СӨЗ МҮШЕЛЕРІ
СӨЙЛЕУ ҺӘМ СӨЙЛЕМ
1. Жер жұтуға тоймайды; От отынға тоймайды; Құлақ
естуге тоймайды; Кісі ойға тоймайды; Бөрі қойға тоймай-
ды.
Бұл сөйлеуде бес сөйлем сөз бар.
2). Еділ бойы тоғай бар, тоғай толган ноғай бар; Бурыл
атта бұғау бар, оны да кесер егеу бар, сом темірге, балға бар,
сомсынғанға Алла бар.
Бұл сөйлеуде алты сөйлем сөз бар.
Жоғарыда жазылған екі сөйлеуден көрінеді: бір сөйлеудің
ішінде бірнеше сөйлем болатындығы. Алайық тағы да басқа
бір сөйлеу, мәселен, «Аш бала тоқ баладай ойнамайды, тоқ
бала аш болам деп ойламайды» деген мақалды.
Бұл сөйлеудің ішінде екі сөйлем сөз бар. Оның бірі: «Аш
бала тоқ баладай ойнамайды». Екіншісі: «Тоқ бала аш болам
деп ойламайды».
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлеулердің һәр
қайсысының ішінде неше сөйлемнен барын айыртып, балалар-
ды дағдыландыру керек.
Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады. Жоқтық ұят
емес, байлық мұрат емес. Мал – жаным садағасы, жан – арым
садағасы. Жалғыз ағаш үй болмас, жалғыз жігіт би бол-
мас. Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Сай сайға
құяды, бай байға құяды, өзен өзенге құяды. Күн ортақ, ай
ортақ, жақсы ортақ. Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа ақыл
қос. Сабыр түбі сары алтын, сарғайған жетер мұратқа, асыққан
қалар ұятқа. Шалқайғанға шалқай Пайғамбардың ұлы емес,
еңкейгенге еңкей атаңнан қалған құл емес. Атаң жаман кісі
еді: ат бергеннің құлы еді, енең жаман кісі еді: Мәскеудің қара
күңі еді. Іш қазандай қайнайды, күресуге дәрмен жоқ, қоян
қолтық алысып, жығылсаң да арман жоқ.
28
СӨЙЛЕМ ҺӘМ СӨЗ
Бір сөйлемнің ішінде бірнеше сөз болады. Мәселен, «Аш
бала тоқ баладай ойнамайды» деген сөйлемнің ішінде бес сөз
бар: 1) аш, 2) бала, 3) тоқ, 4) баладай, 5) ойнамайды.
Алайық, «Тоқ бала аш болам деп ойламайды» деген сөйлем-
ді. Мұның ішінде алты сөз бар: 1) тоқ, 2) бала, 3) аш, 4) болам,
5) деп, 6) ойламайды.
Дағдыландыру. Төмендегі жазылған сөйлемдердің һәр
бірінің ішінде неше сөзден барын айырту.
Үлкен бастар, кіші қостар. Қоянды қамыс өлтірер, ерді на-
мыс өлтірер. Орақшының жаманы орақ таңдайды. Хас жорға-
дан жортақ туар, хас батырдан қорқақ туар, хас шеберден
шорқақ туар. Өз ақылын шамалаған қор болмас. Өзі білмес,
өзгенің тілін алмас. Тентектің ақылы түстен кейін енеді. Ата-
дан бала туса игі, ата жолын қуса игі, бетіне келер ұятын өзі
біліп жуса игі. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Көп баланың ішіндегі қарт бала болар, көп қарттың ішіндегі
бала – дана болар. Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып
айтады. Жібекті сақтай білмеген жүн етеді, қызды сақтай
білмеген күң етеді.
Сынау. Төмендегі сөйлемдер ішінде неше сөзден бар екенін
айырып, һәр сөйлемнің ішіндегі сөздерді бастан-аяқ нөмірлеп,
жақша
4
ішіне нөмірлерін қойып жазыңдар.
Үлгі: «Балалы үй базар» жазу керек: 1) балалы, 2) үй,
3) базар.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Берген алар, еккен орар. Жер
таусыз болмайды, ел даусыз болмайды. Біреу тойып секіреді,
біреу тоңып секіреді. Шам жарығы түбіне түспес. Аузы жаман
елді былғар, аяғы жаман төрді былғар. Білегі толық бірді жығар,
білімі толық мыңды жығар. Екі қатын алғанның дауы үйіңде,
жаман қатын алғанның жауы үйінде. Қайтып кірер есікті қатты
серіппе. Төс табаны жайылған атан жүрер жол екен, төсегінен
айырылған адам жүрер жол екен.
4
Жақша деп мынаны – ( ) айтады.
29
СӨЗ ҺӘМ БУЫНДАР
Бір сөздің ішінде бірнеше буын болады. Мәселен, aт деген
сөзде бір-ақ буын бар. А-тa дегенде екі буын, а-та-лар дегенде
үш буын; а-та-лар-ға деген де төрт буын; а-та-ла-ры-ма деген-
де бес буын. Сөз буын санына қарай бір буынды, екі буынды,
үш буынды, төрт буынды, онан көбі көп буынды сөз деп ата-
лады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарын айырту.
Бал, бала, балалар, сау, саулық, саусақ, сауда, саудагер, тай,
тайау, тайғақ, тайлақ, тайғанақ, тайсалу, тайпалу, тайану, аш,
ашық, ашқыш, ашқан, ашқарақ, ашқылтым, жан, дене, самай,
сақал, мойын, кеуде, алақан, шеміршек, апа, қарындас, немере,
нағашы, құдаша, қаз, қарға, қарағұс, қарлығаш, жапалақ, балық-
шы, жағалтай, күйкентай, безгелдек, қызғаншақ, қарғануға,
сақтануға, аударуға, құлатуға, сескенуге, өстіруге, солқылдауға,
сандырақтауға, шашыратуға, аударыстыруға, ұшыратуға.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліндер. Буындар ара-
сына сызықша (-) қойыңдар.
Үлгі: сау-да, са-йақ, а-сық, тұш-қыл-тым, са-рым- сақ, мақ-
та-ну-ға, жал-пыл-дау-ға, а-тыс-ты-ру-ға.
Ел құлағы елу. Бұлт ала, жер шола. Дауыл болмай, жау-
ын болмас, ит баласы сауын болмас. Жақсы келсе құт, жаман
келсе жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Ер туған жеріне,
ит тойған жеріне. Көп қорқытады, терең батырады. Ұяда не
көрсе, ұшқанда соны алар. Арзанның сорпасы татымас. Бақыр
қазан піскені баршамызға пайдалы. Көшсе, көш қасындамыз,
отырса от басындамыз. Үйге келгенде, үйдей өкпеңді айтпа.
Ac қадірін білмесең ашаршылық берер сазаңды, ат қадірін
білмесең жайаушылық берер сазаңды. Шақырғандарға бар,
шаққандардан қаш. Шақырғандарды шақырармын, шақырма-
ғандарға қақырармын.
30
БУЬІН ҺӘМ ДЫБЫС
Бір буынның ішінде бірнеше дыбыс болады. Мәселен, «не?»
«же!», «мә!», «ат», «аш» деген сөздердің ішінде бір-бір буын-
нан бар. Мұндағы һәр буында екі-екі дыбыстан бар. «Н-е?»
(бірінші дыбыс «н», екінші дыбыс «е»); «ж-е!» (бірінші дыбыс
«ж», екінші дыбыс «е»); «м-ә!» (бірінші дыбыс «м», екінші
дыбыс «ә»); «а-т» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «т»);
«а-ш» (бірінші дыбыс «а», екінші дыбыс «ш»).
Қап, бас, жел, күл, мес, бай, жау деген сөздер бір буынды,
бірақ бұлардың һәр буынында екіден емес, үш-үштен дыбыс
бар: қ-а-п, б-а-с, ж-е-л, к-ү-л, м-е-с, с-о-р, б-а-й, ж-а-у.
Бір дыбысты буындар да болады. Мәселен, а-ра, а-та, а-ғу,
а-су, а-зу, а-сы деген сөздердің бірінші буындарында бір-бір
дыбыстан, екінші буындарында екі-екі дыбыстан бар.
Дыбыс таңбасын харіф деп атаймыз, сондықтан жазған сөз
ішінде пәлен харіф бар дейміз; айтқан сөз ішінде пәлен дыбыс
бар дейміз. Дыбыс һәм харіф – екеуі екі басқа нәрсе. Біріне-
бірін қатыстырып шатастырмасқа тиіс. Дыбыс естілетін,
көрінбейтін нәрсе, харіф көрінетін, естілмейтін нәрсе.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің буындарында неше
харіфтен бар екенін айырту.
Ақ, тоқ, саз, бет, құн, ай, бай, сай, тау, бау, ана, ара, жала,
шана, азы, аты, асы, жасы, саны, жаны, аран, ажар, сараң,
салақ, сарай, солай, бұлай, асау, жалау, тонау, ұзау, бұрау, арзан,
шортан, бұршақ, қармақ, салмақ, алмалы, салмағы, тармағы,
шарбағы, атпаған, жатпаған, қалмаған.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөлу һәр буындағы
харіфдің санын буын үстіне сипырмен қою керек.
Жарлы болсаң, арлы болма. Бар болсаң таспа, жоқ болсаң
саспа. Барымен базар, жоқты қайдан табар. Пайдасыз болса,
байдан без, панасыз болса, сайдан без. Бар мақтанса табы-
лар, жоқ мақтанса шабылар. Талтаңдасаң, талтаңда, ақшаң
болса қалтаңда! Күлме досыңа, келер басыңа. Досқа күлкі,
дұшпанға таба бол ма. Ақшаны жолда тапсаң да санап ал.
Аңдамай сөйлеген ауырмай өлер. Ақыл жас ұланнан, жүйрік
тай құнаннан. Сыйыр сыйпағанды білмес, жаман сыйлағанды
білмес. Көше білмес жамандар, көшсе көлік өлтірер, сөйлей
білмес жамандар, сөзді өзіне келтірер.
31
ҚАЗАҚ СӨЗІНДЕГІ ДЫБЫСТАР ҺӘМ ОЛАРДЫҢ
ХАРІФТЕРІ
Қазақ тілінде 24 дыбыс бар. Олардың харіфтері мынау:
(а) ا , (б) ب , (п) پ , (т) ت, (ж) ج, (ш) چ , (д) د , (р) ر, (з) ز, (с) س,
(ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) گ, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن, (о) و, (ү) ؤ, (и) يـ,
(е) هـ, (ы) ى.
Дыбыстар дауысты, дауыссыз һәм жарты дауысты
5∗
болады.
Соған қарай харіфтер де дауысты, дауыссыз һәм жарты дауы-
сты болып бөлінеді.
Дауысты харіфтер: ا a, و о, ؤ ұ, ى ы -и, هـ يـ (е).
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі да-
уысты харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқыр көргенінен
жазбас. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың астына түспе.
Бір аштың бір тоқтығы бар. Не ексең, соны орарсың. Таспен
ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді көз көрер. Ағаш көркі
жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің жерін жерлесең, соның
жырын жырларсың. Берген жомарт емес, алған жомарт. Ат ерін-
ді келер, ер мұрынды келер. Өгізді өрге салма қанатың талар,
жаманға жүзің салма сағың сынар. Адасқанның артындағысы
білер, жаңылғанның жанындағысы білер.
Дауысты дыбыстар сөз басында келсе, олардың харіфтері-
нің алдына сүйеу таяқ қойылып жазылады.
Дауыссыз харіфтер: (б) ب, (п) پ, (т) ت , (ж) ،ج, (ш) چ, (д) د,
(р) ر, (з) ز, (с) س, (ғ) غ, (қ) ق, (к) ك, (г) َـك, (ң) ڭ, (л) ل, (м) م, (н) ن.
Сынау. Төмендегі сөздерді буынға бөліп, буын ішіндегі
дауыссыз харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Басқа келген бәледен бастан құлақ садаға. Соқырдың қолына
түспе, саңыраудың астына түспе. Бір аштың бір тоқтығы бар. Не
ексең, соны орарсың. Тас пен ұрғанды аспен ұр. Құлақ естігенді
көз көрер. Ағаш көркі жапырақ, адам көркі шүберек. Кімнің
жерін жерлесең, соның жырын жырларсың. Берген жомарт
емес, алған жомарт. Ат ерінді келер, ер мұрынды ке лер. Өгізді
өрге салма, қанатың талар, жаманға жүзің салма, сағың сы-
нар. Адасқанның артындағысы білер, жаңылғанның жанында-
ғысы білер.
5
Жарты дауысты дыбыс орта дыбыс деп те аталады.
32
Жарты дауысты яки орта дыбыстардың өз алдына оңаша
харіфтері жоқ. Олардың орнына бүтін дауысты «у» һәм «й»
харіфтері жүреді. Жарты дауысты дыбыстардың харіфтері
екендігі дауысты дыбыстардың соңында я алдында «у» я «й»
тұрса, ол жарты дауысты харіфтер болады, мәселен: «ау» де-
ген сөзде «у» дауыс ты харіфтің соңында тұр. Мұнда «у» бүтін
емес, жар ты дауысты харіф. «Ай» деген сөзде «й» дауысты
харіфтің соңында тұр. Мұнда «й» бүтін емес, жарты дауысты
харіф, «у» һәм «й» харіфтері дауысты дыбыстарға да, жарты
дауысты дыбыстарға да ортақ харіфтер болғандықтан, «тел»
харіфтер деп аталады. Жар ты дауысты харіфтер шолақ «у»,
шолақ «й» деп те аталады.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауы-
сты «у» һәм «й»-лерді айырту.
Бай – байға құяр, сай – сайға құяр. Өзі тойса да көзі тоймай-
ды. Айбар керек, әл керек, әлсіз айбар не керек? Ауру қалса да
әдет қалмайды. Денсаулық – зор байлық. Айналдырған ауру ал-
май қоймас. Сарт байыса там салар, қазақ байыса қатын алар.
Тойға барсаң тойып бар, жұмысыңды қойып бар. Ат аяғын тай
басар. Айудан қорыққан тоғайға бармас. Жер таусыз болмай-
ды, ел даусыз болмайды. Тай тулап үйірінен шықпас. Ішің удай
ашыйды, һеш амал жоқ етерге.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі жарты дауыс ты
харіфтердің астын сызып көрсетіңдер.
Той – тондынікі, ас – аттынікі. Бәрің бірдей тойшы болсаң
қу боларсың, бәрің бірдей қойшы болсаң, құл боларсың. Ақсақ
қой түстен кейін маңырайды. Май сасыса тұз себер, тұз сасы-
са не себер. Түйенің үлкені көпірде тайақ жейді. Бір байдың
жұртына екі тышқан таласыпты. Ат аунаған жерде түк қалады.
Атты қамшымен айдама, жеммен айда. Қойшы көп болса,
қой арам өлер. Атпен ойнасаң күйерсің, баламен ойнасаң
шаршарсың. Соңғы түйенің жүгі ауыр. Тай тулап, үйірден
шықпас. Шірікке шыбын айналар. Жыртық үйге тамшы үйір,
арық атқа қамшы үйір. Байтал шауып бәйге алмас. Екі кеме
құйрығын, ұста, жетсін бұйрығын.
Дауыссыз дыбыстардың кейі қатаң, кейі ұяң болады.
Соған қарай харіфтері де қатаң һәм ұяң деп аталады. Қатаң
харіфтер: б, п, т, д, ш, с, ғ, қ, к, г.
33
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң
харіфтерді айырту. Соқырдың қолына түспе, саңыраудың
астына түспе. Берсең аларсың, ексең орарсың. Ат ерінді ке-
лер, ер мұрынды келер. Базарға бар да, бағың сына. Ұлың
өссе ұлықтымен ауыл бол, қызың өссе қылықтымен ауыл бол.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер. Атаңа не қылсаң,
алдыңа сол келер. Бүркіт қартайса, тышқан аулар. Ит жеңгенін
талайды. Қуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі қатаң харіфтердің
астын сызып көрсетіңдер.
Өлген келмес, өшкен жанбас. Жақсы келсе құт, жаман кел-
се жұт. Тисе терекке, тимесе бұтаққа. Жемісті ағаштың басы
төмен. Көп тілегі көл. Ел құлағы елу. Жеті рет піш, бір рет кес.
Көз қорқақ, қол батыр. Жер анасы, мал баласы. Күлме досыңа,
келер басыңа. Тамыр тартқан тарықпас. Сақтықта қорлық жоқ.
Шөп біткен жерге бітер. Аспанға қарай оқ атпа, өзіңнің түсер
басыңа. Аш тамағым, тыныш құлағым. Тез қасында қисық
ағаш жатпас. Шам жарығы түбіне түспес. Қойшы көп болса,
қой арам өлер. Ит семірсе, иесін қабар. Ат аунаған жерінде түк
қалады. Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым.
Ұяң харіфтер: ж, р, з, л, м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтерді
айырту. Талтаңдасаң талтаңда, ақшаң болса қалтаңда. Берсең
аларсың, ексең орарсың. Базар бар да бағың сына. Ата көрген
оқ жонар, ана көрген тон пішер. Оқу – білім азығы, білім –
ырыс қазығы. Асың барда ел таны, атың барда жер таны.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі ұяң харіфтердің астын
сызып көрсетіңдер.
Жақсыдан жаман туады, жүйріктен шабан туады. Тон жаға-
сыз болмас, ел ағасыз болмас. Батыр ортақ, ай ортақ, төресі
әділ би ортақ. Ханның басын хан жұтар, қардың басын қар
жұтар. Сенікі, менікі деген – көңіл тарлығы, әрі жат, бері жат –
төсек тарлығы. Тау мен тасты су бұзар, кісі арасын сөз бұзар.
Кімнің жерін жерлесең соның жырын жырларсың. Берген жо-
март емес, алған жомарт.
34
Ұяң харіфтер өзара екіге бөлінеді: 1) Ымыралы харіфтер.
2) Ымырасыз харіфтер.
Ымыралы харіфтер: ж, р, з, л. Ымырасыз харіфтер: м, н, ң.
Дағдыландыру. Төмендегі сөздерді көшіріп, ымыра лы
харіфтердің астын бір сызып, ымырасыз харіфтердің астын екі
сызып көрсетіңдер.
Сан тимеске сан тиді, табақ-табақ нан тиді. Саңырауға
сәлем берсең, атаңның басы дер. Көне садақты деме, атқанын
көрерсің, көне етікті деме, атасын білерсің. Жорға мінген
жолдасынан айрылады, көп жасаған құрдасынан айрылады.
Жығылған күреске тоймас. Саяқ жүрсең, таяқ жерсің. Тың-
дамасқа сөйлеген есіл сөзім, жыламасқа жылаған екі көзім.
Аузы күйген үріп ішер. Жеген білмес, тураған білер. Бұйдалаған
тайлақтай, жетелеген мойнақтай. Көңіл кірі айтса кетер, көйлек
кірі жуса кетер. Шын жомарт жоқтығын елемес, шын жүйрік
тоқтығын елемес. Түлен түртпесе, түнде қайда барасың?
(ЖАЗУ) ҚАҒИДАЛАРЫ
1-інші ереже.
«А» дыбысының харфі сөз басында (ا) мен жазылады, басқа
орында (أ)
6
жазылады. Мәселен: تا (ат), قاروق (құрақ), ارىج
(жыра).
Сынау. Төмендегі сөздердің (ء) жазылатындарына оны
қойып, қойылмайтындарына қоймай жаздырту.
Ауру
*
астан, дау қарындастан. Отпен ойнама күйерсің,
баламен ойнама шаршарсың. Ұлың өссе, ұлықтымен ауыл
бол, қызың өссе, қылықтымен ауыл бол. Ел ерге қарайды, ер
жерге қарайды. Аузың қисық болса, айнаға өкпе жоқ. Иесін
сыйлағанның итіне сүйек таста. Ер қапталы батқанын иесі
білмес, ат білер, ағайынның азғанын ағайын білмес, жат
білер. Арпа-бидай ас болар, алтын-күміс тас болар. Алыстан
арбалағанша, жақыннан дорбала.
Ескерту
**
. Сөз басында «أ» дыбысы жоқ жерде ا харфі тұрса,
ол басқа дауысты дыбысқа сүйеу үшін қойылған таяқ есебінде
қойылса да айтылмайды.
6
Жақша ішінде таңба үстіндегі кішкене ирек сызық көрсетілген.
* Бұлар жорта қате жазылған, түзетіп жаздыру керек.
** Жоғарыдағы ескертулер төте жазудың ерекшеліктеріне орай айтылған (Құраст.)
35
2-нші ереже.
«О» дыбысы сөздің бас буынында ғана естіледі. Басқа бу-
ындарында һәм дауысты дыбыстардан соң қазақ сөзінде һеш
орында естілмейді, сондықтан бас буыннан басқа орында яки
дауысты дыбыстан соң و (о) жазылса, ؤ (ұ) қылып оқу тиіс.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, و (о) келетін жеріне و
(о) қойдырып, ؤ (ұ) келетін жеріне ؤ қойдырып жаздырту.
Күресін қар көбейтер, қара қарын дау көбейтер. Бәрің бірдей
қойшы болсаң, құл боларсың, бәрің бірдей тойшы болсаң қу
боларсың. Ауыл қонағы айда-жылда бір қонар. Құтты қонақ
келсе, қой егіз табар, құтсыз қонақ келсе, қойға қасқыр шабар.
Ауруда шаншу жа ман, сөзде қаңқу жаман. Ac – адамның арқауы.
Аман болса бұл басым, тағы шығар бұл шашым. Дертің тұмау
болсын, қысың тұман болсын. Татулық – байлық. Төртеу түгел
болса, төбедегіні алады, алтау ала болса, ауылдағы кетеді. Бай
бір жұттық, батыр бір оқтық. Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп
құлағынан айырылған. Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай
жүгірер.
3-нші ереже.
«У» қысқа айтылатын дыбыс, «у» ұзын естілсе, ол жерде екі
«у» болғандықтан, оның алдыңғысы бүтін «у», соңғысы жар-
ты «у», шолақ «у», «у» ұзын естілетін жерге екі «у» жазу тиіс.
Мысал: тұмсық, тұра, тұура, сұлұу, сұу.
Сынау. Төмендегі сөздерді көшіртіп, бір «у» жазатын жерге
бір «у», екі «у» жазатын жерге екі «у» жаздыру.
Сұрап бергенше, соғып бер. Ұяда не көрсең, ұшқанда
соны аларсың. От пен су – тілсіз жау. Ер туған жеріне. Сиыр
судан жерір, су сиырдан жерір. Егіз қозыдай тату бол. Тура
биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ. Хакім тура болмаса,
жұрт бұзылар, сауда таза болмаса, нарық бұзылар. Қуда сүт
жоқ, жылқыда өт жоқ. Шешінген судан тайынбас. Ұялған тек
тұрмас. Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу. Рудан аз – адасқан қаз.
Татуда бота тату. Сүмбіле туса, су суыр. Ашу келсе ақыл кетер,
ашудан ақыл көп болса, ашу не етер. Қуыс үйден құр шықпас.
Қарны ашқан ханға қарайды, суыққа тоңған күнге қарайды.
Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады (жорта
қаталы).
36
4-нші ереже.
Шолақ و (у) дауысты дыбыстардан соң ғана естіледі, сон-
дықтан дауысты харіфтерден соң жазылған «у» шолақ бола-
ды. Бүтін «у» һеш орында дауысты харіфтен соң жазылмайды.
Мәселен, тay, туу, кеуде деген сөздерде ірі жазылған харіфтер
шолақ «у», «у» дыбысы ұзын естілетін орындарға екі «уу» жа-
зылады. Тіпті ұзын естілетін орындарға үш ууу жазылады. Да-
уыссыз дыбыс соңында бас буыннан басқа орында яки дауыс-
ты дыбыс соңында, қай буында болса да, «у» үтірсіз жазылса
да қате болмайды.
Сынау. Төмендегі сөздердің ішіндегі шолақ «у»-лардың
астын сызып көрсетіңдер. Сөз сөзден тұуады
7
сөйлемесе неден
тұуады?
Жақсы болсаң, жердей бол, бәрін шыдап көтерген, таза
болсаң сұудай бол, бәрін жұуып көтерген. Жақсыдан жаман
тұуады, жүйріктен шабан тұуады. Ерден тұуған қырымға
қарайды, иттен тұуған жырымға қарайды. Қатты жерге су
төксең, сұуыққа тайғақ болар, жаманға сырынды айтсаң,
таршылықта айғақ болар. Аяғы жаман төрді былғар, ауызы жа-
ман елді былғар. Көсеу ұзын болса, қол күймес. Жел аударған
қаңбақтай, сұу аударған діңгектей. Күйеу жүз жылдық, құда
мың жылдық. Дауыл болмай, жауын болмас; шұуақ болмай,
қауын болмас; ит баласы сауын болмас; дау аяғы ауыл бол мас,
ауыл болса да, тәуір болмас. Дауды азсынба: көздей іс көлдей
болұуы оңай, қол сұуалмағы қиын. Тарыдай іс таудай болұуы
оңай, тау таусылмағы қиын.
5-нші ереже.
«Ы» харфі бас буында һәм барша бітеу
*
буында жа зыл-
майды. Ашық
**
буында қалмай жазылды. Мәселен: «мысық»
жазылады «ы»-сыз قسم болып «Мысығына» деген сөзде «ы»
қалмай «мысығына» болып жазылады. Үйткені: «мы-сық»
деген сөзде екі буын, бір буын «мы», екінші буын «сық»,
«мы» буынға -«ы» жазбаймыз бас буын болғандықтан, «сық»
буынға «ы» жазбаймыз бітеу буын болғандықтан, сүйткен соң
«мысық» قسىم болып жазылмай, «мсқ» قسم ғана болып жазы-
7
Бұл мәтінде ұу, уу әріптер тіркесі әдейі жазылды (Құраст.)
*
Бітеу буын деген бас харфі де аяқ харфі де дауыссыз, яки жарты дауысты буын.
**
Ашық буын: бас харфі, я аяқ харфі дауысты буын.
37
лады «мысығына» деген сөзді буынға бөліп, харіфтерін түгел
жазсақ, мәселен, «мы-сы-ғы-на» деп төрт буын болады. Бас
буынға «ың» жазбаймыз: басқа «сы», «ғы» буындарға жаза-
мыз, үйткені бұлар ашық буындар
8
.
Сынау. Төмендегі создерді көшіріп, «ы» жазылатын буын-
дарына «ы» жазыңдар.
Алтын алма алғыс ал, алғыс алтын емес пе? Асың-асың
асына, береке берсін басыңа. Сабасына қарай піспегі, мұртына
қарай іскегі. Жақын жолдың алысы жаман. Құлды құл
десең өлгісі келер, биді құл де сең күлкісі келер. Жақсының
жақсылығын айт, нұры тасысын, жаманның жамандығын айт,
құты қашсын. Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз,
жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз. Дәм-тұзым тат,
расыңды айт. Өтірік деген дұшпан бар, отқа сүйреп салады.
Арамзаның құйрығы тұтам. Жарлының байлығы – денінің
саулығы. Ерте тұрғанның ырысы артық. Төсегіңе қарап,
аяғыңды көсіл. Жарлылықтан жақсы жоқ: жатып ішер ас болса.
Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғызын сойғызар.
Барлық не дегізбейді, жоқтық не жегізбейді. Шөбі жоқ деп
жерден түңілме, малы жоқ деп ерден түңілме.
Достарыңызбен бөлісу: |