§ 3. Бұхар – жыраулар мектебі тілін жинақтаушы
Ең алдымен, Бұхар жырау өзіне дейінгі қазақ поэзиясы тілін
түгелімен пайдаланып, оны әрі қарай жалғастырушы болса,
екіншіден, ол XVIII ғасырға дейінгі екі-үш жүзжылдықтар
бойы жасап келген әдеби тілдік дәстүрді түйіндеуші. Жырау
тілін бізден бұрынғы зерттеушілер өте дұрыс танығандай,
«Бұхар – халықтың өнеге-оқуы – дидактикалық поэзия мен
азаматтық позицияның жыршысы». Ол «Бірінші тілек тілеңіз»,
«Ай не болар күннен соң?», «Айналасын жер тұтқан» сияқты
өлеңдерімен өзіне дейінгі халықтық дидактикалық поэзия
дәстүрін ілгері дамытса, «Абылай ханның қасында», «Ай,
Абылай, Абылай, Сені мен көргенде», «Ханға жауап айтпа-
сам», «Керей, қайда барасың?» әрі «Бірінші тілек тілеңіз»
сияқты өлеңдерімен арғы жерде Асанқайғы, Шалкиіз, Жием-
бет жыраулардан басталған азаматтық поэзияны тақырып әрі
түр жағынан жетілдіріп, кемелденген поэзия үлгісін жасады
133
.
Толғау түріндегі дидактикалық поэзия – жыраулар мекте-
бінің дүниесі. Бұл жанрдың басты белгісі – стильдік стан-
133
Өмірәлиев Қ. XV-XIX ғ. қазақ... - 148-б.
143
дартты берік ұстау, яғни дәстүрлі амалмен көпшілікке тікелей
үлгі-өнеге, өсиет-ақыл айту немесе айтпақ идеясын өмірден
білген-түйгендерін (дүние танымы мен философиясын) баян-
дау арқылы жанамалап білдіру. Ал дәстүрлі амал – өмір мен
табиғат құбылыстарына қоғам мен адамдардың іс-әрекет,
мінез-құлқын шендестіре отырып, параллельдер түзу және
ол параллельдерді тұжырым етіп ұсыну. Мысалы, «Еділден
шыққан сызашық мен көргенде, Тебінгіге жетер-жетпес су еді.
Телегейдей сайқалтып, Жарқыраған беренді Теңіз етсе – Тәңірі
етті» деген табиғат суретін Шалкиіз жырау өз әміршісі – Би
Темірге «көп керіле берме, айтқан ақылымды ал», өйткені «сен
де менімен тең атаның ұлы едің, дәрежеңді артық етсе, Тәңірі
етті» деу үшін беріп отыр.
«Жаманмен істес болма, жақсымен дос бол» деген ақылды
айту үшін, яғни: «Бір жақсымен дос болсаң, Азбас-тозбас мүлкі
етер. Бір жаманмен дос болсаң, Күндердің күні болғанда, Жүмле
ғаламға күлкі етер» деген сентенцияны (нақыл сөзді) ұсынар
алдында «шағырмақ бұлт жай тастайтынын, ағытқан қойды
жол бастайтынын»... айтып алады. Осындай өмір шындығы
бар екендігіне тыңдарманның басын изеткеннен кейін, оған
жақсымен ғана дос болу керектігін мойындатады. Мұндай па-
раллельдер халыққа таныс суреттер арқылы беріледі. Ол үшін
тек қана айналаны қоршаған өмір, табиғат, қоғам тіршілігінен
алынған образдар көркемдеу қажетін өтейді. Өзіне дейінгі
әдеби тілдің бұл стилін Бұхар да жақсы пайдаланады. Мысалы
(біз мысалдарды даусыз Бұхардікі деп танылуға тиісті өлең-
толғауларынан ғана келтірдік): «Құрсағы құшақ байлардан
дәулет таймас демеңіз, өйткені дүние өтпелі, соны да ескер»
деген ақылды айту үшін: «Айналасын жер тұтқан Айды батпас
демеңіз. Айнала ішсе, таусылып, Көл суалмас демеңіз» деген
сияқты шеңдестіруге барады.
