§ 5. Қазақ әдеби тілі лексикасына орыс сөздерінің
ене бастауы
XIX ғасырдың басынан бастап, 60-70-жылдарына дейінгі
қазақ тілінің алдыңғы кезеңдерден бір айырмашылығы –
оның лексикалық құрамына орыс сөздерінің ене бастауы.
Қазақстанның кей жерінің Ресейге бағынып болуына байланы-
сты халықтың күнделікті өмір тіршілігінен бастап, әкімшілік,
сот-заң т.б. салаларға қатысты жаңа зат, ұғым атаулары орыс
тілінен алына бастады. Ғасырдың алғашқы 20-30-жылдарының
ішіндегі әдебиет үлгілерінде орыс сөздері әлі де өте аз. Махам-
бет, Шернияздарда шай, расхот, срок, солдат сияқты төрт-
бес сөз ғана бар. Бұл кезеңде едәуір дамыған сауда-саттыққа,
орыс бекіністері мен қалалардың орнауына және қазақ жеріне
келіп, қоныс тебе бастаған орыс адамдарымен қазақтардың
күнделікті қарым-қатынасына байланысты халықтың сөйлеу
тіліне енген орыс сөздері бірсыпыра болған болу керек.
Ғ.Мұсабаев қазақ тіліне орыс тілінен сөз ауысу процесін үш
кезеңге бөліп, бірінші кезеңі – ХVI ғасырға дейінгі дәуірде
оның өте әлсіз болғанын, XVI ғасырдан XIX ғасырдың II жар-
тысына дейінгі, екінші кезеңде едәуір жандана түскенін атайды
да бұл кезеңде қазақтардың сөйлеу тілінде шаруашылық пен
тұрмысқа қатысты соха, борона, пикет, хутор, чашка, стақан,
поднос, жарма (ярмо) сөздері, әскери-әкімшілік саласынан
комендант, пристав, майор, солдат, поштабай (почтовый),
сот, атпекет (адвокат) сөздері болды дегенді жазады
160
. Бірақ
160
Мусабаев Г.Современный казахский язык. - Алма-Ата, 1959. - Ч. I. - С. 47.
212
зерттеуші бұл сөздердің қолданылған жерлерін көрсетпейді.
Сондықтан, алдымен, аталған сөздердің барлығының XVI-
ХIX ғасырдың I жартысында қазақтардың сөйлеу тілінде
болған-болмағандығы күмән келтірсе, екіншіден, көпшілігінің
ғалым көрсеткен тұлғада (орысша күйінше) халықтың сөйлеу
тілінде қолданылғандығы сенімсіздеу. Ал фактінің өзі, яғни
орыс сөздерінің, әсіресе тұрмыстық лексика тобының халық
тіліне ене бастауы, әрине, дау туғызбасқа тиіс. Бірақ азын-
аулақ мөлшерде енген орыс сөздері көркем әдебиет тілінен
әлі де орын ала қоймаған. Оған, біздіңше, себеп болған жайт
– бір жағынан, тұрмыс-салт лексикасының поэзия тіліне көп
қатыспайтындығы болса, екінші жағынан, Махамбет, Шернияз
сияқты ақындар шығармашылығының негізгі тақырыбы мен
мазмұны да оларды қолдануға мәжбүр етпеген.
XIX ғасырдың 50-70-жылдарына қарай қазақ әдебиетінің
сөздік құрамына орыс сөздері едәуір ене бастады. Қазақ да-
ласын билеудің 1822 және 1867-68 жылдардағы реформа-
тәртіптеріне байланысты хандық билік жойылып, әкімшілік,
заң жүйесінің жаңа институттары пайда болуына, орыс
саудасының күшеюіне, шаруашылықтың егін салу, жер жырту,
орман күту сияқты жаңа түрлерінің жандана бастауына байла-
нысты ондаған орыс сөзі қазақ әдеби тілі айналымына түседі.
Бұл кездегі көркем әдебиет үлгілерінен болыс, старшын,
майыр, сот, медәл (қазақ шонжарларының патшадан алатын
медалі), піркәшік, тілмәш (орыс тіліне толмач түрінде енген
түркі сөзінің қайта оралуы), солдат, барабан, кір, без, базар,
самауыр, тарантас сияқты жалпы есімдер мен Петірбор
сияқты бірен-саран жалқы есімдерді табамыз. Бұлардың
барлығы дерлік әзірге өздерінің номинатив мағыналарында
жұмсалады (олар, негізінен, әуелі ауызекі сөйлеу тіліне еніп,
көркем әдебиетке содан келген, сондықтан бұл сөздер ауызша
айтылу нормасымен қабылданған, яғни қазақ тілінің дыбы-
сталу заңына бағынып, өзгерген; осы себептен аталған кезең
үлгілерін жариялағанда, кейбір сөздерді медаль, Петербург,
солдат деп жазу жөнсіз сияқты).
Қазақтың әдеби тіліне, оның ішінде көркемсөз дүниесіне
орыс сөздерінің молынан ене бастаған және жазба әдебиет
арқылы енген тұсы – ХIX ғасырдың II жартысы.
213
§ 6. Кірме сөздердің мол қабаты – араб және парсы
сөздері
Қазақтың ауызекі сөйлеу тілінде де, ауызша әдеби тілінде
де араб және парсы тілдерінен ауысқан сөздер қай кезеңде бол-
са да, едәуір орын алып келді. Оған Орта Азия мен Қазақстан
жерін мекеңдеген халықтардың ислам дініне енуі, там-тұмдап
болса да, мұсылманша (арабша) оқу-ағартудың орын алуы,
ортағасырлық түркі әдебиетінің қазақ қауымына да таныс бо-
луы сияқты факторлар себеп болды.
Біз әңгіме етіп отырған кезендегі қазақтың көркем әдебиеті
тілінде араб-парсы сөздері едәуір мөлшерде кездеседі. Олардың
бір тобын бұрынғысынша, дерексіз үғымдарды білдіретін,
халық тіліне сіңген сөздер құраса, келесі тобын ислам дініне
қатысты ұғымдар мен дін иелерінің аттары құрайды. Одан
қалды, бұл қатарда мәдени-рухани дүниеге қатысы бар сөздер
тұрады.
Араб-парсы сөздік қабаты барлық ақындарда бірдей емес,
олар Махамбет, Шернияз, Алмажан, Шөже, Орынбай, Нысан-
бай т.б. өлеңдерінде өте аз, барлары – халық тілінде қалып-
тасқандары. Бұл осы ақындардың тақырыптарына да байланы-
сты: халық, көтерілісін немесе сол көтерілістің басшыларын,
я болмаса қара басының хал-жағдайын сөз еткен өлеңдерде
араб-парсы сөздері кемірек ұшырайды. Мысалы, Махамбеттің
«Ереуіл атқа ер салмай» деген өлеңінде бірде-бір кірме сөз жоқ.
Араб-парсы сөздерінің аз-көп қолданылуы авторлардың
сауаттылығына да байланысты болды. Дулат, Шортанбай, Ма-
хамбет сияқты ақындар – мұсылманша сауатты болған адамдар.
Ал мұсылманша хат танығандардың араб-парсы тілдерінен
азды-көпті хабары болатыны – даусыз. Сондықтан бұлардың
қаламынан шыққан дүниелерде шеттілдік элементтердің,
оның ішінде жалпыхалықтық сөйлеу тіліне енгендерден өзге
сөздердің ұшырауы – заңды. Мысалы, Дулат, Шортанбай-
ларда кәнігі халық
:
тіліне сінген араб, парсы сөздерінен өзге
шафағат, кәләл, фурқан, ғаран, ғафил, муһмин, Раббы, Хақ,
қаһар, хатым, такбир, кәмірһе, ғарип, әдһәм сияқты сөздер
бар. Оның үстіне қазақ тіліне бұрын еніп, фонетикалық
214
жағынан қазақыланып кеткен сөздердің өзі Дулат, Шортанбай
мәтіндерінде түркі тілге жақындастырылып берілген. Мысалы,
’азап (азап), ’ақл (ақыл), ’адл (әділ), ’адет (әдет), ’айб (айып),
беһсмалла (бісмілла), ’араб (араб), халал (адал), харам (арам),
руза (ораза) т.б. Бұған кейбір өлең- жырлардың XIX ғасырдың
70-80-жылдарында араб әрпімен баспа бетін көргендіктері де
себеп болған тәрізді. Қазақ жазба дүниесінде XIX ғасырдың II
жартысындағы, әсіресе соңғы ширегіндегі араб-парсы сөздерін
түпнұсқаға жуықтатып жазу – орфографиялық норма болды.
Демек, көптеген араб-парсы сөздерінің, әсіресе арабизм-
дердің қазақ тілінде сыртқы тұлғасы жағынан дублеттік қатар
түзіп (өмір/ғұмыр, ғылым/ілім, әріп/харіп сияқты) қолданылуы
XIX ғасырдың II жартысынан басталды деуге болады. Мұның
ізі күні бүгінге дейін жалғасып келеді.
Өткен кезеңдердегі қазақ тіліндегі араб-парсы сөздерін
екі топқа бөліп талдауға болады. Бірі – мүсылманша діни
ұғымдарды білдіретін сөздер тобы, екіншісі – діни ұғымға
қатысы жоқ сөздер.
Діни лексика әсіресе дінді арнайы сөз еткен немесе оны
үгіттеген қаламгерлерде көбірек кездесетіндігі түсінікті. XIX
ғасырдың орта тұсынан бермен қарайғы қазақ сөзгерлерінің
ішінде мұндай авторлардың бірі – Шортанбай. Ол – өзінің
идеологиялық көзқарасында мұсылманшылыққа иек артқан
ақын. Оның сараң адамға берген анықтамасы «Малдан зекет
бермеген, Аузына Құдай кірмеген» деп келеді, «Жаббардың екі
болмайды, Әмір қылған жарлығы» деп, «ақиқатты» еске сала
кетеді, «Құдай деген – муһминнің, Ауыздан кетпес тобасы,
Иманы бардың белгісі – Тілінен тамар шырасы», «Сираттың
желі соққанда, Руза-намаз пана-ды» деген сияқты өзі таныған
шындықты мойындайды. Шортанбай ақын «Мал бақтырар
пайдаға, Зекетсіз мал айдама», «Құдіретке көніңіз, Құдайменен
ойнама», «Бұл дүниеде пайда жоқ, өлгеніңше дін сақта» деген
ашық үгітке де кетеді. Тыңдаушыларына «ей, муһмин» деген
қаратпа сөзді пайдаланушы да – Шортанбай. Қысқасы, оның
тіліне тек қана дінге қатысты бейіш, тәркі, тамұқ, зекет, Жаб-
бар, құбыла, мұсылман, ораза, намаз, муһмин, иман, Хұда, пен-
де, Алла, алғам, ахрет, сахар, Хақ дидары, бұйрық, дәм, мешіт,
215
муфти, азап, тәкбир, молда, сират, руза-намаз, шайтан,
Сұбхан алла, періште, таңда махшар күні, Құдайдың пәрмені,
Раббы пір, сүннет, парыз, Мұхаммед, Мұстафа, Ибраһим, ха-
тим қылу, әдһәм, хасима деген оңдаған «діни» сөздер оралады.
Мұсылманша хат таныған қазақ ақыңдарының шығар-
маларында дінге, шығыс тарихына, әдебиетіне қатысы бар
жалқы есімдер де молырақ кездесе бастайды: Мұхаммет,
Сүлеймен, Ибраһим, Мұстафа (пайғамбарлар), Софы Аллаяр
(мистик ақын), Ақсақ Темір (Темірлан), Тұран (Түркі мемле-
кетінің жиынтық атауы), Ескендір Зұлқарнайын (Александр
Македонский), Ер Әли (Әзіретәлі), Лұқпан Әкім (данышпан).
Бұл жөнінде әсіресе Дулат көзге түседі. Оның Тұран сияқты та-
рихи мемлекет атын атауы – тек қана сауаттылықтың көрінісі.
Араб-парсы сөздерінің екінші тобын дінге қатысы жоқ
сөздер құраса, олардың дені – жалпы дерексіз ұғым атаула-
ры да, қалғандары оқу-ағарту, мәдениетке байланысты енген
сөздер. XIX ғасырдың I жартысында мағынасы мұсылманша
оқу-ағартуға қатысты араб-парсы тілінен енген жеке сөздердің
қолданылуымен қатар, осы сөздер арқылы образдар да жаса-
лады. Мысалы: «Шежіре туған адамның, Көкірегі сызған хат-
пен тең», «Хат оқиды молдалар, Қаламмен тартқан сиядан».
Сабақ алу, сызған хат, кітап ұстау, кітапты жақсы білу,
кітаптан есіту, сөзге сабақ беру, молдадан сабақ оқу, кітап
сөзі, кітап сөзінің мағынасы, кітап сөзін жатқа алу, медре-
се салдыру, муфтиге бала беру, 29 әріп, мәселе кітап, кітап
шығару сияқты тіркестер қазақ тілінде осы кезеңнен бастап
қолданыла бастайды. Мүмкін, олардың бірқатары халықтың
сөйлеу тілінде бұрыннан да бар болуы, бірақ көркем поэзия
тіліне еніп, әдеби айналымға түскен фактісін XIX ғасырдың
басынан бастап 60-70-жылдарына дейінгі үлгілерден көреміз.
