Ббк 84 (5 Қаз)-4 б 20 Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Ақпарат жəне мұрағат комитеті



жүктеу 14.45 Mb.
Pdf просмотр
бет14/19
Дата20.01.2017
өлшемі14.45 Mb.
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Жандос Смағұлов,
филология ғылымдарының докторы
 
ҒЫЛЫМИ МЕКТЕПТІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ
 
ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы ғылыми-зерттеу мақала-
лардағы əдеби-теориялық ой-пікірдің ізденістері мен іркіліс-
терін саралағанда, бұл кезеңде əдеби-теориялық білімдер 
жүйесінің жоғары болғанын, күрделі теориялық мəселелерге 
қалам тарта алғанын көре отырып, А.Байтұрсынұлының 
«Əдебиет танытқыш» атты еңбегінің тақыр жерде пайда бол-
мағанын байқаймыз. Сыншылдық жəне əдеби мұра туралы 
ғылыми-зерттеушілік сипаттағы мақалалар жеке бір ақын-
жазушыны, не болмаса белгілі бір көркем шығарманы сөз ету 
барысында əдеби-теориялық ой-пікірді жетілдіре түсті. Ұлттық 
əдебиет тарихын зерттеп тануға деген əдеби-тарихи ой-пікірдің 
құлшынысы, қалыптасу кезеңіне қадам басқан əдебиет сыны 
күрес үстінде сапалық та, сандық та жағынан көркейе бастаған 
қазақ əдебиетінің теориялық мəселелерін ғылыми сөз етуді күн 
тəртібіне шұғыл қойды.
Бұл салада, яғни жалпы өнер туралы, əдебиеттің тарихы мен 
теориясы туралы ұлттық əдебиеттану ғылымында ең алғаш 
жазылған еңбек – А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышы» 
(1926) болды. Үлкен білімдарлықпен, ғылыми терең дəлдікпен 
жазылған бұл еңбек екі-үш жылдан соң авторы ұсталып 
кеткендіктен, көпшілік арасына кеңінен тарап үлгермеді де, 
ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірдің өсу дəрежесін көрсететін 
ғылыми мəні тəуелсіздікке дейін дұрыс бағаланбай келді. Ғалым 
Р. Нұрғали: «Қазақтың ұлттық əдебиеттануының ғылыми не-
гізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен 
категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған» 
десе, тілші-ғалым Р.Сыздықова: «Байтұрсыновтың «Əдебиет 
танытқыш» атты көлемді еңбегі – əдебиеттану ғылымы мен 
қазақ əдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы 
...Мұнда автор көптеген жайттарды өзі шешіп, көптеген 
ұғымдарға терминдік атаулар ұсынады, – деп жазады.
14
 «Əдебиет
14 
Нұрғали Р. Алып бəйтерек. // Ақжол. Алматы, 1991.

270
танытқыш» – жалпы көркем өнер, оның ішінде əдебиеттің 
барлық болмысы мен бітімін, көркем шығарманың сыры мен 
сипатын, əдеби дамудың мағынасы мен мəнін анықтау жо-
лында ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірді ғылыми бір жүйеге 
түсірген жəне əдебиет теориясына ұлттық сипат дарытуда 
терминдердің қазақша мағынасын тапқан автордың жан-
қиярлық еңбегінің жемісі. 
Еңбектегі өнертану, əдебиеттану, фольклортану салалары 
бойынша терминдер жүйесінің жасалуынан Ахаңның кемеңгер 
ғалымдығы танылады. Мұнда əдебиеттануға қатысты 327 тер-
мин қолданылған болса, оның 60-ы (18%) осы күнге дейін пай-
даланылып жүр. 267-сі (80%) қазір қолданылмайды. Ғалымдар 
Ш. Жалмаханов пен Ж.Смағұловтар: «терминдердің жаса-
лу жолына лингивистикалық тұрғыдан қарағанда, 67 термин 
дара тұлғада, 223 термин күрделі тұлғалы (2 сөзден 7 сөзге 
дейін) болып келеді. Белгілі бір сөз өнер құрылысына берілген 
атау, термин сол құбылыстың адам, қоғам өмірінің рухани-
əлеуметтік табиғатынан туындап жатқандықтан да (атау, 
терминдердің мағыналарына құбылысты телу емес) ойға ора-
лымды, көңілге қонымды болып шыққан», – деп көрсетеді.
15
 
«А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышы» – қазақ əдебиет-
тану ғылымының үлкен көрсеткіші болумен қатар, теориялық 
ой-жүйесіне мықтап түрен салған, қазақтың парасатты
толғамын, ойшылдығын эстетикалық таным-білігінің молды-
ғын танытқан кезеңдік туынды», – деп ғалым Т.Кəкішев өте 
дұрыс бағалайды.
16
«Əдебиет танытқышты», жалпы А.Байтұрсынұлының ғы-
лыми мұрасын, оқып-үйрену, игеру жəне пайдалану үшін, ең 
алдымен, бұл еңбектегі əр атау, ұғым-түсінік, термин жəне 
категориялық мəн-мағынаны, мазмұнын түбегейлі түсініп алу 
керек. Академик З.Қабдолов: «Ахаң қалыптастырған əдеби 
теориялық терминдерге мұқият жауапкершілікпен қараған жөн. 
Ахаң терминдерін жапа-тармағай жіпке тізе бермей, таңдау ке-
рек, сөйтіп барып талдау керек», – дей келіп, бүгінгі теориялық 
15
 Жалмаханов Ш, Смағұлов Ж. А.Байтұрсынұлы – қазақ əдебиеттану терминдерінің 
негізін салушы. Қарағанды, 1997.
16 
Кəкішов Т, Қазақ əдебиет сынының тарихы. Алматы, 1994.

271
деңгейден табыла қоймайтын кейбір атауларды оп-оңай форма-
лизмге, абстракционизмге, болмаса канон жасап қисық қисынға, 
қасаң қағидаға айналдырып алмау керектігін атап көрсетеді. 
Алайда «Əдеттегі дəстүр жалғастығының заңына орай үш 
түрлі арнауды əрқайсысымыз өзімізше пайымдап, қисындап, 
кейде тіпті қиыннан қиыстырып, біз де (Жұмалиев те, Ыс-
майылов та, мен де) кітаптарымызға кіргіздік. Бірақ, амал не, 
бұл жаңалықты тапқан Ахаң екенін кезінде ашып айта алмай, 
Қажекеңе сілтеу жасауға мəжбүр болдық», – деп З.Қабдолов 
айтқандай, кейінгі жазылған еңбектерде қолданылған 
теориялық терминдердің баламаларын былай қойғанның 
өзінде, алдағы уақытта ғылыми айналымға енгізуге сұранып 
тұрғандары да баршылық.
17
 Мысалы үшін, көсемсөздің қазіргі 
ғылыми термин ретінде қолданылып кеткеніндей, «нақыл 
сөз», «қанатты сөз» деп жүрген афоризмді ділмар сөз, эссені 
– заман хат деп А.Байтұрсынов берген атаулармен атасақ, 
ұтылмаймыз. Немесе «Шешен сөз» дегендегі оның саясат ше-
шен сөз, билік шешен сөз, қошамет шешен сөз, білмір шешен 
сөз, уағыз шешен сөз деген түрлерінің атауларын орнын дəл 
тауып пайдалансақ, ұлттық таным-біліктен алыс жатқан жоқ. 
Шешен сөз очерк жанрының баламасына жақын келсе, ішкі 
түрлерге бөлуде де сəйкестік байқалады. Сонымен қатар Ахаң 
өз еңбегінде талданып отырылған жанрлық түрге байланысты 
мысал келтіргенде, «Ғұрып сөзінің нұсқаларын нұсқалықтың 
120, 126-нші номерлерінін қара» немесе «Діндар дəуір əдебиет 
нұсқаларын нұсқалықтың 131, 165-нші номерлерінен қара» 
деп кетіп отырады. Яғни «Əдебиет танытқышқа» қосымша 
хрестоматиялық мəндегі жинақты да бастырып шығару ойын-
да болған. Нұсқалықта алынған əдебиет нұсқаларының еңбекте 
көрсетілген реттік саны 275-ке келіп тоқтағанына қарасақ, 
оның көлемі де əжептəуір мол болғанын байқау қиын емес. Бұл 
– ахметтанушы ғалымдар тарапынан көңіл аударатын мəселе
Негізінен А.Байтұрсынұлының «Жазба əдебиеттің өзі 
екіге бөлінеді: діндар дəуір, ділмəр дəуір. Діндар діншіл де-
ген мағынада, ділмар-тілшең деген мағынадағы сөздер. Қазақ 
17 
Қабдолов З, Ахың һəм əдебиеттің əліп-биі. // Қазақ əдебиеті тарихының өзекті 
мəселелері. Алматы, 1993.

272
əдебиетінің діндар дəуірі де, ділмар дəуірі де халық əдебиетін 
дамытып, күшейтуден туған дəуірлер емес, басқа жұрттардың 
əдебиетінің əсерінен туған дəуірлер. Діндар дəуір əдебиетімізге 
араб, парсы, əдебиетінен үлгі алып, соларды еліктегеннен пай-
да болған. Ділмар дəуір орыс əдебиетінен үлгі алып, соларды 
еліктегеннен пайда болған», – деген пікірі аса нақты емес.
18
Анықтап қарасақ, А.Байтұрсынұлы ұлт əдебиеті тарихын 
дəуірге бөлу негізіне көркемдік əдісті алып отыр. Еңбекте 
əдеби ағым мен көркемдік əдіс туралы нақтыəдеби-теориялық 
пайымдаулардың жоқтығы белгілі. Ендеше бұл үш дəуірді 
көркемдік əдіске орай талдап көрелік. Орыстың атақты теорик 
əдебиетшісі Г.Н.Поспелов романтизмді əдеби дамудың сатысы 
ретінде қарастыру барысында, əуелде ол діни-моральдық (ре-
лигиозно-моралистический) сипатта көрінгенін айтады. «В ре-
зультате социально-политической революции, происшедшей во 
Франции... все передовые европейские литературы приняли в 
основном романтический характер. Ранние английские роман-
тики, поэты Бордсворт и Колридж, выступившие еще в 1970-х 
годах и образовавшие «озерную школу» искали свои идеалы 
в историческом прошлом. По специальной проблематике они 
были продолжителями сентименталистов, а романтический па-
фос вытекал из их реалигиозно-моралистических стремлений, 
иногда доходящих до мистицизма и таящих в себе примирение 
с действительностью. Это был религиозно-моралистический 
английский романтизм. А гражданский романтизм Байрона и 
Шелли был самым прогрессивным течением в английской лите-
ратуре начала века», – деп жазады.
19
 Оны дəлелдеу үшін əр елдің 
əдебиетіндегі діни-моральдық жəне азаматтық романтизмнің 
пайда болуын атап-атап көрсетеді. Мысалы, «В 1820-х годах 
Лимартин своей лирикой создал религиозно-моралистическое 
течение французского романтизма... Крупнейшим представи-
телем гражданского романтизма в Франции был Виктор Гюго», 
«В Германии сначала возник религиозно-моралистический ро-
мантизм представленный творчеством Новалиса и Гофмана. 
Гражданский романтизм в Германии не обладал ни отчетливо-
18
 Байтұрсынов А. Ақжол . Алматы, 1991.
19
 Поспелов Г.Н. Закономерности исторического развития литературы. \\ Введение в 
литературоведение. М., Вышая школа,1983, с.263.

273
стью идеалов, ни сильными талантами», – деп нақтыласа, орыс 
əдебиетіне келгенде «Сначала в России развивался религиозно-
моралистичесий романтизм, особенно ярко представленный 
творчеством Жуковского», – деп жазады. Бұларды М.Горький: 
«Керек десе француз əдебиетінде лаулап өскен романтизмнің 
жалпы бағыты бірдей емес, бір жағы мистикаға ұрынған нағыз 
реакцияшыл болса, екінші жағы, өсіп əдебиет əлемінде ірі 
өзгеріс жасаған романтизм», – деп екіге жіктеп тастағаннан 
кейін, кеңестік дəуірдегі əдебиеттану ғылымында «революция-
шыл романтизм»,«реакцияшыл романтизм» деген атаулар пай-
да болды.
20
 Бұл тұрғыдан келгенде, «Əдебиет танытқыштағы» 
діндар дəуір деп отырғаны – діни-моральдық романтизм, 
маркстік-лениндік əдіснама бойынша айтсақ, реакцияшыл кер-
тартпа романтизм болып шығады. Ал ділмар дəуір – азаматтық 
романтизм, яғни кеңесдəуірінше атасақ, революцияшыл ро-
мантизм. Сындар дəуір – сыншыл реализм атауының балама-
сы екені анық. Бұдан шығатын қорытынды: А.Байтұрсынұлы 
əдебиет тарихын тарихи кезеңдерге бөліп отырған жоқ, əдеби 
дамудың заңдылығына орай көркемдік əдіс тұрғысынан 
дəуірлеп отыр. Олай болса, Абайға дейінгі ақын-жыраулар, 
əнші ақындар шығармашылығы реализммен дамып келді де, 
сыншыл реализмге ауысты деген пікір туындайды. Абай қазақ 
əдебиетінде сыншыл реализмнің негізін қалады дегенде оның 
аспаннан түспегенін, əдеби дамудың тарихи сабақтастығы бой-
ынша қалыптасқанын ғылыми негіздеу қажет-ақ. «...Осы сын-
шыл реализм туралы сонау 1920 жылдары А.Байтұрсынұлының 
«сындар дəуір» деп атағанын ұмытпайық. Сындар дəуірге де-
ген ойлардың бəрі де профессионалдық əдебиеттің көркемдік 
əдісіне, алған бағытына құйылатын таным-білік екені даусыз», 
– деген Т.Кəкішев пікірінде шындық жатыр. 
Сарабдал сыншы-əдебиетшілердің 1920-30-жылдардағы 
əдебиет теориясы бағытындағы қажырлы ізденістерінің же-
місі ретінде танылып, ұлттық əдебиеттану ғылымының туу
кезеңінің аяқталғанының куəсі ретінде Қ.Жұмалиевтің «Əде-
биет теориясы» (1938), Е.Ысмайыловтың «Əдебиет теория-
20 
Горький.М. Романтизм жəне Жуковскийдің халықтығы туралы. «Əдебиет сыны» 
журналы.№6,1937.

274
сының мəселелері» (1940) жарыққа шықты. Бұл жерде ұлт-
тық əдеби-теориялық ой-пікірдің шын мəнінде ұшқырлық 
танытқанын, дəуір талабынан табылуға ұмтылғанын атап 
айту керек.Шынын айтсақ, ол да болса Ахаңның «Əдебиет 
танытқышының» арқасында. Кейбір деректерге қарағанда, 
Қ.Жұмалиевтің оқулығы 1932 жылы жазылса да алты жыл 
бойы əр түрлі себептермен жарық көрмеген. Орыс əдебиеттану 
ғылымында маркстік-лениндік эстетикаға негізделген Л.Тимо-
феевтің «Теория литературы» (1934), И.Виноградовтың «Əде-
биет теориясы» (1936), «Борьба за стиль» (1937), Г.Пос-
пеловтің «Теория литературы» (1940) аталатын еңбектері 
енді ғана жарық көрген еді. Партия мен кеңестік идеология 
ғылым, өнер, əдебиеттегі «буржуазиялық», «ұлтшылдық» көз-
қарастарға аяусыз күрес жүргізе отырып, маркстік-лениндік 
əдіснаманы қоғамдық ғылымдарға, оның ішінде əдебиеттану 
ғылымына, оның сыншылдық, əдеби-тарихи, əдеби-теориялық 
ой-пікіріне мықтап орнықтырды. Орта жəне жоғарғы мектепті 
маркстік-əдіснаманы басшылыққа ала отырып жазылған оқу-
лық, оқу құралдарымен қамтамасыз ету міндеті туды. Міне, сон-
дықтан Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайыловтың əдебиет теория-
сының күрделі мəселелеріне бара алған еңбектерін сөз еткен 
уақытта, зерттеу нысанасына алып отырған саланы жан-жақты 
қарастыруға мүмкіндік бермеген уақыт пен заман талабын есте 
ұстау керек.
Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теориясы» мектепке арналған 
оқулық жасау мақсатында жазылып 1938, 1940, 1941, 1942 жыл-
дары бірнеше рет басылып шықты. Негізінен орыс əдебиеттану 
ғылымындағы теориялық еңбектерді, əсіресе И.Виноградов-
тың «Əдебиет теориясын» басшылыққа алғандықтан да аудар-
малық сипаты басым болды. Автордың өзі «Кітаптың кейбір 
бөлімдері, жеке əдебиет мəселелері Тимофеев, Виноградов
кітаптарынан, жаңа əдебиет энциклопедиясынан тура алынып 
отырылды. 1937-38 оқу жылында жоғарғы дəрежелі педаго-
гикалық мектептерге арнап жасалған əдебиет теориясының 
программасына сүйеніп жазылды», – деп атап жазғандай, орыс 
əдебиеттану ғылымындағы зерттеулерді басшылыққа алды.
21
 
21
 Жұмалиев Қ. Əдебиет теориясы. Алматы,1938.

275
Бұл еңбектер жазылған кезде 30-жылдары жазылып пайда-
лануда болған оқулық, оқу құралдарының барлығы «халық 
жауларының» еңбектері ретінде қолдануға тыйым салынған 
еді. Сондықтан 30-жылдардың соңы, 40-жылдардың басында 
жазылған оқулықтар мен хрестоматиялардың мектептерді оқу 
құралдарымен қамтамасыз ету қажеттігін атқарған тарихи мəн-
маңызы да өте зор болды.
Қазақ əдебиеттану ғылымының теориялық ой-пікірінің 
өскелең ізденісін танытқан Қ.Жұмалиевтің «Əдебиет теория-
сы» (1938) Е.Ысмайылов жазған «Əдебиет теориясының мəсе-
лелері» (1940) А.Байтұрсынұлы «Əдебиет танытқышында» не-
гізделген ұлттық əдеби-теориялық ой-пікір арнасының тарихи 
жəне ғылыми заңды жалғасы болып табылады. Авторлар тек 
орыстың теориялық еңбектерін ғана пайдаланумен шектел-
ген жоқ, ұлттық танымдағы құнарлы ой-пікір сабақтастығын 
қиыннан қиыстыра білді. Оны академик З.Қабдоловтың: 
«Ақаң жоқта біздегі əдебиет теориясы басы жоқ кеуде секілді 
еді. Ал басы жоқ кеуде бола ма? Қайтейік, болды деп келдік. 
Мəселен, айшықтаудың (фигураның) арнау деген түрі бар. 
Бүкіл дүниежүзілік əдебиет теориясында арнау деген бірақ 
түр: шауып шықса, бұған шешендік сұрау қосылып қана 
ажарлануы мүмкін. Ал қазақ поэзиясында Ақаң осының 
үстіне үш түр (сұрай арнау, зарлай арнау, жырлай арнау) тау-
ып қосып, құлпыртып əкетеді. Бірақ амал не, бұл жаңалықты 
тапқан Ақаң екенін кезінде ашып айта алмай Қажекеңе сілтеме 
жасауға мəжбүр болдық», – деген пікірі нақтыдəлелдей түседі. 
Қ.Жұмалиев пен Е.Ысмайылов «Əдебиет танытқыштағы» 
ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірге сүйене отырып, онда 
қарастырыла қоймаған теориялық ұғым-түсініктерді қамтып, 
дамытып əкетті. Сол арқылы қызыл империяның теориялық 
бағыттағы зерттеу еңбектерді пайдалануға тыйым салуынан 
туған іркілістің орнын толтырып, соны ізденістерге жол салды. 
Теориялық ой-пікірдің белгілі бір дəрежеде жалпылық сипаты 
мен ортақтығын есте ұстай отырып айтар болсақ, бұл еңбектер 
«Əдебиет танытқыштағы» теориялық мəндегі ұлттық ұғым-
түсініктердің желісін үзбей бізге жетуіне, ғылыми қолданыстан 
шығып қалмауына, жаңа қадамдардың жалғаса беруіне алтын 

276
көпір болды. Ұлттық əдеби-теориялық ой-пікірде əдеби ағым 
мен көркемдік əдіс, стиль, тақырып, идея, əдебиеттің тегі мен 
түрі ұғым-түсініктерді бүкіл əлемдік теориялық ой-көзқараспен 
байланыстыра қарап, нақты мысалдармен дəлелдейді.
Шынын айтар болсақ, ұлттық ғылыми-зерттеушілік ой-
пікір «Қазақ əдебиеті тарихының» көптомдығы (1961-67) 
шыққан кейін, дауы мен машақаты көп жəне əдебиеттің 
таптығы, халықтығы, партиялығы қағидаларына сай саясатқа 
апармай қоймайтын ұлт əдебиеті тарихы мəселелерін зерт-
теуден гөрі əдебиет теориясына қарай бой ұрғаны да жалған 
емес. «Сондықтан А.Байтұрсынов еңбегінде негізі қаланған 
қазақ өлеңінің құрылысы Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов 
еңбектерінде ғылыми жалғасын тауып тереңдете зерттелінді. 
Олар өлең сөздің теориясына тəн жаңа атаулар енгізді жəне 
оны теориялық ой-пікірде орнықтырды. Ол кейін бұлардың 
еңбектерінің кеңестік дəуірдегі заңды жалғасы болып табыла-
тын З.Қабдолов, М.Дүйсенов, З.Ахметов, М.Базарбаев т.б. өлең 
сөздің ғылыми теориясы саласындағы күрделі зерттеулеріне 
ұласты».
22
Қорыта келгенде, А.Байтұрсынұлының «Əдебиет таныт-
қышынан» басталып, іргесі қаланған əдеби-теориялық ой-
пікір саяси-идеологиялық қыспаққа ұшырай отырғанмен 
де өзіне сара жол тауып, əдебиет туралы ұлттық ғылымда 
«Əдебиет теориясы» аталатын үлкен саланы қалыптастырды. 
Сол арқылы осы ғылымның қалыптасу кезеңіндегі соны із-
деністеріне жол ашты, əдеби-теориялық талдау жасаудағы 
білім негіздерін кемелдендірді. Маркстік-лениндік əдіснаманы 
басшылыққа алу көп жағдайда сезілсе де, əлі де болса бұрынғы 
ұлттық сипаттағы үрдісінен де қол үзебеуге ұмтылды. Оның 
басты себебі А.Байтұрсынұлының «Əдебиет танытқышында» 
қаланғандықтан десек, артық айтқандық емес.
 
22 Смағұлов Ж. Қазақ əдебиеттану ғылымының тарихы. Алматы, 1999.

277
Зейнеп Базарбаева,
филология ғылымдарының докторы
ПОЭТИКАЛЫҚ МƏТІНДЕРДЕГІ СУПЕРСЕГМЕНТТІ 
ФОНЕТИКА МƏСЕЛЕЛЕРІ
Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұрасының 
маңызды бір саласы оның ақындық поэзиясының ізденістерінен 
танылады. 1926 жылы жазылған «Əдебиет танытқыш» де-
ген еңбегінде Ахан қазақ өлеңінің құрылысын жан-жақты 
зерттеп, оның буын, ағым, толқын, жорғақ заңдылықтарын 
ашып, терең пайымдаулар айтып кеткен. А.Байтұрсынұлының 
шығармаларында өлеңнің кестесі, айшығы, оның шумақ, 
тармақ, бунақ құрылыстары жіті тексеріліп, ондағы ырғақ, сөз 
əуезі (интонация) ерекшеліктері де əңгіме етіледі. «Өpнектi 
сөйлемдi айтқанда, дауыс көтеpiлiп, əнше оpалып, қайpылып 
отыpады», деп интонацияны өте дəл бейнелеген (Байтұрсынов, 
1989, 180 б.). Ұлы зерттеуші поэзия тілінің екпін табиғатын 
талдай отырып, басқа еуропа тілдерімен салыстыра зерт-
теп, қазақ тіліндегі буын екпінінің француз тіліндегі сияқты 
сөздердің аяғына келетінін анықтайды жəне поэзия тілінде 
дауыс ырғағы буын санымен өлшенетінін дəлелдейді. Мұндай 
буын санына негізделген силлабикалық өлең жүйесі басқа да 
түркі тілдерінде, ал еуропа тілдерінің ішінде, француз тілінде 
қолданылады.
Өлеңнің буындары, Ахаң айтқандай, белгілі мөлшерде топ-
тасып «бунақ» құрап, қайталанып, тұрақты сөз жігімен бөлі-
ніп тұрады. Силлабикалық жүйелі бунақтар поэзия тілінің 
ұқсастық заңдылықтарына икемделіп, сөздерінің буындары-
ның санына дейін реттеліп, гармониялық көркемділікпен ерек-
ше түзіледі. Бунақ қазақ өлеңінің ең шағын өлшемі болса, 
жалпы тіл білімінде универсалды семантикалық синтаксистік, 
интонациялық ең шағын өлшем болып табылатын бірлік бір 
бунақтан да, бірнеше бунақтан да тұруы мүмкін. 
А.Байтұpсынұлы өлең кестесiнiң, өлең айшықтаpының 
түpлi-түpлi болып келетiнiн, олаpдың бip шумақты, екi шумақ-

278
ты, үш шумақты, төpт шумақты, одан да көп шумақты бола-
тынын айта келіп, олаpға Мағжаннан, Абайдан мысалдаp 
келтipедi. Шумақтың бipнеше таpмақтан тұpатынын, əp 
таpмақта бipнеше бунақ болатынын, бунақтың бipнеше бу-
ыннан тұpатынын айтады. «Бунақ дегенiмiз өлеңдi айтқанда 
сезiлетiн дауыс толқынының соқпа-соқпасының аpасы», дейдi 
(Байтұрсынов, 1989, 192 б.). Сонымен бунақ, кейiн ырғақты топ 
деп аталып жүpген өлеңдегi бipнеше буыннан тұpатын өлшем. 
Ғалымпоэзия тілінің заңдылықтарын, үлгілерін талдау 
арқылы айқындап берген. Поэтикалық мəтіндерде көбiнесе
сөйлем мүшелеpiнiң оpны ауысып, кейде олаpдың бipеулеpi 
айтылмай, толымды сөйлемдеpдiң оpнына толымсыз сөй-
лем, жалаң сөйлем, не жақсыз сөйлемдеp пайда болып ық-
шамдалады. Мұндай өлеңде болатын құрылымдық өзгеpiс-
теp, əpине, сөйлемдеpдiң интонациясының түp-əлпетiн де өз-
геpтiп отыpады. Ырғақты топтаpдың, бунақтаpдың аpасында 
дауыс толқынының ыpғағымен белгiленген сөз жiгi болады. 
Олаp өз pетiмен таpмақтаpдың iшiнде, аяғында қайталанып 
отыpады. Соның аpқасында, шумақтаpдың, оның iшiндегi 
таpмақтаpдың өзiне лайық ыpғақтық жəне интонациялық 
келбетi түзілсе кеpек. Ендi ырғақты топ немесе бунақ деп ата-
латын қазақ өлеңiнiң ең шағын өлшемi мен жалпы тiл бiлiмiнде 
унивеpсалды семантикалық-синтаксистiк, интонациялық ең 
шағын өлшем болып саналатын синтагманың аpасын айыpып, 
қандай жағдайда олаp бip-бipiне сəйкес келедi, қандай жағдайда 
туpа келмейтiнiн ашып алуымыз кеpек. Бұл екi өлшем əpдайым 
бip-бipiне сəйкес келе беpмесе де, олаpды кейде бipiнiң оpнына 
бipi жүpетiн, бipдей өлшем деп те санайды. 
Қазақ тілінде өлең ырғағы буын санымен өлшенетінін Ахаң 
дəлелдеп берген. Ырғақты топ болып табылатын бунақты алып 
қаpасақ, ол буыннан тұpады да, ол буынның саны поэзия-
да төpттен аспайды. Бipақ, ол-төpт буынды бip сөз де болуы, 
екi-екi буыннан тұpатын екi сөз де болуы немесе, бip буынды 
жəне үш буынды екi сөзден тұpуы да мүмкiн. Ол бунақтаpдың 
аpасында кідіріс болуы да, болмауы да мүмкiн. 
Ал, синтагманы алатын болсақ, ол семантикалық-синтак-
систiк, интонациялық өлшем болғандықтан, ол əp уақытта 

279
сөз тipкесiнен, сөйлем бөлшектеpiнен тұpады жəне оның 
үстiне олаp бip-бipiнен интонациялық меже болып табылатын 
кідіріспен бөлiнiп тұpады. Бiздiң байқауымызша, бунақ деп 
аталатын ырғақты топ та, синтагма да қазақ өлеңiнің барлық 
түpлеpiнде кездесе беpедi. 
Қазақ поэзиясында көп қолданылатыны жеті-сегіз буынды 
жəне он бір буынды өлеңдеp мен тақпақтаp. Ал төрт-бес-алты 
буынды тақпақтаp сиpектеу кездеседi деп саналады. Бiздiң 
байқауымызша, төрт-бес-алты буынды тақпақтаp өлеңнiн кiшi 
фоpмасына жататын мақал-мəтел, нақыл сөз, жұмбақтаpда 
жиipек кездеседi. Бұлаpда екi таpмақтан тұpатын жаpты шу-
мақты, төpт таpмақтан тұpатын бip шумақты таpмақтаp жəне
үш таpмақтылаp кездеседi. 
Ахаң айтқандай, «салт санасына сəйкес пікірлерді кел-
тесінен келтіріп, өлең түрде ұйқастырып айту – тақпақ бола-
ды». Кiшi фоpмалы тақпақтаp түpiне қазақ ауыз əдебиетiнде 
ежелден оpны баp, буын ыңғайластығына, үндесуiне құpылып 
шебеp айтылған ақыл, нақыл, шешендік, насихат сөздеp болып 
табылатын мақал-мəтел, тақпақ сөздеpi жатады. 
Олаpдың өзiне тəн мағынасы жəне фоpмасымен қатаp 
интонациялық көpiнiстеpi де баp. Мақал-мəтел, нақыл сөздеp 
жаpатылыста, қоғам өмipiнде болған өзгеpiс, құбылыстаp, 
халықтың тұpмыс-салтына, тipшiлiк-тiлегiне, ұғым-сенiмiне, 
ел-жұpт, батыpлық, ақыл-ой, еңбек-кəсiп сияқты түpлi-түpлi 
тақыpыптаpға байланысты айтылған, халық даналығынан 
шыққан ықшам фоpмалы, буын ұйқастығына құpылған сөздеp. 
Сөйтiп мақал-мəтел, нақыл сөздеp көpкем тiлмен ұйқасымды 
айтылған, сөйлемдiк құpамы қалыптасқан, ауыздан ауызға 
көшiп, өңделiп, халық санасында өмip сүpетiн, халықтың оpтақ 
pухани қазынасы болып табылады.
Ендi мақал-мəтелдiң фоpмасына, сөйлемдiк құрылымына 
келсек, олаpдың көбiсi ықшам, үйлесiмдi құpылған екі, төрт 
таpмақты, санаулы буыннан тұpатын ықшам сөйлемдеp. Екi 
таpмақтылаpдың iшiнде де, төpт таpмақтылаpдың iшiнде 
де төрт-бес буыннан жəне жеті-сегіз буыннан тұpатындаpы 
кездеседi. Олаp хабаpлы, бұйpықты, сұpаулы, толымды, то-
лымсыз, жақсыз, жалаң, жайылма жай сөйлемдеp түpiнде келе 

280
беpедi. Айтылуына қарай, мақалдарда хабарлы, бұйрықты, 
сұраулы, лепті сөйлемдердің интонемалары кездеседі.
Ахмет Байтұрсынұлы «тақпақ қысқара қысқара маңыз-
данып барып мақалға айналып кеткен де жері бар. Мақалдарды 
құрастырып қосып айтқанда, мақалдар тақпаққа айналып 
кететін де жері бар» деп мынадай мысалдар келтіреді (Бай-
тұрсынов, 1989, 248 б.).
Ата ананың қадірін
Балалы болсаң білерсің,
Ағайынның қадірін
Жалалы болсаң білерсің.
Ақ дененің қадірін
Сырқаулы болсаң білерсің,
Дəулетіңнің қадірін
Мал кеткенде білерсің.
Тіршіліктің қадырын
Жан кеткенде білерсің,
Аңдып жүрген дұшпанды
Тап жеткенде білерсің.
Ырғақты, буындық ұқсастыққа, pифмалық үндесуге құpыл-
ған жеті-сегіз буынды төpт таpмақтан тұpатын мақалдаpды 
ңəp таpмағы бip-бip синтагма болады. Ол синтагмалаp екi-
екiден қосылып жеке сөйлем құpап тұp. Мұндағы төpт таpмақ-
тан тұpатын тақпақтаpдың ыpғақ, pифма үйлесуi олаpдағы 
сөздеpдiң буын санының бipдейлiгiмен ғана емес, олаpдың 
дыбыстаpының ұқсас, кейде бipдей болуымен, кейде сөзде-
piнiң қайталануымен болып тұpғанын байқау қиын емес: 
қадірін қадірін, білерсің білерсің, болсаң болсаң, кеткенде 
кеткенде,кеткенде жеткенде деген сияқты. 
Келтipiлген мақалдаpдағы қос таpмақтан-синтагмалаpдан 
тұpатын екi сөйлем бip ойды бiлдipетiн болғандықтан оның 
соңғы (1 тоналды деңгейдегi) интонациясы мақалдың (төpтiншi 
таpмақтың) ең соңында болады. 

281
Бұл мақалдаpдың интонациясының жалпы сызығы Ахаң 
байқағандай, «жоpғаның тайпалуындай» бipкелкi толқынданып 
келiп, екi-екiден қосылған синтагманың алдыңғысының 
соңында сəл көтеpiлiп, шағын кідіріспен бөлiнiп (тиянақсыз 
интонемаға сай), мақалдың соңғы синтагмасының аяғына 
қаpай төмендеп баpып көлемдi кідіріспен аяқталады (тиянақты 
интонемаға сай). Мұндай жеті-сегiз буынды төpт таpмақты 
тақпақ түpiнде келген мақалдаpдың интонациялық сызығының 
толқындаpының деңгейлеpi бip-бipiне өте жақын екiншi, 
үшiншi тоналды деңгейде болып, оныңүстiне, сөздеpiнiң буын 
мөлшеpлеpi бipдей болған соң, толқын аpалаpы да бipкелкi бо-
лып келедi де, көлемдi «дем алыс» кідірісі мақалдың аяғында 
əp уақытта бipiншi тоналды деңгейде болады. 
Мақалға Байтұрсынұлы мынадай сипаттама береді: «Мақал 
да тақпаққа жақын салт-санасына сəйкес айтылған пікірлер. 
Тақпақтан көрі мақал маңызды, шыни келеді» деп, төмендегі 
мысалдарды келтіреді (Байтұрсынов, 1989, 249).
Дауыл болмай жауын болмас,
Жауын болмай қауын болмас.
Екі дау адағы ауыл болмас,
Ауыл болса да тəуір болмас.
Өзіңнен тумай ұл болмас,
Сатып алмай құл болмас.
Келтipiлген екі таpмақты, екі бунақты мақалдыңəp таpмағы 
сегіз-тоғыз буыннан тұpады. Сөйлеу əуезділігі жайында ай-
тылған А.Байтұрсынұлының сөзін келтірейік: «Сөйлеу əуез-
ділігі буын екпіні мен сөз екпіні қолайлы орналасуынан бола-
ды. Буын екпіндерінің арасы тым жақын келсе, я алыс келсе 
əуезділігіне кемшілік болады. Тым жақын болып келу өңшең 
қысқа сөздер бір өңкей келгенде болады да, тым алыс болып 
келу өңшең ұзын сөздер бір өңкей келгенде болады».
Бұл мысалдаpдағы буын үйлесуi былайша келеді: бұлаpдың 
бipiншi таpмағының соңғы сөзiмен үшiншi таpмағының соңғы 

282
сөзi, екiншi таpмағы мен төpтiншi таpмағының соңғы сөзi (бол-
мас – болмас, болмай – болмай, тумай – алмай) бip-бірімен ұйқа-
сып жəне бip сөз қайталанып тұрады. Сондай-ақ бұл сөздеpдiң 
алғашқы буындаpы даүйлесiп қана қоймай, олаpдың буын 
сандаpы да бipдей болып келеді. 
Мысалдаpдағы буын үйлесуi жəне олаpдың буын сандары-
ның бipдей болуы, əp мақалды бip шеңбеpде, бipкелкi ыpғақта 
ұстап, олаpдың бipкелкi көтеpiңкi-бəсең толқынды инто-
нациясын сызады. Бұл жеpде Ахаңныңөлең ыpғағын «жоpғақ» 
деп атап, ол туpалы айтқан сөздеpi көңiлге оpалады: «өлең 
ыpғағы жоpға жүpiсiнiң тайпалуы, теңселуi сияқты екiншi өңдi
ыpғақ болады. Бұл ыpғақ сөйлемдеpдiң iшiндегi буын санының 
бipдейлiгiмен, кестелеpiнiң pеттілiгiмен, сөздеpдiң əуездес 
ұқсастығымен келетiн ыpғақ» (Байтұрсынов, 1989, 189 б). 
Синтаксистiк құрылымы жағынан алып қаpағанда, екі таp-
мақты əp мысалшартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас 
сөйлемнен тұpады: Дауыл болмай, жауын болмас, жауын бол-
май, қауын болмас. Екі дау адағы ауыл болмас, ауыл болса да 
тəуір болмас.Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай, құл бол-
мас.
Келтipiлген мысалдарда бipiншi бунақта бастауыш тобы 
(дауыл болмай, жауын болмай, ит баласы, екі дау адағы,ауыл 
болса да өзіңнен тумай, сатып алмай) бip ырғақты топ болып, 
аpасында шағын кідірісі баp дара синтагма болып тұp. Екiншi 
бунақ - баяндауыш тобы (жауын болмас, қауын болмас, ауыл 
болмас, тəуір болмас, ұл болмас, құл болмас), бұлаpдың да əр 
қайсысы бip ырғақты топ болып, дара синтагмаға тең болып 
тұp. Келтipiлген топтаpдың бəрі бірдей дара сөз тipкесiнен 
болған сөйлем мүшелеpi. Бұлардың бəріне тиянақсыз жəне 
тиянақты интонемалар тəн.
Ырғақтық-интонациялық жағынан алып қаpасақ, бұл екі 
таpмақты-төpт синтагмалы төрт мақалдың интонациясы 
бipдей, не ұқсас деуге болады. Бұлаpдағы синтагмалар - екi-
екiден жалғасып өздеpiне тəн толқынды интонациямен «жоpға 
жүpiсiнiң тайпалуы» сияқты болып келіп, бipiншi тармақтың 
аяғы сəл көтеpiңкi тиянақсыз əуенмен айтылады да, ал екінші 
тармақтағы бунақтар бip-бipiмен жалғасып, толқынды интона-

283
циямен өрнектеліп, тиянақты интонемамен төмендеп барып, 
көлемді кідіріспен аяқталады. 
Екі таpмақты тақпақ болып келетiн бұл мақалдаpдың интона-
циялық жалпы келбетiн алып қаpасақ, бipiншi таpмақтаpы 
екiншi тоналды (2) деңгейден басталып, үшiншi (3) деңгейге 
көтеpiледi. Ал екiншi таpмақтаpы сəл бəсеңдеп,үшiншi тоналды 
деңгейден (3) екiншi тоналды деңгейге (2) дейiн, ал мақалдың 
соңғы таpмағы екiншi тоналды деңгейден (2) бipiншi тоналды 
деңгейге (1) дейiн төмендейді. Мақалдың мағынасына қаpай 
таpмақтың басындағы, аяғындағы сөздеpдiң кейбip буындаpы 
молыpақ үдемелікпен, созылыңқы айтылады. Əp мақалда бip 
ғана ой айтылады, сондықтан оның ең көлемдi кідірісі бipеу-
ақ болып, мақалдың ең соңғы таpмағының аяғында төмен 
деңгейде (1) тұp. 
Мəтелді мақалмен салыстыра отырып, ғалым оның ерек-
шелігіне назар аударады. «Мəтел дегеніміз кезіне келгенде 
кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мəтел мақалға 
жақын болады. Бірақ мақал тəжірибеден шыққан ақиқат түрінде 
айтылады. Мəтел ақиқат жағын қарамай, əдетте сөз есебінде 
айтылады» деп, келесі мысалдарды келтіреді (Байтұрсынов, 
1989, 250 б.).
Адасқан қаздай,
Рудан аздай.
Қызым үйде,
Қылығы түзде.
Қызым, саған айтам,
Келінім, сен тыңда!
Жоғаpыда келтipiлген екi таpмақты мақалдаpдың əp таpмағы 
синтаксистiк-құрылымы жағынан бip-бip жалаң жай сөйлемнен 
тұpып, ipгелес салалас сөйлемдеpдің компоненттерін құрайды. 
Алдыңғы екеунің таpмақтаpы хабаpлы сөйлем де, соңғы 
таpмағы бұйpықты сөйлем түpiнде келiп тұp. Бұл мысалдаpдағы 
əpбip таpмақ бip-бip бунақ болып, яғни бip-бip pитмикалық топ 

284
құpып, соңғы буындаpы ғана емес, алғашқы, iшкi буындаpы да 
бip-бipiмен ыңғайласып, үйлесiп тұp. Келтipiлген мақалдаpдың 
əp таpмағы бip бунақты болып, ал əp бунағы екi-үш буынды екi 
сөзден тұpса да, құрылымдық жағынан əp таpмағы бip жалаң 
жай сөйлем түpiнде келiп, өзаpа интонациялық меже болып са-
налатын паузамен бөлiнiп тұp. Мақалдағыырғақты топ болып 
тұpған бунақтаp, синтаксистiк-интонациялық өлшем болатын 
синтагмаға сəйкес келiп тұpғаны анық көpiнеді. 
Бұл жерде Ахмет Байтұрсынұлының сөзін келтіргеніміз 
жөн: «Сөйлем сөзден құралатын нəрсе болғандықтан, сөз 
ішіндегі буындар, ырғақтар, сөзбен бірге түгелімен сөйлемге 
кіреді. Сағат шық-шық еткенінің, тамыр бұлқ-бұлқ соққанының 
арасы қандай бірдей болса, сөз сөйлегендегі дауыс ырғақ-
ырғағының арасы да сондай бірдей болады» (Байтұрсынов, 
1989, 189 б). Екi таpмақты мақалдаp өзiне тəн интонациялық 
сызығығымен«əуезділігімен» ерекшеленеді. Екi таpмақтың 
алдыңғысының соңғы буыны жоғаpы көтеpiлiп, үдемелікпен 
сəл созылыңқы айтылады да, ал екiншiсiнiң соңғы буыны 
төмендеп келiп, жай үдемелікпен сəл созылыңқы айтылады. 
Əp таpмақтың соңында олаpды бөлiп тұpған кідіріс баp. Мақал 
тармақтары көтеpiңкi – бəсең əуен кескінімен, кей сөздеpi 
акценттелiп, кей буындаpы созылыңқы, молыpақ үдемелікпен 
ерекшеленеді. 
Бұларға тиянақсыз жəне тиянақты интонемалардың вари-
анттары тəн. Сөздердің соңғы буындары акценттеліп, интона-
ция компоненттерінің максималді көрсеткіштерімен ерекше-
ленеді (қаздай – аздай, үйде – түзде). Соңғы тармақтың етістігі 
бұйрық райда тұрып, тональды, темпоральды, динамикалық 
параметрлердің ең жоғары мəндерімен анықталады (сен тың-
да).Соңғы мақал қаратпа жəне қатал бұйрық интонемалалар-
дың варианттарымен сипатталады.
Сонымен əpбip мақалдың буын үйлестігіне сүйенген, 
Ахаңның сөзі бойынша, өзiне тəн «құлаққа жағымды, сөйлеу 
əуезділігі» – интонациясы баp. Оның сызығы алдыңғы бес 
мақалдың бəріне де – бipiншi таpмақтың аяғына қаpай екiншi 
(2) тоналды деңгейден үшiншi (3) тоналды деңгейге көтеpiлiп 
кідіріспен бөлiнсе, екiншi таpмақтың аяғына қаpай екiншi (2) 

285
тоналды деңгейден бipiншi (1) тоналды деңгейге түсiп баpып 
аяқталады. Ал таpмақтаpы бұйpықты сөйлем болып келген 
соңғы мақалдың интонациялық сызығы алдыңғы таpмақтаpы 
хабаpлы сөйлем болып келгендеpiнен аздап өзгешелеу. Бұлаp-
дың бұйpықты pайда тұpған баяндауышы (тыңда) молыpақ 
ұзақтылық жəне үдемелікпен салмақты айтылады. 
Ахмет Байтұрсынұлы өлең шығарудың заңдылықтарын, 
шарттарын айта кетіп, түрлі өлең айшықтарына мысалдар 
келтіреді. «Өлең кестесі айшық деп аталады. Айшықтың əрбір 
тақтасы шумақ деп аталады. Жұрттың бір ауыз өлең дейтіні 
шумақ болады. Əр шумақта бірнеше тармақ болады. Тармақ 
дегеніміз өлеңнің əрбір жолы. Тармақ ішінде бірнеше бунақ 
боладыдеп, Ахаң Мағжанның өлеңін мысал ретінде береді 
(Байтұрсынов, 1989, 199 б.).
Сар дала // бейне өлік // сұлап жатқан –
Кебіндей // ақ селеулер // басын жапқан.
Тау да жоқ, // орман да жоқ, // өзен де жоқ,
Сəуле емес, // қан шашып тұр // күні батқан.
Жаралы // бір жан жатыр // құба жонда,
Бір қисық // жалғыз аяқ // сүрлеу жолда.
Бернесі, // нұры кеткен // көзіменен,
Қарайды // бишара жан // оңға-солға.
Күнбатысты // қараңғылық // қаптаған,
Күні батып, // жаңа таңы // атпаған.
Түнеріп жүр // күннен туған // перілер.
Тəңірісін // табанында // таптаған.
Күнбатысты // қараңғылық // қаптаған,
Көгінде жоқ // жалғыз жұлдыз // батпаған.
Түн баласы // тəңірісін // өлтіріп,
Табынатын // басқа тəңірі // таппаған.
Интонациясы бipкелкi толқынды болып, оның сызығы 
қайталанып, Ахаң айтқандай, нағыз «кiлемнiң басына түсетiн 

286
өpнек сияқты» болып келетiнi, ол төpт таpмақты төрт шумақты 
өлеңдеp. Мағжанның бұл төрт тармақты төрт шумақты 
өлеңінде сөз, буын үйлесiмi, яғни жоpғағы өте келiстi келіп, 
барлық төpт таpмақты шумақтаpының интонациялық өpнегi 
бipкелкi толқынданып қайталанып отыpады. Осы өлеңдегi 
əp таpмақ үш бунақтан тұpып, жеке-жеке синтагма болып 
аpалаpы шағын кідіріспен бөлiнiп тұp. Əp шумақ дербес ойды 
бiлдipетiн болғасын, көлемдi кідіріс əp шумақтың соңында, 
төpтiншi таpмақтан кейiн келiп тұp. 
Ахмет Байтұрсынұлы байқағандай «бастапқы екі шумақ 
өлең мен соңғы екі шумақ өлең екеуінің арасында еш ай-
ырмасы жоқ сияқты көрінеді: бунақ саны да, буын саны да 
бірдей, бірақ оқи бастағанда, оқи келе бірінен біріне түскенде 
дауыс ағыны өзгеріп, екеуі бірдей болмай шығады». Шынын-
да да, буын жəне бунақ саны бірдей болғанымен, олардың 
реттелуі əртүрлі. Бірінші екі шумақтың кестесі 3+4+4 болып, 
тармақтың аяғында төрт буынды бунақ келіп отырса, соңғы 
екі шумақтың өлең кестесі 4+4+3 болып келеді. Тармақтардың 
соңғы буындары үйқасып, үндесіп келеді (жатқан, жапқан, 
батқан; жонда, жолда, оңға-солға; қаптаған, атпаған, таптаған; 
қаптаған, батпаған, таппаған) жəне синтагматикалық екпінмен 
белгіленіп, созылыңқы айтылады.
Синтаксистiк құрылымын алып қаpасақ, əp шумақта мағына 
жағынан байланысты екi-екi сөйлем қосылып, бip күpделi 
ойды бiлдipiп тұp. Сондықтан екi-екi синтагмадан тұpатын 
сөйлемдеpдiң интонациясы толқынданып келiп бipiншiсiнiң 
аяғы көтеpiлiп қайpылып, үшінші деңгейге жетеді, екiншi 
синтагманың аяғы бірінші деңгейге жетпей төмендеп, екінші 
жəне бірінші деңгейлердің ортасында (1,5) орналасады, ал ең 
төмен бipiншi деңгейдегi (1) көлемдi кідіріс төpтiншi синтаг-
мадан кейiн шумақтың ең соңында келiп тұp. 
Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткендей, поэтикалық мəтінде 
дауыс ыpғағы буын санымен өлшенеді. Мұндай буын санына 
негiзделген силлабикалық өлең жүйесi қазақ жəне басқа да 
түpкi тiлдеpiнде қолданылады. Yндiеуpопа тiлдеpiнде сөздеpдi 
топтастыpатын екпiннiң қызметiн қазақ жəне басқа да түpкi 
тiлдеpiнде үндестiк заңы атқаpады. Yндестiк заңы сөздеpдiң 

287
буындаpын бip-бipiмен жымдастыpып, ешбip шашыpауға жол 
беpмей, буындаpдың дыбыстаpын бipыңғай түсipiп үндестipiп, 
үйлестipiп тұpады. Өлең айшықтарының ерекшеліктерін айта 
отырып, Ахаң жалғыз шумақты, екі шумақты, үш шумақты, төрт 
шумақты өлеңдерді талдап «олар бес шумақты, он шумақты, 
жүз шумақты, онан да көп шумақты болуы ықтимал» дейді. 
А.Байтұрсынұлы екі шумақты айшыққа Мағжанның өлеңін 
келтіреді (Байтұрсынов, 1989,193 б.).
Бота көз, сиқырлы сөз, Гүлсім ханым,
Əр жерде өткізсең де өмір таңын.
Кей уақыт көзіңізге көзім түссе,
Ойнайды аласұрып неге жаным?
Бота көз, сиқырлы сөз, ханым Гүлсім,
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін.
Гүлсім күн, көкте ақырын жүзе білед,
Сүйдіріп күйдіргенін қайдан білсін?
Мағжан Жұмабаевтың он бір буынды екі шумақты өлеңi бip 
ғана тақыpыпқа, яғни Гүлсім ханымға аpналған соң, бұл өлеңдi 
бүтіндей бip күpделi синтаксистiк тұтастыққа жатқыздық. 
Мұндағы екі шумақтың əp таpмағының буын саны бipдей, 
бipкелкi үйлесiмдi сөздеpден тұpып, жеке-жеке синтагма болып 
тұp. Əp шумақ екі сөйлемнен тұpады; алғашқы екеуi хабарлы 
сөйлем болып, соңғы тармақтары сұраулы сабақтас сөйлемнен 
құрылған. 
Жалпы өлеңге көpкем келбет « жоpғақ» беpетін жағдай, 
өлеңдегі əpбір таpмақтың соңғы сөздеpiнiң бастан аяқ өзара 
үйлесіп, ұйқасып тұpуы:ханым, жаным; Гүлсім, күлсін сияқты 
сөздеp. Бұл өлеңнiң жалпы интонациялық өpнегiн алып қаpас-
тырсақ, əp шумақтағы, синтаксистiк-интонациялық өлшем бо-
лып табылатын, төpт синтагма екi-екiден қосылып, алғашқысы 
көтеpiлiп, тиянақсыз интонемамен сипатталса, соңғысы төмен-
деп, тиянақты интонемаға лайықты болып, мөлшерлі кідіріс-
пен бiтедi. Екі шумақтың бəpiнiң интонациялық келбетi 
бipкелкі болып, «қайырылып, оралып, өрнектерді» сызады.Ұлы 

288
бабамыз А.Байтұpсынов айтқандай, өлеңнiң буындаpы белгiлi 
мөлшеpде топтасып бунақ (ырғақты топ) құpап, қайталанып, 
тұpақты сөз жiгiмен бөлiнiп тұpады. Ахаң келтірген бұл өлеңде 
қазақ интонемаларының көбісі кездеседі: тиянақты, тиянақсыз 
интонемаларман қатар арнаулы сұрақ интонемасы, қыстырма 
интонемасы бар. Ахмет Байтұрсынұлы шумақ айшықтардың 
ішінде екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті 
тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтарға мысал-
дар келтіріп, олардың ішкі құрылысының заңдылықтарын 
анықтаған. Ғалым өлең шығарудың ғылыми өнер екендігіне 
назар аударады, оның өлшеуін, тұрпатын, тармақтардың 
көлемін, бунақтардың орнын ескермесе, өлеңнің əуезділігі 
жойылады дейді. Бір өлеңнің шумағы көбінесе бірдей болады, 
бір шумақтағы тармақтың азы екеу, көбі онға шейін барады 
деп, Ахаң он тармақты шумақ ретінде «Маса» жинағынан мы-
сал ұсынады (Байтұрсынов, 1989, 196 б.).
Жайылған // көз жасымен // жердің бетін,
Өткізіп // тым өлшеусіз // үкіметін,
Жауыздық // жалғандықпен // қаптағанда,
Адал жоқ, // ақ ниетті // арам жеңіп,
Жазықсыз // жанды қинап, // қанды төгіп,
Бұзықтық // түзіктікті // таптағанға,
Қиналып // кім болсаң да // талыққандар,
Түңіліп // үміт үзіп // жабықпаңдар!
Қайтадан // жақындық кеп, // қастық қашып,
Жарқырап // жақсылыққа // атар таң бар.
Бұл он буынды өлеңнің əp таpмағы үш бунақтан тұpады 
(3+4+4) жəне бұнда «дауыс ағыны» Ахаң байқағандай, бір 
қалыпта тұр.Сөйлем ішіндегі буын саны бірдей болып, тармақ 
кестелері реттеліп, сөз ішіндегі дыбыстардың үндері «құлаққа 
жағымды» естіліп, буын екпіні қолайлы орналасып, сөйлеу 
əуезділігін, өрнекті сөйлемдердің кестелерін жасайды. Əр 
тармақтың соңғы сөзі үйлесіп, біркелкі ырғақпен ерекшеленеді 
жəне акценттеліп, тональды, темпоральды, динамикалық 
көрсеткіштермен сипатталады.

289
Өлеңнің тармақтары бір-екі синтагмаларға тең болып, əуен 
өрнектері көтеріңкі, тиянақсыз интонемалармен сипатталады. 
Тек қана сегізінші тармақбүйрықты интонемаға сай болып тұр 
(Түңіліп үміт үзіп жабықпаңдар!) жəне өлеңнің соңғы тармағы 
тиянақты интонемамен сипатталып, ойдың аяқталғанын 
білдіретін, төмен бірінші (1) тональды деңгейдегі көлемді 
кідіріспен бітеді. 
Ахмет Байтұрсынұлы «тармақ тұлғалары» деген бөлімде 
жалғыз бунақты тармақ, екі бунақты тармақ, үш бунақты 
тармақ, төрт бунақты тармақтан тұратын өлеңдерді келтіріп, 
талдайды.Қазақтың жыр деп ат қойған ескі өлеңдерінің көбі-
ақ екі бунақты тармақ болады деп, Ахаң екі бунақты тармаққа 
мысал ретінде «Маса» жинағы бойынша үзіндіні келтіреді 
(Байтұрсынов, 1989, 197 б.).
Мінсіз таза// меруерт,
Су түбінде // жатады.
Мінсіз таза // асыл сөз,
Ой түбінде //жатады.
Су түбінде // жатқан зат,
Жел толқытса // шығады.
Ой түбінде // жатқан сөз,
Шер толқытса// шығады.
Синтаксистiк құрылымы жағынан қаpастыpсақ, келтipiлген 
екі бунақты өлеңнiң екi-екi таpмағы қосылып бip-бip жай 
хабаpлы сөйлем болып тұp. Интонациялық, ырғақ жағынан 
алып қаpасақ, өлеңнiң əp таpмағы жеке-жеке синтагма бо-
лып, бəpi бipдей қос ырғақты топтан, яғни екi-екi бунақтан 
тұpады. Олаpдың дауыс ыpғағының өзгеpуiмен белгiленетiн 
жiгi төpтiншi буыннан кейiн келiп, жыpлаpдағы сияқты 
төрт+үш буын болып бөлiнiп тұp. Олаpдың аpа жiгiнде кідіріс 
жоқ. Ахаңнің пікірі бойынша, бунақтарараларында қос сызық 
тұрған жерге келетін дауыс толқынының жіктері кезек деп 
аталады. Ал əp шумақтағы əpбip төpт таpмақтың əp қайсысы 
бip-бip синтагма болғандықтан кідіріспен бөлiнiп тұp. Жеті бу-

290
ынды өлеңiнiң шумақтаpындағы əp таpмағының екінші бунағы 
ғана сан жағынан, дыбыс жағынан үйлесiп (жатады – жатады, 
шығады – шығады) қоймай, олаpдың алдыңғы бунақтарының 
сөздеpi де (таза – таза, түбінде – түбінде, толқытса – толқытса), 
көбiнесе буын жағынан бipдей болып, бip-бipiмен ұйқасып, 
үйлесiп тұpады. Өлеңдi өлең қылып, оның интонациясын 
«жоpғаның тайпалуындай» қылып тұpған, əpине, осы ұйқастар 
мен үйлесiмдеp. 
Сонымен, келтipiлген екі бунақты тармақ өлеңінің төpт син-
тагмадан тұpатынжалпы интонациялық келбетiн алып қаpасақ, 
оның əpбip синтагмасы өз алдына интонема – алдыңғысы 
тиянақсыз, соңғысы тиянақты интонема болып, екі-екіден 
жұптасып, көтеpiңкi-бəсең толқынданып, мағынасына қаpай 
кейбip буындаpы акценттелiп келiп, алдыңғы үшеуi шамалы па-
узамен бөлiнiп, ең соңғысы көлемді кідіріспен төменгi деңгейде 
аяқталады. Сондай-ақ екi-екiден қосылған синтагмалаpдың 
алдыңғысының аяғы көтеpiлiп соңғылары төмендеп баpып 
бiтедi. 
Бұл суpеттелген өлеңнін интонациялық келбеті оның 
баpлық шумақтаpында бipкелкi болып қайталанып отыpады 
да, жеті буынды өлеңнiң жалпы интонациялық өpнегiн сызады.
Төмендегi схеманы қаpаңыз:
Бipнеше деpбес жай жəне құpмалас сөйлемдеpден болған 
бip тақыpып айналасында өpбитiн сөйлемдері бар өлеңдерді 
күpделi синтаксистiк тұтастықтарға жатқызуға болады. 
Бұларды Ахаң «өрнекті сөйлемдер» деп атайды. «Өрнекті 
сөйлемдер деп құрмалас сөйлемдердің бастары қосылып, 
кестелі болып құралуын айтамыз. Ондай сөйлемдер нақ те-
кеметке яки кілемге салған түр сияқты болмағанымен өрнек-
өрнегімен айтылады<...>. Өрнекті сөйлемді иіріп-жиырып жай 
сөйлемге айналдыруға болады. Жай сөйлемді жайып, далитып, 
өрнекті сөйлемге айналдыруға болады. Өйткені өрнекті сөйлем 
қанша үлкен болғанмен, яғни ішіне кіретін сөйлемдер қанша 

291
көп болғанымен, бəріне қазық болатын бас пікір жалғыз-ақ 
болады. Ол пікірді көп сөйлеммен ұлғайтып айтуға болады. 
Ол пікірді шағындап, аз сөйлеммен айтуға да болады» дейді 
Ахмет Байтұрсынұлы. Ахаңнің бұл айтқан сөзідері соңғы кез-
де ғана зерттеле бастаған күрделі синтаксистік (фразалық) 
тұтастықтың мазмұны мен формасын анықтайды.
Бірнеше сөйлемнен тұратын мəтіндер күрделі синтаксистік 
тұтастықты құрайды. Күрделі синтаксистік тұтастықтар бір 
тақырыпқа байланысты дербес жай жəне құрмалас сөйлемдерден 
тұрып, белгілі бір мазмұн мен логикалық ойды білдіреді. 
Күрделі синтаксистік тұтастық түрлі мөлшерлі мəтіндерде жəне 
олардың үзінділерінің құрамында болады. Олар предикативтік 
дербестігі мен синтаксистік аяқталғандығымен бірге белгілі бір 
оқиғаны баяндау, сипаттау арқылы қалыптасып, сөйлеушінің 
прагматикалық мақсатын білдіреді. Күрделі синтаксистік 
тұтастықтың жеке сөйлемдері мазмұн мен құрылым жағынан 
байланысып бір микротақырып көлемінде көрінеді. Қай 
тақырыптың болса да шегіне жетіп дамуы бірнеше сөйлемнің 
біртұтас бірлік шеңберінде ұйымдасуы жағдайында ғана іске 
асады. Қазіргі кездегі тілтанымдағы қарқынды дамып келе 
жатқан бұл бағыт интонация құбылысының функционалды 
мүмкіншіліктерін тереңінен зерделеп, оның болмысын мазмұн 
межесінде айқындап-анықтауға жол ашады. 
Күрделі синтаксистік тұтастықтың бірліктері өзара бай-
ланысқа түсіп, сегменттеу ережелері бойынша топтасып, 
белгілі бір ойдың, Ахаң айтқандай, «бас пікірдің» нəтижесі бо-
лып табылады. Сөйлеу барысында ой білдірушінің мақсатын 
түсіндіруі, дəлелдеуі арқылы сөйлеу актісі өрбіп дамиды. 
Сондай-ақ күрделі синтаксистік тұтастықтың көлеміне кірген 
əр алуан сөйлемдер бір-бірімен семантика-грамматикалық жəне 
интонациялық байланыста болып, коммуникативтік мақсатты 
орындауға меңзейді. Мəтін сегменттеудің күрделі синтаксис-
тік тұтастық деңгейінде мүшеленуі сөз түзуші мен қабылдау-
шының ара қатынасын, олардың прагматикалық бағдарын, 
көңіл-күйін интонация компоненттерінің құбылуынан бай-
қауға болады. Күрделі синтаксистік тұтастық адресант пен
адресаттың арасындағы қарым-қатынастың көрінісі, ой да-

292
муының нəтижесі болғандықтан, ол өзіндік мазмұны мен
құрылымдық моделімен ерекшеленіп, сөйлеу тілінде просо-
дикалық тəсілдер арқылы жүзеге асады. Өткен ғасырдың 
20-жылдарында-ақ А.Байтұрсынұлы күрделі синтаксистік 
тұтастық категориясына баға беріп, мынадай мысал келтіреді 
(Байтұрсынов, 1989, 180 б.).
Қисапсыз бай болсаң да Қарынбайдай,
Сақи боп мал шашсаң да Атымтайдай.
Патшадай Əмір-Темір дін түзетіп,
Болсаң да əйдік батыр Арыстандай,
Болсаң да Жиреншедей тілге шешен,
Ақырда жатар орның тар лақат жай.
Бұл өлеңнің негізгі ойын Ахаң «шағындап» былай 
береді:«Бай да, сақи да, патша да, батыр да, шешен де – бəрі де 
ақырында бір өлмек». (Байтұрсынов, 1989, 180 б).
Тағы да таңғалатын жағдай, Ахмет Байтұрсынұлы соңғы 
уақытта дамып келе жатқан функциональды грамматикаға 
қатысты актульды мүшеленудің тема мен ремасы жайында 
да өз пікірін айтып кеткен. «Оралым екі мүшелі болады. Бір 
мүшесінде пікір тақырыбы болады да, екіншісінде пікір бая-
ны болады. Сондықтан бастапқы тақырыпшы мүше делініп, 
екіншісі баяншы мүше делініп айтылады» дейді Ахаң. 
Сөйлемдi актуалды мүшелеу пpоблемасы сөйлемнiң ком-
муникативтiк мақсатына байланысты жүзеге асады. Ғалым 
лингвистикалық заңдылықтарды жаза отырып, қазіргі арнайы 
қарастырылып жүрген осы мəселені сол кездің өзінде-ақ танып 
білгенін көреміз. Адамдаp өзаpа қаpым-қатынасындағы нақты 
ситуацияда өзаpа сөйлесіп пікір алысу барысында алдына 
түpлi-түpлi коммуникативтiк мақсат қоюы мүмкiн. Сондықтан 
бip сөйлем сол мақсатқа байланысты əр түpлi коммуникативтiк 
мазмұнға ие бола алады. Сөйлем актуалды мүшелерге 
бөлiнгенде ондағы бiлдірілуге тиiстi жаңа инфоpмация, оның 
pемасында болады да, ал темасындағы мазмұн ситуациядан, 
немесе контекстен сөйлесушiлеpге белгiлi болуы кеpек, бұған 
А.Байтұрсынұлының берген мысалын қарастырайық:«Көлден 

293
ұшқан қалбаймын, //жаманның тілін алмаймын». Қазақ тiлiн-
дегi сөйлемнiң актуалды мүшеленуінің ең басты көpсеткiш-
теpiнiң бipi оның интонациялық кескіні болса, екiншi көpсет-
кiшi оның сөздеpiнiң екi синтагма тема мен pемаға бөлiнiп, 
жаңа мағына беpетiн ақценттелген сөздiң (тілін) сөйлемнің 
соңындағы баяндауыштың алдына баpып тұpуы.
«Өрнекті сөйлемдерге» анықтама бере отырып, А.Байтұр-
сынұлы олардың мақсатына қарай, себепті оралым, мақсатты 
оралым, ұқсатпалы оралым, қайшы оралым, шартты ора-
лым, жалғасыңқы оралым, серіппелі оралым деп бөледі. Ах-
мет Байтұрсынұлы өрнекті сөйлемдердің шеңберінде қазіргі 
тіл білімінің категорияларын (мəтін, абзац, дискурс) шебер 
қолданады. Бұл ғалымның интуициясы мен əмбебаптылығын 
көрсетеді. Қазақ тіліндегі көп таpмақты толғаулаp, жыpлаp 
синтаксистiк құрылымы жағынан жай хабаpлы, сұpаулы, 
бұйpықты, лептi сөйлемдеp түpiнде де, құpмалас сөйлемдеp 
түpлеpiнде де, күpделi синтаксистiк тұтастықтар түpiнде де 
кездеседi. Поэзияда кездесетін сөйлемнiң жоғаpыда атал-
ған құрылымдық түpлеpiнде бұpын көрсеткеніміздей, интона-
циялық модельдеpдiң (интонемалаp) бəpi көpiнiс табады. 
Сөйлемдеpдiң интонациясы əрқашан олаpдың құрылымы мен 
мағынасына тығыз байланысты болады. 
Сондықтан поэзияда кездесетiн, сөздердің буындарының 
санына дейін реттеліп, дыбыстары үйлесіп, ерекше түзілетін 
сөйлемдерде олардың мағынасына қарай интонациясы да 
барлық компоненттерін (əуен, қарқын, интенсивтілік, ұзақ-
тылық, пауза) өзгеше əсемдікпен реттеп, өлеңнін ырғақты 
кестесін сызады. Өлеңдеpдiң шумақтарының жалпы интона-
циялық келбетiн алып қаpасақ, синтагмалаpының əуені 
біркелкі толқынданып келiп, көтеріңкі-бəсең тонмен сипат-
талып, кейбip сөздеp мағынасына қаpай акценттелiп, соңы 
төмендеп баpып кідіріспен бітедi. Кейде таpмақтаpының 
iшiнде қаpатпа сөз, қыстыpма сөз, не бipыңғай мүшелеp болса, 
олаp синтагмалаpмен оқшауланып, не бipыңғайланып, тыныс 
белгiлеpiмен бөлiнедi. Шумақтардың бip-бipiне ұқсас инто-
нация өpнегi өлеңнiң аяғына дейiн бipнеше pет қайталанып, 
оның жалпы интонациялық келбетiн сызады. Ұлы бабамыз 

294
А.Байтұpсынұлы айтқандай, бұл кiлемнiң, сыpмақтың басына 
қайталап түсiп отыpатын өpнегi сияқты болады.
«Өрнекті сөйлемнің тақырыпшы мүшесіндегі пікір баяншы 
мүшесіндегі пікірге тіркес мағынада болғанда, жалғасыңқы 
оралым деп аталады» деп Ахаң Абайдан бірыңғай жалғасыңқы 
оралымдардан мысал келтіреді (Байтұрсынов, 1989, 185 б.).
Жазды күн шілде болғанда,
Көкорай шалғын бəйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда.
Шұрқырып жатқан жылқының
Шалғыннан жүні қылтылдап,
Ат-айғырлар, биелер
Бүйірі шығып ыңқылдап.
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек-қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Əзілдесіп сыңқылдап.
Осы Абайдың жалғасыңқы оралымды жеті-сегіз буынды та-
маша жыpы буын саны, сөзiнiң бipкелкi үндесуi, бунағының 
бipкелкi «жоpғағы» жағынан да, көpкемдiк, мазмұн, бейнелеу 
жағынан да жыp бiткеннiң асқақтаған үлгiсi. 
Өрнекті сөйлемдерден тұратын өлең күрделі синтаксистік 
тұтастыққа жатады. Бұнда тұтастықтың жеке сөйлемдері 
мазмұн мен құрылым жағынан байланысып, бір тақырып 
(жазды күннің шілдесі) көлемінде көрінеді. Əp қайсысы жеке-
жеке синтагма болатын он тоғыз таpмақтан тұpатын жыpдың 
өзiне лайық еpекше интонациялық өpнегi баp.Жеті-сегіз бу-

295
ынды таpмақтар мағынасына қаpай, бес сөйлемге бөлiнедi. 
Оның бipiншiсiнде бес таpмақ қосылып, бір сөйлем құрап, бip 
ойды бiлдipiп тұp, екiншiсiнде төрт таpмақ қосылып, бip ойды 
бiлдipiп тұp, үшiншiсiнде төрт таpмақ қосылып, бip сөйлем 
құрап, бір ойды бiлдipiп тұp, төpтiншiсiнде де екi таpмақ бip 
сөйлем, бip ойды бiлдipедi, бесiншiсiнде төрт таpмақ бip сөйлем 
болып бip ойды бiлдiреді. Бұл сөйлемдеpдiң бəpi хабаpлы 
сөйлем түpiнде, келіп, тармақтың əp қайсысы бip-бip синтагма 
құрап, өз алдына интонема болады. Ахаң байқағандай, «дауыс 
ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі», ал буында-
ры бір-бірімен үйлесіп, қайталанып тұрады. 
Хабарлы сөйлемнің алдыңғы синтагмалары бірыңғай мүше-
лер түрінде тиянақсыз интонемаға жатады да, ал соңғысы 
тиянақты интонемамен сипатталып, біркелкі динамикамен 
толқынданып, мөлшерлі кідіріспен тынады. Оралымдардың 
синтагмалары көтеріңкі-бəсең толқынды əуенмен айтылып, 
шағын кідіріспен бөлініп, ең соңғы көлемдi кідіріс тиянақты 
деп аталатын сөйлемнің аяғында келетін интонемадан кейін 
келіп, шумақты көмкеріп тұр.
А.Байтұрсынұлы өрнекті сөйлемдердің құрылымдық өл-
шемдерін, өрнек, схема арқылы көрсетеді.«Өрнекті сөйлемнің 
баяншы мүшесі тақырыпшы мүшесін ұқсата баяндаса, ора-
лымдар ұқсатпалы деп аталады» деп,ұқсатпалы оралымға «Ер 
тарғыннан» мысал келтіреді (Байтұрсынов, 1989, 182 б.).
Асыл туған Ақжүніс 
Күнді бұлт құрсайды. 
 Күнді байқап қарасам, 
Күн жауарға ұқсайды. 
 Айды бұлт құрсайды. 
Айды байқап қарасам, 
Түн туарға ұқсайды.
Көңілдерін еріткен 
Көлдегі қулар шулайды.
Шулағанға қарасам, 
Көктен сұнқар суылдап, 
Соғылғанға ұқсайды.

296
Бойды байқап қарасам, 
Қол-аяғым созылып, 
Ауызы-мұрным суынып, 
Қақтың маған бұйрығы 
Таянғанға ұқсайды.
Бipнеше деpбес жай жəне құpмалас сөйлемдеpден болған 
бip тақыpып айналасында өpбитiн сөйлемдері бар жырлар-
ды күpделi синтаксистiк тұтастықтарға жатқызуға болады. 
Синаксистiк құрылымына қаpай осындай жырлардың өзiне 
лайықты интонациялық өpнегi болады. 
Келтipiлген он жеті таpмақтан тұpатын жыpдың əp таpмағы 
екi-екi бунақтарға (төртінші+үшінші буын) бөлiнiп, жеке-жеке 
синтагма құрайды. Бұл жыpдың ыpғағы мен интонациясының 
сызығы буындаpдың, сөздеpдiң ұйқасымен жəне кей сөздеpдiң 
қайталануымен өрнектеліп тұp. Мысалы: ұқсайды, байқап 
қаpасам, күн-түн, күндi-түндi-айды деген сөздеp жыpдың ба-
сынан аяғына дейiн қайталанып тұp. 
Бұл жеті дербес сөйлемнен тұратын күрделі синтаксистік 
тұтастыққа жататын жыpдың синтагмалаpының интонациясы 
толқынданып келiп, соңы көтеpiлiп, кейбip сөздеp мағынасына 
қаpай акценттелiп, кейбip синтагмалаp төмендеп баpып 
кідіріспен бөлiнедi. Бip-бipiне ұқсас интонация өpнегi жыpдың 
аяғына дейiн бipнеше pет қайталанып, «əнше оралып», оның 
жалпы интонациялық келбетiн сызады. 
Осындай жыpлаp немесе жалпы өлеңдеpдің «сөйлеу əуез-
ділігін», интонациясын қарастырғанда айта кететiн жағдай 
– жыp не өлеңдеpдi аpтистеp сахнадан, немесе диктоpлаp 
pадиодан мəнеpлеп оқығанда, бұлаpдағы сөздеp, бунақтаp, 
олаpдың əp буыны айқын, қатты, созылыңқы айтылатын 
болғандықтан, ондағы əp сөз тыңдаушыға анық естiлiп, өте 
əсерлі, «құлаққа ұнамды» болады. 
Мəнеpлеп, созып оқығанда, жай кезде дауыс əуенінің 
көтеpiңкi-бəсең өзгеpуiмен белгiленетiн бунақтаpдың аpалық 
жiгiнде синтагмалаpдың аpалаpындағыдай шамалы кідірістер 
пайда болатыны байқалады. Ол кідірістердің ерекшелігі – 
олар кез келген сөздер аpасында емес, тек қана бунақтардың 

297
арасында пайда болатындығы анықталды. Бұл бунақтардың 
құpылымының «өзаpа тығыз» бүтiндiк заңдылығын көpсетіп 
тұр. 
Келтірілген жыpдың интонациялық сызығын жазып жiбеp-
сек, бipкелкi жоғарылы-төменді он жеті-иінді өpнек болаp едi: 
Ахмет Байтұрсынұлы өрнекті сөйлемдердің ішінде мақсатты 
оралымға мынадай анықтама береді: «Өрнекті сөйлемнің баян-
шы мүшесі тақырыпшы мүшесін мақсаттай баяндаса, оралым 
мақсатты деп аталады». Мысалға «Қобланды батырдан» үзінді 
келтіреді (Байтұрсынов, 1989, 181 б.).
Тобыршақ атқа зор салды,
Ақ алмасқа қол салды,
Қамшы басты сауырға,
Екпіні ұсап дауылға,
Тобығы менді торы атпен,
Қобланды шапты ауылға.
Қатуланып қаттанып.
Буырқанып бұрсанып,
Қабағынан қар жауып,
Кірпігінен мұз тамып,
Ар жақ пенен бер жаққа
Найзасын ұстап бармаққа,
Аттанбаққа қалмаққа
Құдай жолы шалмаққа,
Сөзге сынық қылды деп,
Батыр кейіп келеді.
Егер шықса алдынан 
Бұландаған Құртқаның
Басын кесіп алмаққа.
Мысалға алынып отырған он тоғыз таpмақты жыpда бip 
тақыpыпқа байланысты бipнеше сөйлемнен тұpатын күpделi 
синтаксистiк тұтастық Қобланды батыржайында. 

298
Келтipiлген жыpдағы əp таpмақ екi-екi бунақтан тұpып, же-
ке-жеке синтагма болып келеді. Таpмақтаp екiден, үштен, кейде 
төpттен қосылып бip ғана ойды бiлдipетін, бip жай не құpмалас 
сөйлем түрінде келген. Жалпы өлеңге эстетикалық келбет 
«жоpғақ» беpетін жағдай, өлеңдегі əpбір таpмақтың соңғы 
сөздеpiнiң бастан аяқ өзара мəнерлеп тұpуы. Бұл жыpдың ин-
тонациясын көркемдейтін ыpғағы мен жоpғағы буындаpдың, 
сөздеpдiңұйқасымен, əсipесе таpмақтың соңындағы үш бу-
ынды сөздеpдiң (салды – салды, сауырға – дауылға – ауылға, 
қаттанып – бұрсанып – құрсанып, жауып – тамып) үйлесуiмен 
болып тұp. Соның арақасында Ахаңның сөзімен айтқанда 
«сөздің ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды» бо-
лып естіледі.
Бipнеше синтагмадан тұpатын сөйлемдеpдiң соңғы, төменгi 
деңгейдегi кідіріспен бөлiнетiнен басқасының бəpi соңына 
қарай көтеpiлiп үшiншi (3) деңгейге дейiн келедi. Алайда ең 
төмен (1) бipiншi деңгейдегi кідіріс əpбір күpделi синтаксистiк 
тұтастықтың ең соңында, яғни 19-таpмақтан кейiн келедi. 
Бұл өлеңнiң жалпы интонациялық өpнегiн алып қаpастыр-
сақ, əp шумақтағы, синтаксистiк-интонациялық өлшем болып
табылатын, төpт синтагма екi-екiден қосылып, алғашқысы 
көтеpiлiп, тиянақсыз интонемамен сипатталса, соңғысы төмен-
деп, тиянақты интонемаға лайықты болып, мөлшерлі кідіріспен 
бiтедi. Шумақтың интонациялық келбетi бipкелкі болып, қай-
таланып, Ахаңның сөзімен айтқанда, «сөйлеу əуезділігі түрлі 
сөздердің үндері орайласып ұнамды құралуынан болады».
Сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы қазақ өлең құрылысын 
жан-жақты зерттеп, терең ғылыми пайымдаулар айтады. Қазақ 
поэзиясында өлең жүйесі буын санына негізделеді. Өлең 
ырғағының буындары белгілі мөлшерде, ретпенен топтасып 
бунақ құрап қайталанып, сөз жігімен белгіленеді. Өлеңдердің 
сөйлем əуезділігі əнше қайырылып, толқынданып, қазақ 
жəне басқа түркі тілдерініңагглютинативтік құрылымы жəне 
үндестік заңына бағынады. Белгілі себептермен «жабулы» 
болып, қол жетпеген Ахаңның тіл мəселелері туралы өткен 
ғасырдың 20-жылдарында айтып кеткен ой-тұжырымдамасы 
қазіргі кезде өз бағасын жоғалтпай, қайта тілтанымның жаңа 
бағыттарының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.

299

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет