Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор


Н.К. Султанова, А.А. Саткенова, А.С. Сериков



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40

Н.К. Султанова, А.А. Саткенова, А.С. Сериков 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Семей қ. 
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ 
 
ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде 
мемлекеттің  тұрақты  дамуы  мен  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуде,  әлемдік  қоғамдастықтағы  орнын 
анықтап,  халықтың  өмір  сүру  сапасы  мен  деңгейін  көрсетуде  маңызды  рөл  атқарады.  Жаһандану 
дәуірі  - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің 
жандану  дәуірі,  сондықтан,  білім  –  пайдалы  инвестиция  саласы  ретінде  еліміздің  экономикалық, 
әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.  

229 
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Әлеуметтік-экономикалық 
жаңғырту  -  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына 2012 жылғы  Жолдауында 
Қазақстан  дамуының  жаңа  кезеңі  -  бұл  экономиканы  нығайту,  халықтың  әл-ауқатын  арттыру 
міндеттерін шешу болып табылады деп көрсетілді. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты 
елдер  қатарына  ену  міндетінен  бастау  алатын  алдағы  кезеңдегі  мемлекет  дамуының  басты 
басымдықтарын  айқындап  берді.  Сол  басымдықтардың  бірі  елімізде  маман  кадрлардың  бәсекеге 
қабілеттілігі  әлеуметтік-экономикалық,  техникалық  жүйелердің  және  технологиялардың  бәсекеге 
қабілеттілігімен анықталады [1].  
Қазақстанның  Болон  үрдісіне  енуіне  сәйкес,  әлемдік  білім  кеңістігіне  бағыт  алуда 
мемлекетіміздің  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2015  жылға  арналған 
тұжырымдамасын  қабылдады  [2].  Білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында  білімге  тән  біліктілікті 
өзара  тану  жөніндегі  Лиссабон  конвенциясының,  жаңа  қоғамның  даму  сатысына  лайық  мамандар 
даярлау  үрдісін  айқындаған  Болон  декларациясының  негізгі  ұстанымдары  мен  білім  берудің 
халықаралық стандарттық жіктелуіне сәйкес бірқатар өзгерістердің көрініс табуы да содан.  
  Бүгінгі  күнгі  жоғары  оқу  орындарының  басты  міндеті  –  бәсекеге  қабілетті  білікті 
мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам 
тарапынан  қойылатын  талап  та  өзгереді.  Сол  талаптардың  маңыздыларының  бірі  педагогикалық 
үдерісінде  инновациялық  іс-әрекет  жүргізу  қажеттілігі.  Инновациялық  процесс  түсінігі,  ол  барлық 
динамикалық  процестерді  қамтып,  жаңалық  аймағында  процесуалдық  аспектілердің,  барлық 
жаңалықтардың өзгеруіне байланысты. 
Қоғамның  жедел  жаңаруы  үшін  білім  саласының,  әсіресе  қоғам  үшін  болашақ  мамандарды 
даярлайтын  жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесі  жедел  жаңаруы  керек.  Бұл  мәселеге  келгенде, 
Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына 
енгізілген  үш  сатылы  білім  беру,  кредиттік  жүйе,  білім  саласына  мемлекет  қана  емес,  жалпы 
қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге 
қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, 
инновациялық  даярлығы  қалыптасқан  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізе  алатын  маман  даярлау 
басымдықтар  биігіне  көтерілді.  Жаһандану  жағдайында  білім  берудің  мақсаты  мен  мәнінің  өзгеруі 
«білім  беру  технологиясы»,  «педагогикалық  технологиялар»,  «инновациялық  технологиялар»  деп 
алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.  
Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алуына  байланысты әсіресе  соңғы  кезде  педагогика 
саласына  түбегейлі  өзгертулер,  жаңалықтар  енгізілуде.  Біздің  басты  игіліктеріміздің  ішінде 
халқымыздың  немесе  басқаша  айтқанда  адам  ресурстарының  сапасы  тұр.  Біздің  ғылыми  және 
шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай 
баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым 
өркениетті  жағдай  туғызуға  тиіспіз.  Еліміздің  экономикалық  және  әлеуметтік  даму  деңгейі,  ең 
алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады. 
Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара 
кірігу  үрдістерінің  жандану  дәуірі  де  болғандықтан,  білім  –  пайдалы  инвестиция  саласы  ретінде 
еліміздің  экономикалық, әлеуметтік  және саяси даму  тұрақтылығын  қамтамасыз етеді.  Өз кезегінде 
маман  кадрлардың  бәсекеге  қабілеттілігі  әлеуметтік-экономикалық,  техникалық  жүйелердің  және 
технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. 
Жаңашылдық  -  білім  беру  саласының  алдында  тұрған  жаңа  міндеттерді  сәтті  орындаудың 
негізгі шарттарының бірі болып саналады. Ол оқу-тәрбие жұмыстарының тиімділігі мен өнімділігін 
арттыруға септігін тигізеді. Білім беру саласына жаңалықтар енгізбестен бұрын, қоғамдық еңбектің 
басқа салаларына сәтті түрде жаңалықтар енгізу қиынға соғады. 
Өзгерістер өмірдің диалектикасы ретінде тек қана біздің заманға, біздің қоғамға және біздің 
өмірге  тән  құбылыс  емес.  Олар  мәңгі  адами  қозғалыстың,  яғни  адамның  жақсы  өмір  сүруіне,  жаңа 
заман  талабына  сай  шарттарға  қол  жеткізуіне  деген  күресі  мен  талпынысының  көрінісіне  айнала 
отырып, жалпы өмірдің диалектикасын бейнелейді. Жуырда ғана мұндай өзгерістер өте баяу жүзеге 
асатын,  алайда  соңғы  жылдардағы  ғылым  мен  техниканың  өзара  тығыз  байланысты  дамуының 
нәтижесінде олар да қарқындылығын күшейте бастады.  
Бүгінгі  күні  әртүрлі  елдер  үшін  білім  беру  мен  тәлім-тәрбиені  дамыту  бағытында  ортақ 
қиыншылықтардың  туындағанына  қарамастан,  олар  бір-бірінен  білім  беру  мәселелерін  шешу 
жолдары,  әдістері  және  мақсаттары  тұрғысынан  елеулі  дәрежеде  ерекшеленіп  отырғандығы 
байқалады. Мұндай айырмашылықтар адамның ролі мен оны жетілдірудің маңызын (мінез-құлқының 
маңызын,  жеке  тұлғаны  дамытудағы  тәрбиенің  ролін),  осыдан  барып  қоғамның  жекелеген 

230 
 
мәселелерін шешудегі, оның қажеттіліктерін қанағаттандырудағы және жалпы қоғамды дамытудағы 
білім  беру  жүйесінің  міндеттерін  әртүрлі  түсінуден  келіп  шығады.  Осыған  байланысты,  әртүрлі 
қоғамдық-саяси  жүйелерімен  ерекшеленетін  елдерде  білім  беру  саласына  жаңалықтар  әртүрлі 
мақсаттармен, әртүрлі тәсілдермен және әртүрлі атаулармен енгізіледі де, олардан әртүрлі нәтижелер 
күтіледі.  Әртүрлі  елдердегі  бірдей  жаңалықтар  әртүрлі  қызметтерге  ие  болып,  оларды  қолдану 
нәтижелері де түрліше бағаланады. 
Ғылыми-педагогикалық  әдебиеттерді  сараптау  нәтижелері  «новация»  мен  «инновация» 
ұғымдарын  жеке-жеке  қарастыру  керектігін  көрсетті.  Дегенмен,  әдебиеттерде  осы  екі  ұғымның 
әртүрлі  анықтамалары  кездеседі.  Инновация  ұғымын  энциклопедиялар  мен  сөздіктерде  әртүрлі 
анықтамаларын кездестіруге болады. 
Инновация  ұғымына жалпы  энциклопедияның жаңа  басылымында  «инновация»  -  жаңалық,  
жаңару – техникалық және технологиялық жетістіктер мен ашылымдардың немесе жаңалықтардың іс 
жүзіндегі  қолданысы»  деген  анықтама  беріледі.  Ал,  сөздікте  ««новация»  –  бар  нәрсенің  ішінара 
жаңаруы,  яғни  қандай  да  бір  бөлігінің,  қасиетінің,  байланысының  өзгеруі»  делінсе,  «инновация»  – 
мүлдем жаңа нәрсе, жаңалық» ретінде пайымдалады [5, 23]. 
«Инновация»  сөзі  латын  тіліндегі  іn  (ішіне)  novus  (жаңа)  сөздерінен  құралып,  жаңару, 
жаңалық,  өзгеру  деген  мағынаны  білдіреді.  Инновация  ұғымының  шығу  кезеңі  мен  тарихын  дәл 
анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген 
деп  есептеледі.  Өйткені,  инновациялар  көбіне  экономика,  техника,  агрономия,  өнеркәсіп  және 
медицина  салаларында  кеңінен  қолданылады.  Инновациялар  қоғамның  пайда  болу  кезеңінен  бері 
жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында 
ғана  қолданысқа  енгізілді.  Мұның  басты  себептерінің  бірі  –  олардың  мағынасының  түрліше 
түсінілуінде.  
Қазіргі  уақытқа  дейін  ғылыми  әдебиеттерде  инновациялық  үдерісті  мынадай  кезеңдерге 
бөледі.  Идеяның  немесе  инновация  тұжырымдамасының  пайда  болу  кезеңі,  мұны  шартты  түрде, 
іргелі  де  қолданбалы  ғылыми  зерттеулердің  нәтижесі  болып  табылатын  жаңалықтың  ашылу  кезеңі 
деп  те  атайды.  Ойлап  табу  кезеңі,  яғни  қандай  да  бір  нысанға,  материалдық  немесе  рухани  өнім-
үлгіге айналған жаңалықты құру немесе ашу  кезеңі. Жаңалықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған 
жаңалық  іс-жүзінде  қолданысқа  еніп,  қайта  өңделеді  және  жаңалықтан  тұрақты  нәтиже    алынады. 
Бұдан  кейін  жаңалық  өз  бетінше  өмір  сүре  бастайды  да,  инновациялық  үдеріс  жаңалыққа  деген 
алғырлық қалыптасқан жағдайда келесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде мынадай 
кезеңдер орын алады:  Жаңалықты тарату кезеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа 
салаларға  кіреді.  Нақты  бір  салада  жаңалықтың  үстемдік  ету  кезеңі,  мұнда  жаңалық  бұрынғы 
жаңашылдық  қасиеттерін  жоғалта  бастайды  да  оны  едәуір  тиімді  жаңалықпен  ұтымды  алмастыру 
үдерісі  қарастырылады.  Жаңалықтың  қолданылу  аясын  қысқарту  кезеңі,  мұнда  жаңалық  жаңа 
өніммен алмастырылады. 
Инновациялық  процесс  осы  жаңалықтардың  ашылу  жолдарын  қарастырып  қана  қоймайды, 
сонымен  бірге  паудалануын,  оның    практика  жүзінде  таралуын  қамтамасыз  етеді.  Педагогика  үшін 
жаңалықтың сапалық, сипаттамаларының маңызы зор.  
Инновация  сөзін  қазақша  тәржімаласақ,  жаңалық,  жаңашылдық,  өзгеріс  дегенді  білдіреді. 
Педагогикалық  үдерісте  инновация  оқыту  мен  тәрбиенің  әдіс-тәсілдері,  түрлері,  мақсаты,  мазмұны, 
сондай-ақ,  мұғалім  мен  білім  алушының  бірлескен  қызметін  ұйымдастыруға  жаңалық  енгізу  болып 
табылады. 
Қазіргі  кезде  педагогикалық  инновацияның  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды  мәселелерінің 
бірі  –  жаңалықтарды  топтастыру.  Мұғалім  үшін  ашылған  жаңа  әдісті  жан-жақты  түсіне  білу  үшін, 
бұл  жаңалықтың  басқа  жаңалықтардан  ерекшелігін,  айырмашылығын,  артықшылығын  көре  білу 
қажет. 
Педагогикалық  технология  –  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  және  сатыланып 
жоспарланған  нәтижеге  жетуге  мүмкіндік  беретін  іс-әрекеттер  жиынтығы.Педагогикалық 
технологиядағы  басты  мақсат  –  білім  алушының  оқу-танымдық  әрекетін  жандандыра  отырып,  алға 
қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады. 
Педагогикалық  технология  ұғымына  шетелдік  және  отандық  әдебиеттерде  үш  жүзден  астам 
анықтама  берілген.  Бұл педагогикалық  технология  ұғымының қалыптасу мен  дамуының  тарихында 
оның  оқыту  технологиясын  техникалық  құралдардың  көмегімен  оқыту  деп  ұғынудан  бастап 
педагогикалық  технологияны  ғылыми  тұрғыдан  ұғынуға  дейін  түрліше  пікірлер  бар.  Олар 
педагогикалық  технология  мәселесіне  арналған  Б.  Блум,  Ф.  Фрадкин,    М.  Кларин,  Л.В.  Занков  т.б. 
ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. 

231 
 
«Технология»  термині  алғаш  рет  1904-50  жылдары  шет  елдерде  пайда  болды  және  ол 
педагогикалық  процесте  технологиялық  құралдар  мен  оқыту  бағдарламаларын  пайдалануға 
байланысты  болды.  Педагогикалық  сөздікте  «педагогикалық  технология  –  социо-мәдени  өлшемді 
тұлғалық  көрініс  еркіндігін  үйлестіруші  әлемге  қатынасын  қалыптастыру  мақсатында  қоршаған 
ортамен  дара  қарым-қатынас  мағынасында  балаға,  педагогтық  әсер  етуінің  ғылыми  негізделген 
кәсіби шешімін білдіретін педагогикалық шеберліктің компоненті», -делінген. 
Қазіргі  кезеңде  педагогика  ғылымының  бір  ерекшелігі  –  баланың  тұлғалық  дамуына 
бағытталған  оқыту  технологияларын  шығаруға  ұмтылуы.  Ал  бұның  өзіпедагогтар  қауымына  зор 
жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді. Мұндай міндеттерді шешу мұғалімдерден мектептерде білім 
алушыларға  берілетін  ғылым  негіздерін  олардың  болашақ  іс-әрекетінің  берік  негізі  әрі  тірегі 
болатындай  етіп  оқытуды,  оқу-тәрбие  үрдісін,  білім  мазмұнын  жаңартумен  қатар,  оқытудың  әдіс-
тәсілдері  мен  әр  алуан  құралдарын  қолданудың  тиімділігін  арттырудың,  оқытудың  инновациялық 
технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл енгізуді талап етеді. 
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің 
тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті 
мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес 
іріктей  білу  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігіне  байланысты.  Берілген  анықтамалардан 
«технология»  technе  -  өнер,  шеберлік  және  logos  -  ғылым,  заң,  яғни  технология  дегеніміз  шеберлік 
(өнер) туралы ғылым екенін білуге болады. 
Педагогикалық  технологиялар  тарихын,  оның  пайда  болуын  және  маңызды  құрылымдық 
ерекшеліктерін  қарастыру  педагогикалық  құрылымды  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Ғалымдардың 
тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында 
ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.  
Сонымен, ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол 
қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік рыноктағы, 
әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі 
көрсеткіш болып табылады. Педагогикалық технологияны оқыту әдістемесімен салыстырғанда, білім 
алушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар 
диагностикалық  білім  маңыздылығын  және  оқыту  процесінің  қасиеттерінің  жалпы  білім 
алушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді. Ал инновациялық 
технология жаңа ғылыми немесе практикалық шығармашылықтың қорытындысы деуге болады.  
«Педагогикалық  технология»  термині  тек  қана  оқытуға  байланысты  қолданылады,  ал 
технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін педагогикалық технологияны, 
педагогикалық  мiндеттердi  шешумен  байланысты,  педагогтің  жалғастырмалы  жүйедегі  іс-әрекеті 
ретінде  немесе  алдын-ала  жобаланған  педагогикалық  процестің  тәжірибе  де  тұрақты  және 
жалғастырмалы шығаруы ретінде түсіндіріледі.  
Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген  заманда 
ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті 
болып  отыр.  Ал,  бүгінгі  білім  кеңістігіндегі  ауадай  қажет  жаңару  мұғалімнің  қажымас 
ізденімпаздығы  мен  шығармашылығының  жемісімен  келмек.  Сондықтан  да,  әрбір  білім  алушының 
қабілетіне  қарай  білім  беруді,  оны  дербестікке,  ізденімпаздыққа,  шығармашылыққа  тәрбиелеуді 
жүзеге  асыратын  жаңартылған  педагогикалық  технологияны  меңгеруге  үлкен  бетбұрыс  жасалуы 
қажет.  Өйткені  мемлекеттік  білім  стандарты  деңгейінде  оқу  үрдісін  ұйымдастыру  инновациялық 
технологияны ендіруді міндеттейді. 
Педагогикалық жаңалықтарды жасау, игеру қолдауды біріктіретін инновациялық процесстер  
білім беруді жаңарта алатыны сөзсіз. Сондықтан да, инновациялық процестерді игеру, жасау, қолдану 
мәселелерін  талдау  және  жүзеге  асыру  білім  беру  жүйесінің  әр  түрлі  баспалдақтарында  кеңінен 
қолдануда.  
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Ұлт  Көшбасшысы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. 
// Егемен Қазақстан. - 28 қаңтар, 2012. 
2.
 
Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңы //Егемен Қазақстан, 1999ж., 11 маусым. 
3.
 
Әбдіхалықов Н.Б. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің өнімді 
–  шығармашылық  іс  -  әрекетін  ұйымдастыру.//  «Зерттеулер.  Ойлар.  Көзқарастар.  Тәжірибелер» 
атты облыстық ғылыми – теориялық конференция материалдарының жинағы. - Қызылорда: Қазақ 
- Қытай институты, 2010. - 90-95 б.  

232 
 
УДК: 372.854:004 
О.Н. Сускина
1
, Л.С. Ибраева
2
 
1
КГУ «Средняя общеобразовательная школа № 1 имени Н.Г. Чернышевского» 
Казахстан, г. Семей 
2
Государственный университет имени Шакарима города Семей 
Казахстан, г. Семей 
 
ПРИМЕНЕНИЕ ИНФОРМАЦИОННО-КОММУНИКАЦИОННЫХ 
ТЕХНОЛОГИЙ НА УРОКАХ ХИМИИ 
 
В  инструктивно-методическом  письме  МОН  РК  «Об  особенностях  организации 
образовательного  процесса  в  общеобразовательных  школах  Республики  Казахстан  в  2016-2017 
учебном  году»  существенное  внимание  обращается  на  развитие  функциональной  грамотности 
учащихся.  «Под  функциональной  грамотностью  понимается  способность  использовать  знания, 
умения, навыки (ЗУН), приобретенные в школе для решения широкого диапазона жизненных задач в 
различных  сферах  человеческой  деятельности,  а  также  в  межличностном  общении  и  социальных 
отношениях». 
Одним 
из 
видов 
функциональной 
грамотности 
школьников 
является 
естественнонаучная  грамотность.  «Естественнонаучная  грамотность  –  способность  использовать 
естественнонаучные  знания,  выявлять  проблемы  и  делать  обоснованные  выводы,  необходимые  для 
понимания  окружающего  мира  и  тех  изменений,  которые  вносит  в  него  деятельность  человека,  а 
также для принятия соответствующих решений» [1]. 
К областям естественнонаучной грамотности относятся: 
1.  Узнавание жизненных ситуаций (контекст); 
2. Понимание окружающего мира на основе научных знаний (знание); 
3.  Демонстрирование  компетенций,  применение  научных  знаний  для  объяснения 
естественнонаучных явлений  (компетенции); 
4. Интерес к естественнонаучному знанию, включение естественнонаучной любознательности 
в собственную систему ценностей (аффективный компонент) [2]. 
Для  развития  естественнонаучной  грамотности  учащихся  большое  значение  имеет 
использование  информационно-коммуникационных  технологий  (ИКТ).  «Умение  проводить, 
наблюдать  и  объяснять  химический  эксперимент  является  одним  из  самых  важных  компонентов 
химической  грамотности.  Работа  в  химической  лаборатории  с  веществами  и  оборудованием, 
несомненно,  имеет  первостепенное  значение  для  развития  навыков  постановки  эксперимента.  Но 
информационные  технологии  при  обучении  химии  незаменимы  в  том  случае,  если  идет  изучение 
токсичных  или  взрывоопасных    веществ.  В  этом  случае  возможность  проведения  эксперимента  в 
виртуальном мире является единственной» [3].  
В  ГОСО  основного  среднего  образования  2016  г.  [4]  умение  использовать  информационно-
коммуникационные  средства  и  технологии  определяются  в  качестве  базовых  ценностей.  Поэтому 
применение компьютерной техники на уроке организует полноценную познавательную деятельность 
и  учителя,  и  учеников,  что  положительно  влияет  на  формирование  предметной  грамотности 
школьников,  но  и  способствует  развитию  умений  учащихся  применять  ИКТ  в  образовательной 
деятельности. 
Информационные технологии, включающие в себя современные мультимедиасистемы, можно 
использовать для поддержки активного обучения. Все главные направления современного процесса 
информатизации  школьного  химического  образования  –  открытое  дистанционное  образование, 
виртуальные  лаборатории  и  медиабиблиотеки,  способствуют  повышению  качества  знаний 
школьников  и  реализации  творческого  потенциала  учащихся  и  учителя.  В  современной  школе 
предусмотрено обязательное использование компьютеров. Это развивает компьютерную грамотность 
и информационную культуру ребят. 
В качестве примера применения ИКТ можно привести урок химии в 9 классе «Серная кислота 
и ее соли». 
Согласно  нормативным  документам  [5]  в  школе  на  уроках  химии  наряду  с  прочими 
современными  методическими  подходами  рекомендуется  «использование  интерактивных  форм 
обучения, современных информационно-коммуникационных технологий».  Обращается внимание на 
необходимость  применения  мультимедийных  средств  и  исключения  использование  веществ  в 
химическом  эксперименте,  входящих  в  «Перечень  прекурсоров»,  в  том  числе  серную  кислоту. 
Однако по программе тема «Серная кислота и ее соли» изучается довольно подробно. Чтобы урок по 
этой теме сделать более интересным, насыщенным и разнообразным можно применить видеофайлы, 

233 
 
отражающие  лабораторные  эксперименты  с  серной  кислотой.  Проведение  урока  осуществляется  с 
использованием  компьютера  и  интерактивной  доски.  На  уроке  применяется  презентация, 
выполненная в программе Ms. Power Point.  
На  данном  уроке  учащиеся  смогут  не  только  ознакомиться  с  материалом  из  учебника,  но  и 
провести  наблюдения  за  виртуальными  опытами,  характеризующими  свойства  этой  кислоты.  Это 
ведет  к  лучшему  усвоению  материала.  На  подобных  уроках  очень  высока  целесообразность 
использования средств ИКТ.  
Данная  тема  курса  химии  9  класса  позволяет  применить  для  изучения  нового  материала 
имеющиеся у учащихся знания о химических свойствах важнейших классов неорганических веществ, 
которые в презентации отражены наиболее выпукло и доходчиво. 
Использование  компьютерной  техники  позволяет  школьникам  за  минимальное  время 
выполнять  большой  объем  работ,  одновременно  трудиться  по  нескольким  направлениям  над 
выполнением  нескольких  заданий.  Применение  информационно-коммуникационных  технологий 
(ИКТ) на уроке способствует формированию у учащихся умений работать с информацией и развитию 
у  них  коммуникативных  способностей.  Они  формируют  у  учащихся  исследовательские  навыки  и 
умения принимать оптимальные решения.  
В  современных  условиях  необходимо  готовить  школьника  к  быстрому  восприятию  и 
обработке  поступающей  информации  для  ее  успешного  применения.  Компьютерные  технологии  в 
процессе  преподавания  химии  используют  для  повышения  интереса  школьников  к  изучению 
предмета, для активизации познавательной деятельности учащихся на уроке, а также для организации 
оперативного контроля знаний и умений ребят. Конечным результатом внедрения информационных 
технологий  в  процесс  обучения  химии  является  овладение  учащимися  компьютером  в  качестве 
средства  познания  процессов  и  явлений,  происходящих  в  природе  и  используемых  в  практической 
деятельности.  Далеко  не  все  химические  явления  и  процессы  можно  показать  в  школьной 
лаборатории. Их можно продемонстрировать с помощью компьютера. Информационные технологии 
в  преподавании  химии  позволяют  поднять  на  качественно  новый  уровень  процесс  обучения 
учащихся, развивают у них новый тип мышления, а также способствуют рациональной организации 
умственной деятельности школьников.  
Применение  компьютерной  техники  на  уроке  организует  полноценную  познавательную 
деятельность  и  учителя,  и  учеников,  что  положительно  влияет  на  формирование  предметной 
грамотности школьников. 
В  настоящее  время  учитель  должен  заниматься  не  только  теоретической  подготовкой 
учащихся, но и  подготовкой их к реальной жизни. Он должен формировать  у ребят способность и 
готовность к освоению знаний, к их самостоятельному пополнению, способность к сотрудничеству и 
коммуникации, к решению личностно и социально значимых проблем. Сегодня одним из актуальных 
направлений  в  образовании  является  формирование  общих  учебных  умений,  которые  в  будущем 
помогут выпускнику школы решать задачи жизненного и практико-ориентированного характера [6]. 
Список литературы: 
1.
 
Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах Республики 
Казахстан в  2016-2017  учебном  году:  Инструктивно-методическое  письмо.    –   Астана: Национальная 
академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. -277 с. 
2.
 
Троеглазова Г.В. Развитие естественнонаучной грамотности на уроках химии // Химия в Казахстанской 
школе. 2013 . №3. С.9. (Журнал). 
3.
 
Попов  С.Ю.  Создание  и  применение  компьютерной  анимации  на  уроках  химии  /  Профильное 
обучение:  проблемы  и  перспективы  развития:  сборник  тезисов    Всероссийской  научно-практической 
конференции  (28  октября  2011г.)  /  Алтайская  гос.академия  об-я  им.  В.М.Шукшина.  -  Бийск:  ФГБОУ 
ВПО «АГАО», 2011.-258 с.   
4.
 
Государственный  общеобязательный  стандарт  основного  среднего  образования.  Приложение  6  к 
постановлению Правительства РК от 13.05.2016 г. № 292. 
5.
 
Об  особенностях  преподавания  основ  наук  в  общеобразовательных  организациях  (в  том  числе, 
реализующих  инклюзивное  образование)  Республики  Казахстан  в  2014-2015  учебном  году. 
Инструктивно-методическое  письмо.  –  Астана:  Национальная  академия  образования  им.  И. 
Алтынсарина, 2014.– 181 с. 
6.
 
Пономарева  Е.С.  Формирование  метапредметных  умений  учащихся  в  профильном  обучении  при 
развитии  коммуникативной  компетентности  /  Педагогический  профессионализм  в  образовании: 
материалы  IX  Международный  научно-практической  конференции,  посвященной  120-летию  со  дня 
основания  города  Новосибирска  (21-22  февраля  2013  г.,  г.Новосибирск):  в  2  ч./под 
науч.ред.Е.В.Андриенко. - Новосибирск: Изд. НГПУ, 2013. -Ч.1. -372 с. 

234 
 
ӘӨЖ: 159.9.07:001.89 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет