§ 2. Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлеу
Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу
мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ. Ол да – түсінікті.
Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі қарайғы даму бағыты
әрқилы танылып келген соң, оның дәуірлерге бөлінісі де
біркелкі болмақ емес.
Қазақ әдеби тілінің даму көшін дәуірлерге бөлместен
бұрын, оның басын қай кезден бастау алатындығы жайлы
пікірлермен танысу қажет. Мұнда да біркелкілік жоқ. Қазақ
әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске
бөліп топтастыруға болады:
1) Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірі-
нен, ғұндар мемлекеті кезінен бастайды (Ғ.Мұсабаев II ға-
сырдан, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев V ғасырдан т.б.).
2) Қазақ әдеби тілінің тарихы XVIII ғасырдан басталады
(Қ.Жұмалиев, М.Балақаев т.б.).
3) XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Қ.Жұбанов,
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев). Бұл тұжырымды
ұстаушылар XIX ғасырдың II жартысына дейін де қазақта
әдеби тілді танытатын үлгілер болды дегенді қоса айтады.
Сірә, бұл жердегі пікір қазақтың ұлттық әдеби тілін көздей
айтылған болу керек.
4) Қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін басталады
(Т.Қордабаев).
5) Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы по-
эзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI
ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі XVI-ХVII
ғасырлардан, жаңа ұлттық, жазба әдеби тілі XIX ғасырдың
II жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев,
Б.Әбілқасымов, А.Ысқақов, Ә.Құрышжанов т.б.).
Осындай бастау кездеріне сәйкес, қазақ әдеби тілінің әрі
қарайғы даму кезендері де әртүрлі болып ұсынылады.
Әдеби тілдің тарих көшін анықтауда және оның өмір сүру
барысын кезеңдерге бөлуде көркем әдебиеттің даму кезең-
дері жайындағы пікірлер көңіл аудартады. Сондықтан әдебиет-
танушылар тарапынан қазақ әдебиетінің кезендерін тану
21
(зерттеу) туралы мынадай пікірлер мен тұжырымдарды
көреміз.
Филология факультеттерінің студенттеріне арналған «Ер-
тедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясын» құрастырушылар
(Б.Кенжебаев, Х.Сүйінішәлиев, М.Жолдасбеков, М.Мағауин,
1967) қазақ әдебиетінің тарихын бес дәуірге бөледі:
1. Көне дәуір (V-ХIV ғ.) – қазақ қауымының рулық-ұлыстық
дәуірі. Бұл кездегі әдеби шығармалар – көптеген түркі халық-
тарына ортақ мұра.
2. Хандық дәуірдегі әдебиет (XV-ХVIII ғ.) – қазақтың төл
әдебиетінің басталу шағы, алғашқы дәуірі.
3. XIX ғасырдағы әдебиет.
4. ХХ ғасырдың басындағы (1900-1920) бұқарашыл әдебиет.
5. Социалистік дәуір әдебиеті.
«Қазақ Совет энциклопедиясында» берілген «Қазақ әде-
биетінің ертедегі нұсқалары» деген мақалада түркі тілдес
халықтар мен қазақ ру-тайпаларының әдеби туындыларын мы-
надай тарихи дәуірлерге бөліп қарайды:
1. IV – VIII ғ. – түркі дәуіріндегі әдебиет.
2. IX-ХII ғ. – мұсылман дәуіріндегі әдебиет.
3. XIII-ХIV ғ. – Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет.
4. XV-ХVIII ғ. – Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет
31
.
Қазақ көркем әдебиеті тарихын кезеңдерге бөлудің бұлардан
басқа да үлгілері бар. Әдебиет зерттеушілерінің көпшілігі XV
ғасырдан кейінгі әдебиетті «қазақтың өзінің қолтума әдебиеті»
деп таниды.
Қазақ әдебиеттанушыларының енді бір тобы қазақтың
төл әдебиетін XVIII ғасырдан, Бұхар жыраудан бастап келді
(Қ.Жұмалиев, Ы.Дүйсембаев т.б.). Осыған орайластырып,
қазақ әдеби тілінің басын XVIII ғасырдан алып, бері қарай
дәуірлеу тіл мамандарына да тән болды.
Н.Сауранбаев қазақ әдеби тілінің тарихы әлі толық зерттел-
меген, сондықтан оны дәуірлеу қиын дей келіп, «пікір туды-
ру үшін өз ойымызды айтуды дұрыс көрдік» деп, бұл тарих-
ты үш дәуірге бөледі: 1) XIX ғасырдың II жартысына дейінгі,
2) ХІХ ғасырдың II жартысынан XX ғасырдың 20-жылдары-
31
Қазақ Совет энциклопедиясы. - 6-т. - 1975. - 233-б.
22
на дейінгі, 3) советтік дәуір
32
. М.Балақаев, Е.Жанпейісов,
М.Томанов ұсынған дәуірлеу кестесі Н.Сауранбаев кестесіне
жуық, айырмашылық – XX ғасырдың басындағы әдеби тіл де-
ген үшінші кезең бөлек танытылады
33
.
Қазақ әдеби тілі жайында энциклопедияға жазған мақа-
ласында М.Балақаев пен Ә.Құрышжанов оның тарихын мы-
надай кезеңдерге бөліп қарайды: 1-кезең – ХVIII ғасырдың
II жартысы, бұл – қазақ әдеби тілінің алғашқы дәуірі; 2-кезең
– ХIX ғасыр, бұл ғасырдың екінші жартысында жаңа сапалы
жазба әдеби тіл пайда болды; 3-кезең – Октябрь революция-
сынан кейінгі
34
. Дегенмен авторлар осы мақалада V-VIII, IX-
ХII және XIII-ХIV ғасырлардағы ескі түркі ескерткіштерінің
тілін қазақ әдеби тілінің ескі арналары есебінде атап өтеді,
XV-ХVII ғасырлар әдебиетінің тілі ортаазиялық жазба әдеби
тілмен байланыстырылады. Бұл классификацияда XV-ХVII
ғасырлардағы, тіпті XVIII ғасырдың I жартысындағы ауызша
тараған қазақ әдеби тілі, яғни осы кезеңдегі ақын-жыраулар,
шешендер, жылнамашылар тілі ауызға алынбайды.
1968 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің тарихы»
(авторлар – М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов) атты оқу
құралында да әдеби тіл тарихын өзгеше баяндайтын зерттеуші
– М.Балақаевтың концепциясы негізге алынғандықтан, қазақ
әдеби тілінің даму барысы мынадай кезеңдермен байланысты:
1-кезең. XVIII-ХIX ғ. әдеби тіл.
2-кезең. XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл.
3-кезең. XIX ғасырдың II жартысындағы әдеби тіл.
4-кезең. XX ғасырдың басындағы әдеби тіл.
5-кезең. 1920-1930 жылдардағы әдеби тіл.
б-кезең. 1940 жылдан кейінгі әдеби тіл.
Бұл дәуірлеу қазақ әдеби тілінің тарихын ғылыми-теория-
лық тұрғыдан гөрі, қазақ халқының әлеуметтік өмірінің
хронологиялық мерзімдеріне қарай жасалған шартты кесте
екенін мойындау керек.
32
Сауранбаев Н. Қазақ тіл білімінің мәселелері. - Алматы, 1982. - 119-б.
33
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М. Қазақ әдеби тілінің мәселелері. -
Алматы, 1961. - 56-б.
34
Қазақ Совет энциклопедиясы. - 6-т. - 1975. - 233-б.
23
Қазақ әдеби тілінің даму кезеңдерін белгілеуде ұсынылып
келген бұл кестелердің көпшілігінен мына бір жайт байқалады:
әдебиеттанушылар, тіпті кейбір тіл мамандары да жалпы бір-
бірінен бөлек екі категорияны: жалпы қазақ тілі және қазақ-
тың әдеби тілі дегендерді араластырып, оларды айырмай
қарайды. Бұл екеуі дәуірлеуге келгенде екі түрлі болуға тиісті.
Жалпы қазақ тілінің тарихы әріден басталады және ол осы
тілде сөйлейтін халықты құраған ру-тайпалардың тарихымен,
этникалық тұтастық ретінде халық болып топтасу процесімен,
оның әрі қарайғы ұлт ретінде ұйымдасуымен (консолидация-
лануымен) байланысады. Осы тұрғыдан келгенде, жалпы қазақ
тілінің дәуірлерін: бәлкім, біздің жыл санауымыздан бірнеше
ғасыр бұрынғы кезеңнен бастап біздің жыл санауымыздың
XIV-ХV ғасырларына дейінгі дәуірі, болашақ қазақ халқын
құрайтын ру-тайпалардың тілі; екінші кезең – ХV ғасырдан
XIX ғасырдың II жартысына дейінгі мерзім, бұл мерзімде ру-
тайпалар этникалық тұтастық – халық ретінде қалыптасты;
үшінші кезең – ХIX ғасырдың II жартысынан қазіргі кезге
дейін, бұл уақытта қазақ халқы ұлт болып шоғырланды – деп
тануға болады.
Әдеби тіл – халықтық не ұлттық мәдениеттің белгілі бір
көрінісі, ол әрбір халықтың өзі жасап отырған дәуіріндегі
қоғамдық-экономикалық, саяси-шаруашылық өмірімен тікелей
байланысты. Сонымен бірге ол өзінің ішкі даму заңы бойын-
ша да өрістейді. Тіл өзі қызмет етіп отырған ортаның мәдени-
әлеуметтік ерекшеліктерімен, яғни ғылымның, өнердің,
әдебиеттің, қоғамдық ойдың т.б. даму дәрежесімен қоян-қолтық
араласып, астасып жатады. Сол сияқты әдеби тіл өзін тұтынып
жүрген халықтың этно-географиялық ортасына да тәуелді,
әсіресе тәлім-тәрбие беріп, білім тарататын орталықтармен
тікелей қарым-қатынаста болады.
Әдеби тіл әрдайым өзгеріп отырады. Ол өзінің қызмет ету
барысында көптеген күрделі жолдардан өтеді. Міне, сондықтан
әдеби тілдің даму кезеңдерін тарихи тұрғыдан алып қарау ке-
рек болады. Ұзақ жылдар бойына ол жайлап өзгереді, біртіндеп
қалыптасады, сыртқы сандық өзгерістерден ішкі, сапалық
өзгерістерге ұшырайды. Осындай ішкі (тілдік, структуралық)
24
өзгерістерге байланысты да әдеби тілдің өзгеру, жетілу (әдет-
тегі терминмен айтқанда, даму) дәуірлерін бірнеше кезенге
бөліп қарауға болады.
Біз қазақ әдеби тілінің даму тарихын ең алдымен басты-ба-
сты екі дәуірге бөлеміз:
І. қазақ халқының ұлттық кезеңге дейінгі әдеби тілі;
ІІ. қазақ халқының ұлт болып қалыптасқан кезеңіндегі
әдеби тілі.
Алғашқы дәуірдің өзін шартты түрде (әсіресе оқу бағдар-
ламасын жеңілдетіп құру үшін) екі кезеңге бөліп қарастыруға
болады (осы оқулықта біз осылайша бөліп алдық):
1-кезеңі – Қазақ хандықтарының құрылуы мен қалыптасу
тұсы, бұл XV-ХVIII ғасырдың бірінші жартысын қамтиды,
мұны «қазақ хандықтарының кезіндегі әдеби тіл» деп те атап
жүр.
2-кезеңі күні бүгінге дейін бел алып келген дағды бойынша,
XVIII ғасырдың II жартысынан XIX ғасырдың II жартысына
дейінгі тұсқа шамалауға болады. Бұл тұста қазақ даласында
хандық жойылды.
1-дәуір қазақтардың дербес халық болып құралып, өз алды-
на хандық құрған тұсы – ХV ғасырдан басталып, XIX ғасырдың
II жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Бұл – қазақтың ауызша
да, жазба да әдеби тілдерінің қалыптасуы мен әрі қарай даму
процесінің алғашқы тұсы. Бұл кезеңдегі әдеби, әсіресе ауыз-
ша дамыған әдеби дәстүр қазақ халқы мен қазақ хандығының
құралу процесіне үлес қосқан үлкен әлеуметтік күш болды.
М.Әуезов былай деп жазған еді: «Тақырыбы мен жанрлары
жағынан сан алуан қазақ халқының ауыз әдебиеті XV-ХVII
ғасырларда кеңінен дамыды. Өлең-жырлар, тапқыр шешендік
сөздер халықтың қоғамдық және рухани өмірінде көрнекті
орын алды. Сол кездегі мақалдар мен мәтелдер... сөз өнерін
халықтың аса қадірлегенін көрсетеді»
35
.
Бұл дәуірде тараған әдебиеттерді үш топқа бөлуге болады:
1) Ауыз әдебиеті (фольклор) үлгілері. Аты-жөні ұмыт болған
авторлардың шығармалары да осы топқа жатады.
2) Ауызша тараған авторлы әдебиет (поэзия және шешендік
сөздер).
35
Әуезов М. Қазақтың ауыз әдебиеті //Қазақ ССР тарихы. - 1957. - І-т. - 212-213-б.
25
3) Жазба әдебиет үлгілері. Олардың тілі ортаазиялық түркі
жазба дәстүріне негізделді. Бұл үлгілерді хан сарайының
біліктілері мен ру-тайпа басындағы зиялылар оқитын болған.
Қазақтың төл жазба әдеби тілінің алғашқы нышандары
XVI ғасырларда-ақ көріне бастады (мысалы, жалайыр Қадыр-
ғали би жазған шежіресі, хандар кеңсесінің әр алуан жазба-
лары т.б.). ХVІІІ-ХIX ғасырлар қазақ қауымы үшін едәуір
үлкен әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер мен бетбұ-
рыстардың кезеңі болды. Осыған орай өз заманының жемісі
ретінде қазақ әдебиетінің жаңа сипатты туындылары пайда
болды. Жыраулық мектеппен қатар ақындық дәстүр күшейе
түсті. Ендігі жерде жыраулар мен ақындардың бірқатары
мұсылманша сауатты болып, түркілік жазба әдебиеттен де
сусындай алатын болды. Бұл құбылыс әдеби тілдің одан әрі
орныға, дами түсуіне зор ықпалын тигізді.
Екінші дәуір XIX ғасырдың II жартысынан басталады.
Бұл – қазақтың ұлттық жаңа жазба әдеби тілінің қалыптасу
тұсы болды. Бұл кезеңнің өзін кейде (көбінесе) XIX ғасырдың
II жартысынан XX ғасырдың басына дейінгі, XX ғасырдың
алғашқы екі онжылдығындағы және кеңес дәуірі деп келте
кезеңдерге бөліп қарастыру да байқалады. Бұлайша дәуірлеу
– әдеби тілдің өзінің даму сатыларына қарап айқындау емес,
қоғам өмірінің әлеуметтік хал-ахуалына қарап бөлшектеу бо-
лып табылады. Ал, шындығында, өткен ғасырдың екінші жар-
тысында қалыптасып, өмірге келген қазақтың ұлттық жаңа
жазба әдеби тілі сапалық үлкен өзгеріссіз бүгінгі қазақ әдеби
тіліне келіп ұласып отыр. Әрине, әдеби тілдің бір кезеңінің өз
ішінде даму барысы (қарқыны, сипаты, өзге тілдермен қарым-
қатысы т.т.) бір қалыпты болмайтыны – даусыз. Бірақ әдеби
тіл эволюциясының кезендерін айқындау үшін, ең алдымен,
тілдің өзіне хас (тән) сапалық өзгерістерді, ол өзгерістердің
алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда байқалатын белгілерін
есепке алу керек. Содан соң барып сол тілді иемденуші
халықтың әлеуметтік тарихының тілге еткен ықпалына
(экстралингвистикалық факторларға) назар аударылуға тиіс.
Әдетте қоғамның азаматтық тарихының тіл дамуына әсері
едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді. Әлеуметтік-саяси, идео-
логиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп
26
шыға келмейді. XIX ғасырдың II жартысынан бермен қарай
қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде небір өзгерістер,
жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын
түбегейлі өзгерткен жоқ, рас, сөздік қазына молықты, грамма-
тикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдер-
дің жеке белгілері айқындала түсті, орфоэпиялық (сөзді дұрыс
дыбыстау) нормаларын сақтау қолға алынды т.т. Бірақ бұлар-
дың ешқайсысы тілде сапалық өзгеріс туғызған жоқ.
Міне, қазақ әдеби тілі дамуын дәуірлеудегі ұсынылып кел-
ген пікірлерді көрсете келіп, бұл мәселенің әлі де шешілмеген
даулы жайттары барын ескертеміз.
Дау туғызатын мәселенің бірі – қазақтың төл ауызша әдеби
тілінің тарихын не себептен XV ғасырлардан бастаймыз де-
ген сауал. Оған біздің жауабымыз мынадай. Бұл кезең – қазақ
хандығын құраған ру-тайпалардың өз алдына дербес халық
болып топтана бастаған, яғни «қазақ» деген этнонимнің тарих
сахнасынан орын ала бастаған тұсы. «Дербес қазақ хандығы
құрылған XV-XVI ғасырларда нағыз тума қазақ әдебиеті ауыз-
ша поэзия түрінде қалыптасады. Соған орай оның төл әдеби
тілі де поэзия тілі түрінде жасалды»
36
. Сөз жоқ, бұған дейін
де қазақ тілінде (яғни кейін қазақ тілі болып қалыптасқан тіл
типінде) сөйлеген ру-тайпалар сан ғасыр бойы өмір сүріп келген
және олардың жақсы дамыған ауызша көркем әдебиет дәстүрі
болған. XV ғасырдан аты белгілі жыраулар мен шешендер
тақыр жерден өнер бастамағандықтары белгілі. Олар өздеріне
дейінгі дәуірлердің поэзия дәстүрін (VIII-XIII ғасырлардағы
түркі халықтарына ортақ ауызша поэзияны былай қойғанда),
XIII-XIV ғасырлардағы Алтын Орда мен Ақ орданы ме-
кен еткен болашақ қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, Еділ,
Қырым татарларын құраған тайпа одақтарының сөз өнерін әрі
қарай жалғастырушылар, дамытушылар болды. Бұл пікірді
Қ.Өмірәлиев «XV-XIX ғасырлардағы қазақ поэзиясының
тілі» деген кітабында нақты материалдармен дәлелдеп, жақсы
көрсетіп берді.
Екінші даулы мәселе – «қазақ қауымы халық болып
қалыптасқан бойда көркем әдебиеті мен әдеби тілі бірден пайда
бола қоюы шындыққа сая ма?» деген сауал. Әрине, белгілі бір
36
Өмірәлиев Қ. Тереңге тартқан тамырлар// Қазақ әдебиеті. - 1981, 17 июль.
27
ру-тайпалардың халық болып бірігуі мен оның рухани-мәдени
дүниесінің, оның ішінде әдебиеті мен тілінің қалыптасуы (пай-
да болуы) әрдайым тұспа-тұс келе бермеуі мүмкін. Бірақ халық
болып құралғанға дейінгі көркемсөз мұрасы мен дәстүрі сол
халықтың әдебиетінің едәуір шамада көрініп, дербестік алуына
жағдай жасайтыны және ықтимал. Сірә, қазақ халқын құраған
ноғайлы-қазақ ру-тайпа одақтарының XV ғасырларға дейінгі
көркемсөз өнері күшті дамып келгендігі қазақ халқының ауыз-
ша поэзиясының бірден қазақ поэзиясы ретінде көрінуіне се-
беп болған тәрізді.
Демек, осы көрсетілгендер сияқты өзге де жеке мәселелер
қазақ әдеби тілінің тарихын бастауда және оны әрі қарай
дәуірлерге (кезеңдерге) бөлуде әлде де алдымызда тұрғанын
ескертеміз.
§3. Қазақ әдеби тілінің функционалдық
стильдерге тарамдалуы
Зерттеушілер әдеби тілдің стильдік тарамдалуына жанр
принципін негіз етеді. Соған орай көркем әдебиет жанры-
на көркем әдебиет стилі, қоғамдық-публицистика жанрына
публицистика стилі, тағы сол сияқты әр жанрға әр стиль сай
келмек. Тілдің функционалдық стилі дегеніміз – жоғарыда
көрсетілгендей, әдебиеттің белгілі бір жанрына немесе
әлеуметтік іс-әрекеттің белгілі бір саласына (мысалы, ресми
стиль, кеңсе стилі, телеграф стилі деген сияқты) я болмаса
қоғам тіршілігіндегі белгілі бір ситуацияға (мысалы, салта-
натты стиль, сыпайы стиль т.т.) сәйкестендіріліп қалыптасқан
тұлға-тәсілдер жүйесі, семантикасы мен экспрессиясы
жағынан біршама тұйықталған (әр стильге қарай іріктелген)
тілдік құралдар тобы
37
.
Демек, тілдің функционалдык, стильдері – ең алдымен,
оның әдебиет жанрына қарай ажыратылған тарамдары.
Стильді сөз еткенде, тілдің барлық элементтерін қамтуға тура
келеді: «Стиль ойды білдіру құралдарының жүйесі ретінде,
тіл құрылымының барлық элементтерін: дыбыстарды
37
Виноградов В. В. О задачах истории русского литератур ного языка // Известия
АН СССР. - ОЛЯ, 1946. - Т. V. - Вып. 3. - С. 295.
28
да, грамматикалық тұлғаларды да, сөз қазынасын да, фразео-
логиялық тіркестерді де және осы салалардың композициялық-
синтаксистік жағынан құрылу тәсілдерін де қамтиды».
38
Қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдерінің құрылы-
сы, саны, сипаты және иерархиялық сатысы (қайсысы басым
болтаны) барлық дәуірде бірдей болмағаны сөзсіз.
Ауызша әдеби тілдің стильдік тарамдары негізінен екі
үлкен топқа бөлінді. Олар: көркем әдебиет стилі мен ауыз-
ша сөйлеу стилі. Көркем әдебиет стилі поэзия жанрының сөз
үлгісі арқылы дамыды. Сондай-ақ шешендік сөздер деп ата-
латын ұйқасты-ырғақты проза және ертегілер болып ауыздан
ауызға тарады. Ал ауызша көркем сөйлеу стилін ұрпақтан
ұрпаққа ауызша таратылып келген шежірелер мен қарасөз
түріндегі дидактикалық ақыл сөздер танытты. Көркем әдебиет
стилі ауызша әдеби тілдің басты (доминант) стилі болып келді.
Ауызша әдеби тілдің айқын ажыратылған публицистикалық,
ғылыми, кеңсе іс-қағаздары стильдері болған жоқ.
Ал қазақ жазба әдеби тілінің ұлттық кезеңіне дейін жар-
тылай ғылыми әдебиет стилі, ресми іс қағаздары стилі және
эпистолярлық (хат-хабарлар) стильдері болды. Жартылай
ғылыми стиліне жазба шежірелер мен мұсылманша діни әдебиет
жатса, ресми құжаттар стиліне әр алуан кеңсе қағаздарының,
үкіметтің басқару орындары тарапынан берілетін түрлі
бұйрық- жарлықтар, ережелердің тілі жатады. Эпистолярлық
стильді хаттар немесе біреуге арналып жіберілген жазбалар
(послания) тілі танытады. Бұлардан басқа өткен соңғы екі
ғасыр ішінде қазақ топырағында (қазақ тілінде) діни әдебиет
үлгілері болды. Олардың дені мұсылман дінін, біразы христи-
ан дінін уағыздайтын, түсіндіретін, баяндайтын шығармалар
түрінде көрінді. Діни тақырыптағы әдебиеттің басым көпшілігі
(«Шариғат ул-ислам», христиан дінін уағыздайтын кітапшалар
т.б.) проза жанрында болса, кейбіреулері поэзия түрінде
кездеседі. Сөз жоқ, қазақша теологиялық әдебиеттің де өзіне
хас стильдік белгілері болғанын айту керек.
Қазақ тілінің осы күнгі стильдік тарамдалуының басы
XIX ғасырдың II жартысына тура келеді. Бұл тұста қазақ
38
Сонда, 230-б.
29
тілінде мерзімді баспасөз пайда болды, соған орай әдебиеттің
қоғамдық-публицистикалық жанрының іргетасы қалана ба-
стады. Бұл жанр қазақша публицистикалық стильдің алғашқы
үлгілерін туғызды. Өткен ғасырдың соңғы онжылдықтарынан
бастап, қазақ тілінде көпшілікке арналған жартылай ғылыми
әдебиет жанры жанданды. Мысалы, сол кездегі қазақ
қауымында жиі кездесетін адам мен малдың ауру-індеттері,
қазақ қоғамының экономикасы (мысалы, кейбір кәсіптер тура-
лы), мәдениеті т.б. жайында жарық көрген кітапшалар – қазақ
тіліндегі ғылыми-көпшілік әдебиеттің алғашқы көріністері
(«Трахома деген жаман көз ауру», «Жамандату, күйдіргі тура-
сында», «Егіншінің қызмет аты жайында» т.б.). Бұл стильдің
едәуір етек жая бастаған тұсы – ХX ғасырдың басы, ал нағыз
өркендеген, айқындалған дәуірі – қазіргі кезең.
Сондай-ақ көркем әдебиет стилінің де проза жанрын
қамтып, әлдеқайда дами түсуі XIX ғасырдың орта тұсынан ба-
сталады. Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себепші
болды. XX ғасырдың басы – қазақ көркем әдеби стилінің
бірсыпыра күшейген, өз ішінен тарамдалған тұсы. Осы кезеңде
проза, драматургия жанрларына сай белгілер пайда болып, әрі
қарай дамыды, стильдер жігі айқындала түсті. Сөйтіп, XIX
ғасырдың II жартысында қазақтың ұлттық әдеби тілінің мы-
надай функционалдық стильдері болды: көркем әдебиет стилі,
публицистикалық стиль, жартылай ғылыми стиль, ресми іс-
қағаздары стилі, эпистолярлық стиль.
30
I ТАРАУ
_____________________________
ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
Тіл тарихындағы жеке кезеңдер, соның ішінде әдеби тіл си-
патын алу кезеңі ешқашан тұтқиылдан, тақыр жерден пайда
болмайтыны белгілі. Олардың бастауы, қайнар көздері болуы –
шарт. Қазақтың ескі ауызша да, жазба да әдеби тілдерінің пай-
да болып, қалыптасуларына негіз болған арналары бар екен-
дігі даусыз. Бұл арналарды анықтауда тағы да қазақ әдеби
тілінің ауызша және жазба түрде дамыған екі түрін айырып
қарай отырып, бұл екі түрдегі әдеби тілдің көптеген көздері
ортақ екенін де бүгінгі ғылым ізденістері көрсетіп отыр.
Қазақ халқының мәдени мұраларының және тілінің тари-
хы өте көне замандарға кететіндігін, қазақ халқын құраған ру-
тайпалар ежелгі Қытай мен Рум (Византия) аралығында өмір
сүрген одақтар мен мемлекеттердің құрамында болғандық-
тан, көне мәдени мұраларға осы аралықты мекен еткен өзге де
ру-тайпалар сияқты қазақ халқы да ортақ болатындығын
«Ертедегі әдебиет нұсқалары» атты еңбек жариялап, сол нұсқа-
лардан үлгілер ұсынған авторлар – Б.Кенжебаев, М.Жол-
дасбеков, М.Мағауин, Х.Сүйінішәлиев, Қ.Сыдиықовтар 1967
жылы айтқан болатын. Бұл зерттеушілер қоғамның ру, ұлыстық
дәуірінде туған тұрмыс-салт жырлары, ертегілер, Алып батыр,
Қорқыт жайындағы аңыздар, Оғұз, Алпамыс туралы жыр-
дастандар түркі халықтарының тек біреуіне ғана емес, көп-
шілігіне ортақ екендігін баса айтады.
Бұл үлгілердің ішінде «Оғұзнаме» (IX ғ.), «Дәдем Қорқыт
кітабы» (IX ғ.), «Құтадғу білік» (XI ғ.) сияқты хатқа түсіп, жаз-
ба түрде жеткендері де бар. Сондай-ақ тасқа қашалып, VI-VIII
ғасырлардан қалған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері түркі
халықтарының көпшілігіне ортақ мұра екендігі де айтылады.
Әрине, ортақтықтың белгілерін, арнаның іздерін табу – ар-
найы зерттеушілердің міндеті. Әсіресе ол белгілердің қазіргі
түркі әдеби тілдеріне қатысын, яғни әсерін, үлгісін, элементі-
31
нің сақталуын т.т. сөз еткенде, ұсынылатын тұжырымдарды
нақты фактілермен дәлелдеу керек болады. Мысалы, Орхон-
Енисей ескерткіштері тіліндегі сөздердің лексикалық топтары-
на, мағыналары мен сыртқы тұлғаларына қарай оны осы күнгі
түркі тілдеріне жақын келетін немесе алыс тұратын сәттерін
айқындау – ескерткіштердің сол тілге қатысын айыру болмақ.
Ол жөнінде айтылған пікірлер мен нақты зерттеулер аз емес.
Мысалы, бұл ретте С.Е.Малов, В.В.Радлов, А.Н.Кононов,
Ғ.Айдаров, В.М.Насилов, В.Г.Кондратьев, А.С.Аманжолов,
Ә.Құрышжанов, М.Томановтардың еңбектерін атауға болады.
Ал Орхон-Енисей жазбаларындағы сөз үлгілерінің қазіргі
белгілі бір түркі әдеби тілінің қайнар көзін, қалыптасу
тұсын, даму барысына қатысын анықтауда өзгеше әдістерді,
басқа объектілерді таңдау керек болады. Әдеби тіл көркем
тілдің, белгілі тілдік нормалардың көрінісіне тікелей қа-
тысты болғандықтан, алыс-жақындықты жанрлық-стильдік
үрдістерден, көркемдеуіш тілдік механизмдерден іздеу керек
сияқты. Бұл орайда да ізденістер жоқ емес.
Қазақтың ауызша дамыған әдеби тілінің негізі, қайнар көзі
ерте кезеңдердегі қазақ халқын құраған ру-тайпалардың, XIV-
ХV ғасырлардан кейінгі қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілі,
халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілі және көне, ескі түркі жаз-
ба ескерткіштерінің тілі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |