§7. Қазіргі қазақ сөздерінің пайда болу, қолданылу және
мағынасының құбылу тарихына үңілсек, олардың бірқатары түркі-
монғол ортақтығына алып барса, енді бірсыпырасының түптөркіні
таза монғол тілдеріне барып тіреледі. Алдыңғы топ айтарлықтай
мол. Бұлар плеонастық қатар түзбейді, керісінше, әбден қалыптасып,
жымдасқан сөз тіркестерін құрайды не туынды сөз түбірі бо-
лып табылады. Мысалы, айылын жимау деген күрделі етістіктің
бірінші сыңары айыл монғол тілдерінде «үрей, қорқыныш» дегенді
білдіреді, демек, айылын жимау «үрейін, қорқынышын білдірмеу
(жимау)» деген мәндегі тіркес болып қалыптасқан. Бұл жердегі
«үрей» мағынасындағы айыл сөзін қазақтар монғолдардан алған
кірме сөз деп санауға болмайтын сияқты. Сірә, осы кітапта біз
талдаған тұралап қалу дегендегі тұралап, «жазу» мағынасындағы
сызу, құр атқа мінгендей дегендегі құр («өткен жылдан мінілмеген
тың») сияқты ондаған сөз – о бастан түркі мен монғол халықтары
тілдеріне ортақ дүниелер болса керек. Ол ортақтық қазіргі алта-
истика («алтай тілдері» теориясы) ғылымында орын алып келе
жатқан екі концепцияның (көзқарастың) қайсысы, яғни түркі-монғол
тілдерінің түп-тегі бір дегеннен (генетикалық жақындық теориясы-
нан) шығарыла ма, жоқ, әлде түркі, монғол тайпаларының ұзақ уақыт
бойы аралас-құраластығынан (типологиялық сәйкестік теориясынан)
шығарыла ма, ол − арнайы зерттеу объектісі, оны шешу біздің бұл
жұмыстағы міндетімізге енбейді.
Жүздеген сөздің көне түркі және монғол тілдерінде сәл фоне-
тикалық өзгешелігімен, бірақ бір мағынада кездесетінін білеміз.
Алтаистика саласындағы аса көрнекті поляк ғалымы В.Котвичтің
көрсетуі бойынша, монғол тілінің шамамен 25% лексикасы (сөздері),
50% морфологиялық элементтері түркі тілдерімен ортақ болып
келеді
3
.
3 Котвич В. Исследования по алтайским языкам. - М., 1962. - С. 351.
192
Ал біз бұл кітапта түркология мен монголистика атты ғылым
салаларында көптен бері айтылып, көрсетіліп келе жатқан ортақ
сөздерден гөрі (олар да бар), сөз тіркестерінде, сөздің морфемдік
құрамында кездесетін кейбір тұлғалардың төркінін монғол тілдерінен
тауып талдадық. Сонда түркі-монғолға ортақ болар деген сөздердің
де, сондай-ақ таза монғолдық болар деген сөздердің де бар екені
байқалды. Мысалы, «таза», одан ауысып «асыл, жақсы, игі», одан да
ауысып «киелі, әулие» мағыналарында ару/ ары/ариғ/аруғ/аруқ/ари-
ун сөзі көрсетілген тұлғаларда түркі тілдерінде де, монғол тілдерінде
де бар. Бұл сөзді таза түркілік не таза монғолдық деу қиын, өйткені,
біріншіден, бұл түбірден тілдердің екі тобында да көптеген туын-
ды сөздер жасалған, екіншіден, сөздің морфемдік құрылымында не
түркілік, не монғолдық ерекше белгілер жоқ, үшіншіден, ару сөзі көне
түркі, көне монғолдан бастап, орта ғасыр ескерткіштерінің тілінде
және кейбір қазіргі түркі тілдерінде сақталған. Осындай ортақ сөздер
деп біз бұдан басқа да «ой» мағынасындағы сана, «арықтау, жүдеу»
мағынасындағы тұралау, айылын жимау дегендегі айыл (монғолша
«үрей») сияқты сөздерді де топшыладық.
Әрине, бұл тұжырымымыз үзілді-кесілді дей алмаймыз. Мүмкін,
бұлардың бірқатары кірме сөз болуы, оны әрі қарай зерттеушілер,
әсіресе, алтай теориясымен шұғылданушылар нақтылайды деп ой-
лаймыз. Біздің бұл жердегі көздегеніміз – өзгелерге ой салу және
ортақ элементтерді іздестіру көздерін көрсету болды. Мысалы,
мұндай ортақтықты бірқатар сөздің өзге сөздермен тіркесу қабілетіне
қарай айыруға болады. Айталық, тас қараңғы, тас түйін, тас
жетім, тас керең, тас төбе (тас төбеден қойып қалды), тас қып
байлау, тас тағандау дегендердегі тас сөзінің мағынасы тау-тас,
кесек тас дегендерде келетін тас сөзіне еш қатысы жоқ. Бұл тас
сөзі – монғол тілінде «мүлде, тым, әбден» деген мағынаны беретін
сөз, бірақ қазақ тілінде ол сындық, үстеулік, шылаулық қызмет
атқарып, кез келген сөзбен емес, кейбір сөздермен ғана тұрақты
тіркес жасайды, мағынасы монғол тілдеріндегідей. Демек, оның
бұл мағынасы өте ертеде түркі тілдерінде де болып, кейін оны өзге
сөздер алмастырған да тас сөзі «мүлдем, тым, әбден, нағыз, нақ» де-
ген мағыналарда тек тіркес құрамында сақталған деп түйеміз. Бұл
кірме сөз болуы да мүмкін, яғни түркі тілдеріне монғол тілдерінен
өте ерте кезеңдерде ауысып, «түркілік» болып кетуі де ықтимал.
Біздің бұл еңбектегі негізгі мақсатымыз – сөздердің генетикалық
сипатын (тілдік төркінін) айқындаудан гөрі, мағынасын түсіндіру
болғандықтан, әзірге ұсынғанымыз – көрсетілген тіркестердегі тас
сөзінің мағынасы.
193
§8. Қазақ лексикасында түркі-монғол ортақтығын кесіп айта ал-
майтын, сірә, монғол сөздері болар дегендеріміз де бар. Біз талдаған
тұлғалардың ішіндегі ереуіл ат тіркесіндегі ереуіл сөзі, алдияр, ба-
рымта, қарымта, үдере (көшу), дулыға, сұрқылтай, толағай (қу
толағай бастану дегендегі), төбе (төбе би дегендегі) сияқтыларды
монғол сөздері деп топшылаймыз. Мысалы, алдияр сөзі «даңқ, атақ,
мәртебе» мағынасында монғол тілінде, «ұлы» мағынасында қалмақ
тілінде бар екендігіне қарап және бұл сөз өзге түркі тілдерінде емес,
көбінесе хан-сұлтандары Шыңғыс әулетінен болып келген казақ
қауымында сол хан-сұлтандарға қарата айтылатын сөз екендігін
ескеріп, біз оны «мәртебелі, ұлы» (орысша «ваше величество» деген
сияқты) мағынасында қолданылған ресми мадақ эпитеті, құрметтеу
сөзі деп санаймыз. Сол сияқты үдере көшу дегеннің «тал түсте аял-
дап көшу» (үдер – монғолша «тал түс, түс әлеті») екенін дәлелдедік.
Толағай сөзі монғол тілдерінде «бас» дегеннің баламасы екендігін
көрсеттік. Ал сұрқылтай сөзінің монғолдық екенін оның морфемдік
құрамының өзі айтып тұр: сурга- – «оқыту, үйрету, тәрбиелеу»
мағынасын беретін түбір, -тай – монғол тілінде сын есім тудыра-
тын жұрнақ, сонда үйретуші, ақыл беруші сұрқылтайлар монғол
әулетінен шыққан қазақ хандары жанында болғандығы, бұл сөздің
«әр ханның тұсында – бір сұрқылтай» деген мәтел құрамында
сақталғандығы көрсетеді. Тезек төренің Бұхар жырауды Абылай
ханның ақылшы сұрқылтайы, Түбек жырауды Әбіл ханның кеңесшісі
дей келіп, Сүйінбайды өзіне сұрқылтай еткісі келгені (Сұрқылтайым
менің де екен мынау) бұл сөздің кез келген адамның кеңесшісіне емес,
тек хандардың не билеуші хан тұқымының ақылшыларына қарата
айтылатындығы оның монғолдық төркінін дәлелдей түседі.
Сөздің түркі-монғол тілдеріне ортақтығын немесе бірінен біріне
кірме сөз екендігін айқындау шарттары (критерийлері) болу керек.
Ол шарттардың бірі – сөздің морфемдік құрылымын ескеру. Мысалы,
В.И.Рассадин кейбір түркі сөздерінің этимологиясын ашуда монғол
тілдерінің рөлі туралы мақаласында түркі тілдеріндегі олжа/улжа/
олжо/олдьо/олча/олджа/олца сөзі монғол тілдерінде «табу, алу, жау-
лап алу» сияқты мағыналарды беретін ол- етістігіне көне монғолша
-жа (қазіргі монғол тілінде -з, -за, -зо) жұрнағы жалғанып жасалған
сөз деп табады да ол түркі тілдеріне XIII ғасырларда монғол
шапқыншылықтары кезінде енген деген Э.В.Севортянның болжамын
қостайды. Бұл түлғаның монғолдық екенін зерттеуші оның морфемдік
құрамына, яғни «табу, алу, жаулап алу» мағынасындағы монғолдың
ол- түбіріне қарап айырады, өйткені тіпті осы мағыналарды беретін
194
көне түркілік бол-/бул- етістігінің бар болғандығына қарамастан,
мұндағы басқы дыбыстың (б-ның) түсіп қалуы фонетикалық заң-
дылыққа сай келмейтіндіктен, ол- деген түбір морфема түркілік
емес, монғолдық деп дәлелдейді. Ал жұрнақтың қазіргідей -з, -за, -зо
түрінде келмей, -жа түрінде жалғануы бұл сөздің монғол тілдерінде
орта ғасырларда осы тұлғада қолданылғандығын және оның түркі
тілдеріне сол кезеңдерде (XIII ғасырларда) енгендігін көрсетеді
дейді
4
.
§9. Төркін тілдегі бірнеше мағынасы бар кірме сөздер екінші тілге
көбінесе бір мағынасымен енеді, бірақ кейде екі-үш мағынасымен
де, олардың ішінде ауыспалы мағынасын алып енетіндері де бола-
ды. Мысалы, майдан сөзі – парсы тілінде (оған араб тілінен кірген
деп танылады) екі мағынасы бар сөз: «1) көкорай шалғын жер, көгал,
2) алаң, ұрыс алаңы». Осы екі мағынаның екеуі де қазақ тілінде күні
кешеге дейін қолданылған (өліп бара жатқан Төлегеннің аспандағы
алты қазға: «Қонар болсаң, жануар, міне майдан, міне саз» деген
қоштасу сөздерін еске алсақ, мұндағы майдан сөзі «көгал, көкорай
шалғын жер» дегенді білдіреді). Тілімізде ілгеріректе сұм, сұмырай
сөздері парсы тіліндегі «жетім қалған немесе жақынынан айырылған
бақытсыз, сормаңдай» деген мағынасымен еніп, қолданылғанын
көрсеттік. Кейін келе сөз мағынасы өзгеріп, «залым, қу» деген сияқты
жағымсыз сипатты білдіретін сөзге айналған. Бұл күнде жетім бала-
ны немесе аға-інісінен, баласынан айырылған адамды сұм, сұмырай
деп атамаймыз, ал ауыз әдебиеті үлгілері мен XIX ғасырларға дейінгі
ақын-жыраулар бұл сөзді тек «сормаңдай, бақытсыз» мағынасында
қолданған.
Қазақ лексикасы тарихында кірме сөздердің тек қана ауыспа-
лы мағынасын не мағыналарын пайдаланып, тұрақты тіркес жасау
құбылысы да орын алады. Мысалы, дес бермеу (беру) етістігінің
мәнді сыңары дес – парсының даст сөзі. Бұл сөздің парсы тіліндегі
негізгі мағыналары: «1) қол, 2) жақ, 3) орын» дегендер болғанымен,
қазақ тілінде оның ауыспалы көп мағынасының бірі – «күш, билік»,
«артықшылық» деген ұғымы қабылданған, сонда дес бермеу – «бой
бермеу, күш бермеу, өзінен күшін асырмау».
Абай: қазақта қара сөзге дес бермедім дегенде, сөзге яғни ше-
шендікке; ақындыққа келгенде ешкімді өзімнен асырмадым, ешкімге
бой бермедім дегенді айтып тұр.
§10. Қазақ тіліндегі ауыз әдебиеті үлгілері мен өткен ғасырлардағы
ақын-жырауларының тілін талдағанда, сөз мағынасының өзгеру
4
Рассадин В.И. О роли монгольских языков в этимологизации тюрксих лексем
// Проблемы этимологии тюрксих языков. - Алма-Ата, 1990.
195
процесін жақсы байқаймыз. Айталық, бұған жетім, жесір сөздерінің
осы күнгі мағыналарымен қатар «құл» (ұрыста қолға түскен және
сатып алған немесе өзге жолдармен келген) дегенді білдіреді.
Қарындас сөзінің күні бүгінге дейін әрі нақты «жасы кіші әйел бала»
деген, әрі жалпы «туысқан, ағайын, рулас, бір жұрттың адамы» деген
мағыналары бар екендігі, оның соңғы мағынасы бұл күнде әлсірей
бастағаны мысал бола алады. Осы қатарда кен сөзінің «аруақтар мен
әулиелердің көзі түскен жер» деген мағынасы ұмыт болып, оның
«бір нәрсенің (көбінесе қазба дүниелердің) жиналған жері, көзі» де-
ген мағынасы активтеніп орныққанын көреміз. Сондықтан эпостан:
«Әзіреті Қаратау – әулиенің кені еді» деген жолдарды оқығанда,
«мұнай кені, көмір кені, түсті металл кендері» дегенді ғана білетін
бүгінгі оқырмандар бұл жердегі кен деген қате жазылған сөз болар
деп ойлауы мүмкін. Ал тарихи лексикологияға қатысты еңбектерді
оқыса, не мұғалім соларға қарап түсіндірсе, бұл жыр жолдарының
әр сөзі өз орнында дұрыс тұрғанын біледі, яғни жыршы: «Қаратау –
әулиелердің көзі түскен қасиетті, киелі мекен» дегенді айтып тұр деп
таниды.
Қазына/қазине деген кірме сөздің де мағынасы «жылжыған»: о
баста бұл сөз көбінесе «мүлік, бұйым сақтайтын орын» (сандық, жүк,
шұңқыр-қандақ) деген мағынада жұмсалған, сондықтан «қазынаның
аузын ашу», «қазинелі қара нар», «қазыналы қандағы» сияқты жыр
жолдары кездеседі. Келе-келе қазына сөзінің осы күнгі «мүлік,
байлық» және «мемлекет, қоғам» деген мағыналары орнығады. Сөз
мағынасының бұлайша құбылуына көп уақыт та өтпегенін және
байқаймыз: бұдан 100-200 жыл бұрын ғана қазына сөзі алғашқы
көрсетілген мағынада жұмсалып келген.
§11. Сөздер тарихында сөз мағынасының күңгірттену процесі –
үнемі орын алып отыратын құбылыс. Сөз мағынасының ұмыт бола
бастауы – сол сөзді қолданыстан не мүлде шығарып тастайды, не тек
белгілі бір орында: тұрақты тіркестер құрамында, мақал-мәтелдерде,
күрделі сөздерде ғана келеді. Мысалы, сал- етістігінің «қалдыру,
тастап кету» мағынасы күңгірт тартқан, сондықтан бұл ұғымдағы
сал- сөзін тек «Қайран менің Еділім, сен салмадың, мен салдым»
сияқты XV ғасыр жырауының толғауында немесе дүние салу, салма-
стан кию сияқты фразеологизмдерде кездестіреміз.
Сөз мағынасының түсініксіз тартып, күңгірттенуі оның түлғасын
бұл күнде қолданыста бар өзге сөзбен алмастырып жіберуге итер-
мелейді. Мысалы, «ойрандалу, тозу, бүліншілікке ұшырау» мағына-
сындағы бүлу етістігі «Бүлген елден бүлдірге алма», «Озбыр олжа
196
үшін өледі, күншіл күндеумен бүледі» сияқты мәтелдер мен «Ноғай-
лы елің бүледі», «Он сан ноғай бүлген күн» деген сияқты өлең-жыр
жолдарында келеді. Осы бүлу сөзін бұл күнде кәнігі бүліну немесе
бөлу деген тұлғаға ауыстырып айту (жазу) фактісін жиі ұшыратамыз
және бүл- етістігін бүл + -ін деген деривацияланған (жұрнақ
жалғанған) тұлғамен тепе-тең деп түсіндірушілікті кездестіреміз.
Сол сияқты бусану/бұрсану, дем тарту/дом тарту, еңіреу/аңырау,
шерлі/жиырлы, жаулы/жылы (жылы-жұмсақ дегендегі), илеу/ай-
лау (зар илеу дегендегі), күнілескен/күңкілдескен, орындық/орнықты,
кіріш/кірпіш деген қатарлар сөз мағынасының көмескіленіп, өзі ак-
тив қолданыстан шығып қалғандығын көрсетеді. Сондықтан оның
сыртқы тұлғасын өзгертіп жұмсау (айту, жазу) орын алады.
Бұл параллельдердің бірқатары – өте ертеде қалыптасып кеткен-
дер. Мысалы, жаулы («майлы») дегеннің жылы (жылы-жұмсақ),
әйла- («ет-, қыл-») деген тұлғаның иле- (зар илеу) болып қолданылуы
ғасырлар бойына қалыптасқан, сондықтан оларды өзгертіп, түпкі
тұлғасына салып айтуға, жазуға болмайды. Ал енді бірсыпыра жа-
рыспалы қатарлар – мағына жақындығына қарай пайда болған соңғы
кезеңдердің жемісі. Мысалы, орындықты саба мен орнықты саба
дегендер мағына жағынан жақын, еңіреу ~ аңырау, шерлі ~ жиыр-
лы сияқты қатарлар, сірә, сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан-
жіңішкелігіне мән бермегендіктен (әлде арабша жазылғаннан қазіргі
жазуға көшірген кезде пайда болған) туған тұлғалар болар. Ал кіріш
пен кірпіш (ақ кіріш тас суда бар деген Бұхар жыраудың өлең жолы
кейбір кітаптарда ақ кірпіш тас суда бар деп басылғанына қарағанда),
дем тартар мен дом тартар деген жарыспалы қатарлар кіріш пен
дем сөздерінің аса түсінікті еместігінен орын алған деп шамалауға
болады. Бұл сияқты сөздердің тұлғалық және мағыналық тұрғыдан
құбылу процесін танытып, қазіргі кезең үшін дұрыс тұлғасын көрсету
– тарихи лексикология курсының міндеті.
§12. Қазақ тілінің сөздік қазынасында өте ертедегі наным-
сенімдерге қатысты бірқатар сөз кездеседі. Бір қызығы – олардың
түсіндірмесі Орталық Азия мен Батыс Сібір өлкелерін мекенде-
ген түркі халықтарының тілдерінен табылады. Мысалы, қайрақан/
қайраған деп Сібір түркілері: алтайлықтар, тувалықтар, телеуіттер
табиғат иесін, жебеуші иені атаған. Оны монғолдар да біледі, бұларда
Хайрхан – тау, су сияқтылардың иесі. Егер ертеректе қазақтар
ұлыстың ұлы күнінде – наурыз мейрамында: Көш, Қайрақан, көш
десіп, Көз көрместей өш! десіп тілек білдіретін болса, Мұхтар Әуезов
Қобылаңдының анасының аузына: Қарғысы қатты Қайрақан,
197
Қарғысынан сен сақта! деген сөздерді салса, ежелгі ата-бабалары-
мыз да Қайрақанды «иенің бірі» деп, оның ішінде «қарғысы қатты
ие» деп таныған болар. Бірақ қайткенде де соңғы бес-алты ғасыр
бойында бұл нанымды қазақтар ұмытқан, сондықтан оның атауы да
ақын-жыраулар тілінде ұшыраспайды.
Сол сияқты тықыр таяң тіркесін де V-VII ғасырлардағы
түркіттердің көк Тәңірге шалатын құрбандығының атауынан (тығыр
таих) қалған сөз болу керек деген топшылауымыз дұрыс болса, бұл
да ислам дінін қабылдаудан көп бұрынғы өте ерте кезде ата-баба-
ларымыз қолданған атау болып шығады, бірақ осы атау білдіретін
реалийдің (тау-тас, су иесі деп танудың) өзі халық санасынан кет-
кеннен кейін бұл сөз сол иенің атын емес, әуелі сол иеге шалынатын
құрбандық дегенге, одан соң құрбандық шалынатындай қиындық
туған кезді атауға жұмсалған болар. Сондықтан мұндай кезді тықыр
таяң кез немесе тықыр таянды деп атаған болар, я болмаса тықыр
дегеннің өзі тау-тас иесі дегенді білдіріп, оның қаһары төнген сәтті
тықыр келіп қалды (таянды) деп айтатын болуы да мүмкін. Қайткенде
де бұл жердегі тықыр – «дыбыс» деген ұғымдағы сөз емес.
§13. Қазақ лексикасының диахрондық сипатын тануда оның әс-
кери лексика деп аталатын тобы ерекше орын алады, өйткені ха-
лықтың бай ауыз әдебиеті, оның ішінде батырлар жырлары және сан
ғасырдың ақын-жыраулар шығармаларының, соңдай-ақ шешендік
сөздер мен мақал-мәтелдердің тілінде ұрыс-соғысқа қатысты зат,
қимыл атаулары кеңінен қолданылған. Ал сөздердің қолданыс бары-
сы олардың мағыналарында болып жататын өзгеріс-жаңалықтарды
дүниеге әкеледі.
Қазақ халқының, одан арғы осы халықты құраған ру-тайпалардың
сан ғасыр бойы күнкөріс кеңістігі үшін күресі, яғни көшіп-қонып,
малын жайып жүретін жер-суын сыртқы жаулардан қорғау үшін не-
месе жер-суды өзгелерден тартып алу, қайырып алу үшін жүргізген
ұрыс-соғыстары, қорғаныс-шабуылдары әскери лексика қорын молы-
нан қолдануға, сақтауға, өзгертіп, байытып отыруға мәжбүр еткен.
Оларды таза тілдік номинативтік (атауыштық) қызметте пайдала-
нумен қатар, көркем әдебиеттің, поэзияның, шешендіктің құралына
айналдырып, образдық қызметте де жұмсауы сөздіктің бұл тобының
мағыналық қозғалысын күшейте түскен.
Ең алдымен, қару-жарақ атаулары жинақталып, олардың әрқай-
сысының нақты мағынаға ие болу тенденциясы байқалады. XV-XVI
ғасырлардағы үлгілерде бір қарудың немесе іс-әрекеттің екі-үш вари-
антта аталуы да орын алады. Ол, бір жағынан, бұл кезеңдерде қазақ
тілінің лексикалық нормасы әлі де әбден қалыптасып бітпегендігінен
198
болса, екіншіден, сөз қолданыстарын поэзия шарттарына сай ету
мақсаты көзделгендіктен деп тануға болады. Мысалы, ату құралы –
жақтың жақ, садақ, жай, жа (бұхаржа, сарыжа) атаулары,
сауыттың сауыт, көбе, кіреуке, берен деген атаулары, соғысу ұры-
су идеясының (мағынасының) ойнау, соғысу, ұрысу, тоғысу, алау-
лау сөздерімен берілуі, «көп, қалың» ұғымын көп, ауыр (ауыр
жұрт, ауыр әскер) сөздерімен білдіру, «ел» ұғымын ел, жұрт, байтақ
сөздерінің қатарласа беруі, «жауынгер, жасақшы» мағынасында
шора, жолдас, жігіт сөздерінің жарыса жүруі, қылшан, қорамсақ,
қорамса тұлғалары «жақ оғының қабы» мағынасын білдіретіндігі –
осылардың баршасы қазақ лексикасының белгілі бір кезеңдердегі
нормалану сипатын танытатын құбылыс. Атап айтқанда, бұл
құбылыс, бір ұғымның, оның ішінде, әсіресе, қару-жарақ, сауыт-
сайман, ұрыс-соғыс атауларының көп варианттылығын көрсетеді.
Қазақ лексикасы тарихында жоғарыда көрсетілген құбылысқа
қарама-қарсы амал да орын алған, яғни бір сөздің бірнеше ұғым ата-
уы больш жұмсалуы байқалады. Оған мысал ретінде осы кітапта
талданған берен сөзін келтіруге болады. Берен контекске қарай төрт-
бес түрлі мағынаға ие болған: 1) ең мықты болат, берік металл, бұл,
сірә, түпкі мағынасы болар, 2) сол болаттан жасалған қару: қылыш,
семсер, кездік, қанжар, пышақ, бұл – берен сөзінің метафоралық
қолданысы, яғни береннің «беріктік, өткірлік» мағынасын (контекстік
семантикасын) берік, өткір қару атауларына көшірудің нәтижесі,
3) ұрысқа киетін киімнің атауы, яғни сауыт, көбе деген сөздердің
баламасы ретінде қолданылуы; бұл да – береннің метафоралық
қызметте келуі, яғни металдан жасалған сауыттың көбенің беріктігін,
мықтылығын қоса білдіретін атаулары, 4) батыр немесе текті, асыл
адам; бұл да – осы сөздің ауыспалы мағынасы, мұнда да «беріктік,
мықтылық, күштілік» семасы еске алынған, яғни берен сөзі осы
қолданыста бағалауыштық, экспрессивтік қызметте келіп, коннота-
ция құбылысын көрсетеді
5
.
Өткен ғасыр сөздіктері берен сөзінің бесінші мағынасы деп ең
жақсы, қымбат барқытты да көрсеткен. Сірә, бұл да берен-нің түпкі
5
Бұл очеркте әрбір лингвистикалық ғылыми терминнің анықтамасын беріп
отыруды көздемедік, өйткені очерк филология факультеттерінің студенттері мен
тіл-әдебиет пәндерінің оқытушыларына арналғандықтан, олар өз мамандықтарына
қатысты пәндердің терминдерін түсінеді немесе қосымша анықтағыш құралдардан
оқып білім алады деп ойлаймыз, тіпті болмаса, біздің баяндауымыздың өзі біз келтірген
терминдердің мазмұнын танытады ғой дейміз. Мысалы, коннотация немесе сөздің
коннотативтік мағынасы дегеніміз – оның негізгі мағынасына үстелетін қосымша
реңк екенін түсінуге болады. Берен сөзін «батыр, күшті адам» атауына жұмсағанда,
осы сөздің «беріктік» семасы (сема – сөз мағынасын құрайтын компоненттсрдің бірі)
қосымша мағына болып жұмсалған.
199
мағынасында бар «асыл, қымбат» деген семаны пайдаланған атау
болу керек.
Бір сөздің көп мағыналылығы – қай кезеңдерде болатын құбылыс.
Дегенмен қазақ тілінде ілгергі кезеңдердегі кейбір сөздердің осы
күнгі ұмыт болған мағынасы сақталғандықтан, олар көп мағыналы
болып танылады. Мысалы, шал сөзінің «ақ» мағынасы қазірде
қолданылмайды, ал XV-XVI ғасырларда шал сақал тіркесі кәнігі
қолданыс болғандықтан, бұл тұлға «ақ» және «кәрі ер адам» де-
ген екі мағыналы сөз болған. Немесе шора сөзі «жасақшы, жауын-
гер» дегенді және белгілі бір әлеуметтік топ өкілінің атауы (байдың
ұлы шоралар дегендегі сияқты) болып қолданылғандықтан, бұл да
бір кезде көп мағынаға ие болған (кейде бұл мағыналар бір-біріне
жақын да тұрады) сөз екені байқалады. Тегі, бұл қатарға осы кітапта
талданған сызу («сызық түсіру» және «жазу»), сауда («сауда-саттық»
және «қиындық»), сана («сана-сезім» және «ой-пікір»), салу («бір
нәрсені бір жерге қою» және «тастап кету, қалдыру»), саз («балшық»
және «көкорай шалғын»), майдан («ұрыс алаңы» және «көкмайса
жер»), орда («әміршінің орталық мекенжайы» – хан ордасы және «ін,
жан-жануардың шоғырымен, тобымен, үйірімен жиналған жері»: ор-
далы жылан, ордалы киік дегендердегі), оқу («жазылғанды оқу» және
«шақыру», жыланның уытын оқып шығару дегендегі), қарындас («ер
адамның жасы кіші әйел туысқаны немесе ер адамға келгенде одан
жасы кіші әйел бала, әйел заты» және «ағайын, туысқан, рулас»)
қару («құрал» және «жауап»), жетім («әке-шешесі жоқ бала» және
«тұтқын, құл»), жолдас («серік» және «жасақшы, жауынгер»), ару
(«таза, кіршіксіз, адал», «асыл, текті» және «сұлу әйел, жас әйел, ал
шымылдық ішінде ару сүйдім – өкінбен дегендегі) сөздерін жатқызуға
болады.
Тарихи семасиология мәселелерін сөз еткенде байқалатын және
бір қызық құбылыс – бір тұлғаның қарама-қарсы екі мағынада келуі.
Әрине, бұл – сиректеу кездесетін құбылыс, дегенмен өткенде де,
қазірде де бар амал. Мысалы, амандасу сөзін бұл күнде көбінесе тек
көріскенде аман-саулық сұрасу деп түсінеміз, ал зер сала талдай кел-
сек, қоштасарда да айтылатын «қош-сау бол!» деген мағынадағы да
сөз екен. Бұл мағына, әсіресе, ауыз әдебиеті үлгілерінде қолданылға-
нын көрсеттік. Сол сияқты алаш сөзі де бір кезде «жақын» және «жат»
(жұрт, ел, халық) деген қарама-қарсы екі мағынада жұмсалғанын, аса
жұрт тіркесі әрі «өз жұрты, өз елі», әрі «жат жұрт, жат ел» деген
ұғымдарда жұмсалған. Бұндай семантикалық оппозицияны немесе
мағыналық дуализмді тек қана контекске карап тануға болатындығы
осы сөздердің талдауында көрсетілді.
200
Достарыңызбен бөлісу: |