «...ноғайша  оқығандар  ноғай  сөзінің  жүйесіне 
дағдыланып үйренген» (1-б) деген сөйлем «Тіл тағылымында» түсіп 
қалған. Түпнұсқадағыдай берілді.
Түпнұсқадағы:  «сұмсұнғанға»  деген  сөз  «Тіл  тағылымында»: 
«сомсынғанда»  (174-б.)  деп  берілген.  Түпнұсқадағы  қалпына 
келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «І-ші  бөліміндегі  дыбыс  жүйесі»  (12-бет)  деген 
сөйлемдегі  «бөліміндегі»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «біліміндегі» 
(174-бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқадағы: «Солай бірнеше рет істеп көрсеткеннен кейін...» 
(3-бет) деген сөйлемдегі «істеп» сөзі «Тіл тағылымында» (175-бет) 
жоқ. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «... белгі «дәйекші» 
 
бар» (11-б.) деген сөйлемдегі 
мына белгі « 
 
» «Тіл тағылымында» (174-б.) кездеспейді. « 
 
» – (араб 
грамматикасынан алынған) сөзді жіңішкертіп айтуға арналған белгі.
Түпнұсқадағы:  «үй»  деген  сөз  «Тіл  тағылымында»:  «із»  деп 
берілген. Түпнұсқа орнына келтірілді.
Түпнұсқадағы: «ал» сөзі «Тіл тағылымында»: «сол» деп берілген. 
Түпнұсқада:  «ти»,  «Тіл  тағылымында»:  «тіл»  деп  жазылған. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Қазақ тіліндегі дыбыстар: олардың таңбалары.
«Тіл тағылымында» «Дыбыстар қандай түрге бөлініп, қалай атал-
са,  олардың  таңбалары  да  солай  бөлініп,  солай  айтылады»  деген 
сөйлем берілген (179-бет). Бұл сөйлем түпнұсқада (11-б.) кездеспейді.
Жұрнақтар.
Түпнұсқадағы: «-ма» жұрнақ түбір өздің аяғы дауысты я жар-
ты дауысты дыбыс болса...» (26-бет) деген сөйлемдегі «я жарты 
дауыс ты»  деген  тіркес  «Тіл  тағылымында»  (189-бет)  кездеспейді. 
Түпнұсқа бойынша берілді.

359
Есімдік.
Түпнұсқадағы: «Төмендегі сөздердің ішіндегі есімдік сөздерді ай-
ырту» (31-бет) деген сөйлемдегі «айырту» сөзі «Тіл тағылымында»: 
«ажырату»  (193-бет)  болып  өзгерген.  Түпнұсқадағы  қалпына 
келтірілді.
Атауыш сөздер.
Сын есім.
Түпнұсқадағы:  «бай  қазақ»  (29-бет)  деген  сөз  тіркесі  «Тіл 
тағылымында»: «жай қазақ» (191-бет) деп жазылған. Түпнұсқадағы: 
«баладей»  деген  сөз  «Тіл  тағылымында»:  «баладай»  деп  берілген. 
Түпнұсқада: «жоқ» деген сөз берілмеген. Ал, «Тіл тағылымында»: 
«жоқ» деп сөз қосылған. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Шылау сөздер.
Үстеу.
Түпнұсқадағы:  «...бірақ,  оның  кайда  кеткендігі,  менің  қайда 
келгендігім...»  (34-бет)  деген  сейлемдегі  «келгендігім»  сөзі  «Тіл 
тағылымында»:  «кеткендігім»  (194-бет)  болып  қате  берілген. 
Түпнұсқа бойынша берілді.
Демеу.
Түпнұсқадағы:  «Болмаса  жемнен  қысып  сақтадым  ба?»  де-
ген сөйлемнен кейін келетін «...әйтпесе әбзелдерің сәнді емес пе?» 
(36-бет)  деген  сөйлем  «Тіл  тағылымында»  (194-бет)  кездеспейді. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
1. Тіл-құрал (қазақ тілінін сарфы, бірінші жылдық. Орынбор, 
1914 ж.)
2. Тіл-құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері. 1-ші тіл танытқыш 
кітап,  қазақ-қыргыз  білімпаздарының  І-інші  тобынын  қаулысы 
бойынша өзгертіліп 5-інші басылуы. Қызыл-Орда, 1925 ж.)
1914  жылғы  «Тіл-құрал»  оқулығы  толықтырылып,  1925  жылы 
Қызыл-Орда қаласынан «Тіл-құрал (дыбыс жүйесі мен түрлері) І-ші 
тіл танытқыш кітап)» деген атаумен қайтадан жарық көргені мәлім. 
Төменде екі басылымдағы салыстырулар беріледі.
Оқулық А.Байтұрсынұлының алғы сөзімен басталады, бірақ ав тор 
бұл алғы сөзде 1914 жылғы басылыммен салыстырғанда өзгертулер, 
толықтырулар енгізген.
А.Байтұрсынұлы  1914  жылғы  оқулықта  көбіне  грам-матикалық 
атауларды  араб  грамматикасында  қалыптасқан  атаулармен  берсе, 
1925 жылғы оқулықта тек қазақша баламаларын қолданған.
Алғы  сөзде  (1914  ж.):  «...халық  өмірі  бір  жылдап,  он  жыл-
дап,  хәттә  жүз  жылдап  та  емес,  мың  жылдап  саналады»  деген 
сөйлемдегі «хәттә»  араб сөзі, «тіпті» деген мағынаға саяды. Ал, 
1925 жылғы басылымда бұл сөз «катта» болып өзгеріс тапқан.

