Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 26 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі



Pdf көрінісі
бет23/26
Дата17.01.2017
өлшемі0,95 Mb.
#2079
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

ЖАРИЯЛАНБАҒАН МАҚАЛАЛАР
ТОЛСТОЙ ЖƏНЕ ƏУЕЗОВ
Ұлы жазушымыз Мұхтар Əуезов орыс реализмінің дəстүрлері 
жайын сөз еткенде революциялық-азаттық қозғалыстармен тығыз 
байланысқан орыс халқының көркем творчествосының дара ерек-
шеліктері өмірді бейнелеудегі батыл жаңашылдық характерді 
ашудағы терең шыншылдық, жоғары идеялық ағартушылық пен 
халықтық сияқты сипаттарда жатқандығын атап көрсете келіп: «бұл 
дəстүрді бүкіл совет əдебиеті зор ұқыптылықпен бойына сіңіріп 
келеді», – деп жазған еді. Жоғарыда аталған қасиеттерді өз бойы-
на түгелдей сыйғызған байтақ та мол мұралардың бірі, һəм бірегейі 
– орыс топырағында өсіп шығып, өркен жайып, жұпар иісін əлем 
əдебиетіне себездеген данышпан, ұлы ойшыл Лев Толстой творчес-
твосы екені даусыз. Жалпы əлем əдебиетінде Толстой творчество-
сына тұшынбаған, оның ықпалын азды-көпті сезінбеген қалам иесі 
сирек болса керек.
Біздің қазақ топырағында Толстойды аударуға батылы жетіп 
қолына қалам алған тұңғыш жазушы Ыбырай Алтынсарин болу ке-
рек. Алтынсарин Толстойдың «Азбука» деп аталатын оқу құралынан 
балаларға арналған дидактикалық шағын-шағын төрт-бес əңгімесін 
қазақ тіліне еркін аударып (сюжетін пайдаланып) өзінің «Қырғыз 
хрестоматиясы», «Мəктубат» кітаптарына енгізді. Дəл осындай хал 
кейін Спандияр Көбеев басында болды.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Лев Толстойды интернатта 
оқып жүрген қазақ жастарына үлгі етіп ұсынғаны да баршамызға 
мəлім.
Қазақ-совет жазушыларының ішінде Толстой мұрасына ден 
қойғандардың алғашқы легінне Мұхтар Əуезов те болды. Ол сонау 
отызыншы жылдардың бас кезінде-ақ Толстойдың «Той тарқар», 
«Булька» атты əңгімілерін қазақ тіліне аударды. Атақты Ленинград 
университеттінде энциклопедиялық дəрежеде білім алған ғұлама 
жазушы Мұхтар Толстой сияқты сом тұлға, ірі суреткердің мұрасына 
аншейін бара салған жоқ, оқу үйрену мектебі санағандықтан саналы 
түрде барғандығы хақ. Əдебиетші Евгения Книповичтің естелігіне 
жүгінсек, Лениндік сыйлық жөніндегі комиссияның мəжілісінде 
М. Шолоховтың «Адам тағдыры» əңгімесі талқыланған кезде 
сөйлеген сөзінде М. Əуезов прозасының шағын жанрына айрықша 
мəн бере отырып, «Лев Толстойдың творчествосын алайықшы, оған 
осындай сыйлықты тек «Соғыс жəне бейбітшілік» үшін ғана емес
«Қожасы мен малайы», «Той тарқар» атты əңгімелері үшін де беруге 
əбден болады емес пе?» – деген екен. Толстой мұрасына деген Əуезов 
көзқарасының біраз сырлары осыдан-ақ айқын аңғарылғандай.
Қазақ əдебиет зерттеушілері мен сыншыларының көпшілігі-ақ 
Толстойды М. Əуезовтің əдеби ұстаздарының бірі деп санайды. Тек 
қазақ əдебиетшілері ғана емес, тіпті, басқа халықтың кейбір зерт-
теуші, сыншылары да осындай пікірді қуаттайды. Мысалы, «Абай 
жолы» эпопеясын өз тілінде оқыған француз сыншысы М. Лалу: 
«Əуезов романына мен социалистік реализм əдісімен жазылғандығы 
үшін ғана емес, жазушының асқан зор таланты үшін көбірек 
толғандым. «Тынық Донның» авторы Шолохов секілді ол да Толстой 
мұрагерлерінің бірі боп саналуға тиіс» деп жазды. Əрине, орыстың 
ұлы ойшылы, данышпан жазушы Толстойдың жазу мəнерінен 
қазақ жазушысы Əуезов нені қабылдап, нені қойғанын стиль ере-
кшелігінен нені үйренгендігін айту – өз алдына арнайы терең зерт-
теуді, сарыла отырып тер төгуді қажет ететін аса күрделі тақырып, 
жауапкершілігі мол жұмыс. Солай бола тұрса да, əдебиет зерттеу-
шілері мен сыншыларының жоғарыдағыдай тұжырымға келуінде 
де негіз жоқ емес сияқты. Мұхтар Əуезовтің өзіміз революцияға 
дейінгі қазақ халқының жарты ғасырлық тарихы, көркем энцик-
лопедиясы деп атап жүрген «Абай жолы» эпопеясы мұндай атаққа 
көлемі төрт том болып жазылғандығы үшін емес, халық өмірінің 
небір қат-қабат қыртыстарын сан-сала бұрылыстары мен иін-иірім-
дерін тың қопарғандай аударып, ақтара көрсеткендігі үшін, оның 
материалдық жағдайы мен рухани игіліктерін жарқырата ашып 
бергені үшін, ұлттық сана-сезімнің есею, даму процесін логикалық 
дəлелі мен байсалды суреттеп, айқын картина жасап бергендігі үшін 
ие болғандығы мəлім. Міне, дəл осы үшін де М. Əуезов кейінірек-
те не бір кінəмшіл, талғампаз оқырманды ғана емес, тіпті, бір кез-
де мұрнын шүйіре қарайтын «батыс цивилизациясы» деп атала-
тын тəкаббар əлемнің өзін таңғалдырып, талантына табындырды. 
Жалпы эпопея деп қандай шығарма аталуға лайық деген мəселеге 
өз кезінде Гегель: «Барлық шыққаны елден ерекшеленіп, бізге 
семьялық өмірдің өнегелік, əдет-ғұрыптық негіздеріндегі, соғыс пен 
бейбітшілік халімнің қоғамдық жай-жағдаяттарындағы, оның қам-

356
357
қаракеттіктеріндегі, өнерлеріндегі жол-жоралғы, салтымдағы ынта-
ықылас. мақсат-мүдделіріндегі ұлттық рухтың картинасын, жалпы 
ақыл-ой, сананың бар болмыс дарежесі мен хал-ахуалының бейнесін 
береді», – деп жазған болатын.
Əрине, орыстың өткен əдебиетінен осындай эпопеялық дəрежеге 
Лев Толстойдың «Соғыс жəне бейбітшілік» романы, кейін Горькийдің 
«Клим Сасгиннің өмірі». М. Шолоховтың «Тынық Доны», А. Толс-
тойдың «Азап сонары» мен «I Петрь» романдары көтерілген бол-
са, қазақ-совет əдебиетінде М. Əуезовтің «Абай жолы» да дəл сон-
дай шығармалар қатарына қосылды. Өйткені, бұл романда қандай 
жіті көзбен қарағанда да өткен ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ өмірінде тарихи мəні бар шешуші құбылыстарынан көзге 
түспей қалтарыста қалған дүние шамалы-ау деп топшылаймыз. 
Өмір сүрген заманы, қоғамдық жағдайлары бөлек екі суреткер-
ді, «Соғыс жəне бейбітшілік» пен «Абай жолы» эпопеяларының 
авторларын жақындастыратын, табыстыратын ерекшеліктер 
– халық өмірін, ел өмірін барынша мол қарпуы, қоғамдық жай-
жағдаяттарды қамтудағы əлеуметтік тынысының кендігі, кейіпкер-
лер (əсіресе, бас кейіпкер) характерлерінің қалыптасуын ұлттық 
тарихи панорамада алып, жан-жақты суреттеуі жəне осының 
бəрін айқын, қанық бояумен безендіріп көркем бейнелеуі. Де-
мек, Толстойдың М. Əуезов творчествосына игі ықпалы, қазақ 
жазушысының орыстың реалистік мектебінен оның ішінде Толс-
тойдың суреткерлік, көркемдік, əдемілік академнясынан үйренуі, 
оқу-тоқуы жайындағы зерттеу-ізденістер осы мəселелердің 
төңірегінде болғаны абзал.
Абай жайында төрт томдық эпопея жазу үстінде жəне ұлы ақынның 
творчествосына талдау жасаған ғылыми зерттеу еңбектерін жазу 
тұсында Мұхтар Əуезов ұлы көсеміміз В. И. Лениннің Толстой тура-
лы жазған данышандық еңбектеріне сан рет үңілгендігі байқалады. 
Бұған оның музей-үйіндегі өз кітапханасында сақтаулы тұрған Ле-
нин шығармаларының ІV басылымындағы Толстой жайындағы 
мақалаларды астын сызып отырып оқығандығы, кей тұстарға белгі 
қойғандығы, ал Толстой ілімі мен көзқарастарындағы қайшылықтар 
мен оларды туғызушы тарихи-қоғамдық жай-жағдаяттарды талдаған 
тұстарына Əуезовтің өз қолымен «Абай да солай» деп қызыл 
қарындашпен жазғаны (15-том, 183-бетте) дəлел.
В. И. Ленин «Л. Н. Толстой жəне қазіргі жұмысшы қозғалысы» 
деген еңбегінде Толстой өзінің туысы мен тəрбиесі жағынан Рос-
сиядағы помещиктердің ең жоғары аксүйек тобына жататындығын, 
сөйте тұра ол өзінің ілімінде өз ортасының барлық үйреншікті 
көзқарастарынан бас тартып, қол үзгендігін, сөйтіп ең соңғы 
шығармаларында сол кездің қалың бұқараны қанауға негізделген 
барлық мемлекеттік шіркеудің, қоғамдық, экономнкалық тəртіптерін 
сынап, барынша шүйліккенін атап көрсетсе, «Лев Толстой – орыс 
революциясының айнасы» деп аталатын еңбегінде жазушының 
көзқарастары мен іліміндегі қайшылықтар қоғамдық даму 
заңдылықтарын толық ажырата алмаған осындай екіудай жағдайдан 
туған қайшылықтар екенін талдап отырып түсіндірді.
Мұхтар Əуезов өткен ғасырдағы қазақ қоғамының даму 
жағдайында Абай басынан Толстойға көп ұқсастық, ортақ туыстық 
тапты. Абай да аталы ақсүйек, алпауыт тұқымынан шықты, алайда, 
өзінің көзқарасында ол да өз ортасынан безініп шықты. Ол да Тол-
стой сияқты таптық күрес идеясынан алыс болды. Сондықтан ол да 
дəл Толстой басында болған кайшылықтарға ұрынды. М. Əуезовтің 
кітап шетіне жазған «Абай да солай» деген екі сөзінде осындай 
дүйім дүние, сан-сала пікір жатса керек. Тарихта – Толстой Калуга 
төңірегінде болған аштықта арнайы комиссия кұрып, ашаршылыққа 
ұшыраған шаруаларға жəрдем ұйымдастырса, романда Абай қатал 
қыста жұтқа ұшыраған ауылдарға, қазақ кедейлерінің мал-жанына өз 
ауылынан пана беріп, жұттан аман шығарудың қамын жасайды. Де-
мек, өзінің тамаша эпопеясының кейбір тарауларының оқиға желісін 
өрбітуде Мұхтар Əуезов бастапқы серпінді осындай жайларға бай-
ланысты тапқандығы, ұлы ақынның шынайы образын жасауда Тол-
стой творчествосы мен оның ілімін, көзқарасына берген Лениндік 
бағаны басшылыққа алғандығы аңғарылады.
«Қазақ əдебиеті», 8.09.1978 ж.

358
359
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ
ХАЛЫҚТАР ДОСТЫҒЫ
Ақынның қайтыс болғанына 50 жыл толуы қарсаңында
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармаларының игі 
дəстүрі сөз болғанда, оны қазақ өлеңдерінің жасалу техникасына 
Абай енгізген жаңа формалар мен синтаксистік сөйлем құрылыс-
тарының, сөз қолданыстардың тұрғысынан ғана танып қою аздық 
етеді. Абай мұрасының тамаша дəстүрлерінің бірін оның қазақ 
халқын ұлы орыс халқымен, сондай-ақ басқа да туысқан халықтар-
мен достыққа, мəдени қарым-қатынас жасауға шақырған тамаша 
прогресшіл идеясынан іздеу қажет. Бүгінгі ұрпаққа Абай қадірін арт-
тырып, ақын атын ардақтатып отырған да – оның осындай достықты 
үгіттеуі, сол жолда тынбай істеген творчестволық еңбегі болса керек.
Қазақ халқын ұлы орыс халқымен жəне басқа да туысқан 
халықтармен достыққа шақыру – Абай творчествосының прогрес-
шілдік сипатын белгілейтін ең негізгі, басты тақырыптың бірі. Абай 
шығармаларында тамаша интернационалистік пікірлер бар. Əрине, 
бұдан Абай барлық елдердің еңбекшілерін күреске шақырды деген 
ұғым тумайды. Абай барлық елдердің еңбекшілерін емес, тіпті, қазақ 
еңбекшілерінің өзін де күреске шақыра алмады. Бұл Абайдың бүкіл 
творчествосындағы, қоғамдық əлеуметтік пікірлері мен идеясындағы 
шектелушілік еді.
Абай өзінің көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде қоғамдық 
дамудан кенжелеп қалған қазақ халқын озық елдердің өнерінен, 
мəдениетінен, ғылымы мен білімінен үйренуге үтіттеді. Оның ең 
алдымен үлгі етіп уғынғаны да, өзіне ұстаз тұтып оқып, үйренген 
мектебі де орыс жұрты, орыс халқының прогресшіл мəдениеті бол-
ды. Ақынның сол кездегі тайынсыз, харекетсіз, «елең еткенмен өмір 
оздыруға құмар қазақ жастарына орыстың ұлы жазушылары Салты-
ков пен Толстойдан үлгі алуға шақыруы да сондықтан болатын.
Ақын орыс тілі мен орыс мəдениеті арқылы қазақ халқын 
бүкіл адамзаттық мəдениетке жетуге, сөйтіп өнерлі жұртты 
мəдениетті халықтың қатарына қосылуға талпындырмақ болды. 
Орыс тілін үйрену мақсатын ақынның өз көңіліндегідей танып ал-
май теріс түсініп, я тілді білуді патшаға қызмет етіп, «шен-шекпен 
киюдің» қарызындай танып жүрген кейбір қазақ жастарына Абай 
орыс ғылымын оқып, үйренудегі дұрыс мақсатты айқын ашып, 
түсіндірді. 
Пайда ойлама, ар ойла, 
Талап қыл артық білуге. 
Артық ғылым кітапта, 
Ерінбей оқып көруге. 
Военный қызмет іздеме 
Оқалы киім киюге. 
Қызмет қылма оязға, 
Жанбай жатып сөнуге, – деп жазды Абай.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына орыс халқының 
тұрмыс салтының шындап араласа бастауы орыс мəдениетіне бой 
ұруды тудырмай қойған жоқ, қазақ жастарының алғашқы буыны 
ғылым мен мəдениетке ұмтылды. Міне, Абай идеясы да қоғамдық 
дамудың осындай тынысынан келіп туған еді. Өйткені, қашан да 
болсын ақынды халық пен өмір сүрген заманы тудырады.
Абайдың өмір сүрген заманы, сонымен бірге, қазақ даласында 
ислам дінінің де əрекеті күйген кез еді. Ислам діні фанатиктерінің 
ең зиянды жəне ең қауіпті əрекеті – олардың қазақ халқын ұлы орыс 
халқының мəдениетінен алыстатқысы, сөйтіп, реакцияшыл шатыс-
тың кертартпа мəдениетіне қарай бейімдегісі келген еді. Олар 
өздіерінің бұл зұлымдық пікірлерін діни қабыршақтармен бүркеме-
леп отырды, орыс халқын басқа діннің адамдары бодтандықтан, 
мұсылман емес, жаттар деп түсіндірді. Ислам дінінің бұл зыянды 
əрекетін патша үкіметі өз мақсаттары үшін барынша қуаттады. Патша 
үкіметі Россияның шет аймақтарындағы халықтарды орыс халқының 
мəдениетінен жырақ ұстағысы келді. Өйткені, патша үкіметі арт-
та қалған қараңғы ұлттардың еңбекшілеріне орыс еңбекшілерінің 
көрсететін күрес үлгісінен беретін өнегесінен мейлінше қорықты. 
Ал, ислам дінінің əлгіндей үріті патша самодержавиесінің ұлт 
араздығын қоздыру отына май құйды.
Əрине, қазақ халқының орыс халқына, оның озат мəдениетіне 
ұмтылуын патша үкіметінің реакцияшыл саясаты да, сондай-ақ ис-
лам дінінің үгіті де тоқтата жаздады. Алайда қоғамның анағұрлым 
артта қалған бөлігінің ішінде, діннің айтқанына көзсіз еріп, «орыс» 
деген сөзге тосырқап, үрке қарайтын адамдар болған жоқ деп айту 
қиын. Өйткені əрбір қоғамда үстем идеология – сол қоғамдағы үстем 
таптың идеологиясы. Ал, үстем идеология өз үстемдігін сездірмей, 
қоғамдық пікірге əсерін тигізбей отыра алмайды.
Орыстың революционер демократ сыншысы Добролюбов осын-
дай жағдайларды ескеріп, «бір сыпыра шет аймақтардағы ұлттар 

360
361
орыстарға сенімсіздікпен қарайды, ал, бұған кінəлі орыс халқы емес, 
патша самодержавиесі деген болатьын.
Міне, Абай қазақ қоғамындағы артта қалған пікірлерге орыс 
халқының мəдениетіне жакындасуға бөгет жасайтын зиянды үгітке 
қарсы күресті. Сөзге құлақ бермей, жамандық болса «орысқа» ауда-
ра салатын надандықты аяусыз əшкереледі. «Интернатта оқып жүр» 
деген өлеңінде:
«Орыс теріс айтпайды,
Жалған бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар,
Қк менен сұм болдырды
Орыста қалар жаласы», – деді ұлы ақын.
«Қаны бұзықтардың» кеселді пікірлерін əшкерелей отырып, 
Абай Россияның прогресшіл мəдениетіне жету қазақ халқының шы-
найы арманы екенін түсіндіреді. Сондықтан да ол ескіліктен, ислам 
дінінің кертарпашылығынан қол үзу керек деп тапты. «Орысша оқу 
керек, қызмет те, мал да, өнер де, ғылымда – «бəрі орыста тұр. Зала-
лынан қашық болу, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымнын 
білмек керек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді, мұндай бол-
ды. Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады... орыстың ғылым, 
өнері – дүниіенің кілті, оны білгенше дүние арзанырақ түседі... ту-
расын ойлағанда балаңа қатын əперме, енші берме, барыңды салсаң 
да балаңа орыстың ғылымын үйрет», – деді Абай. 
Ұлы ақын кейбір қазақтың бір халықты «сарт», бір халықты 
«ноғай» т.б. деп менсінбей қараған теріс пікірлерін де əшкерелеп, 
ол халықтардың өнері қазақтан əлдеқайда артық, сондықтан олардан 
үйрену керек деп үйретті, озық елден үйреніп, оған жақындасқанның 
пайдасын түсіндірді. Бұл халықтар өтірік пен өсек қумай, шаруа 
қуып, өнер тапқан халықтар деді.
Басқа халықтардан, əсресе орыс халқынан үйреніп, оған жақын 
болуды мұсылманшылықтың кешпес күнəсындай етіп түсіндіретін 
реакцияшыл діни көзқарасты батыл əшкерелеу – Абай заманы үшін 
бұл, сөз жоқ, интернационалистік пікір. Өйткені Абай заманында 
қазақ қоғамында бұдан озған пікір айтқан ешкім болған жоқ. Абай 
қазақ халқының болашағы ұлы орыс халқымен достықта, мэдени 
қарым-қатынас жасауда екенін өз кезінде өзгеден артық түсінді. 
Абай қазақ халқын орыс халқымен, сондай-ақ, басқа да туысқан 
халықтармен достыққа шақыра отырып, өзі де сол жолда аянбай 
қызмет істеді. Абайдың орыс əдебиеті үлгілерінен жасаған аударма-
сы да осыны дəлелдейді. Ақын орыс халқының бай əдеби мұрасын 
қазақ халқына өз ана тілінде таныстыру мақсатын көздеді.
Ертеме, кеш пе орыс халқының мəдениеті бүкіл Россия 
халықтарына ортақ мəдениет болатынын, сол кезде «дауысым 
бүкіл Россияға тарайды» деп, болашаққа үлкен үміт артқан даныш-
пан Пушкиннің «Ескерткішін», сол сияқты ұлы революционор 
демократтардың Россияның болашағы жөнінде орыс халқының 
шет аймақтар үшін атқаратын ролі жөнінде айтқап пікірлерін оқып-
білген Абайдай ұлы ақынның халықтарды достыққа, білімділікке, 
ынтымаққа шақыруы əбден заңды да жағдай ғой.
Алайда Абай көзі тірісінде көңіліндегісін көре алмай кет-
ті. Ақынның шынайы арманы тек советтік заманда ғана жүзеге 
асып отыр. Қазір қазақ халқы туысқан орыс халқының толық 
қамқорлығының арқасында ССРО-ның барлық халықтарымен дос, 
терезесі тең ел болып, социалистік мəдениетке өз үлесін қосуда.
«Лениншіл жас», 30.06.1954 ж.

362
363
АБАЙ ШƏКІРТТЕРІ ДЕГЕНДЕР КІМДЕР?
Абайдың əдеби мектебі туралы мəселені талқылаймыз
Қазақтың классикалық əдебиетінің нұсқасын алғаш ұсынған 
Абайдың даналығы кезінде əдебиеттегі жақсы дəстүрге, жаңалыққа 
тұңғыш із жасауында ғана емес, кейінгі ұрпаққа ескірместей тама-
ша əдеби мұра қалдырған ақындық үлгісінде. Шынында, Абайды 
қазақтың классик ақыны деп бағалауға мүмкіндік берген жағдай 
оның өз шəкірттерін таба алуында, атап айтқанда, дана ақыннан 
творчестволық жолмен үйренуші белгілі əдеби топтың болуында.
Абайдың ақындық мектебі бұл уақытқа дейін ғылми тұрғыдан 
дұрыс зерттелмей, тіпті кей жағдайда, Абайдың əдебиеттегі дəстүріне 
қарсы бағытта шығармалар жазған Көкбай сияқты ақындар Абайдың 
шəкірттері деп танылып келді. Профессор М. Əуезов 1934 жылы 
«Əдебиет майданы» журналының №11-12 сандарында басылған 
«Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында Абайдың ақын 
шəкірттері деп төрт адамды атайды. Олар: Ақылбай, Мағауия – 
Абайдың өз балалары жəне Көкбай мен Шəкəрім.
Əдеби мектеп ақынның түр тақырыбын ғана емес, алдымен пікірі 
мен идеясын дамытушы мектеп болуға тиіс. Əдеби мектептің өкілі 
сол басшы ақынның идеясын дамытушы, қателігін түзей өсуші адам 
болуы керек.
Марксизм-ленинизм классиктері белгілі бір топтық саяси 
ағымның ортақ белгісін олардың түр (форма) тақырыбынан емес, 
идея, пікір бірлестіктерінен іздеудің қажеттігін əрқашан үйретіп 
отырды. В.И. Ленин 1908 жылы марксизм ғылымын сынамақшы 
болып əуреленген Богданов, Базаров, Юшкевич, Валантиновтарды 
«өңін айналдырған махшылдар» деп бағалап, ал, Мах пен Авенари-
усті Кант арқылы Юм мен Берклидің тобына қосып баға бергенде 
олардың негізгі идеяларының бірлестігін ескергендігі белгілі. Əр 
кезде өмір сүрген, араларында уақыт алшақтығы бар бұл топтардың 
бір-бірінен формалық жағынан əдейі бүркемеленген болса да 
айырмашылықтары бар еді. Бірақ негізгі пікір бірлестіктеріне қарап, 
В.И. Ленин бұларды Юм мен Берклидің тобына қосып баға берді. 
Сол сияқты XIX ғасырда орыс музыкасында əр жанрда жазған бір-
неше композиторлардың шығармаларын бір «қуатты топқа», бір 
мектепке біріктіргенде, олардың мазмұн пікір бірлестіктері, яғни» 
музыканың халықтық бағытта туғандығы еді.
Əдеби мектеп деген мəселені осы тұрғыдан қарасақ, М. Əуезов 
Абай шəкірттері деп санаған ақындардың көпшілігі бұл сынды көтера 
алмайтындығы даусыз. Өйткені, Абай творчествосында бар мазмұн, 
идея, пікір ұшығын ол ақындардың шығармаларынан таба қою өте 
қиын. Əр мазмұнның өзіне лайықты формасы болады. Сондықтан 
мазмұны түрліше, екі түрлі идеяны сарындайтын творчествоның 
формаларында да ешбір бірлестік жоқ деген сөз болып табылады.
Мағауия поэмаларында ұшырасатын Байронның, Пушкиннің, 
Лермонтовтың романтикалық поэмаларының əсерін автордың 
өзін қызықтырған жақсы шығармаға сырттай еліктеуден туған деп 
қарауға болады. Мағауия творчествосындағы ауызға аларлықтай нəр 
де осындай романтикалық сарындағы сюжетті поэма жазуында.
Абай «шəкірттері» жазған поэмалардың қайсысын алып 
қарасаңыз да, қазақ əдебиетінде əріден келе жатқан лиро-эпос 
жырларының өлең ұйқасынан, сөз қолданыстарынан, буын, бунақ 
санынан ешбір өзгешелігі жоқ кейін аңғару қыйын емес. Қазақ поэ-
зиясына Абай енгізген жаңалықтарды бұл поэмалардан көрмейсіз. 
Ал, мазмұны жағынан Абай творчествосынан алшақ жатқаны та-
лассыз нəрсе. Абай творчествосының негізгі идеясы, оның халықты 
ағарту, оқу ісіне, мəдениетке үндеуі, адамгершілікке шақыруында. 
Абай шəкірттері делініп жүрген кейбір ақындардың творчество-
сында мұндай идеяны жырлау деген мəселе атымен жоқ деуге бо-
лады. Абай шəкірті саналатын Көкбай «Абылай – Кенесары» атты 
поэмасында қазақ-кырғыз халқының қас жауы болған сұлтан Кене-
сары Қасымовтың монархиялық қозғалысын, оның ел тонаушылық 
əрекетін дəріптейді. Поэмада ақын Кенесары мен Наурызбайдың 
бейбіт отырған орыс қаласына шабуыл жасап, тұрғылықты халық-
тардың қанын судай шашып, орыс шаруаларын Қоқан хандығына 
зат есебінде сыйға тартқан айуандығына ризалық білдіріп, «солар-
ды əне болар көкжал десе!» деп сүйінеді. «Бұл поэманын сюжетін 
Көкбайға Абай əңгімелеп берген еді» дейді, Əуезов жолдас өзінің 
жоғарыда аталған макаласында.
Өз өмірінде орыс адамдарымен достасып, орыстың прогресшіл 
ойшылдарының шығармаларын оқып, екі халықтың берік достығын 
мақсат етіп, қазақ халқын орыс мəдениетіне шақырған Абайдың 
Көкбайға орыс халқымен достыққа қарсы бағытта шығарма жазды-
руы шындыққа жанасымсыз пікір.
Сол сияқты Ақылбайдың «Қисса Жүсіп» поэмасында да үстем 
таптың жеңілуі халықтың күресінен болмайды, зəбір көрушінің 
қарғысынан туады деген мистикалық пікір уағыздалады.

364
365
«Мағауия «Шамиль» поэмасында Шамиль жайын – патшаға 
қарсы «Кавказ көтерілісшілерінің даңқты қолбасшысының жайын 
жырлады», – деп жазады мұнан кейін М. Əуезов 1945 жылы Мос-
квада орыс тілінде басылған Абайдың «Таңдамалы шығармалар» 
жинағына жазған алғысөзінде, бұдан əрі автор: «Абайдың тапсы-
руымен жəне оның тікелей қатысуы бойынша Көкбай белгілі Кене-
сары туралы, оның патшаға қарсы көп жылдарға созылған құралды 
көтерілісі туралы тарихи поэма жазды», – деп (18-бет) Кенесары 
сияқты халыққа қарсы күрес жүргізген феодалдық-монархиялық 
қозғалыстың басшысын – халықтың қас дұшпанын бір жақтаса, 
екіншіден олар туралы оқушыға теріс ұғым беретін поэма жазған 
авторларды дəріптейді.
Бұдан басқа Мағауия «Еңлік-Кебек» позмасын жазып еді деген 
пікір де дəлелсіз. М. Əуезов: «Мағауия Кеңгірбайдың «Қабекең» де-
ген атын Қабан деген сөзден шығарған екен. Оның өткенге қатты 
тиіскенін жақтырмай, (Абай – Б. С.) бұл өлеңнің жарыққа шықпауын 
дұрыстайды», – деп жазады («Əдебиет майданы» 1934 жыл, №Ц– 
12, 20-бет).
Екі жастың өміріне қастық жасаған қатал атаға оның ұрпағы 
айтқан əділ сөзге атаның ұлы болмай, адамның ұлы болуды үгіттеген 
Абай қарсы болды деу – Абайды əділетсіздіктің жағында болды де-
генмен бірдей болып шығады. Шынында, көпшілікке мəлім «Еңлік 
– Кебек» жырының авторы Совет өкіметіне қарсы күрескен Шəкəрім 
екендігі де айтылып жүр.
Профессор М. Əуезов 1940 жылы басылып шыққан Абайдың 
«Толық жыйнағына» жазған мақаласында да Абайдың ақындық 
мектебі туралы алғашқы əлсіз, ғылми теріс пікірлерін қапталайды. 
Абайдың əдеби мектебін, ақын шəкірттерін тануда 1933 жылдан 
бері қарай жүйелі түрде айналысып келе жатқан М. Əуезовтың қате 
пікірі бірсыпра əдебнет зерттеушілерінің бұл мəселеде теріс жолға 
түсуіне, қате жіберушілігіне мұрындық болып келді. Жиреншенің 
«Абай жəне оның орыс достары» деген еңбегінде Кенесары 
қозғалысын дəріптеп поэма жазған Көкбайды Абайдың шəкірті деп 
бағалап, оның идеясы жат шығармаларын жер-көкке сыйғызбай 
мақтайды. Қ. Мұхаметхановтың «Абайдың ақындық мектебі» де-
ген диссертациялық еңбегі – Абайдың əдеби мектебі туралы теріс 
түсінікті кеңірек тарататын, қате пікірлерге толы, саяси, ұстамсыз 
еңбек. Профеесор Қ. Жұмадиев Абай шəкірттері туралы мəселені 
сын көзбен қараған, орта мектептің IX класына арнап жазған «Қазақ 
əдебиеті» оқу құралына (1950 жылғы басылуы) енгізе салды. Абай 
шəкірттері деп саналып келген ақындардың творчествосына ғылми 
марксизм тұрғысынан талдап, баға беру керектігі ескерілмеді.
Шынында Ақылбай, Көкбай идеясы жат шығармалар жазған, ре-
акцияшыл ақындар еді. Тіпті кейінгі кезде, əсресе, осы тақырыпта 
болып жатқан пікірталастарда үстінде, кейбір əдебиетшілер 
бұл ақындарды Абайдың шəкірттері деп, ал, олардың жат идея-
лы шығармаларына Абайды ортақтастыру мақсатымен Абайдың 
қайшылығы деп қарағысы келеді. Бірақ, орыс халқымен достыққа 
қарсы болып, қайшылыққа ұрынудан Абай творчествосы таза. Сон-
да жоғарғы пікірді қуаттаушы жолдастар Ақылбай поэмасындағы 
мистикалық сарынды ғана Абайдың қайшылығына алып келе ала-
ды. Бірақ бұл да Ақылбай Абайдың əдеби мектебінен шыққан ақын 
шəкірті деп айтуға дəлел бола алмайды. Өнткені, аға ақынның 
поэзиядағы тың жолын дамытпай, қайта, кемшілігін ұлғайта түсушіні 
əдеби мектептің тізіміне қосуға болмайды. Олай болса Ақылбай, 
Көкбайларды Абайдың ақын шəкірттері деп тану – олардың Абай-
мен бірге жүріп, бір дастарқаннан тағам татқандарына қарап қана 
баға беру болып саналады. Ал, шындығында, қанмен туыспай, жан-
мен туысудың қажеттігін өзге емес, Абайдың сөзі нақыл сөздері мен 
өлеңдерінде талай рет айтқаны жұртшылығымызға белгілі. Ақындық 
мектепке меже боларлық тілде, істе, пікірде, идеяда бірлестіктің 
болуы өз творчестволарында бой көрсете алмаған Ақылбай мен 
Көкбайды Абайдың шəкірті еді деген пікір дəлелсіз, дəрменсіз бо-
лып табылады.
Абай шəкірттерін, оның творчествосынан түр жағынан да, жаңалық  
жағынан да оқып, үлгі алып, дана ақынды ұстаз тұтушыларды 
Абайдың өз төңірегінен ғана іздеу дұрыс емес. Абайдың əдеби мек-
тебін, оның поэзиядағы тамаша дəстүрі мен жаңалықтарын, про-
грессивті пікірлерін алға дамытушы топты дұрыс тауып, ғылыми 
тұрғыдан дұрыс бағалауымыз керек.
«Лениншіл жас», 15.06.1951 ж.

366
367

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет