Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСІ



Pdf көрінісі
бет18/38
Дата06.04.2017
өлшемі3,75 Mb.
#11193
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38

АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ СИНТАКСИСІ

Абайдың шумақты өлеңдерінің 

синтаксистік құрылысы

Бірқатар  зерттеушілер  көрсеткендей,  Абай  поэзиясының 

дені – шумақты өлеңдер. Оның үстіне ұлы ақын өлшемі мен 

тармақ  саны  жағынан  өзіне  дейінгі  қазақ  поэзиясында  жоқ 

жаңа шумақтарды туғызған. Соған орай Абай шумақтарының 

синтаксистік құрылысын жеке-дара сөз етер жайлар бар.

Ұлы  ақынның  едәуір  шығармасы  қазақ  поэзиясында  кең 

тараған  11  буынды,  4  тармақты  шумақтармен  жазылған. 

Көбінесе  бұл  типтегі  халық  поэзиясында  (қара  өлең,  қайым 

өлең,  айтыс  т.б.)  алғашқы  екі  тармақ  логикалық  ой  жағынан 

соңғы екеуіне жанаспай, оқшау тұратын компонент болып та 

келетіндігі белгілі.

Таңбасы жоқ, ені жоқ бурыл тайдың, 

Сағасы өткел бермейді терең сайдың. 

Құба белге құйқылтып шыға келсем, 

Жұрты жатыр, өзі жоқ қалқатайдың,–

деген шумақта поэтикалық ой біреу, бірақ ол ойды білдіруге 

барлық тармақ бірдей қатыспайды.

Ал Абайдың 11 буынды, 4 тармақты шумақтарында поэти- 

калық  ойды  білдіруге  қатыспайтын  «басы  артық»  тармақтар 

жоқ,  бұларда  поэтикалық  ой,  интонация  және  синтаксистік 

құрылым тұтастығы түгел.

Әрине,  Абайдан  өзге  немесе  Абайға  дейінгі  11  буынды,  4 

тармақты  өлеңдерде  әрдайым  алғашқы  екі  тармақ

 

«айдалаға 



лағып» жүре бермеген, әсіресе, сюжетті шығармалар мен ел-

әлеумет  тақырыбына  шығарылғандарында  төрт  тармақтың 

төртеуі  де  негізгі  ойға  бағышталған  болып  келетіндері  көп. 

Мысалы, әйгілі «Қаратаудың басынан көш келеді-де»:

Мына заман қай заман? 

Қысқан заман.

Басымыздан бақ-дәулет ұшқан заман. 

Шұбырғанда ізіңнен шаң борайды, 

Қаңтардағы қар жауған қыстан жаман,–


268

деген  шумақтың  алғашқы  екі  жолы  да,  келесі  екі  жолы  да  – 

түгел  бір  идеяны  (поэтикалық  ойды)  –  халық  басына  түскен 

ауыр кезең – «Заман» туралы зарды білдіреді, тіпті, керісінше, 

мұнда негізгі логикалық ой алдыңғы екі тармақта тұр да соңғы 

екеуінде  сол  процестің  нәтижесі  баяндалған;  «бастан  бақ-

дәулет  ұшып»  ел  жаяу  шұбырғанда,  ізінен  шаң  борайтыны 

айтылған. Тіпті өлеңнің басындағы алғашқы шумақтың:

Қаратаудың басынан көш келеді, 

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,–

деген екі жолы соңғы тармақтардағы:

Ел-жұртынан айрылған жаман екен, 

Екі көзден мөлтілдеп жас келеді,–

деген  негізгі  ойға  жанаспай,  қайдағы  бір  тайлақ,  көш  тура-

лы тәрізді болып көрінгенімен, бұл жолдардың осы шумақта 

айтылмақ  мазмұнға  іштей  қабысып  тұрғаны  байқалады. 

Мұндағы  көштің  басқа  жерде  емес,  «Қаратаудың  басынан» 

келе жатқаны осы шығарманың тұтас идеясын танытады, яғни 

өлең  қазақ  халқының  жоңғарлардан  жеңіліп,  ата-баба  мекені 

Қаратаудан  жылыстағанын  баяндайтындығын  осы  бірінші 

тармақ ашып береді.

Сюжетті  ұзақ  шығармаларда  да  көбінесе  төрт  тармақ 

мазмұны  жағынан  да,  грамматикалық  құрылысы  жағынан 

да  біртұтас  дүние  болып  келетіні  аз  емес.  Мысалы,  «Қозы 

Көрпеш-Баян  сұлу»  поэмасының  қай  жырланысында  да  екі 

түрлі шумақты ұшыратамыз. Айталық, Шөже жырланысында:

Жарасқан нар түйеге биік өркеш

Мен сөйлесем, жұрт тыңдар ертелі-кеш,–

деген  алғашқы  екі  жол,  әсіресе  біріншісі,  автордың  айтпақ 

негізгі ойына:

Сәтті күні екеуін Құдай қосқан,

Ғашық болды Баян мен Қозы Көрпеш,–

деген тармақтарға жанаспайды. Ал келесі шумақтардың бірін 

алсақ, мұнда төрт жолдың төртеуі де бір ойды баяндайды:

Екі бай сәтсіз атқа мінбейді екен,

Жұмыссыз ел аралап жүрмейді екен. 

Екеуінің дәулеті мол болған соң, 

Бір-бірінің қасына келмейді екен

103

.

103



 Қозы Көрпеш-Баян сұлу. - Алматы, 1959. - 125-б.

269

Алғашқы шумақта жеке-жеке төрт субъект бар (нар түйенің 

өркеші,  жұрт,  Құдай,  Қозы  мен  Баян),  соңғы  шумақта  бір-ақ 

субъект (екі бай). Соңғы шумақты грамматикалық тұтас едини-

ца етіп тұрған да осы белгі.

Төрт  тармақ  түгелімен  айтылмақ  ойға  қатынасып,  шу- 

мақты  синтаксистік  тұтас  дүние  етіп  тұрған  өлеңдерде  ол 

тармақтардың  ішкі  синтаксистік  құралымы  біркелкі  болмай-

ды. Халық өлеңдерінде, эпостық жырларда және Абайдан өзге 

қаламгерлерде көбінесе алғашқы екі тармақ жеке-жеке шағын 

сөйлем болып құрылады. Мысалы:

1) Той қылып екі қатын көп мал сойды.

2) Тойында жұрт жиылып етке тойды.

3) Баба түкті Шашты Әзіз ақтан келіп,

Қозыке мен Баянның атын қойды.

(«Қозы Көрпеш», 128).

Мұнда бірінші, екінші тармақтар – бастауыш, баяндауыш-

тары жеке жайылма сөйлемдер.

Сүйінбайдың:

Хан Тезек, орныңнан тұрмаймысың? 

Сүйінің келді, мойныңды бұрмаймысың? 

Балаңды алса, Құдайдың өзі алды,

Қарсылық Құдайыңа қыламысың? –

деген шумағын алсақ та, автор алғашқы екі жолды екі сөйлем 

етіп береді.

11 буынды, 4 тармақты өлеңдердің алғашқы екі жолының 

мұндай  синтаксистік  құрылысы  –  қазақ  поэзиясында  едәуір 

ұшырасатын  кәнігі  жолы.  Бұл  –  өлең  өлшеміне  байланысты 

туған құрылым. Буын санының едәуір молдығы әрбір тармақта 

онша  үлкен  болмағанымен,  аяқталған  шағын  бір  сөйлемді 

немесе  жайылма  бір  фразаны  сыйғызуға  әбден  мүмкіндік 

береді.  Абай  да  қазақ  поэзиясының  бұл  амал-дәстүрін  еркін 

пайдаланған. Оның 11 буынды, 4 тармақты біраз шумақтары 

осылайша құрылған, яғни алғашқы екі жолы параллель жеке 

сөйлемдер де соңғы екеуі көбінесе күрделі (құрмалас немесе 

жайылма) бір сөйлем болып келетін шумақтар:

1) Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,

2) Үзілмес үмітпенен бос қуардық.



270

3) Әйтеуір ақсақалдар айтпады деп

Жүрмесін деп, азғана сөз шығардық (I, 37).

1) Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек,

2) Ашуың – ашыған у, ойың – кермек.

3) Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық –

Кім көңілді көтеріп болады ермек (I, 26).

Бұл – Абайға дейінгі қазақ өлеңінің әбден қалыптасқан, ең 

сипатты синтаксистік құрылысы. Осы құрылысты XIX ғасырда 

етек алған діни қиссалардың авторлары да пайдаланған. Мы-

салы, «Салсал» бастан аяқ дерлік осы құрылыспен жазылған:

1) Екеуі шығып кетті мұндай шетке, 

2) Сыйынады бір жасаған Құдіретке. 

3) Бір алтынлы сарайға жетіп келіпті, 

Биіктігі таласқан асман-көкке.

1) Ағып ятқан төрт жақта бұлағы бар,

2) Сайрап тұрған бұлбұлларның тұрағы бар.

3) Құбыла тарафында ол сарайның

Бау-бақшалы йеміслі шарбағы бар.

Әрі  қарай  осылайша  кете  береді.  Мұндай  біркелкілік,  сөз 

жоқ,  жырдың  көркемдік  бояуын  жарқыратпайды,  керісінше, 

өлеңнің  әр  тармағын  (алғашқы  екеуін)  қарапайым,  біркелкі 

констатацияға айналдырып:

1) Мұндай яхшы шарбақны көрді дейді,

2) Бұрын мұндай көрген йоқ йерні дейді,–

деген сияқты жадау сөйлемдерді ұсынады. Өйткені буын саны 

қанша  көп  болғанмен,  11  буынның  шеңберіне  сыйғызылған  

бір сөйлемге не әсем эпитеттерді, не өзге көркемдеу элемент- 

терін  пайдалану  мүмкіндігі  бола  бермейді:  шарбақ  қандай 

әсем болса да, «яхшы»-дан өзге эпитетті қабылдай алмай тұр. 

Сірә,  біздіңше,  «Салсал»  тәрізді  туындылардың  көркемдік-

эстетикалық  дәрежесінің  (идея-мазмұнын  былай  қойғанда) 

төмендігінің біріне бұл да себеп болатын тәрізді. Сондықтан 

да қазақтың халық әдебиетінен бастап, жеке қаламгерлер ту-

ындыларында  бұл  синтаксистік  құрылыс  бастан-аяқ  қолда- 

нылмағанын көреміз. Мысалы, Шал ақынның:



271

1) Кәрілік қонақ екен жүр демейтін,

Мүшеңді сылап, кеміріп үндемейтін.

2) Бәрінен бұл шіркіннің сараңдығы

Тобына қыз-бозбала кір демейтін,–

деген шумағында алғашқы екі тармақ – екі бөлек сөйлем емес, 

мұнда  субъект  біреу  (кәрілік),  екінші  тармақ  –  біріншідегі 

бастауыштың  жайылма  анықтауышы  болып  келгендіктен, 

11  буынды  бір  тармаққа  «мүшеңді  сылайтын,  кеміретін,  өзі 

үндемейтін» деген тәрізді образды үш эпитет түгел сыйып тұр.

Шернияз Баймағамбет сұлтанға:

Білемін, хан Бәйеке, нарлығыңды,

Келсе – кең, қайтса – қайтпас тарлығыңды,–

дегенінде төрт тармақты шумақтың алғашқы екі жолына жа- 

йылма бір-ақ сөйлемді берген, яғни екінші жолда образды анық- 

тауыштары бар толықтауышты (тарлығыңды) ғана келтірген.

Өзіне  дейінгі  поэзия  тілі  дәстүрінде  қолданылған  бұл 

құрылысты да Абай мол пайдаланады. Абайдың төрт тармақты 

шумағының  алғашқы  екі  тармағы  көбінесе  бір-бірімен  берік 

ұштастырылған  түрде  келеді.  Тіпті  екі  тармақ,  мазмұны, 

құралымы жағынан бір-біріне тең түсетін екі синтаксистік па-

раллель (көбінесе екі сөйлем) болып келгенде де екеуінің бай-

ланысы әлдеқайда тығыз екені сезіледі.

Кейбіреу тыңдар үйден шыққанынша, 

Кейбіреу қояр көңіл ұққанынша (I, 38)

104


.

Бұл  екі  тармақты  бір-біріне  синтаксистік  жағынан  тығыз 

іліктестіріп тұрған – олардың параллельдігі, ал параллелизмді 

жасап  тұрған  бұл  сөйлемдердің  ішкі  мазмұн  ұқсастығымен 

қатар,  сыртқы  құралымы:  екеуінде  де  бастауыш  бір  сөзден 

(кейбіреу),  баяндауыштары  бір  тұлғадан  (-ар  жұрнақты 

есімше), пысықтауыштары да бірдей тұлғадан жасалғандығы.

Алғашқы екі жолды бірыңғай сөйлемдер етіп байланысты-

руда  әрдайым  сыртқы  тұлғалануы  жағынан  мұндай  тепе-тең 

етіп құру шарт емес. Абайда көбінесе 1-2-тармақтар мазмұндас 

бірыңғай сөйлемдер болып келеді:

104

 Әңгіме 11 буынды 4 тармақты шумақтың 1, 2-тармақтарының синтаксистік 



құрылымы туралы болғандықтан, осы жерде және әрі қарай мысалға тек алғашқы 

екі жолды келтірдік.



272

Қалмаған Онегиннің ешбір бағы,

Өтіп кеткен жүректің отты шағы (II, 80).

Әрине,  алғашқы  екі  тармақты  бұлайша  байланыстыру 

әрдайым  мүмкін  де  емес,  қажет  те  емес.  Абай  1-2-жолдарды  

байланыстырғанда, көбінесе өзге тәсілге жүгінеді. Яғни Абай- 

дың 1-2-жолы бір ғана сөйлем болып келеді. Мұндайда көбі- 

несе бір тармақ түгелімен жайылма бір мүше ретінде құрылады 

немесе  екі  жолдағы  айтылған  ойдың  субъектісі  біреу  бола-

ды. Үшінші түрі – Абай төрт тармақтың алғашқы екі жолын 

бағыныңқы-басыңқылы  бір  құрмалас  сөйлем  етіп  береді 

(әдетте бұл – төрт тармақтың соңғы екі жолының құрылысына 

тән тәсіл екені мәлім). Осыларды жеке-жеке дәлелдейік.

11 буынды, 4 тармақты шумақтың алғашқы екі тармағының 

біреуі Абайда екіншісіндегі сөйлемнің жалғасы (не басы) бо-

лып құрылады.

Мысалы:

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, 



Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып (I, 122), –

дегенінде екінші тармақ бірінші тармақтағы сөйлемнің бірың- 

ғай баяндауыштарының жалғасы болып тұр. Абайда бұл тәсіл 

едәуір жүйелі түрде мол кездеседі, көбінесе мұндайда екінші 

тармақ біріншідегі сөйлемнің бірыңғай мүшесі болып келеді:

Тірі жанға құрбы боп жап-жасында-ақ



Қалжыңдамақ, қасынбақ, ыржаңдамақ (I, 35).

Олардың жоқ ойында малын бақпақ,



Адал еңбек, мал таппақ, жұртқа жақпақ (I, 35).

Керек іс бозбалаға – талаптылық,



Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық (I, 38).

Бірыңғай  мүшелер  (немесе  шағын  сөйлемдер)  бірінші  

жолда  да  келтіріледі,  әдетте  мұндайда  бір  тармақ  тұтасымен 

бірыңғай  бастауыш  немесе  анықтауыш,  пысықтауыш  болып 

құрылады:

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап – 

Бұларды керек қылмас ешкім қалап (I, 67). 



Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, 

Қыз таныстыр – қызыққа жұрт ыржаңшыл (I, 69). 

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ, 

273

Болады осындай қыз некен-саяқ (I, 107).



Күлдіргіштеу, күлкішіл, қалжыңға ұста, 

Кезеген ит тым-ақ көп біздің тұста (I, 175). 

Ақылды деп, арлы деп, ақ бейіл деп 

Мақтамайды бұл күнде ешкімді көп (I, 197).



Ішкен, жеген, таласқан, ойнап, күлген,

Кезек жоқ, келісім жоқ, сөйлей берген (II, 149).

11 буынды шумақтың алғашқы тармақтарына жүйелі түрде 

(система ретінде) бірыңғай мүшелерді ғана орналастыру Абай 

поэзиясы синтаксисінің ерекшелігі болып табылады деуге бола-

ды. Тек бұл өлшемді шумақтың 1, 2-жолдарында ғана емес, өзге 

өлшемді  өлеңдерде  де  және  кейінгі  тармақтарда  да  бірыңғай 

мүшелерді  келтіру  –  жалпы  Абай  поэзиясының  синтаксисіне 

тән нәрсе. Әсіресе, портрет етіп берілген шығармаларда едәуір 

тармақтар бірыңғай мүшелерден тұратынын көреміз.



Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті, 

Қабырғалы, жотасы болса күшті.

Ойынды еті бөп-бөлек, омыраулы, 

Тояттаған бүркіттей салқы төсті (I, 47).

Мұнда тұтас шумақ бірыңғай мүшелерден құралған.

Абайда 11 буынды, 4 тармақты шумақтардың алдыңғы екі 

жолы бір сөйлем болып құрастырылғанда, бір жол тұтасымен 

бір-ақ күрделі мүше болып келеді:

Аласы аз, қара көзі айнадайын 

Жүрекке ыстық тиіп салған сайын  (I, 107), 



Еңбек жоқ, харакет жоқ қазақ кедей 

Тамақ аңдып қайтеді тентіремей?   (І,174).

 Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын 

Қайдан білсін өмірдің көбін-азын?   (I, 218). 



Бала мінез ойыншы бұрынғылар 

Аңқау екен, мазақтап соны сынар   (II, 104).

Бұларда  1-тармақ  –  түгелімен  күрделі  бастауыштар.  Бұл 

тәсіл Абайдан өзге қаламгерлерде де сирек болса да кездеседі, 

бірақ мұндайда 1-жол көбінесе күрделі (жайылма) қаратпа бо-

лып келеді:



Қолында ханзаданың қасқа қылыш,

Түсесің қаһарлансаң тасқа, қылыш (Шернияз).



274

Хан Тезек, батыр Тезек, патша Тезек,

Жан бар ма өлмейтұғын темір өзек? (Сүйінбай).

Абайда тұрлаусыз мүшелердің біреуі бір жол болып келетін 

сәттері де бар. Мысалы:



Жапырағы қуарған ескі үмітпен

Қиял қып, өмір сүріп, бос жүріппін (I, 239), –

дегенінде  1-тармақ  –  түгелімен  келесі  жолдағы  сөйлемнің 

бір  ғана  мүшесі.  Бұл  тәсіл  әсіресе  аударма  шығармаларында 

жиірек қолданылған:

Жасырмай жас жүректің жанған жайын 

Айтуға тілің мұнша қайдан дайын? (II, 80). 



Дәл бейне ерте шыққан бүлдіргенше 

Суық соғып бүрісер, дәмі енгенше (II, 103). 

Кім білер, жабырқаңқы жазған сөзім 

Жібермей, көп тоқтатар оның көзін (ІІ, 106).



Асау той, тентек жиын, опыр-топыр

Ішінде түсі суық бір жан отыр (II, 149).

Бұлардың  барлығында  да  екі  тармақ  –  тұтас  бір  сөйлем 

(екеуінің  арасына  ешбір  тыныс  белгісі  қойылмайды)  және 

бір  тармақ  бір  ғана  жайылма  мүше  болып  келген.  11  буын-

ды  өлеңдерде  өзге  қысқарақ  буындыларға  қарағанда,  бұл 

тәсіл  (бір  тармаққа  бір  ғана  сөйлем  мүшесін  орналастыру) 

Абайдың өзінде де аса өнімді емес, бірақ өзге қаламгерлермен 

салыстырғанда, Абай бұл ретте оқшау шығады. Әсіресе өзіне 

дейінгі 11 буынды қазақ өлеңінің синтаксисінде мұндай кон-

струкция (әңгіме алғашқы екі тармақтың құрылысы жайында) 

жоққа тән екенін батыл айта аламыз.

Бұдан басқа бір тармақтың бір жайылма мүше немесе парал-

лель сөйлем болып келген түрі Абайда да, өзгелерде де бар. Ол 

–  2-тармақтың  біріншідегі  іс-әрекетті  жалғастырушы  ретінде 

келетін сәттері, яғни ол да – бірыңғай мүшелі конструкцияның 

бір түрі іспетті. Мысалы, Абайда:

Бар ойы – өлең айтып, ән салалық, 



Біреуді қалжың қылып қолға алалық (I, 36), –

дегенінде екінші жол – тұтасымен бір мүше, біріншідегі өлең 



айтып, ән салалық деген баяндауышқа бірыңғайлас.

Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ,



Наданның көзін қойып, көңлін ашпақ (I, 70).

275

Бұл  тармақтардың  синтаксистік  құрылымы  дәл  алдыңғы- 

дай. Тегі, бұл жерлерде бірыңғай мүшелер деп тануға болатын 

тәрізді. Ал кейбір сәттерде бірыңғай мүшеден гөрі, сөйлемге 

жуық келетін құрылымдар болады. Мысалы:

Алашқа іші жау боп, сырты күлмек, 



Жақынын тіріде аңдып, өлсе – өкірмек (I, 27).

Немесе:


Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, 

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме (I, 39), –

дегендерде 2-тармақ – біріншімен бір бастауышқа қазықталған 

жеке сөйлем тәрізді, өйткені 2-жолдағы құрылыстың өз ішін- 

де баяндауыштары мен тұрлаусыз мүшелері бар, яғни екеуі –  

бірыңғай сөйлемдер. Мұндайда екі тармақты бір жерге қазық- 

тайтын грамматикалық бастауыш болады:

Амалсыз тағдыр бір күн кез болмай ма?

Біреуге жай, біреуге тез болмай ма? (I, 223) –

дегенде  тағдыр  деген  бастауыштың  ортақтығынан  2-тармақ 

біріншінің ажыратылмас жалғасы болып тұр. Абайда бұл кон-

струкция өте актив қолданылған. Жалпы, Абайда бір шумақты 

грамматикалық  бір  бастауышпен  (сондай-ақ  логикалық  бір 

субъектімен)  тұтастыру  –  ең  жиі  қолданылған  синтаксистік 

тәсіл.


Жасымда албырт өстім, ойдан жырақ,

Айлаға, ашуға да жақтым шырақ.

Ерте ояндым, ойландым, жете алмадым,

Етекбасты көп көрдім елден бірақ (I, 223) , –

деген шумақтың төрт жолындағы алты түрлі іс-әрекеттің иесі 

біреу – автор, грамматикалық бастауыш та біреу – мен есімдігі, 

грамматикалық  жағынан  бұл  шумақты  синтаксистік  тұтас 

единица  етіп  цементтеп  тұрған  –  бастауыштың  ортақ  болуы, 

баяндауыштардың бір формада жасалуы.

Абайдың  едәуір  шумақтарының  (11  буынды,  4  тармақты) 

алғашқы  екі  жолы  бір  субъектіге  қазықталған  болып  келеді. 

Әрине,  мұндайда  грамматикалық  бастауыштың  біреу  болуы 

шарт емес. Мысалы:

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178), –


276

дегенде екінші тармақтың субъектісі алдыңғыдағы адам өлмес 

деген  сөйлеммен  бір,  бірақ  екеуінде  субъектінің  грамматика- 

лық көрінісі екі бөлек (адам және ол). 1-2-жолдары бір субъ- 

ектіге (және көбінесе грамматикалық бір бастауышқа) қазық- 

талған  болып  құрылған  шумақтар  Абайда  едәуір.  «Ауру 

жүрек ақырын соғады жай» өлеңінің 5 шумағы да осылайша  

құрылған. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман», «Қар- 

тайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңдердің де көп 

шумақтарының  1-2-жолдары  бір  субъектімен  (бір  бастауыш-

пен) жымдасқан:

Бай алады, кезінде көп берем деп, 

Жетпей тұрған жеріңде тек берем деп (I, 28). 

Дос алады, бермесең – бұлт берем деп, 

Жауыңа қосылуға сырт берем деп (I, 28). 

Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, 

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек (I, 27).

Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 1-2-жолдарының 

бір-бірімен  тығыз  байланысқан  тағы  бір  тәсілі  бар.  Ол  –  екі 

жолдағы сөйлемдердің бірі – бағыныңқы, екіншісі – басыңқы 

болып, екеуі бір құрмалас сөйлем құрап келуі. Әдетте, бұл кон-

струкция 3-4-жолдарға тән екені мәлім. 11 буынды шумақтың 

1, 2-жолдарының жеке сабақтас құрмалас сөйлем болып келуі 

бұрын-соңды  қазақ  өлеңдерінің  синтаксисінде  етек  алмаған 

құрылым  болатын  (1,  2-тармақтардың  салалас  құрмалас  бо-

лып  орналасуы  –  кәнігі  тәсіл,  бұл  Абайда  да,  оның  алды-

артындағы мұралардың қай-қайсысына да тән. Яғни алдыңғы 

екі тармақ мағына жағынан бір-біріне байланысты параллель 

екі сөйлемнен құралуы – 11 буынды, 4 тармақты қазақ өлеңінің 

өнімді  құрылымы).  Абай,  сөйтіп,  1-2-жолдарды  сабақтас 

құрмалас етіп құрастыруды едәуір жүйелі түрде пайдаланады. 

Мұндайда  көбінесе  1-жол  шартты,  қарсылықты,  қимыл-сын 

бағыныңқылар болып келеді:

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 

Ол – ақынның білімсіз бишарасы (I66). 

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,

 Мақалдап айтады екен сөз қосарлап (I, 66).

Кейде бұл құрылымға өлең ұйқасының да қатысы бар. Мы-

салы,  көптеген  ұйқасы  -ып  жұрнақты  көсемше  тұлғасына 


277

құрылған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деген өлеңде 

әр шумақтың 1-2-жолдары көбінесе қимыл-сын бағыныңқылы 

сабақтас сөйлем болып келген:

Қобыз бен домбыра алып топта сарнап, 

Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап (I, 67).

Амалдап қарағайды талға жалғап,

Әркім жүр алар жердің ебін қамдап (I, 67).

Алғашқы  екі  жолды  сабақтас  құрмалас  етіп  құрастыруда 

көбірек кездесетіні – қимыл-сын және шартты бағыныңқылы 

түрлері, дегенмен өзге бағыныңқылар да жоқ емес.

11 буынды, 4 тармақты шумақтың 1-2-жолдарының салалас 

құрмалас болып құрылуы өзгелерде тәрізді, Абайда да молынан 

кездеседі.  Мұндайда  салаласқа  енген  компоненттер  көбінесе 

жалғаулықсыз жасалады. Бұл – өлең синтаксисіне тән қасиеттің 

бірі. Мұндай жолдардың арасына сондықтан, өйткені, бірақ, 



сонда  да  тәрізді  жалғаулықтар  сұранып  тұрғандай  сезіледі, 

яғни  екі  жолдың  біреуінде  себеп-салдарлы,  қарсылықты  т.б. 

мағына тұрады. Мысалы:

Осы елде бозбала жоқ сөзді ұғарлық,

Үзілмес үмітпенен бос қуардық (I, 37), –

деген  сөйлемдердің  біріншісінде  себеп,  екіншісінде  салдар 

мәні бар, араларына сондықтан деген шылауды келтіруге бо-

лар еді, демек, бұл – себеп-салдар мәнді салалас құрмалас.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап, 

Әуре етеді ішіне қулық сақтап (I, 213), –

деген  жолдардың  байланысы  да  өте  берік,  мұндағы  екінші 

жолдағы  көрінбей  тұрған  бастауыштың  кім  екені  контекстен 

танылады,  өйткені  2-сөйлем  біріншідегі  іс-әрекеттің  себебін 

білдіріп тұр, демек, себеп-салдарлы салалас құрмалас сөйлем.

Абай  өлеңдерінде  1-2-жолдарға  орналастырылған  салалас 

құрмаластардың  жалғаулықтар  арқылы  берілгендері  де  бар, 

бірақ  бұлар  аса  көп  емес.  Мұндайда  автор  екі  жолдағы  екі 

жай сөйлемнің араларына сонда да, бірақ, сол себепті тәрізді 

жалғаулықтарды пайдаланған:

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,



Сонда да солардың бар таңдамасы (I, 66).

Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,

Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес (1,178).


278

Туысқаның, достарың – бәрі екі үшті,



Сол себепті досыңнан дұшпан күшті (I, 238).

Мұндайда  Абай  жолдарының  едәуірінде  қарсы  мәнді 

сөйлемдер сабақтастырылған:

Қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді, 

Сөзді ұғар көкірегі болса көзді (I, 70), –

деген екі сөйлем осындай контрасқа құрылу арқылы өзара өте 

жымдасып біріккен.

Сөйтіп, Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінде 1, 2-жол-

дар өзара негізінен екі түрлі байланысып, жымдасып келеді: 1) 

екі жол мағынасы бір-біріне жуық параллель жеке екі сөйлем 

болып тұрады; 2) екеуі бір сөйлем болып құрылады, мұның өзі: 

а) бір жол тұтасымен не бірыңғай мүшелер болады, не жайыл-

ма бір ғана мүше болады; ә) сабақтас құрмалас сөйлем болып, 

тармақтық  біреуіне  бағыныңқы,  екіншісіне  басыңқы  сөйлем 

орналасады; б) салалас құрмалас сөйлем болып құрылады.

Абайда алдыңғы екі тармақтың бір сөйлем болып келуі сан 

жағынан едәуір мол, демек, белгілі бір системаға бет алған.

Алдыңғы екі жолдың грамматикалық та, логика мағыналық 

та,  ритмика-интонациялық  та  жақтарынан  тығыз  жымда-

сып  құрылуы  шумақтың  синтаксистік  тұтас  единица  болу-

ына  бірден-бір  себепкер  болады.  Төрт  тармақтың  күрделі 

синтаксистік тұтастық болып шығуы үшін қалған екі тармақтың 

синтаксистік құралымының мәні зор.

Әдетте, 11 буынды шумақты қазақ өлеңінің синтаксисінде 

3-4-жолдардың  алдыңғы  екеуімен  салыстырғанда  бір-бірімен 

әлдеқайда  тығыз  байланысып,  көбіне-көп  бір  сөйлем  бо-

лып  келетіндігін  бұрын-соңды  қазақ  өлеңінің  құрылымын 

зерттеушілердің барлығы көрсетеді. Бұған өлеңнің рифмалық 

суреті  де  көмектеседі:  5-жолдың  ұйқассыз  қалдырылуы 

(ааба) ол жолды соңғы жолмен параллель етуден құтқарады, 

сондықтан 3-жол көп ретте бағыныңқы сөйлем немесе соңғы 

жолдағы сөйлемнің жеке мүшелері тәрізді аяқталмаған тәуелді 

дүние болып келеді я болмаса салалас сөйлемнің бір компоненті 

болып құрылады.

Абайдың 11 буынды шумақты өлеңдерінің 3-4-жолдарының 

бір-бірімен  байланысу  түрлері  әр  алуан.  Олардың  ішінде  ең 


279

жиі  кездесетіндері  –  3-тармақтың  бағыныңқы  сөйлем  болып 

келетін  түрлері  мен  соңғы  тармақтағы  сөйлемнің  бір  бөлігі 

(мүшелері) болып келетін сәттері. 3-жолдың қимыл-сын, шарт-

ты, мезгіл бағыныңқы болып жасалуы – Абайдан өзге де қазақ 

өлеңіне тән ең өнімді конструкция. Әсіресе, баяндауышы -ып 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет