СЫН МҮДДЕСІ
Коммунистік партиямыздың қолындағы айбынды құралының
бірі сын мен өзара сын екендігін оның бүкіл тарихы, практикалық
қызметі көрсетіп келеді. Принципті батыл сын болмайынша еліміз-
дегі үлкен өмірдің, күнделікті тірлігіміздің бірде-бір саласы қарқын
үстіне қарқын қосып, дамудың жаңа сатысына көтерілмеген болар
еді. Сондықтан да біз сын мен өзара сынды социалистік қоғамымыз-
дың қозғаушы күштерінің бірінен санаймыз. Сын дегеннің төркіні
– ақиқатқа жету үшін болатын пікір таласы екендігін мойында-
сақ, əдебиеттің өсуі де көбінесе сынның дəрежесіне, батылдығына,
əдебиеттің қаншалықты қанына сіңіп, дəстүріне айналғандығына
байланысты.
Демек, əдебиет, өнер өмірінде де сынның алатын орны, атқаратын
ролі ерекше. Əдебиет жұртшылығының екі айтып, бір айтып, сынның
жай-жапсарын елден ерек сөз етіп, айрықша назар аударатыны да со-
дан болуға керек.
Біз қазақ əдебиетін қазір шоқтығы биік, өрісі кең, арнасы мол,
өскен əдебиет деп танып отырмыз. Ал əдебиетіміздің өсу, даму жолы
кедергісіз, айтыс-тартыс, бұралаң-бұлтақсыз даңғыл жол болған жоқ.
Біздің қолымыз жеткен əрбір табыс – сынның жемісі. Бүгінгі таңда
өзіміз мақтан етіп, аузымызды толтыра атап отырған іргелі үлкен
əдебиетіміздің осы дəрежеге көтерілуінде əдеби сынның атқарған
қызметі аз емес. Осы орайда М. Əуезовтің əдебиетіміздің қырық
жылдық жемістері жайлы айта отырып, «Қазақ-совет əдебиетінің
өсу, даму жолдарын шолып өткенде сол əдебиетіміздің өрлеу табы-
сына көп көмек ететін бір топ жандардың аттарын қоса атамасақ,
сөз сыңаржақ болар еді. Біздің əдебиетіміздің бар жаңалығын, батыл
ізденгіш өзгешелік қасиеттерін өзіміздің заманымызбен нық байла-
ныстырып өсіре түсуге айнымас көмекшілеріміз де себепші болды.
Олар бар жазушылармен тізе қосып, білекке білек жалғасып, қатар
жасасып келе жатқан біздің сыншыларымыз бен əдебиет тарихшы-
ларымыз», – дегенін еске алу əбден орынды.
314
315
Соңғы уақытта жарық көрген кейбір мақалаларда бізде сын бар
ма, жоқ па деген таластың төңірегінде əңгіме көтеріліп, сынның бар
екенін дəлелдеуге əрекеттенушілік аңғарылады. Бүгінгі таңда «сын
бар ма, жоқ па» деп мəселе қойып жатудың өзі басы артық жағдай
екендігіне М. Əуезовтің жоғарыдағы сөздері толық айғақ. Рас, кей-
бір жиналыстарда, əдеби талқылауларда «сын жоқ» деген пікірлер
айтылып қалып жүреді. Алайда бұл сөз көңілінен шықпаған жеке
мақалаларға өкпелеген кейбіреулердің ғана пікірі. Бізде сын да бар,
керек десе буын-буын сыншылар кадры да бар. Демек, бұл – сынның
тарихы да бар деген сез. Соңғы уақыттарда сын саласынан ірілі-
уақты бірқатар кітаптардың жарыққа шығуы, тіпті əдеби сынымыз
арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарының объектісіне айнала бастауы
жоғарыдағы пікірлерді дəлелдей түседі.
Əдебиеттің жақсысын да, жаманын да жазушылармен бірге
бөлісіп, ыстығына күйіп, суығына тоңып, бүкіл творчестволық
өмірін жанр жүгін арқалаудан танбай өткізіп келе жатқан аға буын
сыншыларымыздан бастап сындағы сары жұрт болған ескі сүрлеуді
місе тұтпай, əр саққа бір бас сұғып барлау жасап, едəуір ізденіс
аңғартып жүрген соңғы буын сыншыларымызға дейін санасақ,
ондаған адамның аттарын атай алады екенбіз. Солардың бəрі де
кайыңның қабығын жазып жүрген жоқ, қағаз жазып, жəне қағаз
болғанда, жақсылы-жаманды сын жазып жүр. Ендеше соларды көре
тұра, «көрдім деген көп сөз, кермедім деген бір сөз» дегендей, «сын
жок» деп бір сөзбен қайыра салу, М. Əуезов айтқандай сыңаржақтық
болар еді.
Əдебиетші ғалым Бекмұрат Уахатов «Қазақ əдебиеті» газетінің
1963 жылғы 13 сентябрь күнгі санында жарияланған «Сын бар, бірақ
өткір емес» деген мақаласында «...Əдебиет сыны мен əдебиеттану
ғылымының өзінде не шықты, не қойды дегенді есепке алып,
библиографиялық көрсеткіш жасайтын уақыт жетті. Қазір ғылымдық
ойдың ілгері кеткендігі соншалық, тіпті мұның өзін жоғары оқу
орындарында жеке пəн етіп оқыту керек» деген ұсыныс жасады.
Байыптап қарасақ, осы пікірдің төңірегінде бірқатар ойланатын
жайлар бар сияқты. Адалын айтуға батылдығымыз жетсе, біздің
жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан əдебиетшілеріміздің ілу-
де біреуі болмаса, көпшілігі-ақ қазақ əдебиет сынының тарихынан
көмескілеу, бұлдыр-салдыр ғана біліммен шығады. Жоғары оқу
орындарында əдебиттану ғылымының əдебиет тарихы жəне əдебиет
теориясы деп аталатын салаларына көп көңіл бөлінеді де, ал əдебиет
сыны əдебиет тарихына байланысты жүрдім-бардым ғана сөз бола-
ды. Шынына келгенде, əсіресе, əдебиетіміздің қалыптасу жылдарын-
дағы сынның жай-жапсарын оқиғаның басы-қасында болған аға буын
əдебиетшілерімііз болмаса, кейінгілеріміздің көпшілігіміз жеткілік-
ті біле бермейміз. Сонау Аристотель мен Гегельдің, Белинский мен
Чернышевскийдің эстетикасынан, Поль Лафарг пен Плехановтың,
Горький мен Луначарскийдің көркем өнерге көзқарасынан мағлұматы
бар əжептəуір білімді деген жастарымыздың сүрінср томары – қазақ
əдебиет сынының туу, қалыптасу, даму тарихы десек, өтірік болмас.
Қазақ əдебиеті де, жалпы совет əдебиеті сияқты, күрес күндерінде
туып, күрес үстінде шынығып өсіп, бүгінгі əлемге мəшһүр болған
дəрежесіне жетіп отыр. Осы жолда ол саналуан қиындықтар мен
кедергілерді жеңе білді. Жиырмасыншы жылдарда, одан бертінірек-
те де əдебиеттің əралуан мəселелері жайында ірі-ірі айтыстар
болды. Солардың кейбіреулері тек жеке сыншылардың ғана пікір
шалғайлықтары емес, идеология майданындағы айқас, яғни таптық
платформаларға негізделген айтыстар болады. Бір ғана Абай мұрасын
танып-білу, пайдалану мəселесінің төңірегінде қаншама күрес бол-
ды. Сол сияқты «Қызыл сұңқарлар», «Сұлушаш» сияқты қадау-
қадау жеке шығармалардың төңірегінде қаншама айтыс-тартыстар,
пікір таластары болды. Мəдениетіміздің белгілі қайраткерлері
Сəкен Сейфуллин, Сəбит Мұқанов, Ғабит Мүсреповтер социа-
листік платформадағы жаңа əдебиетіміздің қалыптасуы жолында
қаншама тер төкті. Іргесін М. Əуезов қалаған Абайтану ғылымының
бүгінгі дəрежеге жетуінде көрнекті ғалымдарымыз Қ. Жұмалиевтің,
Қ. Мұхаметхановтың т. б. қаншама еңбегі бар. Жеке-жеке проблема-
лық мəселелер төңірегінде Е. Ысмайыловтың, Б. Кенжебаевтың,
Т. Нүртазиннің, М. Ғабдуллиннің, М. Қаратаевтың, Ə. Тəжібаевтың
жəне одан кейінгі буын ғалымдарымыздың еңбектері өз алдына бір
алуан. Міне, осылардың бəрі де бүгінгі қазақ-совет əдебиеті сынын
əзірлеген, оның тарихына қатысты да қажет дүниелер емес пе?!
Тіпті, əріге бармай-ақ қоялық. Күні кеше ғана елуінші жылдардың
бастапқы кезінде біздің əдеби сынымызда бүгін езу тартпай еске
алуға болмайтын бұрмалаушылықтар, ат қойып, айдар тағып
айыптаушылықтар болды емес пе? Өзгені былай қойғанда, бүкіл
совет əдебиетінің мақтанышы болған «Абай жолы» эпопеясының
алғашқы кітаптары жайында қандай пікірлер айтылмады. Баспасөз
беттерінде бұл романнан феодалдық ескішілікті дəріптеу, өткенді
аңсау сияқты бірдеңелер іздеп əуреге түскендер де есімізде. Егер
316
317
біздің əдеби сынымыз осы шығармаларды əлгіндей теріс түсініктер
мен пікірлердің құрбандығына беріп жіберсе, не болатынын
ойлаудың өзі қазір мүмкін емес. Демек, қазір жұртшылық бір ауыздан
ден қойып, əдебиетіміздің алтын қорына қосылды деп танитын бас-
ты-басты шығармалардың əрқайсысы жөніндегі пікірлер бірден
қалыптаса қалған жоқ. Əлгіндей қате көзқарастарға тойтарыс бере
отырып қалыптасты. Осының бəрінде де партиялық басшылыққа,
маркстік-лениндік эстетикаға негізделген, социалистік реализмге
арқа сүйеген əдеби сынымыздың шешуші күштерінің жеңістері
байқалады. Ендеше əдебиет сынының тарихына қатысты осындай
жайларды біздің студент жастарымыз қолына тиген-тигенімен үзіп-
жұлып танысқанша, жүйелі түрде жеке пəн ретінде өтсе, əлдеқайда
пайдалы болар еді. Əрине, бұл жарық көрген мақаланың бəрін
қалдырмай тізіп оқыту деген сөз емес, мұны студенттердің өздері
де іске асыра алады, əңгіме сынның тарихын белгілі бір жүйемен,
арнаға салып таныстыруда болып шығады. Пəн кезеңді-кезеңді кесек
проблемалар төңірегіне құрылатындығы өзінен өзі түсінікті. Əуелгі
кезде тілге тиек етіп, қолға ұстар құралдар жоқ емес. Мəселен, Сəбит
Мұқановтың «Өсу жолдарымыз», М. Əуезовтің «Əр жылдар ойла-
ры» атты еңбектерінен əдеби сынымыз өткен жолдың көп шежіресі
көрінеді. Сондай-ақ жас ғалым Т. Кəкішевтің «Октябрь өркені» атты
ғылыми-зерттеу еңбегі де əдебиетіміздің қалыптасу жылдарының
сын материалдарынан едəуір мағлұматтар береді. Біздің ойымызша,
толғағы жеткен осы маңызды мəселені ең əуелі əдебиетшілер кадрла-
рын дайындау дүкені болып отырған – қазақтың Абай атындағы педа-
гогикалық институты мен С. М. Киров атындағы Мемлекеттік уни-
верситеттің қазақ əдебиеті кафедралары қолға алса дұрыс болар еді.
Əйтеуір, калай болғанда да, тек кейінгі жылдары ғана там-тұмдап
бастала бастаған сын тарихын оқыту ісіне кафедралардың оқу жос-
парларынан тұрақты орын берілгені жөн. Айналасы екі-үш жылда-
ақ қалыптасқан дəстүрлі курстардың бірі болып кететіндігі шүбə
туғызбайды. Бастапқы кезде орыс əдебиет сыны тарихының кур-
сын бұрыннан оқытып келе жатқан орыс əдебиеті кафедраларының
тəжірибелерін пайдалануға да мүмкіндік жеткілікті. Бұған тіп-
ті қосымша сағат сұрап жатудың да қажеті болмас. Əуелгі кезде
əдебиеттің белгілі бір тақырыбын алып, кең түрде өтуге арналған
арнаулы курс пен арнаулы семинардың біреуінің сағаттарын
пайдалануға да болатын шығар. Жалпы принципі шешілсе,
ұйымдастыру жағындағы шешуші сөз ҚазПИ мен ҚазГУ-дің қазақ
əдебиеті кафедраларынікі болса дейміз.
* * *
Əдеби сын жайын сөз еткен жолдастардың жиі-жиі өкпе етіп айта
беретіндері сынға көзқарас мəселесі. Бұл тұста сын кітаптарының
баспа орындарының жоспарынан қағажу көретіні, сыншыларға Жа-
зушылар одағы басшыларының тарапынан көңіл бөлінбейтіндігі,
басқа жанрлар сияқты сын шығармаларының талқыға түсіп
тұрмайтындығы көп айтылады. Расында да, бұл сөздердің жаны
бар. Бұл сияқты бадырайып, тайға таңба басқандай айқын көрініп
тұрған фактілерді былай қойғанда, ақын-жазушылар арасындағы
елеусіз көрінетін кейбір уақ-түйек жайлардың өзінен-ақ сынға деген
көзқарастың қандай екендігін аңғаруға болады.
Осыдан біраз жыл бұрын белгілі бір жазушымыздың рома-
ны жарыққа шыққанда, мен сол шығарма туралы журнал бетінде
мақала жариялап, хал-хадарымызша өзім таныған кемшіліктерін
көрсеттім. Артынан жолыққанда «Сіздің кітабыңыз жайындағы
менің мақаламды оқыдыңыз ба?» деген сұрауыма автор: «Шығарма
жазудан гөрі сын айту оңай көрінеді ғой» – деп, жақтырмай кекетіп
жауап қайырды. Əрине, ашу билеп тұрған авторға бұдан əрі ештеңе
демей кете бардым.
Əрбір шығарма – жазушының тоғыз толғатып туатын перзенті.
Ал сын деген кімге болса да шайнамай жұтатын май құймақ емес
қой. Ол өзінің табиғатында жанына бататын қатқыл, жұрт алдында
қызартатын нəрсе. Мен жазушының өз перзенті үшін жүрегі ауырып
тұрғанын түсінсем де, ашуын тежей алмай тізгін беріп тұрғанына
ренжіп қалдым. Кейін ашуы сабасына түскен автор əлгі романын
тағы бір қарап, əдебиет жұртшылығы айтқан сындардан қорытынды
жасап, қайта жазып шықты.
Осы бір кішкентай болмашы эпизодты еске алып отырған се-
бебіміз – бізге əлгіндей сөздер бір жазушының ғана емес, сынға
құтырына қарайтын бірқатарының аузынан естіліп қалып жүреді.
Бұл пікірге қарағанда, поэзия туралы тек ақын, ал роман, повестер
туралы прозаик қана пікір айтуға праволы болып шығады. Біздіңше,
өлеңге пікір айту үшін ақын болу шарт емес, бірақ поэзияның сы-
рын, сыйпатын, əсемдігін, əсерін түсініп, ұғына білу шарт. Тіпті ұлы
сыншы В. Г. Белинскийдің өзінің де көркем шығармаға қаламы аттай
желіп кеткен жоқ, «Дмитрий Калинин» атты пьесасының сəтсіздікке
ұшырағаны белгілі. Бірақ бұл жағдай оның өз заманындағы бүкіл
орыс əдебиетіне бағыт сілтеп, жол көрсетуіне, поэзияның Пушкин,
Некрасов сияқты алыптарының өзін идея жағынан молықтырып
318
319
қаруландыруына, сөйтіп əдебиет сынының классикалық үлгісін жа-
сауына кедергі болған жоқ. Сонда ұлы ақынды да, ұлы сыншыны
да бір ғана ортақ мүдде – халыққа қызмет ету мүддесі биледі. Ал
əдебиетті олар халыққа қызмет етудің құралы деп таныды. Мүмкін
бұл салыстыруымыз жөнсіздеу де болар. Дегенмен, «Болмасаң
да ұқсап бақ, бір ғалымды керсеңіз» деп Абай атамыз айтқандай,
ақындарымыз Пушкин мен Некрасовқа, сыншыларымыз Белинс-
кий мен Добролюбовқа ұқсауға тырысқан болса, онда тұрған ерсілік
жоқ-ау дейміз.
Сыншылық институт бітіргенде дипломмен бірге мемлекет-
тік комиссия беретін арнаулы мамандық емес. Демек, ақындық,
жазушылық сияқты бұл да өнерге, талантқа, дарынға байланысты
нəрсе.
Бүгінгі совет жазушыларының ең үлкен де, ең əділ де сыншысы
– оқушы жұртшылық, қалың көпшілік. Көпшіліктің ішінен сынды
бізде əркім жазады, бірақ сол «əркімнің» бəрі сыншы емес. Белгілі
бір шығармаға талдау жасағанда автордың идеясын əдеби құбылыс
ретінде эстетикалық тұрғыдан түсініп, тап басып талдау жасай біл-
ген оқушы ғана сыншы.
Көркем шығармалардағы айтылмыш ойды дұрыс түсінудің
өзі де өнердің ісі. Марқұм Вс. Вишневскийдің сөзімен айтқанда,
жазушының жұртқа жеткізіп айтайын дегенін дəл тұрғыдан танып,
дұрыс түсінген оқушы автордың деңгейінде тұрады. Біздің қазіргі
маман сыншы (профессионал) деп жүргеніміз, міне, осын-
дай оқушылар. Ал сыншылық қаншама көпшілік қолды дүние
болғанымен, əлгіндей автордың дəрежесінде тұратын оқушыларсыз
сəні болмас та еді. Бірсыпыра жағдайда ақын-жазушылардың
сыншыларға үлкен өкпе артуларына себеп болатын да кейбір
сыншыларымыздың шығарманы дұрыс түсінбеушілігі немесе түсіне
тұра көпе-көрнеу бұрмалаушылығы. Əрбір жаман жазылған көркем
шығармаға ренжуге болатыны сияқты, əлгіндей артық-кем айтылған
сынға да өкпе айтуға əбден болады. Бірақ белгілі бір жанрдағы бір
шығарманың сəтсіздігіне бола сол жанрды түгелдей жоққа шығарып,
өшіге қарауға болмайтыны тəрізді, тенденциямен бұра тартып
жазылған жеке сын мақалаға деген өкпені жалпы сын жанрына, сын
мəселесіне артуға əсте болмайды.
Өкінішке қарай, біздің кейбір ақындарымыздың шығармаларын-
да осындай орынсыз өкпе, сынға, сыншыға деген сыңаржақ пікірлер
де кездеспейді емес. Белгілі ақын Қалижан Бекхожин 1957 жылы
жеке кітап боп басылған «Ақан Ақтаев» атты поэмасының кіріспесін
былайша бастайды:
«Түу! Ұзақ сөздерге бір шырмалыппын, –
Не жырлап, қандай жаңа сырлар ұқтым?
Сілкіскен ылғи ығыр жиындарда,
Сыншыдай сөзді қуып зыр қағыппын.
Сыншының олжа көріп сыбағасын,
Дəмем жоқ үдетуге сын бағасын,
Тек қана мүлтті баққан, мінді күткен,
Қалайша салқын сыннан сыр аласың?
Мейлің сындырмайын сөздің сағын,
Қыз өлең жайды маған наз құшағын.
Қыраулы мұртпен күліп мүсіркеймін,
Жастықтың сонау өткен жазғы шағын!»
«Сөз қуып зыр қаққан», «тек қана мүлтті бағып, мінді күткен»,
«сыншының сыбағасына» мүсіркей қарап, «сын бағасын» үдеткісі
келмей отырған ақынның бұл шумақтарына түсініктеме беріп
жатудың қажеті де болмас.
Ақын өзінің сынға деген осындай бірқатар өкпе-назын «Қазақ
əдебиеті» газетінде арнайы мақала жазып, «сыншылармен
сырласқанда» да айтқан еді.
«Қазақ əдебиеті» газетінің 1960 жылғы 5 февраль күнгі санында
ақынның «Сыншы мысық» атты өлеңі жарияланды. Өлең мынадай:
«Сыншы мысық,
Көзін
қысып,
Оқыды бір кітапты.
Бетін
тырнап,
Етіп қылжақ,
Қоқиды да мін тақты...
Нəрсіз десін,
Мəнсіз
десін,
Мейлі тағы пысқырсын,
Мияуласын,
Мияу даусын
Құлаққа кім қыстырсын?»
Осы өлеңдегі екіұшты «қыстыруды» ескермегеннің өзінде де,
автордың сынға деген ақ пейілі көрініп тұрған жоқ.
320
321
Шынында да сыншы, ақын айтқанындай, ылғи бір жазушының
мүлт басқан қадамын аңдып, сəтсіздігіне қуана күліп отырған жан
ба екен? Енді соған келейік.
Ақынның 1950 жылы жеке кітап боп басылған «Мариям Жагор-
қызы», 1957 жылы басылған «Ақан Ақтаев» поэмалары едəуір сынға
ұшырады. Əсіресе алғашқы поэмаға айтылған ағат пікірлер де бол-
ды. Алайда ақын осы екі поэманың екеуін де өңдеп қайтадан жазып,
жаңа кітап етіп бастыруға сын пікірлердің əсерін, пайдасын көргем
жоқ деп айта алар ма екен? Ендеше сынға соншама өкпелеуіне жол
болсын.
Осы таяуда ғана Қалижан Бекхожин өзінің ертеде жазған
тырнақалды көлемді еңбектерінің бірі «Ақсақ құлан» поэмасын
қайтадан жазып, «Жұлдыз» журналында жариялады. Журнал
оқушылардың қолына тиіп үлгермей жатып, сыншы Мырзабек
Дүйсенов газет бетінде мақала жазып, өз пікірін білдірді. Біздің
ойымызша, ақын шеберлігінің бұл поэмада анағұрлым артқандығы,
ел ауызындағы аңыз əңгіменің тұтқынында қалмай, оның саяси-
əлеуметтік мотивтерін жетілдіріп, ұштап, өз көрігінде қайта жасап
шыққандығы, мұның өзі ақынның соңғы жылдардағы бір елеулі тар-
туы екендігі сол мақалада əділ көрсетілді. Ендеше ақынның сыншы
жайындағы «тек қана мүлтті бағып», жақсылық атаулыға «мысықша
көз жұмып» отырады деген пікірі де орынсыз деп білеміз. Демек,
сыншы кейбір ақын-жазушылардың ойлағанындай, қаламын қайрап,
кітаптың жарық көруін ғана күтіп отырған көркем шығарманың үкім
шығарушысы емес, қайта оның насихатшысы, досы, ол керек жерін-
де жазушының кеңесшісі де бола біледі.
Сынға деген көзқарасын «Бір сыншыға», «Академиядағы бір
досқа» деген өлеңдерінде ақын Сырбай Мəуленов те білдіріпті.
Əйтеуір, дес бергенде, оның өлеңдерінде алдыңғы əріптесіндей тіл
тигізуден гөрі достық əзіл басым екен.
Бұл мəселеге мəн беріп, арнайы тоқталып отырған себебіміз –
кейбір қиғаш пікірлер мен шəлкем-шалыс сөздер жеке сыншыларға
арналып жазылып жүрген «Достық əзілдерде» де бой көрсетеді.
Кезінде сын пікірлерден бірқатар əділетсіздіктер көрген кейбір
аға буын ақын-жазушыларымыздың сынға сақтана қарайтын жайын
түсіну қиын емес. Бірақ кейбір жап-жас ақындарымыздың сын
жөнінде, сыншы жөнінде əлгіндей теріс пікірде болуы қынжылар-
лық іс.
«Лениншіл жас» газетінің 1963 жылғы 21 сентябрь күнгі санын-
да ақын Жұмекен Нəжімеденовтің бір топ лирикалық өлеңдері жа-
рияланды. Егер шынымды айтсам, солардың ішінде, сыншыларға
арналған бір өлеңнен басқасының көпшілігі-ақ өзінің ойлылығымен,
философиялық түйін табуға талпынған талабымен қатты ұнады. Жас
ақынның сыншы қаламдастарына беріп отырған «бағасын» түгел
келтірейік:
«Есек байғұс өлең жаза білсе егер,
Жырлар еді алдымсн өз құлағын (?)
«...дүниенің жүрегі мен миынан
Біле-білсең, құлағы артық, шырағым».
Ақымақ деп айта алмас ең сонда оны,
Ол да біреуге болар еді «сүйікті».
Бірақ есектің сорына Сыншы болу тиіпті».
Жұмекеннің өз басы тек қана жылы сөзден басқа, шамына тиіп,
шымбайына бататындай сын естіп, ерғашты болған ақын емес. Енде-
ше бұл өлең жас ақынға жалпы сыншылар жайындағы кейбір ақын-
жазушыларымыздың арасындағы жағымсыз пікірлердің салқыны
тигендіктен туып отыр. Өлеңнің басында не аяғында тым болмаса
«достық əзіл» деген рубрика тұрса да бір сəрі ғой. Демек, бұл кəдімгі
өлең – көркем шығарма деп қарайтын болсақ, сыншы атаулыны ара-
сына теңдік белгісін қойып, есекпен қосақтау əзіл де, əжуа да емес,
тікелей тілдеу, пародия емес пасквиль боп шыға келеді. Мүмкін жас
ақын алғашқы бір келе қалған сезім жетегіне ілесіп кеткен шығар,
бірақ, редакция қайда? Не газет редакциясының, не редколлегия
мүшелерінің бірде-бірінің «бұлайша обобщение жасап айту ағаттық
болады» деп авторға ақыл салмай, не жазып берсе, соны талғаусыз
баса салғаны да жас авторға деген тəрбие үлгісін көрсетіп тұрған
жоқ.
Міне, осындай болмашы дүниелердің өзінен сынға деген
көзқарас аңғарылып қалады. Мұндай пікірлер əдебиетіміздің сын
мəселесін күшейтуге, оның белсенділігін арттыруға, сөйтіп оны
көркем əдебиетіміздің көмекшісі дəрежесіне көтеруге пайдасын
емес, зиянын тигізеді. Əрине, өзіміз сыншы болғандықтан бұл жер-
де «бөрік кигеннің намысы бір» деп, мундиріміздің жыртысын жыр-
тып отырғанымыз жоқ, жалпы əлгіндей пікірлер сын өссін деген
қаламнан тумайтындығына назар аудару мақсатын көздеп отырмыз.
Ақындар мен сыншылардың бөлісе алмай жатқан балығы жоқ.
Мəселе, ортақ мүдде үшін – əдебиет мүддесі үшін тізе қосып,
ынтымақтаса адал қызмет істеуде болып отыр.
Венгер халқының ұлы ақыны Шандор Петефидің «Жаман
322
323
өлеңдерім туралы» деген бір өлеңінде: «Мен жаман өлеңді жа-
зайын деп жазбаймын, сыншыларға тілге тиек етер сөз болсын,
жұмыс болсын деп жазамын», – деген əзілі болушы еді. Мен біздің
ақындарымызға ылғи ғана бір өңкей жақсы өлең жазып, сыншылар
байланысатын ештеңе қалдырмай мысын құртыңдар, сөйтіп олар-
ды ұнамды мағынасында «жұмыссыз» қалдырыңдар дер едім. Егер
ақындарымыз ылғи мінсіз өлеңдер жазса, мұндай «жұмыссыздыққа»
сыншы атаулы түгел қуанар еді.
Біз жоғарыда əдеби сын бар дедік. Əрине, бұл біздің сапы-
мызда кем-кетік жоқ деген сөз емес. Сын мəдениетіміздегі ең бас-
ты кемшілік – теориялық тереңдіктің аздығы, логикалық дəлелдің
осалдығы. Ұлы сыншы В. Г. Белинский Гогольге жазған атақты ха-
тында орыс халқы жөніндегі жазушының теріс топшылауларын аяу-
сыз сынай отырып, өзінің ой қорытындыларын ұсынғанда, менің
пікірлерімді не өзіңіз, не заманыңыз жоққа шығарып көріңдерші деп,
жазушыны ашықтан ашық пікір сайысына, жекпе-жекке шақырды.
Ал жазушы сыншыдан кезегін алмақ боп екі рет жиналғанда айтар
дəлелі болмай, ақырында «бəлки, мен орыс өмірінің шындығын жете
білмейтін шығармын» деп, мойындап хат жазуға мəжбүр болғаны
мəлім. Өйткені, ұлы сыншының логикалық ой-жүйесінің тереңдігі,
аргументтерінің беріктігі жазушының бұлтаруына мүмкіндік
қалдырмай шегелеп, буып тастаған еді.
Міне, біздің көптеген сын мақалаларымызда айтатын пікір-
леріміздің дəлелдері жетіспейді, логикалық соқталы ой қорытын-
дыларымыз аз болады. Талдауларымыздың көпшінігі шығарманың
түп-төркініне терең бойламай, қалқи соғып, сипай қамшылап жа-
тады. Сар желістен гөрі желе-шоқырақ көп. Сондықтан да белгілі
бір шығарманы тартқыға түскен терідей бір сыншы бір пұшпағынан
əрі тартса, екіншіміз келесі пұшпағынан бері сүйреп жатамыз.
Жазушының сынға деген кейбір өкпе-назы кейде осындайдан барып
туады.
Асылында, сыншы белгілі бір жазушының еңбегіне аппонент
болып қана қоймай, сол шығарманың ұтымды, ұтымсыз жақтарын
автормен бөлісіп отыруға тиіс. Шығармаға өз бағасын берумен ғана
шектеліп, оның тағдырынан бейтарап қалатын сын əдебиетіміздің
ошағына тас бола алмайды. Сынның міндеті шығармада барды ғана
арифметикалық есепке алып, тіркеуші болып отыру емес.
Сыншы автордың ой қорытындыларын өмір фактілерімен салыс-
тыра отырып, оның шетін ғана шығарып, айтпай кеткен пікірлерін
тереңдетуге, дамытып отыруған тиіс. Міне, бізде дəл осындай шын
мəніндегі творчестволық сыйпаты бар сындарлы сын жетіспейді.
Біздің сынымызда ылғи өкінішпен айтылатын бір жағдай
– жалтақтық пен жарамсақтық. Адамға тəн мінез-қасиеттердің
ішіндегі ең жеркенішті жексұрыны болып табылатын осы бір ауру
біздің əдеби сынымызда қанша айтылса да, қалмай келеді. Əрине
жалтақтық та, жарамсақтық та сыншының өзінен атақ дəрежесі
жоғары тұрған лауазымды ақын-жазушылар алдында болатындығы
айтпай-ақ түсінікті. Кейбір жас қаламгердің түймедей мінінің өзін
түйедей етуге əзір тұратын сыншы лауазымды жазушының түйедей
мінін айтуға келгенде табаны тасқа тиген тағасыз жылқыдай кібір-
тіктеп сала береді. Айтайын дегенінің əр жерден бір төбесін ғана
қылтитып, о тұс, бұ тұстан бір оспақтап, жаяу борасыңдатып қана
өте шығады. Əуелгі бір сəтті де жақсы шығармасымен аты шығып,
бір танылып қалған жазушыны кейін не жазса да, талғаусыз жабыла
мақтап, түшкіріп қалса, «жарекім алламыз» дайын тұрады. Жəне не
пəлеміз барын кім білсін, мақтауға, эпитет қолдануға келгенде, сын-
шы атаулы бітпес бір бəсекеге түскендей-ақ, бірінен-бірі асыруға
тырысып, арпалысады да, ақырында əбден сілесі құрып, шаршап-
шалдығып барып азар тоқтайды. Осы қошеметшіл қолпаш сынды,
мөлшерсіз, межесіз мақтау-мадақты осындайдан құлағы сарсып
əбден мезі болған лауазымды ақын-жазушыларымыздың педагогтік,
ұстаздық тактысы жетіп өздері «қойыңдар» деп жатпаса, əй қайдам,
сыншылар қауымы өздігінен қоя алар ма екен дегендей де ой келеді
кейде.
Ал енді оның есесіне, əдебиетке алғашқы бірер шығармасында
егіз аяңмен келген кейбіреуге, кейін тəп-тəуір соқталы шығарма
жазса да, «қолда өскен түйенің тайлақ аты қалмас» дегенге бағып,
оқымай жатып-ақ «е, соны қойшы, не қиратты дейсің» деп қол сілтей
қарайтынымыз да бар. Тіпті, редакциядағы кейбір қызметкерлердің
де жастау бір жазушының көлдей романы туралы екі етек мақала
жазсаң, көзі атыздай боп шошынып, ал атышулы жазушының шағын
əңгімесіне алты етек жазсаң да азырқанып қарайтыны жасырын
сыр емес. Асылында, сыншының да, редакцияның да алдында ең
алдымен автор (дəлірек айтқанда оның лауазым, дəрежесі) тұрмай,
талқыға түсетін нақтылы шығарманың өзі тұрғаны абзал ғой.
Əдебиетке тұрақты кадр боламын деп келген қандай жазушы бол-
са да, əдебиет сынынан «осы менің нем бар, нем жоқ, қай деңгейде
жүрмін, болашағым бар ма?» – деген сұрауларға жауап күтуге право-
324
325
лы. Демек, бірде-бір жазушының жазған жаңа туындысы сын наза-
рынан тыс қалмауға тиіс. Əдебиеттің өсіп келе жатқан əр бұтағына
зер сала қарап, ол бұтақтың кінарат шалған жері болса, дер шағында
емдеп жазып, сау бүршігін мəпелеп, баулып, бой салдыра өсіру,
яғни, оның «жақсысын асырмай, жаманын жасырмай» айтып отыру
– сынның тікелей міндеті.
Жас талантқа қатаң талап қоя да білу қажет, керек жағдайда
арқасынан қағып, маңдайынан сипай да білу қажет. Қазақстан
жазушыларының III съезінде сөйлеген сөзінде заманымыздың ұлы
жазушысы М. А. Шолохов бұл жағдайды əсерлі де əсем бейнелеп
отырып айтып бергені баршамызға белгілі. Демек, «жақсы сөз – жа-
рым ырыс, жақсы лебіз жан семіртеді» деген халық нақылының
əсіресе жас қаламгерлер үшін маңызы ерекше.
Сонымен бірге біздің сынымыздың көркемдік жағы да кен-
же қалып келеді. Сын да əдебиеттік құбылыс болғандықтан, онда
тек мазмұн ғана емес, өзіне ылайық көркемдік те болуы шарт. Рас,
бұл жөнінен осы соңғы жылдарда сонау бір кездерде əбден мезі
қылған стандарттан қашу сияқты біраз ілгерілегендік, ізденгендік
бой көрсетті. Дегенмен көркемдік мəселесінде сынымыздың əлі де
тапқанынан гөрі іздейтіндері көп.
Сындағы тағы бір үлкен кінарат – əділет таразысынан таюшылық.
Белгілі бір шығармаға бір сыншы əу дегеннен шұқшия келіп, қазбалай
қарастырса, екінші біреу сол шығарманы мақтағанда сезім тізгінін
қаңтарып ұстау дегеннен мүлде айрылып қалады. Міне, осындай
безбен басын тең ұстамаудың салдарынан барып, үшкіргеннен
қалмайтын желұшық сияқты болмашы ғана қайшылықты əр та-
садан бір сілтеп, кезектесіп есе қайырып қалу арқылы шалғайға
шығарып алып, пікір жақындастыруды қолдан қиындатып жүретін
жағдайлар жиі кездеседі. Осыдан барып əдеби атмосфера бұзылады.
Сөйтіп, сын жазушылар арасында топ, жік деген сияқты жеркенішті
əдеттердің тууына құрық береді.
Əр жазушының өмірге өз көзқарасы бар. Түптеп келгенде, оның
өзіндік даралығын, өзіндік стиль өзгешелігін айқындайтын да сол.
Сол сияқты əр сыншының да шығармаға өз көзқарасы бар. Бірақ
сыншы шығармаға шынайы көзімен қарамай, алдын ала көздеген
мақсатпен көзілдірік арқылы қарайтын болса, онда шығарма жайын-
да ол жүрек сөзін айтпайды, киген көзілдірігінің бояуын ғана айта-
ды.
Жасыратыны жоқ, қазір қай жазушы туралы немесе қай шығарма
туралы кім жазса, не айтып, қалай жазатынын болжап, алдын ала
тон пішіп отыруға болады жəне сол болжамның өзі шындықтан көп
шалғай кетпей де жүр. Мұны жақсылыққа жору қиын.
Бұдан туатын қорытынды – біздің əдеби сынымыз топ, жік
дегендердің жетегінде кетпей, адалын, əділетін айтуға тиіс. Əділеттік
бүгінгі өміріміздің барлық саласында, еңбектің барлық түрінде əрбір
совет азаматы үшін ең қажетті қасиет. Ал əдебиет сыншысы үшін
бұл екі есе қажет. Əділет жолында тұрғанда ғана сын қалғып кеткен-
ді ояту, сүрініп кеткенді демеу, адасқанды дұрыс жолға салу сияқты
өз мүддесін мүлтіксіз атқаратын болады.
1964.
Достарыңызбен бөлісу: |