Бұхардың теңеулері де өзіне дейінгі әдеби тіл қоймасын-
дағыдай: Ұрғашының жақсысы Әбжыландай есіліп... Боз
жорғадай бұлғаңы. Байырғы қазақ поэзиясында және халық
ауыз әдебиетінде әбжыландай бұралу (толғану, есілу) –
әдеміліктің, сиқырлы көз тартарлықтың символы, жорғаның
жүрісі де – қазақ үшін әсемдіктің көрінісі. Әрбір онжылдық
144
адам өмірінің бірін ағып жатқан бұлаққа, екіншісін ерттеп
қойған құр атқа, үшіншісін жарға ойнаған лаққа т.т. теңеуі
де, құланы құлындай тулаған, түлкісі иттей шулаған деген
теңеулері де, аттың сынын бергенде, от орнындай тұяқтым,
саптаяқтай еріндім деген салыстырулары да – баршасы
өмірден, айналадан алынған әрі бұрыннан бар кәнігі образдар.
Жыраудың метафоралары да – дәстүрлі модельмен жасал-
ғандар: жіктік жалғауы арқылы (Мен өгіз терісі талыспын),
бір нәрсені екіншіге балау арқылы (Тоқсан бес деген тор екен)
келген метафораларға назар аударалық. Немесе Бұхар қолдан-
ған эпитеттер де өзіне дейінгі қазақ поэзиясына тән тұрақты
есім сөздер, -ған жұрнақты есімшелер және инверсияланған
тіркестер болып келеді. Бұлардың ішінде бірінші тобын, яғни
тұрақты есім сөз эпитеттерді Қ.Өмірәлиев Бұхар тілінде аз деп
табады. Зерттеуші бұл қатардан боз бие, құба жон, қу тақыр,
кең сарай, сары атан, ақ орда, ақ сойыл сияқты тіркестерді
ғана көрсетеді. Ал, біздің байқауымызша, олар сан жағынан
едәуір мол топ құрайды. Біз бұл қатарға үшкілсіз көйлек, бес
уақытты бес намаз, алпыс басты ақ орда, сегіз қиыр шар-
тарап, еңсесі биік кең сарай, қу таяқты кедей, ақсұңқар құс,
толғамалы қамшы, алтын тұғыр, он сан алаш, төрт құбыла,
көк дабыл, тең құрбы, асқар тау, қара жер, айдын шалқар,
ежелгі дос, ежелгі дұшпан, ер жігіт, асыл сөз, ақ иық бүркіт,
қайғысыз ұйқы, қайырусыз жылқы, қырық сан қара қалмақ,
қызыл аяқ мал, қара кіс, байрақты жер, қалы кілем, басты
орда деген тұрақты эпитеті бар тіркестерді қосар едік.
Екінші топта, яғни -ған жұрнақты өткен шақ есімше арқылы
келген эпитетті тіркестер тобына ардақталған сұлулық,
желкілдеген ту, жер қайысқан қол, омыртқасы үзілген,
тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен бала, жұпар
исі аңқыған, даусы қудай саңқыған бикеш, құбылып тұрған
бәйшешек, қулық туған құлаша сияқты мысалдарды көрсетуге
болады.
Келер шақ -ар жұрнақты есімше арқылы жасалған эпи-
теттерді де осы қатарға қосу керек. Олар сан жағынан аса
көп емес: құландар ойнар қу тақыр, қурай бітпес құба жон,
тоқымы кеппес ұры. Ал үшінші топқа төсі аршынды сұлу,
құрсағы құшақ байлар, құрсағы жуан боз бие деген тәрізді
инверсияланған эпитеттер мысал бола алады.
145
XV-ХVII ғасырлардағы қазақ поэзиясы тілінен келе жатқан
көркемдеуіш құралдың бірі – кейбір мағыналық топтағы сөз-
дердің тек қана эпитеттермен жұмсалатындығы. Мысалы, орда
сөзі: қалайылаған қасты орда, ақ ала орда, еңсесі биік боз
орда; жұрт, алаш сөздері: ауыр жұрт, он сан алаш тіркесінде
келеді. Бұл жердегі ауыр сөзі «көп» деген мағынаны білдіреді.
Ал қару-жарақ аттарының көбіне-көп тұрақты эпитетпен
колданылатындығын жоғарыда айттық (мысалы, бір ғана До-
спамбетте: толғамалы ақ балта, ала балта, алдаспан ауыр
қылыш, алты құлаш ақ найза, қанды көбе т.б.). Осы дәстүрді
Бұхар бұзбайды. Онда да орда сөзі жай ғана аталмайды, ол ал-
пыс басты ақ орда; сарай болса: еңсесі биік кең сарай.
Ландшафты, табиғатты білдіретін жон, тақыр, дала, тау,
көл, су сияқты сөздер де өздерінің номинатив мағынасында
жұмсалудан гөрі образ ретінде келетіндіктен, олар да арнайы
эпитеттермен қолданылады. Мысалы, Қазтуғанда: айдынды
сулар, аймақ көл, қоғалы көлдер, қом сулар, жапалақ ұшпас
жасыл тау түрінде қолданылған. Осы күнгі айдын көл, айдын
шалқар көл, асқар тау, қу тақыр, құба жон дегендер өте ерте-
ден келе жатқан эпитетті тіркестер.
Бұхарда кездесетін сегіз қиыр шартарап, толғамалы қамшы,
алтын тұғыр, қисапсыз қол, ежелгі дос, асыл сөз, күпшек сан-
ды күрең сияқты бұрыннан қолданылып келген кәнігі тіркестер
болса, үшкілсіз көйлек, қу таяқты кедей, тұрымтайдай ұл,
қызыл аяқ мал дегендер басқа үлгілерде кездеспеген тіркестер.
Ертедегі қазақ поэзиясы тілінде эпитеттердің мол қолда-
нылуы сол анықтауышпен айтылатын атаулардың номинатив
мағынасында жұмсалмай, образ ретінде келетіндігінен деп
табу қажет. Мысалы, Шалкиіз қоғалы көлдер, қом сулар десе,
бұл эпитетті сол көл мен суды суреттеу үшін айтып тұрған
жоқ, әңгіме өзегі – атамекенінен айрылып қалудың зары. До-
спамбет жырау: Сіреу, сіреу, сіреу қар Үсті – кілік, асты –
мұз десе, толғау тақырыбы – қар емес, бұл жердегі «күн-түн
қатса жібімес» қар мен мұз жаугершілік замандағы «күңіреніп
күн түбіне жортқан» адамның хал-күйін, өкінішін, арманын
білдіруге қажет образдар. Бұл орайда да Бұхар алдыңғы жы-
раулар дәстүрін бұзбайды. Ол «сарысуды көбелеп» кетіп бара
146
жатқан садыр руына «Жар басына қонарсың, Жарты лашық
тігерсің» десе, айтпағы – әсте лашықтың жыртылығы, оның
тігілетіндігі туралы емес, «егер қайрылмасаң, мүсәпір халге
түсерсің» деген сесін білдіру (жар басына жарты лашық тігу
– мүсәпірліктің образы).
Тек есім сөзден жасалғандары ғана емес, өзге тұлғалармен,
әсіресе есімшелермен келген эпитеттердің қызметі бұдан да
зор. Бұлар – әрі эпитет, әрі поэтикалық сурет болып келеді.
Мысалы, жыраулар тілінен ардақты деген сын есімді кездес-
тірмейміз, оның орнына ардақтаған аяулы, ардақтап жүрген
бикеш дегендерді оқимыз. Бұхар: «Тар құрсағын кеңіткен.
Тас емшегін жібіткен Анаң бір аңырап қалмасқа» дегенінде
алдыңғы екі жолдағы есімшелі құрылымдар – бір жағынан,
көркем эпитеттер болса, екінші жағынан, сурет – ананың
портреті, үшіншіден, өлең жасап тұрған «құрылыс материа-
лы». Сөйтіп, есімше тұлғалы сөзбен келетін күрделі эпитеттер
– қазақ поэзиясында ежелден келе жатқан элементтердің бірі.
Бұл тәсілге жыраулар көбірек жүгінген.
Сонымен, Бұхар көркемдеуіш элементтерді қолданудан ба-
стап, шығарманың (өлең-толғаулардың) құрылысы мен грам-
матикасына дейін өзінен бұрынғы қазақ поэзиясы дәстүрін
жалғастырды. Оның толғаулары 7-8 буынды жыр өлшемімен
келеді. Ұйқас суреті қатаң сақталмайды. Мысалы, «Жаулық
жолын сүймеңіз» толғауының ұйқастары а, –, а, –, б, –, б, –,
–, –, –, б болып құрылған (сызықша арқылы ұйқаспайтын
тармақтарды көрсеттік). Демек, 12 жолдық толғау бөлігінде екі-
ақ ұйқас бар, олар да бес-ақ жолды қамтиды, қалған жеті жол
ұйқассыз келеді. Өлеңнің буын саны да әрдайым қатаң сақтала
бермейді. Айтпақ ойды білдіретін сөздердің сыйымдылығына
қарай кейде бір тармақтағы буындар 7-8-ден не асып, не кем
түсіп отырады:
Төс(і) аршынды сұлуың – 7 буын
Сілкіп төсек сал(а) алмас малдан соң – 10 буын
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі дулығадай бас кетер – 13 буын
Немесе бұл жолдарды:
Бұл қылығың қоймасаң – 7 буын
Сонау кеудедегі – 8 буын
Дулығадай бас кетер – 7 буын
147
түрінде жазсақ та, тармақ жолдарының өлшемі біркелкі
шықпайды.
Бұхарда 11 буынды өлең өлшемі жоқ. Оның «Қайғысыз
ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай» деген бір ғана шығармасы 11
буынды болғанымен, ол қара өлең өлшемінде емес: а, а, б, а
ұйқасты қара өлеңнің тармақ ішіндегі буындар өлшемі 4+3+4
немесе 3+4+4 болуы керек, ал Бұхардың аталған өлеңдерінің
тармақтары 3+5+3 немесе 2+7+3 болып келеді. Бұл – өлеңнен
гөрі белгілі бір өлшеммен айтылған қара сөзге жуық, мұнда
тіпті ұйқас та жоқ, сондықтан бұл бес жолдық шағын шығар-
маны жырау Бұхардың толғауы деп емес, «ақылшы (сенатор)»
Бұхардың шешендікпен айтылған жай сөзі деп қараған абзал.
Бұрыннан келе жатқан жыраулар поэзиясы тіліне тән және
бір белгі – бір толғаудың өн бойында белгілі бір сөздердің не-
месе тіркестердің үнемі қайталап отыруы. Бұлар – көбінесе
тармақ соңына шығарылған сөздер болады. Осы ерекшелікті
Бұхар да берік сақтайды. Оның «Ай не болар күннен соң?» деп
басталатын толғауы шығыс септіктегі есім мен есімшелерді
меңгерген соң шылауының 14 жолда 14 рет қайталауымен
құрылған. «Айналасын жер тұтқан» деген толғауында демеңіз
сөзі 12 жолдың соңында қайталап келеді. Осындай қызметті
өзге толғауларында айт («Сөз анасы сәлемді айт...Ата менен
анаңды айт»), болмас («Ақсаңнан биік тау болмас...Өзіңнен
тумай ұл болмас»), бар, не пайда, немене, көп, күн, жұрт, қас,
болмайды, заман-ай, жиырма бес сөздері атқарады. Қайталама
элемент ретінде ма, ме сұраулық шылауы мен үшін шылауы да
кездеседі.
Тармақтар соңында бір сөзді қайталау арқылы толғау
құрастыру – жыраулар әдебиетінде өте ертеден қалыптасқан
тәртіп екені байқалады. Оның ең бір көне түрлері – ол, сәна
сөздерімен келетіндері. Мысалы, эпостардағы:
Қайтып Еділ өт сәна.
Еңсесі биік ақ орда
Еңкейіп сәлем бер сәна.
Ерні жұқа сары аяқ
Хан сарқытын іш сәна.
Жаурындары жақталы,
148
Түйме бауы тартпалы
Үстіңе ала қара кіс
Тон береді, ки сәна,
134
–
деген жолдарда сәна сөзі қайталап келген. Бұл элементтің
көнелігі сондай, ол тек жалғыз қазақ поэзиясына емес, көне
түркі поэзиясында да бар. Мысалы, XII ғасыр туындысы деп
есептелетін Қожа Ахмет Ясауи хикметтерінің тілінде мәна,
сәна сөздері тармақ соңында жиі ұшырасады:
Он бірімдә рахмат дарийа толуб ташды,
Алла дедім – шайтан мендін йырақ қашты.
һәйу һәуас мануманлік туруб көчті,
Он екімдә бу сирларны көрдүм мәна.
Он үчүмдә нәфсу һауау қолға алдым,
Нәфс башыға йүз мың бәлә қармап салдым.
Такаббарны айағ астын басыб алдым,
Он тәртумдә тофрағ сифат болдум мәна...
135
Сірә, әрі күшейткіш сипат беру, әрі өлең өлшемін толтыру
қызметін атқаратын бұл элементтер (мен, сен есімдіктерінің а
вокативі тіркесуі арқылы жасалған тұлғалар) тек жазба әдебиет
емес, түркі халықтарының ауыз әдебиетіне де тән болған болу
керек. Қазақ халқын құраған ру-тайпалар бұл тәсілді сақтап
келгені оның фольклор мұрасы мен ертедегі поэзиясынан
байқалады. Мысалы, Бұхарда: «Тостаған көзді торыны Топ
тарқамай мін сәна. Еліңнің қамын же сәна, Есіліп кеңес айт
сәна». Бұлардың ішінде әсіресе ол есімдігін тармақтар соңында
қайталау көбірек сақталған. Мысалы, Асанқайғыда:
Тақырлауға қонған қаз, тырна
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдан атар ол...
Әрине, қазақ поэзиясы үшін мәна, сәна сөздерімен өлең
құрастыру – ХV ғасырдың өзінде-ақ әлсіреген, некен-саяқ
134
Үзінді Ш.Уәлихановтың жазбаларынан алып П.М.Мелиоранский жариялаған
«Едіге» жырынан келтірілді// Сказание об Едигее и Тохтамыше (Киргизский текст по
рукописи). - СПб., 1905.
135
Бұл үзінді Ясауидің Самарқанд қолжазбасы (немесе залемандық қолжазба) деп
аталатын, Санкт- Петербургтың (Ленинградтың) Шығыстану институтыңда сақтаулы
дәптер бойынша келтірілді. Мұнда 5 хикмет (өлең, шығарма) мәна сөзін қайталап келтіру
арқылы құрылған, ал 1904 жылы Қазанда басылған «Диуанында» (жинағында) бұл сөзбен
13 хикметі берілген.
149
қолданылатын көне құрал. Бұл тұлғалардың соңғы ғасырларда
қазақ тілі үшін көмескі тартқандығы сондай, бірсыпыра жыр-
ларда қайталап келетін клишелердегі сәна тұлғалы тармақтар
өзге морфологиялық элементпен ауыстырылғанын көреміз.
Мысалы, жоғарыдағы «Едіге» жырынан келтірілген үзінді
1963 жылы жарияланған «Ер Тарғын» жырында:
Қара лашын береді,
Көлден көлге шүйсейші.
Қара арғымақ береді,
Елден елге мінсейші.
Бадана көзді кіреуке
Баса келіп кисейші! –
болып келеді (Батырлар жыры. - Алматы, 1963. - 408-б.).
Осы клишенің Қырым ноғайлары жырындағы берілісі мы-
надай:
Қайт сәна, Едіге, қайт сәна,
Хан иеңе саулықман қан айт сәна.
Ернеуі йұқа сары аяқмен
Бал береді, іч сәна!
Аяғы – терек, мойны – ерек
Ат береді, мін сәна!
Йетегінен йеңі ұзын
Тон береді, ки сәна!
(В.В.Радлов. Образцы народной литературы... - Ч. VII. - Наре-
чия Крымского полуострова. - СПб., 1896. - С. 108).
Сөйтіп, бір сөзді толғау ішінде тармақ соңында қайталап
отыру қазақтың ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясын-
да өлең техникасының басты шарттарының бірі болғандығын
«жыраулар соңы» – Бұхар туындылары көрсетеді.
Бұхардың поэзия әлемінде үлкен бір мектепті – жырау-
лар мектебін тіл жағынан да жинақтап, түйіндеуші ретінде
көрінетін өзге тұстары да аз емес. Жыраулар – дала философ-
тары, ойшылдар. Сондықтан олардың сөздерінде даусыз бол-
мысты танытатын баяндау (констатация) мол екендігі белгілі.
Сол констатация етістік шақтарына бейтарап, әрдайым бо-
лып жататын, белгілі бір құбылысқа тән іс-әрекетті білдіретін
-ар жұрнақты есімше арқылы беріледі. Бұл – мақалдарға тән
грамматикалық тұлға, өйткені мақал-мәтелдерде де шындықты
констатациялап барып, сол арқылы ғибрат, өсиет, өнеге айту
150
мақсаты көзделеді: Қоянды қамыс өлтірер, ерді намыс өлті-
рер дегендегі өлтірер етістігі қимылды білдіруден гөрі сол
қимылдың, іс-әрекеттің өмір шындығына (қоян мен ердің дау-
сыз бір қасиетіне) тәндігін көрсетеді. Жыраулар толғауларының
мақал- мәтелдерге ұқсайтын тұстары да осы жерде.
Бұхар да -ар жұрнақты есімшені еркін әрі актив пайдала-
нады. Мұны ол сөйлемнің баяндауышы ретінде емес, өзге
құрылымдарда да келтіріп пайдаланады. Бұхар үнемі бо-
лып жататын іс-әрекетті айту арқылы өз ойын («философи-
ясын») танытуда жалғыз -ар жұрнақты есімшені ғана емес,
өзге тұлғаларды да пайдаланады. Мысалы, «Алыстан қызыл
көрінсе, Манат емей, немене? Көтеріліп ұшқан соң, Қанат
емей, немене?» деп басталатын толғауындағы емей, немене
деген тұлға болар деген есімшенің орнына жұмсалған: «алы-
стан қызыл көрінсе, манат болар»... Немесе жырау констатация
идеясын сұраулы сөйлем етіп те ұсынады: «Тауық жүнді таз
тырна Тақыршақ жерге қонбас па? Ақ сұңқар құстың баласы
Ұяда алтау тумап па?». Мұндағы сұраулы тұлға да – қонар,
болар дегендердің грамматикалық синонимі. Мұндай синоним
қолданыстар жалғыз Бұхарда емес, оған дейінгі жырауларда
да бар. Бірақ Бұхарда констатация – баяндауда қолданылатын
тұлғалар әлдеқайда көп, бірнеше түрде келеді.
Нақтылы бір адамға қарата немесе бір оқиғаға байланысты-
ра жырланған толғауларда Бұхар да, өзгелер де бұл көрсетілгең
стильдік стандарттан шығып, грамматикалық тұлғаларды
әңгіме желісіне орайластыра еркін таңдап отырады, былайша
айтқанда, дидактикалық толғау мен нақтылы тақырыптағы
толғаулардың тұлға-тәсілдерінің арасында азды-көпті айыр-
машылық болады. Бұл Бұхарда айтарлықтай сезіледі.
Бұхар жырлаған тақырыптар өзгелерге қарағанда, әлдеқай-
да кең: ол жалпы өсиет-нақыл да айтады, қолдаушы иесі
Абылай ханға (бәлкім, кезінде Тәуке ханға да
136
) ақыл-кеңес
бере толғайды, жеке адамдардың (Абылай ханның, Бөгембай
батырдың, өзінің) іс-әрекеттегі портреттерін береді, енді бірде
Алланы айтып кетеді, тағы бірде руаралық дау-жанжалды ба-
сар билік сөздер айтады, бірер толғауын біреудің (мүмкін,
136
Зерттеуші Қ.Мұхаметханов Бұхар жырау 1718 жылға дейін хандық құрған Әз
Тәукенің тұсында оның жыршысы болып, атағы шыққан дегенді айтады (Қазақ әдебиеті.
- 1982, 6 август)
151
Абылай ханның) салтанатын, байлығын, жиһазын суреттеуге
арнайды. Осылардың ішінде ең негізгі тақырыбы – «жұрт»,
ягни қазақ елдігі, оның тәуелсіздігі («үш жүздің басын құрау»),
өзге халықтармен қарым-қатысы.
Тақырыптың осындай кеңдігі Бұхар поэтикасына көптеген
жаңа образдар келтірген, жаңа лексикалық топтар енгіздірген.
Жырау толғауларындағы тұрымтайдай ұл, өкпеңменен жа-
рылма, арғын деген арыспын, сен – бұзау терісі шөншіксің, мен
– өгіз терісі талыспын, бірі етек, бірі жең болған, ежелден
саған ел болған, найзасының ұшы – алтын, қазақтың қамал
қорғаны құлау, бұтақты мүйіз бұғысы саласында жайылған,
ормандай көп Орта жүз, бәйгелі жерде бақ болған, қара судың
бетінде Сығылып аққан сең едің, арпалап атты қунатқан,
алғын-шығын арқалау, бәйтөбеті маңқылдап сияқты образ-
дар бұрынғы жыраулар тілінде кездеспейді. Мұның көпшілігін
туғызған – Бұхар толғауларының мазмұны (тақырыбы),
нақтылы оқиғалар мен адамдар образы. Ал кейбіреулері мүмкін
бұрыннан да болуы (мысалы, қызыл аяқ мал, найзасының ұшы
алтын тәрізділер), бірақ оларды өзге жыраулардың бізге жет-
кен мәтіндерінен ұшыратпаймыз.
Өз кезеңінің саяси-әлеуметтік хал-ахуалын сөз еткен жы-
рау тілінде азаткер, құл, күң, кедей, бай, саудагер, жарлы,
байғұс, базар, дау, жиын, патша, хан, би, төре, қара, ақсүйек,
бек, аталы, атасыз, қосын, қожа, пір, шора, бикеш, азамат,
жақсы, жаман («адам»), батыр, ханзада, қарашы т.т. атаулар
өздерінің тура мағынасында жұмсалады. Мұндай сөздердің
бірқатары бұрыннан да поэзия тіліне араласып, не номинатив
мағыналарында, не образ жасап, ауыспалы мәнде қолданылып
келген болатын.
Мұсылманша сауатты болған Бұхардың тілінде қазақтың
өзге жырауларына қарағанда, араб-парсы сөздері көбірек
ұшырасады: кітап, енжіл, кәләм, Ақ (Хақ ), хат, меһман, баһар,
иман, лауқы, дәуіт, қалам, нәубат сияқты сөздерді өзгелерден
көп кездестірмейміз.
Бұхардың өзінің алдындағы жыраулар тілімен ең үлкен
іліктестігі – образдардың, көркемдеуіш тәсілдердің ұқсасты-
ғында, бірдейлігінде, кейде тіпті дайын штамптардың қайта-
лануларында (мүмкін, соңғы факт ауызша жеткен мұраның
152
мәтін араластығына да байланысты болар, яғни бір жыраудың
мұрасын екіншісіне телу де жоқ болмас).
Сөйтіп, XVIII ғасырдың ең алғашқы онжылдықтарынан
бастап
137
, соңғы онжылдықтарына дейін жырау ретінде та-
нылып, әдеби мұра қалдырған Бұхар – қазақтың өте ертеден
келе жатқан жыраулық мектебінің ең ірі, ең соңғы уәкілі, қазақ
поэзия дүниесіндегі осы дәстүрге тән жанрды тақырып пен
мазмұн жағынан толықтырып, тиянақтаушы қайраткер.
Достарыңызбен бөлісу: |