Осы кезенде ақын сөзімен қатар шайыр; өлең, толғау
сөздерімен қатар бәйіт деген араб сөздері қолданылады және
екеуі де ақындар шығармаларының кітап болып жариялануы-
на байланысты кездеседі. Мысалы, Шортанбай «Бала зары»,
«Қисса-и Шортанбай» деген кітаптарында «Бәйіт айтып, баян
қып, Жарастырдым әрнеге» немесе «Бұ бәйітті шығарған біз
бишара ғаріп Шортанбай» дейді (сірә, бұл жерде өз өлеңдерін
216
бәйіт деуінде оны кітап болып жарияланатын, бұрынғы ауызша
тарайтын өлең-толғаулардан ажыратып атау ниеті бар тәрізді).
Дулат: «жыршылардың шайыры, Асыл сөзді езбеген» десе,
мұнда да өлең шығарушы, таратушы жалпы жыршылардың
ішінен жаңа типтегі ақындарды шайыр деп бөліп алады.
Мұнысы – сірә, жазба қаламгерлер уәкілін атағаны болар. Бұл
екі сөз (шайыр, бәйіт) – түркі жазба әдебиетіндегі ұғымдардың
атауы.
Сөйтіп, XIX ғасырдың алғашқы жартысында қазақтың төл
әдеби тілінің құрамында кірме сөздердің молдау қабатын араб
пен парсы тілдерінің сөздері құрайды.
§ 7. XIX ғасырдың І жартысындағы қазақ әдеби тілінің
грамматикалық сипаты
Алдыңғы дәуірлердегідей, мұнда да сол кезеңдегі қазақтың
төл әдеби тілінің фонетикалық және грамматикалық құрылы-
сын тұтасынан дәл сипаттау қиын: хатқа түскен үлгілері кемде-
кем. Дегенмен көркем әдебиет поэзия түрінде болғандықтан,
ондағы грамматикалық тұлға-тәсілдердің көп өзгертілмей
жететіндігін ескертіп және алдыңғы дәуірлердегі үлгілер
тілімен салыстырып, бұл тұстағы әдеби тілдің грамматикасын
біршама суреттеуге болады.
Сөз етіп отырған дәуір – бізге ең жақын кезең: ол бар
болғаны бұдан 160-170 жыл бұрынғы тілімізден хабар береді.
Бұл кезеңде де басты-басты морфологиялық тәсілдердің
көрінісі қазіргідей: сөзді септеу, жіктеу, тәуелдеу, көпше тұлғада
өзгерту тәртібі (парадигмасы); сөздердің қиысу, қабысу, жана-
су, меңгеру тәсілдері; етістіктердің рай, етіс категорияларында
қолданылуы; сын есімнің шырай түрлері негізінен осы күнгі
нормаға сай келеді. Бірақ кейбір морфологиялық тұлғалардың
қызметі мен сыртқы көрінісі жағынан ерекшелігі жоқ емес. Ол
ерекшеліктер, бір жағынан, тілдің нормалану процесіне тіреліп
жатса, екінші жағынан, белгілі бір функционалдық стиль
белгілерін танытады.
Ең алдымен, грамматикада варианттылық (жарыспалылық)
құбылысы бар екенін атауға болады. Жарыспалылық екі-үш са-
217
лада көрінеді: бірі – морфологиялық тұлғалардың қызметінде,
екіншісі – сыртқы формасында, үшіншілері – қиысу, меңгеру
т.б. амалдарында.
Белгілі бір грамматикалық категорияның қызметінде екі
тұлғаның жарыса атқару фактісі бар. Мысалы, шаққа бейта-
рап, әрдайым болып жататын іс-әрекетті есімшенің -ар/-ер
жұрнақты түрімен және ауыспалы шақ тұлғасымен (-ады )
беру көзге түседі. Бұл – бұрыннан келе жатқан варианттылық.
Айырмасы – алдыңғы кезендерде -ар тұлғасымен білдіру
жиірек байқалса, XIX ғасырдан бастап сөз иелері екінші вари-
антын да реті келген тұста қиналмай қолданады: «Екі кісі тең
барса, Онды төре береді Ақылы жетік би адам» (Махамбет),
«Алғаның жақсы жолықса, Қадірінді біледі» (Шортанбай).
Жарыспалылық әсіресе – арға мен -уға тұлғаларының
қолданысында күшті сезіледі. Осы күнде -уға (баруға, келуге)
түрінде берілетін амал XIX ғасырда әлі де -арға вариантында
жиі кездеседі: «Өлең айтып толғандым, Көкірегімді басарға»
(Махамбет), «Бармайды ауыз шіркін жамандарға» (Шернияз),
«Таяңдық енді өлерге. Күн қанша дүр көрерге» (Шортанбай).
Супиндік (мақсаттық) қызметте барыс септікте -у жұрнақты
қимыл есімінің орнына -ар жұрнақты есімше тұлғаны қолдану
– өзге тілдердің (айталық, татар тілінің) әсері емес, қазақ
тілінің өзіне тән және бір кезеңдер үшін норма болған тәсіл.
XIX ғасырда -уға варианты да кездесе бастайды: «Жұрт
меңгеріп тұруға Әділ төре хан керек» (Шернияз), « Қорғалауға
қара таппадым» (Алмажан), «Олардың кегін алуға Кезек бізге
жетті деп» (Махамбет). Бұл қызметте үшінші және бір тұлға
-маққа/-маға варианты да ішінара орын алады: «Қабанбай
елге жар салды, Аттанбаққа қалмаққа» (Дулат), «Өксікті кет-
кен қалмақтан, Елдің кегін алмаққа» (Дулат), «Талабың бар
жалғанда, Әлде болса аспаққа» (Шортанбай). Алмажан ақын
-маққа жұрнақты тұлғаның -маға вариантын қолданады және
оны жеңгеге сияқты сөзге ұйқастырып келтіреді: «Шығып едік
елімнен, Хан Жәңгірді көрмеге, Арызымды айтып бермеге,
Ниеттеніп қана келемін, Ұсынып мойын өлмеге» ...
Бұл тұлға – -мақ жұрнақты қимыл есіміне барыс септігінің
жалғауы - а жалғанған түрі, ол ортағасырлық түркі ескерткіш-
218
тері тілінде қолданылған. Бұл тұлға қазақтың ертеректегі өлең-
жырларында да некен-саяқ кездесіп отырады.
Қимыл есімінің өзі әлі де екі вариантта кездеседі: олар –
-мақ және -у жұрнақтары арқылы келетін тұлғалар. Мұның
алдыңғы кезеңдерде өнімдірек болған -мақ жұрнақты түрін
бірте-бірте -у жұрнақты варианты алмастыра бастағаны
байқалады. Дулат, Шортанбай, Шал ақындар көбінесе соңғы
тұлғаны қолданады: «Өлгеніңше тою жоқ, Жегенін қазақ қою
жоқ» (Шортанбай). Тіпті «Тумақтың өлмегі бар» сияқты сен-
тенцияны Шортанбай: «Өлуі болмай қоймайды Туғаннан соң
пенденің» деп қайта құрастырады. Әрине, -мақ жұрнақты ва-
риант та ара-тұра қолданылып отырады: «Құбылаға бас қоймақ
Мұсылманның тарығы...», «Жиырма тоғыз әріптің Жайын
білмек керек-дүр» (Шортанбай).
Қимыл есімінің осы күнгі норматив -у жұрнақты түрінің ак-
тив қолданыла бастаған тұсы XIX ғасыр деуге болады.
Келесі варианттар қатарын етістіктің ашық райдағы
-ма+й+мын және -ман аффиксті тұлғалары түзеді. Біз сөз етіп
отырған кезеңдегі көркем әдебиет тілінде ауыспалы осы шақ-
тың I жақта жекеше болымсыз аспектіде қолданылатын
-ма+й+мын қосымшалы түрінің орнына көбінесе ықшамдал-
ған -ман жұрнақты варианты қолданылады. Мысалы, Махам-
бет аталған категорияны білдіру үшін тек қана осы тұлғаға
жүгінеді: «Мен кеткенмен, тек кетпен...», «Мен кескекті
ердің сойымын Кескілеспей бір басылман...», «Ар-намысым
қашырман...», «Бұлтқа жетпей шарт сынбан...», «Бас кесермін,
жасырман». Бұл амалды ақын көпше мағынада да жұмсайды:
«Бесеуіміз жүргенде, Алашқа болман деуші едік».
Аталған тұлғаны стильдік қолданыспен байланыстырып,
оны айтылмақ ойға қайсарлық, жігерлілік реңкін білдіретін
құрал деп танушылық бар
161
. Бірқатар өлеңдердің контексіне
қарағанда, мұндай стильдік қызметін жоққа шығаруға да бол-
мас (мысалы, осы тұлғамен келетін Махамбет жолдарын
қараңыз), дегенмен -ман аффиксті тұлғаны белгілі бір кезең-
дердегі поэзия тілі үшін жалпы норма деп таныған дұрыс,
161
Балақаев М. Баспасөздің тіл мәдениеті туралы //Тіл мәдениеті және баспасөз. -
Алматы, 1972. - 15-б.
219
өйткені мұның -маймын қосымшалы қатары кемде-кем
ұшырасады, тіпті жоққа тән.
Тұлғалық варианттар қатарына –тұғын ~ тын, -соң ~
-ғансын, -дай ~ -дайын, -менен ~ -мен, -дүр ~ ды параллельдері
де жатады. Бұлар да – біз тілін талдап отырған үлгілер үшін жа-
рыса қолданылған тәсілдер. Олардың варианттылығы – жоға-
рыдағыдай нормалану процесіне қатысты емес, яғни екі түрі
де өлең шартына қарай жұмсала беретіндер. Өлең өлшеміне
қарай бірде толық, бірде ықшам варианттар еркін пайдаланы-
лады: «Қанатынан қайрылған Бүркіттейін болған соң» (Ду-
лат). Мұнда өлең тармағының буын саны 7 болуы үшін салы-
стыру мағынасын беретін -тей жұрнағы -тейін вариантында
келсе, мына өлең жолында тағы да жеті буын етіп шығару үшін
-дай деген ықшам түрі қолданылған: «Еркек қойдай бөлініп»
(Махамбет).
Дүр мен -ды/-ді,-ты/-ті, -ған соң мен -ғансын варианттары
үшінші топ құрайды. Баяндауыш болып тұрған сөзге тіркесіп,
кәмілдікті білдіретін -дүр форманты қазақ тілінде бірте-бірте
-ды (фонетикалық варианттарымен) тұлғасына ауысқан. Ол
ауысу, әрине, XIX ғасырдан бұрын басталғанымен, соңғы
вариантының өнімдірек қолданыла бастауы, яғни әдеби үлгі-
лердегі көрінісі біз талдап отырған кезеңге сай келеді: «Жыл-
қының құты – айғыр-ды»; «Жалған дүние жарық-ты» (Шор-
танбай), «Қарындасым бар-ды деп» (Махамбет). Мұның -дүр
варианты да жарыса жүреді: «Мағлум-дүр Хұдаға..., «Жай-
ын білмек керек-дүр» (Шортанбай). Әсіресе Дулат тек қана
-ды тұлғасын қолданады: «Бір Аллаға аян-ды, Жалған дүние
жарық-ты».
XIX ғасырдың I жартысындағы үлгілерде -ған қосымшалы
есімше мен соң шылауының тіркесі әрдайым дерлік -ған соң
түрінде келеді, оның -ғаннан соң немесе -ғасын вариант-
тары жоқ. Оның себебі – біздіңше, мынада тәрізді: сөз етіп
отырған кезенде бұл тіркестің меңгерілген түрі ығысып (-нан
септік жалғауы қолданылмай), одан әрі ықшамдалуы әлі ак-
тив түрде қолданыс таппаған, енді-енді көріне бастаған деуге
болады. Өлеңнің ұйқас ыңғайына қарай келген -ғансын ва-
рианты бірер жерде ғана кездеседі: Махамбеттің бір өлеңінде
220
оңбасын, жолдасым сөздеріне ұйқас қалғансын, салғансын
тұлғалары келтірілген (ол тұлғалар соңғы басылымдардың
бірінде тіпті қалғасын, салғасын түрінде жазылған). Ең соңғы
ықшам вариант – біздің байқауымызша, қазіргі кездің жемісі
әрі нормаға еніп келе жатқан құбылыс. Жалпы қазіргі қазақ
тілінде оның ішінде газет-журналдар мен ғылыми әдебиетте
кейбір морфологиялық тұлғалардың ықшам түрлерін қолдану
тенденциясы басым. Мысалы, мектептің нормативті граммати-
касында ауыспалы шақтағы есімше жұрнағы -тын, көмектес
септік жалғауы -мен, - бен, -пен, жалғаулық шылау да/ де, та
/те, кәмілдік форманты - ды/-ді, -ты/-ті деп беріледі, олардың
-тұғын, -менен, дағы, -дүр варианттары норма ретінде ұсы-
нылмайды. Ал, шындығында, көркем әдебиетте, оның ішін-
де бүгінгі қазақ поэзиясы тілінде және ауызекі сөйлеу тәжіри-
бесінде соңғы қатарлар да еркін қолданыла береді.
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірдегі қазақ тілі граммати-
касының көзге түсетін сипатты бір белгісі – функционалдық
және тұлғалық варианттардың орын алуы. Мұны, бір жағынан,
нормалану процесіне қатысты қарау керек. Дәлірек айтсақ,
грамматикалық бір категорияның екі-үш түрлі тұлғамен
білдірілуі – әлі де біреуінің нормаға айналмағандығын таны-
тады. Екіншіден, вариант тұлғалардың, әсіресе толық-ықшам
қатарлардың орын алуын поэзия тіліне тән, өлең шарттарына
қарай күні бүгінге дейін қолданылатын құбылыс деп тану ке-
рек.
XIX ғасыр қазақ әдеби тілі грамматикасында орын алған,
нормаға түсіп болмаған көріністің тағы бірі – қиысуда бай-
қалады. Ең алдымен, осы кезеңнен бастап, қазақ поэзиясын-
да етістіктің сыпайы түрде -ңыз /-ңіз, -сыз /-сіз жалғауымен
жіктеліп қолданылуы активтене бастайды. Бұл тұлғамен тек
сыпайылық емес, көбінесе сыпайы көпшелік, не тіпті тек
қана көпшелік ұғымды білдірген. Сыпайы, көпше тұлғадағы
етістік пен есімдіктің формалық қиысуы әрдайым орын ал-
майды. Мысалы, Шортанбай: «Жалғанда досым сіз едің, Аяй
көрме ақылды» дейді. Мұнда есімдік сыпайы түрде келсе,
соған қатысты етістік анайы (-ңыз аффиксін жалғамай) түрде
берілген: сіз едіңіз, көрмеңіз деудің орнына сіз едің, көрме.
221
Алмажанда да солай: «Асықпай тұр тоғыз би, Сізге де ке-
лер бір кезек». Мұндағы сіз есімдігі көпшелікті ғана білдіру
үшін алынған, егер қазіргі нормамен берсек, сіздер асықпай
тұрыңыздар болар еді.
Жалғыз есімдік емес, контекст бойынша бір тұлғада қиысып
келуге тиісті өзге сөздер мен етістіктің арасында тұлғалық
жағынан қиыспаушылық бары байқалады. Мысалы, «қартайған
соң халқыңа Елеусіз болды сөзіңіз» (Алмажан). Мұнда сөзіңіз
бен халқыңа деген сөздер екеуі де не сыпайы (халқыңызға,
сөзіңіз), не анайы (сөзің, халқың) болса керек еді.
Жекелік-көпшелік, анайы-сыпайылық жағынан қиыстыр-
маушылық бұл кезеңдегі барлық үлгілерде кездеседі. Мысалы,
«Сіз біл деген бала жоқ» (Сіз біліңіз деудің орнына), «Аузыңа
харам салмаңыз» (Шортанбай)), бұл сөйлемнің қиыстырылған
түрі: «Аузыңызға харам салмаңыз» немесе «Аузыңа харам сал-
ма» болуы керек еді.
Осы кезеңнен бастап II жақтағы жіктеулі етістіктерге көптік
жалғауын қосып қолдану фактісі орын ала бастаған: «Қызмет
етіп жүріңдер» (Алмажан), «Аузыңа харам салмаңдар» (Шор-
танбай). Бірақ бұл өте сирек. Көпше мағына көбінесе сыпайы
-ңыз/-ңіз, -сыз/-сіз аффикстері арқылы берілген. Мысалы,
Шортанбай: Жақсы қылып күтіңіз дегенін бір адамға емес,
көпке қарата айтып тұр. Сол сияқты: Қызықпаңыз бес күнге
десе де, қызықпаңыз сөзін жекеше сыпайы мәннен гөрі, көпше
мәнде жұмсап тұрғаны сезіледі.
Келесі ерекшелік – септік жалғауларын түсіріп қолдану са-
ласында. Белгілі бір сәттерде ілік, барыс, табыс септіктеріндегі
сөздердің жалғауларын түсіріп айту құбылысы бар екендігі
мәлім (кітап беттері ~ кітаптың беттері), хат жаздым ~
хатты жаздым, базар бардық ~ базарға бардық). Ал өлең
мәтіндерінде түсіріп айтуға болмайтын сәттерде де сөзді тиісті
септік жалғауынсыз айту фактісі кездеседі. Бұл – әсіресе XV-
ХVIII ғасырлар поэзиясында кәнігі тәсіл. Ол XIX ғасырдың
I жартысындағы әдебиет үлгілерінде де кездеседі. Мысалы,
«Ханның кірген ақ орда Бұзуын ойлап кеңестік» (Махамбет)
деген сөйлемді: «ханның... ордасының бұзуын ойлап...» бо-
луы керек еді. Сол сияқты «Қабырғадан аққан қан Ат баурына
222
төгілтіп» (Махамбет) дегенде де аққан қанды төгілтіп... болуға
тиісті. Бұл құбылысты, бір жағынан, өлең тіліне тән стильдік
тәсіл деуге де болады. Өйткені септік жалғауынсыз келген
сөйлем бөлігі өз алдына атаулы сөйлем тәрізді болып, өзіне
назар аудартады: Ханның кірген ақ орда/сы/. Соның бұзуын
ойлап кеңестік деген сияқты конструкцияны құруға болар
еді. Толғамалы ақ мылтық (сол мылтықты) толғап ұстар күн
қайда! Еңсесі биік ақ орда. Сол ордаға еріксіз кірсем деп едім.
Әрине, проза тілінде болса, Еңсесі биік ақ ордаға еріксіз кірсем
деп едім түрінде құрылар еді. Бірақ бұл жағдайда «еңсесі биік
ақ орда» дегенге назар аударып алу мотиві болмаған болар еді.
Ал « Малың бер де, басың қос» (Махамбет) деген сияқты
өлең жолдарындағы түсірілген жалғаулар (малыңды, басыңды
болуы керек еді) мұндай стильдік жүкті арқаламайды. Бұлар
өлең өлшемі көтермегендіктен, ықшамдалған сәттер.
Өлең шарттарынан туатын және бір ерекшелікті атауға бо-
лады. Ол – тиісті жіктік жалғауының түсірілуі. Махамбеттің:
«Мен тауда ойнаған қарт марал...» , «Түбін қазған мен
бәйтерек» дегендерінде I жақтағы бастауыш пен (мен) ба-
яндауыш қиыспаған, яғни бәйтерекпін, қарт маралмын деп
айтылуға тиіс. Осы зандылық сақталмаған. Бұл да – таза
өлең шарттарына қатысты синтаксистік ауытқу (Базарбайдың
Төлеген дегендегі тәуелдік көрсеткішінің түсіріліп айтылғаны
сияқты).
Етістіктердің белгілі бір септік жалғаулы сөздерді мең-
геруіңде осы күнгі нормаға сәйкеспейтін сәттер жоққа тән.
Сол кездегі де, қазіргі де қазақ тіліне норма емес морфо-
логиялық тұлғалардан -ғаш /-геш, -қаш /-кеш қосымшалы
етістікті атауға болады. Мысалы, бұл кездегі өлендердің
бірінде: «Бейішке кіргеш мақтансын» деген жол бар. Бірақ
ескеретін нәрсе – бұл өте сирек, бірер жерде ғана кездеседі.
Тегі, бұл «қыпшақтық» тұлға ертеректегі қазақ тіліне де жат
болмағанға ұқсайды, ол ноғайлы-қазақ цикліндегі батырлар
жырларында сирек болса да орын алған. Мысалы, «Едіге»
жырындағы: «қызға жақын жеткен... » деген жолдарға на-
зар аударыңыз. Махамбет, Шортанбайларда кездесетін нешік
тұлғасын да осы қатардан іздеу керек сияқты. «Кетпей де нешік
223
етермін?» (Махамбет), «Амалым нешік Құдайға? » (Шортан-
бай). Бұл да – кейін қосылған татарлық кірме сөз емес, байырғы
ноғайлы-қазақтық тұлға. Алдыңғы дәуірлердегі әдебиет
үлгілеріндегідей, бұл кезең қаламгерлерінде де -ған жұрнақты
есімше тұлғалы сөзді күрделі анықтауыш қызметінде жұмсау
тәсілі өте актив: ел қонбаған көл, соғып кеткен жел, қайғы
ойлаған жамандар т.т.
Достарыңызбен бөлісу: |