Ббк 83. 3 (5 Қаз) с 94 Қазақстан Республикасы


§ 8. ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы тіліндегі



Pdf көрінісі
бет14/25
Дата21.01.2017
өлшемі2,1 Mb.
#2384
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25
§ 8. ХVІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясы тіліндегі
әдеби-көркемдеуіш тәсілдер
Талдап отырған кезең үлгілерінің әдеби-көркемдік сипаты 
олардың  жанрлық  түрі  мен  тақырыбына  тікелей  байланысты 
болып келеді. Қазақ поэзиясының ертеден келе жатқан толғау 
жанрына, негізінен жыраулар мектебінің үлгілеріне тән әдеби 
тәсілдердің  бірі  –  параллелизм  екені  мәлім.  Параллелизм 
әдетте  көпсөзділікті  талап  етеді.  Негізгі  айтпақ  ойға  жеткен-
ше жүргізілетін параллельдер тақырыптан тыс әңгімеге орын 
береді. Әдебиеттің бұл белгісі XVIII ғасыр үлгілерінің тіліне 
де хас. Мысалы, Бұхар «уақытым кетті басымнан» деген ойын 
айту  үшін  құбылып  тұрған  бәйшешектің  солған  соң  қурай 
болатынын  да,  екі  қанаты  талғанда,  бүркіттің  төмендейтінін 
де,  қайраты  кеміп,  «уақыты  толғанда»  ханның  қасынан 
қарашысының  қашатынын  да  –қысқасы,  айтар  идеяға  парал-
лель  түсетін  көп  жайттардың  басын  шалады.  Сондықтан  бір 

175
шығарманың ішінде лексикалық мағынасы бір-бірінен қашық 
сөздер кездесетіндігі – бұл кезеңнің тіліне тән нәрсе. Айталық, 
«азаматы құлап, жұрт талық болған» заман дегенді білдірмек 
болған  шағын  толғауда  (Бұхарда)  табиғат  құбылысының  да 
(тұман),  малдың  да  (баспақ,  тана,  арғымақ),  қоғам  мен 
әлеумет  құрылысының  да  (құл-құтан,  құда,  азамат),  аб-
стракт  ұғымдардың  да  (іс,  заман)  атаулары  шоғырланған. 
Әрине,  бұл  тәрізді  тәсіл  қаншама  көп  сөзділікке  әкелгенмен, 
ол сөздер белгілі бір образдардың айналасында болғандықтан, 
толғаулардың  сөз  байлығы  орасан  мол  деуге  болмайды.  Бұл 
образдар (теңеу, салыстыру т.т.) көбінесе айналадағы табиғат 
пен  қоғам  тіршілігінен  алынғандықтан,  сөз  саны  қанша  көп 
болғанымен, олардың түрлілігі (әр алуан мағынадағы сөздері 
болып келуі) әлі де шағын.
Дегенмен  XVIII  ғасыр  поэзиясында,  әсіресе  ақындарда 
нақтылы  бір  тақырып  тенденциясы  күш  ала  бастағандықтан 
әдеби-көркемдеу тәсілдерінің де өзгере бастағаны байқалады: 
психологиялық  параллельдер  кеми  түсе,  сөзді  ауыспалы 
мағынамен қатар тура мағынасында қолдану көбірек кездеседі. 
Мысалы, Шал ақынның кәрілік туралы өлендерінде әрбір есім 
мен  етістік  өз  мағынасында  жұмсалған,  мұнда  тіпті  жөтел, 
қақырық,  тер,  қасыну  тәрізді  ұнамсыз  мәнді  сөздер  де  орын 
алған. Бұл тәсіл – қазақ поэзиясы тіліндегі нақтылыққа көше 
бастауының белгісі.
Бұл кезеңде де, жоғарыда айтылды, образдардың дені айна-
ланы қоршаған болмыстан, қоғамның өз тіршілігінен алынған. 
Ең  алдымен,  мал  шаруашылығына  қатысты  образдар  көзге 
түседі. Бұхар: Арғымағын жоғалтып, Той жүгірткен заман-ай 
дегенде «жақсы адам өліп, артын жамандар басты» деген иде-
ясын мал образы арқылы береді. Сол сияқты Абылай билеп-
төстеген  елді  Он  сан  алаш  баласын  Аузыңа  Құдай  қаратып, 
Жусатып,  тағы  өргізіп,  Жұмсап  бір  тұрсың  қолыңнан  деп 
сипаттайды. Мұнда ханның билігіне көнген ел бір жусап, бір 
өрген малды бейнелеу арқылы танытылады.
Өткен  дәуірлерден  келе  жатқан  жаугершілік  поэзияға  тән 
тұрақты тіркестердің үстіне едеуір жаңа тіркестер қосылғаны 
байқалады. Әсіресе бұл ретте Бұхардың қызметі ерекше.

176
Метафораның мазмұны да өзгере бастайды. Енді бұрынғы 
төрт түлік мал мен айналадағы табиғат немесе алғыр қыран, 
бөрі, арыстандар ғана емес, абстракт ұғымдар да метафорала-
нып,  олардың  қарсысында  нақтылы  заттар  тұрады.  Мысалы, 
Шал ақында: Ашу – пышақ болғанда, ақыл таяқ. Иман – қой, 
ақыл – қойшы, нәпсі – бөрі. Бұл дүние – басы биік бір бәйтерек 
деген сияқты образдар басталады.
Семантикасы  жағынан  жанаспайтын  сөздерді  тіркестіру 
–  тың  құбылыс.  Кейін  Абайда  қолданылатын  талаптың 
тұлпары,  үміттің  аты,  ұяттың  күзетшісі,  жүректің  көзі, 
тентек  жиын,  саңырау  қайғы  тәрізді  тіркестердің  ныша-
ны XVIII ғасырдан басталады деуге болады. Көтеш пен Шал 
ақындарда жыр нөсері, шашылған несібе, көңілім қорғасыннан 
ауыр болды деген бірді-екілі соны фраза бар. Бірі – абстракт 
(жыр, несібе, көңіл), екіншісі – нақтылы зат, қимыл атауы бо-
лып келетін бұл сөздердің мағыналары – изафеттік конструкци-
яда қабыспайтын дүниелер, ал бұларды бір-біріне жанастырып 
образ жасау – негізінен жазба әдеби тілге тән тәсіл. Оны қазақ 
дүниесінде жүйеге айналдырған Абай екені мәлім. Бірақ Абай 
жаңа құрылымды тың жерден тұрғызған жоқ. Оның алдында 
Шал,  Көтештерде  сұлбасы  салынып,  Дулат  (XIX  ғ.)  сияқты 
қаламгерлерде едәуір жотасы көтерілген бұл тәсілді Абай әрі 
қарай дамытып, орнықтырды.
XVIII ғасырға дейінгі поэзияда қаратпалар негізінен адам-
дар  болса,  енді  абстракт  есімдерге  де  қарата  айтушылықтың 
көріне бастауы – стильдік жаңалықтардың бірінен саналады. 
Мысалы, Ақтамберді жалғыздықты («Жағама қолдың тигенін, 
Жалғыздық, сенен көремін»), Шал ақын кедейлікті («Кедейлік, 
жабыстың  ғой  бала  жаста»)  персонофикациялайды  (адамға 
арнағандай қаратпа- объект етеді).
XVIII ғасыр әдебиетінде өткен дәуірлермен салыстырғанда, 
жалпылықтан гөрі нақтылық басым, бұл әсіресе ақындар твор-
чествосында  көзге  түседі.  Мысалы,  еркіндік,  сол  еркіндік 
үшін  күрес,  жайлы  мекен  аңсау  идеясын  білдіретін  бұрынғы 
толғаулар  мен  осы  мазмұндағы  XVIII  ғасыр  толғауларын 
тілдік-образдық құралдарды пайдалану жағынан салыстырсақ, 
бұрын:  Айналайын  Ақ  Жайық,  Ат  салмай  өтер  күн  қайда... 

177
Күмбір-күмбір кісінетіп, Күреңді мінер күн қайда (Доспамбет) 
түрінде жалпы мазмұнда болса, енді: Тобылғы сапты қамшы 
алып,  тұлпар  мойын  ат  мініп,  Қоныс  та  қарар  ма  екенбіз? 
(Ақтамберді)  сияқты  нақтылық  бар,  осы  арқылы  жыраулар 
біршама  «жерге  түскен»:  мінер  аты  –  әйтеуір  күмбір-күмбір 
кісінейтін күрең емес, сыртқы «портреті» бар (тұлпар мойын) 
ат, арман иесі де – жалпы емес, оның сыртқы мүсін-тұлғасы көз 
алдыңа келтіріледі, ол – қолында тобылғы сапты қамшысы бар, 
тұлпар мойын ат үстіндегі адам. Әрине, бұл айырмашылықтар 
әзірге үзілді-кесілді емес, бұл ретте әлі де жалғастылық күшті 
(мысалы,  Ақтамбердінің  «Күмбір-күмбір  кісінетіп»  деп  ба-
сталатын  толғауының  жоғарғы  көрсетілген  тұстарында  және 
«Ақтамберді  қолы  деп»,  «Жанайдың  салған  жолы  деп»  де-
ген  нақтылы  жолдармен  қатар,  көп  жерінде,  тіпті  бастапқы 
тармақтарының өзінде дәстүрлі образдар қолданылған).
Міне,  XVIII  ғасыр  қазақ  поэзиясының  негізгі-негізгі 
көркемдік тәсілдерді пайдалану жайы – осындай, бұл белгілер 
сол тұстағы әдеби тілдің сипатын білдіруде белгілі рөл атқарды.
§ 9. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың I жартысындағы
 ресми қағаздардың тілі
Аталған кезеңдегі қазақ даласында тіл тәжірибесінің және 
бір түрі болды. Ол – қазақтың хан, сұлтан, старшындарының 
орыс  империясының  әкімшілік  орындарына  және  бір-біріне 
жазысқан  әрқилы  сипаттағы  (мазмұндағы)  қағаздары  мен 
хаттарының  тілі  болды.  Бұлар  –  көбінесе  орысша  проще-
ние,  уведомление,  донесение  деп  аталатын  құжаттар  мен  рес-
ми  хаттар.  Олардың  архивтерде  сақталғандары  1940  жылы 
жарияланғандықтан,  1785  жылдан  1828  жылға  дейінгі 
материалдардың тілін талдауға мүмкіндік туып отыр.
Ең  алдымен,  ресми  құжаттарды  қазақтың  сол  тұстағы 
көркем  әдебиеті  үлгілерінен  бөліп  қарау  қажеттігі  даусыз, 
өйткені, біріншіден, бұлар әдебиеттің өзге жанрына жататын 
болса, екіншіден, тілі мен стилі жағынан өзгеше болып келеді. 
Ол жөнінде құнды, дұрыс пікірлер айтылған болатын. Бұл ма-
териалдарды  1940  жылы  жарияланғанда,  проф.  М.П.Вяткин 

178
былай деп көрсетті: «Хандардың хаттарын жазғандар қазақтан 
емес, татар молдалары – патша үкіметінің агенттері болатын, 
сондықтан да еңбекшілердің көтерілістерін «оңбаған халықтың 
бүліктері» немесе тіпті «кәдімгі ел тонау» деп сипаттаған. Тіл 
жағынан алғанда, қазақ феодалдары атынан жазылған бұл до-
кументтер арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда та-
тар элементтері басым, қазақ тіліне тән элементер әлдеқайда 
аз.  Орта  Азия  тілдеріне  тән  архаизмдер  мен  арабизмдер 
араласқан  татар  тілі  хандар  канцеляриясы  практикасында  
ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат-хабарлардың барлығында 
қолданылды.  Бұл  тіл  қазақ  халқының  көпшілік  бұқарасына 
мүлде  түсініксіз  болды»
148
.  XVIII-ХIX  ғасырларда  қазақ 
дүниесінде қолданылған ресми қағаздардың тілі туралы қазақ 
зерттеушілері де осындай баға береді: «Абай дәуіріне дейінгі 
хан-сұлтандардың  түрліше  грамота-хаттарына  келсек,  олар 
–  сол  кездегі  мода  болтан  ресми-  эпистолярлық  стильдің 
бөліктері  еді.  Мұнда  шағатай,  татар,  араб-парсы  элементтері 
басым болды»
149
.
Келтірілген  пікірлерда  қуаттай  отырып,  бұл  стильдің 
тілін  қолда  бар  материалдар  бойынша  жүйелі  түрде  былай-
ша  сипаттаута  болады.  Ең  алдымен,  талдауға  негіз  болған 
материалдар:  1785  жылы  II  Екатеринаға  Кіші  жүз  старшина- 
ларының  Әбілхайыр  ханның  балаларын  хандықтан  аласта- 
туды  сұрап  жазған  «ғарызнамасы»  (прошение);  1785  жылы 
Кіші жүздің ханы – Нұралының генерал- поручик О.А.Игель- 
стромға  жазған  хаты;  1787  жылы  Ералы  сұлтанның  полков-
ник  Д.А.Гранкин  дегенге  Нұралы  хан  мен  Айшуақ  сұлтанды 
босатып жіберуін талап етіп жазған «мағлұмнамасы» (уведом- 
ление); 1790 жылы Қара Көбек би және Шұбар билердің Россия 
Сыртқы істер коллегиясының мүшесі – граф А.А.Безбородко- 
ға жазған хаты; 1790 жылы Сырым Датовтың II Екатеринаға 
жазған «ғарызнамасы» (донесение); 1793 жылы Жетісудың бас  
старшинасы  –  Тіленшінің  Шерғазы  сұлтанта  жазған  «ағлам- 
намасы»  (донесение):  1794  жылы  қазақ  сұлтандары  мен 
старшиналарының  II  Екатеринаға  жаңа  хан  тағайындауды 
148
 Материалы из истории Казахской ССР. - Т. IV. - М.–Л., 1940. - С.41-43.
149
  Кеңесбаев  С.  Абай  –  основоположник  казахского  литературного  языка  //
Советский Казахстан. - 1955. - № 9. - С. 124.

179
өтініп жазған «ғарызнамасы» (прошение); 1803 жылы Айшуақ 
ханның Россия Сыртқы істер министрі – В.П.Кочубейге жазған 
хаты;  1821  жылы  Шерғазы  ханның  граф  К.В.Нессельродқа 
жазған  «ғарыз  халі»  (прошение);  1825  жылы  Қаратай 
сұлтанның Орынбор әскери губернаторы – П.К.Эссенге жазған 
донесениесі.
Стильдік  белгілері.  Кеңсе  қағаздары  тілінің  ортаазиялық 
түркі тілінде қалыптасқан стилі болды. Ол мәнер ресми жазба- 
лар тілінің лексика-фразеологиялық құрамында, грамматикалық 
тәсілдерінде,  тіпті  орфографиясында  орын  алған  өзіне  тән 
ерекшеліктерімен  танылады.  Біріншіден,  орта  ғасырлардан 
бастап біз сөз етіп отырған XVIII-ХIX ғасырларға дейін әрбір 
аралықтағы өкімдерді дәріптеп атайтын тұрақты эпитеттердің 
қолданылуы шарт болды. Бұл жалғыз ортаазиялық феодалдық 
қоғамдағы  түркі  халықтарында  ғана  емес,  өзге  де  халықтар, 
оның  ішінде  орыс  тілінде  де  орын  алды.  Мысалы,  жоғарыда 
аталған  құжаттардағы  гизатлу,  хурматлу  (уважаемый),  мар-
хабатлу  (милостивый,  всемилостивый),  сағадатлу  (блажен-
ный),  бийук  мартабалу  (высокостепенный),  гинайатау  (все-
благий),  қудратлу  (всемогущий),  шафағатлу  (милосердный) 
тәрізді  сын  есімдер  –  осындай  тұрақты  стильдік  эпитеттер. 
Бұлар түгелімен дерлік араб сөздерінен түркі жұрнағы арқылы 
жасалған. Бұлардан басқа да арабтың ғали және хазірет деген 
сөздері өте жиі қолданылып, біріншісі «жоғары, биік», екіншісі 
«его  (ее)  превосходительство,  величество»  деген  ұғымдарды 
білдіруге  жұмсалған:  Мысалы:  ғали  кәһәли  –  высокостепен-
ный;  сіздің  ғали  хазретлеріңіз  –  ваше  высокопревосходи-
тельство,  патса  хазретлері  –    ее  императорское  величество, 
государыня,  Игелъстром  хазретлеріне  –  его  высокопревос-
ходительству  Игельстрому.  Бұл  сөздердің  әрқайсысы  белгілі 
бір эпитетті білдіретін дәрежеде қалыптасып, осы стильге тән 
нормаға айналған.
Екінші.  Әңгіме  етіп  отырған  стильдің  сөздік  құрамы 
негізінен  түркі  тілдерінікі  болғанмен,  қазақ  қағаздары  үшін 
ерекшелігі  бар.  Бұлардағы  сөздердің  басым  бөлігі  –  қазақ 
тілінікі емес, ортаазиялық әдеби тіл мен татар тілдерінікі, тіпті 
бірқатар  тұстарда  көне  ұйғыр  жазба  дәстүрі  элементтері  де 

180
қатыстырылған. Мысалы, қазақша еді, бол түрінде келуге тиіс 
егістіктер ерді, ол вариантында келеді: хайран олдым, кіріфтар 
олынмыш, йазған ердім т.б. Ошбу, кібік, йуздендірмек (отвер-
нуться) сияқты сөздер де қазақ тіліне тән емес.
Ү ш і н ш і. Грамматика саласында да бұл стильге көне және 
ортағасырлық түркі жазба тілдерінің нормалары тән.
Лексикалық сипаты. Хан, сұлтан, би, старшиналардың ат-
тарынан жазылатын түрліше қағаздардың атаулары бірқыдыру 
ажыратылып қолданылған. Мысалы, жоғарғы орындардан бір 
нәрсені сұрай, өтіне жазылған қағаздар (прошение) арыз, арыз-
наме, арыз ахуал, арыз хал деп аталған және осы атаулардың 
всеподданнейшее,  всенижайшее  тәріздес  эпитеттерінің  ба-
ламалары  да  қалыптасқан:  таби’арзнаме  –  всеподданней-
шее  прошение.  Бірдеңені  білдіру,  хабарлау  үшін  жазылған 
қағаздар  (донесение,  уведомление)  а’лам  наме,  ’арз  наме  деп 
аталған. Бұлардан басқа орысша письмо термині 3-4 вариант-
та  берілген:  мәктәбө,  құтабту,  кәтаб  және  хат.  Әкімшілік 
орындарының  түрліше  бұйрық-жарлықтары  (повеление,  при-
казы,  указы)  йарлуқ,  әмир  йарлуқ,  фарман  түрінде  кездеседі, 
қазақша бұйрық сөзі жоқ.
Кейбір  әлеуметтік-әскери  терминдер  араб-парсы  сөздері 
арқылы  беріліп,  бірізді  қолданылған.  Мысалы,  қазақтың 
билеушілері  мен  патша  үкіметінің  жергілікті  әкімшілігіне 
қарсы  әрекет  етушілерді  харамилар  (разбойники  дегеннің 
баламасы  ретінде)  деп  атау  қалыптастырылған.  Бұл  сөзді 
осы  мағынадан  бірнеше  құжаттан  табамыз.  Жама’т  сөзін 
құжатты аударушылар община деп беріпті. Бұларда «халық», 
«көпшілік»  ұғымын  білдіруде  бірнеше  сөз  жұмсалған:  йурт, 
қара халық, ел жама’ат. Бұлардың ішіндегі йурт сөзі этника- 
лық-территориялық  тұтастыққа  біріккен  қауым  мағынасында 
қолданылғанға  ұқсайды:  қырғыз-қайсақ  йурты,  Орал  йур- 
тындағы  башқұртлар,  Руссиа  йурты,  күлли  йуртымызның 
жама’атлары – общины всего нашего журта. Сондықтан да 
осы құжаттардың орысша жаңа аудармасында бұл сөз аударыл-
май, жұрт деп алынған да оған мынадай түсініктеме берілген: 
«жұрт  –  страна,  территория,  на  котором  живет  одна  семья 
(усадьба)  или  род,  или  народ,  но  без  акцента  на  последнего 

181
(т.е. на население, народ), обозначающего термином ель (иль, 
эль)»
150
.
Ал халық сөзі сирек қолданылғанмен, осы күнгі мағынасын 
берген. Билеуші топтың қарсы жағы ретінде қара халық деген 
тіркес қолданылған.
Осы  сияқты  бірқыдыру  терминделген  сөздердің  қатарына 
харакат – поведение, поступки, аскер (бірер жерде ләскер) – 
войско, саудагер – купец, мал – товар, шабуыл – набеги, елші 
– посланец, депутат, сахара – степь, сахара халқы – степной на-
род, баж – налог, кеңес – совет, махкама – учреждение, управ-
ление, бастық, хаким, әкім – начальник, йаманлық – дурные 
действия, тұтқын – пленные, аманат – заложник, астрахат – 
спокойствие, қиянат – предательство деген сөздер де жатады. 
Бұлардың көпшілігі – араб-парсы түбірлері болса, елші, кеңес, 
бастық, тұтқын дегендер – түркі сөздері.
Қазақ жерінің Ресей империясына бағынуына байланысты 
көптеген жаңа ұғымдарды атау қажеттігі туады. Бұлардың да 
бірқатарына араб-парсы сөздері алынып, тұрақтана бастағаны 
байқалады. Мысалы, «подданство», «подданный» деген ұғым- 
дар  рағайатлік,  рағайат  сөздерімен  беріліп  отырылады. 
Сондай-ақ  патша  үкіметі  қазақ  жерін  билеуді  қолайлы  түрде 
жүзеге  асыру  үшін  шекараға  пограничная  линия  деген  шеп 
құрып, қорған, қалалар салғаны мәлім. Осы пограничная лини-
яны барлық құжаттарда сархад деп беріп отырған. Линияларда 
патша  үкіметі  тарапынан  орнаған  қала-қорғандардың  атаула-
рын  да  саралап  беру  бағыты  көрінеді:  оларды  көбінесе  қала 
(қал’а) деп, ал Орта Азия мен Ресей немесе шет жұрттықтардағы 
үлкен  қалаларды  шаһар  деп,  «крепость»  дегенді  бірде  қала 
(Ор қаласы – Орская крепость), бірде кірпіс, кірепос, кірепіш 
деп орысша атаған, «форпост» та аударылмай, фарбос түрінде 
қолданылған.
Өткен ғасырлардағы кеңсе-қатынас қағаздары тілінің лекси- 
калық  құрамындағы  және  бір  ерекшелік  –  жоғарыда  көрсе- 
тілгендей тек зат, құбылыс атаулары ғана емес, түрліше көңіл-
күйін,  амал-әрекетті  білдіретін  сын  есім,  үстеу,  етістіктердің 
бірқатары шет тілдік (араб-парсы) сөздерімен берілгендігінде: 
150
 Материалы из истории Казахской ССР. - М.-Л., 1940. - Т. IV. - С.41-43. 

182
ат’ақ – единодушно, айан дүр – известно, бәңе асыл болынды 
– мною получены, махзун қылдыңыз – огорчили меня, ғадаулік 
қылмақ – действовать враждебно, офат олынды – скончался. 
Мұндай  етістіктер  көбінесе  аналитикалық  жолмен:  негізгісі 
араб-парсы сөзі, көмекшісі түркі етістігі болып келеді.
Дегенмен  бұл  стильде  де  көптеген  жаңа  ұғымдарды 
білдіретін  терминделген  сөздер  жоқ.  Мысалы,  қазақ  даласы-
на  әкімшілік  единицаларын  белгілі  бір  мерзімге  сайлап  қою 
тәртібі келді, бірақ сол фактіні білдіретін қазақтың сайлау сөзі 
эпистолярлық-кеңсе  стиліне  енбеген,  сондықтан  «выборы», 
«избрание»  ұғымы  әртүрлі  сөздермен  берілген:  хан  қоярға  – 
для  избрания  хана,  хан  ясадылар  –  выбрали  хана.  Сондай-ақ 
пленный бірде тұтқын, бірде кіріфтар адамдар деп алынған.
Қазақтың билеуші топтарының патша үкіметі әкімшілік орын-
дарымен  жазысқан  хат-қағаздары  тілінің  тағы  бір  ерекшелігі 
– оларда орыс сөздерінің едәуір қолданылғандығында. Жоға- 
рыда  көрсеткеніміздей,  XVIII  ғасырдағы  қазақ  көркем  әдеби 
тілінде  орыс  сөздері  мүлде  жоққа  тән  болса,  ресми  жазба 
тілде ондаған сөздерді кездестіреміз. Ең алдымен, бұларға ла-
уазым аттары жатады: генерал сөзі аударылмай, бірде генерал, 
бірде жанарал, тіпті бір жерлерде гинерал тұлғасында келеді, 
сондай-ақ қауалер, старшина, гаспадин, гүбірнатыр, палкау-
ник, граф, пристап сөздері бар. Команда, линия, кірепіс, кор-
пус  сөздерін  де  сирек  болғанмен  кездестіруге  болады.  Орыс 
сын  есімдерінің  біразы  аударылмай,  сол  күйінде  алынады: 
сиятелни  граф,  уайении  гүбірнатыр,  уойскоуой  старшина 
т.б. Бұл – Орта Азия хандықтарында бұрын қолданылып келе 
жатқан ресми-эпистолярлық стильден қазақ тіршілігіне XVIII-
ХIX  ғасырларда  орын  алған  хат-хабарлар  стилінің  өзгеше 
түсетін тұсы. Бұл ерекшелікті ең бірінші көрсеткендер – проф. 
М.П.Вяткин мен Н.К.Дмитриевтер.
Сонымен қатар бұл стильде қазақ тілі элементтері жоқ деп 
айтуға  болмайды.  Мұндағы  біраз  жеке  сөздер  мен  тіркестер 
татарша-шағатайша  дәстүрлі  орфографиямен  жазылғандығы 
болмаса,  қазақ  тіліне  де  тән  екендігі  байқалады.  Мысалы, 
йурт, Кіші йүз, ақсақал, қара халық болып, төре, шабуыл, аты-
стырып-шабыстырып йурген, қабыл көрді, елші қылып, сізге 

183
қандай дұшман болса, бізге сондай дұшман, сол себептен, Жем 
суының  басындағы  ел,  елні  чаптырды,  көріп  оқуп  мазмұнын 
аңғардық, чауып алды, бұрұнғы болүп өткен т. т. қазақ сөздері 
ретінде де таныла алады.
Құжаттардың бір жерлерінде ерді, ердім, олды, олмыш бо-
лып келген етістік тұлғалары келесі бір жерлерінде еді, болды 
түрінде қазақша берілген.
Грамматикалық  сипаты.  Бұл  стильдегі  өзге  тілдік  эле-
менттер  лексика  саласынан  гөрі,  грамматика,  әсіресе  морфо-
логия саласында көбірек орын алады. Олар: есімдіктерді бәне, 
бәнім,  сендін  деп  септелген  түрлері,  деп  көсемшесінің  дайу 
түрінде  келгені,  есімшенің  -ған  жұрнағының  орнына  -мыш 
аффикстің  келуі,  III  жақ  жіктік  тұлғада  дүр  формантының 
қолданылуы,  етістіктің  III  жақ  көпше  аспектісінде  -лар 
жалғауымен  келуі:  хан  йасадылар,  алғанлардүр,  айталар, 
кеттілер,    жұрнағының  орнына  -ғу  формасының  келуі: 
дұшманлық  қылғучы,  етістіктің  -  ғай  жұрнақты  тұлғасының 
тілек,  қалау,  өтініш  мағынасын  беруімен  қатар,  ашық  рай 
(өткен  шақ)  қызметін  де  атқаратындығы,  есімшенің  -тұғын, 
-тын қосымшалы түрінің орнына тұрған сөзінің келетіндігі: 
шабуыл  қылатұрған.  Бұлардың  ішінде  әсіресе  дүр  формант-
ты тұлға жиі қолданылған, мұның себебін осы тұлға арқылы 
кәмілдікті, ақиқаттықты білдіру тенденциясынан іздеген жөн 
сияқты:  ма’лум  олынадүр,  оңайдүр,  өфкеміз  бардүр,  хан  деп 
білмәсдүр т.б.
Әңгіме  етіп  отырған  стильдің  синтаксистік  құрылымында 
да  бірқатар  өзгешеліктер  бар.  Ең  алдымен,  сөйлемдердің 
шұбалаңқы  болып,  жіктері  әрең  ажыралатындай  түрде  келуі 
көзге  түседі.  Мысалы:  Ол  харамилар  бені  өзлеріне  дұспан 
біліп,  уа  бендін  йүзлендіріп  йүргәнлерні  мындан’али  хазрат- 
ларыңызға  йазсамда  әлде  болса  бәнә  инанмай,  ол  қырғыз 
қазақларыңызға оғланларыңызны йіберіңіз дерсіз, ол харами- 
лар бенім йарлықымны алмақ дәкүл қайта анда йіберген фар-
зантымызныда  исенлік  илә  йібермәділәр  бәлки  өлтірділәр 
білемін  (Нұралы  ханның  С.А.Игельстромға  1785  жылы  21 
июльде  жазған  хатынан).  Мұнда  сөйлем  мүшелерінің  орна-
ласу тәртібі де тұрақты емес, құрмалас сөйлем компоненттері 

184
де  орындарын  ауыстырып  келе  береді.  Мысалы:  Ол  харами-
ларны  әзіне  дұспан  білгенімізден  а’ли  кәһәли  хазрәтлеріңізге 
йазған  ердім  (ол  харамиларға  әскер  йіберіп  қорқытмасаңыз) 
анлар  һечте  тиылмасалар  дәйу  (сонда).  Кім/ки  дәнекерімен 
құрастырылған сөйлемдер – ортаазиялық жазба тілдердің нор-
масы, бұл да – жоғарғы мәтіндерде орын алған синтаксистік 
ерекшеліктердің  бірі:  Айтыпсызлар  кім  бір  неча  насихат 
сөзлеріңізні.
Қазақ даласынан жазылған дүниеліктердің мәтіндерінде уа, 
һәм, ләкин, дәйу, бірлән, білән, иле, че жалғаулықтары арқылы 
бірыңғай  мүшелер  мен  құрмалас  сөйлемдерді  жалғастыру 
–  актив  тәсіл,  бұл  жалғаулықтар  «түркілік»  элементтер  екені 
белгілі
151
.
Түркі  жазба  тілінде  бірнеше  ғасыр  бойы  қалыптасқан 
ресми-қатынас  қағаздары  стилі  қазақ  топырағындағы  осы 
салаға  жататын  құжаттардың  тілінде  де  пайдаланылған.  Бұл 
жанр  тек  стильдік  белгілері  бойынша  емес,  жалпы  тілі  (лек-
сикасы мен грамматикалық құрылымы) жағынан да қазақтың 
жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен көркем әдебиеті тілінен алшақ 
тұрды.
151
  Бұл  ресми  қүжаттардың  синтаксисі    Т.  Қордабаевтың  арнайы  еңбегінде 
жан-жақты толық талданған. Қараңыз: Кордабаев Т. Тарихи синтаксис мәселелері. - 
Алматы, 1964. - 135-174-б.

185
V ТАРАУ
______________________
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет