Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


-ое  образуется  через прибавление тұғын (сокращенно -тын, -тін



Pdf көрінісі
бет19/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27

2-ое  образуется 
через прибавление тұғын (сокращенно -тын, -тін от тұрған) 
к  причастию  на  -а,  -е,  -й:  қарайтұғын  –долженствующий 
смотреть»
213
, – деп баяндайды.
209
  А.В.Васильевтің  Ы.  Алтынсаринмен  тіл  жағынан  ұштастығы,  сірә,  олардың 
қызметтес, пиғылдас және территориялас болғандығынан болар. А. Васильев Ыбырай 
өлгеннен кейін оның орнына Торғай облысының мектептер инспекторы болып қызмет 
еткен.
210
 Ильминский Н. И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861. 
- С. 10.
211
 Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская. Сост. М. Терентьев. 
- Кн. 1. - СПб., 1875. - С. 143.
212
 Спутник русского человека в Средней Азии. Сост. А. Старчевский. - СПб., 1878. 
- С. 82.
213
 Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис. - Оренбург, 
1898. - С. 71.

275
Осылардың барлығынан байқайтынымыз – бұл авторлар, ең 
алдымен, тұрған немесе -тын варианттарын атамай, -тұғын-
ды  көрсетеді,  мысалдарды  да  -тугун  формасымен  береді. 
Ықшамдалған -тын вариантының да бар екенін жол-жөнекей, 
жақша  ішінде  ғана  білдіріп  өтеді.  Тек  П.М.Мелиоранский: 
«Тұрған  мало-помалу  сократилось  в  -тұғұн.  В  современ-
ном  разговорном  языке  сокращение  идет  еще  дальше.  Те-
перь в живой киргизской речи нередко слышится форма ала-
тын, түсетін»
214
, – деп сол кездегі (XIX ғасырдың аяқталар 
тұсындағы) норманы ашып айтады.
Сөйтіп,  фонетикалық  трансформация  жолымен  граммати- 
каланған  тұрған  сөзінің  (тұрған>тұғын>  -тын  ~  -тін)  XIX 
ғасырдың II жартысындағы қазақ әдеби тілінде соңғы екі ва-
рианты (-тұғын, -тын) қатар қолданылғанын атаймыз. Оның 
өзінде  фонетикалық  редукцияланудың  алғашқы  сатысы 
-тұғын қолданылу жиілігі жағынан әлдеқайда басым болған. 
Әсіресе  прозалық  текстерде,  оның  ішінде  енді-енді  туа  бас- 
таған  қоғамдық-публицистикалық,  ғылыми  стильдерге  жа-
татын  материалдардың  тілінде  -тын  аффиксінен  гөрі  тұғын 
жарты сөзі жиірек пайдаланылған. Абайдың прозасы да осыны 
танытады.
Қазіргі қазақ тілінің грамматикалары норма ретінде -тын, 
-тін  жұрнағын  атайды.  Қазіргі  публицистикалық,  ғылыми 
стильдерде  тек  осы  тұлға  қолданылады.  Ал  бұл  аффикстің 
түп негізі тұрған сөзі қазірде де, Абай тұсында да қазақ әдеби 
тілінде  қолданылмаған  (Абай  текстерінде,  онда  да  атақты 
38-сөзінде  Мүрсейіт  бір  жылғы  дәптерінің  екі  жерінде  бола 
тұрған  деп  жазса,  өзге  дәптерінде  болатұғын  деп  беріпті). 
Сірә,  бола  тұрған  тіркесі  Абайда  да,  көшірушіде  де  аса 
тұрақты болмаған болу керек. Есімшенің толық сөз түріндегі 
көрсеткіші  кітаби  тілге  тән  болып  келеді.  Мысалы,  тұрған 
вариантын «Дала уалаятының» бетінен, әсіресе ондағы ресми 
документтердің тілінен кездестіреміз.
Өзге  тұлғалардың  да  (менен  ~  мен,  дағы  ~  да)  тайталаса  
қатар қолданылып келгенін өткенде хатқа түскен мақал-мәтел- 
214
 Краткая грамматика казах-киргизского языка. -  Фонетика и этимология. Сост. 
П.М.Мелиоранский. - СПб., 1894. - С.62.

276
дерден де байқаймыз. Мысалы, Я. Лютш жариялаған вариант-
тарда  толық  түрімен  берілген:  «Алыс  пенен  жуықты  жүрген 
білер»; «Асықпаған арба менен қоянға жетер»; «Атты қамшы 
менен  айдама,  жем  менен  айда»;  «Балықтың  тірлігі  су  ме-
нен». Сонымен қатар бір мақалдың ішінде толық та, ықшам да 
түрлері қатар келтірілгендері де бар: «Сүт пенен кірген мінез 
сүйек пен бірге кетер».
Қазақ  мақалдарының  1957  жылғы  баспасында:  «Атты 
қамшымен айдама, жеммен айда», 1912 жылғы мақалдар жина- 
ғында: «Есік алды төбе болса Ерттеп қойған атпен бірдей».
* * *
-ар жұрнақты есімшенің болымсыз түрі (-ма+с) I жақ жеке- 
ше  түрде  жіктелгенде,  отырмаспын,  тұрмаспын  деген 
толық тұлғалардың орнына отырман, тұрман тәрізді ықшам 
варианттарының  қолданылуы  –  қазіргі  көптеген  түркі  тіл- 
дерінде  жоқ  норма.  Қазіргі  қазақ  тілі  үшін  де  өнімсіз  тұлға. 
Бұл тәсіл ауыз әдебиеті нұсқаларында (оның ішінде эпостық 
полотноларда)  молырақ  кездеседі.  Сонымен  қатар  өткендегі 
кейбір  қаламгерлер  бұл  грамматикалық  тұлғаны  едәуір  ак-
тив қолданғаны байқалады. Мысалы, Махамбет ақында: «Боз 
ағаштан  биік  мен  едім,  Бұлтқа  жетпей  шарт  сынбан»  (109). 
Оның «Беркініп садақ асынған» деген шығармасы бастан-аяқ 
осы тұлғамен берілген. Бұл тұлғаның -ар жұрнақты есімшенің 
болымсыз  түрі  екендігін  екеуінің  қатар  қолданылғандығы 
дәлелдейді. Мысалы, «Мен ақ сұңқар құстың сойы едім» де-
ген  өленінде:  «Өтініп  алып  от  жақпан,  Дұшпанға  қылыш 
ұрармын»  (112)  немесе:  «Мен  кеткенмен  тек  кетген,  Сізден 
артық  табармын»  (112)  деген  тармақтарда  бірыңғай  мәндегі 
сөйлемдердің етістіктері болымды түрінде -ар жұрнақты, бо-
лымсызында -ма н жұрнақты тұлғалармен берілген.
Кейбір  зерттеушілер  бұл  көне  ықшам  тұлғаны  стильдік  
мотивпен  қолданылатын  тәсіл  ретінде  қарайды.  Бұл  тұлға 
сөйлемге  экспрессивтік  мән  беріп,  қайсарлықпен  үзілді-
кесілді  айтылған  ойды  білдіреді  дейді
215
.  Сірә,  бұл  тұжырым 
215
  Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев  Б. Қазақ тілінің стилис- 
тикасы. - Алматы, 1960. - 175-6.

277
жоғарыдағы Махамбет өлеңдері мен фольклорлық нұсқаларда 
кездесетін  кейбір  жолдарға  қарап  айтылған  болу  керек. 
Бұлардағы  серт,  ашу,  қайсарлылық  мән  жалғыз  сөз  етіп 
отырған тұлғаға байланысты емес, бір жағынан, шығарманың 
жалпы  сарынына,  мазмұнына  қатысты  болса,  екіншіден  -ар 
жұрнақты есімшенің өзінде де осы реңк жоқ емес. Ал бірақ -ар 
жұрнақты болымды немесе -ма+н жұрнақты ықшам болымсыз 
тұлғаларда әрдайым серт беру, айбын көрсету тәрізді модальдік 
мән бола бермейді. Мысалы, Абайдың: «Қылығыңда жоқ ағат, 
Қарап  тойман  жүз  қабат»  (I,  104)  деген  жолдарында  қандай 
серт, ашу мәні бар? Немесе: «Сонда жауап бере алман мен би-
шара» (і, 223) дегенінде тіпті дәрменсіздік реңкі бар сөйлемді 
көреміз.
Абай  бұл  тұлғаны  да  едәуір  актив  пайдаланған.  Әсіресе 
емес  көмекшісінің  емен  түрін  өлеңдерінде  еркін  қолданады: 
«Разы  емен  осындай  ат  мінбесем»  (I,  48).  Бұл  тұлғалардың, 
жоғарыда айтқандай, автордың өзіне өзі берген серті, талабы, 
шарты тәрізді реңк беретін сәттері де, мұндай реңк бермейтін 
сәттері де бар. Мысалы: «Ескі бише отырман бос мақалдап, 
Ескі  ақынша  мал  үшін  тұрман  зарлап»  (I,  67)  дегенді 
ақынның өзіне қойған шарты, серті деп ұғынуға болатын бол-
са,  «Қылығына  жете  алман,  Қаншалық  тілмен  айтқанмен»  
(I, 191) деген тәрізді сөйлемдерінде ешқандай модальдік реңк 
жоқ. Соңғыша сөз етіп отырған тұлға – жете алмаспын деген 
тәсілдің грамматикалық дублеті ғана.
Ықшам  тұлғаның  дублеттілік  қызметте  жұмсалғанын: 
«Бай  емен,  батыр  емен,  хан  емеспін»  (I,  265)  деген  жолда-
ры  айқын  дәлелдейді.  Мұнда  бірыңғай  конструкциялардың 
алдыңғы  екеуі  ықшам  болса,  соңғысы  толық.  Бірақ  ықшам 
тұлғаны қолданудың өзі мотивсіз емес. Біздіңше, бұл – өлең 
шарттарына,  оның  ішінде  буын  өлшеміне  орай  қолданылған 
тәсіл. Бұрын талданған -тұғын ~ -тын, менен ~ мен, -дайын 
~  -дай  тұлғалары  тәрізді  -маспын  ~  -ман  дублеттері  де  – 
буын санының қажетіне қарай жұмсалатын, бір-біріне кезекші 
тұлғалар.  Мен,  -тын  тұлғалары  Абай  кезеңінде  проза  сала-
сында  да  жарыса  қолданылып  келген  болса,  -ман  тұлғасы 
Абайға  дейін  көп  бұрын-ақ  тек  поэзия  тілінде  тұрақталып, 

278
проза  саласына  ауыспай  қалғанға  ұқсайды.  Ал  Абай  өзіне 
дейінгі  қазақтың  бай  поэзия  дәстүрі  пайдаланған  өлеңдік 
тәсілдерді мейлінше сарқа және икемді түрде жұмсау тенден-
циясын ұстағанын грамматикалық дублет тұлғаларды қолдану 
тәжірибесінен көреміз.
Сөйтіп, Абай, қазақ поэзия тіліне тән -ман ықшам тұлғасын 
модальдік мотивтен гөрі, өлең шартына (буын санына) байла-
нысты туған қажеттікті өтеуге шебер пайдаланған.
* * *
Қазіргі  қазақ  әдеби  тілінде  -ған  жұрнағымен  жасалған 
есімшенің  соң  шылауымен  тіркесінің  кірігіп  ықшамдалған 
түрі  -ғасын  тұлғасын  қол  көру  тенденциясы  бар
216
.  О  баста 
соң  шылауы  шығыс  септіктегі  есімшені  меңгерген:  барған 
+  нан  соң.  Грамматикалық  тіркестің  бұл  стадиясы  револю-
циядан  бұрынғы  материалдарда,  әсіресе  орыс  ғалымдары 
жариялаған нұсқаларда молырақ кездеседі: «Кемпір бұ қызды 
тысқары шығарады, шығарғаннан соң бұ қыз жарық дүниені 
көріп... есі ауып қалады» (Радлов. Образцы.., III, 64); «Қодар 
Қозы  Көрпешті  іздеді,  іздеп  жүріп  келді,  қарауылда  жатқан 
әлгі адамды көрді, көргеннен соң келіп соның басын алмаспе-
нен кесіп алды» (Сонда. 246); «Манағы қарт базардан қайтып 
келгеннен  соң  осы  жігіттен  аманат  қойған  ақшасын  сұрады» 
(Лютш,  31).  Сонымен  қатар  өткен  ғасырдың  II  жартысын-
да  шығыс  септік  жалғауын  түсіріп  қолданылатын  норма-
сы да болған. Сірә, негізінен осы соңғы түрі басым болғанға 
ұқсайды. Абай прозасында шығыс жалғаусыз, бірақ әрі қарай 
трансформацияланбаған  түрі  (-ған  соң)  қолданылған:  «Жыл-
дан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма 
келеді»    (II,  160);  «Мұңдасып  шер  тарқатысар  кісі  болмаған 
соң...» (ІІ, 157).
Абаймен тұстас өзге нұсқаларда да көбінесе осы вариантын 
табамыз. Соған қарағанда -ғасын түрінде ықшамдалу фактісі 
– тіпті соңғы кезеңдердің – біздің заманымыздың – жемісі. Ал 
поэзия тілінде Абай тұсында да (Абайдың өзінде де), қазірде 
216
 Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 1954. - 352-б.

279
де,  шығыс  ссптікті  варианты  артық  бір  буын  қажет  жерде 
қолданыла береді:
Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң (11 буын),
Алмасы өкпе болар қол батпаған (I, 24).
Сәлем борыш, сөз құлық болғаннан соң (I, 34).
Буын саны асып бара жатса, жалғаусыз дублеті «кезекші» 
болып дайын тұрады:
Ер жеткен соң түспеді уысыма (I, 25)
Көңлімнің рахаты сен болған соң (I, 98).
Шылау  меңгерген  септік  жалғауларының  түсіріліп  қолда- 
нылуы  жалғыз  осы  ситуацияда  емес.  Есімдік  пен  үшін  шы- 
лауының тіркесінде ілік септігі қосылып та (менің үшін, сенің 
үшін), түсіріліп те қолданылуы тағы да қазақ поэзиясы тілінен 
басталған. Бұл – Абайдан бұрынғыларда да, тұстастарында да, 
өзінде де, тіпті қазірде де қолданылмалы тәсіл. Салыстырыңыз, 
Абайда: Менің үшін сен жауап бер, Менде сөз жоқ, бишара (II, 
82). Көрісуге шыдамаспыз, Айрысалық сол үшін (II, 86).
Сілтеу,  жіктеу  есімдіктері  де  мен  (~менен)  шылауымен 
тіркескенде,  Абай  тұсында  ілік  септікте  де,  онсыз  да  қолда- 
нылған  жайы  бар.  Мүрсейіт  дәптерінің  бір-екі  жерінде 
соныңменен түрінде жазылған (соңғы басылуларда бұлар со-
нымен деп берілген). Әрине, бізге қазір автордың қай тұлғамен 
бергенін кесіп айту қиын, мүмкін, ол ілік септігін сақтаған бо-
лар, сондай-ақ сақтамай да жазуы әбден ықтимал. Ал Абаймен 
тұстас басқа қазақша жазу нұсқалары менен (~мен) тұлғасының 
ілік септіктегі есімдіктермен тіркескен фактілерін береді. Мы-
салы, Ыбырайда: «Сиыр айтты: адам егін ексе, менің мен егеді» 
(Алтынсарин,  1879.  15);  «Бұл  қол  да  менің  жазықты  болған 
атамның  қолы,  бірақ  мұның  мен  балаларын  асырауға  шама-
сы  келмейді»  (Сонда.10)
217
.  Хан  оның  менен  көрісіп,  жөнін 
сұрап кімсің деді. Мұның менен қоймаймын екеуіңді (Радлов. 
Образцы...  III,  224).  Бұл  құбылыс  ақындар  тілінде  де,  ауыз 
әдебиетінде де бар: Меніңменен соғыссаң («Қыз Жібек»,119). 
Біздіңмен он үш деп едік (Шернияз, 134).
217
 Бұлардың барлығы да жазушының соңғы баспаларында менімен, мұнымен деп 
редакцияланған.

280
ХІХ  ғасырдың  ІI  жартысындағы  грамматикаларда  септеу 
таблицасындағы  көмектес  септік  үлгісін  меніңмен,  сеніңмен, 
оныңмен  деп  береді.  Қазақ  грамматикасы  жайында  бұдан 
ілгерірек  шыққан  (Ильминский,  Терентьев,  Старчевскийлер-
де) материалдарда көмектес септік (инструментальный падеж) 
деген атымен жоқ, тегі, бұл авторлар менің менен, сенің менен 
сияқты формаларды шылау мен сөздің тіркесі деп санаған. Шы-
нында да, солай болу керек. Қазақ тілінде мен формантының 
аффикс категориясына жатқызылуы лингвистикада соңғы кез-
дерде пайда болған. Жеке сөз (шылау) ретіндегі менен (~мен)-
нің  бұлайша  грамматикалануы  меңгеріліп  тұрған  есімдіктің 
бірте-бірте  ықшамдала  түсуіне  (ң-ның  түсіп  қалуына)  әсер 
еткені сөзсіз.
Сөйтіп, Абай тұсында және мүмкін, Абай тілінде де, өзге 
дублетті  тұлғалар  тәрізді  жіктеу,  сілтеу  есімдіктерінің  мен  ~ 
менен формантымен тіркесі толық (менің мен, оның мен, соның 
мен) және ықшам (мені мен, оны мен, соны мен) варианттарын-
да жарыстырыла қолданылған да әрі қарайғы тенденциясы – 
ықшам түрінің қалыптасуы болған деп табамыз.
Жалпыхалықтық  тілде  сөздің  грамматикалық  құрылымы- 
ның ықшамдалу құбылысы өзге категорияларда да бар. Мыса-
лы, өткен шақ есімшенің жіктелген кезде соңғы н дыбысының 
түсіріліп айтылуы. Абай бір өлеңіндегі етістіктерді осы тәсілде 
құрады: «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқамын,Түбін ойлап, 
уайым жеп айтқамын» (I, 173).
Өткен шақ есімшеге соң шылауы тіркескенде, н-ның түсіп 
қалуы  тәрізді  (ғасын),бұл  жерде  де  тұлғаның  ықшамдалуы 
жалпы  тіл  табиғатына,  оның  даму  заңына  қайшы  келмейді. 
Сондықтан да Абай халықтық тілдегі бұл жанды процесті жат-
сынбай қабылдаған. Қазірде де ауызекі сөйлеу тілінде н дыбы-
сы түсіріліп айтыла береді. Бірақ біз әлі де көптеген тұлғаның 
ауызекі формадағы фонетикалық күйін есепке алмай, олардың 
түбірін  сақтап  жазуды  (мысалы,  бере  алмады,  айта  алма-
ды, барса игі еді тәрізді тіркестерді) және солай айтуды нор-
ма  деп  ұсынып  жүрміз  (-ғасын-ның  өзін  кейбір  грамматика 
оқулықтары әлі норматив тұлға ретінде көрсетпейді).

281
Кейбір етістіктердің сөздерді меңгеруіндегі 
ерекшеліктері
Етістіктердің  белгілі  бір  септіктерді  меңгеру  дәстүрінің 
қалыптасуы  –  жетілген  әдеби  тілдің  сипаты.  Қазіргі  әдеби 
нормамызда  белгілі  етістік  сөздердің  белгілі  бір  септіктегі 
есім сөздерді қалауы тұрақталып қалғанын білеміз. Мысалы,  
сырласу  етістігі  көмектес  септікті  (кіммен,  немен  сырласу), 
қанағат  ету  етістігі  табыс  септігін  т.т.  меңгеретін  болып 
қалыптасқан.
Ал  өткендегі  қазақ  әдеби  тілінде  (бұл  құбылыс,  ішінара 
қазірде  де  жоқ  емес
218
)  кейбір  етістіктердің  меңгеру  сипаты 
қазіргіден  өзгеше  болып  келетін  сәттері  бар.  Яғни  меңгеру 
дәстүрі  тұрақты  емес.  Мысалы,  Бұқарда  Өтіңменен  жа-
рылма,  Өкпеңменен  қабынба  болып,  қазірде  шығыс  септікті 
меңгеретін  екі  етістіктің  екеуі  де  көмектесті  қалап  тұр.  Сол 
сияқты «Қамбар» жырында: «Қалайша бізбен суысты» (қазірде 
неден  суысу,  неден  көңлі  қалу),«Қыз  Жібекте»:  Мен  жайым-
ды  сөйлесем,  Ақылыңды  танасың  (қазірде:  Ақылынан  тану)  
деген  меңгерулерді  табамыз.  Мұндай  ерекшеліктер  XIX  ға- 
сырдың  өз  бойындағы  қазақ  әдебиеті  авторларының  қай-
қайсынан  да  табылады:  «Мінер  ат,  киер  киімнен  Мұхтаж 
болған  жігіттің»  (Базар,  244).  Қазірде  мұхтаж  болу  етістігі 
көбінесе  барыс  септігін  қалайды:  неге  мұхтаж  болу? 
«Себебімен  өлеңнің  Сіздерменен  кез  келдім»  (Майлы,  203)  – 
осы күнде сіздерге кез келдім болар еді. Біржанда: «Бір сұлу қыз 
Найманда бар дегенмен (дегенге болса керек еді), Бек мұхтаж 
көруге болдым саған». Мұнда мұхтаж болу осы күнгіше ба-
рыс  септікті  (көруге)  меңгеріп  тұрғанмен,  алдыңғы  жолдағы 
себепті  білдіретін  сөз  (бар  дегенмен)  ол  мәнге  қатыссыз 
көмектес септікте тұр.
Септіктердің ауысып келуі Алтынсарин тіліне де тән. Мы-
салы,  қанағат  ету  –  қазірде  табыс  септікті  меңгеретін  салт 
218
  Әңгіме  етістік  пен  объектінің  қатысына  қарай  түрліше  септікті  қажет  ететін 
жағдайлар  туралы  емес.  Мысалы,  жазу  етістігі  немен,  нені,  неге  (кімге)  жазу  деген 
тәрізді қатынастарды білдіріп, бірде көмектес, бірде табыс, бірде барыс т.б. септіктегі 
сөзді меңгеретіні түсінікті.

282
етістік.  Ал  Ыбырай  мұны  көмектес  септікпен  тіркестіреді: 
азбен  қанағат  етіп  (бұл  жерде  Ыбырайға  орыс  тілінің  кон-
струкциясы  әсер  еткен  болуы  да  мүмкін:  удовлетвориться  
чем  –  малым,  өйткені  бұл  етістіктің  меңгеру  дәстүрі  күні 
бүгінге  дейін  тұрақталған  емес;  орыс  тілінің  әсерімен  кейде 
көмектес септіктегі сөзбен қолданатындар бар).
Абай тілінде көптеген етістіктің септіктерді меңгеру сипа-
ты  қазіргі  нормамызға  сай  түседі.  Сонымен  қатар  осы  күнгі 
норма  бойынша  қажет  септіктің  орнына  өзгесі  қолданылған 
алшақтық және бар. Мысалы, жоғарғы сырласу етістігі Абайда 
бірер жерде барыс септігін меңгереді: «Күңгірт көңлім сырла-
сар  Сұрғылт  тартқан  бейуаққа»  (I,  237);  «Жылқышылар  кеп 
тұрса, Таң ертеңмен салпылдап» (I, 50) – таңертеңнен
219
 келу. 
Сірә, бұл жерде таңмен келу тәрізді модель әсер еткен. Шын 
көңілден  тату  болу,  шын  көңілден  сүю  дегендер  де  Абайда 
көңілмен  болып  келеді.  Сірә,  екеуі  де  –  осы  күнге  дейін  жа-
рыса келе жатқан нормалар. Қазірде сөзінде тұру тіркесі жа-
тыс септікте қалыптасқан, Абайда сөзімен тұру («Бір сөзімен 
тұрса екен жанса-күйсе» – I, 38). Кекті болу етістігі кімге деген 
сұрақты қойғызады, ал Абайда кіммен дегенге жауап береді. 
Адаммен содан бері болды кекті (ІІ,118). Салысу деген етістік 
бір  сөйлемнің  ішінде  біресе  көмектес,  біресе  барыс  септігін 
меңгереді. Жаманмен салысып жақсы бола ма? Жақсыға са-
лысып жақсы болады тағы (II, 178). Сондай-ақ: «Ұятың, арың, 
оянсын».  Бұл  сөзімді  ойлансын  (I,  90)  деген  жолдарды  қазір 
бұл сөзіме ойлансын деп құрар едік.
Септіктердің  ауысып  қолданылуы  Абайда  кейде  (әрине, 
өте сирек) өлең талабынан да туған тәрізді. Мысалы, бастан- 
аяқ  мағынасы  жағынан  да,  грамматикалық  оформлениесі 
жағынан  да  синтаксистік  параллельдермен  жазылған  «Сегіз 
аяқ»сияқты  шығармада  Жүректі  тербеп  деудің  орнына 
Жүректен тербеп болып берілуі алдыңғы алыстан сермеп де-
ген жолға қатысты.
Дегенмен септіктердің меңгерілуіндегі мұндай тиянақсыз- 
дық  Абайда  болсын,  өзгелерде  болсын  көзге  түсерліктей, 
219
 Мүрсейіт дәптерінде – таңертеңнен.

283
сөйлем мағынасын бұзарлықтай (қазіргі нормамен қарағанда) 
немесе  өз  алдына  система  етіп  шығарарлықтай  дәрежеде 
емес  екенін  білдіреміз.  Грамматикалық  тәсіл-тұлғалардың 
әдеби біртұтас нормаға тусу процесі ұзақ қолданылу дәстүрін 
қажет  ететін  құбылыс  екендігін  ескерсек,  әлі  күнге  дейін 
қазақ тіліндегі бүкіл етістіктердің меңгеру жүйесі тұрақталып 
болмағанын және мойындаймыз.
Кітаби тілдік (шағатайша) морфологиялық тәсілдер
Абайдың, негізінен, прозасының тілінде оның өлеңдерінде 
қолданылмаған,  тегі,  сол  кездегі  қазақтың  жалпыхалықтық 
тіліне тән емес, өзге түркі тілдеріне жататын бірнеше морфо- 
логиялық  тұлға-тәсілдерді  кездестіреміз.  Олар:  есімше  туды-
ратын  -мыш  жұрнағы,  кәмілдікті  білдіретін  дүр  форманты, 
етістіктің  III  жақ  көпше  түріне  -лар  жалғауының  қосылуы 
(бардылар) және III жақ бұйрық рай тұлғасының үшін шылау-
ымен тіркесі (барсын үшін).
Оғыз тілдерінде өткен шақтың бір түрін жасайтын verbum 
ретіндегі  -мыш  аффиксті  тұлға
220 
өткен  ғасырдағы  кейбір 
қазақша  прозалық  нұсқаларда  (баспасөзде,  Абайдың  «Қара 
сөздерінде»  және  кітаби  тілде  жазылған  үлгілерде)  ара-тұра 
infinitum  (есімше,  етістіктен  болған  есім)  ретінде  жұмсалған. 
Онда да етістіктің тура түбір тұлғасына емес, тек -ыл жұрнақты 
ырықсыз  етіс  тұлғасына  тіркелген  түрінде  ұшырасады  
(айтылмыш, жазылмыш, көрсетілміш т.б.) да көбінесе айық- 
тауыш  болып  келеді  (оғыз  тілдеріндегідей  жіктелмейді). 
Бұл  тұлға  Абайда  негізінен  38-сөзінде  айтылмыш,  жазыл- 
мыш  түрлерінде  бірнеше  реттен  ұшырайды:  «Бұл  айтыл-
мыш үш хисләттің иелерінің алды – пайғамбарлар» (II, 202); 
«Бұл  сөзіме  ғақлия  дәлелім  –  жоғарыдағы  жазылмыш  Алла 
тағаланың  есімдері»  (II,  199).  Бұл  тұлғаны  қазақтың  ауыз 
әдебиеті  үлгілерінен  де  (тіпті  олардың  қара  сөзбен  берілген 
бөліктерінен  де),  Алтынсарин  шығармаларынан  да,  орыс 
ғалымдары мен ағартушылары жинаған немесе өздері құрас- 
220
 Дмитриев Н. К. К вопросу о значении основной глагольной формы на «мыш». - 
ЭКВ - Т. 2. - Вып. 1. - 1926. - С. 91; Кононов А.Н. Турецкая глагольная форма на «мыш» 
// Ученые записки ЛГУ. - Серия филологическая. - 1939. - № 20. - С. 34.

284
тырған (Васильевтердің текстері) материалдардан да таба ал-
маймыз. Керісінше, «Дала уалаяты газеті» әсіресе өзінің «Рес-
ми  бөлімінде»  кейбір  ырықсыз  етістерге  -мыш  жұрнағын 
жалғауға бейім тұрады: Жаңадан шығарылмыш газет шығып 
тұрады жұма сайын бір мәртебе... ұлықтар өздеріне тапсырыл-
мыш уалаятының хал-ахуалын анық біліп... (1889. № 1). Сол 
айтылмыш жобалары төменде мағлұм етіледүр (1893. №15) т.б.
Өткен ғасырдағы қазақ баспасөзінің ресми бөлімінде және 
ішінара Абай прозасында қолданылған -мыш аффиксті тұлға 
кітаби  тілден  («шағатай»  тілінен)  ауысқан.  Ал  «шағатай» 
тілінде  бұл  форма  көбінесе  verbum  infinitum(есімше)  ретінде 
қолданылған
221
.
Өзге  де  кітаби  тіл  элементтері  сияқты,  -мыш  аффиксті 
тұлғаны да Абай өлеңдерінде және «Қара сөздерінің» көпші- 
лігінде  мүлде  қолданбай,  негізінен,  бір-ақ  шығармасында 
(38-сөзінде) стильдік мақсатпен пайдаланған.
Талдап  өткен  тұлғаға  қарағанда,  дүр  формантының  қазақ 
тіліндегі мән-жайы сәл өзгешелеу. Бұл тұлғаның көне заман-
дарда  қазақ  тілінде  де  қолданылып,  реликт  ретінде  кейбір 
ескі  үлгілерде  сақталып  қалғанын  зерттеушілер  көрсеткен 
болатын.  Біздіңше,  бұл  қалдық  екі  ситуацияда  көрінеді:  бірі 
–  етістікке  (оның  -а,  -е,  -й  жұрнақты  көсемше  тұлғасына) 
жалғанып, бастауыш пен баяндауышты қиыстыратын III жақ 
көрсеткіші  ретінде.  Мысалы:  «Бұл  Тарғын  қамалға  кірген 
соң,  Ақшаханның  әскерлері  мұның  Тарғын  екенін  білмесе 
де, айтадүр біздің ноғайымыздың бір батыры ғой деп» («Ер 
Тарғын», 1898). «Куәлікке жүредүрміз» (халық әдебиетінен).
Абайда дүр формантының етістікпен келгені Алла туралы 
өлеңдерінің бірінде, бір-ақ жерде:
Ақыл мен хауас барлығын 
Білмейдүр жүрек, сезедүр.
Мүтәкәллимин мәнтиқин
Бекер босқа езедүр (I, 214).
Екінші тобы – дүр формантының есімдермен келуі. Бұның 
халық тіліндегі қалдығы куә дүрміз, куә дүрміз дегендер мен 
221
 Щербак А. М. К истории узбекского литературного языка древнего периода // 
Акад. Гордлевскому к его 75-летию. - М., 1953. - С.321. 

285
Мен, мен дүрмін, мен дүрмін деген батырлар монологының ай-
бынды жолдарындағы көрінісі. Есіммен келгенде дүр форман-
тында шақтық көрсеткіш сипаты жоқ. Мұнда дүр өзі тіркескен 
сөзіне  дәлдік,  кәмілдік  мағынасын  береді  де  модальдық  шы-
лау  ретінде  жұмсалады.  Бұл  –  қазақ  тілінде  сирек  болса  да 
қолданылып  келген  тәсіл
222
.  Мысалы,  Бұқарда:  «Айтар  сөзім 
осы дүр» (47). Шортанбайда: «Бұл дүние арман емес дүр, Бір 
кезек  дәурен  сүргенге»  (147).  Мағлұм  дүр  Құдаға  пенденің 
қылған күнәсі (142). Эпостарда: «Құдіретіне Алланың Бенденің 
жоқ дүр көнбесі» («Қыз Жібек», 1963. 85). Кім бай дүр, кім 
жарлы дүр Тәңірге аян («Айман-Шолпан», 1957. 11). Көбінесе 
бұл форманттың Құдай, Тәңір туралы жолдарда келетіндігі – 
сірә,  Құдай  тағала  ісінің  кәмілдігі  жөніндегі  халық  сеніміне 
байланысты болу керек.
Бірақ  қайткен  күнде  де  бұл  тәсіл  Абай  кезеңінен  көп 
бұрын-ақ  қазақтың  жалпыхалықтық  тілінде,  оның  ішінде 
әдеби тілінде өнімсіз амалға айналған немесе біздің бір жора-
малымыз  бойынша  -ды  (-ты)  тұлғасына  көшкен.  Кәмілдікті, 
дәлдікті  білдіретін  модальдық  сипат  осы  күнгі  (және  өткен 
нұсқалардағы)  -ды,  -ты  формантында  бар.  Бұл  формант 
көбінесе есімшенің өткен шақ тұлғасы мен (болған- ды, барған-
ды) керек, емес тәрізді бейтарап сөздерге тіркесіп келеді. Кей-
де есімдерге де тіркеседі. Революциядан бұрын жарияланған 
қазақ мақалдарының бір жинағында «Жақсылыққа жақсылық 
– әр кісінің ісі-ді, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі-ді» 
деген  мәтел  бар.  Мұндағы  -ді-лердің  орнына  дүр  форман-
ты  сұранып  тұрғандай.  Сондай-ақ  Абайдағы:  «Сабырлық 
қылсақ керек-ті» деп аяқталатын жолдардағы -ті – көрсетілген 
қызметтегі модальдық формант. Ат бұл – қазірге дейін өнімді, 
тірі тәсіл.
Абайдағы дүр тұлғасы прозасында ылғи дерлік есімдермен 
келген:  «Ғылым  –  Алланың  бір  сипаты,  ол  хақиқат,  оған 
ғашықтық өзі де хақдық һәм адамдық дүр» (II, 195); «Бұлардың 
һәммасы  Алла  тағаланың  затия  сүбұтия  уа  фиғлия  сипат-
тары  дүр»  (II,  197);  «Бәлки  ғадаләт  барша  езгуліктің  анасы 
дүр» (II, 201); «Ол жанның жибили қуаты дүр» (II, 216) т.б. 
222
  Біз  кандидаттық  диссертациямызда  дүр  формантынын  осы  қызметінде 
жұмсалуы қазақ тіліне ертеде тән бола қойды ма екен деген күдік айтқан болатынбыз. 
Соңғы ізденулеріміз бұл күдігімізді жоққа шығаратын тәрізді.

286
Бұлардың  көпшілігі  –  38-сөзінің  тексінде.  Және  дүр  келген  
бұл сөйлемдердің көпшілігінің мазмұны дінге, Аллаға қатысты 
болып  келеді.  Мұның  себебін  біз  тұспалдап  екі  нәрседен 
іздейміз. Жоғарыда айтқандай, адамдардың Құдай тағаланың 
құдіретті  күшіне,  күллі  ісіне  шек  келтірмей  кәміл  сенушілік 
психологиясы  халық  тілінде  соның  грамматикалық  көрінісі 
ретінде  көне  дүр  формантымен  білдіруді  ғасырлар  бойы 
дәстүрге айналдыруы мүмкін. Абай осы дәстүрді ұстанып, ау-
зына  Алланы  алған  жерде  кәміл  сендірушілік  қызметін  (зна-
чение категоричности) дүр модаль элементіне артуы мүмкін. 
Немесе  екінші  жорамалымыз  –  Абай  дүр-ді  кітаби  тілге  тән 
морфологиялық  тұлға  ретінде  әдейі  қолдануы  да  мүмкін. 
Өйткені  38-сөзінде  және  тақырыбы  Алла  болып  келген  1-2 
өлеңінде  бұдан  басқа  да  кітаби  тілдік  элементтер,  халық 
тіліне  енбеген  араб-парсы  сөздері  стилистік  мақсатпен  әдейі 
қолданылғанын білеміз.
Қысқасы,  дүр  форманты  Абай  тұсында  да  өте  мардым-
сыз  қолданылған.  Тіпті  іс-әрекетке  не  ой-тұжырымға  кәміл 
сенушілік,  сөзсіз  қуаттаушылық  рсңкі  қажет  сөйлемдердің 
өзінде бұл тәсіл әрдайым пайдаланыла бермеген. Қазірде бұл – 
мүлде тіл тәжірибесінен шығып қалған тұлға-тәсіл. 
Абайдың кейбір «Қара сөздерін» (мысалы, 38-сөзді) қазіргі 
оқушыға  тілі  жағынан  жаттау  етіп  көрсететін  тұлғалардың  
бірі – етістіктің III жағына жалғанған -лар аффиксі: «[Әулие- 
лер] бәлки хисапқа алмадылар» (II, 202). «Бұл жолдағылар... 
сабырмен  бір  қарар  тұрамын  дегені  болып  кетселер  керек»  
(II, 203).
Абайда  бұл  тәсіл  –  аса  көп  емес  және  барлығы  да 
38-сөзінде.  Ал  бірақ  осы  тәсіл  XIX  ғасырдағы  Абайдан  өзге 
жазба  нұсқаларда  (прозада)  әлдеқайда  көбірек  орын  алған. 
Мысалы, бұл амалды әсіресе ресми корреспонденцияларында 
«Дала  уалаяты  газеті»  көбірек  қолданған:  «Солайша  қылып, 
қырдың нені қылып, қалайша болса тәуір болатыны турасында 
білдіріп тұрсалар» (189.9, № 1); «...Есебі жатақтардың халін 
екі жақтан білмекке жатырлар» (1889, ? 51). Ресми емес ма-
териалдар тілінде де III жақтағы етістіктің көпше мағынасын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет