Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет36/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

А.К. Төгісова 
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы атындағы  
Ұлттық қорғаныс университеті, Астана қ. 
 
ӘСКЕРИ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН  
ІЗГІЛЕНДІРУ ТУРАСЫНДА   
(ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ) 
 
Әскери  білім  берудің  жетекші  факторларының  бірі  -білім  алушылардың  оқыту  және 
тәрбиелеу  жүйесін  ізгілендіру  болып  табылады.  XXI  ғасырдың  армиясына  әскери  кәсіпқой, 
гуманитарлық  мәдениетке,  көшбасшы  қасиеттеріне  ие,  жауынгерлік  міндеттерді  дербес  шешуге 
қабілетті  офицерлер  қажет.  Қорғаныс  министрлігі  алқасының  кезекті  отырысында  сөйлеген  сөзінде 
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.  Назарбаев:  «...  қазір  біз  XXI  ғасырдың  қазақстандық 
жауынгерінің  ұжымдық  бейнесін  қалыптастырудамыз,  оның  басты  қасиеттері:  патриотизм, 

240 
 
зияткерлік  даму,  салауатты  өмір  салты  болуы  тиіс.  Бұл  жауынгер  шет  тілдерін,  компьютерді  және 
басқа да күрделі техниканы жетік білуі тиіс», - деп атап айтқан болатын [1]. 
Ізгілендіру-  барлық  пәнде  болады,  бірақ  та  қоғамдық  пәндерде  ерекше  орын  алады.  Осы 
тұрғыдан  келгенде,  әскери  кадрларды  даярлауды  жетілдіру  бойынша  әлемдік  тәжірибе  қоғамдық-
саяси,  әлеуметтік  пәндердің  үлес  салмағы  әлемнің  әскери  ЖОО-дағы  оқу  жоспарларында  елеулі 
артқанын  растап  отыр.  Мысалға,  АҚШ  ЖООда  әскери  пәндердің  көлемі  оқу  сағатының  жалпы 
санының 15 пайызынан аспайды, ал әскери колледждердегі гуманитарлық пәндерге бірінші курста 50 
пайызға  дейін,  екінші  курста  -30  дейін,  үшінші  курста-60  дейін  және  төртінші  курста  -70  пайызға 
дейін оқу уақыты бөлінеді [2]. 
Ғылыми дереккөздерге [2, 23 б; 3] жүргізілген талдау Вест-Пойнт академиясының негізгі оқу 
бағдарламасын қамтамасыз ететін 13 кафедрасы, 28 оқыту бағыты және 20 элективтік бейінді пән, 6 
кафедра  гуманитарлық  дайындықты  жүзеге  асыратынын  көрсетіп  отыр  (ағылшын  тілі,  шет  тілдері, 
тарих, құқық, әлеуметтік ғылымдарының кафедралары).
 
АҚШ  әскери  қызметшілерінің  кәсіби  қызметі  мен  мәнсабы  оның  жеке  басынан  жатсыну 
болып  табылмайды,  керісінше,  жеке  басының  үздіксіз  дамуының  маңызды  бөлігі  ретінде 
қарастырылады.  Осы  себептен  оқыту  моделінің  негізіне  айқын  құндылықтары  мен  мақсаттары  бар, 
әлеуметтік тұрғыдан жауапты, жаңа жағдайларға бейімделе алатын және өз еркімен шешім қабылдай 
алатын,  басшы  қасиеттеріне  ие  әскери  қызметшінің  жеке  басы  мен  кәсіби  қызметі  туралы  біртұтас 
түсінік арқау болған. 
Осыған  ұқсас  нақты  мәліметтер  бірқатар  дамыған  әлем  елдерінің  жоғары  әскери  мектебін 
сипаттайды. 
ГФР әскери кадрларды қоғамдық-саяси даярлаудың нақты жолға қойылған кешені құрылған. 
Білім алушылар көбінде: саясаттану, әлеуметтану, тарих, мемлекеттік және халықаралық саясаттану, 
әскери құқық, христиан әдебі, экономика және қоғам, басқару теориясы, философия, педагогика және 
психология,  тұлғаны  қалыптастыру  теориясы,  өзекті  идеялық  ағымдар  және  қоғамның  даму 
теориясы,  әскери  география,  экономика  және  қарулы  күштер,  әдебиет  пен  өнер,  қауіпсіздік 
саясатының негіздері, шет тілдері және т.б. гуманитарлық пәндерді зерделейді. Екі бағыттың біріне 
жататын-  гуманитарлық  немесе  техникалық  болашақ  мамандыққа  байланысты  бұл  пәндерді 
зерделеуге  20-дан  50  пайызға  дейін  оқу  уақыты  беріледі.  Оқу  кезеңінде  білім  алушылар  әскердегі 
қызметке қажетті теориялық, арнайы білім және педагогикалық дағды алады [4]. 
Басылым материалдары бойынша Бундесвер әскери ЖОО-да офицер кадрларын даярлаудың 
тәжірибесіне жүргізілген талдау, офицер мектебіндегі тәрбие офицерге үміткерлердің оқуымен және 
әскери-қызметтік әрекетімен бірге үйлесте біртұтас үрдіс ретінде қарастырылатынын растайды. Оқу 
процесінің  құрамдас  бөлігінде  бундесвердің  болашақ  офицерлеріне  көпшілік  алдындағы 
дискуссиялар,  жаппай  ақпарат  құралдарында  сөз  сөйлеу  барысында  қарым-қатынас  жасау 
қабілеттерін  шыңдауды,  әдістемелік,  белсенді  оқыту  технологиялары  мен  дидактикалық 
принциптерді мақсатқа сай қолдануды, бундесверлік болашақ офицерлерін тәрбиелеуде өзінің әскери 
мамандығына деген мақтаныш сезімінің басымдығын қарастыруға болады. 
Оқу  уақыты  жалпы  бюджетінің  шамамен  5%  әр  түрлі  мемлекеттік  құрылымдардан  (400 
адамға  дейін)  шақырылатын  оқытушылардың  үлесіне  келеді.  Бұл  оқытудың  жоғары  уәждеме 
деңгейін,  қазіргі  заманғы  талаптарға  сәйкестігін  қамтамасыз  етеді,  сондай-ақ  ГФР  әскери 
қызметшілерін  даярлау  жүйесінде  азаматтық  оқытушылардың  үлесін  арттыру  беталысын  қамтып 
көрсетеді [5].
 
Сондай-ақ  Францияда  офицерлерді  даярлау  белгілі  бір  қызығушылық  тудырады.  Оқу 
жоспарына сәйкес уақыттың шамамен 50% әскери пәндерді зерделеуге, 40%-ға жуығы жалпы білім 
беру  пәндеріне  және  10%  дене  дайындығына  бөлінеді  [6].  Негізгі  дайындық  мектептерінде  білім 
алушылар бөлімдер мен бөлімшелерді ұйымдастыру және олардың іс-қимыл тактикасын зерделейді, 
құрамаларды жауынгерлік қолдану туралы жалпы мәлімет алады, Қарулы күштердің жарғыларымен, 
әскер  тектерінің қаруымен  және  әскери  техникасымен  егжей-тегжейлі  танысады,  жалпыәскери  оқу-
жаттығуларға қатысады. 
Білім  алушыларға  гуманитарлық  немесе  жаратылыстану  пәндері  бойынша  мамандануға 
таңдау  құқығы  беріледі.  Мамандануға  байланысты  білім  алушылар  математика,  физика,  география, 
тарих және басқа да ғылымды зерделейді.  Гуманитарлық пәндерді зерделеуге үлкен көңіл бөлінеді, 
оның  қатарына  философия,  саясаттану,  әлеуметтану,  көшбасшы  теориясы,  экономика,  педагогика 
және  психология  кіреді.  Әрбір  білім  алушы  екі  шет  тілін  зерделейді  -  бірі  міндетті,  ал  екіншісі 
факультативті, және де шет тілін еркін білу офицер даярлығының қажетті элементі болып саналады 
[7]. 

241 
 
Ұлыбританияның Қарулы Күштеріндегі әскери оқу орындарында, сонымен қатар әскерлердегі 
педагогикалық қызметке де офицерлік кадрларды даярлаудың ұлттық жүйесі жұмыс істейді. Әскери-
кәсіби  оқытуға  және  әскери  қызметшілерде  моральдық-жауынгерлік  қасиеттерді  қалыптастыруға, 
педагогикалық  қызмет  және  оған  дайындау  үшін  басты  жауапкершілікті  барлық  дәрежедегі 
командирлерге жүктеу тән нәрсе [2, 23 б.]. Құрлық әскерлерінің офицерлерін алғашқы әскери-арнайы 
және  әскери-кәсіби  даярлау  Сандхерстск  әскери  училищесінде  жүзеге  асырылады.Әскери 
училищедегі  оқу  тек  әскери  пәндерді  зерделеумен  ғана  шектелмейді.  Офицер,  басшылықтың 
пікірінше, бірінші кезекте өзінің зияткерлік дамуымен бағыныстылары алдында беделге жетуі керек. 
Сондықтан да училищеде психология, әдеп, қоғамдағы мінез-құлық мәселелері зерделенеді [8]. 
Лауазымдық  тағайындалуына  сәйкестікте  ЖООдағы  білім  алушыларды  мамандандыруға 
байланысты  бағдарламаның  тарауына  олардың  ақпараттық  және  педагогикалық  технологияларды: 
қарым-қатынас  құралдары  мен  тәсілдерін  дағдыландыруға  (ауызша  және  жазбаша  түрде)  және  де 
әсіресе күйзеліс жағдайында айналасындағыларға жеке әсер етуге мүмкіндік беретін оқу пәні ретінде 
коммуникацияны  зерделеу  кіреді.Ұлыбританияның  Қарулы  күштерінің  жеке  құрамын  даярлау 
жүйесін  зерттеген  мамандар  офицерлік  құрамды  даярлау  бағдарламасын  осылай  құру  біріншіден, 
практикалық  бағыттылықты,  екіншіден,  білімнің  қазіргі  заманғы  салаларында  әскери-кәсіби 
дайындықтың  жеткілікті  жоғары  деңгейін  қамтамасыз  етеді,  деп  атап  көрсетіп  отыр.  Ол,  сондай-ақ 
басшылық кадрларын даярлаудың педагогикалық бағыттылығын жеке құрамға, оларды оқытуға және 
тәрбиелеуге ықпал ету субъектілері ретінде көрсетеді [2, 24 б.]. 
Сонымен,  әлемнің  жетекші  армияларының  әскери  ЖОО-ның  білім  алушыларын  даярлауына 
жүргізілген  талдау  гуманитарлық  білім  беруге  үлкен  мән  берілетінін  көрсетіп  отыр,  оны  адамның 
жеке құндылығына, жалпы мәдени деңгейін арттыруға, білім алушылардың білімдарлығын дамытуға, 
адамдармен  қатынасу  іскерлігіне  бағытталған  мамандарды  кешенді  түрде  даярлаудың  неғұрлым 
маңызды  құрамдас  бөлігі  ретінде  қарастырады.  Жоғары  әскери  оқу  орнының  түлегі  ең  алдымен 
жоғары интеллектуалды, білімді офицер болу керек. Әскери колледждердегі гуманитарлық пәндердің 
кеңейтілген курстары олардың әскери ұжымдардың басшысы ретінде қалыптасуына мүмкіндік берері 
сөзсіз. 
Білім  алушылардың  гуманистік  ажарланған  кәсіби  қызметін  тиімді  қалыптастыру 
мақсатында: 
-
 
жоғары басшылықпен педагог құрамының сапалы дайындығы арқылы әскери ЖООда білім 
берудің педагогикалық мәдениетінің деңгейін арттыру қажет; 
-
 
оңтайлы  тәсілге  негізделе  отырып,  қызмет  өткеру  барысында  субординациялық  субъект-
объектілік  өзара  іс-қимыл  мен  оқу  қызметі  барысында  демократиялық  субъект-субъектілік  қарым  -
қатынас арасындағы теңгерімді табу қажет
-
 
білім алушының субъектілігінің рухани-адамгершілік бастауын көп деңгейлі интегративтік 
білім ретінде қабылдау қажет; 
-
 
тұлғаның адамгершілік (моральдық) мақсаты мен ішкі (рухани) талпынысын «идеалмен» ара 
қатысын  белгілеу  және  оған  сәйкес  келе  отырып,  практикалық  кәсіби  қызмет  шеңберінде  әрекет 
жасау қажет. 
Болашақ  офицердің  рухани-адамгершілік  мәдениетінің  деңгейін  тиімді  арттыру  білім  беру 
процесінде  гуманистік  және  әлеуметтік-антропологиялық  көзқарастарды  синергетикалық  үйлестіру 
кезінде мүмкін деген пікірдеміз. Білім берудің жалпы ғылыми және кәсіби беталыстары әрбір білім 
алушының  субъективтік  жекелігінің  шығармашылық  әлеуеті  деңгейін  арттыруға  бағытталуы  тиіс. 
Ізгілендіру және гуманитаризациялау беталыстарымен сәйкестікте білім беру процесінің күрделілігі 
кәсіби және педагогикалық әдепті лайықты және адал орындау қажеттілігінен туындайды. Сондықтан 
да, біздің ойымызша, педагог білуі керек (міндетті)
-
 
өз  мүмкіндіктерінің  әлеуетін  ескеріп,  осы  мамандық  үшін  елеулі  қасиеттерін,  өзінің  күшті 
және  осал  тұстарын  белгілей  білу  керек:  өзін-өзі  бағалай  білу,  өзін-өзі  бейімдей  білу  қабілеті, 
дидактикалық және коммуникативтік іскерлігі болу керек; 
-
 
мінез-құлқының жоғары мәдениетіне, педагогикалық ойлауға, интеллектуалды және рухани 
қызметтің жалпы мәдениетіне ие, еліктеуге тұрарлықтай болуы керек;   
-
 
білім алушыны түсіне білуі және құрметтей білуі керек.  
-
 
білім  алушылардың  шығармашылық  және  танымдық  белсенділігін  ынталандыратын 
оқытудың  белсенді  түрлері  мен  тәсілдерін  қолдана  отырып,  білімнің  көпдеңгейлі  жүйесін  табысты 
игеру үрдісін басқара білуі керек. 
Мұндай  кәсіби  дағдылар  кәсіби  тренингтермен  үйлесетін,  терең  теориялық  негізделген 
педагогикалық  және  психологиялық  білімді  талап  етеді.  Оқытушы  құрамның  үздіксіз  өзін-өзі 

242 
 
жетілдіру  қалай  талап  етілсе,  алынған  білімді  тексеру  мен  бақылаудың  дәстүрлі  емес  нысандарын 
белсенді  енгізу  де  солайша  талап  етіледі.  Бұл  «дөңгелек  үстелдер»,  «іскерлік  ойындар»,  шағын 
тақырып бойынша білім алушылар арасында өткізілетін конференциялар және т.б. Бастамашылықты 
жан-жақты көтермелеп, қолдап, рухани қажеттіліктің дамуына да мүмкіндік жасау керек. 
Сонымен,  әскери  білімді  гуманитаризациялау,  байқап  отырғанымыздай,  өте  күрделі 
көпжоспарлы  мәселе,  бұл  әскери  білім  органдарынан,  ЖООлардың  басшылық  және  оқытушы 
құрамынан кешенді, терең ойлы тәсілді талап етеді. Білім алушыларға гуманитарлық білім беру және 
гуманистік  тәрбиелеудің табысы көбінесе  ұйымдастырушылардың  осы  үшін  қолайлы  жағдай жасай 
білу іскерлігіне байланысты болатынын естен шығармағанымыз абзал.
 
Әдебиеттер тізімі: 
1
 
Казахстанская  армия  -  в  тройке  лучших  среди  стран  СНГ  [Электрондық  ресурс].  -  Рұқсат  ету 
режімі://
http://mod.gov.kz

2
 
Кудрявцев Ю. Подготовка командных кадров к воспитательной деятельности в ввузах США, ФРГ 
и Великобритании // Зарубежное военное обозрение. - 2001. - № 5. – С. 97. 
3
 
Карпова  Т.А.  Педагогические  основы  гуманитарной  подготовки  офицерских  кадров  в  высших 
военно-учебных заведениях США: автореф.дис.канд.пед.наук. - М., 2000; 
4
 
Ожгихин  В.  Система  подготовки  офицерского  состава  Сухопутных  войск  США//Зарубежное 
военное обозрение.- 2002.- №5.- С.19-26. 
5
 
Стрелецкий А. Система подготовки офицерских кадров в США//Зарубежное военное обозрение.- 
2002.- №11-12.- 20-27б. - С. 16-21. 
6
 
Кириленко  Г.В.  Основные  направления  развития  системы  подготовки  военных  кадров  в  России: 
история и современность //Право и безопасность.-2003.-№1-2. 
7
 
Андреев  В.И.  Сравнительный  анализ  подготовки  офицеров  в  армиях  зарубежных  государств  и 
Республики Беларусь//Наука и военная безопасность.-2007.- №1. - С.58-63 
8
 
Чернов  В.  Подготовка  офицерских  кадров  Сухопутных  войск  Германий  //Зарубежное  военное 
обозрение.-1992.-№1.-С.23-27; Румынов Д. Система подготовки офицеров вооруженных сил  ФРГ 
//Зарубежное военное обозрение.-2014.-№9. 
9
 
Костина  Н.К.Педагогическая  система  подготовки  офицерских  кадров  для  сухопутных  войск: 
межвузовский сборник научных трудов -Ряз. гос. ун-т им. С.А. Есенина. -Рязань, 2008.-Вып. 2.- С. 
79-83. 
10
 
Береговой А. Подготовка военнослужащих ВС Франции//Зарубежное военное образование. – 1999. 
– № 4. – С. 9–13. 
11
 
Симаков  М.  Военно-учебные  заведения  Франции//Зарубежное  военноеобозрение.  -1990.  -№  10.– 
С.12-16. 
 
ӘӨЖ: 159.9.01 
А.Д. Төлеуханова 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті 
Қазақстан, Өскемен қ.  
 
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ - БІЛІМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА ЖОЛЫ 
 
Қоғам  өмірінің  барлық  салаларында,  яғни  экономикасы  мен  әлеуметтік  қатынастарында 
көптеген  өзгерістер  туып  отырған  жағдайда  білім  беру  ісінде  де  өзгерістердің  болуы  заңды  нәрсе. 
Себебі, білім беру саласы мен мектеп ісін қоғамнан тыс алып қарауға болмайды. Бүкіл қоғам өмірінде 
бой көрсеткен жаңалықтардың білім беру саласын да соқпай өтпейтіні мәлім.   
Дәстүрлі  оқыту  әдістемесінің  заман  талабына  сай  толық  білім  беруге,  меңгеруге  кепілдік 
бермейтінін заман талабы көрсетіп отыр. Елімізде соңғы жылдары оқытудың жаңа технологияларын 
оқу үрдісінде пайдалану мәселесі арнайы зерттеле басталған мәселелердің  бірі. 
Ғылым  мен  техниканың  дамуы  еліміздің  техникалық  прогресске  жеткізері  мәлім.  Ал 
техникалық  прогресс  қоғамның  және  бәсекеге  қабілетті  мамандардың  жоғарғы  деңгейде  білім 
алуларын қажет етеді. Сонымен, білім беру жүйесін қоғамдық өмірдің өзге салаларының да негізі деп 
білуіміз керек.   
Жаңа  технологиямен  жұмыс  істеу  үшін  төмендегідей  алғы  шарттар  қажет:  оқу  үрдісін 
интенсивтендіруді  жаппай  қолға  алу;  оқушылардың  сабақтастылығын  болдырмау  шараларын 
кешенді  түрде  қарастыру.  Оның  ғылыми-әдістемелік,  оқыту-әдістемелік,  ұйымдастырушылық 
себептеріне үнемі  талдау  жасап,  назарда  ұстау,  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп  білу, 

243 
 
пәндік  білім  стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  игеру  арқылы 
оқушыларға білімді мемлекеттік стандар деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үрдісін ізгілендіру 
мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. 
Сондықтан,  әртүрлі  оқыту  технологияларын  білім  беру  мазмұнында  тиімді  пайдаланып, 
бәсекеге қабілетті маман дайындаудың маңызы зор. «Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық 
технологияларын меңгерту интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа 
көптеген  адами келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  процесін 
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі», - деп көрсетеді С.В. Селевко. 
Қоғамдық-тарихи тәжірибені игерудің басты әлеуметтік-қызметі білімді жинақтауда емес, бар 
білімді  қайта  жаңғыртуда,  яғни  педагогикалық  технологияларды  тиімді  игеру  мәселесі  туып  отыр. 
Сондықтан  қазіргі  заманда  бәсекеге  қабілетті  мамандардың  ойлау  белсенділігін  кеңінен  дамытып, 
білімді өзіндік жаңарту мен толықтыруға, оларды теориялық және тәжірибелік міндеттерді шешкенде 
алған  білімдерін  тиімді  пайдалана  білуге  үйретуге  міндетті.  Мұны  П.П.Блонскийдің, 
Л.С.Выготскийдің,  С.Л.Рубинштейннің,  А.Л.Леонтьевтің,  В.Я.Гальпериннің,  Н.Ф.Талызинаның, 
Дж.Брунердің және т.б.  зерттеулері дәлелдейді.   
Бүгінгі 
таңда 
Қазақстанда 
Ш.Қаланованың, 
Ж.Қараевтың, 
Ш.Таубаеваның, 
Қ.Қабдықайыровтың, 
С.Лактионованың, 
М.Жанпейісованың, 
Ә.Жүнісбек 
пен                          
Қ.Нағымжанованың,  С.Көшімбетованың,  т.б.  ғалымдардың  зерттеулерінде  оқытудың  жаңа 
технологиялары жан-жақты қарастырылады. 
Білім  берудің  сапасын  мәнді  жоғарлату  жолдарын  іздестіруде,  нақтырақ  айтсақ,  жоғары 
білімнің Н. Чабышев пен В.П. Коган пәнаралық байланыстың тұжырымдамасын негіздей отыра оны 
жоғары білім беру тәжірибесіне енгізудің нақты оқу-әдістемелік механизмін ұсынады. Бұл бағыттағы 
инновациялық іс-әрекет мәселесі білім беру мекемелерінде шешілуі қажет. 
Қазіргі  кезде  әдебиеттен  осы  заманғы  білім  берудің  даму  бағыты  мен  тенденцияларын 
қамтитын  технологиялардың  түрлері  баршылық.  Бүгінгі  таңдағы  өзекті  мәселе  бәсекеге  қабілетті 
мамандар  дайындап,  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамыту  жолдар  ең  алдымен  мектеп 
қабырғасынан бастаған жөн. Себебі, білімнің бастау бұлағы деп мектеп қабырғасын аламыз.   
Оқу-тәрбие  үрдісінде  қолданып,  айтарлықтай  нәтиже  беріп  жүрген  жаңа  педагогикалық 
технологиялар  мыналар:  дамыта  отырып  оқыту  әдістемесі  (Л.Занков,    Д.Эльконин,  В.Давыдов, 
В.Репин,  В.Левин);  оза  отырып  оқыту  (С.Лысенкова);  іс-әрекетті  бағалау  (Ш.Амонашвили, 
И.Волков);  тірек  және  тірек  конспектілері  арқылы  оқыту  (В.  Шаталов);  саралап  оқыту; 
шоғырландырып  қарқынды  оқыту  жүйесі;  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  дамыта  оқыту;  жобалап 
оқыту технологиялары. 
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 
оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту.  
Оқыту  –  тәрбиенің  интеллектуалды  түрі.  Оқытудың  инновациялық  технология  бойынша 
әдістемелік  жүйесі,  осы  мақсатта  сапалы  нәтижеге  жеткізуге  мүмкіндік  беретін  танымдық  іс-
әрекеттер  түрлерінің  мазмұнымен  тікелей  байланысты.  Сондықтан  инновациялық  әдіс-тәсілдерді 
оқыту  үрдісіне  енгізу  барысы  танымдық  іс-әрекеттер  түрлерінің  мазмұнын,  белгілі  деңгейде 
белсенділігін  көздейді.  Осы  екі  үрдістің  өзара  сапалы  нәтижесінде  оқушының  өз  ісіне  сенімділігін, 
жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттігін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай 
туғызантын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. 
Ал  соңғы  жылдары  оқытудың  модульдік  технологиясы  мен  В.  Монаховтың,  Дъяченконың 
оқытудың  ұжымдық  тәсілі,  сондай-ақ,  профессор  Ж.  Қараевтың  оқытуды  дербестендіру  мен 
ізгілендіру  ұстанымдарына  негізделген  жаңа  педагогикалық  компьютерлік  технологиясы  еліміздің 
көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ 
жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу 
болып табылады. Мәселен, Л. Занков, Д. Эльконин, В. Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту 
жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты әрі мынадай ұстанымдардан құралады. 
1.
 
Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту. 
2.
 
Теориялық білімнің жетекші рөлі. 
3.
 
Оқу материалын жеделдете оқыту. 
4.
 
Оқу үрдісін оқушының сезінуі. 
5.
 
Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу. 
Дамыта  оқыту  –  күрделі  құрылымды,  біртұтас  педагогикалық  жүйе.  Оның  нәтижесінде  әр 
оқушының  өзін-өзі  өзгертуші  субъект  дәрежесіне  көтерілуі  көзделіп,  оқыту  барысында  оған  лайық 
жағдайлар жасалады. 

244 
 
Дамыта  оқытудың  дәстүрлі  оқытудан  айырмашылығы:  көздеген  мақсатында,  мәнінде, 
мазмұнында,  дамытудың  негізгі  факторында,  мұғалімнің  рөлі  мен  атқаратын  қызметінде,  әдіс-
тәсілдерінде,  оқушының  білім  алу  белсенділігінің  түрінде,  оқу  үрдісі  мүшелерінің  әрекеттестің 
ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынас сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру түрлерінде, 
т.б. 
Л. Занковтың оқу жүйесінде оқушы өзін емін-еркін сезінеді, оның әлеуметтік мүмкіндігі мен 
дербестігінің  дамуына  жағдай  жасалады.  Осы  жүйеде  оқушы  мен  мұғалімнің  арасындағы  жаңаша 
қарым-қатынастың іргесі қаланады. Мұғалім түсіндіруші, оқытушы тұрғысында емес, оқушының оқу 
әрекетін ұйымдастырушы, бағыттаушы ретінде көрінеді.  
Д.  Эльконин  мен  В.  Давыдовтың  зерттеулері  оқу  әрекеті  және  оның  субъектісін 
қалыптастыруға  бағытталған.  Оның  құрылымы  төмендегідей:  оқу  танымдық  мотивтер,  оқу 
тапсырмалары,  оқу  амалдары,  оқу  операциялары.  Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен 
тәрбиелеудің  міндеті  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  болғандықтан,  жаңа 
технология  бойынша  әдістемелік  жүйенің  басты  бөлігі  оқыту  мақсаты  болып  қалады.  Сондықтан 
танымдық  іс-әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  керек.  Бұл  әдістемелік  жүйенің  басқа 
бөліктерінің де (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының) өзара байланысы қалпында өзгертілуін 
талап етеді. Мұны орындау үшін төмендегідей ұстанымлар жүзеге асуы тиіс. 
1.  Оқушылардың  өзіндік  ізденіс  іс-әрекетінің  әдістерін  меңгеру  талап  етіледі.  Өйткені  бұл 
әдістердің  күнделікті  пайдаланып  жүрген  оқыту  әдістерінен  айырмашылығы  бар.  Яғни,  жаңа 
жағдайдағы  «Оқыту  әдістемесі»  деп  отырғанымыз:  «оқушы-мұғалім»  ұстанымының  өзара  тығыз 
байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы 
белсенділігіне баса назар аударылады. 
2.  Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері  –  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері  болып 
табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат – оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру 
мүмкіндігіне  сүйеніп  беделі  мен  қадір-қасиет  сенімін  дамыту.  Ал  оқытудың  фронтальдылығы, 
көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады. 
3.  Жаңа  технологияның  мақсаты  бойынша  «оқытуды  ізгілендіру»  қажет.  Бұл  үшін  оқу 
құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. 
Әрбір  педагогикалық  технология  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  дамытуға,  оның  өзіндік  және 
шығармашылық  қабілетін  арттыруға,  қажетті  іскерліктері  мен  дағдыларын  қалыптастыруға  және 
өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін қамтиды. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  ерекшелігі  –  мұғалімдер  мен  оқушыларға  өз  бетімен 
бірлесіп, шығармышылықпен жұмыс істеуге мүмкіншілік береді. 
Мектептердің  оқу  үрдісіне  жаңа  ақпараттық  технологияны  енгізу  арқылы  оқу  сапасы 
жақсарып, дамыта оқыту жүзеге асырылып, сабақ қарқыны жеделдетіліп, жеке тұлғамен жұмыс істей 
отырып,  саралап,  даралап  оқытуға  мүмкіндік  туады.  Жаңа  ақпараттық  технологияны  шағын 
жинақталған  мектептерде  де  пайдалануға  болады.  Онда  сабақты  тиімді  өткізуге,  оқушылардың 
танымдық  белсендігін  арттыруға,  әрбір  оқушының  өз  бетінше  ізденіп  білім  алуларына  көмектесуге 
болады.  Жаңа  технология  оқушының  өзіндік  жұмыс  атқаруына  және  ең  басты  –  оқушының  білім 
жетістіктерін жақсартуға ықпал етеді. Қазіргі өмір талабына сай 1-сыныпқа арналған «Математика» 
электрондық  оқулығы  қазақ  тілінде  2002  жылы  даярланып,  республика  мектептеріне  берілді.  Бұл 
электрондық  оқулық  мектеп  оқушыларын  ақпараттық  технологияны  кіші  жастан  меңгеруге 
көмектесіп, оқушылардың өз бетімен білімдерін толықтыруларына мүмкіндік береді. 
Өйткені  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалану  –  ертеңгі  бәсекеге  қабілетті  маман 
дайындаудың бастауы болмақ .  
 
 
 
 

245 
 
УДК: 355/359 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет