Ббк 81. 2 С 94 Қазақстан Республикасы


)  және  жасынан  іс  істеп  үйден  шықпағандық  қылып,  (7)  жоқ-барға  тырысып,  ( 8



Pdf көрінісі
бет21/27
Дата10.01.2017
өлшемі1,9 Mb.
#1599
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27

6)  және  жасынан  іс  істеп  үйден 
шықпағандық  қылып,  (7)  жоқ-барға  тырысып,  (
8)  алдағанды 
білмей,  (9)  дереу  оның  жетпегенін  жеткіземін  деп,  (
10)  тіпті 
жетпесе,  (
11)  өзінен  қосып,  (12)  қылып  бер  дегенінің  бәрін 
қылып беріп, (13) күні өтіп, (14) еңбек қылар уақытынан ай-
рылып, (15) «жоғары шық»-қа қарық болып, (16) тамақ, киім, 
борыш есінен шығып кетіп, (17) енді олар қысқан күні біреудің 
239
  Сыздықова  Р.  Абай  прозалық  шығармаларындағы  күрделі  ойдың  берілуі  // 
Қазақ тілі тарихынан зерттеулер. - Алматы, 1965.
240
  Қордабаев Т.Г. Қазақ жазбалары тілінің синтаксисі. - Алматы, 1966.

298
малын  бұлдап  қарызға  алады  (II,  189).  Мына  сөйлемде  де 
бірнеше жай сөйлем  шоғырланған: (1) Ол болыс болғандар өзі 
қулық,  арамдықпенен  болыстыққа  жеткен  соң,  (2)  момынды 
қадірлемейді, (3) өзіндей арам, қуларды қадірлейді, (4) өзіме 
дос болып, жәрдемі тиеді деп, (5) егер қас болса, (6) бір түрлі 
өзіме де залал жасауға қолынан келеді деп (II, 160).
Абайдағы  аса  күрделі  ұзақ  сөйлемдердің  едәуір  тобы 
бірыңғай  бағыныңқылы  болып  келеді.  Және  ол  ыңғайлас 
бағыныңқылар оформлениесі (баяндауышының тұлғасы және 
басқалары)  жағынан  бірдей  түсіп,  синтаксистік  параллелизм 
іспеттес болып келеді. Мысалы: (1) Біздің қазақтың қосқан аты 
алдында келсе, (2) түсірген балуаны жықса, (3) салған құсы 
алса, (4) қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, (5) есі шығып 
бір қуанады (II, 180). Мұнда жалғыз шартты рай тұлғасында 
келген баяндауыштар емес, бастауыш пен оның есімше тұлғалы 
анықтауыштары да (қосқан, түсірген, салған) – бірдей оформ-
лениеде. Ал мына сөйлемде біреу сөзі және есім компоненті 
болса сөзі сөйлем сайын келіп, бірдей мөлшерлі параллельдер 
жасаған:  (1)  Біреу  бай  болса,  (2)  біреу  кедей  болса,  (3)  біреу 
ауру [болса], (4) біреу сау болса, (5) біреу есті болса, (6) біреу 
есер  болса...  (II,  184).  Бұл  тәсіл  –  Абайдың  индивидуалдық 
белгілерінің  бірі.  Мұнда  Абайдың  өлеңдеріне  тән  паралле-
лизмдер конструкциясының әсері байқалады.
Ұзын-ұзақ сейлемдердің екінші тобы – бірыңғай мүшелердің 
есесінен жасалған. Өлендері тәрізді, прозасында да бірыңғай 
мүшелерді  жиі  қолдану  –  Абай  стиліне  тән  тәсілдердің  бірі. 
Және  бірыңғай  мүшелер  сан  жағынан  екі-үш  емес  (олар  да 
бар), одан да көп болып, шоғырланып келуі жиі. Бұлар жалаң 
да, шылаулы да, жайылма да болып беріледі. Мысалы, «Оның 
діні, Құдайы, халқы, жұрты, білім-ұяты, ары, жақыны– бәрі 
мал» (II, 166) деген сөйлемде 8 бірыңғай жалаң бастауыш бол-
са, мына сейлемде 11 анықтауыш бар: «Ішпек, жемек, кимек, 
күлмек, көңіл көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 
іздемек, айлалы болмақ, алданбастық–бұл нәрселердің бәрінің 
де өлшеуі бар» (II, 218). «Әр-берден соң сыртымызға шықты, 
жауластық, дауластық, партияластық» (II, 159). Мұнда ба-
яндауыштар бірыңғай.

299
Бірыңғай  мүшелердің  қайталап  шылаумен  келуі  Абайда 
жүйелі  нормаға  айналған  деуге  болады.  Қазақ  прозасының 
ішінде тұңғыш рет шылауларды әрбір бірыңғай мүшемен не-
месе  бірыңғай  жай  сөйлеммен  қолдану  жиілігі  (активтенуі) 
жағынан  да,  белгілі  бір  тәртібі  (мысалы,  тұлғасы  немесе  ор-
наласуы жағына біркелкілігі) жағынан да Абай «Қара сөздері» 
көзге түседі де, Абай осы салада нормализатор болып шығады: 
«Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс, я ақылға, я абұйырлы бойға 
теріс, я адамшылыққа кесел қылық, қатеден, яки нәпсіге еріп 
ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады» (II, 192); 
«Кең толғау, үлкен ой жоқ, не балуандығы жоқ, не батырлығы 
жоқ,  не  адамдығы  жоқ,  не  ақылдылығы,  не  арлылығы  жоқ»  
(II, 215).
Әрбір  бірыңғай  компонент  пен  қайталама  элементтерді 
қолдануда  Абай  жалғыз  шылауларды  ғана  емес,  өзге  де  жай 
сөздерді,  кейде  модаль  сөздерді  жиі  пайдаланады.  Мысалы: 
«Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма,гуілдегі бар ма, 
дүрілдегі бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе 
бар деп ойламайды» (ІІ, 211) деген сөйлемде бар ма сөздеріне 
аталған қызметті артады. Мына мысалдар да осы тәріздес: «...
Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі 
болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесін»-ді ұмытып 
кетеді» (II, 176); «Қазақ ойлайды: бірлік ат ортақ, ас ортақ, 
киім  ортақ,  дәулет  ортақ  болса  екен  дейді»  (II,  163).  Бұл 
қайталама элементтер экспрессивтік реңк үшін қолданылған: 
қайталап келген сөздер өзі тіркескен әр бірыңғай мүшені са-
ралап  көрсетеді  де  оған  назар  аудартады.  Бұл  мақсатпен  бір 
тұлғаны  немесе  сезді  қайталап  беру  Абайда  тек  бірыңғай 
мүшелердің  арасында  емес,  тіпті  жеке  сөйлемдерде  де,  яғни 
тұтас периодқа немесе тіпті тұтас бір баяндауға қолданынады. 
Мысалы, 22-сөзінде қадірлейін десең, құрметтейін десең деген 
екі тіркес 6 абзацта қайталап келеді: Байды қадірлейін десең... 
Мырзаларды қадірлейін десең... Болыс пен биді құрметтейін 
десең... (II, 176 177). Екінші мысал. Абайдың 40-сөз деп атала-
тын шығармасының 17 абзацы қалай есімдігінің қайталап ай-
тылуымен құралған да 3 абзацы (әр абзац бірнеше сөйлемнен 
тұрады) несі деген сұрау есімдігінің қайталауымен жасалған: 

300
«Осы, біздін қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің 
жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?» 
Бәйгеге  ат  қоссаң,  атыңды  тартыспайтұғын  ағайын,  атың 
келсе, бәйгесіне өкпелейтұғыны қалай?... Бұларда жалғыз сұрау 
есімдіктері емес, -тұғын-мен жасалған етістік тұлғасының да 
әр сөйлемде қайталап қатысып отырғандығы жоғарғы айтыл- 
ған  бірыңғайлықты  туғызады.  Мына  сөйлемдерде  де  Абай-
да  үнемі  деген  үстеу  мен  сұраулық  шылаулы  етістіктердің 
әрқайсысында қайталап келуі арқылы параллельдік жасалған: 
«Үнемі қайғыға жан шыдай ма екен? Үнемі күлмей жүре ала-
мыз ба? Үнемікүлмей жүруге жан шыдай ма екен?» (II, 162).
Мұндай бірыңғай параллельдерді жиі қолдану дәстүрі Абай-
ды көп реттерде сөйлемін ұзартып, тіпті кейде түсінігін ауыр-
латып  жіберуге  әкеп  соққан.  Өйткені  ол  бірыңғай  мүшелер 
әрдайым жалаң немесе бірер ғана қатысты сөзі бар болып келе 
бермейді, көбінесе олардың әрқайсысы аса жайылма, көп сөзді 
болып  келеді  және  бірыңғай  мүшелердің  егер  біреуі  жайыл-
ма болып келсе, Абайдың жоғарғы параллелизм тенденциясы 
бойынша  өзгелері  де  жайылма  болып  келуі  шарт.  Мысалы: 
«Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағынын, бірінің тілеуін 
бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке 
таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының 
себебіне» (II 159) дегендегі 5 анықтауыштың бесеуі де – жай-
ылма көп сөзді. Мына сөйлемде де амал пысықтауыштардың 
әрқайсысы  ең  кемінде  4-5  сөзден  құралған  жайылма  бол- 
ғандықтан,  сөйлемнің  өзі  ұзын-ұзақ  болып  шыққан:  Жан-
сыздарды  еті  ауырмайтұғын  қылып,  жан  иесі  хайуандарды 
ақылды  адам  баласы  асырайтұғынқылып,  һәм  олардан  мах-
шарда сұрау бермейтұғын кылып, бұлардың һәммасынан пай-
да аларлықақыл иесі қылып жаратқан (II, 199).
Күрделі ұзақ сөйлемдердің жасалу моделіндегі кейбір тәсіл- 
дер (мысалы, бірыңғай элементтерді актив қолдану) Абай тілі- 
не тән болғанмен, жалпы күрделі ұзын сөйлемдердің бар болу 
принципі – Абай жаңалығы емес. Мұның арғы түбі халықтың 
ауызекі сөйлеу тіліндегі сыйыстырмалы сөйлемдерден баста-
латын сияқты. Бір субъектіге қазықталған іс-әрекетті білдіре- 
тін  бірнеше  конструкцияны  -ып/-іп  жұрнақты  көсемше  тұл- 

301
ғасы  арқылы  бір  сөйлемге  сыйыстыру  әдісі  тілде  қолданыл- 
ғандығын  хатқа  түсірілген  прозалық  фольклор  үлгілері 
көрсетеді. Мысалы: «Бір  сарт  базарға  келіп,  көзілдірік  сатып 
аламын деп, бір дүкенге еніп, Қолына көзілдірік алып, көзіне 
салып,  кітапқа  қарайды»  (М.Терентьев.  Хрестоматия  турец-
кая... 1876); «Қатын өлтіруге қызын қимайды, [оны] бір алтын-
ды әбдіреге салып, ішіне азық салып, азын жауып, кілтін сыр-
тына байлап, ағып жатқан дарияға салып қоя береді» (Радлов. 
Образцы,.. III, 64).
Бірақ ауыз әдебиетінің проза үлгілерінде бірыңғай бағын- 
ыңқылы немесе күрделі аралас құрмаластар, сондай-ақ Абай- 
дағы тәрізді жайылма бірыңғай мүшелі ұзын сөйлемдер жоққа 
тән. Бұлар – жазба әдебиеттің жемісі. Қазақ жазба әдеби тілі- 
нің проза стилінің қалыптаса бастаған кезеңінде – XIX ғасыр- 
дың  II  жартысында  –  күрделі  ойды  шұбалаңқы  сөйлеммен 
беру  –  сол  кезеңге  тән  белгілердің  бірі.  Тіпті,  бұны  жазба 
әдеби  тіліміздің  даму  этаптарындағы  нормалардың  бірі  деп 
қарауға  болады.  Ұзын-ұзақ  құрылған  көлемді  сөйлемдерді 
әсіресе  тұңғыш  баспасөз  тілінен  жиі  кездестіреміз;  Ыбы- 
райдың «Шариғат-ул-исламының» тілінен де мол табамыз (ал 
әңгімелерінде  сөйлемдері  көбінесе  ықшам,  кейде  тіпті  жай 
сөйлемдер  болып  келеді  –  ол  бұл  әңгімелердің  оқу-педаго- 
гикалық мақсатпен жазылғандығына байланысты деп түйеміз). 
Сондай-ақ азаматтық тақырыпқа жазылған әр алуан кітапша-
инструкциялар  тексінен  де  көлемі  үлкен,  тіпті  түсінігі  ауыр 
шұбалаңқы  сөйлемдерді  оқимыз.  Осыларға  қарағанда,  жаз-
ба  әдеби  тілдің  жалпы  прозасында  емес,  оның  қоғамдық-
публицистикалық және ішінара ғылыми стильдерінде күрделі 
ойды  жоғарыда  көрсетілгендей  ұзақ  конструкциямен  беру 
тәсілі пайда болған деп ойлаймыз. Бірақ бұл күрделіліктің өзі 
біркелкі емес. Мысалы, газет тілінде кездесетін ұзақ сөйлемдер 
құрылысы жағынан тым бейберекет, логикалық ой желісі түзу 
емес. Мысалы: (1) Бірақ жалғыз жау қашырмайды деген мақал 
бар,  (2)  сол  себепті  газет  шығаратындар  әркімге  білдіреді,  
(3)  кімде-кім  қазақ  халқының  үйдегі  һәм  халық  арасындағы 
мінез  рәсімдерін  біліп  түзеуге  ойласа,  (4)  соны  баспаханаға 
білдіріп, болыстық қылуға хат менен жіберіп («Дала уалаяты 

302
газеті», 1889. № 1). (1) Бұрынғы заманнан бері қарай Тарбаға- 
тай тауының етегінде көшіп-қонып жүрген қазақтардың қай- 
сысына  мағлұм  белгілі  емес  айтылмыш  таудың  бір  биік 
шоқысы  турасынан  айтылатұғын  ертегісі,  (2)  тұқым-тұқым- 
дарын қуалап, біріне-бірі айтып, ауыздарынан тастаспай жан 
сақтайтын дұғадай-ақ болып келе жатыр (Сонда. 1891. № 14). 
Бұл  мысалды  Абайдан  келтірілген  ұзақ  сөйлемдермен  қатар 
қоюға  болмайды:  Абайда  сөйлем  ұзақ,  мұнда  шұбалаңқы, 
Абайда ұзақ сөйлемді құрап тұрған компоненттер белгілі бір 
тәртіппен тізіліп, өз орындарында келген болса, мұнда орын-
дары ауысып, бейберекет келген.
Бұлбейберекет құрылған конструкциялар да – қазақ әдеби 
тілінің  жаңа  стильдер  үшін  ізденістерінің  бірі.  Әсіресе  орыс 
тілі  прозасынан  аударма  ісі  басталған  кезде,  ұзақ-сонар 
сөйлемдердің пайда болуы – аударма принциптеріне, яғни дәл 
аудару  тенденциясына  байланысты  болған  тәрізді.  Мысалы, 
«Дала уалаяты газетінің»1891 жылғы 19-санында орысша «Ар-
хеологическая  находка»  деген  корреспонденция  аударылған. 
Сондағы  орыс  тіліндегі  ұзақ  сөйлем  қазақша  да  шұбалаңқы 
түрде берілген. Орысшасы: «В них находят любители древних 
достопримечательностей  массу  интересных  вещиц  грубого,  
но  весьма  оригинального  по  своей  форме  изделия  из  золота,  
серебра  и  других  металлов».  Қазақшасы:  «Солардан  іздену- 
шілер тауып алады өткен заманның жат, таңсық бұйымдарын
241

жақсы  істелген  болмаса  да;  ескі  өрнек  пенен  нақыштары 
келісімді болып істелген алтын, күміс нәрселер басқа ұқсайтын 
нәрселер менен».
Сөйтіп, ұзақ, көп сөзді болып құрылған сөйлемдердің Абай- 
дағы үлгілерінің өзгелерге (әсіресе баспасөз тіліне) қарағанда 
принципиалды  айырмашылығы  бар:  Абайда  сөйлем  қанша 
ұзын болса да, ондағы сөйлем конструкциясы дұрыс құрылып, 
ой желісі немесе бірыңғай элементтер тәртібі қатаң сақталған 
(жоғарғы мысалдарды қараңыз). Бұл – сөз жоқ, проза стилін 
қалыптастырудағы  Абайдың  табысы  да,  үлесі  де,  өзіне  тән 
стилі де.
241
 Мағынасына қарап сөйлемдердің жігін ажыратқан да, тыныс белгілерін қойған 
да – өзіміз, әйтпесе арабша жазылған тексте не сөйлем араларына, не сөйлем ішіне 
бірде-бір тыныс белгісі қойылмағаны мәлім.

303
Синтаксис саласында Абай прозасының текстерінде екінші 
көзге  түсетін  ерекшелік  –  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  орын 
тәртібін ауыстырып келуі. Бұларды жалпы екі-үш топқа бөлуге 
болады: бір тобы – деп дәнекерімен келген сөйлемдер, екіншісі 
– компоненттерінің орны ауысып жүрген сабақтас және кейбір 
салалас құрмаластар, үшінші тобы – мүшелерінің орны ауысып 
келген жай сөйлемдер.
Өзге зерттеушілер де әлдеқашан байқап, сан рет көрсеткен- 
деріндей,  өткен  ғасырда  хатқа  түскен  қазақша  жазба  нұс- 
қаларда,  оның  ішінде  Абай,  Ыбырай  прозасында,  көбінесе  
деп  дәнекері  сөйлемнің  ең  соңында  келеді.  Деп  дәнекерімен 
келетін  конструкциялардың  өзі  екі  түрлі:  ол  төл  сөзді 
сөйлемде және төл сөзсіз құрмалас сөйлемде компоненттерді 
жалғастырушы  қызметін  атқарады.  Қай  қызметте  болса  да, 
Абайда деп сөзі көбінесе
242
 сөйлемді аяқтап тұрады: «Сонда, 
мен ойлаушы едім: «Ей Құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі 
антұрған  екен,  ең  тәуір  халық  біз  екенбіз»,  –  деп»  (II,  158); 
«Көзді,  мұрынды  [Құдай  тағала]  ауызға  жақын  жаратыпты, 
ішіп-жеген асымыздың тазалығын көріп, исін біліп, ішіп-жесін 
деп» (II, 182); «Ойлайды жалынтып бердім деп» (II, 176).
Сөйлемнің деп дәнекеріне аяқталуы Абай тұсындағы күллі 
қазақ  прозасы  тіліне  тән:  бұл  тәсіл  көркем  әдебиет  стиліне  
жататын  Ыбырай  әңгімелерінде  де,  қоғамдық-публицисти- 
каға  жататын  баспасөз  тілінде  де,  қазақша  қара  сөзбен 
жазылған  өзге  үлгілерде  де  (тіпті  христиан  дінін  уағыздаған 
миссионерлік әдебиетте де) – барлығында қолданылған: «Асан 
жылай  бастады,  енді  қайсысына  түсеміз  деп»  (Алтынсарин, 
1879, 21). «Тауық айтты: «Мен таңертең тұрып, шақырып ха-
бар айтамын таң атты», – деп» (Сонда, 15). Ыбырайда да бірен-
саран  жерде  болмаса  көбінесе  деп  дәнекері  сөйлем  соңына 
келтірілген.  Баспасөз  бұл  тәсілді  тіпті  актив  пайдаланған: 
«Торғай  облысының  газеті  айтады  1896  жылдың  аяғында 
Бестөбе болысында сол елдің болысы Ысмайыл Досұғлы бір 
242
  Деп  дәнекерінің  қазіргі  нормадағыша  екі  компоненттің  аралығында  келетін 
тәртібі  Абайда  мүлде  жоқ  емес,  сирек  болса  да,  бұл  норманы  да  ұшырата  аламыз: 
«Ұялмас бетке талмас жақ береді» деп, көп былжыраған арсыз, ұятсыздың бірі дағы» 
(II, 186).

304
школ ашты» деп» (Дала уалаяты газеті, 1897, № 14); «Алғаш 
орып  алған  ұшынды  азырақ  кептіріңкірейді  ашуы  қайтсын 
деп» (Сонда. 1889. № 21).
Көркем прозадан тұңғыш (1903 жылы) аударылғандардың 
бірі  А.С.Пушкиннің  «Капитан  қызының»  қазақша  тексі  де 
бұл  тәсілден  құралақан  емес:  «Мен  өзім  бегіректе  қуандым 
Петерборға барып, босаңдықта қызық көремін деп».
Қысқасы,  бұлардың  барлығында  да  бұл  тәсілдің  өте  жиі 
қолданылуы оны белгілі бір кезеңдердің грамматикалық нор-
масы етіп танытады (кейбір зерттеушілер мұны әдеби норма 
емес, яғни ауызекі сөйлеу тілінің әсері деп қарауы мүмкін, ал 
біз әдеби норма деп ашық айтып отырмыз).
Рас,  өзге  де  көптеген  грамматикалық  тұлға-тәсілдер  тә- 
різді,  бұл  тәсілдің  де  түп-төркіні  ауызекі  сөйлеу  норма-
сынан  шығады.  Сондықтан  да  ауыз  әдебиетінің  прозамен 
берілгендерінде сөйлемнің деп-ке аяқталуы –система. Әсіресе 
бұл – өткен ғасырда хатқа түскен фольклорлық үлгілерде дұрыс 
сақталған, оның ішінде де орыс ғалымдары мен ағартушылары 
жиып  бастырған  нұсқаларда  жырды  немесе  ертегіні  айтушы 
қалай айтып берсе, осы күнгідей «редакцияламай», солай хат- 
қа  түсіргендіктен,  проза  бөліктерінде  талдап  отырған  тәсілді 
жиі  кездестіреміз:  «Баласы  он  жасқа  келгенде,  шешесінен 
сұрайды әкем қайда деп» (Радлов, Образцы... III, 253); «Сонан 
соң ханға хабар берді: «Солай, Тарғын батыр жоқ», – деп» (Сон-
да.  128);  «Қан  тұрып  сұрайды:  «Әрқайсыңның  не  өнерлерің 
бар, айтыңыздар», – деп» (Васильев, 1).
Деп дәнекерінің сөйлем соңында келуі сөйлеу тілінің нор-
масы  дегенді  бізден  бұрынғы  зерттеушілер  алдымен  атап 
көрсеткен болатын
243
. Екінші бір зерттеушілер бұл норманың 
себебін  де  іздестіріп,  деп-пен  келген  бағыныңқының  басың- 
қыдан соң тұруы, біріншіден, оның бағыныңқы сипатын таны-
ту үшін, екіншіден, негізгі ой айтылған басыңқыға екпін түсіру 
үшін деген тұжырымға келеді
244
. Шынында да, бұл норманың 
243
  Кенесбаев  С.  Абай    –  основоположник  казахского  литературного  языка  //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 128.
244
 Сауранбаев Н. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер және олардын даму жолдары 
// Қазақ ССР ҒА Хабарлары. - Лингвистика сериясы. - 1945. - № 1.

305
ғасырлар  бойы
245
  қатаң  сақталып  келгеніне  қарағанда,  оның 
тіл  мен  ойлаудың  (мышление)  қатынасынан  туған  үлкен  бір 
заңдылыққа  сүйенгені  байқалады.  Ол  –  проф.  Н.Сауранбаев 
көрсеткендей, ой екпіні түскен компоненттің бұрын айтылуы 
тәрізді тәртіпке немесе одан да басқа бір мотивтерге байланы-
сты екендігі даусыз. Мүмкін, Н.К.Дмитриев айтқандай
246
деп, 
депті,  деді  дәнекерлері  сол  сөйлем  ішіндегі  айтты,  ойлады 
деген сияқты мәнді етістіктердің мағынасын қайталап, сөйлем 
аяғында тағы бір рет келуі екі ортадағы конструкцияның төл 
сөз  екенін  таныстыратын  белгі  ретінде  де  қызмет  атқаруы 
мүмкін. Бұл тәсіл о баста ауызекі сөйлеу тілінде пайда болып, 
түркі  тілдерінде  (мысалы,  қазақ  тілінде)  көпке  дейін  жазба 
үлгілерден орын алып келуі ешбір тыныс белгісі жоқ араб жа-
зуына да байланысты болуы әбден ықтимал. Ал қазіргі әдеби 
тілімізде  деп  дәнекерінің  дәнекерленуші  компоненттердің 
ортасында,  яғни  сөйлем  ортасында  келетін  тәртібі  әбден 
қалыптасқан норма екені аян. Бұл норманың соңғы 40-50 жыл-
да тез орын теуіп кетуіне, біріншіден, әдеби тіліміздің сан алу-
ан  прозалық  стильдерінің  шапшаң  және  мол  көлемде  жазба 
түрде  дамуы  себепкер  болса,  екіншіден,  нормалаушы  грам-
матика  құралдарының  да  рөлі  жоқ  емес,  үшіншіден,  барлық 
тыныс  белгілерді  пайдалануға  мүмкіндік  алған  кезеңнің  де 
(жазуда тыныс белгілерін пайдалану тенденциясы үстіміздегі 
ғасырда араб грамматикасы тұсында-ақ басталып, латын мен 
орыс  жазуына  көшкенде  әбден  сіңіскені  аян)  әсер  ықпалы 
жоқ емес тәрізді. Өйткені енді төл сөзді екі жағынан біреуін 
айтады  (ойлайды),  біреуін  дейді  тәрізді  verba-dicendilerdi-
лерді  (сөйлеу  етістіктерін)  қабат  келтіріп  танытудың  орны-
на,  екі  жағынан  тырнақшаға  алып,  сұрау,  леп  белгілері  мен 
сызықша  тәрізді  белгілерді  және  қойып,  ол  бөліктің  төл  сөз 
245
  Бұл  тәртіп  беретіндігі  (XVIII-XIX  ғасырлардағы)  жалғыз  қазақ  тілі  емес, 
ертеректен  бастап  өзге  түркі  тілдеріне  де,  оның  ішінде,  айталық,  көне  өзбек  тіліне 
де тән екенін көреміз: Дархал Іабра іл кэііп аЗтті ]а муса асаңны даріаға ургіл дэп. 
Бұл  мысал  А.М.Щербактың  «Грамматика  староузбекского  языка»  (М.-Л.,  1962.  - 
С.  220)  деген  кітабынан  алынды.  Осы  типтес  сөйлемдерді  XIII  ғасыр  ескерткіші 
–  «Тефсирдің»  тілінен  де  молынан  табамыз  (қара:  Боровков  А.Н.Из  материалов  для 
истории узбекского языка //Тюркологический сборник. - 1951. - Т. 1. - С. 75): Коічі 
анліір Қаащі сізлар кімлар сізлар, кдйғару барур сізлар теб.
246
 Дмитриев Н.К. Грамматика кумыкского языка. - М.-Л., 1910. - С.194.

306
екенін  көрмеге  (зрительно,  графически)  әбден  бадырайтып 
көрсетіп қоямыз. Әрине, жоғарыда да айттық, деп-пен келген 
конструкциялардың  осы  күнгі  тәртібі  де  бастамасын  өткен 
кездерден алады. Некен-саяқ болса да, бұл тәртіп Абай, Ыбы-
рай  текстерінде  де,  өзгелерде  де  кездеседі.  Әсіресе  Абай-
да  бағыныңқы  сөйлемдерді  басыңқылармен  жалғастырып 
тұрған деп элементі екеуінің ортасында, «өз орнында», жиірек 
кездеседі: «Бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, ...түзден өнер 
іздемейді» (II, 189); «Оларды мұсылман деп, қалайша иманы 
бар ғой дейміз» (II, 190); «Осындай қастарға сөзім өтімді бол-
сын... деп, қызметке, болыстық билікке таластық» (II, 159).
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  арасында  келетін,  де-
мек,  сөйлемнің  аяғында  емес,  ортасында  келетін  деп-ті  осы 
сөздің  қимыл-сын  пысықтауышын  жасап,  сөйлем  ішінде 
келгенімен  шатастырмау  керек.  Абайда  соңғы  категория 
әрдайым дерлік осы күнгідей дұрыс құрылған. Мысалы: «Жә, 
олай болса, біз Құдай тағаланы ғайыбы жоқ, міні жоқ, өзі әділ 
деп  иман  келтіріп  едік»  (II,  184);  «Қазаққа  күзетші  болайын 
деп,  жұрт  білгенді  біліп,  халық  қатарына  косылудың  қамын 
жейік деп ниеттеніп үйрену керек» (II, 179).
Сөйлем  ішіндегі  сөздердің  орны  ауысып  жүрген  ерекше- 
ліктердің екінші тобы деп дәнекерінсіз жасалған өзге құрмалас 
сөйлем  компоненттерінің  өз  орындарында  тұрмауына,  яғни 
басыңқы мен бағыныңқының, сондай-ақ кейбір салалас құрма- 
лас  компоненттерінің  орындары  алмасып  құрылуына  байла-
нысты. Мысалы, Абай текстерінде басыңқысы бағыныңқыдан 
бұрын  келген  құрмаластар  бар:  «Өтірік  көрмегенін  көрдім  
деуші  куәлар  да  әлдеқашан  дайындап  қойылған,  бағанағы 
жақсы  адам  сайлауға  жарамасы  үшін»  (II,  160);  «Адамның 
адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітірген- 
дігінен  емес»  (II,  193);  «Басында  зорлықпенен,  яки  алдауме-
нен  үйір  қылу  керек, үйрене  келе өзі  ізденгендей болғанша» 
(II, 195).
Осы жерде бір жайтты баса білдіру қажет: Абай прозасын-
да  құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орны  алмасып  келуі 
өте  сирек,  жоғарғы  2-3  мысалдың  үстіне  үңіле  іздесек,  тағы 
бір-екі факт қосылар, бірақ бар болғаны – осы. Демек, Абай 

307
тілінде  (прозасында)  құрмалас  сөйлемдер  компоненттерінің 
орналасуы  жағынан  дұрыс  құрылған  деген  тұжырымды  баса 
айтамыз.  Бұл  –  Абайдың  өз  тұсындағы  өзге  нұсқалар  тілі- 
нен  ажыратылатын  үлкен  бір  ерекшелігі.  Бұл  ерекшелігі  – 
Абайдың  қазақ  әдеби  тілін  нормалаудағы  еңбегі.  Өйткені 
Абайға  қарағанда,  тіпті  тілі  (прозада)  өте  жатық,  конструк-
циялары  түзу  Ыбырайдың  өзінде  де,  баспасөз  тілін  былай 
қойғанда,  бағыныңқы  мен  басыңқысы  «төңкеріліп»  жүрген 
сөйлемдер  едәуір  жиі  ұшырасады.  Бұл  –  тағы  да  ауызекі 
сөйлеу  тілінің  нормасы,  содан  ұзап  кете  алмаушылықтың 
нәтижесі. Әрине, бұл – ауызекі сөйлеу тілінің де негізгі тәсілі 
емес.  «Төңкерілген»  құрмаластар,  жоғарыда  деп-пен  келген 
конструкцияға байланысты айтқанымыздай, ауызекі сөйлеуде 
белгілі бір компонентке ой екпінін түсіру үшін қолданылатын 
болу керек. Әйтпесе қазақтың сөйлеу тілі тәртібінде детәуелді 
(анықтаушы)  компоненттің  басым  (анықталушы)  компо-
ненттен  бұрын  орналасуы  –  анықтауыш  пен  анықталушы, 
пысықтауыш пен пысықталушы, объект (толықтауыш) пен ба-
яндауыш мүшелердің, бағыныңқы мен басыңқы сөйлемдердің 
позициясында өте ертеден қалыптасқан жалпы тілдік система 
екені белгілі. Бұл тәртіпті бұзу экспрессивтік мағына беру, ой 
екпінін түсіру, өлеңдерде ұйқас, өлшем жасау т.т. сияқты тілден 
тыс мотивтерге негізделеді де кейде әдеби тіл нормасы дамып, 
қалыптасқан  кезінде  де  қолданылады.  Бірақ  ауызекі  сөйлеу 
тілінде  мотивтері  әлсіз  болса  да,  кейде  тіпті  ешбір  мотивсіз 
де  сөйлем  компоненттері  өз  орындарын  сақтамай  келе  беруі 
де әбден мүмкін. Ал жазба әдебиет, әсіресе құрмалас сөйлем 
екі емес, одан да көп компоненттен тұрғанда, тіл табиғатын, 
тәртібін  сақтауға  тырысады,  бірақ  бұл  да  қаламгерлердің 
сөйлем  құру  тәсіліне,  жалпы  дәстүрге  байланысты  болады. 
Абайдың прозалық тілінде бірден-ақ бұл жөнінде жазба стиль-
ге тән дұрыс тәртіп ұсталғанын көреміз.
Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  орналасу  тәртібінде 
Абайда өз қаламына ғана тән ерекше бір конструкция бар, ол 
– толықтауыш бағыныңқының орнындағы сөйлемнің баянда-
уышы табыс септігінде тұрмай, ашық райда келуі немесе жай 
сөйлемдердің  деп  дәнекері  арқылы  байланыспауы.  Мысалы: 
«һәмма  ғаламға  белгілі  данышпандар  әлдеқашан  байқаған: 

308
әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз тартады» (II, 155) деген 
сөйлемнің бір варианты: «Әрбір жалқау кісі қорқақ, қайратсыз 
тартатынын... байқаған болар еді». Шынында, мұнда екінші 
компонент  алғашқы  сөйлемдегі  ойдың  объектісін  білдіреді: 
нені данышпандар байқаған? Келесі мысалдар да осы іспеттес: 
«Ақыры  ойладым:  осы  ойыма  келгеннәрселерді  қағазға  жаза 
берейін» (II, 152) – Ақыры осы ойыма келген нәрселерді қағазға 
жаза берейін деп (немесе – жаза беруді) ойладым. «Әрнешік 
білмек  керек:  жоғарғы  жазылмыш  екі  түрліден  басқаиман 
жоқ» (II, 173) –...иман жоқ екенін... білмек керек.
Бұл  конструкцияны  қарапайым  инверсиямен  шатастыруға 
болмайды.  Сөйлем  мүшелерінің  (немесе  жай  сөйлемдердің) 
жай  ғана  орындары  алмасып  келгенде,  олар  өз  тұлғаларын 
сақтап  тұрады,  ал  мына  құрылыста  толықтауыш  бағыныңқы 
басыңқыдан  кейін  орналасу  правосына  өз  баяндауышын 
тиянақты  тұлғаға  (ашық  райға)  келтіру  арқылы  ие  бола-
ды.  Әдетте  мұндай  сөйлемдерді  сыртқы  грамматикалық 
оформлениесіне қарап, салалас құрмалас деп тануға тиістіміз, 
ал мағынасына келсек, бұл – сабақтастардың айрықша бір түрі 
тәрізді.  Бұрынырақ  жарияланған  бір  мақаламызда  бұл  тип-
тес  сөйлемдерді  орыс  синтаксисінін  әсерінен  пайда  болған 
грамматикалық калька болар деген жорамал айтқанбыз
247
. Оған 
себебіміз мұндай сөйлемдердің Абайға дейінгі немесе тұстас 
нұсқаларда кездеспейтіндігі болатын. Бірақ, екінші жағынан, 
логикалық  ой  екпіні  түскен  компоненті  бірінші  позицияда 
келтіретін  халықтың  ауызекі  сөйлеу  тілі  нормасынан  пайда 
болған,  Абай  активтендірген  тәсіл  болар  деп  те  тұспалдауға 
болады. Қайткенде де бұл – Абайда белгілі бір система түрінде 
келетін синтаксистік амал.
Құрмалас сөйлемдердің құрылысына қарағанда, Абай текс- 
терінде  сөйлем  мүшелерінің  позициялық  құрылысында  әдет- 
тегі нормадан ауытқушылық біраз жиірек кездеседі. Бұлар әр- 
түрлі, бірақ көбінесе тұрлаусыз мүшелердің өздеріне қатысты 
мүшеден  (көбінесе  баяндауыштан)  кейін  орналасуы  ұшыра- 
сады.  Мысалы:  «Әрбір  байқаған  адам  білсе  кереккүлкіөзі 
247
 Сыздықова Р. Абайдың прозалықшығармаларындағы күрделі ойдың берілуі  // 
Қазақтілі тарихы бойынша зерттеу. - Алматы, 1965. - 51-б..

309
бір  мастық  екенін,  әрбір  маскісіден  ғафил  көп  өтетұғынын 
да,әрбір  мастың  сөйлеген  кезінде  бас  ауыртатұғынын» 
(II,  1

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет