-лар-ды жалғау арқылы білдіру тенденциясы бар. Мысалы,
«Рас пен қисық» деген ертегі тексінен: «Күнлерде бір күн бұл
287
екеуі ауылдан алысырақ барып кеңес құрыстылар. Ақырында
ойласып-ойласып өзге тарафқа барысып, бағын сынаспақдық
болыстылар»
223
; «һәр ауылдан ірімшік, құрт алып екеуі де
ақырындап жолға түстілер» (1883, № 11).
Бұл тәсілді қазақ текстерін жариялаған орыс ғалымдары
да ара-тұра хатқа түсіріп отырған: «Сондықтан қасындағы үш
жолдасы ...[Тарғынды] алдарына өңгеріп, екі айда Ханзада
ханға алып келділер» (Радлов. Образцы... III, 134); «Балалар
айрылып екі бұрышқа отырдылар» (Алекторов. Киргизская
хрестоматия, 34). Бұл – Я.Лютш текстерінде де бар. Тіпті ол
ауыз әдебиеті нұсқаларының проза бөліктеріне де еніп кеткен:
«Әлқисса, сонда Алпамыс батыр көп шаһарды, қалмақларны
қырып, көңілдері тынып, қалмақдарның белі сынып, хүкіміне
көніп тұрдылар» («Қисса Алпамыш», 1901).
Етістіктің III жағының көпше түрін морфологиялық көр-
сеткішпен беру – біз әңгіме етіп отырған кезеңде (және одан
көп бұрын да) қазақтың жалпыхалықтық тіліне тән емес. Оған
ауыз әдебиеті үлгілері мен жеке ақындар шығармаларының
тілі куә. Дегенмен XIX ғасырдың II жартысында (тіпті XX
ғасырдың басында) етістікке көпше -лар жалғануы едәуір
етек алғанын байқаймыз. Оның себебін біз мына жайттар-
дан іздейміз: біріншіден, XIX ғасырдың II жартысы мен
XX ғасырдың алғашқы онжылдықтарында қазақтың жазба
әдеби тілінде, әсіресе оның прозалық стильдерінде етістіктің
III жақтағы көпше мағынасын белгілі бір морфологиялық
формамен білдіру тенденциясы болған. Бірде бұған ортақ
етіс тұлғасын ұсынса, бірде өзге түркі тілдеріндік тәсіл -лар
аффиксін жалғауды қол көреді. Тіпті бұл тенденцияның
күштілігі сондай, осы кезде шыққан грамматикаларда бұл
норма ретінде ұсынылады. Мысалы, Ильминскийде бұйрық
райдың жіктелу үлгісі: II жақта жаз, жазыңыз, жазыңдар,
III жақта жазсын, жазсыңдар. Ашық райда етістіктің жіктелу
үлгісі: жазып отырмын, жазып отырсың, жазып отыр; жа-
зып отырмыз, жазып отырсыз, жазып отырлар
224
.
223
Бұл жерде көптік мағына екі көрсеткішпен қатар берілген: бірі – ортақ етіс
жұрнағы, екіншісі –-лар жұрнағы.
224
Ильминский Н. И. Материалы к изучению киргизского наречия. - Казань, 1861.
- С. 34.
288
М. Терентьевте:
Жазады – пишет,
жазалар – пишут.
Отыр – сидит, отырлар – сидят,
Жазды – написал,
жаздылар – написали,
Жазар – жазарлар,
жазса – жазсалар
225
.
1898 жылғы грамматикада да алсындар, келсіндер
226
де-
ген үлгілерді көреміз. Тек П.М.Мелиоранский ғана етістіктің
жіктелу үлгілерін III жақта -лар жалғауынсыз береді
227
. Соңғы
автордан өзгелерінің бұл мәселеде қателескені сөзсіз. Сірә,
бұларға сол кезде грамматикалық құрылысы едәуір толық,
жақсы баяндалып қалған өзге түркі тілдері (шағатай, түрік,
татар т.б.) туралы жазылған материалдар әсер еткен болу ке-
рек. Онан соң Терентьев, Старчевский сияқты авторлар көп
жайларда өздеріне дейінгі материалдарды ешбір түзеусіз
қайталап пайдаланып отырған. Бұл фактінің де салқыны тигені
байқалады. Сөйтіп, етістіктің III жағына -лар жалғануы –
қазақ тілі үшін кірме құбылыс, ол, бір жағынан, кітаби тілдің
әсерімен, екінші жағынан, грамматиканы суреттеген орыс
ғалымдарының жаңылысуынан, үшінші жағынан, мүмкін,
татар әдеби тілінің (әсіресе Орынбор, Қазандарда басылған
кітаптарда) де ықпалынан пайда болған болу керек.
Сөйтіп, қазақтың жалпыхалықтық тіліне норма емес бұл
грамматикалық тәсілді Абай 38-сөз тәрізді өзгеше стильде
жазылған шығармасында болмаса, тұтас тілінде қолданбаған.
Бұл Ыбырай текстерінде мүлде кездеспейді.
Абай прозасының текстерінде бұдан басқа өзге түркі тіл-
дік тағы бір тәсіл кездеседі. Ол III жақтың бұйрық рай
тұлғасының үшін шылауымен тіркесі: «...Ол көз нәзіктігінен
керегіне қарай ашып, жауып тұру үшін қабақ беріпті» (II, 182);
«...Бұларының бәрі жұрт болсын, өссін, өнсін үшін» (II, 182)...
Бұл тәсіл бір ғана шығармасында, 27-сөзінде келеді.
III жақтың бұйрық рай тұлғасының үшін шылауымен
тіркесі – қазіргі өзбек тілінде мақсат мағынасын білдіретін
225
Терентьев М. Грамматика турецкая... - СПб., 1875. - Кн. 1. - С. 146-147.
226
Грамматика киргизского языка. Фонетика, этимология и синтаксис. - Оренбург,
1898. - С.124.
227
Мелиоранский П. М. Краткая грамматика қазақ-киргизского языка. - СПб., 1894.
- Ч. 1. - С. 51-52.
289
өнімді тәсіл
228
. Бұл тәсіл ішінара түрік тілінде де
229
, қарақалпақ
тілінде де бар
230
. Қазақ тілі үшін мүлде жат бұл тіркес Абай
тіліне шағатай әдебиетінің әсерінен енген болу керек. Сірә,
27-сөз шағатай әдебиетінен аударма болуы да мүмкін, туы-
стас тілдегі тексті аудару немесе қазақша баяндау үстінде
оригиналдағы ұқсас тәсілдер еріксіз тілге оралып, қолданылып
кетуі де ықтимал. Сөйтіп, Абай тіліне, қазақтың жаңа жазба
әдеби тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің (шағатай тілінің)
грамматика саласындағы ықпал-әсеріне келсек, талдаулары-
мызды былайша қорытындылауға болады:
Абай тілінде шағатай тілдік морфологиялық кейбір көр-
сеткіштердің бары хақ, бірақ олардың қолданылуында белгілі
бір принципті мотив бар. Бұл жерде біз Абайдың 13-19 жаста-
рында шағатайшылап жазған үш өлеңінде («Иузи – рәушан,
көзі – гәуһар», «Фзули, Шәмси, Сәйхали», «Әлиф дек ай йузіңе
ғибрат еттім») кездесетін шағатайша тұлғаларды талдамадық,
өйткені бұлар – балаң ақынның нағыз шағатайша жазған (не-
месе жазбақ болған) шығармалары, демек, тіл жағынан бұл
үш өлең Абайдың өзге шығармаларынан, тіпті 13, 38-сөз
тәрізді прозалық дүниелерінен де оқшау тұрады. Олардағы
шағатайша жеке сөздер мен грамматикалық тұлға-тәсілдер
қазақша жазған Абай тілінің сипаттамасына кіре алмайды.
Сондықтан бұлардағы қазақша -дай орнына -дек жұрнағы
жұмсалуын (әліфдек ай йузі – әліптей ай жүзі; лағилдек бет
– лағылдай бет), барыс септіктің -ға жалғауының орнына -а
көрсеткішінің келуін (гузәлләра раһбар – гузәлләрге раһбар
– сұлуларға жолбасшы), оғузша септелген есімдіктерді
(сәңә – саған) т.б. Абайдың қазақша тіліндегі шағатай эле-
менттері дегеннен гөрі, Абайдың шағатайша тіліндегі шағатай
элементтері деп тану керек. Ал қазақша тіліндегі шағатай
элементтерін Абайдың қалған тұтас творчествосынан, оның
ішінде тіпті едәуір кітабиланған 13, 38-қара сөздерінен де
іздестіруге тиіспіз. Олар морфология саласында: есімшенің
228
Кононов А.Н. Послелоги в современном узбекском языке. - Ташкент, 1951. - С.
15; Хозирги заман узбек тили. - Тошкент, 1957. - 420, 496-6.
229
Кононов А. II. Грамматика современного турецкого литературного языка. - М.,
1956. - С.317.
230 Баскаков Н. А. Қаракалпакский язык. - М., 1952. - С. 450.
290
-мыш жұрнақты түрі, дүр форманты, III жақтағы етістіктің
көпше түріне -лар көрсеткішінің жалғануы, парсы изафеті және
III жақтағы бұйрық рай тұлғасының үшін шылауымен тіркесі.
Бұлар негізінен белгілі бір шығармаларында ғана шоғыр-
ланған. Өлеңдерінің тілінде мүлде қолданылмаған. Бұл кітаби
тұлғалар прозалық шығармаларының басым көпшілігінде
жоққа тән, негізінен, атақты 38-сөзінде қолданылған. Оның
себебі, жоғарыда айттық, бұл шығарманың әдейі «кітабишы-
ланып» жазылуында. Бірақ ішінде тек морфологиялық емес,
лексикалық та шағатай элементтері толы бұл шығарманы
жоғарғы үш өлең тобына, яғни Абайдың «шағатайша» мұрасына
қосуға және болмайды, өйткені «кітабишылап» жазу таза
шағатай тілінде жазу емес, 38-сөздің де негізі, сүйегі – қазақша.
Сондықтан бұл да Абайдың «қазақы» тіліндік мұрасына жа-
тады. Бірақ дін, мораль, этика, білім-ғылым, қысқасы, адам
баласының рухани дүниесі туралы: шығыс философиясы-
мен, теологиясымен хабардар оқырмандарға бағыштаған
бұл шығармасында жазушы шағатай элементтерін әдейі
пайдаланған. Демек, бұлар стильдік мотивпен қолданылған.
Абай прозасының синтаксистік құрылысы
Творчествосында поэзиялық та, прозалық та дүниелер
бар қаламгер тілінің синтаксисін сөз еткенде, тұтас алып
әңгімелеуге болмайтыны мәлім. Өйткені поэзия синтаксисі
– проза синтаксисінен (әдеттегі синтаксистен) ерекшеленіп
келетін өз алдына дүние. Өлеңдегі синтаксис ырғаққа байланы-
сты құрылады
231
. Өлеңмен берілген ойда өлеңнің тармақтарға
бөлінуіне, ұйқасқа, әсіресе шумақтарға бөліну-бөлінбеуіне
қарай, ондағы сөйлемдер іштей жымдаса байланысып, син-
таксистік күрделі тұтастықтар құрайды да
232
ол тұтастықтар
прозамен берілген аналогиялас категориялардан бөлекше бо-
лып келеді. Қара сөз синтаксисіне қарағанда, өлеңді сөзде
сөйлемдердің бір-бірімен байланысу амалдары көзге түседі,
яғни мұнда синтаксистік параллелизмдер мен синтаксистік
231
Томашевский В. В. Стих и язык. - М., 1953.
232
Поспелов Н. С. Синтаксический строй стихотворных произведений Пушкина.
- М., 1960. - С. 5.
291
қайталаулар – жарыспалы сөйлем дегендер болады. Сондай-
ақ өлеңді сөйлемдердегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің)
орналасу тәртібінде инверсия, өлеңдегі тасымал тәрізді по-
эзия синтаксисіне тән ерекшеліктер және болады. Ал бұл
ерекшеліктер әрбір ақынның талғамына қарай, шығармасының
жанрына қарай сол суреткердің стильдік индивидуалдық
белгілерін (сипатын) де құрайды. Сондықтан поэзия синтаксисі
туралы талдау – бір жағынан, стилистік тақырыптарды
қозғайтын зерттеу де болмаққа тиіс. Яғни, В.Б.Жирмунскийдің
терминімен айтсақ, «поэтикалық лингвистикаға» кетіп қалуға
да тиіспіз, өйткені «стилистика (один из трех приемов словес-
ного искусства – «теоретической поэтики») есть учение о по-
этическом языке, своего рода «поэтическая лингвистика»
233
.
Осы жайттардың күллісін ескеріп, біз Абай өлендерінің
синтаксистік құрылысын өз алдына бөлек ұсынуды жөн көрдік.
Сондықтан қазір Абайдың тек прозасының кейбір синтаксистік
белгілерін талдап көрсетпекпіз.
Әдетте соңғы кезеңдердегі қаламгерлер шығармаларының
грамматикасын зерттеуде, оны классикалық грамматика схе-
масына салып бұтарлаудың, яғни барша категорияларды
түгендеп шығудың қажетсіз, мақсатсыз екендігін қоштаймыз.
Мысалы, Абай тіліндегі зат есімдер, олардың септелуі,
тәуелденуі...т.т. немесе Абайдағы бастауыш, баяндауыш мына-
дай деп түгел регистрацияға алу – қаншалықты қажет болмақ.
Ал егер осы категориялардың ішінде жеке сол жазушының не
индивидуалдық талғамын танытатын немесе сол кездегі әдеби
тіл нормасын көрсететін (қазіргіден өзгеше түсетін) т.б. сол
тәрізді белгілерді көрсететіндері болса, онда, сөз жоқ, оларды
талдауға да, тіркеуге де болады. Сондықтан біз Абай тәрізді
күні кешегі қаламгер тілінің грамматикалық құрылысын сөз
еткенде, «ерекшелік принципін» ұстанамыз. Рас кейбір ре-
цензенттер
234
дұрыс атап көрсеткендей, бұл «ерекшеліктерді»
тауып талдау, бір жағынан (және ең алдымен), жазушының
индивидуалдық талғамын, яғни стилін талдап таныту бо-
лып шығады. Мұндай лингвистикалық талдауымыз жалпы
233
Жирмунекий В. Б. Композиция лирических стихотворений. - С.4.
234
Гельгардт Р. Р. Некоторые вопросы теории и практики изучения языка и стиля
писателей //Вопросы языкознания. - 1958. - № 3.
292
филологиялық, эстетикалық зерттеулермен ұштасып кететін
жайлары болады. Ал бұл – өте қиын да, соны да нәрсе (соны
дейтініміз – бізде, қазақ филологиясында, белгілі бір қаламгер
тілін түгел, жан-жақты талдаған әлі бірде-бір жұмыс жоқ).
Соған қарамастан, біз қайталап айтсақ, «ерекшелік» теори-
ясын қол көреміз де, Абай прозасының кейбір синтаксистік
ерекшеліктерін сөз етеміз. Ол ерекшеліктерді «ерекшелік»
деп тануда екі критерийді алдық: бірі – Абайдың өз қаламына
тәндіктен туған өзгеше синтаксистік құрылыстар. Бұлар –
стильдік ерекшеліктерге жатады да, өз тұсындағы өзге про-
за үлгілерінен де, қазіргі үлгілерден де айрықша келеді.
Екінші – Абайдың тек өзіне емес, тұсына (дәуіріне) тән кейбір
синтаксистік нормалар. Бұлар – жалпы тіл дамуына байла-
нысты ерекшеліктерге жатады да қазіргі нормалардан айрық-
шаланады.
Көпке дейін Абайдың «Қара сөздер» деп аталатын проза-
лық мұрасын әдеби дүние қатарына қосуға күдіктене қарап
келген жайларымыздың болғаны мәлім. Ол мүлдем себепсіз де
емес еді. Бір-ақ себеп – Абай шығармаларының табиғатынан
туған объективтік белгілер емес, әдеби тіл, әдеби норма ту-
ралы біздің жетіспей, ұғынбай жатқан пікірімізден туған
субъективтік фактілер болды. Яғни біз көп ретте әдеби дүние
деп тілі жағынан тек осы күнгі нормамызға сай келетіндерді
ғана тануға бейім тұрдық та сөйлемдері «төңкеріліп» жүрген
немесе тым шұбалаңқы немесе тым қарапайым т.б. тілде
жазылған бұйымдарды (әңгіме проза туралы) «черновик» бо-
лар, «қойын дәптеріне тән жазбалар» болар деген ойға келіп
қалып жүрдік. Абай «Қара сөздері» де осындай «репутациясы»
күдікті бұйым болып келді. Өйткені мұнда да бастауыш – ба-
яндауышы, басыңқы – бағыныңқысы орындарын алмастырып
келген сөйлемдер де, 14-16 жай сөйлемнен құралған, түсінуге
ауыр соғатын, жарты беттік конструкциялар да, ауызекі сөйлеу
тіліне тән толымсыз сөйлемдер мен өзге нормалар да көзге
түсерліктей айрықша белгілер болып келеді. Жалғыз бұлар,
яғни синтаксистік ерекшеліктер емес, Абай «Қара сөздерінің»
кейбіреулерінің лексикасында да араб-парсы сөздерінің мо-
лынан шоғырланып келуі немесе жоғарыда көрсетілгендей,
293
морфологиялық тұлға-тәсілдердің қазіргіден өзгеше не ак-
тив, не пассив, не басқа қызметте жұмсалуы, сондай-ақ өз
тұсындағы кітаби тілдік элементтердің кездесуі – осылардың
барлығы да бұл мұраға үрке қарауға, әдеби емес, қазақша емес
деп күдік айтуға себепкер болды.
Жалпы Абай «Қара сөздерінің» әдеби құндылығы жөнінде
күні бүгінге дейін әрқилы пікірлер айтылып келеді. Тіпті бір
кездерде Абайдың «Қара сөздері» – ақын лабораториясында
жатқан шикі заттар, оларды Абай жариялау үшін емес, тек өзі
үшін жазған, сондықтан ешқандай әдеби өңдеуге ұшырамаған
деген пікір батылырақ айтылып жүрді. Бірақ ұлы суреткер
қалдырған бүкіл әдеби қазынаны түгел зерттеу үстінде соңғы
кездерде «Қара сөздерге де» көп көңіл бөлініп, ақын мүрасының
осы саласы туралы жоғарыдағыдай тұжырымдар бәсеңдей
түскен тәрізді. Керісінше, абайтану саласындағы орны ерек-
ше болған зерттеуші М.Әуезов те, Абай творчествосына көп
үңілген Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Х.Сүйіншәлиев сияқты
ғалымдар да «Қара сөздерді» құндылығы зор, бас-аяғы бүтін
әдеби үлгілер деп табады. Сірә, жазушы қалдырған мұраларды
«әдеби» (яғни жариялауға дайындаған) және «әдеби емес» (яғни
шикі, өзі үшін ғана жаза салған пікірлер, жоспарлар, черновик-
тер) деп ажыратқанда, бірнеше жағдайды еске алуымыз керек.
Ең әуелі, сол черновиктің өңделіп, қырланып, қайта жазылған
таза варианты бар ма (мысалы, А.С.Пушкиннің черновиктері
мен жарық көрген шығармалары сияқты)? Екіншіден, таза
варианты жоқ черновиктің көркемдік, яғни әдеби қырлану
дәрежесі қандай? Үшіншіден, Абайдың «Қара сөздері» сияқты
кейбіреулері бірнеше бетке созылатын «черновиктерді» жазу-
да белгілі бір мақсат болды ма екен? Осылардың әрқайсысына
жауап ізделік.
Алдымен, бұл «черновиктер» (солай дей қалсақ) – жазу-
шының архивінде сақталған автографтары емес, басқа адам-
дар неше дүркін көшіріп қалдырған әлденеше экземплярлар.
Олардың бір-бірінен пәлендей ажыратылатындай, көркемдік
жағынан айырмашылығы зор, яғни автордың ақырғы редак-
циясынан шыққан варианттары жоқ. Рас, М.С.Сильченко
дұрыс көрсеткендей, «Қара сөздердің» бірқатары Абайдың
294
кейбір өлендерінің жоспары («Тут и эмбриональная ста-
дия будущих образов стихотворений»
235
) тәрізді болып,
мазмұндас түсіп жатады. Бірақ бұған қарап, бірі өлеңмен, бірі
қара сөзбен берілген бір мазмұнның қайткен күнде де бірі –
әдеби, екіншісі – черновигі деу тағы да дәлелсіз. Абай сияқты
гуманист ойшыл суреткер өз заманы, өз замандастарының
мінез-қылықтары, ондағы қайшылықтар туралы күңірене
толғаған ойларын көркем сөздің бір ғана тәсілі – өлеңмен ғана
білдіріп қоймай, оған қоса прозамен де қайталай түсуі немесе,
керісінше, қара «сөзбен айтқан ойын екінші қайыра, жанына
жақын поэзия тіліне аударуы әбден заңды нәрсе. Тегі, Абай бір
тақырыпты бірнеше рет қайталап толғауды жиі қолданғанын
өлеңдерінің мазмұнынан байқаймыз. Бұл бір. Екінші жагдайға
келсек, мыналарға көңілболу керек. Бірқатар морфологиялық
тұлғаларын талдаған бірер диссертациялық жұмыс
236
пен нақты
лингвистикалық немесе стилистикалық талдаусыз айтылған
бірен-саран пікірлер
237
болмаса, Абай «Қара сөздері» күні
бүгінге дейін жан-жақты әдеби-лингвистикалық тұрғыдан зерт-
теуге ұшыраған емес. Әсіресе әдеби мұраны бағалауда бірден-
бір құрал болып табылатын оның көркемдік-стилистикалық
белгілерін талдау жұмысына қалам тимей келеді. Егер «Қара
сөздер» әдеби өңдеуге ұшырамаған шикі материал болса,
оның шикілігі қай жерлерінде, ал әдеби үлгі қатарынан орын
алар болса, бұл орынға жеткізер қандай сипаттары бар деген
мәселені шешіп алмай жатып, бұл – «қойын дәптерінің ғана
қазынасы» деп тұжырымдау қисынсыз тәрізді.
Абай «Қара сөздерінің» алды-артында қазақ тілінде про-
залық қандай үлгілер болды, олардың синтаксистік құрылы-
сы мен Абай прозасының синтаксистік құрылысының арақа-
тынасы қандай, Абайдың прозалық мұраларының сөйлем
құрылыстарының қазіргі синтаксистік нормаларымызға алыс-
жақындығы қандай? Міне, осы жайлардың бірде-біреуін шешіп
алмай жатып «Қара сөздердің» әдеби құндылығына баға беру
және де қиын.
235
Сильченко М. С. Творческая биография Абая. - 1957. - С. 271.
236
Осы кітап авторының «Абай тіліндегі негізгі морфологиялық ерекшеліктер»
атты кандидаттық диссертациясын қараңыз.
237
Сүйіншәлиев Х. Абайдың «Қара сөздері». - Алматы, 1956 және осы автордың
«Заметки о прозе Абая» // Советский Казахстан. - 1954. - №6 деген мақаласы.
295
Үшінші жағдайға келсек, яғни Абай «Қара сөздерін»
жазғанда, белгілі бір мақсат көздеп пе екен десек, осы шығар-
малардың жоғарыда талдап өткен лексикалық, морфология-
лық сипатына қарап және тақырыбы мен мазмұнына қарап,
бұл сұраққа қоштап жауап беретін пікірге келдік. Біріншіден,
Абай «Қара сөздерінің» басым көпшілігі қарапайым қазақ
оқушыларына, оның ішінде тіпті «сөзді ұғарлық» шәкірттерге
әдейі жазғанын білдіретін материал екенін жоғарыда айттық.
Ал бірқатары оқушылардың белгілі бір топтарына ғана
бағышталады. Мысалы, 12-нші және 13-інші сөздер иман-
ды уағыздайтын, бірақ оны теріс түсінетін молдаларға, діни
адамдарға арналған; 43-сөз деп берілген философиялық этюдті
автор қалың оқушыға емес, «жибили, кәсиби нәрселердің» сы-
рын білмек болғандарға, яғни философиядан хабары барларға
бағыштайтын тәрізді. Ал 38-сөзіне келсек, бұл шығарманың
басқа «Сөздерден» мазмұны да, тілі де, адресаты да оқшау
екенін Абайды зерттеушілердің көбі мойындайды. Бұл
«сөзінде» Абай «адам ұғлының мінездері туралы» айтады.
Жазушы мұнда адам баласының ғылым-білімге талаптануы
сияқты мінездері жайында «хақим атына дұспан» надан мол-
далармен, «сөйлегені жалған, дәлелдері тасбиғы менен шалма-
лары» болып отырған «хүкім шариғатты таза білмейтін ишан-
дармен» де айтысып кетеді.
Абай 12, 13, 32, 38, 43-сөздерін әлеуметтік белгілі бір топ-
тарға арнап жазған деген пікірімізді ол шығармалардың тек
мазмұны ғана емес, тілі дедәлелдейді. Бұл «сөздерде» ислам
діні оқуына, философияға қатысты араб, парсы сөздерін жиі
пайдаланған. Бұл шығармаларда автор қазақша текст ішіне
арабша тұтас сөз тіркестері мен сөйлемдерді де қыстыра жаза-
ды. Ләкин, уә ләкин, бірлән, уа, һәм деген кітаби тілдік шылау-
лар да осы «сөздерде» жиі қолданылған. 38-сөзден қазақ тілінің
сол тұстағы нормаларына жат дүр форманттары мен алмады-
лар деген тұлғаларды да кездестіреміз. Қысқасы, осының бәрі
Абай прозалық мұрасын өзі үшін емес, басқалар үшін, оның
өзінде де оқушылардың белгілі бір топтары үшін белгілі бір
мақсат көздеп жазғанын дәлелдейді.
Міне, осы үш жағдай бізге Абайдың «Қара сөздерін» әдеби
мұра деп тануға мүмкіндік берді де оны әрі қарай тілі жағынан
296
зерттей түсуге, оның синтаксистік құрылысын талдауға
мәжбүр етті.
Прозалық шығарманың синтаксистік құрылысын әдеби
тілдің даму тарихына байланыстыра зерттеу үшін ол шығар-
маның әдебиеттің қай жанрына жататынын айқындап алу-
дың мәні зор. Өйткені әр жанрдың өзіне тән ұлылы-кішілі
грамматикалық нормалары болады. Оның үстіне әрі жанр әдеби
тілдің даму дәуірлерінің әрқайсысында әртүрлі дәрежеде бо-
луы мүмкін. Абайдың «Қара сөздерінің» қай жанрға жататыны
жайында қилы- қилы пікірлер айтылды. Солардың бірқатары
Абай қара сөздерінде бір жанрдың емес, бірнеше жанрдың
элементтері бар деген пікірге аялдайды
238
. Қара сөздердің
мазмұнын, көркемдеу элементтерін және өзіміз сөз еткелі
отырған синтаксистік сипаттарын жан-жақты зерттей келіп, біз
ұлы жазушының прозалық шығармаларын әдебиеттің екі негіз-
гі жанрының тарапынан қарастырдық. Олар – саяси-әлеумет-
тік, ғылыми- публицистикалық әдебиет жанрлары. Бірақ бұл
жерде мынадай жайға қатты көңіл аудару қажет сияқты.
Абайдың өзі осындай жанрда жазамын деп белгілі бір стильдік
тәсілдерді дәстүр бойынша қолданбағаны даусыз. Егерде
Абай прозасында белгілі бір стильге тән, өзгеден айрықша
белгілерін таба қалар болсақ, олар ұлы жазушының интуитивті
түрде жасаған шеберлігі болмақшы. Әйтпесе Абайдың ал-
дында да, тіпті одан көп кейінге дейін де, оның тұсында да,
қазақ әдеби тілінің проза саласында жеке-жеке жанрларға
сараланған стильдік нормалары жоқ болатын. Сондықтан біз
Абай прозасындағы мынадай стильге тән белгілер деп ажыра-
тып талдамай, осы көрсетілген стильдердің барлығына да тән
кейбір ерекшелікгерді тұтас алып қарастырамыз.
Сөйтіп, Абайдың прозалық мұраларының синтаксистік
құрылысын талдағанда, олардағы кейбір сөйлем түрлерін-
дегі, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіндегі, төл сөз конструк-
циясындағы ерекшеліктерді сөз етеміз. Абай «Қара сөзде-
238
Кенесбаев С. Абай – основоположник казахского литературного языка //
Советский Казахстан. - 1955. - №9. - С.128; Кенжебаев Б. Қазақ реалистік әдебиетінің
негізін салушы // Абайдың өмірі мен творчествосы. - Алматы, 1954; Силъченко М. С.
Творческая биография Абая. - Алма-Ата, 1957. - С. 273.
297
ріндегі» құрмалас сөйлемдердің берілуі және Абай текстерін-
дегі шылаулардың қолданынуы мен тұрақталуы деген мәселе-
лерді бұрынырақ талдап жариялағандығымыздан оларды бұл
кітапта қайталамадық.
Жоғарыда айттық, біз бұл жерде Абай прозасындағы сөйлем
түрлері, олардың жасалу жолдары дегенді талдамаймыз.
Себебі Абайдағы құрмалас сөйлемдердің берілуі дегенді бұдан
бұрын әңгімелеп, жариялаған болатынбыз
239
. Онда құрмалас
сойлемнің түрлерін, бағыныңқы сөйлем баяндауышы болып
келетін есімше, көсемше, шартты рай тұлғаларының қызметін,
шылаулар мен есімдердің қатысуын жан-жақты сөз еткенбіз.
Сонымен қатар Т.Қордабаевтың XIX ғасырдағы қазақ тіліндегі
жазу нұсқаларының синтаксисін классикалық грамматика
схемасымен талдаған еңбегінде де Абай шығармаларындағы
синтаксистік категориялардың берілуі, түрлері баяндалған
240
.
Сондықтан қазір ерекше түсетін конструкцияларға ғана
тоқталамыз.
Абай прозасында ұзын-ұзақ күрделі сөйлемдер көзге түседі.
Олар құрамы мен құрылысы жағынан біркелкі емес. Ең алды-
мен бірнешс жай сөйлемнен құралған құрмалас сөйлемдер
кездеседі. Бұлар бірыңғай бағыныңқылы да, әрыңғай көп
бағыныңқылы да, аралас құрмалас та болып келеді. Мыса-
лы, мына конструкция – 17 жай сөйлемнен тұратын әрыңғай
көп бағыныңқылы құрмалас: (1) Бағанағы алдамшы шайтан
тамыр болалық деп, (2) бір болымсыз нәрсені берген болып,
(3) артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз
болып, (4) тамырым, досым десе, (5) мен де керектінің бірі
болып қалыппын ғой деп, (
Достарыңызбен бөлісу: |