360
Осы  сөйлемнен  кейінгі  (1914  ж.):  «Біздің  жасынан  орысша  я 
ноғайша  оқыған  бауырларымыз  ...»  деген  сөйлемдегі  «я»  шылауы 
1925 жылғы басылымда «нe» деп берілген. «Иа» – араб сөзі, «не, не-
месе» деген мағына береді. Сондай-ақ, 1914 жылғы оқулықтағы: «... 
олардың ішінен қағида я ережеге келетін жерлерін...» деп басталатын 
сөйлемдегі «қағида» сөзі 1925 жылғы басылымда берілмейді. Тек «... 
олардың ішінен ережеге келетін жерлерін...» болып қысқартылған, 
себебі «қағида»  араб грамматикасында «ереже» дегенді білдіреді.
Сондай-ақ,  «Қазақтың  бастауыш  мектебінде  басқа  білім-дермен 
қатар қазақ тілінің наху, сапфы үйретілерге керек» (Орынбор, 1914) 
деп мағлұмдаса, кейінгі басылымда «Қазақтың бастауыш мектебінде 
басқа білімдермен қатар қазақ тілінің дыбыс. сөз. сөйлем жүйелерін 
үйрету керек» (Қызылорда, 1925) деп таза қазақы атаулармен берген.
Яғни наху, сарф – араб сөздері, наху  грамматика, сарф – мор-
фология  деген  мағына  береді.  Ал,  А.Байтұрсынұлы  1925  жылғы 
оқулықта  грамматиканы  –  дыбыс,  сөз,  морфологияны  –  сөйлем 
жүйесі деп, қазақша баламасын ұсынған.
«Тіл-құрал» аты қандай жат көрінсе, ішкі мазмұны да әуелгі кезде 
сондай жат көрінер, үйткені бұл қазақта бұрын болмаған жаңа зат. 
Халықта  бұрын  болмаган  нәрсе  жаңа  шыққан  кезінде  жат  көрініп, 
бірте-бірте бойы үйренген соң жатырқау қалатын. Арабша һәм орыс-
ша наху, сарф үйренгендерге жат көрінгенмен түсініксіз болмас. Араб 
һәм орыс наху, сарфларында оқытылатын заттар мұнда да оқылады. 
Айырмасы сол ғана. Онда арабша иа орысша айтылған есімдер мұнда 
қазақша  айтылады.  Олай  болғанда  қылатын  заты  бір,  аты  басқа» 
деген  түсініктеме  1925  жылғы  оқулықта  берілмеген.  Бұл  туралы 
1992 жылға «Тіл тағылымының» алғы сөзінде: «1914-1925 жылдар 
аралығында «Тіл-құралдың» аты да, заты да қазақ жұртшылығына 
жат  көрінбек  түгіл,  етене  жақын,  баршаға  мәлім  дүние  болып 
кеткен-ді» деп түсіндіреді.
1925  жылғы  оқулықта  қазақ  тілінің  грамматикасын  үйретуге 
бір  жүйеге  түсірілгендік  байқалады.  Мысалы:  «Бастауыш  мек-
тепте балаларға тіл таныту үш тарау болып бөлінеді: 1) Дыбыс 
жүйесі мен түрлері. 2) Сөз жүйесі мен түрлері. 3) Сөйлем жүйесі 
мен  түрлері»  деп  арнайы  үш  топқа  боліп  алып,  осы  тараулар  бой-
ынша жеке-жеке дәріс өткізілген. Мұндай нақты жүйе 1914 жылғы 
оқулықта кездеспейді.
Сондай-ақ,  1914  жылғы  оқулықтағы:  «Сөз  мүшелері»,  «Сөйлеу 
һәм сөйлем», «Сөйлем һәм сөз», «Сөз һәм буындар», «Буын һәм ды-
быс»,  «Қазақ  сөзіндегі  дыбыстар  һәм  олардың  харіфтері»,  «Жазу 
қағидалары»  деген  такырып  атаулары  1925  жылғы  басылымда: 
«Тіл мүшелері», «Сөйлеу мен сөйлем», «Сөйлем мен сөз», «Сөз мен  

361
буындар», «Буын мен дыбыс», «Қазақ тіліндегі дыбыстар: олардың 
таңбалары»  болып  өзгеріске  түскен.  Сондай-ақ,  1925  жылғы 
оқулықта «Жазу қағидалары» деген тақырыпша кездеспейді.
Қазақ сөзіндегі дыбыстар һәм олардын харіфтері
1914  жылғы  басылымда  «...дыбыстар  дауысты,  дауыссыз,  һәм 
жар ты дауысты (орта дыбыс) болады» деп, дауысты дыбыстарға 
«а, о, у, ы, и, е» дыбыстарын жатқызса, дауыссыз дыбыстарды екіге 
бөліп: «қатаң», «ұяң» деп береді де, олардың таңбалануын «харіф» 
деп атайды.
Қатаң  харіфтерге:  б,  п,  т,  д,  ш,  с,  г,  қ,  к,  г-лерді  жатқызса,  ұяң 
харіфтерге: ж, р, з, л, м, н, ң-дарды алған.
Ұяң дыбыстардың өзін ішінен: ымыралы, ымырасыз деп бөлген.
Ымыралы харіфтер: ж, р, з, л.
Ымырасыз харіфтер: м, н, ң деп көрсетеді.
Жарты (немесе орта дыбыс) дауыстылар деп «у мен й»-ді атайды.
Ал,  1925  жылғы  «Тіл-құралда»  жарты  дауысты  дыбыстарды 
дауыс сыз  дыбыстардың  ішінен  бөліп  шығарады.  «Дауысты  дыбы-
стар түрлі қасиеттеріне қарай өзара бірнеше түрге бөлінеді» деп, 
оларды жарты, катаң, ұяң деп атайды да, «харіф»-ті, енді «таңба» деп 
атайды.
Жарты дауысты дыбыстар: р, л, у, и.
Қатаң дыбыстар: б, п, т, с, ш, қ, к.
Ұяң дыбыстар: м,н, н.
Ал, ымыралы дыбыстарға: ж, з.
Ымыралы дыбыстарға: д, г, г-ні жатқызады.
1914  жылгы  оқулықта  «Жазу  қағидалары»  деген  тақырыпша 
берілген.  Мұңда  «а,  о,  у,  у,  ы,  й,  е,  қ,  г»  дыбыстарынын  жазы-
лу  ережелерімен  таныстыра  отырып,  осы  дыбыстардың  қай  жер-
де  қалай  жазылатындығы,  дыбысталғанда  басқа,  жазылғанда  
басқа  болатын  дыбыстардың  жазылу  үлгілерімен  таныстырылып, 
осы қағидаға байланысты арнайы тапсырмалар берілген. Ал, мұндай 
түсіңдірмелі ереже 1925 жылғы оқулықта кездеспейді.
Сөз жазылуының жалпы ережелері
1914 жылғы оқулық бойынша сөз жазылуының ережелерін 5 түрге 
бөліп қарастырса, 1925 жылғы оқулықта оны 8 түрге бөлген.
1914 жылғы оқулықта:
1. «һәр түбір сөз һәм туынды сөз жұрнақтарымен, жалғауларымен 
бірге,  тұтас  жазылады,  бірақ  үзетін  харіфтер  келген  жерде  үзіледі 
(үзетін харіфтер: а, д, з, р, о, ұ, е).
2.  Қос  сөздердің  арасы  сызықша  (–)-мен  айырылып  жазылады 
(аяқ-табақ, киім-кешек).
3. Қосалқы сөз бөлек жазылады.

362
4. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады. Жұрнақ ішіндегі 
дүдәмал естілетін дыбыстар естілген қалыпша жазылады.
5. Жалғаулар. Түбір сөзге де туынды сөзге де қосылып жазылады.
1925 жылғы оқулықта:
1.  «Әр  түбір  сөз,  туынды  сөз  жұрнақтарымен,  жалғауларымен 
бірге, тұтас жазылады, бірақ үзілетін қаріптер келген жерде үзіледі 
(үзілетін қаріптер: а, д, з, р, о, ү, е).
2. Жалпылағыш қос сөздердің арасы дәйім сызықшамен (–) айы-
рылып жазылады.
3. Жалқылағыш қос сөздердің арасы сызықшамен (–) айырылып 
та, айрылмай да жазылады.
4.  Сөз  артынан  жалғанатын  демеулер  алдындағы  сөзбен 
сызықшасыз  бөлек  жазылады,  ондай  демеулер  түбір  сөзбен 
жалғаудың  арасында  айтылатын  болғанда  түбір  сөзге  сызықшамен 
жалғанып жалғаумен бірге жазылады.
5.  Үндестік  заңына  келмейтін  «-гер»,  «-дікі»,  «-паз»  сықылды 
жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
6. Қосалқы «-ма», «-ба»-лардан «еді», «екен» деген сөздер бөлек 
жазылады.
7. Жұрнақтар барша сөзге қосылып жазылады, жұрнақ ішіндегі 
дыбыстар естілу қалыбынша жазылады.
8. Жалғаулар түбір сөзге де, туынды сөзге де қосыльгп жазылады.
1914  жылғы  оқулықтың  соңында  «Мұғалімдер  үшін  баянда-
ма»  атты  мақала  берілген.  Мұнда  А.Байтұрсынұлы  жаңадан  сауат 
ашқалы отырған жастарға қазақ тілінің грамматикасын түсіндірудегі 
туындайтын  қиыншылықтарды
51
  көрсете  отырып,  сөйлем  басында, 
ор тасында, аяғында әpүрлі таңбаланатын әріптерді бір-бірінен қалай 
ажырату керектігі, оны қарапайым түрде қалай түсіндіру жолдарын 
баяндайды.
Ал,  1925  жылғы  оқулықта  мұндай  тақырыпша  беріл-меген.  Бұл 
– 1914-1925 жыл аралығында қазақ тілінің грамматикасының толық 
қалыптасып, бір жүйеге түскендігін, оқытушыларға түсіндіру бары-
сында қиындық тумағандығын аңғартады.
«Тіл-құрал»  (Қазақ  тілінің  сарфы,  2-ші  жылдық».  Орынбор, 
1915)
А.Байтұрсынұлының екінші жылдық оқушыларға арналған «Тіл-
құрал» оқулығы 1915 жылы Орынбор қаласынан «Тіл-құрал» (Қазақ 
тілінің сарфы) 2-ші жылдық» деген атаумен жарық көрді.
Бұл оқулық бірінші жылдық (1914) оқулыққа қарағанда анағұрлым 
күрделі, нақты грамматикалық мысалдармен толықтырылған. Мұнда: 
51
 
Төте жазуға қатысты (Құраст.).

363
«Тәуелді қалып – оңаша тәуелдік, ортақ тәуелдік; Зат есімнен туған 
сөздер; Сын есім  жай шырай, талғаулы шырай, таңдаулы шырай; 
Сан есім  есептік сан есім, реттік сан есім, сан есім жалғаулары; 
Есімдік  жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, танымдық 
есімдігі; Етістік, етістер  сабақты етіс, салт етіс, ортақ етіс, 
өзгелік етіс, беделді етіс, ырықсыз етіс, шағыс етіс, дүркінді етіс, 
өсіңкі етіс; Райлар  тұйық рай, билік рай, ашық рай, шартты рай, 
ереуіл рай, реніш рай, қалау рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал 
рай, мұң рай, көніс рай, қайрау рай, азалы рай, теріс рай; көсемше, 
есімше,  етістіктен  туған  сөздер;  Үстеу  –  нықтаулық  үстеу, 
сынаулық үстеу, өлшеулік үстеу; Демеу; Жалғаулықтар; Одағайдан 
туған  сөздер»  деген  атауларды  қолданып,  әрқайсысына  жеке-жеке 
мысалдар келтірген.
Мұнда  А.Байтұрсынұлы  қазіргі  тілімізде  кездеспейтін  кейбір 
жаңа  атауларды  да  қолданысқа  енгізген.  Мысалы:  «Беделді  етіс, 
шағыс етіс, дүркінді етіс, өсіңкі етіс; Райлар – билік рай, ереуіл рай, 
реніш рай, сенімді рай, сенімсіз рай, болжал рай, мұң рай, көніс рай, 
қайрау рай, азалы рай, теріс рай» деген атаулар қазіргі қолданыста 
жоқ екендігі мәлім.
«Тіл  тағылымын»  жинағында  (1992)  қайта  жарық  көрген  бұл 
оқулықтың  түпнұсқасы  табылмағандықтан,  1922  жылы  Ташкент 
каласынан «Тіл-құрал (қазақ тілінің сарфы, екінші жылдық)» деген 
атпен  екінші  рет  жарық  көрген  нұсқасымен  салыстырылды.  Салы-
стыру  барысында  кітаптың  ішкі  маз-мұнында  ешқандай  өзгерістер 
кездеспеді, тек қазіргі әріпке көшірілгенде кейбір сөздер, сөйлемдер 
өзгертіліп, қысқарып кеткен.
Сөйлеу бөлімдері.
І. Зат есім.
Түпнұсқадағы: «Нәрсе деп не түрлі де болса бап заттарды айта-
мыз» (3-бет) деген сөйлемдегі «бап» сөзі «Тіл тағылымында» (199-
бет). Түпнұсқа бойынша берілді.
Түпнұсқадағы:  «Есепсіз  бай  болсаң  да  Қарымбайдай,  сахи  боп, 
мал шашсаң да Атымтайдай, патшадай Әмір-Темірден түзетіп болсаң 
да...» (4-бет) деген сөйлем «Тіл тағылымында» (201-бет) берілмеген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Жай қалып.
Түпнұсқадағы  «тары»  (9-б.)  сөзінің  жіктелуі  жатыс,  шығыс 
септіктерінде «неде? неден» деп берілсе, «Тіл тағылымында»: «кімде? 
кімнен?» (204-б.) болып қате берілген. Түпнұсқа бойынша берілді.
Сонымен қатар, түпнұсқада осы жіктеуден кейін «дүние» (9-бет) 
сөзін алып жіктеген. Ал, «Тіл тағылымында» «кеме» (204-бет) болып 
өзгертілген.

364
Түпнұсқаның  13-ші  бетінде:  «Сөз,  көл,  ел,  жер...»  деген  жеке 
сөздер берілген. Бұл сөздердің ішіндегі «көл» сөзі «Тіл тағылымында» 
«көк» (206-бет) болып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді. (Ескер-
ту: Сөздердің бұлай басқа мағынаға ауысып кетуі «Тіл тағылымын-
да» көптеп кездеседі!)
Зат есімнен туған сөздер.
Түпнүсқадағы:  «-шылық»  жұрнағы  зат  есіміне...»  (24-бет)  деп 
басталатын сөйлемдегі «есіміне» сөзі «Тіл тағылымында»: «есімге» 
(213-бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша түзетілді.
Түпнұсқадағы:  «Тұрмұхаммед,  Есмұхаммед,  Қосмұхаммед» 
(27-бет)  деген  кісі  аттары  «Тіл  тағылымында»:  «Тұрмағамбет», 
«Есмағамбет»,  «Қосмағамбет»  (215-бет)  болып  өзгертілген. 
Түпнұсқа бойынша берілді.
Сын есім.
Түпнұсқаның 30-бетінде берілген: «Сыр сыны сөздер таптыру» 
деген  сөйлемдегі  «таптыру»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «тапқызу» 
(218-бет)  болып  өзгеріске  түскен.  Түпнұсқа  бойынша  қалпына 
келтірілді.
Түпнұсқадағы:  «Жай  сынның  жалғау  өзіне  жалғанбай»  (32-бет) 
деген  сөйлемдегі  «өзіне»  сөзі  «Тіл  тағылымында»  (219-бет)  түсіп 
қал ған. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Тәуелді қалып.
Реттік.
Түпнұсқадағы: «-тық» жұрнағын жалғатып, алпыстық деген» 
(43-бет) сөйлеміндегі «деген» сөзі «Тіл тағылымында»: «дейміз» (225-
бет) болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Есімдік.
Түпнұсқадағы:  «...жүретін  сөздер,  мәселен,  мұгалім...»  (44-бет) 
деген сөйлемдегі «мұғалім» сөзі «Тіл тағылымында»: «мағлұм» бо-
лып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Етістер.
Түпнұсқадағы:  «шағыс  етіс»  (53-бет)  деген  атау  «Тіл 
тағылымында»:  «шығыс  етіс»  болып  берілген  (231-бет).  Түпнұсқа 
бойынша түзетілді.
Ырықсыз етіс.
Түпнұсқадағы: «қуылды» деген сөз (55-бет) «Тіл тағы-лымында»: 
«туылды»  (233-бет)  болып  өзгеріске  түскен.  Түпнұсқадағыдай 
берілді.
Тұйық рай.
Түпнұсқадағы: «... түбірінің аяқ дыбысына қарай етістік өзгереді» 
(57-бет)  деген  сөйлемдегі  «етістік»  сөзі  «Тіл  тағылымында»  жоқ 
(234-бет). Түпнұсқа қалпына келтірілді.

365
Қалау рай.
Түпнұсқадағы: «...істі көңіл қалау, қаламауын көрсететін...» (69-
бет)  деп  басталатын  сөйлемдегі  «қалау»  сөзі  «Тіл  тағылымында» 
берілмеген (242-бет). Түпнұсқа бойынша өзгертілді.
Етістіктен туатын басқа сөздердегі жұрнақтар.
Түпнұсқадағы: «...сондай етістік түбірлерін алып...» (85-бет) де-
ген сөйлемдегі «етістік» сөзі «Тіл тағылымында» кездеспейді (255-
бет). Түпнұсқа бойынша қалпына келтірілді.
Осы  беттегі:  «...етістік  түбірлеріне...»  деген  сөйлемдегі 
«түбірлеріне» сөзі «Тіл тағылымында»: «түбірге» болып өзгерген. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Одағайдан туған сөздер.
Түпнұсқаның 95-інші бетіндегі: «...кілт ету, тырс ету, шақ ету, 
так emv, шық ету...» деген сөз тіркестеріндегі «так ету, шық ету» 
тіркестері «Тіл тағылымында» түсіп қалған (262-бет). Түпнұсқа бо-
йынша өзгертілді.
«Тіл-құрал. (Сөйлем жүйесі мен түрлері. ІІІ-ші тіл танытқыш 
кітап, түзетіліп, толықтырылып, жана емлемен 3-ші басылуы. 
1925 жылы Қызылорда)
А.Байтұрсынұлының  үш  жылдық  мектеп  оқушыларына  арнаған 
бұл оқулығы екі бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде: Сөйлем жүйесі; Сөйлем мүшелері, бастауыш – 
бастауыш болатын сөз таптары; Баяндауыш – баяндауыш болатын сөз 
таптары, қосарлы баяндауыш; Анықтауыш – анықтауыш болатын сөз 
таптары;  Толықтауыш;  Пысықтауыш  сөздер  –  мезгіл  пысықтауыш, 
мекен  пысықтауышы,  сын  пысықтауышы,  себеп  пысықтауышы, 
мақсат пысықтауышы; Бұратана сөздер – қыстырма сөздер, қаратпа 
сөздер  қарастырылса,  екінші  тарауда  сөйлем  түрлері  –  Болым-
ды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем, толымсыз сөйлем, 
жалаң сөйлем, жайылма сөйлем; айтылуынша айырылатын түрлері 
– сұраулы сөйлем, лепті сөйлем, тілекті сөйлем – бұйрық түрдегісі, 
өтініш  түрдегісі,  үгіт  (ақыл)  түрдегісі,  жай  тілек  түрдегісі;  жай 
сөйлем,  құрылуынша  айырылатын  түрлері  –  іргелес  сөйлемдер, 
құрмалас  сөйлемдер,  сыйысулы  құрмалас  –  шұбалаң  түрі,  ықшам 
түрі, қиысулы құрмалас болып жіктелген.
«Тіл тағылымында» (1992) қайта жарық көрген бұл оқулық сол 
түпнұсқасымен салыстырылды.
Бірінші бөлім.
Баяндауыш.
Түпнұсқадағы: «...көптік жүзінен бірінші, екінші...» (15-бет) деп 
басталатын сөйлемдегі «екінші» сөзі «Тіл тағылымында» жоқ (274-
бет). Түпнұсқа қалпына келтірілді.

366
Қаратпа сөз.
Түпнұсқадағы: «Ит тойған жерін іздейді» деген сөйлемнен кейін 
тұрған «Ер туған жерін іздейді» (34-бет) сөйлемі «Тіл тағылымында» 
жоқ (288-бет). Түпнұсқа бойынша берілді.
Екінші бөлім.
Жайылма сөйлем.
Түпнұсқадағы:  «Шоңмұрын  деген  молда  бар,  Төлеген  деген 
жорға  бар»  (49-бет)  деген  сөйлемдегі  «Төлеген  деген  жорға  бар» 
сөйлемі «Тіл тағылымында» кездеспейді (300-бет). Түпнұсқа бойын-
ша қалпы на келтірілді
Құрылуынша айырылатын түрлері.
Түпнұсқадағы:  «Тысқы  жақындық  сөйлемдерді  бір-біріне 
жанастыру  жүзіндегі  жанастық»  (49-бет)  деген  сөйлем  «Тіл 
тағылымында» (300-бет) жоқ. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Мезгіл пысықтауышының бағыныңқысы.
Түпнұсқадағы: «...сөйлемінің мезгіл пысықтауышы «қашан жер 
отаяды»  деген  бағыныңқы  сөйлем...»  деп  басталатын  сөйлем  (54-
бет)  «Тіл  тағылымында»  (304-бет)  берілмеген.  Түпнұсқа  бойынша 
түзетілді.
Мақсат пысықтауышының багыныңқысы.
Түпнұсқадағы:  «Мұнда  ілтипат  ететін  нәрсе  мынау...»  (57-
бет)  деген  сөйлем  «Тіл  тағылымында»  кездеспейді.  Түпнұсқаға 
сәйкестендірілді.
Жазу қосымша белгілері және тыныс белгілерінің жалпы ережесі.
Түпнұсқадағы: «Мұндай орында тіркестіру белгісі...» (62-бет) деп 
басталатын сөйлемдегі «тіркестіру» сөзі «Тіл тағылымында»: (311-
бет) «қыстыру» болып өзгеріс тапқан. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Түпнұсқаның осы бетіндегі«Берген ақыны азсынып, істеген кісі 
may жайлаймын деп наршамды алды» деген сөйлемнен кейін келетін 
«ой қыстаймын деп шотымды алды, қыр қыстаймын деп балтам-
ды алды» (63-бет) деген сөйлем «Тіл тағылымында» (311-бет) жоқ. 
Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Сөйлем түрлерін айыруға керек сөйлем мысалдары.
Түпнұсқадағы: «Бірлік елдің, ерлік, қайрат бақ, ардың...» (65-бет) 
деген  сөйлемдегі  «бірлік»  сөзі  «Тіл  тағылымында»:  «бірмін»  (313-
бет) болып өзгерген. Түпнұсқа қалпына келтірілді.
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  оқулықтарының  бастауы  болған  Ах-
мет  Байтұрсынұлының  сол  кездегі  (алғашқы  басылымдары!) 
кітаптарының  құрылымын  қаз  қалпынша  сақтауға  тырыстық.  Десе 
де кейбір тұстарда бүгінгі ұғымымызға әбден сіңісті болған сөздер, 
мәселен: халық, әріп кейде харіп, кейде қаріп, хан, мағана, т.б. қазіргі 
емлемен берілді.

367

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет