Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§14.  Сөз  мағынасының  құбылу  процесін  байқау  барысында



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата29.01.2017
өлшемі3,48 Mb.
#2937
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38
§14.  Сөз  мағынасының  құбылу  процесін  байқау  барысында 

сөздің ауыспалы мағыналарының активтенуі көзге түседі. Мысалы, 

аға сөзінің негізгі номинатив мағынасы «жасы үлкен ер адам» деген 

туыстық  атауын  білдіру  болса,  оның  «белгілі  бір  топтың,  айталық, 

әскердің, ауылдың, қостың, үй ішінің т.б. басы, басшысы» деген ауы-

спалы мағынасы ерте кездерден бастап-ақ актив қолданылған. Оған 



қос  ағасы,  жігіт  ағасы,  от  ағасы  деген  тіркестердің  қалыптасуы 

және  аға  сөзінің  «қол  басы»  (қол  ағасы)  мағынасында  жеке  тұрып 

терминге  айналғаны  мысал  бола  алады  (Сан  шерулі  қол  болса,  ба-

тырлар болар ағасы). Тіпті аға сөзі бір кездерде әлеуметтік қосалқы 

ат – титул ретінде де жұмсалған: Ер Жақсымбет аға бар деген өлең 

жолында ер сөзі – тұрақты эпитет (Ер Тарғын, Ер Сайын дегендердегі 

сияқты),  ал  аға  –  Ер  Жақсымбеттің  атағы,  титулы,  қол  бастаушы 

деген дәреже атауы.

Екінші  мысал  етіп  ару  сөзін  көрсетуге  болады.  Ол  ертеректегі 

қазақ тілінде де негізгі «таза, адал, игі, жақсы» деген мағыналарын 

сақтап  қолданылғандықтан,  ару  ат,  ару  жігіт,  ару  ұл  деген 

тіркестерді құрай алған. Қазақ тілінде заман өткен сайын бұл сөздің 

түпкі мағынасы өзгере түседі: мұнда көне түркілердегідей ару киім, 



ару ас тіркестері жоқ. Ол енді «пәк, күнәсіз» дегенді білдіріп, одан 

«жас қыз» деген ұғымға ие болады, ал біздің күндерімізде ару сөзі 

көбінесе  «сұлу  қыз,  сұлу  жас  әйел»  деген  ұғымда  поэтикалық  сөз  

(поэтизм) ретінде жұмсалады. Демек, сөз мағынасы бір емес, бірнеше 

рет ауысып отырған. Жоғарыда (осы кітапта) кеңінен талданған ала 

сөзінің  ауыспалы  мағыналары  да  бұл  айтылған  тұжырымға  мысал 

бола алады.

Сөйтіп,  тарихи-түсіндірме  сөздік ретінде  осы  кітапта  талданған 

материалдардан  шығатын  бұл  тұжырымдарды  қазақ  тілінің  тарихи 

лексикологиясы  курсына  әр  тұстан  септігі  тиетін  тезистер  ретінде 

ұсынып отырмыз. Бұл еңбекте көзделген негізгі мақсат – диахрондық 

лексикология бойынша ғылыми ізденістер жүргізу емес, ескі өлең-

жыр текстері мен ауыз әдебиеті үлгілерін бүгінгі оқырмандар жақсы 

түсініп,  әр  сөзін  дұрыс  ұғып  оқуларына  көмектесу,  ана  тілінің 

лексикалық байлығын зер қоя танып, әрбір сөзін асыл мұра ретінде 

сақтап, кәдеге асыра білулеріне жәрдемдесу болды. Бірақ, әрине, тал-

дау нәтижелері сөз мағыналарының тарихын танытқандықтан және 

бұл талдауларымыз ғылыми негізде, ғылыми аппаратқа (еңбектерге) 

сүйеніп  жүргізілгендіктен,  жоғарыда  14  бап  етіп  ұсынған  пікір-

байламдарымыз  (тұжырымдарымыз)  қазақ  тіліндегі  сөздердің 

түптамыры мен мағыналарының қозғалысын (эволюциясын) тануға 

біршама мұрындық болар деп ойлаймыз.



201

ТАЛДАНҒАН СӨЗДЕР ТІЗБЕСІ:

6

 

Жеке сөзтізбеге (реестрге) алынбай, өзге сөздерді талдау үстінде әңгіме етілген 



сөздердің сол жақ шекесіне * таңбасы қойылды.

абжылан (абжыландай толғану) 

11-14 

абыз 14-15



*абышқа (абшыйқ) 14 

аға 15-18

адыр-бұдыр 104 

адырна (адырана) 18-19 

азамат 19-20

*азбан 31

*айбалта 31-32

айбар 22, 26-27

*айбат 22

*айбын 22

айдын 22-25

айдынды 22-23

айдындық (айдындықтай ақ 

жүзі) 22-25 

айлану 25

айласу 26

айпарадай 26-27

айтулы 27-29

айылын жимау 29 

айым 26-27

айып-шамы жоқ 29-30

ала (азбан, ат) 30-31 

ала (ала ауыз) 34-35

ала (ала балта) 31-33

ала (ала берен) 33

алабұрту 34

ала (ала көз) 34-35 

*алақу 32

аламан 33-34

алапа (алапай) 35-36 

*аласат 32

ала (ала ту) 33 

алаулау 31-32

алаш 36-40

алаша (алаша ат) 30-31

алғаным 40-41

алдияр 41-42

ал иіндік 30

*алқа 42-43

*алқа-қотан 43 

алқалау 42-43

алқалы 42-43

алп (алп басқан) 43 

амандасу 44

ант (Қодар деген ант)

арай 


аран 

ара-тұра 

*ар ма (армысыз) 

ару 


*аруана 

*арулау 


аршын (төсі аршынды) 

*аршындау

арық-тұрақ 

*арылу 


аса жұрт 

астана жұрт

асра жұрт 

*атайман 

атайы (атайын) 

*атақты 


атаулы 

ат-ұлақ


аты шулы

ауыр (ауыр жұрт)

ахта ат 

аш құлақ 

ашу (қарны ашу, арып-ашу) 


202

әйкел 


байғұс 

байсалды 

байсал табу 

байтақ 


барым 

барымта 


бедеу ат

берен 


*бикеш 

бусану (бұрсану) 

*бұғы (бөке) бүке 

*бұхаржай (бұхаржа) 

бұлан 

бұлт ала, жер шола 



бұрсану 

бұршақ 


бүлу 

быт-шыты шығу 

білік/білек 

даңға шығу 

дат/дәт 

*дән риза

дем тарту 

 дес беру (дес бермеу) 

дулыға/тулыға 

дындан 


дін аман

ел-күн 


емсеу 

еңірету


еңіреу

еп 


ереуіл 

*ерулі (еруліге қарулы)

*жа (бұхаржа) 

жағаласу 

жад ету (жат қылу, жат ету) 

*жады 


жадыгөй 

жадылау


*жазу

жайшы 


жайлату (күн жайлату)

жақ 


жалаңқат

жам 


жаушы 

жәреукелі

жебе 

жек көру 



жемсеу 

жер болу 

жер қылу 

жесір 


жетім 

жолдас 


жосын 

жылы-жұмсақ 

*жігіт 

жітім: (өлім-жітім) 



зар (зар еңіреу) 

зор (зор салу) 

*зындан

зыңырану 



илену 

илеу (зар илеу) 

ирек (ит мініп, ирек қамшылау) 

*кебе 


кебенек 

*кебін 


кедір-бұдыр

*кед/кет/кей/кез 

кез 

келелі (келелі қара бұлт)



кен 

*кеп 


кердең мойын

керен 


*кертартар 

203

керік 


Кетбұғы 

кешесі (ай қараңғы кешесі) 

киеңкі 

көбе 


көбеген 

*көбдік 


көдіре 

көзайым (көзайым болу)

көктеу (көктеп тігу) 

көр (көр соқыр) 

көрпелдес 

көрпеш 


көше 

күдері /көдіре

күдіре 

*күні 


күнілескен 

*күңкілдескен 

*күрке (күрке тауық)

кіреуке 


кіріс 

кіріш 


кішілік 

қағанақ ( қағанағы қарық

сағанағы сарық)

қағылу 


қазақтық

қазақ шығып кету

қазына/қазине 

қайдақ 


қайнаған (қара құрттай 

қайнаған) 

қайрақан / қайраған

қалықпан


*қандақ 

қаралды 


қара орман 

қара орын 

қарашы 

қару (қаруын қайтару)



қарулы (еруліге қарулы)

*қарымта (қарымты)

қарындас 

қас (қас батыр, қас сұлу) 

қаттану 

қауқылдасу

қойшы-қолаң

қом су


*қоңқалаған 

*қорам 


қорамсақ (қорамса) 

*қуыс 


құдды (құтты) өзі

құлан 


құр (құр атқа мінгендей) 

құрсану 


құты қашу 

құт қону 

құтты болсын

құттықтау 

*қылшан 

қытықсыз (қытықсыз араласу) 

майдан 

маңғыстау (маңғыстап шығу) 



нажағай/найзағай 

*оғлан


ойын 

оқу


*оқырану 

ордалы (ордалы жылан)

 *отағасы 

орындық 


өле (өле тойды) 

*саб (сап) 

сағыну 

садақ 


*саз 

сайып келгенде 

сақетер 


204

сақсыр 


сақыну 

салар 


салу 

сан 


сана 

сандық


*саптау (сөз саптау)

сары (сары алтын)

сары (сары уайым)

сары (сары адыр)

*сарыжа/саржан 

сауда (махаббаттың саудасы) 

саудайы 

сауын айту 

*сауыт 

симия (химия-симия) 



сойурғал/соһурғал/сұйұрғал

сұм 


сұмырай 

сұрау (ел сұрау, жұрт сұрау)

сұрқылтай 

сұры қашу 

сыбай 

сызу 


сымарыш 

сынтас 


сыншы 

сыпайшылық 

тарлан 

тарлау 


тарпан/тарпаң

тас (тас керең, тас қараңғы)

тауап (тауап ету) 

тәу (тәу ету) 

 телі-тентек

тоғанақтау 

*тоғысу 

толағай 


*толғамалы 

толғану 


толғау 

*торғауыт 

*торғын

торқа (торқалы той)



тостақ 

*тостағандай 

төбе би 

туар қара

тұла бойы

тұралау (тұралап қалу)

түлей

тықыр таяну



тықыр таяң кез

ұбап-шұбап

үдеру (үдере көшу) 

шал (шал сақал) 

шалғырт

шам (айып-шамы жоқ)



шар 

*шарайна 

*шарболат 

ши (ши шығару)

шора 

шоры 


*шөже көз

шулы (аты шулы) 

шыбын (шыбын жан)

шым (шым батып кету)

шым-шытырық

шыр (шыр біту)

іркес-тіркес


205

ҚЫСҚАРТЫЛЫП КӨРСЕТІЛГЕН ӘДЕБИЕТ:

Абай,  I,  II  –  Абай  Құнанбаев  Шығармаларының  екі  томдық  толық 

жинағы. - I, II томдар. - Алматы, 1957.



Аманжолов – С.Аманжолов Вопросы диалектологии и истории казахско-

го языка. - Алма-Ата, 1959.



Ахметьянов – Р.Г.Ахметьянов Общая лексика духовной кулътуры наро-

дов Среднего Поволжья. - М., 1981.



Әуезов, I, VI – М. Әуезов Шығармалар. - I том. - Алматы, 1967. - VI том. 

- Алматы, 1968.



Боровков,  Тефсир  –  А.К.Боровков  Лексика  среднеазиатского  тефсира 

XII-XIII вв. - М., 1963.



Будагов, I, II – Л.3.Будагов Сравнительный словарь турецко-татарских 

наречий. - СПб., 1869, 1871.



Валиханов, I – Ч.Ч.Валиханов Собрание сочинений в пяти томах. - Т.І.- 

Алма-Ата, 1961.



Вельяминов-Зернов – Исследования о Касимовских царях и царевичах 

В.В.Вельяминова-Зернова. - Часть 2. - СПб., 1864.



Гумилев, Поиски... – Л.И.Гумилев Поиски вымышленного царства. - М., 

1980.


Диал. сөздік – Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969.

Досқараев  –  Ж.Досқараев.  Қазақ  тілінің  жергілікті  ерекшеліктері.  -  II 

бөлім. Лексика.- Алматы, 1955.



ДС – Древнетюркский словарь. - Ленинград, 1969.

Ерт. әд. нұсқ.– Ертедегі әдебиет нұсқалары. - Алматы, 1967.

Жамбыл – Жамбыл Жабаев Шығармаларының толық жинағы. - Алматы, 

1946.


Жанпейісов  –  Е.Жанпейісов  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясының 

тілі. - Алматы, 1976.



Ильминский – Н.И.Ильминский Материалы к изучению киргизского на-

речия с киргизско-русским словарем. - Казань, 1861.



Кайдаров – А.Т.Кайдаров Доспехи и вооружөния воина-батыра в казах-

ском эпосе и их этнолингвистическое объяснение // Известия АН КазССР. 

- Серия общественная. - 1973. - № 6.

Кеңесбаев – I.Кеңесбаев Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. - Алматы, 

1977.


Кирг.-русск. сл., 1897– Киргизско(казахско)-русский словарь. - Оренбург, 

1897.


Кононов – А.Н.Кононов. Родословная туркмен. - М., 1958.

Қасиманов – С.Қасиманов. Казақ халқының қолөнері. - Алматы, 1969.

ҚСЭ – Қазақ совет энциклопедиясы. - I-X томдар. - Алматы, 1972-1977.

ҚТТС I – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - I том. - Алматы, 1959.

ҚТТС, II– Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - II том. - Алматы, 1961.

ҚТТС, 1974, I – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1974. - І том. 

ҚТТС, 1974, II – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1974. - II том.

ҚТТС, III-XV, V, VI, VII, VIII, IX, X Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - 

III-X томдар. - Алматы, 1978-1980.



206

Құрышжанов – А.К.Курышжанов Исследование по лексике «Тюркско-

арабского словаря». - Алма-Ата, 1970.



Монг.-русск. сл. – Монгольско-русский словарь. - М., 1957.

Наджип – Э.Н.Наджип Архаизмы в лексике «Гулистана» Сейфа Сараи // 

Краткие сообщения Института народов Азии. Монголоведение и тюрколо-

гия. - № 83. - М., 1964. 

Омарбеков  –  С.Омарбеков  Қазақтың  ауызекі  тіліндегі  жергілікті 

ерекшеліктер. - Алматы, 1965.



XVIII-XIX  ғ.  қазақ  ақындары  –  XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ 

ақындарының шығармалары. - Алматы, 1962.



Перск.-русск. сл. – М.А.Гаффаров. Персидско-русский словарь. - Т. I, II. 

- М., 1975.



Радлов, VII – В.В.Радлов Образцы народной литературы тюркских пле-

мен, живущих в Южной Сибири и Джунгарской степи. - Часть VII. - Наречия 

Крымского полуострова. - СПб., 1896.

Радлов, т. I, ч. V – В.В.Радлов Опыт словаря тюркских наречий. - 4 тома. 

- СПб., 1888-1905. 



С. Сейфуллин, VI – С. Сейфуллин Шығармалар. - VI том. - Алматы, 1964.

Снесарев – Г.П.Снесарев Реликты домусульманских верований и обря-

дов у узбеков Хорезма. - М., 1969.



Старчевский, Спутник – А. Старчевский Спутник русского человека в 

Средней Азии, заключающий в себе словари языков..., киргизского (казахско-

го)... - СПб., 1878.

Тат.-русск. сл. – Татарско-русский словарь. - Казань, 1906.

Турец.-русск. сл., 1977 – Турецко-русский словарь. - М., 1977.

Түркмен  дилиниң  сөзлүги  –  Түркмен  дилиниң  сөзлүги.  -  Ашхабад, 

1962.


Уйг.-русск. сл. – Уйгурско-русский словарь. Составил Э.Н.Наджип. - М., 

1968.


Ушаков – Толковый словарь русского языка. Под редакцией Д.Н.Ушакова. 

- Т. I-IV. - М., 1935-1940.



ФазыловI, II – Э. Фазылов Староузбекский язык // Хорезмийские па-

мятники XIV века. - Т. I, II. - Ташкент, 1966.



Шипова – Е.Н.Шипова Словарь тюркизмов в русском языке. - Алма-Ата, 

1976.


Этимол. сөздік – Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі. - Алматы, 

1966.


Юдахин – Киргизско-русский словарь. Составил К.К.Юдахин. - М., 1965.

Қолданылған белгілер

> тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен бұрынғы

түрі

< тұлғасы немесе мағынасы жағынан сөздің өзінен кейінгі түрі

~ қатар қолданылатын тұлғалар, сөздер, тіркестер

/ сөз (тұлға) варианттары

+ түбірге қосымшалардың не өзге түбірдің қосылуы.



207

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 

ЕСКІЛІКТЕР МЕН ЖАҢАЛЫҚТАР

Ғылыми-танымдық зерттеу

Қазіргі қазақ ұлттық әдеби тілінің сөздік қазынасын түгендеп, 

оның байлығы мен әлеуетін танып-таныту – бүгінгі күннің тала-

бы. Бұл үшін тек бүгінгі барды сөз етіп қоймай, өткен кезеңдерден, 

тіпті көне түркілер заманынан сақталып келген көне, ескі сөздерді, 

ай  сайын,  жыл  сайын  ондап,  жүздеп  жасалып  жатқан  жаңа 

тұлғаларды, шет тілдерден және халықаралық қордан алып пайда-

ланып жатқан сөздерді когнитивтік (танымдық), прагматикалық 

(қолданыстық) тұрғыдан зерттеп, талдап, таныту – қазіргі білім-

ғылымның абыройлы міндеті. 

Осы  мақсатпен  жазылған  бұл  еңбекте  қазақтың  бай  ауыз 

әдебиеті  үлгілеріндегі,  өткен  ғасырларда  жасап  өткен  ақын-

жыраулар  тіліндегі  мағынасы  бейтаныстау  немесе  қазіргіден 

өзгеше болып келетін көне, ескі сөздер мен соңғы кезеңдерде пайда 

болған  жаңа  тұлғалар,  кірме  сөздер  ғылыми  теориялар  тұрғыдан 

зерттеліп, қалың оқырманға ұсынылып отыр. 

208

Аяулы ағам

Хамит Сәтіғалиұлы ҚҰТҚОЖИННІҢ

рухына бағыштаймын

СӨЗ АЛДЫ НЕМЕСЕ КІРІСПЕ

Бұл күнде қазақ тілі – бар мүмкіндігінше дамыған, әдеби норма-

лары орнығып, қалыптанған (кодификацияланған), сөздік қазынасы 

сұрыпталып, байыған, функционалдық стильдері жүйеленген, дина- 

микалық қозғалысы (тарихы) мен статикалық тұрпаты (қазіргі құры- 

лымдық  жүйесі)  едәуір  жақсы  зерттелген  ұлттық  жазба  әдеби  тіл  

болып қызмет етіп отыр. Мемлекеттік тіл деген статусқа ие. Әрине, 

бұл тілдің бүгінгі әлеуметтік қызметі, күш-қуаты сол статусқа сай ма, 

жоқ па – ол өз алдына мәселе.

Ұсынылып  отырған  бұл  еңбекте  әңгіме  арқауы  –  бүгінгі  қазақ 

тілінің сөздік қазынасы, оның өткен кезеңдердегі және бүгінгі күй-

қалпы,тарихы,  қысқасы,  лексика-фразеологиялық  ескіліктері  мен 

жаңалықтары.

Тілдің қай кезеңде де негізгі қызметі адамдар арасында қатынас 

құралы  болуымен,  яғни  коммуникативтік  қызмет  атқарумен  қатар, 

қоғам өмірінде мәні зор өзге де бірнеше қызмет атқаратыны белгілі. 

Солардың  бірі  –  кумулятивтік  деп  аталатын  қызметі,  ол  сол  тілде 

сөйлейтін  халықтың  ұлттық  санасын,  мәдени-тарихи  тәжірибесін, 

дәстүрлік  мұрасын  ұрпақтан  ұрпаққа,  заманнан  заманға,  тарихи 

кезеңнен  кезеңге  жеткізіп,  жалғастырып  отыратын  қызметі.  Келесі 

тағы бірі – когнитивтік деп аталатын, танымдық мақсаттарды жүзеге 

асыратын қызметі. Осы қызметтерінің қай-қайсысы да бүгінгі қазақ 

тілі үшін мәні аса зор.

Бұл  күнде  «Мәдени  мұра»  деген  ұлттық  ғылыми-танымдық  іс-

қарекеттер  мемлекеттік  деңгейде  қолға  алынып,  жүргізіліп  келе 

жатқаны  белгілі.  Сол  мәдени  мұраларды  жеткізетін  және  оларды 

іздестіруде, сыр-сипатын ашуда қолданылатын құралдың бірі – тіл. 

Жазба  мұраларды  да,  ауызша  тараған  әдеби  дүниелерді  сақтаған 

да, жеткізген де тіл екендігін ескерсек, қазақ тілінің бүгінгі әлеумет 

өміріндегі  орны  айрықша.  Сол  себептен  де  қазіргі  тіліміздің 

құрылымдық жүйесін, даму кезеңдерінің тарихын, сөздік қазынасын, 

прагматикалық  сыр-сипатын  тағы  басқа  да  қырларын  зерттей  түсу 

қажеттігі даусыз. Бұл зерттеулер бұрыннан қалыптасқан әдістермен 

де, тіл білімінің жаңа бағыттарымен де, әсіресе антропоцентристік 

таным негізінде де зерделеу қолға алынып отыр.


209

Демек,  тілдің  бүгінгі  лексикалық  қазынасындағы  бірліктерді 



көне,  ескі,  жаңа  деп  тануға  болатындарын  табу,  талдау,  таныту  – 

қазіргі ғылыми-практикалық мәні бар ізденістердің бірі болмақ.

Тіл көне, ескі мұраларды сақтаушы, жеткізуші екендігін ертерек-

тен  ауызша  сақталып  келе  жатқан  мақал-мәтелдердегі,  өсиет-ақыл 

сөздеріндегі,  тұрақты  сөз  тіркестеріндегі,  ертеде  жырланып  бүгінгі 

бізге  жеткен  өлең-жырлардағы,  яғни  өте  бай  ауыз  әдебиетіндегі, 

ХV-ХІХ  ғасырларда  жасап  өткен  жыраулар  мен  ақындардың  өлең-

толғауларындағы көне, ескі, бейтаныс сөздерді талдау мәдени мұраны 

іздеуде  көп  материал  береді.  Айталық,  «ел,  жұрт»  мағынасындағы 

күн сөзінің, «май» мағынасындағы жау сөзінің, «орау, йіру, үйіру» 

мағынасындағы толғау сөзінің, «толқын» мағынасындағы қом сөзінің 

ескі жырлар мен қос сөздердің және тұрақты тіркестердің құрамында 

сақталуына қарап, бүгінгі қазақ тілі өте көне замандардағы бабалары-

мыз – көне түркілер тілінің жалғасы екендігін көреміз. «Едіге» сияқты 

жырларда жиі кездесетін су сөзінің «өзен» дегенді білдіретіндігі, мал 

(көбінесе  жылқы  малы)  туар  деп  аталатындығы,  «суға  сүңгу,  суға 

батып кету» дегенді шому деп беру, сөздеу деудің орнына (сөз+де



сөйлеу  деп  жұмсайтынымыз  халқымызды  құраған  ру-тайпалардың 

бір  кездерде  (ХI-ХV  ғасырларда)  өзге  түркі  халықтарын  құраған 

тайпалармен  бірге,  аралас,  көршілес  өмір  сүргендерінен  хабар 

береді. Сол сияқты тек ертеректегі емес, «күні кешегі» – ХVIII-XIX 

ғасырдағы қазақ халқы қолданған кіреуке, қозыжаурын оқ, бүріншік, 

топ (зеңбірек), оң жанақ, сол жанақ, мұнанай (сауда орны – меновая 

торговля),  мәліш  сауда,  ақшомшы  сияқты  сөздер  осы  кезеңдердегі 

ұрыс-соғыс пен сауда-саттық қатынастарынан хабар береді, бұлар да 

– лексикалық мұра элементтері.

Ал тіл дамуының әр кезеңіндегі жаңалықтардың (жаңа сөздердің) 

пайда  болу  негіздерін  (базасын),  жұмсалу  ерекшеліктерін,  «өмір- 

шеңдігінің»  ұзақ-қысқалығын  талдап-таныту  халқымыздың  тек  өте 

ерте кезеңдердегі емес, күні кеше өткен XX ғасырдың бірнеше он-

жылдары ішіндегі тұрмыс-тіршілік жүйесімен, саяси, мәдени, руха-

ни  дүниесімен  таныстырады.  Бүгінде  екінің  бірі,  әсіресе  жас  буын 

бірден  тап  басып  түсіне  бермейтін,  түсінсе  де,  күнделікті  өмірде 

қолданбайтын  аға  сұлтан,  шар  салу,  қызыл  отау,  тап  тартысы, 



тап жауы, белсенділер, ауатком деген жеке сөздер мен тіркестердің 

бір кезеңде «жаңалық» деген танымға ие болып, келесі кезеңдерде 

(бүгінде) ескіліктер тобын құрайтын фактілер де қазақ қоғамы тари-

хын танытатын нақты материал болып шығады. Демек, қазіргі «Қазақ 

тіліндегі лексикалық ескіліктер мен жаңалықтар» деген тақырыпты 

арнайы сөз етіп, оған барлық параметрі жағынан ғылыми-теориялық 



210

талдау  жұмыстарын  ұсыну  қажет  екендігі  күн  тәртібіне  қойылып 

отыр.

Бұл  жұмыс  осы  аталған  тақырыпқа  арналады.  Мұнда  бүгінгі 



қазақ  оқырмандарына  әр  алуан  әдебиеттерде  кездесетін  бірқатар 

сөздердің  жаңалығы  мен  ескілік  сипаты  талданады  және  бұл  екі 

топтағы бірліктерді сөз етуде кезең (уақыт) факторы негізге алына-

ды, яғни лексика-фразеологиялық бірліктердің ескі-жаңалығын тану-

да  олардың  қолданылған  уақытына  қарай  кезеңдерге  бөліп  зерттеу 

– негізгі талап.

Ескіліктер  мен  жаңалықтардың  тақырыптық  топтары,  ескіру  не 

жаңа  болып  танылу  уәждері,  морфологиялық  тұлға-бітімі  сияқты 

тақырыптың  көптеген  жақтары  сөз  болды.  Зерттеу  нысанымыз  тек 

теориялық  танымдар  болмай,  көпшілік  қауымға  да  түсінікті  болу 

үшін  факті  ретінде  келтірілген  жеке  сөздер  мен  сөз  тіркестерінің 

мағыналары кеңінен түсіндіріліп отырды. Тіпті кей тұстарда оларды 

тез тауып алу үшін сөздік сияқты әліпбимен ұсынуды да жөн көрдік. 

Бірақ  бұл  жұмыс  –  түсіндірме  сөздік  те  емес,  толық  мәндегі  тари-

хи  сөздік  те  емес,  ішінара  осы  сөздіктердің  элементтері  араласқан 

ғылыми монография.

Сырт  қарағанда,  бұл  еңбектің  түсіндірме  бөліктері  –  біздің 

1980  жылы  1-басылымы  жарық  көріп,  1994  жылы  толықтырылып, 

өңделген  2-басылымы,  2004  жылы  одан  әрі  толықтырылып 

ұсынылған  3-басылымы  дүниеге  келген  «Сөздер  сөйлейді»  атты 

жұмысымызға  ұқсас,  соның  бір  жалғасы,  өзге  бір  нұсқасы  сияқты 

болып  көрінуі  мүмкін.  Бірақ  олай  емес:  екеуі  –  екі  түрлі  мақсатта 

жазылған дүниелер: «Сөздер сөйлейді» сөз мағыналарының құбылып 

(өзгеріп,  ескіріп,  жаңарып,  ауысып,  ұмытылып)  отырған  сәттерін 

көрсететін  семасиологиялық  және  этимологиялық  ізденістер  бол-

са,  бұл  ұсынылып  отырған  жұмысымызды  тарихи  лексикология 

саласына  жататын  ғылыми-теориялық  еңбек  деп  таныған  жөн. 

Мұндағы  сөздердің  түсіндірмелері  тақырыпта  жүргізілген  талдау-

лар  мен  ұсынылған  теориялық-танымдық  түйіндерді  дәлелдейтін 

иллюстративтік материалдар (мысалдар) екендігін ескертеміз.

«Сөздер сөйлейді» атты жүмыстағы объект (нысан) етіп алынған 

сөздердің  бірқатары  бұл  күнде  ұмыт  болған  немесе  тұлғасы 

өзгеріп  кеткен  көне,  бөгде  тілдік  я  болмаса  аймақтық  бірліктер 

болғандықтан, олардың да көбі ескіліктер қатарына жатады. Бірқатар 

көне  сөздердің  мағыналары,  семантикалық  қозғалысы,  түптөркіні 

«Сөздер сөйлейдінің» басылымдарында көрсетіліп талданғандықтан, 

осы жұмысқа енгізілмеді. Айталық, аламан, берен, кішілік, қарашы, 

оқу,  сандық  сияқты  сөздердің  ертедегі  мағыналары  бүгінгіден 


211

өзгеше  көне  бірліктер  екендігін  «Сөздер  сөйлейді»  деген  кітапта 

талданғандықтан, ұсынылып отырған еңбекте қайталанбады. Соңғы 

жұмыста мұндай сөздер жеке талданбағанмен, ескіліктер баяндалған 

тарауда қажет тұсында сөз болып отырды.

Тіл – жанды құбылыс. Оның лексикалық қабаты әрбір 5-10, 20-

30 және одан да ілгері кезеңдерде толығып, жаңа сөздер пайда бо-

лып,  сұрыпталып,  кейбір  бірліктер  қолданыстан  ығысып  ескіріп 

жататындықтан, оларды тіркеп, талдап отыру – тіл білімінің әрдайым 

қолға алып отыратын қарекеті. Біздің ұсынып отырған жұмысымыз 

осындай ізденістерге жол ашар болса, еңбегіміздің жанғаны дейміз.

Қазақтың  өте  бай  фольклорлық  үлгілері  –  батырлар  жырлары  

мен  ғашықтық  жырларын,  XV-XIX  ғасырларда  жасап  өткен  ақын- 

жыраулардың  өлең-толғауларын  мектептен  бастап  оқып  қызықтай- 

тын,  сондай-ақ  орайы  келген  тұстарда  мақал-мәтелдерді  қолданып 

отыруға тырысатын, ертеректе өткен шешендердің сөздерін сүйсініп 

жаттап алатын бүгінгі және ертеңгі оқырмандар бұларда кездесетін 

көне және ескірген сөздердің қыр-сырын жақсы біліп, әрқайсысының 

мағынасын,  түптөркінін,  сыртқы  тұрпатын  тани  түсіп,  түсініп, 

түйсініп, тұшынып оқитын болады. Бейтаныс көне, ескі сөздерді реті 

келгенде кәдеге асырып дұрыс қолданатын болады.

Лексикалық  жаңалықтарды  танып,  біліп  отырудың  да  қажеттігі 

мен пайдасы орасан екендігін ескертудің өзі артық. Жаңа сөздер мен 

соны  тіркестер  –  тек  лексикалық  байлық  қана  емес,  бүгінгі  өмірі- 

міздің  нақты  көрінісі,  «бұлтартпайтын  құжаты»  десек  болар.  Ал 

«құжат»  дегенді  жоғалтпай,  бүлдірмей  (қолдан  түзетпей)  орынды 

жерінде ғана көрсету керек қой. Бүгінгі тіл де сондай: оның әрбір сөзі 

әрі айқын (түсінікті), әрі дәл (өз мағынасында, өз жерінде – өз жан-

рында,  өз  стилінде)  қолданылуға  тиіс.  Мұндай  айқындық  пен  дәл- 

дікті  көрсететін,  түсіндіретін,  дәлелдейтін,  нұсқайтын  әр  алуан 

еңбектер  керек.  Олар  ғылыми-теориялық  та,  қолданбалы-практи- 

калық та сипатта ұсынылуға тиіс. Ұсыныла беруге тиіс. Тереңірек, 

яғни  бұрынғы  сыннан  өткен,  тірек  етіп  келген  әдістермен  қоса, 

ғылыми-танымның жаңа бағыттарымен жазылған еңбектерді бүгінгі 

қоғамның  мәдени-рухани  болмысы  талап  етеді.  Осы  еңбегіміз  бұл 

айтылған  талаптар  мен  сұраныстарға  бір  мысқал  болса  да  жауап 

беретіндей  болса,  қазақ  тілін  жақсырақ  меңгере  түсуге,  байлығы 

мен  сымбатын  (көркемділігін)  игере  түсуге  пайдасын  тигізсе  деп 

үміттенеміз.


212



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет