§2. ЖАНРЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН "МАЗМҰНДЫҚ ФОРМА" ҰҒЫМЫ
Жанрларға олардың ұйымдастырылуына, құрылыма, әдеби туындының формасына қатысты назар аудармай қарастыру еш мүмкін емес. Осы турасында формалдық мектептің теорияшылары табандылықпен сөз етті. Осылайша, Б.В. Томашевский жанрларды бір-бірімен ілігіскен, тұрақтылыққа ие, "туындау, міндет жағдаятына және туындыны қабылдау шарттылығына, ескі туындыларға еліктеуден соның негізінде туындайтын әдеби дәстүрге" байланысты болып келетін арнайы "топтастырылған амал-тәсілдер" деп атады. Ғалым жанрдың нышан-белгілерін туындыда басымдыққа ие және оның ұйымдастырылуын айқындаушы деп сипаттады[792].
Формалды мектептің дәстүріне мұрагерлік ете отыра, сонымен бірге оның кейбір ережелерін қайта қарастырған ғалымдар жанрлардың мағыналық жағына жіті назар аударып, олардың "жанрлық мәнділік" және "жанрлық мазмұн" терминдерін кәдеге жаратты. Бұл жерде біріншілік тізгіні жанрлық форма туындының тақырыпнамасы және оның авторларының өміртанымдық нышан-белгісімен жіпсіз байланыста болып келеді деген М.М. Бахтиннің еншісінде: "Жанрларда <...> оның ғасырлар бойғы өмірінде танып-білу формасы жинақталып, әрі әлемінің белгілі бір жағы пайымдалады"[793]. Жанр мәнді конструкция құрайды: "Сөз зергері шындық болмысты жанрдың көзімен көруге үйренуге тиіс". Және де тағыда: "Әрбір жанр <...> дегеніміз болмыстың әрі күрделі амал-тәсілдерінің жүйесі, әрі оны түсіне игерудің жолдары"[794]. Бахтин туындының жанрлық қасиеті бөліп-жарылмайтын бірлікті құрайтынын атап көрсете отырып, сонымен бірге, жанрдың формалдық (құрылымдық) және өзіндік мазмұндық аспектісін шектеді. Ол туындының құрылымын сипаттайтын әбден қалыптасқан антикалық жанрлық аталымдар эпопея, трагедия, идиллияларды сипаттай келе, кейінен олардың Жаңа уақытта қолданылуы "жанрлық мәнділікті таңблаушы ретінде кәдеге асырылады" атап көрсетті[795].
Бахтин еңбектеріндегі жанрлық мәнділіктің көрініс беруі тікелей сөз етілмейді, дегенмен, жалпы жиынтығында, роман туралы (бұл жайында кейінректеу сөз болады) оның айтқан адам игерген көркемдік принциптері, оның қоршаған ортамен байланысы жайындағы пікірлері айқын бола түседі. Осы бір XIX ғ. Гегель қарастырған жанрлардың эпопея, сатира және комедия, сондай-ақ, романның терең аспектілері сипатамасындағы "субстанциалды" және "субъективті" (индивидуалды, бұлыңғыр) ұғымдар еліктіреді. Жанры бұл арада белгілі бір "әлемінің жалпы ахуалын" және конфликтілерін ("коллизияларын") пайымдаумен байланысты болып келеді. А.Н. Веселовский осыған жуықтау қалыпта жанрларды тұлғалар мени қоғамның өзара әрекеттестік кезеңдеріне жатқызды[796].
Осы бағытта (біздің көзқарасымызша Гегельге қарағанда Веселовскийге жуықтау)- Г.Н. Поспеловтің әдеби жанрлар концепциясында 1940-шы жылдары жанрлық құбылыстарды жүйелеудің айырықша тәжірибесін қолданды. Ол жанрлық формаларды "сыртқы" ("тұйықталған композиция-стилистикалық тұтастық") және "ішкі" ("образдық ойлау" мен "характерлерді танымдық тәпсірлеудің" "арнайы жанрлық мазмұндық" принципімен) шектеді. Сыртқы (композиция-стилистикалық) жанрлық форманы мазмұндық бейтараптық (оның үстіне поспеловтік жанрлар концепциясы бірнеше мәрте біржақты, әрі уязвима деп атап көрестілді) ретінде бағалаған ғалым жанрлардың ішкі жағына көңіл аударды[797]. Ол үш дәуірден үстем жанрлық топтарды бөліп көрсетіп және сипаттап, соның негізінде оларды адам мен қоғамның, кең мәнісінде әлеуметтік ортаның көркемдік ойы жететін қарым қатынас типінің әлеуметтік принципі бойынша шектеушіліктің негізін салды. "Егер ұлттық-тарихи жанрлық мазмұндағы туынды (эпопея, былин, одалар. - В.Х.), ұлттық қоғамның қалыптасу аспектісінде өмірді таныса, егер туынды жеке қарым-қатынастағы жекелеген характерлердің қалыптасуын романитикалықпен пайымдаса, онда туындының "этологиялық" жанрлық мазмұны ұлттық қоғамның немесе оның әлдебір бөлігі жағдайында ашылады" деп жазды Г.Н. Поспелов[798]. (Этологиялық немесе тәлімдік жанрлар дегеніміз – бұл А.Н. Радищевтің "Петербургтан Мәскеуге саяхаты", Н.А. Некрасовтың "Русьте кім жақсы тұрадысы", ал, сондай-ақ, сатира, идиллия, утопия және антиутопиялар типіндегі туындылар). Ғалым аталған үш жарлық топтармен қатар тағы біреуін: "белгілі бір табиғат және мәдени құбылыстың шығу төркінін түсіндіретін халықтық образды-фантастикалық" сипаттағы мифологиялықты бөліп көрсетті. Осы жанрларды тек ерте тарихи "ілкі өнерлік", "мәжусилік" қоғамға жатқызып, "жанрлардың мифологиялық тобы халықтар қоғамдық дамудың жоғарғы сатысына өткен кезде ары қарай дамымай қалған" деп ұйғарды[799].
Г.Н. Поспелов берген жанрлық топтың сипаттамасы айқын жүйелікке ие болуға лайықты. Сонымен қатар, ол толық емес. Бүнінде өнердің діни-философиялық мәселелікті талқылауға тыйым салу отандық әдебиеттанудан алынып тасталды, ғалымның бұл айтқандарына адамның тек қоғам өмірімен ғана емес, біршама мөлшерде ғарыштық бастау көзбен, әлемдік тәртіптің әмбебап заңдарымен және болмыстың жоғарғы күштеріне қатысты терең мәнділіктегі (тек қана архаика-мифологиялық емес) әдеби-көркем жанрлар тобының барлығын еш қиналмай қосуға болады.
"Мазмұндық жағы терең "ақылмандықтағы" діни немесе моралшылдық реттілікке бейіл болуымен еректенетін" Көне және Жаңа өсиеттегі дәуірлерден бастау алатын тәмсіл тап осындай[800]. Христианан орта ғасырындағы ең жетекші жанр болып табылған әулие-әмбилер өмірнамасыда тура осындай болып келеді; онда қаһарман пірәдарлық және әулиелік идеалға бас қояды немесе сондай болуға тырысады. Сонымен қатар, орта ғасырда қалыптасқан мистерияны, сондай-ақ, бастау көзінде інжілдік "Псалмдар" тұрған діни-философиялық лириканы осы қатарға жатқызуға болады. Вяч. Ивановтың Ф.И. Тютчев, А.А. Фет, Вл. С. Соловьевтің поэзиясы туралы айтқаны: ("1944 жылғы Рим күнделігі", қазан), "...олар үшеу, / Жерде жерсіздік бүр жарып / Әрі бізге жол нұсқады". Аталған жанрлар әлдебір әлеуметтанымдық құрылымға еш қабыспайды, сондықтан, (философияның термині онтология – болмыс туралы ілімді қолданып) онтологиялық ретінде анықтау орныды сияқты. Онтологиялық бастау көздер жат болып келмейтін аталған жанрлар тобындағы карнавалдық-күлкілік сипаттағы туындыларға, оның ішінде, маниппея қатысты болып келеді. М.М. Бахтин онда қаһарман мен оны қоршаған реалдылық болмыстық универсалияға қатыстылықта болады деп атап көрсетті.
XX ғ. бірқатар шет елдік теорияларда жанрлардың онтологиялық аспектісі бірінші қатарға жылжытылды. Жанрлар бұл ретте ең алдымен белгілі бір ретте болмысты тұтастық сипатында суреттейді. Америка ғалымы К. Берктің сөзімен айтқанда, бұл әлемді қабылдау немесе қабылдамау жүйелері болып табылады[801]. Осы қатарға Н.Г. Фрайдың өзінің "Сын анатомиясы" (1957) кітабында мәлімдеген белгілі концепциясын қосуға болады. Онда жанрлық форма жыл мезгілдері туралы мифтерден және соған сай жоралғылардан туындайды деп айтылып: "Көктем арай мен дүниеге келуді кейіптеп, <..-> ояну мен қайыра тірілу туралы, жарықтың дүние есгін ашуы мен қараңғылықтың өлуі туралы мифті, сондай-ақ, дифирамбиялық және рапсодиялық поэзияның архетиптерін өмірге әкеледі деп ары қарай ойын сабақтайды И.П. Ильин. Жаз апофеоз туралы мифті, қасиетті үйлену тойын, жұмақта болуды және комедияның, идиллияның, серілік романның архетиптерін туындата отырып, аспанды, некені, триумфты символдандырады. Күз күннің шығуы мен өлімінің символы ретінде өмірлік әлеуеттің әлсіреуі, өліп бара жатқан құдайлар, азаппен өлтірілу, құрбандық шалу туралы мифтерді және трагедия мен элегияның архетиптерін тудырады. Қыс болса, қараңғылық пен шарасыздықты кейіптеп, зұлым күштердің жеңісі, топан су, хаостың оралуы, қаһарман мен құдайлардың өлімі туралы мифтерді, сондай-ақ, сатираның архетиптерін тудырады"[802].
Әдеби жанрлардың мазмұндық (мәндік) негізі, көріп тұрғанымыздай, өзіне ХХ ғ. ғалымдардың жіті назарын аударды. Және олар түрлінше пайымдалды.
Достарыңызбен бөлісу: |